Ұлттық спорт түрлерінің ерекшелігі



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Қазақстан спорты және бұқаралық дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындар орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. «Тоғызқұмалақ» ойыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. «Бәйге» ойыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қазіргі кезде біздің Республикамыз тәуелсізді болғандықтан ежелгі мәдениеттің қайта өрленуі жүріп жатыр, сонымен қатар өздерінің құрамына кіретін бай пласттер, өнер мен әдебиеттегі ұлттық дәстүрлер дамып келеді, қайсыларына халық ойындары да кіреді. Бұлар, ғасырлар бойы өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу құралы ретінде қолданған және мәдени мұра болып келеді.
Ойын адамға сәйкес, тарихи жасалынған қоғамдық туындама және өзара іс-әрекет түрі.
Ойын демалыстың, өзара танудың, денелік және жалпы әлеуметтік тәрбиенің, спорттың құралы бола алады.
Ойын, мәдени элементі сияқты бүкіл мәдени қоғамымен дамиды, сонымен қатар адамдардың демалыстағы, рухани және денелік күштерінің дамуындағы әрбір сұраныстарына сәйкес келеді. Ойын іс-әрекеті мәдени элементі ғана болып келмейді, сонымен қатар мақсатты бағытталған, мақсатты қойылымдармен мотивацияланған іс-әрекеттердің әр түрлілігімен міңезделген және де тәрбиелеудің сауапты құралы болып келеді. Ойындар адамның мәдени мұрасы болып табылады. Бұлардың әр түрлілігі көп. Бұлар, адамның материалдық және рухани қоғамның бүкіл аймақтарын көрсетеді. Әрине ойындарды білімнің көптеген салалары: тарих, этнография, антропология, педагогика, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі және т.б. зерттеген және зерттеп жатыр.
Ойын әрекетінде екі ең маңызды фактор объективті сәйкес келеді: бір жағынан, тәжірибелік әрекетке қосылу, денелік даму, өзара іс-әрекеттеуге ыңталандыру, екінші жағынан, бұл іс-әрекеттен өнегелік және эстетикалық қанағаттандыруды алады, бұларды қоршаған ортаның білімділіктерін тереңдетеді. Бұның бәрі аяқ шеніңде жеке басты тәрбиелеуге әсер етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1) Болғамбаев М. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. – Алматы : «Қайнар», 2008.
2) Байдосов Қ. Р., Мұхитдинов Е. М., Жылмағамбетов А. А. Қазақша күрес. – Алматы, 2007.
3) Тәнікеев М. Т. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. – Алматы, 2007.
4) Тәнікеев М. Т., Адамбеков І. Қ. Қазақтың ұлттық спорт ойындары. – Алматы, 2008.
5) Рахманқұлов М. Қазақша күрес. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. – Алматы, 2008.
6) Қазақша күрес: Ереже – Алматы : «Ата мұра», 2008.
7) Жолымбетов Ө. Қазақша күрес. – Алматы, 2008.
8) Тәнікеев М. Т. Қажымұқан. – Алматы : «Білім», 2007.
9) Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы : «Қайнар», 2008.
10) Ақшораев Ә. С., Жүнісбаев Н. Тоғызқұмалақ. – Алматы : «Мектеп», 2007.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... . 4
1.1. Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Қазақстан спорты және бұқаралық дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындар орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. Тоғызқұмалақ ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Бәйге ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде біздің Республикамыз тәуелсізді болғандықтан ежелгі мәдениеттің қайта өрленуі жүріп жатыр, сонымен қатар өздерінің құрамына кіретін бай пласттер, өнер мен әдебиеттегі ұлттық дәстүрлер дамып келеді, қайсыларына халық ойындары да кіреді. Бұлар, ғасырлар бойы өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу құралы ретінде қолданған және мәдени мұра болып келеді.
Ойын адамға сәйкес, тарихи жасалынған қоғамдық туындама және өзара іс-әрекет түрі.
Ойын демалыстың, өзара танудың, денелік және жалпы әлеуметтік тәрбиенің, спорттың құралы бола алады.
Ойын, мәдени элементі сияқты бүкіл мәдени қоғамымен дамиды, сонымен қатар адамдардың демалыстағы, рухани және денелік күштерінің дамуындағы әрбір сұраныстарына сәйкес келеді. Ойын іс-әрекеті мәдени элементі ғана болып келмейді, сонымен қатар мақсатты бағытталған, мақсатты қойылымдармен мотивацияланған іс-әрекеттердің әр түрлілігімен міңезделген және де тәрбиелеудің сауапты құралы болып келеді. Ойындар адамның мәдени мұрасы болып табылады. Бұлардың әр түрлілігі көп. Бұлар, адамның материалдық және рухани қоғамның бүкіл аймақтарын көрсетеді. Әрине ойындарды білімнің көптеген салалары: тарих, этнография, антропология, педагогика, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі және т.б. зерттеген және зерттеп жатыр.
Ойын әрекетінде екі ең маңызды фактор объективті сәйкес келеді: бір жағынан, тәжірибелік әрекетке қосылу, денелік даму, өзара іс-әрекеттеуге ыңталандыру, екінші жағынан, бұл іс-әрекеттен өнегелік және эстетикалық қанағаттандыруды алады, бұларды қоршаған ортаның білімділіктерін тереңдетеді. Бұның бәрі аяқ шеніңде жеке басты тәрбиелеуге әсер етеді.

І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1. Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы

Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлері:
* аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
* байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
* ат жегу - тез арада атты дайындау,
* ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,
* аударыспақ - ат үстінде алысу,
* жорға жарыс - жорғалар сыны,
* құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
* қыз қуу,
* көкпар - командалық ойын,
* жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
* күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
* сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Ақыл-ой ойындары :
* шатрантаж (шахматтың бір түрі),
* шатраш (дойбының бір түрі),
* тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,
* саяттаушы құстарды аңға салу;
Күрес түрлері -
* қазақ күресі,
* қатын күрес;
Жеңіл атлетика -
* жаяу жарыс,
* жігіт жарыс,
* қатын жарыс;
Күш өнері -
* балуан тас,
* түйе көтеру,
* өгіз жығу,
* асық ойындары және т.б.
Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің қолайлы тәрбие құралдардың бірі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі егемен Қазақстан халқы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Ұлттық ойындар мен спорт халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін жеткізуші ретінде, ұлттық тілді дамытуда қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді.
Қазақстан өзінің егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси- идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.
Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы қабылданып, дер кезінде шет елдердегі, және отанымыздағы көптеген мәдени туындылар анықталынып, ел тарихына өлшеусіз пайдалы істер асырылуда [2006].
Қазіргі ХХІ ғасырда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, ауыру түрлерінің көбеюі, қоршаған табиғаттың ластануы күрделі проблема болуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу үшін көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде дене тәрбиесі арқылы денсаулықты сақтау, шынықтыруды ұлттық ойындар мен спортты қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.
Осы маңызды жұмыстарды іске асыру жолында Қазақстан мемлекеті тарапынан көптеген шаралар іске асуда. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын сақтау жолында дене тәрбиесінің маңызы туралы Қазақстан -2030 Стратегиялық жоспарында [1998], Қ.Р. Білім беру салаларында балалар мен жастарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу Концепциясында [2001], Қ.Р. Дене шынықтыру және спорт Заңында [1999], Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында [2008], Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында [2010], республика халқын дене тәрбиесі және спорт арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу, денсаулықтарын шынықтыру шаралары көрсетілген және осы құжаттарда ұлттық спорт түрлеріне де маңызды орын бөлінген.
Дүние жүзін мекендеген халықтардың ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктер болады. Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы деректер және құжаттар ғылыми тұрғыдан зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Дәстүрлі ұлттық ойындардың тарихы, ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.
Дене тәрбиесі адамның денсаулығы мықты, күшті болуы үшін қолданылады, осыған орай Қазақ халқының қазақ болып аталуы да мықты, берік, жойқын, ауыспайтын деген мағананы білдіретіндігі туралы Сібір халықтары сөздерінде, Шайбанинамеде - қазақ өте қадірлі сөз, мықты, күшті, шабытты көрсетеді. Европа тілінде ондай ұғымды рыцарь деп атайды. Демек, қазақ сөзінің түбірі қаз - тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар қаз, қаз, қаз тұр деп тікесінен тік тұрғызады. Қаз -ға қосып айтылыатын "ақ сөзі - күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының аты да жойқын күшті алып болуы үшін Қаз деп атағандығы туралы Махмуд Қашқари айтқан - деп жазады ғұлама ғалым Ә. Марғұлан [1984].
Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Мұндай үлкен дәрежеде мән беру және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар.
Дене тәрбиесінде ұтымды тәрбие құралдардың бірі ретінде қолданылып келе жатқан ұлттық ойындар мен спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында өзінің жаңаша даму сатысына көтеріліп және өзінің бұқаралық спортты дамытуда негізгі күш екендігін дәлелдеп келеді.
Қазақстан халқы арасында ұлттық ойындар және спортпен шұғылдануға деген ынта күннен-күнге артып келе жатқандығын анкеталық сұрақ-жауап қорытындысы көрсетіп отыр. Сұрақ-жауапқа қатысқан адамдардың 80% ұлттық ойындармен, спортпен шұғылданудың пайдалы екендігін атап өтеді.
Оған себеп қазіргі кезде ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесімен шұғылдануға, халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін білуге деген ұмтылысы, салауатты өмір сүруге бейімделуге деген дұрыс көзқарастың халық арасында артуымен түсіндіруге болады.
Қазақстан өзінің Егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси-идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуда. Осы жұмыстар аясына ұлттық ойындар мен спорт түрлері де кіреді.
Кеңестік дәуірдегі педагогикалық ғылым сол кездегі идеологиялық бағытты іске асырушы ретінде кіші, ұсақ халықтардың тарихы мен мәдениетін, әсіресе, халықтық дене тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиесінде қолдануды шеттетуі болғандығын байқауға болады.
Ұлттық ойындар мен спорттың тарихын Кеңестік уақытта зерттеген ғалым М.Таникеев [1998] ...халықтық педагогика ұлттар арасында рухани байлықты сақтаушы ғана емес, ол әр кезде халқын сүюге, еңбек етуге, шындыққа жетуге шақырады деп, тәрбие жұмыстарындағы маңызды құрал екендігін көрсетеді.
Ғалым зерттеуші Б. Досқараев [2009] Историко - педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане атты докторлық диссертациясында ...К сожалению, многие из физических упражнений древности оказались забытыми или им уделяется недостаточно внимания в наши дни деп қорытынды жасай келіп, ұлттық ойындар мен спорт түрлерін кеңінен насихаттауды қолға алу керектігін көрсетеді.
Кеңестік уақытта ұлттық тәрбие түрлері балабақшалардан бастап, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу тәрбие-бағдарламасынан орынсыз қысқартылды. Осының салдарынан көптеген ұлттық тәрбие түрлері ұмыт болды, тіпті көптеген ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті.
Қазіргі заманда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, қоршаған табиғаттың ластануы барлық елдерді алаңдатуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың әртүрлі жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде денсаулықты дене тәрбиесі арқылы шынықтыру, әсіресе, ұлттық ойындарды қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы көптеген деректер өз елімізде және шет елдерде зерттеліп ғылыми айналысқа енген жоқ. Тәрбие тұрғысынан ұлттық ойындар мен спорт өскелең ұрпақтың денесін шынықтырып, еңбекке баулуда қолайлы құрал екендігі ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатса да, білім беру мен спорт саласында қолданылуы әлі де жеткіліксіз болып отыр.
Қазақстан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне арналып жүргізілген ғылыми зерттеулер төмендегідей бағыттарды қамтығандықтарын көруге болады. Оларға:
- ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму тарихы;
- ұлттық ойындарды спорттық оқу - жаттығу жұмыстарында қолдану;
- ұлттық ойындарды патриоттық тәрбие жұмыстарында қолдану;
- ұлттық ойындарды балалардың, оқушылардың, студент жастардың дене шынықтыруында қолдану.
Мамандандырылған 13.00.04 - Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi бағытындағы мамандандырылған ғылыми диссертациялық кеңесте барлығы 121 педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін қорғалған диссертациялардың ішінде 10 жұмыс ұлттық ойындар мен спортқа арналған, оның ішінде 5-і қазақ тілінде, ал 17 барлық қорғалған докторлық диссертацияның ішінде М.Таникеевтің Теория и практика взаймовлияния национальных и интернациональных факторов в развитии физического развития и спорта в Казахстане [1998] және Б. Досқараевтың Историко - педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане [2009] атты еңбектері бар. Қазақ тілінде докторлық дәрежеде қорғалған еңбектер жоқ.
Ұлттық ойындар мен спорттың тарихы оның дене тәрбиесіндегі атқаратын рөлі, ойындардың адамдардың достық қарым-қатынастарына жағымды әсері туралы Кеңес Одағында көптеген зерттеулер жүргізген М.Таникеев [2001] Игры в народной педагогике физического воспитания выполняет важную роль при освоении тех сфер воспитания где существующие профессиональные дисциплины не нашли себя деп ұлттық ойындардың сол кездегі қолданысы жағдайын анық көрсетеді.
М. Тәнекеев [1961] ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын әлем халықтарының және олимпиадалық ойындардың даму барысымен байланыстыра отырып, адамзат тарихындағы ұлттық ойындардың халықтардың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болғандығын тарихи тұрғыдан негіздеп көрсетеді. Ол өз зерттеулерінде тоғыз құмалақ, түйе жарыс, қыз қуу, көкпар, күміс алу, жаяу жарыс, жамбы ату, тағы да басқа ойындардың жастар арасындағы тәрбиелік рөлімен қоса, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуда атқаратын орны туралы да тұжырымдар жасайды.
Б.Доскараевтың [2009] педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін қорғаған Историко-педагогические основы становления и развития системы физической культуры в Казахстане атты еңбегінде Қазақстан жеріндегі ерте дәуірден бастап, қазіргі Қазақстанның Егеменді ел болған кезең аралығындағы дене тәрбиесінің даму тарихын зерттей келе, ұлттық спорттың дамуына байланысты қазіргі Қазақстан территориясында әр тарихи кезеңдерде өмір сүрген Гүндер, Сақтар, Құшандықтар, Түркілер сияқты үлкен бірлестіктер кезіндегі дене тәрбиесінің ерекшеліктеріне тоқтай келе, қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорт түрлері туралы Қазақстан Егеменді ел болғаннан соң ұлттық спорт пен ойындарға деген құлшыныс арта түсті, студенттердің 70% ұлттық спорт түрлерімен шұғылданғысы келетіндіктерін көрсетті деп атап өтеді.
Көрнекті орыс ғалымы, географ, тарихшы А.И. Левшиннің [1832] қазақтар туралы жазған монографиясы Описание киргиз-казачьи или киргиз-кайсацких орд и степей деп аталады. Левшин қазақтар арасында өтетін ат жарыс, теңге алу, қыз қуу, балуан күресіне тоқталып, қазақ балаларының жастайынан қимыл-әрекет дағдысына қалыптасып еңбек ететіндігін айта келіп, ол қазақтардың шыдамды, мықты болып өсетінін суреттей келе: Халықтың өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкер болған. Сондықтан да олар ыстыққа, суыққа төзімді, көп жасайды, бас ауруы дегендер сирек кездеседі. Олардың көзі қырағы болып келеді. Алыстағы көрінген малдың түсін айнытпай дәл ажыратады. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабу гимнастикалық жаттығудың бір түрі сияқты болып кеткен, - деп жазады.
Қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі И.С. Паллас [1887] өз зерттеулерінде қазақ халқының тыныс-тіршілігін бақылай келе ұлттық ойындарға сипаттама беріп, қазақ қоғамындағы аңға шығу мен аңшылықты суреттейді.
Ана тілін меңгерген адамның ұзақ мерзімге тіл ортасынан кету кезінде ұмытылу дәрежесін ойынмен салыстырғанда, ойынның адам жадында ұзақ әрі өзгеріссіз сақталатындағын көруге болады. Бұл жағдайдан төмендегідей қорытынды шығаруға болады, яғни адамның есінде қалу, жатталу дәрежесі ойын қимылы арқылы қосымша берілетін болса, ол соғұрлым ұзақ мерізімге созылып адам жадында көп сақталады.
Қазақтың ұлттық ойындарына мән беріп, оны жинақтап, топтап жарыққа шығарған ғалымы А. Диваев [1908] өзінің Игры киргизских детей атты еңбегінде автор тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады: бірінші кішкентай балалар ойыны, екінші ересек балалар ойыны, үшінші жігіттер ойыны.
Қазақтың ұлттық ойындарының дамуы қазақ халқының жүріп өткен тарихи жолымен тығыз байланыста екендігі белгілі. Осы кезеңдерде біздің тарихымыз қазіргі зерттеулер бойынша кемінде бес мың жылды қамтиды деп жазады тарихшы Бейімбет Ирмуханов [2006].
Қазақ даласында жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелер орыс көпестері мен қазақ халқы арасындағы сауда қатынасын ғана дамытып қоймай, мәдени бағыттардың араласуына, осы жағдай ұлттық ойындар бойынша жарыс сайыстарының көптеп өткізілуіне себепкер болды.
Келесі қазақтардың ұлттық ойындарына тоқталған орыстың ғалымы А. Алекторовтың [1888] жазған О рождении и воспитании детей киргизов, о правилах и власти родителей еңбегін атауға болады.
Бұл ізденісінде ғалым көшпенді қазақтардың өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен өсуінде ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы халық ойындарының қажетті жақтарын ашады.

1.2. Қазақстан спорты және бұқаралық дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындар орны

Ұлттық ойындардың пайда болу ерекшелігі сол халықтың басынан кешірген тарихи әлеуметтік, шаруашылық, қоныстанған жерінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Осыған байланысты түркі халықтары арасында ұлттық ойындар ұқсастығы жиі кездеседі. Оған мысал ретінде көкпар тарту, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, күрес, садақ ату, т.б. түрлерінің қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, бурят, т. б. көптеген халықтар арасында таралуын алуға болады.
Қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық түрлері қазір ұлттық ойын түрлерінен халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.
Енді осы ұлттық ойындардың спорт түрлеріне айналуына қандай алғышарттардың әсер ететіндігін қарастырамыз. Жалпы қандай да болмасын халық арасында таралған ойынның спорт түріне айналуы үшін төмендегідей жағдайлардың болуы қажет. Оларға:
Спорттық ойын түрінің бекітілген ережесінің болуы;
Мемлекеттік дәрежедегі спорттық мекеменің сол спорт түрін танып, жарыс күнтізбесіне енгізуі;
Спорт түрін дамытуға арналған қоғамдар немесе федерацияның болуы.
Қазіргі замандағы ең үлкен және өзінің дүниежүзілік елдер арасында маңыздылығымен ерекшеленетін спорттық жарыстар қатарына Жазғы және Қысқы Олимпиадалық ойындар енеді. Осы олимпиадалық жарыстарды ойындар деп атау оның тарихының көнелігін көрсете отырып, олимпиада ойындары бағдарламасына енген спорт түрлерінің барлығының кезінде белгілі бір халықтың арасында болған ұлттық ойын түрі екендігін көруге болады.
Қазіргі жеңіл атлетика спорты құрамына кіретін табақ (дискі) лақтыру және балға лақтыру (молот) спорттық жарыстардың қайдан пайда болғандары туралы спорт тарихында ешнәрсе көрсетілмеген. Осы жарыстарды көне олимпиадалық ойындарға түркі халықтары енгізгендіктерін талассыз дәлелдеу мүмкіндігі туып отыр. Көне тәңір сенімі бойынша күн адамдардың негізгі табынатын обьектісі болып табылады.
Қазіргі кезде осы белгілер түркі халықтарында рулық белгілер болып саналады.
Жоғарыдағы айтылған ел басқаратын адамдарды таңдау кезінде осы күн белгілерін табақ пен балғаны күнге қарай кім алысқа лақтыра алса, сол адам басшы санатына қосылуға мүмкіндік алған. Осы дәлелдер олимпиадалық ойындарды тарихта жазылғандай тек грек елі ойлап шығармаған, сол дәуірлерде өмір сүрген көптеген халықтар еркін қатыса алатын демократиялық сайлау түріне ұқсас ел басқару жүйесіне қажетті атрибут ретінде өткізілген деп тұжырымдауға болады. Спорттық жарыстар оның тек сырт бейнесі ғана деп санауымыз керек. Осы келтірілген дәлелдер міндетті түрде этнопедагогикаға енгізілуі тиіс деп санаймын. Себебі қазіргі кезде ЖОО оқылатын дене тәрбиесі педагогикасы және психологиясы пәндерінде дене тәрбиесінің этнопедагогикасы туралы мүлдем дерек жоқ. Осындай кемшіліктер салдарынан педагогиканы біздерге тек орыс және шет ел халықтары үйреткен болып отыр. Осындай жағдайлардан барып біздің ой-санамызға сырттан еркін әсер ету мүмкіндіктері пайда болады. Себебі көптеген этнопедагогикалық салаларда біз әлсіздік танытып, өзімізде бар жетістіктерді көрсете алмай келеміз. Сол этнопедагогиканың бірі дене тәрбиесі және спорт саласы болып отыр.
Ұлттық ойындардың тарихи пайда болуын зерттей келе біз ойындардың адамдарды дене дамуына, шынығуына, еңбек етуіне бейімдеу мақсаттарында қажеттіліктен туғандығын көруге болады, сондықтан ұлттық ойындар мен спорт түрлері жалпы дене мәдениетін дамытудың негізі болып саналады деген тұжырым жасаймыз.
Халықтар арасында таралған ұлттық ойындар туралы зерттеулер біршама болғанымен, спорт түрлерінің пайда болуы, дамуы, әсіресе, ұлттық ойындардың спорт түріне айналуы туралы Қазақстанда ғылыми зерттеулер жоқ.
Шет ел зерттеушілерінің арасында осы тақырыпты қарастырған Вера Оливованың [1962] Люди и игры атты еңбегінде ойындар мен әртүрлі жаттығулардың спорт түрлеріне айналуын Еуропа құрлығы көлемінде алады да, қорытынды сөзінде Европа мәдениеті қазіргі спорттың бесігі болды деп асығыс қорытынды шығарады.
Орыс зерттеушісі Н.И.Понамарев [1970] өзінің Возникновение и первоначальное развитие физического воспитания атты монографиясында халықтық ойындардың пайда болуының еңбек құралдарының пайда болуымен, адамдардың өз денелерінің шынығып жетілуімен байланыстыра зерттеп, спорт түрлерінің пайда болу генезисіне тоқталмайды.
Дене тәрбиесі тарихын зерттеуші белгілі ғалым Ласло Кун [1982] Всеобщая история физической культуры и спорта атты еңбегінде дене тәрбиесі мен дене жаттығуларының пайда болуын зерттей келе, дене жаттығуларының спорт түрлеріне айналуын қарастырмайды.
Қазақ халқында жарысу, бір нәрсеге таласу, оны дәлелдеу кезінде өзара келісілген шаруаның өзгеріссіз толық орындалуы үшін бәске тұру, бәстесу шарты болған. Бәске бару кезінде әр жақ міндетті түрде орындауға қажетті істерге келіскен. Осы бәске тұру қазіргі спорт ережелерінің негізі болып табылады деп ойлаймыз, себебі барлық спорттық жарыстар қатаң ережелерге бағынып өткізіледі, яғни келісілген шартты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Ұлттық спорт түрлеріндегі оқу-зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстары
Ұлттық спорт түрлері
Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері
Қазақстанда фантуризмдi дамыту жолдары
Ұлттық спорт түрлерінде жылдамдықты, дәлдікті, қашықтық сезімін дамытуға арналған жаттығулар
Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы
Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи педагогикалық мәселелері
Асық ойыны - қазақ халқының дәстүрлі ойыны
Пәндер