Кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қорларын кешендi түрде талдау


ЖОСПАР
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.КӘСIПОРЫННЫҢ ӨНДIРIСТIК ҚОРЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1.Негiзгi өндiрiстiк қорлардың мәнi, құрамы мен құрылымы, көрсеткiштерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Негiзгi қорлардың амортизациясы және тозуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. КӘСIПОРЫННЫҢ НЕГIЗГI ӨНДIРIСТIК ҚОРЛАРЫН КЕШЕНДI ТҮРДЕ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1.Кәсiпорынның негiзгi қорлармен қамтамасыз етiлуiн талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2.Негiзгi қорлардың құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3. КӘСIПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТИIМДIЛIГIН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
3.1. Өндiрiстiк қорларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн және интенсивтiлiгiн есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.2.Негізгі қорларды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Нарық жағдайындағы кәсiпорында өндiрiс процесiнде адамдар мен белгiлi бiр өндiрiстiк құралдар қатысады. Өндiрiстiк құралдар өндiрiс процесiнде өзiндiк материалдық, заттық, құндық элементтерiмен айналым жасап, белгiленген өндiрiс пен айналыс кезеңiнен өтедi. Осыған сәйкес, олар өздерiнiң нысандарын өзгертедi: ақшалай нысанды – өндiрiстiк нысанға, өндiрiстiк нысан – тауарлыққа, тауарлық нысан – ақшалай нысанға және т.с.с.
Негiзгi өндiрiстiк қорлар кәсiпорындардың басты өндiрiстiк құралдары болып саналады. Өйткенi негiзгi өндiрiстiк қорды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мәселесi және кәсiпорындардың өндiрiстiк қуатын көтеру нарыққа өту кезеңiнiң негiзгi ортақ мәселесi болып табылады. Кәсiпорынның аталған мәселенi шешу дәрежесiне қарай өндiрiстен өз орнын табу немесе өзiнiң қаржылық жағдайын шешу, нарықтағы бәсекелiк үлесiн табуға ие болады.
Өндiрiстiк процесте негiзгi қорлардың әрбiр элементiнiң қызметiн нақты бiле отырып, оның тиiмдiлiгiн көтеру жолында негiзгi қорды пайдалану негiзiнде оған әсер етушi физикалық және моралдық факторларды анықтай отырып, кәсiпорынның өндiрiстiк қуатын арттыруда түрлi шағымдарды азайтуды, еңбек өнiмдiлiгiн көтеру әдiстерiн жасауға болады. Еңбек құралдары еңбек заттарымен бiрге өндiрiс құралдарын құрайды.
Негiзгi өндiрiстiк қор қоғамдық өндiрiстiң материалды-техникалық базасы болып табылады, оның көлемiне кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты тiкелей тәуелдi. Негiзгi өндiрiстiк қордың қорлануына және өндiрiстi техникалық жабдықтаудың жоғарылауына қарай еңбек шығармашылық сипат алады, қоғамның мәдени-техникалық деңгейi өседi. Себебi, негiзгi өндiрiстiк қор болмай, кәсiпорын нарықтық экономика жағдайында қызмет ете алмайды.
Негiзгi өндiрiстiк қорлардың құрамы мен құрылымының дұрыстығы кәсiпорынның экономикалық тиiмдiлiгiн көрсетедi және инвестициялық салымдарды өзiне тартады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кәсіпкерлік негіздері. М.Б. Бисенғазиев, А.Ш. Хамитов. Орал – 2006 жыл.
2. Кәсіпорын экономикасы. Г.Ө. Жолдасбаева. Алматы, Экономика – 2007 жыл.
3. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Алматиы – 2010 жыл.
4.Экономика предпринимательсва. В.И. Кушлин, П.Д. Половинкин, А.Н. Фоломьев, В.Н.Архангелский, А.И.Марголин, Ю.В.Яковец, А.В.Зозулюк. Гуманитарный издательский центр Москва – 2010 год.
5. Управление малым предпринимательством. О.С.Сабден, А.Н. Токсанова. Астана – 2001 год.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 20 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 2000 теңге




ЖОСПАР

1 КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..3

1.КӘСIПОРЫННЫҢ ӨНДIРIСТIК ҚОРЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГIЗДЕРI ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1.Негiзгi өндiрiстiк қорлардың мәнi, құрамы мен құрылымы,
көрсеткiштерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
... ... ... ..4
1.2.Негiзгi қорлардың амортизациясы және тозуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. КӘСIПОРЫННЫҢ НЕГIЗГI ӨНДIРIСТIК ҚОРЛАРЫН КЕШЕНДI ТҮРДЕ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 13
2.1.Кәсiпорынның негiзгi қорлармен қамтамасыз етiлуiн
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2.Негiзгi қорлардың құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1 4
3. КӘСIПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТИIМДIЛIГIН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 19
3.1. Өндiрiстiк қорларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн және интенсивтiлiгiн
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.2.Негізгі қорларды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..24
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...25

КIРIСПЕ

Нарық жағдайындағы кәсiпорында өндiрiс процесiнде адамдар мен белгiлi
бiр өндiрiстiк құралдар қатысады. Өндiрiстiк құралдар өндiрiс процесiнде
өзiндiк материалдық, заттық, құндық элементтерiмен айналым жасап,
белгiленген өндiрiс пен айналыс кезеңiнен өтедi. Осыған сәйкес, олар
өздерiнiң нысандарын өзгертедi: ақшалай нысанды – өндiрiстiк нысанға,
өндiрiстiк нысан – тауарлыққа, тауарлық нысан – ақшалай нысанға және т.с.с.

Негiзгi өндiрiстiк қорлар кәсiпорындардың басты өндiрiстiк құралдары
болып саналады. Өйткенi негiзгi өндiрiстiк қорды пайдаланудың тиiмдiлiгiн
арттыру мәселесi және кәсiпорындардың өндiрiстiк қуатын көтеру нарыққа өту
кезеңiнiң негiзгi ортақ мәселесi болып табылады. Кәсiпорынның аталған
мәселенi шешу дәрежесiне қарай өндiрiстен өз орнын табу немесе өзiнiң
қаржылық жағдайын шешу, нарықтағы бәсекелiк үлесiн табуға ие болады.

Өндiрiстiк процесте негiзгi қорлардың әрбiр элементiнiң қызметiн нақты
бiле отырып, оның тиiмдiлiгiн көтеру жолында негiзгi қорды пайдалану
негiзiнде оған әсер етушi физикалық және моралдық факторларды анықтай
отырып, кәсiпорынның өндiрiстiк қуатын арттыруда түрлi шағымдарды азайтуды,
еңбек өнiмдiлiгiн көтеру әдiстерiн жасауға болады. Еңбек құралдары еңбек
заттарымен бiрге өндiрiс құралдарын құрайды.

Негiзгi өндiрiстiк қор қоғамдық өндiрiстiң материалды-техникалық базасы
болып табылады, оның көлемiне кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты тiкелей
тәуелдi. Негiзгi өндiрiстiк қордың қорлануына және өндiрiстi техникалық
жабдықтаудың жоғарылауына қарай еңбек шығармашылық сипат алады, қоғамның
мәдени-техникалық деңгейi өседi. Себебi, негiзгi өндiрiстiк қор болмай,
кәсiпорын нарықтық экономика жағдайында қызмет ете алмайды.

Негiзгi өндiрiстiк қорлардың құрамы мен құрылымының дұрыстығы
кәсiпорынның экономикалық тиiмдiлiгiн көрсетедi және инвестициялық
салымдарды өзiне тартады.

1. КӘСIПОРЫННЫҢ ӨНДIРIСТIК ҚОРЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
1.1. Негiзгi өндiрiстiк қорлардың мәнi, құрамы мен құрылымы,
көрсеткiштерi
Негiзгi қорлар мен айналым қорлар өндiрiстiк қорларды құрайды.
Негiзгi қорлар дегенiмiз өндiрiстiк процеске бiрнеше рет қатысып,
өзiнiң құнын тозған сайын бiрте-бiрте дайын өнiмге ауыстыратын өндiрiстiк
қорлардың бiр бөлiгiн айтамыз.
Айналым қорлар дегенiмiз өндiрiстiк процеске бiр-ақ рет қатысып,
өзiнiң құнын дайын өнiмге бiр циклда толық ауыстыратын және өзiнiң бастапқы
физикалық қасиеттерiнiң барлығын жоятын өндiрiстiк құралдардың бiр бөлiгiн
айтамыз. (Қосымша 1)
Негiзгi өндiрiстiк қорлар дегенiмiз материалдық өндiрiс сферасында
әрекет ететiн өндiрiстiк процеске тiкелей немесе жанама түрде қатысатын
қорларды айтамыз.
Негiзi өндiрiстiк емес қорлар дегенiмiз кәсiпорынның қарамағындағы
бухгалтерлiк балансында тұрған және өндiрiстiк процеске әсер етпейтiн
объектiлер.
Негiзгi қор өндiрiстiк процеске қатысуына қарай екi топқа бөлiнедi:
- актив;
- пассив;
Актив бөлiгi (машина6 құрал-жабдық) өндiрiстегi өнiмнiң саны мен
сапасына тiкелей әсер етедi.Пассив бөлiгi негiзгi қорлардың ғимарат,
құрылыс және өндiрiстiк процеске қажеттi жақтарын қарайды.
Кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қорлары бойынша шаруашылық айналымын
жүргiзу үшiн мынадай сатылардан тұрады:
- негiзгi қордың тозу сатысы;
- амортизация сатысы;
- капитал салымдарын жүзеге асыру жолдарының сатысы.
Кәсiпшiлдiктiң негiзгi мақсаты пайда табуды жүзеге
асыру үшiн мiндеттi шарты инвестициялау, өндiрiс, өткiзу және тұтыну
сатыларын енгiзетiн капиталдың ұдайы өндiрiсiн жоспарлау болып табылады.
Негiзгi капитал негiзгi құралдары кiрiстердi, сондай-
ақ, бiтпеген ұзақ мерзiмдi бейматериалдық активтер және жаңа ұзақ мерзiмдi
қаржылық инвестицияларды енгiзедi.Негiзгi өндiрiстiк қорлар елдiң
экономикалық потенциалдарының маңызды сипаттарының бiрi болып табылады.
Сондықтан, олардың өндiрiске пал етуiн, оларды пайдаланудағы ең тиiмдi
шарттарын зерттеу ерекше маңызды. (Қосымша 2)
Бұл классификация негiзгi қорларды өнеркәсiптiк өндiрiстi рөлi жағынан
зерттеу мүмкiндiгiмен әрқашан қамтамасыз ете бермейдi. Өз кезегiнде негiзгi
өндiрiстiк қорларды активтi және пассивтi салыстыру түрiнде, олардың
сапалық пайда болуының функционалдық құрылымын зерттеп көрсету мүмкiн емес.
Бұл классификацияда негiзгi өндiрiстiк қорлардың iрiленген топтарының бар
болуына негiзделедi.
Негiзгi қорлардың активтi бөлiгiнiң өсуi тура нәтиже бередi: өнiм
шығарылуының жоғарылауы, кәсiпорын қызметi көрсеткiштерiнiң жақсаруы және
ғылыми-техникалық прогресстiң жетiлуiмен бiрге негiзгi өндiрiстiк қорлардың
активтi бөлiгiнiң бүкiл өнеркәсiп бойынша да, жеке салалар бойынша да көбею
тенденциясы да күшейедi. Әдетте, жаңа кәсiпорындардағы құрал-жабдықтардың
құны салыстырмалы мөлшердегi ескi кәсiпорындардың негiзгi өндiрiстiк
қорларындағы құнынан жоғары болады.
Пассивтi бөлiмiнiң анализiнде кейбiр кәсiпорындарда ерекшілік байқауға
болады. Кейбiр жағдайларда пассивтi бөлiмi өсуi мүмкiн. Бұл өндiрiстiң
ерекше шарттарын талап ететiн (мысалы, тазалық, ылғалдылық, ауа
температурасы бойынша) өнiм өндiргенде мүмкiн, бұл жағдай жаңа өндiрiстiк
ғимараттарды салуға шығындарды тез көбейтедi. Пассивтi бөлiктiң өсуi кейде
қазiргi кездегi әлеуметтiк талаптарға сәйкес ескi кәсiпорындарды қайта
өңдеуге iрi капитал салымдары есебiмен болады. Алайда, басқа да теңдiк
жағдайларда негiзгi өндiрiстiк қорларының активтi бөлiгiнiң үлесiн ең
прогрессивтiк құрал-жабдықтарды неғұрлым тиiмдi жобалауды орнату жолымен
жоғарылату қажет.
Негiзгi өндiрiстiк қорлардың құрылымына ең алдымен кәсiпорынның
техникалық дәрежесiне әсер етуi мүмкiн. Өндiрiстiк процестер механизациясы,
кәсiпорындарды алдыңғы қатарлы техникамен жабдықтау, негiзгi өндiрiстiк
қорлардың жалпы құнындағы жұмыс машиналары мен құрал – жабдықтардың үлес
салмағын жоғарылатады. Өндiрiстi автоматизациялау мен электрификациялау
күштi құрал-жабдықтардың маңызын күшейтедi.
Техникалық прогресс қазiргi заманғы еңбектiң қоғамдық бөлiнiсiнiң
дамуында сапалы қадамдардың орын алуына негiз бередi. Негiзгi өндiрiстiк
қорлардың активтi бөлiгiнiң өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң және өндiрiс
тиiмдiлiгiнiң жоғарылауының негiзгi резервi болып табылады. Сол уақытта
соңғы жылдары негiзгi өндiрiстiк қорлардың активтi бөлiгiнiң төмендеуi
ғимараттар мен құрылыстар құнының өсуi, яғни өндiрiстiк капитал
сыйымдылығының жоғарылауы есебiмен болуда. Негiзгi өндiрiстiк қорлардың
құрылымының прогрессивтi өзгеруiнiң экономикалық мәнi, яғни оның өзгерiсiн
басқару қажеттiлiгi мен мақсаттылығы негiзгi өндiрiстiк қорлардың
тиiмдiлiгiн жоғарылату мәселесiмен байланысты.
Негiзгi өндiрiстiк қорлардың құрылымы өндiрiстiң географиялық
орналасуына тәуелдi. Қатаң климатты жағдайда ғимараттар салу үшiн
кәсiпорындар үлкен капитал салымдарын салуы керек. Тұруға лайықсыз және
игерiлмеген шаруашылық қатысты аудандарға құрылыс үшiн құрылыстың үлес
салмағы мен көлiк құралдары айтарлықтай көбейедi, инфрақұрылымды дамыту
үшiн шығындар мөлшерi артады.
Кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қорларының құрылымына әсер ететiн
маңызды факторлардың бiрi кәсiпорынның көлемi болып табылады. Кiшi
кәсiпорындардың, iрi кәсiпорындардың жоғары үлес салмағына машиналар мен
құрал-жабдықтар, ал төмен үлес салмағына - ғимараттар мен инвентарьлар ие,
өйткенi өндiрiстiк алаң тиiмдi орналасақандығынан, онда көп құрал-жабдықтар
үшiн орын жеткiлiктi болады, бұл ғимараттарда, құрылыстарда, инвентарьда
капитал салымын үнемдейдi.
Өңдеу және шығару өндiрiсiнде негiзгi өндiрiстiк қорлардың құрылымы әр
түрлi. Өңдеу өндiрiсiнiң негiзгi қорлары құрылымында машиналар мен құрал-
жалдықтар, ал шығару өндiрiсiнде құрылыстар мен ғимараттар артықшылыққа ие.
Негiзгi өндiрiстiк қорлар құрылымына өндiрiстiң шоғырлануы, кооперациялануы
және мамандануы әсер етедi. Шоғырлану мен мамандану деңгейi неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым механизация дәрежесi мен машиналар мен құрал-жабдықтардың
үлес салмағы жоғары болады.
• Негiзгi өндiрiстiк қорлардың құрылымы түрлi салаларда әртүрлi болып
келедi, бұл ең алдымен осы немесе басқа саланың экономикалық
өзгешелiгiмен түсiндiрiледi. Мысалы, жұмыс машиналары мен құрал-
жабдықтар, металлургия мен метал өңдеу, қара металлургия сияқты
салаларда негiзгi өндiрiстiк қорлар құрамында үлкен үлес салмағын
алады; құрылыстар мен өткiзу құралдары мұнай өндiру мен газ
өнеркәсiптерiнiң негiзгi өндiрiстiк қорларында жоғары үлес
салмағына ие; күш машиналары мен құрал-жабдықтар –
электроэнергетикада; көлiк құралдары – орманды пайдалану саласының
негiзгi өндiрiстiк қорларында жоғары үлеске ие.
• Негiзгi өндiрiстiк қорлардың өндiрiстiк құрылымы өнiмнiң жалпы ұлттық
табысқа және жалпы iшкi өнiмнiң қор сыйымдылықтарына әсер етедi.
Негiзгi өндiрiстiк қорлардың салалық құрылымында жоғары қор
сыйымдылықты салалар үлесi көп болған сайын, өнеркәсiптiк өнiмнiң және
ұлттық табыстың қор сыйымдылығы жоғары болады. Негiзгi өндiрiстiк қорлардың
өндiрiстiң құрылымында машиналар мен құрал-жабдықтардың, әсiресе,
технологиялық үлесiнiң жоғарылауымен негiзгi қорлардың сол жалпы көлемiнде
өнiм шығару көлемi жоғарылайды және сәйкесiнше, өнiм мен ұлттық өнiм мен
ұлттықйымдылығы төмендейдi.
Негiзгi өндiрiстiк қорларды бағалаудың үш әдiсi бар.
1. Бастапқы құны бойынша бағалау - бұл негiзгi қорлардың бағалаудың сатып
алуы немесе iске қосылуы кезiндегi құнын сипаттайды.

1 Фб = Ц + Змон + З тран

• Мұндағы, Ц – сол уақыттағы өнiмге деген баға
• Зм – Монтаждауға кеткен шығын
• Зтр - Транспорттауға кеткен шығын
2. Қалпына келтiру құны бойынша бағалау – бұл бұрын енгiзiлген құрал
жабдықтардың жаңа жағдайлардағы кезiндегi құны.
3. Қалдық құны бойынша бағалау әдiсi – бұл бастапқы немесе қалпына келтiру
құнынан тозу мөлшерiн алып тастағанға тең.
Фқалд.= Фбаст -Фтозу;

1.2.Негiзгi қорлардың амортизациясы және тозуы
Тозу дегенде түрлi объектiлердiң құрылымдық сапаларының пайдалану
барысында моральды ескiруге байланысты бiрқалыпты немесе күтiлген
жоғалтулар процесiн түсiнуге болады. Тозу объектiнiң тұтыну сапасын
жоғалтуын және соған сәйкес оның құнының төмендеуiн сипаттайды. Тозу жер
аймақтары және табиғи қолданыстар объектiлерiне есептелмейдi.
Негiзгi қорлар екi түрлi тозуға ұшырайды: моральды және физикалық.
Моральды тозу негiзгi қорлардың толық физикалықтозуынан бұрын болады.
Моральды тозу оны тудыратын себептерiне байланысты екi түрге бөлiнедi.
1-шi түрi—бұл осы негiзгi қорларды шығаратын өндiрiс салаларында еңбек
өнiмдiлiгiнiң өсуiнен, оларды дайындау шығындарын қысқартуға байланысты
негiзгi қорлардың құны төмендеуiнен пайда болатын тозу түрi.
1-шi түрдегi моральдық тозу көлемi объектiлердiң толық алғашқы
құнын ҚА пайызбен көрсеткенде есептеледi.
МТ =(ҚА – ҚК )ҚА *100
мұндағы, ҚК обьектiнi қалпына келтiру құны.
2-шi түрi – өндiру қабiлет күшi жоғары және дамыған, жаңа машина және
жабдықтардың пайда болуына байланысты, ескi технологияның құнсыздануына
алып келуiнен туындайтын тозу.
Жаңа машиналар үнемдiрек және өндiру қабiлетi жоғары болады. 2-шi
түрдегi моральды тозу келесi үлгi бойынша есептеледi.
МТ=ҚАЕ-(( ҚАЕ(ӨҚЕ*ТЕ)- ҚАЖ (ӨҚЖ*ТЖ))* ӨҚЖ*ТҚ
мұнда ҚАЕ және ҚАЖ—сәйкесiнше ескi және жаңа машиналардың алғашқы
құны; ӨҚЕ және ӨҚЖ- сәйкесiншежаңа және ескi машиналардың табиғи бiрлiк
өлшемде жылдықөндiрiстiк қабiлетi; ТЕ және ТЖ- сәйкесiнше ескi және жаңа
машиналардың тиiмдi пайдаланған мерзiмi, жыл; ТҚ –Ескi машинаны тиiмдi
пайдалануға болатын мерзiмi, жыл.
Жалпы түрде моральдық тозудың екi түрiде мына формуламен есептеуге
болады.
Мт= (ҚА-(( ҚҚ*ӨҚЕ ) ӨҚЖ))ҚА
мұнда, ҚҚ - ескi ұқсас қызмет атқаратын объектiге қарағанда жаңа
объектiнi сатып алу және олардың өндiрiстiк көлемi жоғары болатын жаңа
обьектiнiң қалпына келтiру құны.
Негiзгi қорлардың физикалық тозуы – бұл олардың алғашқы тұтыну құнын
жоғалтуы, содан олар бiртiндеп жарамсыз болып, оларды жаңа түрiмен
алмастыру керек болады. Осылайша, пайдалану процесi кезiнде ғимарат және
құрылыстар бiртiндеп тозуға ұшырайды, машина және жабдықтар тозады.
Физикалық тозу екi фактор әсерiнен болады. 1-шi еңбек құралдарының жұмыс
iстеу кезiнде бөлшектердiң механикалық тозуы, ағаш және металлдың тозуы,
динамикалық ауыртпалықтар, соқтығыс және т.б. Бұл өндiрiстiк тозу болып
табылады. 2-шi фактор физикалық тозу табиғат күштерiнiң әсерiнен
металлдардың коррозияға ұшырауы, кеуiп кету, ағаштардың сынуы т.б. Бұл
жаратылыстық тозу түрi.
Тозу түсiнiгi ''амортизация'' түсiнiгiне қарағанда алғашқы түсiнiк. Ең
алдымен тозу материалды, өлшемдi және есеп жүргiзу әдiстерiне тәуелдi емес.
Амортизация болса материалды емес, оны өлшеуге болмайды, тек көлемiне
байланысты анықтауға болады, яғни ұйымның есептiк саясатында сол немесе
басқа әдiстермен есептеуге болады. Амортизация терминi латын тiлiнен
amortisatio сөзiнен ''өтеу'' деген мағынаны бередi. Негiзгi қорға қатысты
амортизация мағынасында белгiлi iс әрекеттердi: мүлiктiң тозу есебiмен
байланысты сәйкес объектiлердiң тиiмдi пайдалану уақыт аралығына
пайдаланатын және өндiрген өнiмге өз құнын аударатын, атқарылған жұмыстар,
көрсетiлген қызметтердi түсiнуге болады. Амортизациялық аударымдар –
амортизация көлемiнiң ақшалай мәнi, яғни негiзгi қорлардың тозу дәрежесiне
сәйкес.
Қазiргi кезде ''амортизация'' түсiнiгiне кiретiн ұғымдар кеңейдi және
өзгерiске ұшырады. Осылайша, амортизациялық аударымдар қарапайым түрдегi
қызметтiң шығындарына жатады және негiзгi қорлар құнын өтеу құралы ретiнде
қарастырылады.
Амортизациялық аударымдар мүлiктiң есептелген құнын алуды бiлдiредi.
Басқаша айтқанда, негiзгi қорлардың объектiлерiнiң құны амортизациялық
аударымды есептеу арқылы өтеледi. Сонымен бiрге, негiзгi қорлардың өзгеше
бөлек объектiлерiне амортизация есептелмейдi, соның iшiнде:
- коммерциялық емес ұйымдардың негiзгi қорларының объектiлерiне,
өндiрiстiк қызмет түрiнiң негiзгi қорларының объектiлерiне қолданылмайды;
- кәсiптендiрiлген құрылыстар, кеме қатынастарын қамтамасыз ету
- iшкi жабдықтаушылық объектiлерi және басқа ұқсас орман және жас
шаруашылықтың объектiлерi;
- иемденiлген ғимараттар;
- жер аймақтары.
Амортизациялық аударымдарды есептеудi түрлi әдiстермен есептеу
төмендегi кестеде көрсетiлген. (Кесте - 1.2.1.)

Кесте - 1.2.1
Амортизациялық есептемелердi түрлi әдiстермен есептеу
Есептеу әдiстерi Есептеу базасы Есептеу тәртiбi
1.Объектiнiң 1. АҚ- 120 мың т
алғашқы құны (АҚ) 2. ТПМ-8 ж
2.Объектiнi тиiмдi 3.Амортизацияның жылдық
пайдалану мерзiмi сомасы-15 мың т (1200008)
бойынша есептелген 4.Амортизацияның жылдық
1. Сызықтық амортизация нормасынормасы-12.5%(15мың т *
(ТПМ) *100120мың т)
5.Есептi айға амортизация
нормасы-1.0417%(12.512ай)
6.Есептi айдағы амортизация
сомасы-1250т(120мың*1.0417%100
)
1. Объектiнiң 1.АҚ-120мың т
алғашқы құны (АҚ) 2.Қызмет атқару мерзiмi-8 ж
2. Жылдық ара 3.Атқару мерзiмiнiң жылдық
қатынас (жыл санын,саны- 36
яғни объектiлердiң (1+2+3+4+5+6+7+8)
атқаратын Атқарылған жылдар
қызметтерiнiң Амортизациялық нормасы, сомасы
2. Тиiмдi пайдалану аяқталуына дейiн 1ж-8*10036=22.22%:
мерзiмi санының қалған мерзiмiн, 22.22%*120100=26664т
сомасы қызмет атқару керек2ж-7*10036=19.44%:
мерзiм санына 19.44%*120100=23328т
бөлемiз). 3ж-6*10036=16.67%:
16.67%*120100=20004т
4ж-5*10036=13.89%:
13.89%*120100=16668т
5ж-4*10036=11.11%:
11.11%*120100=13332т
6ж-3*10036=8.33%:
8.33%*120100=10000т
7ж-2*10036=5.56%:
5.56%*120100=6.672т
8ж-1*10036=2.78%:
2.78%*120100=3332т
Қорытынды:
5.Әр айлық сома-12-ге бөлiнген
жылдық сомаға негiзделе отырып
есептеледi.

Кестенің жалғасы

Алғашқы құн(АҚ) АҚ-120мың т
2.Негiзгi қор 2.Жоспарланған өнiм
Өзiндiк құнының объектiлерiн қолданған көлемi-200мың дана
өндiрiлген өнiм көлемiнебарлық периодта 3.Есептелген айда 2мың
(жұмыс) прапорционалды шығарылған өнiм көлемi дана шығарылған
есептемесi. 4.Бiр өнiм данасының
амортизация
сомасы-0.6(120000200000
)
5.Есептелген айдағы
амортизациялық
шығарылымдар-1200т(0.6*2
000дана)

Негiзгi қорлардың амортизациялық аударымдар көлемiне сәйкес
объектiлерiнiң пайыздық алғашқы құны - амортизацияның жылдық нормасы немесе
амортизация нормасы деп аталады. Қазiргi кезде амортизация нормасы негiзгi
қорлардың толық қалпына келтiруiне негiзделiп мына формуламен есептеледi:

АТ=((ҚА- ҚЛ)(Т- ҚА))*100
Мұнда ҚА-негiзгi қорлардың алғашқы құны, ҚЛ-негiзгi қорлардың
ликвидациялық құны; Т-негiзгi қорларды тиiмдi пайдалану мерзiмi, жыл.
Құралдардың көп түрiне түрлi амортизациялық нормалар есептеледi, ол
құралдардың кәсiпорында қандай өндiрiс типiнде пайдаланылып жатқандарына
байланысты iрi сериялық , кiшi сериялық немесе бiрлiк болып ерекшеленедi.
Мысалы, объектiлердiң алғашқы құны – 120 мың т, оның тиiмдi пайдалану
мерзiмi-8 ж, амортизациялық жылдар нормасы-12.5%. Осыдан амортизацияның
жылдық нормасы 25%-ке тең етiп есептеледi (12.5*2).
Амортизациялық есептеме сомасы
1-шi жылы –120 мың т *25%=30мың т
2-шi жылы- (120мың т –30мың т)*25%=22.5мың т
3-шi жылы- (90мың т –22.5мың т)*25%=16.8мың т
4-шi жылы- (67.5мың т –16.8мың т)*25%=12.7мың т
5-шi жылы –(50.7мың т-12.7мың т)*25%=9.5мың т
6-шы жылы-(38.0мың т-9.5мың т)*25%=7.1мың т
7-шi жылы –(28.5мың т-7.1мың т)*25%=5.4мың т
8-шi жылы-(21.9мың т-5.4мың т)=16мың т немесе 120мың т—104 мың т, яғни 7
жылға амортизация есептемесiнiң соммасына сәйкес есептелген. Осы 16 мың т
объектiнi тиiмдi пайдалану мерзiмiнiң соңғы жылдардағы амортизациялық
аударымы ретiнде қабылданады.
Қорытындысында 8 жылға есептелген амортизацияның жалпы
сомасы объектiлердiң алғашқы құнына тең болады–120мың
(30.0+22.5+16.8+12.7+9.5+7.1+5.4+16 .0)
Кәсiпорында негiзгi қорларды пайдалану процесiнде олар
әдетте тозуға ұшырайды, олардың жұмыс қабiлеттiлiгiн ұстап тұру үшiн
жөндеу жұмыстарын жүргiзу қажет.
Жөндеудiң үш түрi ерекшеленедi: қалпына келтiрiлетiн,
ағымдық және капиталды.
Қалпына келтiрiлетiн – бұл жөндеудiң ерекше түрi, ол түрлi жағдайлармен
байланысты болады: стихиялық апат (су басу, от, жер сiлкiну), соғыс
апаттары, негiзгi қорлардың ұзақ уақыт жұмыс iстелмегендiктерiнен. Қалпына
келтiрiлетiн жөндеу мемлекеттiң арнайы кәсiби құралдарымен жүзеге
асырылады.
Ағымдық жөндеу – бұл ұсақ жөндеу түрi және негiзгi қорларды өндiру
процесiнде ұзақ мерзiмдi емес, үзiлiспен жұмыс iстегенде жүзеге асырылады.
Ұсақ жөндеуде бөлек бөлшектер, жалғастырушы бөлшектер ауыстырылады, жөндеу
жұмыстары жүргiзiледi.
Капиталды жөндеу – негiзгi қорлардың елеулi жөндеу iсi және
машиналардың толық бөлшектенуiмен байланысты, барлық тозған бөлшектерiн
және түйiндерiн ауыстыру. Капиталды жөндеуден кейiн машиналардың техникалық
параметрлерi алғашқы түрiне қайта жақындайды.
Модернизация – негiзгi қорлардың техникалық жетiлуi, моральды тозуды
жою және техника – экономикалық көрсеткiштердiң көтерiлуi.
Модернизация – моральды тозуды жойып және техника – экономикалық
көрсеткiштердi жаңа құралдардың дәрежесiне дейiн көтеру мақсатымен негiзгi
қорларды техникалық жетiлдiрудi бiлдiредi. Жаңарту дәрежесiне қарай
бөлшектенген және комплекстi модернизация болып ерекшеленедi.
Модернизацияны жөндеу әдiстерiне қарай типтiк және мақсатты етiп
бөлемiз.
Типтiк модернизация – бұл сериялы конструкциялардың массалы бiртиптi
өзгерiстерi.
Мақсатты модернизация – нақты өндiрiстiң қажеттiлiктерiмен байланысты
жетiлдiру.
Модернизацияны жүргiзгеннен кейiн қосымша пайданы мына формуламен
есептеуге болады:
DӨ=DП=(Ө1-Ө2)*V2
DӨ - өнiмнiң өзiндiк құнының төмендеуi;
DП – қосымша пайда
V-модернизациядан кейiн өнiм өндiру көлемi
Ө1,Ө2 – модернизациядан бұрын және кейiн өндiрген өнiм бiрлiгiнiң
өзiндiк құны.
Тепе–теңдiктi қамтамасыз ету мақсатында жөндеуге кеткен шығындарды
өнiмнiң өзiндiк құнына қосу жөндеу қорын құруға болады, мұнда белгiлi
нормативтерге байланысты құралдар алып тасталынады.
Жөндеу және негiзгi қор обьектiлерiнiң құрамын өндiрiстiк емес
белгiлеу жағдайы, кәсiпорынның таза пайдасымен жүзеге асырылады. Салық
салудан кейiнгi жөндеу шығындары негiзгi қорлардың ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры
Кәсіпорынның айналым қорларын басқару
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау
Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау
Еңбек өнімділігін кешенді түрде арттыру жолдары
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру
Кәсіпорынның өндірістік қорлары туралы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь