Ұлттық спорт түрлерінде жылдамдықты, дәлдікті, қашықтық сезімін дамытуға арналған жаттығулар



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ, ДӘЛДІКТІ, ҚАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қолданбалы жаттығуларға сипаттама және оларды топтастыру ... ... ... ... .9
1.3. Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ, ДӘЛДІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ... ... ... ... 16
2.1. «Көкпар» ойыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. «Асық ату» ойыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті» деп заңмен бекітілген.
Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу–тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.
Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.
Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Ахметжан Қ.С. Батырлардың жауынгерлік жекпе-жегінің әскери, моральдық-психологиялық және ғұрыптық аспектілері // Қазақ білім академиясының баяндамалары / Доклады Казахской академии образования. — Астана, 2011. № 1 — 70–80 бб.
2. Бабалар сөзі: Жүз томдық. — Астана: «Фолиант», 2010. Т.59: Тарихи жырлар.
3. Қазақ халық әдебиеті: Көп томдық / Қаз ССР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. — Алматы: Жазушы, 1989. — Т. 4: Ертегілер.
3. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1 том: біртұтастығы және ерекшелігі. -Алматы: «Арыс» баспасы, 2005;
4. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1 том: А-Д. — Алматы: DPS, 2011;
5. Тәнекеев М. Қажымұқан Мұңайтпасов (Тарихи очерк). Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1963;
6. Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.
7. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198 б.
8. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 б.
9. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты», «Алматы» 1995 жыл,98б.
10. http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=45674

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ, ДӘЛДІКТІ, ҚАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ, ДӘЛДІКТІ, ҚАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қолданбалы жаттығуларға сипаттама және оларды топтастыру ... ... ... ... .9
1.3. Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ, ДӘЛДІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ... ... ... ... 16
2.1. Көкпар ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Асық ату ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті деп заңмен бекітілген.
Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу - тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.
Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып Дене шынықтыру және спорт Заңын 1999 жылы қабылдады.
Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.

І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ, ДӘЛДІКТІ, ҚАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
1.1. Жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулары

Оқушыларды дене шынықтыруға тәрбиелеуде жүгіру жаттығуларының алатын орны зор. Жүгіру табиғи қолданбалы жаттығулар.
Жүгіру ішкі ағзаларға жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді, зат алмасу жүйесінің қызметін күшейтеді. Жүгіру арқылы жылдамдық, төзімділік, қозғалыс үйлесімділігі, қайсарлық, табандылық қасиеттері тәрбиеленеді. Жүгіру жаттығуларына үйрету барысында төмендегі міндеттерді шешу қажет: оқушыларды дұрыс жүгіруге үйрету, ағзаға гигиеналық әсер етуші құрал ретінде қолдану.
Сабақта оқушыларға жеңіл жүгіру, жүруді жүгірумен ауыстыру, бірінің артынан бірі жүгіру, қарама-қарсы жүгіру, тұлғаны дұрыс ұстап жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшелеп жүгіру, екпінді өзгертіп жүгіру, қарапайым кедергілерден жүгіру, жоғары мәреден жүгіру, ырғақты дем алу үйретіледі.
Жүгіру жаттығуына үйрету барысында жеңіл атлети - ка ережесіне сәйкес аяқты итеру, аяқты сермеу түсініктерін білуге үйрету. Жүгіруге үйрену кезіндегі жаттығудың міндеті қол мен аяқтардың жақсы үйлесімімен жеңіл, тез, еркін, ілгері қарай ұмтылған қозғалысты қалыптастыру болып табылады.
Жүру жаттығуларының дұрыс орындалу техникасының негізі:
- жүгірушінің денесі сәл алға шығыңқы (денені тік ұстау немесе алға еңкею қолайсыз);
- бас пен дененің бір сызықтың бойында, иық көтерілмейді;
- итерілетін аяқ, аяқтың ұшына ңойылады, итерілу кезінде толық түзіледі, сермейтін аяқ, тіземен бүгіліп, бөксе алға, жоғары көтеріледі;
- қолдың шынтағы (90°-қа дейін) бүгіледі: аяқ пен қол қайшыланған әдісте бір екпінде қозғалады, саусақтар жартылай бүгілген (оң қол, сол аяқ).
Бірінші сынып оқушыларымен жүгіру жаттығулары көбіне ойында қолданылады, өз еріктерімен іскерлік дағдылары жағдайына байланысты жүгіреді. Сондай-ақ, бірінші сынып оқушылары жүру мен жүгіруді әр түрлі қимылдар арқылы екпінді өзгертіп, жүгіру арқылы үйретіледі. Бірінші сынып оқушыларын жүгіруге үйрету ба - рысында мұрын арқылы дем алуды қадағалау қажет. Ал жоғары бастауыш сынып оқушылары әр 2-3 адымда дем алуын, сондай-ақ, дем алумен дем шығару сандар үйлесімділігімен тең келуі қажет.
Сабақта ырғақты жүгіруге көңіл бөлу қажет. Ырғақты жүгіруге үйрету барысында мұғалім сапты өзі бастап, жүгіру екпініне, ырғағына қажетті жағдайды ұстауды ұсынады.
Оқушылардың еркін, жеңіл жүгіруі аяқтың ұшымен орындалады. Алғашқыда жүгіру бір бағытта, кейіннен жан-жаққа жүгіру ұсынылады.
сынып оқушыларымен жүгіруді жарыс топ, жұптасқан түрде өткізіледі. Жеңіске жеткен балалар анықталмайды.
сынып оқушыларымен жылдам жүгіру өткізіледі. Бұл жүгіру түрлерін өткізу үшін жүгіретін жол 10-15 м-ден үш-төрт бөлікке бөлінеді. Бірінші бөліктегі оқушылар (топтағы 3-4 бала) жай, екінші - жылдам, үшінші - өте жылдам жүгіреді, содан кейін қайтадан жай жүгіреді, жай жүгіруді жылдам жүгіруге ауыстырады.
Оқушылар жүгірудің негізгі техникасын дұрыс меңгергеннен кейін, жүруді жүгірумен алмастыра отырып, кедергілерден өту әдісі қарастырылады (үрленген доптар, секіртпелер, тіректерге байланған жіптер, т.с.с.). Алғашқы кезде кедергі бір түрде болса, бірте-бірте түрленеді.
Жоғары сөрені төмендегідей әдістер бойынша үйретеді:
а) мұғалім көрсетеді және түсіндіреді;
ә) жоғары сөреде жүгірудің жеке бөліктері, бөлшектерін көрсетеді, түсіндіріледі;
б) бұйрық барысында қандай қалыпты ұстауы;
в) 2-3 оқушыға түсінгенін көрсетуі ұсынылады;
г) сыныптағы барлық оқушыларға үйретіледі.
"Сөреге!" бұйрығы бойынша оқушылар сөрелік сызықтың алдына тұрады; бір аяқ сызықта, екінші аяқ жар - ты адым артта, аяқтар бірінің артында бірі, "Көңіл аудару!" бұйрығында денені алға сәл еңкейтіп бір қол бүгілген, екінші қол артта, аяқтар тізеден сәл бүгілген, бүкіл дене салмағы алда тұрған аяққа түседі. "Жүгіріңдер!" бұйрығында оқушылар жүгіре бастайды. Жүгіру аяқтың ұшымен орындалады. Адым жылдамдыққа байланысты ұлғаяды.
Оқушыларға бір қолға тіреліп сөреге тұру әдісі де үйретіледі. Бұл сөреге тұруда сол (оң) сөрелік сызықтан 20-25 см қашықтықта қойылған, оң аяқ (сол) бірінші аяқтың артына 20-25 см қашыққа аяқтың ұшымен қойылады. Бұйрық бойынша жүгіру басталады.
Секіру. Секіру табиғи, қолданбалы маңызы бар қимыл. Секіру жаттығулары құрсақ бөлігі, аяқ, арқа, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, батылдыққа, сенімділікке тәрбиелейді, жылдамдық, икемділік қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып бағдарламасында секірудің келесі түрлері қарастырылған: қысқа және ұзын секіртпелермен секіру, бір орында секіру, жүгіріп келіп секіру, жүгіріп келіп биіктікке секіру.
Секіру спорт алаңында, спорт залда өткізіледі.
Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері: спорттың аяқ киіммен секіру, секіріп жерге түсу барысында гимнастикалық төсеніштерге, спорт алаңында құм төселген жерге түсу. Ұзындыққа, биіктікке секіру барысында бірінен соң бірі секіру рұқсат етілмейді.
Секіру жаттығулары техникасын меңгеру үшін алдын ала дайындық жаттығулары қолданылады: бір орында секіру, бөренеге немесе гимнастикалық қабырғаға тіреліп секіру, аяқты жартылай бүгіп жеңіл секіру, отырып секіру, бір-біріне қарсы тұрып секіру, қолдарын ұстап секіру.
Биіктіктен секіру. Биіктен секіру итеру, серпілу, жерге түсумен сипатталады.
Биіктікке секіру жаттығуларына үйретудегі дайындық жаттығулар бір орында секіру, алға секіру, жан- жаққа секіру, артқа секіру (негізгі тұрыстан аяқтың ұшына көтерілу, қол жоғарыда, жанында) болып табы - лады.
Оқушылар дайындық жаттығуларын меңгергеннен кейін гимнастикалық орындықтан секіруді өткізуге бо - лады.
Биіктіктен секіруді қосымша тапсырмалар арқылы күрделендіруге болады: серпілу барысындағы бұрылыстар, алақанды шапалақтау, т.б.
Оқушылар секіру жаттығуларының техникасын меңгергеннен кейін бірте-бірте биіктік деңгейі ұзартылып отырылады.
Биіктікке секіру мектеп бағдарламасында бастауыш сыныптарында қарастырылған.
Алғашңыда оқушыларды "аяғын бүгіп" тік жүгіріп келіп секіру әдісінен бастайды, содан кейін "аттап" секіру техникасына ауысады.
"Аяғын бүгіп" жүгіріп келіп биіктікке секіру.
Жылдам жүгіруден басталады. Итеру барысында сермелетін аяқ бірден алға, жоғарыға көтеріледі, ал итерілетін аяқ түзеледі. Секіру барысында екі аяқ бірге түзеледі. Секіру барысында екі аяқ бірге топталады, қол алда, жоғарыда, екі аяқпен жеңіл жерге түсу, қол алда.
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру бастауыш мектеп бағдарламасының барлық сыныптарында қарастырылған. Ереже бойынша бұл жаттығулар спорт алаңында өткізіледі. Жаттығуларды үйрету міндеті балаларды бірте-бірте Аяқты бүгіп жеңіл атлетикалық секіру әдісін меңгерту болып табылады.
Секіру техникасы. 15-20 м жылдамдықта жүгіру. Итеруге үш-төрт адым қалғанда жылдамдық ұлғаяды (секіру нәтижесі жылдамдыққа, итерілу күшіне байланысты). Итеру барысында серпілетін аяқтың тізесі толық бүгілген, жылдам алға, жоғары қозғалады. Қол бірден жоғары көтеріледі, осы кезде серпілу басталады, серпілу ба - рысында екі аяқтың тізесі сәл бүгіледі, ал жерге түсер алдында екі аяқ түзуленеді, денені алға қарай еңкейтіп, жерге секіріп түскен кезде қол бірден алға қойылады, артқа құлап қалмау үшін екі аяқ толық бүгіледі.

Лақтыру жаттығулары бастауыш мектептің барлық сыныптарында оқытылады. Лақтыру жаттығулары иық белдеуі, қол бұлшың еттерінің қызметін күшейте оты - рып, кеңістікті бағдарлай білу, дәлдік қабілеттерін дамытады.
Лақтыру жаттығуларына доптар, салмағы 250 грамдық ағаш гранаталар, құрсаулар қолданылады.
Лақтыру бір орында тұрып адым жасап, жүгіріп, әр түрлі қалыпта, бірте-бірте ара қашықтықты ұлғайта оты - рып оң және сол қолмен орындалады.
Үйрету міндеттері: жеңіл заттарды межеге тигізу, алысқа лақтыру, қолды артқа қойып, иық арқылы лақтыру. Лақтыру жаттығуларын үйретуді оқушылар доппен кейбір дағдыларды меңгергеннен кейін үйретіледі.

1.2. Қолданбалы жаттығуларға сипаттама және оларды топтастыру

Дене (қозғалыс) қасиетіне - күш, төзімділік, жылдамдық, икемділік, ептілік жатады. Осылар дене қуаты қасиетінің негізгісіне жатады. Олар жалпы және арнайы бөлімдерінен тұрады. Жалпы бөлімдері дене қуаты қасиеттерінің көпшілігіне тән, ал ол арнайы бөлімі - әрқайсысының арнайылығын атап көрсетеді. Әсіресе спорт бөлімдеріне байланысты, гимна стика бөлімін алсақ, мұнда оған әсер беретін жаттығулардың баршылығын атап өткен жөн. Мысалы, барлық жоғарыда аталған дене қасиеттерінің ішінде гимнастика саласында жылдамдық қасиеті ең кем қолданылады. Себебі, гимнастикалық жаттығулар залда қондырғыларда өтетін болғандықтан, оған айтарлықтай жүгіретін жағдай жоқ.
Жалпы бөлімдер - механикалық жұмыс істеу кезінде бөлінеді, олар қандай болмасын, қимыл-әрекетті орындау кезінде болады. Дегенмен, қимыл -әрекет әртүрлі ауысатын жағдайларда шешіледі.
Арнайы бөлімдердің бөлінуі деп - қимыл-әрекеттің нақты орындалуында болатын мақсат-міндеттердің мазмұнын айтады. Дене тәрбиесінде "қимыл әрекет" және "психомоторлық" қасиеттер терминдерін қолданады. Жеке адамның күш-қимыл қасиеттерін мінездей келе, оның дене қимылы пр оцесінде атқарар ролі көп.
Қимыл-әрекет қасиеттерін тәрбиелеу жан-жақты тәрбие негіздеріне сүйенеді, себебі, адамның биологиялық және психологиялық бірлік қасиеттерін анықтайды.
Дене қимылы қабілеттілігі деп - табиғи немесе туа біткен және қабылдап алған функциялық қабілеттіліктерді атайды. Егер де туа біткен қабілеттіліктер ұрық қуалау қасиеттеріне ие болса, қабылдап алған - адамның әлеуметтік-экономикалық ортасына байланысты. Жеке қимыл қабілеттілігі -әртүрлі туа біткен қасиеттер дамиды, ал жеке туа біткен қасиеттерден әртүрлі қабілеттіліктер пайда болады.
Дене қимылы қабілеттілігін дамыту деп - ұрпақтық және педагогикалық бағыты өзгерген функциялық мүмкіндіктерінің ағза құрылымы мен органдарға байланысты.
Әртүрлі уақыттағы даму кезеңі биологиялық пісіп-жетілуінде құрылым мен органдардың сандық, сапалық өзгеріс кезеңдерін анықтайды.
Даму этаптарын айтсақ - бір күш түсіруді қайта-қайта орындауда оның сапалылығы жойылады. Сондықтан, оны бірқалыпта ұстау үшін, күш түсіруді әрқашан ауыстырып, көлемін, түрін түру керек. Этаптар алғашқы ықпал ету, тереңдете әсер беру, күш түсіру сәйкессіздігі болып бөлінеді.
Даму фазасы деп - ағзаның жұмыс істеу қабілеттілігінің жай -жапсарына педагогикалық әсер ету маңызына тәуелділігін анықтап, орнықтырады. Оның өзі төртке бөлінеді: жұмыс істеу қабілеттілігінің өсуі, бірқалыпты тұрақтануы, уақытша төмендеуі және жұмыс істеу қабілеттілігінің қайта өсуі.
Даму кезеңінің ауысуы - бірнеше жұмыс істеу қабілеттілігінің даму деңгейінің байланысының орнатуын айтамыз.
Дене қимылы қасиеттерін тәрбиелеу принциптері өздігінше оқушыларды, ағзаны тәрбиелеуге өзіндік салмақ қосады. Сонымен қатар, олар: педагогикалық әсер берудің дәлме-дәл келу принципі, педагогикалық әсер етудің даму әсерлілігінің принципі, бірге байланысқан әсер ету принципі және қимыл-әрекет міндеттерін вариативтік шешу принциптері болып бөлінеді.
Еркін жаттығу. Қолды бүкпей және бүгіп жасайтын қимылдар. Негізгі және қосымша қалыптары. Қысқа жолмен және көлденең жасалынатын қимылдар.Мысалы: Жалпы дамыту жаттығуларын үш-үштен түрегеп тұрып орындау. Оқушылар үш-үштен тізбек жасап сапқа тұрады. Бір қолына ұзын гимнастика таяқшасын ұстайды. Бір дегенде таяқ ұстаған қолдарын жоғары көтереді. Екі-үш дегенде таяқты екінші қолдарына ауыстырады. Төрт дегенде таяқ ұстаған қолдарын төмен түсіреді. Бұл жаттығулар балалардың қимылын үйлестеіреді.
Үйрету кезеңдері.
Дене қимылы жаттығуларының теориясын білу мұғалімге қойылған педагогикалық міндеттермен қатар, сапалы дене қимылы жаттығуларын таңдауға мүмкіндік береді. Дене қимылы жаттығуларының таза толыққанды жүйелерін дайындау, дене қимылы жаттығуларының педагогикалық классификациясын толыққанды пайдалану, қосымша амалдар мен дене қимылы жаттығуларын қатесіз орындап, пайдалану. Дене қимылы жаттығулары түсінігі адамның қимыл-әрекетін, қозғалысын көз алдына келтіруден байланыстырады. Қозғалыс деп, дененің немесе оның бір бөлігінің моторлық функциясының, қалпының өзгеруін айтады.
Дене тәрбиесі жөніндегі спорт түрлерімен шұғылдану кезінде: дене тәрбиесі жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күші, гигиеналық тазалық факторлары қолданылады. Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтандыру секілді дене тәрбиесі міндеттерін орындайды. Табиғаттың сауықтандыру күші, гигиеналық акторлар мен дене тәрбиесінің қосымша амалдары, бұлар дене тәрбиесі жаттығуларымен бірге қолданылады.
Дене тәрбиесінің жаттығулары. Адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын дене тәрбиесінің жаттығулары дейміз.
Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие міндеттерін шешуге бағытталып, педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл қозғалыстары ғана дене тәрбиесінің жаттығулары деп аталады. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесінің жаттығуларын еңбек, тұрмыс-қимыл қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар материалды бағалы заттар шығаруға бағытталған, өнеркәсіп заңдылықтарына бағынады. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып-тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес, ол бір ғана негізгі элементі, бөлшегі. Дене тәрбиесінің жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі құбылыс. Қазір пайдаланылып жүрген дене тәрбиесінің жаттығ улары өте көп. Олардың мазмұны әртүрлі. Дене тәрбиесі-нің жаттығуларына - қимыл-қозғалыстармен бірге, ағзадағы жаттығу жасалынып жатқан кезінде жүретін өзгерістер, жаттығудың адамға қандай әсер еткенін көрсететін процестер де кіреді. Бұл сан алуан күрделі құбылыс психологиялық, физиологиялық, биохимиялық және педагогикалық тұрғыдан қаралады.

1.3. Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі

Кез келген жаттығуды екі түрлі тәсілде немесе тәсілсіз орындауға болады. Қимыл -әрекетті тиімді орындау жаттығудың тәсілі деп аталады. Тиімділік дегеніміз жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі және әрекеттің нәтижелілігі.
Жаттығудың тәсілі әрқашан да дамып отырады. Ескі тәсілдердің орнына жаңа, тиімді тәсілдер келеді. Бұл құбылыс жаттығуды орындаудың жетілген жолын үздіксіз іздеуге, үйрену әдістемесінің кемеліне келуіне, осы арқылы күрделі, тиімді жаттығуларды орын-дауға қол жетеді. Спорт дайындығының деңгейіне қойылатын өскелең талап, жаңа жетілдірілген спорт құрал-жабдықтарының пайда болуына қарай, ескі тәсілдің орындалуының өзгеруіне де байланысты болады.
Дене тәрбиесі жаттығуларының эталондық орындау тәртіптері бар. Бірақ, әрбір спортшы, өзінің дене күші мүмкіндігін, психомоторлық қабілетін ескере отырып, өзіне ғана тән әдіс қолданады. Дене тәрбиесінің жаттығулары тәсілдерінің өзіне ғана тән бөлімі, бөлшегі болады. Жаттығулар тәсілінің негізі - жалпы қозғалыс суретінен тұрады, мысалы, ұзындыққа секіруді алсақ, ол - екпіндеп жүгіру, серпін, ұшу, жерге түсу болып, төрт бөлімге бөлінеді.
Мұндай шешуші сәттер тәсілді толық және жақсы меңгеруге, сонымен қатар, әрбір спортшының өз мүмкіншілігін анықтауына көмектеседі.
Жаттығуды орындау үш кезеңге бөлінеді:
1. Дайындық кезеңі - негізгі қозғалыс әрекетіне жақсы жағдай тудыруына арналған қимыл (ұзындыққа секіру алдындағы екпіндеп жүгіру).
2. Негізгі кезең - негізгі мақсатты орындауды шешетін қозғалыс (ұзындыққа секірудегі - серпін жасау, ұшу кезеңі).
3. Қорытындылау кезеңі - қозғалыстың аяқталу кезеңі (ұзындыққа секірудегі жерге түсу кезеңі).
Қай жаттығудың орындалу тәсілін алсақ та, олар бірі-бірінен кеңістік, уақыт, кеңістікті-уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық, жамбас және аяқ буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін (ілініп тұру, тік тұру т.б.) немесе көлденең (көлденең тепе -теңдік, тірей тұру т.б.) және сүйену (жата сүйену) түрінде де кездеседі.
Дене мүшелерінің бірі-біріне үйлесімді орналасуы, яғни дененің қалпы, жаттығуларды орындау тәсілінде зор роль атқарады:
а) Дұрыс алынған негізгі тұрыс - жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық әсерге жетуге,
ә) Қозғалыс процесі кезінде керекті дене қалпын сақтауға,
б) Жаттығуды аяқтағандағы керек дене қалпын сақтауға көмектеседі.
Гимнастикалық снарядтағы жаттығулар. Аралас және қарапайым тіренулер. Түрлі снарядтарда. Аралас және қарапайым асылулар: бүгіле, шалқалай, қолды бүгіп, бұрыштап, қосымша тірене. Асылып сермеліс жасау, алға және артқа сермеп секіріп түсу. Тұрып тірену, жүрелей отырып тірену, жатып тірену, шалқалап жатып тірену, шынтаққа тірену, бүйірмен жатып тірену, тіреніп бұрыш жасау.
Сабақ - мектептегі негізгі оқу түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу сыныптан тыс және мектептен тыс қоғамға пайдалы жұмыс үрдісінде жургізіледі. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ болып саналады деп жалпы орта білім беретін мектептердің ережесінде айтылған. Бұл көрсеткіш толығымен мектептегі дене тәрбиесі жұмысын қарастырады. Дене шынықтыру сабағына мектептің барлық оқұшылары міндетті түрде қатысуы қажет. Сабақ, сабақ кестесі бойынша белгілі бір сыныпта тұрақты уақытта өткізіледі. Бұл сабақты ұтымды ұйымдастыруға ықпалын тигізеді. Мұнда тек оқушылардың дене даярлығын ескерту қажет. Осы аталғанның бәрі бірлесе отырып білім және іскерлік дағдыларын жүйелі түрде меңгертуді қамтамасыз етеді, оқу бағдарламасында қарастырылған, оқушылардың дене тәрбиесінің жан-жақты негізін құрайды.
Бұл оқушының сабақ кезіндегі алған білімі мен іскерлік дағдыларын іске асыруының жемісі. Тапсырманы оқушылар өз бетімен үйде, топта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорт жаттығуының топшалары
Жеңіл атлетика түрлері (лақтырудың қысқаша сипаттамасы)
Жарыс кезіндегі боксшының психологиялық дайындығын шыңдау
Дене тәрбиесі сабақтарындағы қозғалыс ойындары
Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету
Үйлесімділікті артыруға арналған жаттығу кешені
Күшті дамытуға арналған жаттығулар
Киокушинкай каратэ спортшылары үшін дене шынықтырудың маңызы
Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
Пәндер