Ұлттық спорт түріндегі жаттығу әдістемесі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІНДЕГІ ЖАТТЫҒУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ..5
1.1. Жалпы дамыту жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Тепе.теңдікті сақтау жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ БӨЛІМ. САПТЫҚ ЖАТТЫҒУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1. Саптық жаттығулардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Сап және саппен қорзғалу кезінде орындалатын жаттығулар ... ... ... ... ...13
2.3. Саптарды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.4. Қозғалыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Дене мәдениеті жалпы ұлттық мәдениеттің бір бағыты болып саналады. Ұлттық дене тәрбиесі құрамына: ұлттық ойындар, ұлттық спорт және халықтық дене жаттығулары енеді.
Ұлттық ойындар дене тәрбиесінің құралы болып саналады.
«Ұлттық ойындар – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын сауық түрлері. Ұлттық ойындарды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әртүрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақтар ұлттық ойындарды дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде дамытып отырған. ҰО-дың негізі, оның шығу тегі көшпенді шаруашылық қаракеттерден басталады. Ойындардың басты тәрбиелік мәні – болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады» деп Қазақ энциклопедиясында анықтама береді.
Ұлттық спорт туралы анықтама осы кезге дейін қалыптаспаған.
Біз өз тарапымыздан ойынның ұлттық спорт түрі болып танылуы үшін төмендегідей шарттардың болуы қажет деп санаймыз: халықтардың тарихи қалыптасқан дәстүрлі ойындарының спорт түрі болып танылуы үшін, осы ойын түрінің республикалық дәрежедегі федерациясының болуы, ережесінің бекітілуі және осы ойын түрінің республикалық спорттық жарыстар күнтізбесіне енгізілуі спорт түрі болып саналуына негіз бола алады деп санаймыз.
Дене тәрбиесі және спорт саласында спорт түрлері мен ойындарды, жаттығуларды жүйелеу, оларды топтарға бөлу, атау беру жиі қолданылады.
Осылай жасау алдымен жаттықтырушылар мен педагогтер даярлау жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық арбитраж жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар арасында ортақ түсіністік қалыптастырады. Жүйелеу, топтау спорттық классификациялық анықтамаларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, экономикалық, қаражат- финанс бөлуде көптеп қолданылады. Осындай маңызды жақтары бола тұра осы жұмыста Қазақстанда ортақ түсінік және ортақ терминдер әлі қалыптасқан жоқ. Осының салдарынан мемлекеттік құжаттарда, ақпарат құралдарында, оқулықтарда, аузекі сөйлеу тілімізде бір ұғымды әртүрлі қолдану жиі кездеседі. Осы жағдайларды ескере отырып дене тәрбиесі және спорт саласындағы ойындарды, спорт түрлерін, жаттығуларды, атау-терминдерді бір жүйеге келтіретін орталықтың болуы еліміздегі осы сала бойынша жүйеліліктің болуын қамтамасыз етер еді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Ахметжан Қ.С. Батырлардың жауынгерлік жекпе-жегінің әскери, моральдық-психологиялық және ғұрыптық аспектілері // Қазақ білім академиясының баяндамалары / Доклады Казахской академии образования. — Астана, 2011. № 1 — 70–80 бб.
2. Бабалар сөзі: Жүз томдық. — Астана: «Фолиант», 2010. Т.59: Тарихи жырлар.
3. Қазақ халық әдебиеті: Көп томдық / Қаз ССР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. — Алматы: Жазушы, 1989. — Т. 4: Ертегілер.
3. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1 том: біртұтастығы және ерекшелігі. -Алматы: «Арыс» баспасы, 2005;
4. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1 том: А-Д. — Алматы: DPS, 2011;
5. Тәнекеев М. Қажымұқан Мұңайтпасов (Тарихи очерк). Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1963;
6. Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.
7. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198 б.
8. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 б.
9. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты», «Алматы» 1995 жыл,98б.
10. http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=45674

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІНДЕГІ ЖАТТЫҒУ ӘДІСТЕМЕСІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІНДЕГІ ЖАТТЫҒУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ..5
1.1. Жалпы дамыту жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ БӨЛІМ. САПТЫҚ ЖАТТЫҒУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1. Саптық жаттығулардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Сап және саппен қорзғалу кезінде орындалатын жаттығулар ... ... ... ... ...13
2.3. Саптарды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.4. Қозғалыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27
КІРІСПЕ
Дене мәдениеті жалпы ұлттық мәдениеттің бір бағыты болып саналады. Ұлттық дене тәрбиесі құрамына: ұлттық ойындар, ұлттық спорт және халықтық дене жаттығулары енеді.
Ұлттық ойындар дене тәрбиесінің құралы болып саналады.
Ұлттық ойындар - ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын сауық түрлері. Ұлттық ойындарды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әртүрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақтар ұлттық ойындарды дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде дамытып отырған. ҰО-дың негізі, оның шығу тегі көшпенді шаруашылық қаракеттерден басталады. Ойындардың басты тәрбиелік мәні - болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады деп Қазақ энциклопедиясында анықтама береді.
Ұлттық спорт туралы анықтама осы кезге дейін қалыптаспаған.
Біз өз тарапымыздан ойынның ұлттық спорт түрі болып танылуы үшін төмендегідей шарттардың болуы қажет деп санаймыз: халықтардың тарихи қалыптасқан дәстүрлі ойындарының спорт түрі болып танылуы үшін, осы ойын түрінің республикалық дәрежедегі федерациясының болуы, ережесінің бекітілуі және осы ойын түрінің республикалық спорттық жарыстар күнтізбесіне енгізілуі спорт түрі болып саналуына негіз бола алады деп санаймыз.
Дене тәрбиесі және спорт саласында спорт түрлері мен ойындарды, жаттығуларды жүйелеу, оларды топтарға бөлу, атау беру жиі қолданылады.
Осылай жасау алдымен жаттықтырушылар мен педагогтер даярлау жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық арбитраж жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар арасында ортақ түсіністік қалыптастырады. Жүйелеу, топтау спорттық классификациялық анықтамаларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, экономикалық, қаражат- финанс бөлуде көптеп қолданылады. Осындай маңызды жақтары бола тұра осы жұмыста Қазақстанда ортақ түсінік және ортақ терминдер әлі қалыптасқан жоқ. Осының салдарынан мемлекеттік құжаттарда, ақпарат құралдарында, оқулықтарда, аузекі сөйлеу тілімізде бір ұғымды әртүрлі қолдану жиі кездеседі. Осы жағдайларды ескере отырып дене тәрбиесі және спорт саласындағы ойындарды, спорт түрлерін, жаттығуларды, атау-терминдерді бір жүйеге келтіретін орталықтың болуы еліміздегі осы сала бойынша жүйеліліктің болуын қамтамасыз етер еді.
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІНДЕГІ ЖАТТЫҒУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1. Жалпы дамыту жаттығулары
Жалпы дамыту жаттығулары дегеніміз - қозғалыс жеке дене мүшелеріне және жаттығуды орындауда жылдамдығы жоғары және орташа амплитудалық, бұлшық еттердің бағыты.
Жаттығу құралдармен және құралдарсыз орындалатын арнайы жаттығулар (гантельмен, нығыздалған доппен, гирмен, гимнастикалық таяқшамен, әртүрлі гимнастикалық құрал -жабдықтармен) орындалады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсаты - жаттығуларды сәл де болса қиындату, жаттығуларды үйрену, меңгеруге дайындау. Барлық гимнастикалық сабақтарда жалпы дене жаттығулары қозғалыс сапасын дамытуға арналады. Тыныс алуға, жүйкесін қалыптастыруға, еңбек қабілетін дамытуға, салауатты өмір сүру салтына баулып, денса улығын нығайтуға пайдасы көп.
Жалпы дене жаттығуларының ерекшеліктеріне сипаттама:
1. Жалпы дене жаттығуына жай қарамай, айналысуына жай жаттығуларды үйрету, шамасы келгенше күрделі жаттығуларды бірнеше рет қайталау.
2. Арнайы дене мүсіндеріне және арнайы бұлшық ет топтарына жалпы дене жаттығуларының беретін әсері.
3. Жалпы дене жаттығуын қолдануда өзінің дене жүктемесін байқау.
Жүктеменің бағыттары аз-көп болуы жаттығудың өтілуіне байланысты.
Жалпы дамыту жаттығулары жасағанда, демалу жаттығуын көбірек пайдаланса, адамға түсетін жүктеме аз болады. Ал демалу жаттығуын аз қолданған жағдайда адамға түсетін жүктеме көбірек болады, шаршайды. Егер жаттығуды ойын ретінде қызықтырып өткенде, еңбек және қоғам жұмысына деген қызығушылығы арта түсіп, шаршау азаяды.
Жалпы дамыту жаттығуының классификациясы - адамның жан-жақты дамуына жаттығуды топ-топқа бөліп, қоғамның дене тұлғасына әсері бойынша жасайды:
1. Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
2. Иық және қол бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
3. Кеуде бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
4. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
5. Тұлғаның барлық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
Шынығу жаттығуларын орындау, спортқа деген қабілетті арттыруға, қимыл-қозғалыс қасиеттерінің қалыптасуына, әдістемелік бағыттар бойынша жаттығу жасату. Мысалы: күшке, жылдамдыққа, икемділікке, төзімділікке, ептілікке арналған жаттығуды орындау кезінде тыныс алуға, дене құрылымының дұрыс өсуіне дене жаттығуының әсері көп.
Жалпы дене жаттығуының адам тұлғасының қисықтығына және тұлғаның қисықтығын жөндеуге көмектесу туралы іс-шара жұмыстары:
Адам дене тұлғасының дұрыс қалыптасып өсуіне жалпы жаттығудың әсері мол. Денені дұрыс тік ұстап, бел, омыртқа, құйрық, сан бұлшық еттеріне берілген жаттығуларды орындағанда көңіл бөліп, негізінен мән беріп тұру керек.
Егер де адам алға қарай еңкіш немесе бір жағы қисық болған жағдайда адамның дене тұлғасы дұрыс деп есептелмейді. Ондай жағдайда ол адаммен арнайы жаттығу жасап, жаман әдетті тастауға тәрбиелейді.
Жалпы дене жаттығуын қолдану әдіс-тәсілдері мен амалдары:
Жалпы дамыту жаттығуын құрғанда жас, жыныс ерекшеліктеріне қарай отырып, дене дамуының деңгейіне де қарау керек. Жалпы дамыту гимнастикалық жаттығудың 8-15 түрі бойынша арнайы жаттығу құрастыру керек:
1. Жаттығуды құрастырғанда адамның дене тұлғасының дұрыс өсуіне әсері.
2. Дене жаттығуының жұмыс қабілетін арттырудағы қан айналым жүйесіне бақылау, жай жаттығулар арқылы төмендегі жаттығулар беріледі. Орында жүру, аяқты жоғары көтеріп жүру, отырып тұру, әртүрлі еңкею жаттығулары, қолмен қимыл әрекет т.с.с. жаттығулар.
3. Адам тұлғасындағы еттерді дамыту үшін келесі жаттығуларды - мойын, иық, омыртқа, іш, аяқ бұлшық еттеріне жасату.
4. Адамның барлық бұлшық еттеріне әсер ететін 2-3 күрделі жаттығулар жасату.
5. Қалпы дұрыс күш жаттығуын еттің созылуын, жиналуын т.с.с. шалқаю, жату, айналу т.б. жаттығуларды орындап, содан соң босаңсыту жаттығуларын жасату.
6. Жаттығудың соңына таман дұрыс демалу жаттығуын жасап, адамның дене құрыслысының дұрыстығына көңіл бөлу.
Әр жаттығу 4-8 рет қайталану керек. Күш, жылдамдық, икемділік, төзімділік, дұрыс демалу мақсатында дамыту.
Жалпы дамыту жаттығуын үйрету:
1. Көрсету - жаттығуды айна (зеркальный) әдісімен жаттығушыларға қарама-қарсы тұрып, жаттығуды сол қолдан бастағанда, мұғалім жаттығуды оң қолдан бастау керек. 1-2 сынып оқушыларымен осындай әдістермен жаттығу жасағанда барлығы бірдей жаттығуды жасайды.
2. Жаттығуды айту - бастапқы қалыпта айта келіп жаттығу жеңіл, оңай болу керек. 1, 2 есепте немесе 1-4 есепте қол қимылдары айтылып отыру керек.
3. Жаттығуды қорыту және айту - жаттығуды көрсете және айта отырып жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.
4. Жаттығуды бөліп (бөлшектеп) - мұғалім қай бастапқы қалпын қабылдады.
Қайтадан жерге отырып, қолды тіреп, жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалайды. Бастапқы қалыпқа оралу. Жаттығудың дұрыстығына көңіл бөлу.
Ойын амалдары - бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарында қызықтыру үшін, оқушылардың ойын баласы екендігін ескеріп, оларға ойын амалдарын көбірек беру керек. Мысалы, мұғалім тақырыпты қолдана отырып, ысқырып қол екі жанында деп, оқушыларды тез осындай қалыпқа келтіру.
Келесі ысқырғанда қол белде, тізеге отыруды орындау керек. Оқушы осы жаттығуды тез орындау керек. Тапсырманы ысқырықпен тез орындап, көңіл бөлуге, көрген жаттығуды тез орындау мақсатында ойын амалдары сабақта қолданылады.
Дәл орындау амалдары: мұғалім команданы бере отырып, жаттығуды орындайды, мұғалімнің көрсеткен жаттығуын оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып жасаған қимыл-әрекеттерді - дәл орындау амалдары дейді. Мұғалім дәл орындау амалдарында сабақтың тығыздығы мен уақытты үнемдейді.
1.2. Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары
Тепе-теңдікті сақтау жаттығуларының қиындығы салмақ түсетін аумақтың көлеміне және одан дене салмағы ортасының орналасу биіктігіне байланысты болады. Аяқты басып тұру аумағының (орнының) кішіреюі аяқтың өкшесіне, ұшына көтерілу, бір аяқпен тұру, аяқтың ұштарын жақындастырып тұрудың есебінен болады. Салмақтың түсу орталығын ұлғайтуға қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшына тұрып, қайта түсу мысал бола алады.
Салмақ түсу орталығын неғұрлым төмендетсе (жерге жақындатса), дене едәуір тұрақты қалыпқа түседі, сондықтан нақты практикалық жұмыс кезінде тепе-теңдіктен айырыла бастағанда тезірек төмен отыруды ұсыну керек;
неғұрлым төмен отырса, дененің қалпы соғұрлым орнықты жағдайда болады.
Егер дененің салмақ түсу орталығы аяқты нық басып тұру қалпынан біржолата ауытқыса, онда тепе-теңдік жойылады. Оны аяқты жаңа орынға ауыстырып басу арқылы ғана қайта қалпына келтіруге болады. Мысалы, бір аяқпен тұрғанда алға қарай құлап бара жатса, қажетті сәтте бос тұрған аяқты алға қою арқылы құлауды тежейді.
Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары көп жағдайда батылдық, сенімділік, сабырлылық, тапқырлық, зеректілік, табандылық және зейін аудару сезімдерін дамытады. Бір орында тұрып тепе-теңдікті сақтау жаттығуларынан белгілі бір биіктікте орындалатын жаттығуларға көшу, жаттығуларды қиындатудың негізгі жолы болып табылады. Қолдың бастапқы қалыптарын өзгерту, басты жан -жаққа, алға және артқа бұру мен еңкейту, көзді жұму да тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын орындауға өзінің ықпалын тигізеді. Бұл салаға тән жаттығуларды екі түрге бөлуге болады, олар: бір орында тұрып орындалатын және қозғалыс үстінде орындалатын жаттығулар. Белгілі бір биіктікте тепе-теңдікті сақтау жаттығулары гимнастикалық орындықта, жұмыр және төрт қырлы бөренеде, гимнастикалық баспалдақта орындалады.
Дене және ой еңбегінен шаршаған барлық жағдайда тепе-теңдікті сақтау жаттығулары өткізілмейді.
Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары мына төмендегідей болып келеді.
1. Ер балалар үшін 110 см, қыз балалар үшін 90 см биіктіктегі бөренеде, төрт қырлы бөренеде, гимнастикалық орындықта жылжып жүру.
2. Әдеттегідей жүру, еңкейіп жүру, тоқтап және бұрылып жүру, бір тізерлеп отыру, толықтай отыру және қайтадан түрегеліп жүру.
3. Бір-біріне қарама-қарсы жүріп өту (біреуі отырады, екіншісі аттап өтеді).
4. Бөрененің үстімен ішіне нығыздап толтырылған екі допты көтеріп жүру.
5. Бұл да сондай, бірақ кішкентай допты жоғары лақтырып, қағып алу арқылы жүру.
6. Құрсаудың ортасымен жүріп өту.
7. Жартылай еңбектеп жүру.
8. Гимнастикалық орындықтың үстімен айналып тұрған ұзын секіртпенің астынан өту және одан секіріп өту.
9. Бұлақтарда су бетіне шығып жатқан тастарды басып өту және судың, жыраның үстіне қойылған көпірше тақтайдың, бөрененің үстімен жүріп өту.
Жаттығуларды үйретудің белгілі бір жүйесін, әрбір құрылымдық топта ең жеңілден ең күрделіге өтудегі нақты бір жағдайы. Сол сияқты, сабақтың қатал регламентін (тәртібін) қарастырады. Жұмыстағы үйретілген жаттығулармен жүйелілік оны табысты меңгерудегі қамтамасыз етеді.
Біртіндеп дамушы оқытуда маңызды орын алады. Спорт техникасын үйрету - оқытудың барлық процесі әдетте оқытылатын жаттығулардың күрделілігін немесе қиындығын бірте -бірте өсіре отырып құрылады.
Дене шынықтыру сабағының гимнастика бөлігінде музыка практикасы әжептәуір көмегін береді. Себебі, оқушыларда әдемілік, жүріс -тұрыстың әсемдігі, орындалатын жаттығуларды бірқалыпты да, бірке лкі және әсем орындау. Жаттығулар. 4-ке санау, топты музыкалық айналымның соңында тоқтату, жүруден жүгіруге, жүгіруден жүруге ауысу, музыканың сүйемелдеуімен секіріп жүруден жүріске өту. Қолға және иық белдеуіне, аяққа, тұлғаға арналған жаттығулар, отырыстар, тіренулер.
ІІ БӨЛІМ. САПТЫҚ ЖАТТЫҒУ
2.1. Саптық жаттығулардың сипаттамасы
Саптық жаттығулардағы қимыл әрекеттеріне түрлі міндеттерді шеше отырып оқытады: - бастауыш қимыл мектебін қамтамасыз ету, яғни, қимыл аппаратының негізгі буындарында қарапайым қимылды басқаруға үйретіп, сол арқылы қимыл әрекеттерінің күрделі түрлері үшін алғы шарт жасау:
* Жаттығуларға кіріспе немесе жекеленген қасиеттер мен қабілеттерді дамытуға арналған құралдар ретінде пайдаланып, әрекеттерге үйрету.
* Күнделікті өмірде, еңбек пен спортта және басқа қызмет саласында пайдаланылатын негізгі қимыл дағдысы мен машығын қалыптастырып, оны белгілі дәрежеге дейін жетілдіру.
Саптық жаттығуларды үйрену үшін қимыл дағдысы немесе машығы қимыл әрекеттерінің игеру нәтижесінде пайда болып, қалыптасатын белгілі бір дене қызметінң жемісі. Сонымен қатар, олардың қимылды басқару сипатына қарай ерекше өзгешіліктері де болып, ол қимылды әртүрлі дәрежеде игеруден басталады.
Саптық жаттығулардағы қимыл дағдысы әрекет тәсілінің игерудің дәрежесімен анықталады. Оның өзі операцияның құрамы бөліктерін орындауға барынша назар аудару мен қимыл міндетін әркелкі әдістермен орындаудан көрінеді.
Қимыл машығы дегеніміз - қимылды басқару автоматты түрде орындалып, әрекет жоғары сенімділікпен атқарылатындай тәсілді меңгеру деген сөз.
Қимыл дағдысы мен машығын қалыптастыру белгілі бір табиғи заңдылықтарға бағынады. Адамның іс-әрекетінің физикалық табиғаты жөніндегі осы заманғы түсініктер бойынша олардың негізін нерв жүйесінің сезімталдық қызметінің механизмін құрайтынын И.М. Сеченов, И.П. Павлов және олардың ізбасарлары жан-жақты дәлелдеді.
Функционалды жүйе дегеніміз адамның іс-әрекетін жүзеге асыруға қатысатын ағза жүйесінің қызметін біріктіретін шұғыл қалыптасатын функционалдық құрылым. Қимыл машығының қалыптасуы негізінде мидың үлкен жарты шары қабатында болатын нерв процестерінің динамикалық стереотиптерінің қалыптасуы жатыр. Динамикалық стереотип дегеніміз - бір әрекетті көп рет қайталау нәтижесінде тұрақты сипатқа ие болатын функционалды жүйе. Динамикалық стереотип қимыл машығының барлық негізгі сипаттарын қимылды автоматты түрде басқаруды, оның шұғылдығын, әрекеттің сенімділігі мен әртүрлілігін қамтиды.
Саптық жаттығулардағы қимыл әрекеттеріне оқытуда бірлік, бұрын қалыптасқан немесе қосарлана пайда болған машықтарды алмастыру ерекше маңызға ие болады. Машықты алмастыру оң және теріс әсер етуі мүмкін.
Кез келген әрекетке үйретпес бұрын оқушының сол әрекетті үйренуге әзірлігін анықтаудың маңызы зор. Егер ол даяр болмаса, алдын -ала әзірлеу керек. Даярлық негізінен үш шарт бойынша анықталады. Олар - шынығу дәрежесі, қимыл тәжірибесі және психологиялық фактор.
Егер оқу процесінде әрекет машық дәрежесінде жеткізілетін болса, бұл процеске педагогикалық міндеттерге және оқыту әдісіне сай үш кезең тән.
Алғашқы оқыту кезеңінде әрекет тәсілі негіздеріне оқыту тым болмаса қарабайыр түрде орындайтындай дәрежеге жеткізу мақсаты қойылады. Бұл мақсатқа жеткізу үшін мынадай шарттар қажет:
* Қимыл әрекеті жөніндегі жалпы түсінік беріп, оны игеруге жағдай туғызу.
* Бұрын игерілмеген қимыл тәсілінің бөліктерін (фазалары немесе элементтері) оқыту.
* Қимыл актысының жалпы ырғағын қалыптастыру.
* Қажетсіз қимылдарды және қимыл тәсілін өрескел бұзудың алдын-алу немесе оны жою.
* Тереңдете оқыту кезеңінің мақсаты қимыл тәсілін алғашқы қарабайыр меңгеруден барынша жетілдіре түсу. Осы кезеңдегі оқытудың негізгі міндеттері:
* Оқып жатқан қимыл заңдылықтарын түсінуді тереңдету.
* Оқушының жеке ерекшеліктеріне сай қимыл тәсілін кеңістік, уақыт және динамикалық сипаттарына қарай нақтылай түсу.
* Қимыл ырғағын жетілдіріп, қимылды еркін және жинақты орындауға қол жеткізу.
* Қимылды түрліше орындауға алғы шарт жасау.
Жетілдіру кезеңіндегі оқытудың мақсаты - іс жүзінде қолданбаған жағдайда қимыл әрекетін орындауға оны жетік игеруді қамтамасыз ету. Ол үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:
* Қимыл тәсілін игеру машығын бекіту.
* Әртүрлі жағдайларда, оның ішінде дене күшін барынша толық пайдалану кезінде қимыл тәсілін орындауда түрлік диапазонын кеңейту.
* Жеке қабілетті дамыту дәрежесіне сай қимыл тәсілін даралауды аяқтау.
Қажет болған жағдайда қимыл тәсілін қайта құру және шынығу дәрежесін арттыра отырып, тәсілін жетілдіре түсу.
Аттап түсу, жүрелей отыру, жартылай жүрелей отыру, еңкею. Тепе-теңдік қалып. Қарғу, тіренулер, отырыстар.
2.2. Сап және саппен қорзғалу кезінде орындалатын жаттығулар
Сапқа тұғызу тәсілдері сыныптың немесе оқушылар тобының бірлесіп, бәрі бір мезгілде қимылдар орындауын қамтамасыз етеді.
Сапты басқару команда және бұйрық беру арқылы жүзеге асырылады.
Команда деп белгіленген тәртіп бойынша сөз немесе арнаулы белгі арқылы берілген бұйрықты айтады. Белгілі бір команданың сөзін және оның айту ретін бұзуға болмайды.
Бұрық - еркін айтылған сөз түрінде немесе белгі арқылы берілетін жарлық.
Команда да, бұйрықтар да дауыспен, дыбысты белгімен (ысқырық, сирена және т.б.)беріліп, сол арқылы сынып оқушылары дене жаттығуларын бір м езгілде орындауына мүмкіндік береді.
Сапқа тұрғызу тәсілдері екіге бөлінеді: 1) бір орында тұрып орындалатын қимылдарға арналған командалар: САП-ҚА ТҰР!, САП ТҮ-ЗЕ!, ТІК ТҰР!, ЕРКІН ТҰР!, ОҢ-ҒА БҰРЫЛ!, СОЛ-ҒА БҰРЫЛ!, АРТ-ҚА БҰРЫЛ! және т.б. ; 2) жүру үстінде орындалатын қимылдарға арналған командалар (жүру, жүгіру, жүріп бара жатқанда бұрылу және т.б.).
Сапқа тұру оқушылардың ұйымшыл және тәртіпті болуына, денені дұрыс ұсытауына, оларда қарқын мен ырғақ сезімдерінің дамуына, қимыл дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сабақтың кіріспе бөлімінде олар сынып оқушыларының зейіндерін іске жұмылдыруға, оқушылар ағзасын бір қалыпты қыздыруға, денеде зат алмасуын арттыруға жағдай жасайды.
Сабақтың негізгі бөлімінде сапқа тұрғызу тәсілдері белгілі бір саптық жаттығулардың тәсілдері мен үйлесімділігін меңгеру мақсатымен оқу материалы ретінде де қолданылады. Мысалы, ЖАТ!, АРТ-ҚА БҰРЫЛ!, ТҰР! командаларының орындау техникасын үйрену және т.б. Ал сабақтың қорытынды бөлімінде сапқа тұрғызу тәсілдері ағзаның белгілі бір тыныштанған күйге келтіруге және алдағы оқу жұмысына оқушылар зейінін шоғырландыруға көмектеседі.
Командалар жігерлі дауыспен айқын, түсінікті етіп беріледі.
Саптық жаттығулар топты, сыныпты жаттығулар орындауға белсенді түрде жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мына төмендегідей саптық жаттығулар орындалуға тиіс.
1. Алаңның шекараларын (сыртқы жиегін) айналып жүру.
2. Команда және белгі бойынша бағытты өзгертіп (шеңбер бойымен, қиғаш ирелеңдеп) жүру:
а) шеңбер жасау үшін шеңбер бойымен жүру! деген команданы сапты бастаушы алаң ортасына жақындап келгенде береді. Бұдан кейін сапты бастаушы шеңбер бойымен жүреді;
ә) қиғаш жүру бір бұрыштан оған қарама - қарсы қиғаш жатқан бұрышқа қарай жүру арқылы орындалады, мысалы, оң жақтағы бұрыштан сол жақтағы бұрышқа қарай жүру. Қиғаштап жүр! командасы сапты бастаушы алаңның бұрышының біріне таяп келген кезде беріледі. Сапты бастап жүруші қарама - қарсы бұрышқа жеткен кезде Оң иықты (сол иықты) алға ұстап, залды айнала жұр! командасы беріледі;
б) ирелеңдеп жүру (змейка) сапта рақашықтықты бір-бірінен бір адым алшақ ұстап, ирелеңдеген бағыт ұстап жүру. Ирелеңдеп жүру үлкен, орта және кіші көлемде қиғаш, кесе- көлденең бағытпен жүріп жасалуы мүмкін. Онда мынадай команда беріледі: Оң иықты алға ұстап, айнала адымдап жүр!. Осы команда бойынша сынып алаңның шекарасы бойымен жүреді. Ирелеңдеп жүру басталатын жерге келгенде Солға (оңға), қарсы бағытқа жүр! командасы беріледі де, сапты бастаушы бағытын 180 - қа өзгертіп, алғаш қарсы жүруді бастаған кезде Ирелеңдеп жүр! командасын беру керек.
3. Гимнастикалық алаңның көлденең сызығын бойлай жүр іп, бірте -бірте бұрылу арқылы екі және үш қатарлы лекке (колонна) тұрғызу. Сапты өзгертіп тұрғызатын жерде мұғалім Бір орында! деген команда, ал одан кейін Солға! не Оңға!, Екіден жүр! деген команда береді. Осы командадан кейін алдағы екі бала 90 - қа бұрылады да, жаңа бағыпен жүреді, ал басқалар олардың бұрылған жерлеріне дейін жүріп барады және екінші Жүр! деген команда бойынша екіден келе жатып бірте-бірте бұрылып, лекке екі-екіден тұра бастайды. осындай лектік сапқа тұрғызылғаннан кейін әр түрлі әдістер арқылы қажетті түрде қатардың аралығын жазу жүргізіледі. бұрынғы сапқа қайта тұрғызу, сапты оң жақ қапталға (флангке) қарай бұру арқылы немесе қатарды жазу арқылы, Айналып, бір лекке бір-бірлеп адымдап жүр! командасы бойынша орындалуы мүмкін. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz