Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру



ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1 НЕГІЗГІ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Ғылыми.зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
1.2. Өндірісті ғылыми.технологиялық дайындау
1.3. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру
1.4. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру
1.5. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру
1.6. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері. өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен модернизацияланған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру үшін жүргізілген жұмыстардың жиынтығын жатқызуға болады.
Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады:
Жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және оның тәжірибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарын дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен жабдықтаушыларды анықтау шаралары жүргізіледі. өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың мамандылығын анықтау, құрал-жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар атқарылады.
Жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және игеру, ұйымдастыру-техникалық шараларды енгізу орындалады.өндірісті техникалық дайындаудың екінші кезеңінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мен материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан-жақты қарастырылады.
Өнімнің жаңа және әр түрін өңдеудің жалпы және сериялық әдістерін бір жүйеге келтіру, өндірістік ағындарда өндірістік-техникалық шешімдерді пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады.
Өндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын жұмыстар сипаттамасына қарайконструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық болып бөлінеді.
Өндірісті конструкторлық дайындауда жаңа өнімнің конструкциясын жасау мен игерілген өнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады.
Өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу кезеңінде жаңа технологиялық үрдістерді ұйымдастыру мен игерілген өнімнің жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.
Ұйымдастыру-экономикалық дайындықты жүргізу барысында өндірісті техникалық дайындауды жоспарлау үшін мөлшерлер бекіту, еңбек күші, материалдар, қаржы ресурстарына қажеттілікті есептеу, күнтізбелік жоспар жасау, мөлшерді есептеу, еңбекақы жүйесі мен ұжым нысандарын таңдау, калькуляция мен өндіріс сметасын құру, жұмыс күшіне, материалдарға, құрал-жабдықтарға қажеттілікті анықтау, құжаттар түрін белгілеу, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету және оларды жабдықтау, өндірісті қосымша қажетті ресурстарымен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар орындалады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Р. Қ. Ниязбекова, Б. А. Рахметов, П. Т. Байнеева Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2008 ж
2. А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2003 ж
3. http://www.e-gov.kz
4. Жалғасбаева А.А. Қазақстанның мұнай газ кешенін тиімді дамыту бағыттарын экономикалық дәлелдеу. Алматы,2006.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1 НЕГІЗГІ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
1.2. Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау
1.3. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру
1.4. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру
1.5. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру
1.6. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері. өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен модернизацияланған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру үшін жүргізілген жұмыстардың жиынтығын жатқызуға болады.
Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады:
Жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және оның тәжірибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарын дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен жабдықтаушыларды анықтау шаралары жүргізіледі. өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың мамандылығын анықтау, құрал-жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар атқарылады.
Жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және игеру, ұйымдастыру-техникалық шараларды енгізу орындалады.өндірісті техникалық дайындаудың екінші кезеңінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мен материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан-жақты қарастырылады.
Өнімнің жаңа және әр түрін өңдеудің жалпы және сериялық әдістерін бір жүйеге келтіру, өндірістік ағындарда өндірістік-техникалық шешімдерді пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады.
Өндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын жұмыстар сипаттамасына қарайконструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық болып бөлінеді.
Өндірісті конструкторлық дайындауда жаңа өнімнің конструкциясын жасау мен игерілген өнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады.
Өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу кезеңінде жаңа технологиялық үрдістерді ұйымдастыру мен игерілген өнімнің жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.
Ұйымдастыру-экономикалық дайындықты жүргізу барысында өндірісті техникалық дайындауды жоспарлау үшін мөлшерлер бекіту, еңбек күші, материалдар, қаржы ресурстарына қажеттілікті есептеу, күнтізбелік жоспар жасау, мөлшерді есептеу, еңбекақы жүйесі мен ұжым нысандарын таңдау, калькуляция мен өндіріс сметасын құру, жұмыс күшіне, материалдарға, құрал-жабдықтарға қажеттілікті анықтау, құжаттар түрін белгілеу, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету және оларды жабдықтау, өндірісті қосымша қажетті ресурстарымен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар орындалады.

1 НЕГІЗГІ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Жаңалықтар ашу, өнертапқыштардың, патенттермен лицензиялар құқықтық актілер негізінде растайтын қажетті құжаттарының болуы арқылы жүзеге асырылады.
Жаңалықтар ашуға тылсым дүниедегі белгісіз болып келген объективті құбылыстар мен заңдылықтарды, қасиеттерді алғаш рет анықтау жатады десек, ал өнертапқыштық деп экономика, мәдениет, денсаулық сақтау немесе қорғаныс салаларындағы техникалық мәселені шеше отырып, экономикалық тиімділік әкелетін жаңалық ашуды айтады.
Бұл тиімділік тек сандық емес, сапалық көрсеткіштермен де сипатталады. Рационализаторлық ұсыныстарға қолданыстағы техниканы жетілдіру жаңа өнім түрлерін таба білу, ресурстарды тиімді пайдалануды бақылау, байқау және зерттеу, техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, басқару, жоспарлау және есеп жүргізу жөніндегі жаңалықтар жатады.
Өнертапқыштықтан рационализаторлық ұсыныстың айырмашылығы тәжірибеде қолданып жүрген шешімдердің негізінде берілген кәсіпорынға лайықтап табыс табуды қамтамасыз ету үшін табылған жаңалық түрін айтады.
Өнертапқыштық және рационализаторлық ұсыныс үшін төленетін авторлық сыйақы оны пайдалану кезінде бір жылдағы өнім немесе сату көлеміне келетін экономикалық тиімділікке байла - нысты есептеледі.
Жаңалық ашқанды растайтын құжат авторлық куәлік деп аталады.
Лицензия дегеніміз - патенттелген жаңалықтың негізінде ұйымдастырылған технологиялық үрдісте өнім өндіру мен сату құқына белгілі бір төлем төлеу арқылы жүзеге асыруды айғақтайтын құжатты білдіреді.
Шетелде лицензия сату үлкен экономикалық мәнге ие болады, сондықтан патенттік таза орындалған, ешқашан қайталанбайтын ірі жаңалықтарга лицензия беріледі.
НОУ-ХАУ - құқық қорғау құжаттарымен, мысалы патентпен қорғалмаған, толық немесе ішінара жарияланбаған ілім. Патент берілмеген объектілер үшінші біреулерге ноу-хауберу туралы шарт жасасу арқылы берілуі мүмкін. Техникалық біліммен қатар "ноу-хауға" коммерциялық және өндірістік-экономикалық білім де жатады. "Ноу-хау" беру туралы келсімшарт ретінде патенттік өтініш білдіріледі, бірақ бұл өтініш бойынша әлі есеп жасалмаған немесе материал жарияланбаған. Жарияланбағандықтан "ноу-хау" беру туралы шарттың тақырыбы құпия түрде сақталады. Жарияланған немесе есеп жасалған сәттен бастап құпиялық патенттік өтініш уақытша қорғаумен алмастырылады. Осы кезден бастап "ноу-хау" беру туралы шарт алдын ала патентпен қорғалған лицензиялық шартқа айналады, патент берілгеннен кейін шарт патенттік лицензия шартына айналады.
Нарықтық экономикалық қатынастардың даму барысында венчурлық (тәуекелді) кәсіпорындардами бастайды. Оларға ғылыми немесе инженерлік зерттеулермен, сараптамаларымен, жаңалықтар енгізумен, сонымен қатар құрамында ірі фирмалардың тапсырысы мен мемлекеттік келісімшарттары орындаумен айналысатын шағын және орташа кәсіпорындар жатады.
Өндірісті конструкторлық дайындауда өндірілетін өнімнің өмірлік циклының ұзақтығына және оның сипатына үлкен мән беріледі. Өнімнің өмірлік циклының сатыларының ұзақтығы және бір сатыдан екінші сатыға көшу ерекшеліктері өнімнің сату көлемі мен кәсіпорынның табыс деңгейіне тікелей әсерін тигізеді. Әрбір кәсіпорын өндіретін жаңа өнім өзіне тән өмірлік циклдан тұрады. Ол нарыққа кіру кезеңі, нарықта тұрақты өмір сүру кезеңі және бәсекеге қабілеті жоғары немесе арзанқолды тауарлардың пайда болуына байланысты нарықтан шығу сияқты кезеңдерден тұрады.
Өндірісті конструкторлық дайындаудың негізгі мақсатына кәсіпорын өндіретін жаңа өнімнің нарықтағы өмір сүру мерзімін ұзарту, өнімге сұранымның жоғары болуын қамтамасыз ету, шығындардың өтелу мерзімінің қысқа болуын көздеу, өндірісті жаңа тауарларды өндіруге дайындау шығындарын азайту сияқты өзекті мәселелерді ұтымды шеше білу жатады.
Әрине, өнімнің қайталанбайтын жаңа түрімен нарыққа енуші кәсіпорын бәсекелестік нарықта ерекше орынға ие болады, соның нәтижесінде бәсекелестерін нарықтан ығыстырып шығаруы мүмкін. Осы кезеңде тауардың бағасы өмірлік циклдың басқа сатыларына қарағанда өте жоғары болып, оның жаңалығының ерекшелігін көрсетеді. Табыс төмендеп кету нәтижесінде кәсіпорын зиян шегуі де әбден мүмкін.
Нарыққа келіп түскен жаңа өнім түріне тұтынушы "салқын қанды" қарауы да мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа өнімді таратудың арнаулы жүйесі өндірісті конструкторлық дайындау кезеңінде осындай кемшіліктерге ерекше назар аударуы тиіс.
Нарыққа келіп түскен жаңа өнім түрінде тұтынушы салқын қанды қарауы да мүмкін. Жаңа тауарды таратуда жарнамаға, маркетингтік іс-шаралар жүргізуге үлкен мән беріледі жіне ақпараттық сипат алуы керек.Сонымен қатар жаңа өнім түрін жасау кезінде экономикалық ынталандыру, мотивация жүйесі үлкен рөл атқарады.Бұл жүйеге қаржыландыру, несиелендіру, жеңілдіктері бар салық салу, жаңа техникаға баға қою, жұмысшыларды материалдық ынталандыру жұмыстары кіреді.

1.2. Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау
Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау (ӨҒТД) деңгейі негізгі өндірістің өнімді дайындаудағы тиімділігін арттыруды және оның берілген тұтынушылық қасиеттерін сақтай отырып, өндірістің ырғақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деп өндірісте өнім өндірі жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші мөлшерлі- технологиялық шаралар кешенін айтады.
Мөлшерлі-технологиялық шаралар кешені бірнеше сатылардан тұрады.
Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар сатысында технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, негізгі өнімнің сызбаларын, технологиялық құрал-саймандарды, стандартна сәйкес емес құрал- жабдықтарды, өнімнің сапасын техникалық бақылау және сынау үшін құралдарды және тасымалдау құралдарын орналастыру мен жіберу жұмыстарын дайындау және жетілдіру жатады. Осы сатыда тәжірибе жұмыстары жүргізіледі. Стандартқа сәйкес емес құрал-жабдықтардың және технологиялық құрал-саймандардың жеке құрамдас бөліктерінің жұмысын тексеру, модельдер мен үлгілер дайындау жұмыстары орындалады.
Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар сатысы болашақ өнімнің техникалық деңгейінің қалыптасуына ерекше әсерін тигізеді.
Келесі сатыларда кемшіліктерді болдырмау үшін жаңа техниканың конструкторлық шешімдері мен негізгі техникалық параметрлерінің негізі қаланады.
Технологиялық құжаттама (технологиялық үрдістер, технологиялық шарттар, өндірістік нұсқаулар, стандартқа сәйкес келмейтін құрал-жабдықтар мен технологиялық жабдықтардың сызбалары) кәсіпорынның технологиялық қызмет орындарында дайындалады.
Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар алынған ғылыми нәтижелер стандартқа сәйкес келмейтін құрал-жабдық және техно - логиялық жабдықтар өндірісі сатысында жүзеге асады. Аталған жабдықтау құралдарының дайындалуының сапасы мен беріктілігіне соңғы өнім агрегаттары, түйіндері мен бөліктерінің сапасы тығыз байланысты болады.
Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деңгейі көптеген факторлармен тығыз байланысты болады.Оларға техникалық, экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік факторлар жатады:
Техникалық факторларға - типтік және стандартты технологиялық үрдістерді жасау және жетілдіру, технологиялық жабдықтардың стандартқа сай және автоматтандырылған жобалау жүйесін қолдану, технологиялық жабдықтарды қолдану, бөліктерді өңдеудің механикалық және теримялық өңдеудің прогрессивті тәртібін қолдану, ұнтақты металлургия, электрофизикалық, электрохимиялық және т.б. әдістерді дайындау, сапаны тексеруде белсенді және объективті техникалық тексеру құралдарын пайдалану, технологиялық құралдарды өндірудің және жобалаудың торлық сызбасын бақылауды автоматтандыру және т.б. жатады.
Экономикалық факторларғ-өндірісті технологиялық дайындау жұмыстарының кезеңдері бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген несиені пайдалану, жаңа техниканы игерудің ынталандыру қорын құру және т.б. жатады.
Ұйымдастыру факторларға құрамына өндірісті мамандандыруды дамыту және тереңдету, негізгі өндірістің алғашқы өнімдер партиясының немесе тәжірибелік үлгісінің сапасы бойынша стандартты емес құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың сапасын аттестациялау, көмекші өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, зауытаралық, саларалық кооперациялауды кеңейту кіреді.
Әлеуметтік факторлар қатарына орындаушылар мамандығын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды механикаландыру және автоматтандыру, әлеуметтік өрісті дамыту, ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарту саналады.
Өндірісті ғылыми-техникалық дайындау үрдісін жүзеге асыруда стандарттар жүйесі бойынша мөлшерлер, ережелер және талаптарға сәйкес орындау қажеттілікті пайда болады.
Өндірісті конструкторлық дайындаудың келесі сатыларын қарастырайық: техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, эксиздік жоба және жұмыс жобасы.
Техникалық тапсырма бастапқы құжат болып табылады.Оның негізінде жаңа өнімді жобалау бойынша барлық жұмыстар жүргізіледі.Ол өнім өндіруші кәсіпорынның және тапсырыс берушінің келісімен немесе тапсырушының тапсырмасымен келісіп отырып жаңа өнімнің жобасы жасалады.
Техникалық тапсырмада болашақ өнімнің мазмұны ашып көрсетіледі, оның техникалық және эксплуатациялық параметрлер мен сипапамалары: өнімділігі, габариті, жылдамдығы, беріктілігі, ұзақ уақыт қызмет көрсетуі және тағы басқа болашақ өнімнің жұмыс істеу сипатына қарай басқа көрсеткіштері беріледі. Онда сонымен бірге өндірістің сипаты жөнінде мәліметтер, тасымалдау, сақтау және жөндеу шарттары, конструкторлық құжаттарды дайындаудың қажетті сатыларда орындау жөніндегі ұсыныстар, оның құрамы, технико-экономикалық негіздемесі және тағы басқа талаптар беріледі.
Техникалық тапсырма ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындау, маркетингтік зерттеу патенттік ақпараттарды оқып-үйрену нәтижелері, қолданыстағы балама үлгілерді және пайдалану шарттарын талдау негізінде орындалады.
Техникалық ұсыныс тапсырыс беруші жаңа өнімді әзірлеушіге техникалық тапсырма берген жағдайда аталады.Техникалық ұсыныс техникалық тапсырманы жан-жақты талдауды, өнімді жобалау кезінде мүмкін болатын техникалық шешімдерді техника-экономикалық негіздеуді ескере отырып салыстырмалы түрде баға беруді, сонымен бірге патенттік материалдарды талдауды қамтиды. Техникалық ұсынысты үйлестіріп және бекіткеннен эскиздік жобаны дайындау үшін негіз болады.Эскиздік жоба техникалық тапсырманы мен техникалық ұсыныста қарастырылғаннан кейін ғана дайындалады, онда жұмыс көлемі мен құрамы анықталады.
Эксиздік жоба графикалық бөлім мен түсіндірме хаттан тұрады.
Бірінші бөлімде өнім туралы түсініктеме беретін конструктивтік шешім, оның жұмыс істеу қағидалары, өнімнің негізгі параметрлері мен габариттік размерлері туралы мәліметтер беріледі. Сонымен қатар, онда өнімнің болашақ конструкциясы мен конс - труктива рәсімдеуі мен соған қоса жалпы түрдегі сызбалары, функционалдық блоктары, барлық буындардағы кіретін және шығатын электрлік мәліметтері, блок-сызбаның құрамдас бөліктері қамтылады. Осы сатыда макеттер дайындау үшін құжаттар жасалады, оларды дайындау және тексерістен өткізеді, содан кейін барып конструкциялық құжаттама үйлестіруден өтеді.
Эскиздік жобаның екінші бөлімі конструкцияның негізгі параметрлерінің есептемелері, өндірісті техникалық дайындау жөніндегі жұмыстың үлгілік сызбасы, эксплуатациялық ерекшеліктерін сипаттайтын жұмыстардан тұрады.
Эскиздік жоба міндеттерінің құрамына технологияның, беріктіліктің, стандарттау мен унификациялаудың келесі сатыларындағы жұмысты жүргізудің әр түрлі басшылыққа алатын нұсқаулары, со - нымен қатар материалдық-техникалық қамтамасыз етудің келесі қызметіне беру үшін тәжірибелік үлгілергі қажетті материалдар мен комплект бұйымдарының спецификалық ведомостерін дайын - дау кіреді.
Эскиздік жоба техникалық тапсырма секілді үйлестіру және бекіту сатыларынан тұрады.
Техникалық жоба бекітілген эскиздік жоба негізінде дайын - далады және сызба және есеп бөлімдерінен тұрады және жаңадан дайындалатын өнімнің техника-экономикалық көрсеткіштерін тексеріп шығуды қажет етеді. Ол дайындалдтын өнімнің құрылымы жөнінде толық ақпарат беретін және жұмыс құжаттамасын жасау үшін бастапқы мәліметтерден тұратын конструкторлық құжаттар жиынтығынан тұрады.
Техникалық жобаның сызба бөлімінде жобаланатын бұйымның, құрастырылатын түйіннің және негізгі бөліктердің жалпы түрдегі сызбалары келтіріледі. Сызба міндетті түрде технологтармен талқыланады.
Түсіндірме хатта құрастырылатын негізгі бірліктердің параметрлерін есептеу және оның сипаттамасы, жұмыс істеу қағидалары, материалдарды таңдаудың негіздемесі, соңғы рет технико-экономикалық көрсеткіштерді және сызбалардың барлық түрін тексеріп шығу жұмыстары қарастырылады.
Техникалық жоба да техникалық тапсырма сияқты үйлестіру және бекітудің сатыларынан өтеді.
Жұмыс жобасы конструкторлық құжаттау, графикалық бейнелер нысандарын қысқарту және оған өзгеріс енгізуді, сонымен қатар техникалық құжаттарды өңдеуді механикаландыру мүмкіндігін және олардың түпнұсқасын алуды алдын ала қарастырылады.
Құжаттау жүйесі барлық деңгейдегі АСУ-да машиналық тасушыларды жасаумен қолдануда орындалып жатқан және жаңадан құралып жатқан жалпы мемлекеттік топтамалар мен құжаттау жүйесінде АСУ-дағы ақпаратты жинақтау, сараптау, беру және өндеуді ұйымдастыратын стандартты бағдарламаларды құрастыруда қолданылады. Жоғарыда айтылғандар және ЕСТД мен ЕСТПП өндірілетін өнімнің тек ішкі нарықтарда емес, дүниежүзілік нарықтарда бәсекеге түсуіне кепілдік беретін, өндірістің ғылыми-техникалық дайындығына қолайлы жағдайларды қамтамасыз егеді. ЕСКД (басқа да жүйелер сияқты), өзінің жоғарғы тиімділігіне қарамай, отандық және шетелдік жетістіктер тәжірибесін игеріп отыруды қажет етеді. ЕСКД-ның ары қарай дамуындағы басты бағыт - жобалы-конструкторлық жұмыстарды автоматтандыру жүйелерін және барлық деңгейлердегі мемлекеттік, салалық, ұйымдық, кәсіпорындық автоматтандырылған басқару жүйелерін неғұрлым толығырақ құжаттауы болып табылады.
Технологиялық құжаттау жүйесі. Конструкторлық құжаттау жұмысынан кейін технологтар технологиялық құжаттарды дайындаумен айналысады. Ол екі міндетті шешуге негізделген: ақпараттық және ұйымдастырушылық.
Технологиялық құжаттау негізінде техника-экономикалық, нормативтік есептеулер жасау арқылы өнеркәсіпті жоспарлауда және басқаруда қолданылатын көп мөлшердегі ақпараттарды әзірленеді. Технологиялық құжаттау негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Оған негізгі рөл автоматтандырылған басқару жүйесі шарттарына тән. ЕСТД негізгі мазмұнына барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда бірыңғай өзара байланысқан технологиялық құжаттаудың унификациясымен стандарттау, орындау, дайындау, жинақтау ережелерімен мөлшерін бекіту жатады. ЕСТД типтік технологиялық үрдістерді кең түрде қарастырады. Жасырын жатқан технологиялық құжаттар көлемін азайтуды, технологтардың еңбек өнімділігін арттыруды, ыстық, суық штамп ұру, механикалық, термиялық және термохимиялық өндеу әдістері және жинақтап қыздыру жұмыстары арқылы бөліктерді дайындауға арналған өндіріс үшін технологиялық үрдістерді дайындау ережелерін, негізгі және көмекші өндірістерге мөлшерлер жүйесін жасауды, технологиялық жабдықтың қолданылуы ескерілуде және таңдауын, ең алғашқы өндірістік техникалық құжаттауды, дайындауды, өзгерістер мен түзетулерді енгізуді алдын ала қарастырады.
Типтік технологиялық үрдіс деп бір типті құрал-жабдықтар мен құрал-саймандар жылжымалы бөліктер тобы үшін негізгі операциялар бойынша бірыңғай өңдеу жоспары бар технологиялық үрдісті түсіну керек.
Технологиялық үрдістерді бір типті етуде әрбір жіктемелік топтардағы бұйымдар жасау кезіндегі мүмкін болатын технологиялық шешімдер жүйелеу арқылы талдаудан тұратын бір уақыгта бүкіл технологиялық міндеттер кешенін шешу арқылы бұйымның әрбір тобын жасаудың ұтымды типтік үрдісін жасау жұмыстарынан тұратын жұмыстар кешені жатады. Бөліктер тобы үшін ортақ болып типтік технологиялық үрдіс саналады.
Тиитік технологиялық үрдіс екі жолмен жүреді.
Негіз ретінде типтік өкілдік талаптарын неғұрлым толық қанағаттандыратын бөлікті дайындаудың технологиялық үрдісі алынады.
Қайтадан жасалынады (көшірмелеудің бір бөлігі, бір зауыттарда, цехта, участкіде) үрдістерге, басқа бөлігі неме - се зауыттағы үрдістерге сәйкес. Таңдау қағидалары прогресивтілік орындалады және ұтымды тізбектілігі үлкен сериялы өндірісте орналасқан жалпы көлемінің 60-65% құрайтын типтік бөліктерге, типтік технологиялық үрдістер жасалынады. Бір типтік технологиялық үрдіс 10-нан 300- ге дейінгі ерекше технологиялық үрдістерді алмастыра алады. Мөрлеу, құю, ұнтақты металлургия әдісі арқылы бөліктерді жасау және т.б. кезінде типтік технологиялық еңбек көлемін 3-4 рет азайтады.
ЕСТД - бекітілген нысандарда жасалған технологиялық құжаттау, өндірісті автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУП) үшін ақпараттың алғашқы тобы ретінде қолдануы мүмкін

1.3. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру
Өнім сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты қарастырған жөн. Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талартар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін дайындауы қажет. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық, шараларды қамти отырып біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады.
Өнім сапасын басқару өнімнің өміршендігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнімді өндіру және т.б.) жүргізіледі.
Өнімді болжау және дайындау сатысында модельдердің жаңа үлгілерін жасау, өнімнің техникалық деңгейін бағалау жұмыстары атқарылады. Өнімнің техникалық деңгейін бағалау үшін оның әлемдік деңгейге сай келетіндігін белгілі бір көрсеткіштермен салыстыруды талап етеді.
Өнімді өндірісте игеру және өнімді дайындау кезеңіне бай-ланысты әлемдік деңгейге сай келетін көрсеткіштердің екі категориясы анықталынады: өндірілетін өнімді дайындау немесе оның техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын қазіргі әлемдік деңгейі, өнім өндіру немесе перспективаға жоспарлаудың техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын перспективалық әлемдік деңгей.
Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау және өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының жоғары деңгейіне жету үшін бағыггалған шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау мен бақылау құралдарын енгізу сияқты көптеген жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Өнімнің айналымы мен өткізу сатысында дайын өнімнің сапасьн тасымалдау, сақтау, сату кезінде стандарттар мен техникалық шарттарға сай болуын барынша сақтап қалу қамтамасыз етілуі қажет. Өнімді сату мен тұтыну кезінде рекламация мен ақауларды талдап, есепке алып өнімге тұтынушылық сұранысты зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуі қажет.
Өндірістік кәсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім сапасын басқару шаралары жүзеге асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту және оған байланысты жұмыстарды реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады.
Сонымен қатар өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім сапасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс.
Бұл жүйенің негізгі мақсатына халықты тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорын өндіретін барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылыми-техникалық өндірістік, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалану қажет болады.
Сонымен қатар аталған мақсатқа жету үшін жаңа өнім түрлерін жасау және оны игеру, жоғары сапалы өнімді өндіруді арттыру, сапасы төмен ескірген өнім түрлерін өндірістен алып тастау, өнімді тұтынушыға жеткізу және қолдану барысында сапаны жоғалтпау жұмыстары жүргізілуі қажет.
Өнім сапасын басқару жүйесін тиімді жүзеге асырудың негізгі шарттарының біріне оны техникалық бақылауды ұтымды ұйымдастыру жатады.
Техникалық бақылау жүйесі (бақылау объектісі, бақылау операциялары және оның тізбектілігі, техникалық жабдықтау, жұмыс істеу режимдері, әдістер, бақылау операцияларын механикаландыру және автоматтандыру құралдары) өндірістік үрдістің бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып саналады, өндірістің технологиясымен бірге техникалық бақылау бөлімінің қатысуымен немесе олардың келісімімен дайындалады. Міндетті түрде бекітілетін технологиялық үрдістер құрамына тіркеледі.
Бақылау операцияларын орындаушылар, жұмысшылар, бригадирлер, өндірістік бөлімдердің шеберлері (мастерлер) жатады. Алдын ала белгіленген сапамен өнім өндіруді қамтамасыз ететін арнаулы қызмет атқарушы бөлім жұмыс істейді.
Өнім сапасын техникалық бақылау келесі бағыттар бойынша топталады.
Өндірістік үрдіске қатысты бақылау кіруші, операциялық, шығушы болып үш топқа бөлінеді. Кіруші бақылау дегеніміз кәсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық жабдықтау элементтері мен сыртқы серіктестік байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызатын болса, операциялық бақылауға өнімді өндіру және құрастырудың барлық сатыларын бақылау жатады, шығушы бақылауға дайын өнімді, жиынтық бірлікті, аяқталған дайын бөліктерді бақылау жатады.
Атқаратын міндетіне қарай бақылау ағындық, қабылдау, инспекциялық болып тағы үш топқа бөлінеді. Ағындық (ескерту) бақылауға өндірістегі ақауды болдырмау мақсатында болатын бақылау түрін айтады; қабылдауды бақылау іске жарайтын еңбек заттарын қабылдау және олардың ақауларын анықтау үшін жүргізілетін бақылау жатады; инспекциялыц бақылау өнім сапасын бақылаушылардың жұмыс сапасын бағалаумен айналысатын қызметкердің жұмысын айтады (мысалы, бақылаушылардың жұмысын бағалаушы қызметкер, өзін-өзі бақылаушы, технологиялық тәртіпті қадағалаушы және тағы басқалар болып бөлінеді).
Объектіні қамту дәрежесіне байланысты бақылау жалпы - дайындалатын өнім немесе объектілердің бәрін тексеру; таңдамалы - дайындалатын өнімнің немесе объектінің бір бөлігін тексеру болып екіге бөлінеді.
Бақылау операцияларын жүргізу орнына байланысты стационарлық және жылжымалы болып бөлінеді.
Стационарлық бақылау дегеніміз арнаулы бақылау пункттерінде бақылаушылардың жұмыс істеуін айтады; жылжымалы бақылауға негізгі жұмысшылардың жұмыс орындарында бақылау жұмыстарын жүргізуді жатқызады.
Жалпы және ірі сериялық өндірісте тиімді жоне үнемді бақылауға бақылаудың статистикалық әдісі жатады. Бұл бақылаудың таңдамалы түрі математикалық статистика және ықтималдық теориясына негізделеді. Өндірістік үрдіс кезінде немесе аяқталғаннан кейін еңбек заттарының партиясын таңдау кезінде бағалау жұмыстары жүргізіледі.
Техникалық бақылау бөлімінің негізгі міндеттеріне стандарттарға, техникалық шарттарға, бекітілген үлгілерге (эталондарға), жобалау-конструкторлық және технологиялық құжаттарға, жабдықтау және келісімшарттарға сай келмейтін өнім өндіруді бол - дырмау, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті ұйымдастыру процесстері
Көмекші өндірістің жұмысын анықтау
Өндірістік есепті ұйымдастыру
Өндірістік процесті ұйымдастыру және мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік құрылымы
Өндісіс шығындар есебін ұйымдастыру
МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫНЫҢ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН АНЫҚТАМАЛАРЫ
Өндіріс түрлері және өндіріс шығындар
Өндіріс шығындарының түрлері және оларды есепке алу әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Өндірісті шоғырландыру
Өндірістік цех ауданын есептеу
Пәндер