Ұлттық спорт түрлеріндегі әдістер мен тәсілдердің негізі



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ.ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МӘДЕНИ АСЫЛ МҰРАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Аңға, малға байланысты ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Түрлі заттармен ойналатын ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕГІ ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕРДІҢ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. «Қыз қуу» ойыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2. «Бүркіт салу» ойыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелмегендігін атап өту керек.
Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ал-Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ә.Диваев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, т.б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.
Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.
13.00.04 – «Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi» бағытындағы мамандандырылған диссертациялық кеңесте ұлттық ойындар мен спорт саласын пайдалану арқылы қорғаған ғалымдар: М.Таникеев [1998], Б.Доскараев [2009], Е. Алимханов [1996], Ж.М. Тулегенов [1982], Е.Мухиддинов [1999], Е. Канағатов [2008], А. Қарақов [1996], Б.Мендалиев [2009], Ж. Оңалбеков [1996] осы жұмыстардың ішінде ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздеріне арналған арнайы жұмыстар кездеспеді.
Біз өз зерттеуімізде қазақтың ұлттық ойындарының да спорт түрлеріне айналуының себептерін айқындау, жетілдіру, жүйелеу, топтау, атау беру зерттелмеген бағыт екендігін атай отырып Қазақстан аймақтарында ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму барысын, жарыс өткізу, төрешілік жасау, маман кадрлар даярлау мәселелерін зерттеу де осы жұмыстың өзектілігін айқындай түседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Ахметжан Қ.С. Батырлардың жауынгерлік жекпе-жегінің әскери, моральдық-психологиялық және ғұрыптық аспектілері // Қазақ білім академиясының баяндамалары / Доклады Казахской академии образования. — Астана, 2011. № 1 — 70–80 бб.
2. Бабалар сөзі: Жүз томдық. — Астана: «Фолиант», 2010. Т.59: Тарихи жырлар.
3. Қазақ халық әдебиеті: Көп томдық / Қаз ССР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. — Алматы: Жазушы, 1989. — Т. 4: Ертегілер.
3. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1 том: біртұтастығы және ерекшелігі. -Алматы: «Арыс» баспасы, 2005;
4. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1 том: А-Д. — Алматы: DPS, 2011;
5. Тәнекеев М. Қажымұқан Мұңайтпасов (Тарихи очерк). Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1963;
6. Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.
7. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198 б.
8. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 б.
9. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты», «Алматы» 1995 жыл,98б.
10. http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=45674

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕГІ ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕРДІҢ НЕГІЗІ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ-ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МӘДЕНИ АСЫЛ МҰРАСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Аңға, малға байланысты ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Түрлі заттармен ойналатын ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕГІ ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕРДІҢ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. Қыз қуу ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2. Бүркіт салу ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелмегендігін атап өту керек.
Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ал-Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ә.Диваев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, т.б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.
Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.
13.00.04 - Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi бағытындағы мамандандырылған диссертациялық кеңесте ұлттық ойындар мен спорт саласын пайдалану арқылы қорғаған ғалымдар: М.Таникеев [1998], Б.Доскараев [2009], Е. Алимханов [1996], Ж.М. Тулегенов [1982], Е.Мухиддинов [1999], Е. Канағатов [2008], А. Қарақов [1996], Б.Мендалиев [2009], Ж. Оңалбеков [1996] осы жұмыстардың ішінде ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздеріне арналған арнайы жұмыстар кездеспеді.
Біз өз зерттеуімізде қазақтың ұлттық ойындарының да спорт түрлеріне айналуының себептерін айқындау, жетілдіру, жүйелеу, топтау, атау беру зерттелмеген бағыт екендігін атай отырып Қазақстан аймақтарында ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму барысын, жарыс өткізу, төрешілік жасау, маман кадрлар даярлау мәселелерін зерттеу де осы жұмыстың өзектілігін айқындай түседі.

І БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ-ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МӘДЕНИ АСЫЛ МҰРАСЫ
1.1. Аңға, малға байланысты ойындар

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф - ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, -- Алматы: Қайнар, 1994), Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен. Ал енді, Қазақстан. Ұлттық энциклопедия кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: Қазақ ұлты не- гізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.
Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
Соқыртеке. Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды - соқыртекені шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар соқыртекені түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. Соқыртекенің тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы соқыртекеге айналып, ойын жалғаса береді.
Түйе мен бота.Ойын көгалды жерде немесе спорт залда өтеді. Балалардың санына шек қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының мысық-тышқан ойынына ұқсас. Оның басқарушының нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі ботаның роліне сайланады. Қалған ойыншылар өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы ішінде қалады
Түйе шеңбердің сыртында жүріп ботасына үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді. Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал бота шеңбер бойымен айнала қашады. Ойын шарты бойынша бота шеңбердің ішіне кіріп-шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені аса еркіне жібермей, кей кездерде шеңбердін ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар қысып қалады. Ақырында түйе алдап жүріп ботасын колға түсіргенде, бота жібер дейді. Түйе жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:- шөк, шөк деп түйені шөгеруге тырысады. Түйе оған көнгісі келмегенімен көпшілік болып шөгереді, яғни жүресінен отырады.
Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-тесіп ботадан бастап шөккен түйенін үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен екі колын жерге тіреп отырады да, үстінен секіргендерді орнынан козғалмай қолымен ғана ұстай алады. Осы кезде түйе үстінен секірген ойыншылардын кайсысын бірінщі ұстаса, сол түйенің ролін ойнайды да, екінші ұстағаны ботаның ролін ойнайды. Осылайша ойынды қайта жалғастыруға болады.
Түйенің үстінен секірген ойыншы оған колымен, болмаса аяғымен тиюіне болмайды. Түйенін үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша алысқа түсуге тырысады.

1.2. Түрлі заттармен ойналатын ойындар

Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
Алтыбақан. Бұл - жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады.
Ақшамшық (сақина салу). Бұл - қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он - он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты- рып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала-қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, Тұр сақинам, тұр, -- деп, немесе Ақшамшығымды бер! деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, Сақина менде, -- деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.
Ақсүйек. Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады.
Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.
Сиқырлы таяқ. Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.
ІІ БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕГІ ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕРДІҢ НЕГІЗІ
2.1. Қыз қуу ойыны

Қыз қуу сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны. Ертеде Қыз қашар, Қыз қуалар деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткен. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымызға дейін қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Бағзы заманда жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген. Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты, ақтай алмағаны үшін қызбен некелесу құқынан айырылған. Бұл сияқты ескі әдет әлдеқашан ұмыт болды. Қазіргі қыз қуу өзінің идеялық мазмұны жағынан одақтағы ұлт республикаларының мәдениетіне енген халықтық спорттардың қай-қайсысынан болса да кем түспейді.
Жарыс қыз қуу спортының ережесіне сай өткізіледі. Спортшылардың бас киімінен аяқ киіміне дейін ұлттық үлгіде қыз қуу спортына лайықты болуы тиіс. Қыз қуудың аты ұшқыр, жүйрік, сұлу болуы шарт.
Қыз қуу алаңының ұзындығы: 300 метр. Алаңға қыз бен жігіт шақыралады. Жігіт қыздан 10 метр кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе, ережеге сай қыздың сол жақ иығындағы орамалды шығыршықтан суырып алуға тырысады. Ал қыз керісінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды.
Ал екінші кезеңде 10 метр алда тұрған жігітті қыз қуады, қуып жеткен жағдайда ережеге сай арнайы қыз қуу қамшысымен жігітті қамшылап, қуып жеткенінің белгісін көрсетеді. Жарысқа бекітілген ережеге сай спортшының қуып жеткен уақытын арақашықтыққа бөліп қорытындысы шығарылады.
Қыз қууды қазіргі бағытымен келешекте-де дамытудың үлкен спорттық маңызы бар. Ол өзінің маңызы жағынан жастарға дене тәрбиесін беруде бүгінгі талапқа толық сай келеді.

Мақсаттары
Қыз қуу бойынша жарысты ұйымдастыру ережесін еске ала отырып жасалған бұл жүйе мынадай жағдайларды назарда ұстайды.
-- жарыстың практикалық және техникалық шарттарын айқындау және анықтау;
-- жігіт пен қыздың қимыл мен әдіс-айлаға берілетін бағаны белгілеу;
-- төрешілер алқасының міндетті қызметін белгілеу;
-- топтастыру, жүйелеу әдістерін анықтау;
Қолдану аясы
Бұл ережелерді Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлері чемпионаттарында, жарыстарда және турнирлерде қолдану міндетті.
Түсіндіру
Егер ұсынылған Ережені түсіндіру барысында екіұдай жағдай орын алса, ол баптардың анық-қанығын анықтап, дәлелдеу, мәселені баянды етуге тек ҚР Туризм және Спорт министрлігі Спорт комитетінің арнайы өкілі мамандарымен бірлесе отырып, толықтыруға өкілетті бола алады және бұл жерде баптардың қазақша түп нұсқасы ғана дұрыс деп саналады.
Құрамы
Жарыста тағайындалған төрешілер тобына бас төреші, бас төрешінің орынбасары, бас хатшы, мандат комиссиясының төрағасы, алаң жетекшісі -1, алаңдағы төреші -- 2, мәре төрешісі -- 2, уақыт бақылаушы төрешісі -- 2, медбике -- 1 енеді. Төрешілер тобын жарыс кезінде алмастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. Тек қатты сырқаттанып қалуын дәрігерлік қорытынды айғақтаған жағдайда ғана төрешілерді ауыстыруға болады.
Төрешілердің ұлттық нақыштағы спорттық киімдері болуы шарт.
Төрешілер
Төрешілер алаңда төрешілік ұйымдастырып, оның дұрыстығы үшін жауап береді.
Төреші қатысушылардың жеке басын растайтын құжаттармен сәйкестігін, олардың киімдерін тексеруге міндетті.
Төреші жабдықталған алаңның схемасы мен актісін жасап, оны бас төрешіге бекітуге табыс етеді. Жарыс басталар алдында алаңды тексеріп, таңбалайды.
Бас төреші төрешілерді, олар жарыс ережесін бұзатын болса міндеттерді атқарудан шеттетуге немесе жарыстан алып тастауға құқылы. Бұл туралы олар бас төрешіге немесе оның орынбасарының біріне дереу хабарлайды.
Секундомерші-төреші жарыс басталғанға дейін секундомершілердің және арнайы аппаратураның түзіктігін, дәлдігін және бірдей жұмыс істеуін тексеруге тиіс.
Есептелмейтін уақыт. Ойынның басталуы: секундомер Бас төрешінің рұқсатымен қосылады, алайда ойынның аяқталуын жауапты төреші секундомерші белгілейді.
Ақпаратшы-төреші қатысушыларды, көрермендерді, баспасөз, радио, теледидар өкілдерін жарыс ережелері, барысы, нәтижелері туралы білікті, ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті және жарысты мүлтіксіз ұйымдастырып өткізуге жәрдемдесуге тиіс.
Ақпаратшы-төреші жарыс басталғанға дейін жарыстар туралы ережені, жарыс бағдарламасын зерделейді, команда қатысушыларын сипаттайтын деректерді дайындайды.
Ақпартшы-төреші бас хатшылардан, ақпарат алу тәртібін белгілейді, оны жарыстың бас төрешісіне біріктіреді.
Республика чемпионаттары мен спартакиадаларында, халықаралық жарыстарда, ағақпаратшы-төреші тағайындалады, ол, ақпаратшы-төреші мен дикторлардың жұмысына басшылық жасайды.
Бас төреші
Бас төреші жарысқа басшылық жасайды және ережеге сәйкес өтуін қадағалайды.
Оның міндеттері:
-- жарыстар өткізілетін орындардың, жабдықтар мен құралдардың әзірлігін, оларды жарамдылығын және осы ережеге сәйкестігін алдын-ала тексеруге;
-- төрешілерді іріктеуге қатысуға, төрешілер бригадаларының жетекшілерін тағайындауға, осы бригадалардың құрамын белгілуге және олардың нұсқаулығын өткізуге;
-- төрешілер алқасының жұмысына жетекшілік етуге;
-- хатшылықтың бүкіл алдын-ала жұмысын (жеребеге өткізу және т.б) тексеруге, бекітуге;
-- жарыс басталғанға дейін төрешілер алқасы мен жетекшінің ұйымдастыру кеңесін өткізуге, оларды жарыстар туралы ережемен таныстыруға және төрешілерді жұмыс учаскелері бойынша орналастыруға;
-- келіп түскен наразылықтарды төрешілер алқасының қарауына енгізуге және шешім қабылдауға;
-- жарыс аяқталғаннан кейін жарыс қорытындылары бекітілетін және төрешілер жұмысының бағасы жарияланатын төрешілер алқасының қорытынды отырысын өткізуге;
-- жарыстың саланатты түрде ашылу, жабылу және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін белгілеуге;
-- жарыс аяқталғаннан кейін үш күннен кешіктірмей жарыстың есебі мен хаттамаларын жарыс өткізуші ұйымға табыстауға міндетті.
Бас хатшы
Бас хатшының міндеттері:
-- қатысушы ұйымдардың өтініштерін қабылдайды, жарыс хаттамаларын дайындайды, қатысушы командалардың жеребесін өткізеді, жеребенің негізінде жұптар құрайды, бас төреші бекіткеннен кейін қатысушылардың танысуы үшін хаттамалар іледі;
-- хатшылықтың жұмысына басшылық жасайды, өткізуші ұйымнан кеңсе тауарларын, құралдарды марапаттау материалдарын және т.б алады;
-- жарыс хаттамаларын өңдеуді жүргізеді, ұпайлар есебін жүргізеді және қорытынды шығарады;
-- жарыс нәтижелері бойынша жалпы техникалық есеп жасайды және жарыстың басқа да материалдарымен бірге бас төрешіге табыс етеді;
-- төрешілер жұмысының табелін жүргізеді, жарыс ережесі бойынша талап етілсе қатысушылар мен аттардың нөмірін береді;
-- спортшылардың біліктік кітапшаларына, нәтижелерін, алған орындарын жазады, сондай-ақ қол жеткізген жеңістері туралы анықтамалар береді;
-- төреші хатшылар бас хатшының басшылығымен жұмыс істейді. Олар жарыс өтіп жатқан жерден, ақпарат жинауға оны уақытылы өңдеуге және бас хатшыға табыс етуге міндетті.
Дәрігерлік қызмет
Жарыс дәрігері жарыста жан-жақты медициналық, малдәрігерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Ол:
Жарыс өткізілетін жерде медициналық жәрдем пунктерінің жұмысын, санитарлық малдәрігерлік машиналардың болуын ұйымдастыруға және жарыс бағдарламасында белгіленген жер мен уақытқа медициналық қызметкерлердің уақытылы келуін қамтамасыз етуге;
Жарыстың бас төрешісіне медициналық және мал дәрігерлік қызметтердің жұмысқа даярлығы туралы хабарлауға;
-- мандат комиссиясының жұмысына қатысуға командалардың өтініштерін, оларда дәрігерлік денетәрбиесі диспансерлерінің, малдәрігерлік пунктілердің жарысқа жіберілетіні туралы рұқсаттарның болуын қарауға;
-- бас төрешілер алқасының отырыстарына қатысуға;
-- қатысушы ауру немесе жарақаттану себебінен жарысты жалғастыра алмайтын жағдайда, белгіленген үлгідегі анықтама беріп жарыстың бас хатшысына осыны хабарлауға;
-- жарыс аяталғаннан кейін бас төрешіге ауруларды, жарақаттарды (тегі бойынша командының атауын белгілеп) көрсете отырып жарысқа медициналық қызмет көрсету нәтижелері туралы есепті табыс етуге міндетті;
Төрешілер құрамы
1. Бас төреші -- 1
2. Бас төрешінің орынбасары -1
3. Бас хатшы -1
4. Мандат комиссиясының төрағасы -1
5. Алаң жетекшісі -1
6. Алаңдағы төреші -- 2
7. Мәре-төреші -2
1. Уақыт бақылаушы төреші -2
2. Медбике -1
Барлығы: 12 адам
Жарысты өткізу ережесі
Жасы 16-ға толмаған ұл-қыздарға ата-анасының рұқсат қағазы (қол хат) және қатысатын облыстың спорт басқармасынан қосымша анықтама қағаз керек. Жарысқа қатысушылар арнайы дайындықтан өткен және атты толық меңгеретін дәрежеде болу керек.
Спортшылардың бас киімінен аяқ киіміне дейін ұлттық үлгіде қыз қуу спротына лайықты болуы тиіс. Қыз қуудың аты ұшқыр, жүйрік, сұлу болуы шарт. Қыз қуу алаңының ұзындығы -- 300 метр, ені -- 20 метр болуы тиіс.
Қыз қууға әр командадан 1 қыз, 1 жігіт қатыстырылады. Жарыс басталарда қыз жігіттен белгіленген сызықшада 10 метр алда тұрады. Осы сәттен қыздың қашып, 300 метр жердегі мәреге жеткендегі уақыты есептеледі. Егер жігіт қызға 150 метр жерде жетіп, қыздың сол жақ иығындағы орамалды шығыршықтан суырып алса, жігітке 10 ұпай, 150 метрден кейін 5 ұпай беріледі. Жігіт қызға жете алмай қалған жағдайда жігітке 0 ұпа, қызға 5 ұпай беріледі.
Егер жігітке 150 метр жерден жетіп қамшысымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Таңдалған спорт түрінен техникалық дайындық
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Күресті жүргізудің тәсілдерін үйрену және жетілдіру
Жасөспірім шақтағы дзюдошыларды даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу
Баскетбол сабақтары туралы ғылыми-педагогикалық және техникалық көзқарас
Қозғалыс сапалары кезеңдері
Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау ерекшеліктері
Қазақ күресімен шұғылданушы студенттер
Оқушылардың эмоцияларымен жұмыс
Пәндер