Кәсіпорын қызметінің нәтижелері



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. 1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Шығындар туралы жалпы түсінік және олардың классификациясы ... ... ..5
1.2. Шығын есебінің объектілері және калькуляция объектілері ... ... ... ... ... ...7
1.3. Шығындар классификациясының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын, табысты анықтау, босалқыларды бағалау үшін өндірістік шығындардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... 9
1.5. Өнімдердің өзіндік құнына енгізілетін шығындардың құрамы ... ... ... ... .11
1.6. Шешімдер қабылдау және жоспарлаудағы шығындарды классификациялау (жіктеу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.7. Кәсіпорынның пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.8. Пайданы жоспарлаудың негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру барлық шығындарды оның түрлері бойынша табуға арналған. Бұл топтастырудың шығындарды калькуляция бабы бойынша топтастырудан айырмашылығы - мұнда барлық шығындар, кешенді шығындарды қоса, оның экономикалық мазмұнын сипатгайтын түрлері бойынша көрсетіледі. Элементтері бойынша шығындарды топтастыру өндіріске не жұмсалғанына жауап бере алады.
Шығын орталықтары - бұл өндірістік операциялар мен біртекті функциялармен, техникалық жабдықтау деңгейімен, еңбектің ұйымдастырылуымен және шығындардың бағыттылығымен ерекшеленетін бастапқы өндірістік және қызмет көрсететін бірліктер. Оған мыналарды жатқызуға болады: учаскілер, бригадалар, азды-көпті біртекті функциялармен жабдықталған топтар, механикаландыру мен автоматтандырудың бірдей деңгейлері, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында бұл шығын дайын өнімнің немесе аяқталмаған өндірістің сату кезеңіне дейінгі өзіндік құнын анықтауда есептелінетін өнім бірлігінің өзіндік құны ретінде түсіндіріледі. Есепті кезеңнің шығындарына босалқыларды бағалауда есепке алынбайтын шығындар жатады, сондықтан олар шығын ретінде қарастырылады. Өнімнің өзіндік құны мен есепті кезең шығындарының арасындағы негізгі айырмашылық - бұл олар тіркеуге алынған уақыт айырмашылығына байланысты.
Өнімдердің жаңа түрлерін меңгерумен байланысты шығын¬дар болашақ кезең шығындарына жатады және оларды белгіленген уақыт ішінде бөліп-бөліп өнімдердің өзіндік құнына енгізіледі. Егер өндірісті меңгеру кезеңі ұзақ болмайтын және өндірістік шығындары аз болатын көп номенклатуралы өнім өндірісін ұйымдастыруда (мысалы, құралдар, радиобөлшектер және т.б.) бұл шығындарды бірден өнімнің өзіндік құнына жана¬ма шығын ретінде енгізуге болады.
Өндірістің пайдасын және тиімділігін жоспарлаудың мақсаты кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін, өндірістің тиімділігін, салық салынатын пайданы анықтау. Нарық жағдайында кәсіпорынның пайдасын жоспарлау осы кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің барлық түрін өзін-өзі қаржыландырудың негізі болып саналады.
Негізгі құрал-жабдықтарды, олардың басқадай істен шығуынан, кәсіпорынның басқа мүлкін өтуден түсетін пайда (залал) - бұл кәсіпорын қызметінің негізгі түрімен байланысты емес қаржылық нәтиже. Ол басқадай бойынша өткізуден түсетін пайданы бейнелейді, оған кәсіпорынның балансында саналатын сыртқа сатылатын әртүрлі мүліктердің түрлері жатады. Мүліктің нақтысына жататындары: үймереттер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және кейбір объектілер, тауарлық-материалдық құндылықтар және басқа мүліктің түрлері (іиикізат, материалдар, отын, босалқы бөлшектер, материалдық емес активтер, валюттік құндылық, қымбат қағаздар).
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын шығыны туралы түсінік, олардың классификациясы, негізгі бағыттары, өнімнің өзіндік құны, кәсіпорын пайдасын анықтау.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, 1 бөлімнен, 6 бөлімшеден және қорытынды6 пайдаланылған әдебиеттен құралған. Курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер қолданылды: Р. Қ. Ниязбекова, Б. А. Рахметов, П. Т. Байнеева Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2008 ж., А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2003 ж., http://www.e-gov.kz., Жалғасбаева А.А. Қазақстанның мұнай газ кешенін тиімді дамыту бағыттарын экономикалық дәлелдеу. Алматы,2006.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Кәсіпкерлік негіздері. М.Б. Бисенғазиев, А.Ш. Хамитов. Орал – 2006 жыл.
2. Кәсіпорын экономикасы. Г.Ө. Жолдасбаева. Алматы, Экономика – 2007 жыл.
3. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Алматиы – 2010 жыл.
4.Экономика предпринимательсва. В.И. Кушлин, П.Д. Половинкин, А.Н. Фоломьев, В.Н.Архангелский, А.И.Марголин, Ю.В.Яковец, А.В.Зозулюк. Гуманитарный издательский центр Москва – 2010 год.
5. Управление малым предпринимательством. О.С.Сабден, А.Н. Токсанова. Астана – 2001 год.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. 1. НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .5
1.1. Шығындар туралы жалпы түсінік және олардың классификациясы ... ... ..5
1.2. Шығын есебінің объектілері және калькуляция
объектілері ... ... ... ... ... ...7
1.3. Шығындар классификациясының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..9
1.4. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын, табысты анықтау, босалқыларды
бағалау үшін өндірістік шығындардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... 9
1.5. Өнімдердің өзіндік құнына енгізілетін шығындардың
құрамы ... ... ... ... .11
1.6. Шешімдер қабылдау және жоспарлаудағы шығындарды классификациялау
(жіктеу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..12
1.7. Кәсіпорынның
пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .17
1.8. Пайданы жоспарлаудың негізгі
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

КІРІСПЕ
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру барлық
шығындарды оның түрлері бойынша табуға арналған. Бұл топтастырудың
шығындарды калькуляция бабы бойынша топтастырудан айырмашылығы - мұнда
барлық шығындар, кешенді шығындарды қоса, оның экономикалық мазмұнын
сипатгайтын түрлері бойынша көрсетіледі. Элементтері бойынша шығындарды
топтастыру өндіріске не жұмсалғанына жауап бере алады.
Шығын орталықтары - бұл өндірістік операциялар мен біртекті
функциялармен, техникалық жабдықтау деңгейімен, еңбектің ұйымдастырылуымен
және шығындардың бағыттылығымен ерекшеленетін бастапқы өндірістік және
қызмет көрсететін бірліктер. Оған мыналарды жатқызуға болады: учаскілер,
бригадалар, азды-көпті біртекті функциялармен жабдықталған топтар,
механикаландыру мен автоматтандырудың бірдей деңгейлері, өндіріс пен
еңбекті ұйымдастыру.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында бұл шығын дайын өнімнің немесе аяқталмаған
өндірістің сату кезеңіне дейінгі өзіндік құнын анықтауда есептелінетін өнім
бірлігінің өзіндік құны ретінде түсіндіріледі. Есепті кезеңнің шығындарына
босалқыларды бағалауда есепке алынбайтын шығындар жатады, сондықтан олар
шығын ретінде қарастырылады. Өнімнің өзіндік құны мен есепті кезең
шығындарының арасындағы негізгі айырмашылық - бұл олар тіркеуге алынған
уақыт айырмашылығына байланысты.
Өнімдердің жаңа түрлерін меңгерумен байланысты шығындар болашақ кезең
шығындарына жатады және оларды белгіленген уақыт ішінде бөліп-бөліп
өнімдердің өзіндік құнына енгізіледі. Егер өндірісті меңгеру кезеңі ұзақ
болмайтын және өндірістік шығындары аз болатын көп номенклатуралы өнім
өндірісін ұйымдастыруда (мысалы, құралдар, радиобөлшектер және т.б.) бұл
шығындарды бірден өнімнің өзіндік құнына жанама шығын ретінде енгізуге
болады.
Өндірістің пайдасын және тиімділігін жоспарлаудың мақсаты кәсіпорын
қызметінің қаржылық нәтижелерін, өндірістің тиімділігін, салық салынатын
пайданы анықтау. Нарық жағдайында кәсіпорынның пайдасын жоспарлау осы
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің барлық түрін өзін-өзі
қаржыландырудың негізі болып саналады.
Негізгі құрал-жабдықтарды, олардың басқадай істен шығуынан,
кәсіпорынның басқа мүлкін өтуден түсетін пайда (залал) - бұл кәсіпорын
қызметінің негізгі түрімен байланысты емес қаржылық нәтиже. Ол басқадай
бойынша өткізуден түсетін пайданы бейнелейді, оған кәсіпорынның балансында
саналатын сыртқа сатылатын әртүрлі мүліктердің түрлері жатады. Мүліктің
нақтысына жататындары: үймереттер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары
және кейбір объектілер, тауарлық-материалдық құндылықтар және басқа
мүліктің түрлері (іиикізат, материалдар, отын, босалқы бөлшектер,
материалдық емес активтер, валюттік құндылық, қымбат қағаздар).
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын шығыны туралы түсінік, олардың
классификациясы, негізгі бағыттары, өнімнің өзіндік құны, кәсіпорын
пайдасын анықтау.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, 1 бөлімнен, 6 бөлімшеден және
қорытынды6 пайдаланылған әдебиеттен құралған. Курстық жұмысты жазу
барысында мынадай әдебиеттер қолданылды: Р. Қ. Ниязбекова, Б. А. Рахметов,
П. Т. Байнеева  Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2008 ж., А. Қ. Мейірбеков, Қ.
Ә. Әлімбетов  Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2003 ж., http:www.e-gov.kz.,
Жалғасбаева А.А. Қазақстанның мұнай газ кешенін тиімді дамыту бағыттарын
экономикалық дәлелдеу. Алматы,2006.

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Шығындар туралы жалпы түсінік және олардың классификациясы
Өндірістік шығындар дегеніміз - өнімдерді, тауарларды (атқарылған
жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға кеткен нақтылы және қоғамдық еңбек
шығындарының жиынтығы деп айту қабылданған. Өнім (жұмыс, қызмет)
өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық
мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі рөлі мен өнімнің өзіндік құнына
енгізілу тәсілі бойынша да біртекті (бірыңкай) емес. Сондықтан экономикалық
теорияда шығындарды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады. Шығындардың
негізгі классификациясы (жіктелуі) төмендегідей:
Шығындардың жіктелуі
Классификация (жіктелу) белгілері Шығындардың бөлінуі
1. Өндіріспроцесіндегі экономикалық Негізгі және қосымша
рөлі бойынша
2. Құрамынын бірыңғайлығы бойынша Бір элеменггі және кешенді
3. Өндіріс көлеміне катыстылығына Айнымалы және тұрақты
байланысты
4. Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнынаТікелей және жанама
енгізілу тәсілі бойыша
5. Пайда болу кезеңділігі бойынша Ағымдағы және бір жолғы
6. Өндіріс нроцесіне катысуы бойынша Өндірістік және өндірістік
емес (кезең шығындары)
7. Шығын шығарудың мақсатқа Өнімді және өнімсіз
лайықтылығы (тиімділігі) бойынша
8. Жоспарды қамту мүмкіндігі бойынша Жоспарланған және
(мөлшерлеу) жоспарланбаған

Негізгі шығындарға өнімдерді (жұмыс, қызмет) дайындаудағы өндіріс
процесімен тікелей байланысты шығындар жатады. Бұл шығындарға кіретіндер:
шикізаттар, материалдар, өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы, технологиялық
мақсаттар үшін қажетті жанар-жағар майлар және т.б.
Қосымша шығындарға ұйымдастыру мен қызмет көрсету өндірісімен
байланысты шығындар жатады.
Олар: өндірістік бөлімшелердегі (цехтар, учаскілер) әкішілік-басқару
персоналының еңбекақысы, электро-энергия шығындары, өндіріс ғимаратын
жылытуға арналған отын, өндірістік негізгі құралдардың тозуы және оларды
жөндеу шығындары және т.б.
Бір элементті шығындарға сол кәсіпорынның құрамдық бөліктеріне бөлуге
келмейтін біртекті экономикалық элементтер жатады.
Кешенді шығындар бірнеше экономикалық шығындардың жиынтығынан тұрады.
Оған жататындар: қосымша шығындар, бірнеше элементтен тұратын кезең
шығындары және т.б.
Айнымалы шығындарға жалпы мөлшері шығарылатын өнімдердің (жұмыс,
қызмет) көлеміне тікелей байланысты болатын шығындар жатады. Осыған
байланысты өнімдердің бірлігіне келетін мұндай шығындардың мөлшері
өзгеріссіз қалуы мүмкін. Айнымалы шығындарға жататындар: шикізатгар мен
материалдар шығындары, технологиялық мақсаттар үшін отын мен
электроэнергия, жұмысшылардың еңбекақысы (кесімді) және т.б.
Тұрақты шығындарға өндіріс көлемі өзгерсе де өзгермейтін немесе болар-
болмас өзгеретін (шарты-тұрақты шығындар) шығындар жатады. Мысалға қосымша
шығындарды, жалпы және әкімшілік шығындарын келтіруге болады
Белгіленген шығындардың өзіне тән сатылық сипаты болады, яғни ол
белгілі бір саты деңгейінде белгіленіп, іскерлік белсенділік диопозоны
аумағына сай кеңейтіледі. Мұндай кеңістік-релевантты диапозон деп аталады.
Релеванттық диапозон дегеніміз - белгіленген шығындар өзгермей бір
қалыпты сақталып, айнымалы шығындарды жүргізу іскерлік белсенділік
деңгейіне байланысты олардың өзгерісіне тура пропорционалды жақындатылады.
№7 БЕҚС-да қосымша шығындар құрамында машиналар мен жабдықтардың жұмыс
уақытының санына байланысты болатын жабдықтарды сақтау және пайдалану
шығындары, сонымен бірге ақаудан болған жоғалтулар есептеледі. Сондықтан
экономикалық әдебиетте және практикада өндіріс көлеміне қатыстылығына
байланысты шығындарды айнымалы және шартты-тұрақты шығындар деп бөлу
қабылданған.
Өнімдердің (жұмыс, қызмет) жеке түрлеріне енгізілетін шығындар тікелей
шығындар деп аталады. Бұл шығынға жататындар: шикізаттар мен материалдар
шығыны, өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, ақаудан болған жоғалтулар және
т.б.
Өнімдердің (жұмыс, қызмет) әр түрлі түрлерінің арасында пропорциональды
түрде бөлінетін шығындар жанама шығындар деп аталады. Шығындарды тікелей
және жанамаға болу өндірістің ұйымдастырылуына және оның салалық
ерекшеліктеріне, сонымен бірге өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын
калькуляциялаудың қабылдаған әдістеріне байланысты болады.
Ағымдағы шығындарға сол есепті мерзімдегі өндіру мен сатуға байланысты
шығындар жатады.
Бір жолғы шығындарға өнімдердің жаңа түрлерін дайындауға және
меңгеруге, техникалық әдебиеттер мен газеттерге жазылуға кеткен шығындар
және т.б. жатады.
Өндірістік шығындарға өнімдерді дайындауға және олардың өндірістік
өзіндік құнын белгілеуге кеткен шығындар кіреді.
Өндірістік емес шығындарға кәсіпорынның қызмет нәтижесінен есептен
шығарылатын кезеңдік шығындар жатады.
Өнімді шығындарға өнімдерді рационалдық ұйымдастыруда және технологияны
сақтау кезінде өнімдерді белгіленген сапамен шығарумен тікелей байланысты
шығындар жатады.
Өнімсіз шығындар өндірісті ұйымдастыру және технологиядағы
жетіспеушіліктермен байланысты шығындар.
Өнімді шығындар жоспарланады, сондықтан олар жоспарланған деп аталады.
Ал, өнімсіз шығындар жоспарланбайды, сондықтан да олар жоспарланбаған деп
аталады.
Сонымен бірге, шығындар экономикалық шығын элементтері және калькуляция
бабы бойынша топтастырылады.
№7 БЕС-да Тауарлы-материалдық босалқылардың есебінде өндірістегі
шығындар экономикалық мазмұнына сәйкес төмендегідей топтармен
қарастырылған:
Материалдық шығындар;
Еңбекақы шығындар;
Әлеуметтік салық;
Сақтандыруға бөлінген сома;
Құралдардың тозуы;
Басқа шығындар.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру барлық
шығындарды оның түрлері бойынша табуға арналған. Бұл топтастырудың
шығындарды калькуляция бабы бойынша топтастырудан айырмашылығы - мұнда
барлық шығындар, кешенді шығындарды қоса, оның экономикалық мазмұнын
сипатгайтын түрлері бойынша көрсетіледі. Элементтері бойынша шығындарды
топтастыру өндіріске не жұмсалғанына жауап бере алады.
Өндірістегі шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі
төмендегідей баптар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
Материалдар;
Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы;
Еңбекақыдан аударымдар;
Жанама шығындар.
Шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастыру шығындардың мақсатты
бағытын, олардың технико-экономикалық белгілеуін, яғни бұл шығындар қайда
бағытталған, ақша қаражаттары неге жұмсалды деген сұрақтарға жауап береді.

1.2. Шығын есебінің объектілері және калькуляция объектілері
Өндіріс технологиясы және ұйымдастыру ерекшелігі есебімен өндіріс
шығындарын толық табу және өнімнің (жұмыс, қызмет) жеке түрлерінің өзіндік
құндарын дұрыс анықтау үшін шығындар есебінің және калькуляция объектілерін
дұрыс белгілеу қажет.
Шығын есебінің объектілері - шығынның пайда болу орны, шығын орталығы,
жауапкершілік орталығы болуы мүмкін.
Шығынның пайда болу орны - бұл ұйымның құрылымдық бөлімшелері, яғни
бақылау үшін өндіріс шығындарының есебін, өндіріс ресурстары шығындарын
басқаруды және олардың қызметінің нәтижесін анықтауды жоспарлауды,
мөлшерлеуді ұйымдастыру. Өнеркәсіп өндірісінде шығындардың пайда болу
орнына өндірістер, цехтар, учаскілер, бөлімшелер, бригадалар және басқа да
белімшелер жатады.
Шығын орталықтары - бұл өндірістік операциялар мен біртекті
функциялармен, техникалық жабдықтау деңгейімен, еңбектің ұйымдастырылуымен
және шығындардың бағыттылығымен ерекшеленетін бастапқы өндірістік және
қызмет көрсететін бірліктер. Оған мыналарды жатқызуға болады: учаскілер,
бригадалар, азды-көпті біртекті функциялармен жабдықталған топтар,
механикаландыру мен автоматтандырудың бірдей деңгейлері, өндіріс пен
еңбекті ұйымдастыру.
Көптеген шығын орталықтарының құрылуы жабдықтарды ұстау мен
эксплуатациялау шығындарының, өнімдердің жаңа түрлерін дайындауда және оны
өндірісте жүзеге асыруда ақаулардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Бұл
орталықтарды тікелей жолмен аналитикалық шоттарға апару - осы орталықтардың
шығындарын барынша дәл анықтауға және өнімдердің өзіндік құнын дұрыс
есептеуге мүмкіндік береді.
Жауапкершілік орталықтары - бұл жоспарлы, нормалы шығындарды бақылауды,
шығындардың мөлшері үшін ұжымдық және жеке жауапкершілікті, өнімнің (жұмыс,
қызмет) өзіндік құнын төмендетуге мүдделілікті қамтамасыз ететін шаруашылық
есеп бөлімшелері және жауапты тұлғалар бойынша өндірістегі шығындарды
топтастыру.
Айта кету керек, егер менеджер тек қана бір құрылымдық бөлімшенің (цех,
учаскі) жұмысына басшылық жасайтын болса және оның жұмысының нәтижесіне
жауап беретін болса, онда шығынның пайда болу орны жауапкершілік орталығын
да көрсетеді.
Шығынды тасушылар калькуляция объектісі болып табылады. Шығарылатын
өнімнің түрі мен технологиясына байланысты калькуляция объектісі мыналар
болуы мүмкін: жеке түрлері немесе толық және жартылай дайын болған
өнімдердің кешені, шала фабрикаттар, біртекті мүліктердің топтары, аттас
мүліктердің сериялары немесе жеке өңделетін мүліктер (тапсырыстар), құрылыс
объектілері, құрылыстың қорытынды кезеңі, жұмыс пен қызметтің түрлері.
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы шығындардың аналитикалық калькуляциялық
есебі өзіндік құн баптары бойынша шығындарды тасмалдаушылардың бөлінуіне
байланысты ұйымдастырылады.
Әрбір объекті үшін калькуляциялық бірлікгі таңдап алу қажет.
Калькуляциялық бірліктер ретінде негізінде натуральды (тонна, метр, дана
және т.б.) және шарты-натуралды бірліктер, коэффиценттің көмегімен есептеу
(мың шартты консерві банкісі және т.б.) қолданылады.

1.3. Шығындар классификациясының негізгі бағыттары
Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ғылыми негізделген
классификациясы үлкен роль атқарады.
Басқару есебінде шығындардың классификациясы әр түрлі және ол қандай
басқару мәселелерін шешу керекгігіне байланысты болады.
Басқару есебінің негізгі міндеттеріне жататындар: өндірілген өнімнің
өзіндік құнының есебі және алынған пайданың көлемін анықтау;
басқару шешімдерін қабылдау және жоспарлау;
жауапкершілік орталықтарындағы өндірістік қызметті бақылау және реттеу.
Әрбір аталған мәселелердің шешімі өзінің шығын классификациясына сәйкес
келеді.
Өндіріске жұмсалған шығындар есебінің бағыттары және олардың
классификациясының мүмкін болатын варианттары

Шығындар есебінің бағыттары және жіктелуі
Есептің бағыттары Классификацияның мүмкін болатын әдістері
1. Қосалқы өнімдердің Есепті мерзім шығындары және өнімнің өзіндік
құнын анықтауға құны
жұмсалған шығындар
Өндіріс өнімдерін құрайғын шығындар Тапсырыстық
және процестік шығын
2. Шешімдер қабылдау Шығын динамикасы
бойынша өндіріске
жұмсалған шығындар
Болашақ және өткен кезен шығындары
Жойылатын және жойылмайғын шығындар
Қайтарылмайтын шығындар
Жорамалдағы шығындар (істің альтернативтік
курсын қабылдау нәтижесінде пайда болады) Шекті
(маржиналды) шығындар және өсімді (инкрементті)
шығындар
3. Бақылау және реттеудіРеттелетін және реттелмейтін шығындар
жүзеге асырудағы
шығындар
Шығын динамикасы

1.4. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын, табысты анықтау,
босалқыларды бағалау үшін өндірістік шығындардың жіктелуі
Кіретін шығындар - бұл болашақта табыс әкелуі мүмкін деп күтілетін,
саны бар, сатып алынған құралдар (ресурстар). Олар баланста актив ретінде
тіркеледі. Егер осы құралдар табыс алу үшін жұмсалған болса және алдағы
уақытта табыс әкелу мүмкіндігінен айырылса, онда олар уақыты өткен болып
есептеледі.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында бұл шығын дайын өнімнің немесе аяқталмаған
өндірістің сату кезеңіне дейінгі өзіндік құнын анықтауда есептелінетін өнім
бірлігінің өзіндік құны ретінде түсіндіріледі. Есепті кезеңнің шығындарына
босалқыларды бағалауда есепке алынбайтын шығындар жатады, сондықтан олар
шығын ретінде қарастырылады. Өнімнің өзіндік құны мен есепті кезең
шығындарының арасындағы негізгі айырмашылық - бұл олар тіркеуге алынған
уақыт айырмашылығына байланысты.
Тек ғана өнімнің өзіндік құны қосалқы өнімдердің бағасына енгізіледі
және сатылған тауарлардың өзіндік құнының негізгі калькуляциясын құрайды,
сонымен бірге есепті кезең шығындары осы калькуляцияның құрамдық бөлігі
болып табылмайды.
Өндірістік емес шығындар жалпы шығындардың елеулі пайызын құрайды.
Осыған байланысты бухгалтерлер бұл шығындарды тауардың өзіндік құнының
құрамдық бөлігіне неге енгізбейді деген заңды сұрақ туындайды. Оның
себептері төмендегідей:
Активтер әлеуетті (потенциалды) пайда табуға бағытталған, болашақта табыс
әкеледі және өнімнің өзіндік құнын жоғарлатады деп күтілетін, өнімнің
қандай да бір түрін дайындауды жүзеге асырудағы өндірістік шығындар.
Өндірістік емес шығындар алдағы уақытта табыс әкелетіндігіне кепілдік жоқ
болғандықтан қандай да бір нақты өнімнің өзіндік құнына қосылмайды.
Сондықтан өндірістік емес шығындар босалқыларды бағалауда есепке алынбауы
керек.
Тауарларды қоймада сақтауда өндірістік емес шығындардың кейбір түрлері
толығымен шығарылады, әсіресе өткізумен байланысты шығындар. Әрине олар
босалқыларды бағалауда есепке алынады.
Өндірістік шығынды құрайтындар. Өнеркәсіп өндірісінде өнімнің өзіндік
құнының калькуляциясына үш элемент кіреді:
негізгі материалдар;
негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы;
өндірістік жанама шығындар. Негізгі материалдар нақты бір өнімді
өндіруге тікелей жұмсалады. Ал, көмекші материалдар нақты бір өнімнің
бөлшегі ретінде қарастырылмайды, себебі олар бірнеше тауар түрлерін
дайындауға қатысады. Көмекші материалдар өндірістік жанама шығындардың
құрамына кіреді.
Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек шығындары нақты өнімді өндіру
шығындарына апарылады. Өнімді дайындауға тікелей қатыспайтын, жалданып
жұмыс істейтін, бірақ, өндіріс процесінде көмекші роль атқаратын
тұлғалардың еңбекақысы шығындарда өндірістік емес жұмыс күші ретінде
жіктеледі. Көмекші материалдар сияқты өндірістік емес жұмыс күшінің
шығындары өндірістік жанама шығындардың құрамында есептеледі.
Негізгі шығындарға жұмыс күшіне жұмсалған шығындар, негізгі материалдар
мен тікелей шығындардың құны сияқты өнім өндірудегі тікелей шығындар
жатады.
Өңдірістік жанама шығындарға өнімді өндіруге кеткен барлық өндірістік
шығындардан негізгі шығындарды шегергеннен қалған сома жатады. Оларға:
өндірістік емес жұмыс күшінің шығындары, көмекші материалдар шығындары,
қосымша өндіріс шығындары кіреді.
Қосымша өндірістік шығындар көп салалы компанияларда болады. Мысалы:
жал төлемі және амортизациялық аударымдар. Жанама шығындар кәсіпорындағы
барлық нақты өндірілетін өнімдерге таралатындықтан, оны нақты өнімдердің
арасында дәл болу мүмкін емес. Сондықтан жанама шығындарды тек ғана
жобаланған баға жолымен қандай да бір нақты өнімдердің құнына апаруға
болады.
Тікелей және қосымша шығындардың арасындағы айырмашылық шығын есебінің
бағытына байланысты болады.
Өндірістік шығын есебінің бағыты қосалқы өнімдердің бағасына
енгізілетін, нақты өнім жөніндегі көрсеткіштердің көрсетілуі. Тікелей
шығындар есептің мақсатымен анық байланысты болуы мүмкін.
Тапсырыстық және процестік шығын калькуляциясы. Тапсырыс бойынша көп
ассортиментті өнімдер шығаратын немесе көптеген жұмыс түрлерін орындайтын
кәсіпорындарда әрбір тапсырыс өз ретінде жеке болғандықтан, оған нақты
еңбек, материалдық және жанама шығындар талап етіледі. Сондықтан әрбір
тапсырысты орындау шығындары бойынша жеке есеп алынуы қажет. Шығындар
жөніндегі есептік көрсеткіштерді жинақтаудың мұндай жүйесі тапсырыстық
шығын калькуляциясы ретінде белгілі.
Шығындар жөніндегі көрсеткіштерді жинаудың альтернативті жүйесі -
процесс бойынша шығын калькуляциясы - есепті мерзім ішінде бір өнім түрінің
көп мөлшерін өндіретін кәсіпорындарда қолданылуы мүмкін.

1.5. Өнімдердің өзіндік құнына енгізілетін шығындардың құрамы
Тауарлы-материалдық босалқылардың есебі деп аталатын № 7 БЕС-на және
ҚР-сы ұйымдарындағы әдістемелік нұсқауларға сәйкес өндірісгік өзіндік құн
анықталады. Өндірістік өзіндік құнға кірмейтіндер: жалпы және әкімшілік
шығындары, дайын өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) сату шығындары,
марапаттау түріндегі шығындар. Бұл шығындар есепті кезеңнің шығындары
ретінде қарастырылып, ай соңында Қорытынды пайда (залал) шотының дебеті
бойынша есептен шығырылады.
Өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына кіретіндер:
өнімдерді (жұмыс, қызмет) өндірумен тікелей байланысты шығындар;
- өнімдердің жаңа түрлерін және жаңа технологиялық процестерді дайындау
мен меңгеруге кеткен шығындар. Оған жобалау және құрастыру шығындары,
сонымен бірге жаңа өнімді дайындаудағы технологиялық процесті өңдеу,
жабдықтарды қайта құрастыру және қайта орналастыру, үлгі ретінде
қолданылатын өнімнің құны жатады.
Өнімдердің жаңа түрлерін меңгерумен байланысты шығындар болашақ кезең
шығындарына жатады және оларды белгіленген уақыт ішінде бөліп-бөліп
өнімдердің өзіндік құнына енгізіледі. Егер өндірісті меңгеру кезеңі ұзақ
болмайтын және өндірістік шығындары аз болатын көп номенклатуралы өнім
өндірісін ұйымдастыруда (мысалы, құралдар, радиобөлшектер және т.б.) бұл
шығындарды бірден өнімнің өзіндік құнына жанама шығын ретінде енгізуге
болады.
табиғи шикізаттарды пайдаланумен байланысты шығындар: жерді
культиватциялау шығындары, суға және ағашқа төленген төлемдер;
табушы салалардағы дайындық жұмыстарына кеткен шығындар: шикізат орнын
табу, ашық тау жұмыстарында территорияны тазалау, табылған шикізат
түрлеріне қол жеткізу үшін уақытша жолдар салу және басқа да жұмыстар;
өндірістегі, цехтардағы жаңа ұйымдастыруларды меңгеру шығындары;
өндірісті ұйымдастырумен және технологияны жетілдірумен, өнімнің сапасын
жақсартумен, олардың сенімділігін арттырумен және өндіріс процесі кезінде
жүзеге асырылатын басқа да қасиеттерімен байланысты шығындар;
өндірістегі өнер тапқыштықпен, өндіріс процесін жақсартумен байланысты
шығындар;
өндіріс процесіне қызмет көрсетумен, өндірісті шикізаттармен,
материалдармен, жанар-жағар майлармен, энергиямен, құралдармен және басқа
да еңбек құралдарымен қамтамасыз етуге, негізгі өндіріс қорларын жұмыс
жағдайында сақтап тұрумен, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауды
қамтамасыз етумен байланысты шығындар;
өндірістік цехтардағы техникалық сақтандыруларды және жақсы еңбек жағдайын
жасаумен байланысты шығындар;
табиғат қорғау бағытындағы қорларды ұстаумен, экологиялық қауіпті
қалдықтарды сақтау және басқа да табиғатты қорғау шығындарымен байланысты
ағымдағы шығындар;
жұмысшыларды ұйымнан жұмыс орнына дейін және кері жеткізуді енгізе отырып,
вахталық әдісті жүзеге асырумен байланысты шығындар;
еңбек заңында қарастырылған өтелмеген өндіріс уақытына төленетін төлемдер:
демалысқа төленетін ақы, пайдаланылмаған демалыс және басқа да төлем
түрлері үшін өтемақы;
өндіріс жұмысшылары мен цех персоналының еңбекақы шығындарынан әлеуметтік
және басқа да қорларға есептелген аударымдар;
ұйымның мүлкін және жұмысшыларды сақтандыру шығындары;
ақаудан болған жоғалтулар;
ішкі өндірістік себептерден болатын ақаулар;
өндірістік қызметпен байланысты іссапар және басқа да шығындар.

1.6. Шешімдер қабылдау және жоспарлаудағы шығындарды классификациялау
(жіктеу)
Шешімдер қабылдау және жоспарлауда істің альтернативтік варианттарын
бағалау үшін классификацияның келесідей түрлері пайдаланылады:
Шығын динамикасы. Өндірістік қызмет деңгейіне байланысты шығындардың қалай
өзгеретіндігін көрсету-шешімдер қабылдау үшін өте маңызды. Өндірістік
қызметтің деңгейі (көлемі) келесідей көрсеткіштермен өлшенуі мүмкін:
өндірілген өнімдердің немесе сатылған тауарлардың санымен, ецбек
шығындарымен (сағатпен); дәрігерге қаралған пациенттердің, қабылдаған
студенттердің санымен, осы немесе басқа да ұйымдардың қызметін бағалайтын
сипаттамалардың көмегімен.
Келесі жылға өндіріс көлемін қалай жоспарлау қажет?
Өнімдерді сатумен айналысатын персоналға төленетін еңбекақы мөлшері қандай
болу керек?
Шығарылатын өнімдерді кәбейту үшін қосымша жабдықтар сатып алу қажет пе?
Айнымалы шығындар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметіндегі табыстың маңызы және функциялары
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштері
Қаржылық есептемелер
Экономиканы талдаудың пәні, мақсаты және түрлері
Экономикалық талдау мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысы
Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдіру
Қаржы нәтижелер есебін ұйымдастыру
Кәсіпорының іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің талдауы
Негізгі өндірістік процесті ұйымдастыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары
Пәндер