Ұлттық спорт түрлері бойынша Республикалық және халықаралық ұйымдар



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ... ... ... ... ... ..5
1.1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық
ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Халықаралық ұйымдар қызметінің шеңберіндегі ынтымақтастық ... ... ... .7
1.3. Спорттық іс.шараларды өткізу қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1. Қазақ күресінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Қазақ күресінің Қазақстанда қазақ ұлттық күресінен мамандар дайындаудағы оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде ... ... .17
2.3. Қазақ күресінің ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті» деп заңмен бекітілген.
Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу–тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.
Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.
Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Алимханов Е. Дене тәрбиесі спорт этнопедагогикасы – Б. 27-30
2. Алимханов Е. Қазақ күресінің бірнеше саласы болған «Айқын» газеті -№32 21.02.2007.-Б.1
3. Алимханов Е. Қазақ спортының ғалымдары. «Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы» Республикалық ғылыми – тәжірбиелік конференция. Алматы, 2010. – Б.27-30
4. Алимханов Е. Қазақтың ұлттық ойындарының ұлы далада дамуы Журнал «Орта бастауыш мектеп дене тәрбиесі». – 2010 ж.- №1. ҚХР. Құлжа қаласы. Б.18-22
5. Алимханов Е. Психомоторные характеристики состояния борцов и гимнастов. Педагог. и методико-биологические аспекты физ. воспитания и спорт. подготовки в Кыргызстане. 3-Респ. науч.-практ. конф.- Бишкек, 1995. – С.36-39
6. Алимханов Е.А. Педагогикалық тәрбие қоғамның тұтастық факторы ретінде. ⁄⁄ Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 2010. - №1.– Б. 17-19
7. Алимханов Е.А. Ұлттық спорт пен ойындардың дамуына ғылыми көзқарас қажет. ⁄⁄ Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. – Аламты, 2010. - №1.– Б. 23-26
8. Закирьянов К.К., Алимханов Е.А. О новом подходе к системе отбора спортивного резерва в условиях суверенного Казахстана. ⁄⁄ Теория и методика физической культуры. – Аламты, 2009. - №2.– С. 144-150.
9. Каражанов Б.К., Деев В.А., Мырзаев М.О., Алимханов Е.А. Адаптация кардио-респираторной функции организма дзюдоистов во время тренировки в условиях среднегорья. ⁄⁄ Теория и методика физической культуры. – Алматы, 2002. - №2.– С. 44-47.
10. Проблемы планирования подводящего микроцикла в спортивной борьбе.-С.59-61

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық ұйымдар
ЖОСПАР
кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. Ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық ұйымдар ... ... ... ... ... ..5
0.1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық
ынтымақтастық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Халықаралық ұйымдар қызметінің шеңберіндегі ынтымақтастық ... ... ... .7
1.3. Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ бөлім. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1. Қазақ күресінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Қазақ күресінің Қазақстанда қазақ ұлттық күресінен мамандар дайындаудағы оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде ... ... .17
2.3. Қазақ күресінің ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...28
кіріспе
Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті деп заңмен бекітілген.
Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу - тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.
Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып Дене шынықтыру және спорт Заңын 1999 жылы қабылдады.
Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.
І БӨЛІМ. Ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық ұйымдар
1.1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық
ынтымақтастық

Қазіргі уақытта, спорт саласындағы ынтымақтастық Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Еуропа, ТМД мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастық және көптараптылық негізде ХОК, ЕО, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ИЫҰ халықаралық ұйымдарымен сонымен қатар, спорттың әр түрінен халықаралық спорт федерацияларымен жүзеге асырылуда.
Қазақстанның және басқа елдің спортшылары спорт түрлері бойынша халықаралық күнтізбе жоспарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысады, әртүрлі елдің аумағында өткізілетін бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.
Бүгінгі күні спорт саласындағы шарттар базасында Агенттік пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойылған және күшіне енген халықаралық 22 келісім бар.
2013 жылы 2 қазанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е. Ыдрысовтың Бразилия Федеративтік Республикасына ресми сапары шеңберінде Бразилиа қаласында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Бразилия Федеративтік Республикасы Спорт министрлігімен Спорт саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазіргі кезде, 13 халықаралық шарттың жобалары келісуден өтуде:
Үкіметаралық:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық.
Ведомствоаралық:
1) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Сауд Арабиясы Корольдігі Жастар істері жөніндегі бас кеңесі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;
2) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Болгария Республикасы Дене шынықтыру және спорт министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;
3) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Үндістан Республикасы Жастар қызметі және спорт министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасы;
4) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Корея Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;
5) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Жапония Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;
6) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Қатар Мемлекетінің Ұлттық олимпиадалық комитеті арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;
7) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Куба Республикасы Спорт, дене шынықтыру және демалыс ұлттық институты арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;
8) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Түркия Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;
9) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Таиланд Корольдігі Туризм және спорт министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;
10) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;
11) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар, спорт және туризм істері жөніндегі комитет арасындағы Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы.
Қазіргі таңда, дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық 19 Үкіметаралық комиссиялардың шеңберінде келесі мемлекеттермен жүзеге асырылуда: Армения, Әзірбайжан, БАӘ, Беларусь, Вьетнам, Грузия, Индонезия, Иран, Корея, Қатар, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Пәкістан, Польша, Словения, Таиланд, Тәжікстан, Украина, Үндістан, Ұлыбритания, Швейцария.

1.2. Халықаралық ұйымдар қызметінің шеңберіндегі ынтымақтастық

ЮНЕСКО
Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасын дамыту және сақтау тұжырымдамасына түрік әлемінің материалдық емес мәдени мұрасының тізілімдер тізбесіне Қазақша күресті және тоғызқұмалақты қосу туралы ұсыныстар енгізілді.
ЕО
Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақастық және кеңейтілген әріптестік туралы келіссөздердің 4-ші раундына Агенттік Қазақстан Республикасында спортты дамыту үшін Ынтымақтастықтың басқа да бағыттары бөліміне Тараптар барлық санаттағы және топтағы тұрғындардың дене шынықтыру мен спорт саласында халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыруға ынтымақтастықты алға жылжыту, спорттын әлуметтік міндететін және білімдік құндылығын демеу және спорттағы қауіп-қатерлермен, оның ішінде допингпен, зорлықпен, нәсілшілікпен күресу. Сонымен қатар, алдыңғы тәжірибемен және ақпартпен алмасу ынтымақтастығы ұсыныстар енгізді.
Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген келісім бойынша гранттар алуға, ТМД техникалық көмек бағдарламасы үлгісінде дене шынықтыру, спорт және спортық медицинаны дамыту үшін техникалық көмек алу мүмкіндігі туралы қызығушылық танытты.
ТМД
2013 жылы 12 маусымда Астана қаласында Агенттік ТМД қатысушы-мемлекеттерің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім қатысушыларының дене шынықтыру және спорт бойынша кеңесін өткізді.
ХОК
Халықаралық Олимпиада комитетінің талабына сәйкес Агенттік пен Ұлттық Олимпиада комитеті бірігіп 2013 жылы 19 тамызда 2022 жылы Алматы қаласында 22 қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім берді.
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық дене шынықтыру-спорт ұйымдары, сондай-ақ халықаралық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктері құрылуы мүмкін. Ұлттық дене шынықтыру-спорт ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыруға шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша қаражатына және өзге де мүлікке өз бетінше иелік етуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары аса көрнекті спортшыларға - КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, әлем чемпиондарына, олардың Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы немесе КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атақтары бар жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай үлес төлейді.
Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлейді.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері халықаралық жарыстарда спорттық жарақаттар алған және мертіккен кезде, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді жүзеге асырады.

1.3. Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары

Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі және спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялармен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық жарыстар халықаралық спорт ұйымдарының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. Бұл жарыстар спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне енгізіледі.
Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерацияларымен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Спортық жарыстар спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген спорт түрлері бойынша жарыстар туралы ереженің (регламенттің) негізінде өткізіледі.
Халықаралық спорттық жарыстар дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аккредиттелген республикалық спорт федерациялары әзірлейтін және бекітетін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.
Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аккредиттелген республикалық федерациялар әзірлейтін және бекітетін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.
Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлейді және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді.
Спорттық іс-шараларды, оның ішінде оқу-жаттығу жиындарын өткізу тәртібін, спорттық іс-шаралар түрлерінің тізбесі мен олардың сыныптамасын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Міндетті медициналық тексеруден өткен спортшылардың оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
Спорт федерациялары, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібін сақтауын, сондай-ақ, спортшылардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтінін білуін қамтамасыз етуге міндетті.
Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары аса көрнекті спортшыларға - КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, әлем чемпиондарына, олардың Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы немесе КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атақтары бар жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай үлес төлейді.
Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлейді.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері халықаралық жарыстарда спорттық жарақаттар алған және мертіккен кезде, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасын әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлері құрайды.
Спорт ғимараттары мемлекеттік және (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін.
Аумақтарды дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарымен қамтамасыз ету қажеттілігін айқындау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын орналастыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекет меншігіндегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттарды құрмай тұрып жоюға, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгертуге жол берілмейді.
Меншігінде немесе иелігінде спорт ғимараттары бар адамдар техникалық регламенттер, стандарттар талаптарына, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары белгілеген нормаларға, қағидалар мен талаптарға, санитариялық қағидаларға сәйкес спорттық іс-шаралар өткізілетін орындарды тиісінше техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі:
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған ақпараттық жүйені білдіреді.
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары тізілімге енгізілуге жатады.
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі мынадай міндетті мәліметтерді:
-дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының толық атауын;
-дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының мекенжайын (тұрған жерін);
-меншігінде дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты бар меншік иесі туралы мәліметтерді;
-пайдалануға беру, реконструкциялаудың, күрделі жөндеудің аяқталған күнін;
-дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының функционалдық мақсатын;
- біржолғы қабылдау қабілетін;
- дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты орналасқан жер учаскесінің алаңын;
- ғимараттарда қызмет көрсетуші персоналға арналған орындардың бар немесе жоқ екендігін;
- медициналық қызмет көрсетуге және допинг-бақылау жүргізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың бар немесе жоқ екендігін;
- көрермендерге арналған орындардың санын қамтиды.

ІІ бөлім. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1. Қазақ күресінің даму тарихы

Күрестің ұлттық түрі қазақ күресінің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
Қазақша күрес бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді.
Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда Қазақша күрес күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті -- Түкиев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) Қазақша күрес күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне Қазақша күрес күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда Қазақша күрес күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.
Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері (Самбо). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.
Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты -- күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап күш алу деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.
Қазақстандағы қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша халықаралық спорт түріне дейін тұрақты түрде дамып келе жатқандығы анықталды. Қазақ күресінің дамыундағы осы спорт түрі бойынша мамандар дайындау жағдайлары, әдістемесі мен құралдарының қарқынды жақсарту қезендері бөлініп белгіленді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт органдарының теориялық негіздері
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
Қазақстандағы туризм жағдайы
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігіне арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Спорт, Жоғары деңгейдегі спорт, бұқаралық, кәсіпқой, әуесқой, студенттік спорт
Пәндер