Өнеркәсіптің шикізаттық ресурстары
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ӨНЕРКӘСІПТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ШИКІЗАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ ... ... ...4
1.1. Ел экономикасындағы шикізат ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Пайдалы қазбалар қорын анықтау және оларды экономикалық
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Жылу.энергетикалық теңдестік және оның мәні, құрылымы мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4. Шикізат пен отын. энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.5. Отын.энергетикалық кешенді дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.6. Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.7. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Ө. ұ. үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер.
Негізгі өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. О
Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады. Жапония үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін ұлттық мәселе, себебі өзінде қажетті материалдық және отын-энергетикалық ресурстар жеткіліксіз. Шындығында, Жапонияның барлық өңдеу өнеркәсібі сырттан әкелінген шикізат және отынмен жұмыс істейді. Егер белгілі бір мезетке Жапония үшін барлық шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарға жол жабық деп елестетсек, бұл жапондық экономика үшін дағдарысты білдірер еді. Сондықтан да болар жапондық тауарлар әледік нарықта өте сапалы және бәсекеге қабілетті. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды қажетті көлемде алу үшін ел дайын және ғылыми сыйымды өнімнің күшті экспорттық әлеуетіне ие. Бұл тұрғыдан қарағанда Қазақстанның артықшылығы көп. Онда тек ішкі қажеттіліктермен қоса, әр түрлі елдерге экспорттауға жетерлік шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың ауқымды бөлігі бар. КСРО құлағаннан кейін бұрынғы одақтас республикалар тәуелсіз мемлекеттерге айналды, олардың көпшілігі үшін отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету үлкен мәселе тудырады. Бұл мәселе, әсіресе, Украина, Белорусия, Армения, Грузия елдері үшін өзекті болып отыр. Мысалы, Украинаға ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 40 млн тонна мұнай қажет болса, бұл ел оның тек 5 млн ғана өндіреді. Сондай-ақ Украина газ, ағашпен жақсы қамтамасыз етілмеген. Белорусияның да отын-энергетикалық ресурстары жеткіліксіз, сондықтан ол Ресейден 15 млн тоннаға дейін мұнай және үлкен көлемде газды экспорттаувға мәжбүр.
Өндірістік шикізатты екі ішкі топқа бөлуге болады:
- минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;
- жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.
Әсіресе минерал тектес шикізаттардың табиғи түрлері кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен ықпалын тигізді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Р. Қ. Ниязбекова, Б. А. Рахметов, П. Т. Байнеева Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2008 ж
2. А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2003 ж
3. http://www.e-gov.kz
4. Жалғасбаева А.А. Қазақстанның мұнай газ кешенін тиімді дамыту бағыттарын экономикалық дәлелдеу. Алматы,2006.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ӨНЕРКӘСІПТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ШИКІЗАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ ... ... ...4
1.1. Ел экономикасындағы шикізат ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Пайдалы қазбалар қорын анықтау және оларды экономикалық
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Жылу-энергетикалық теңдестік және оның мәні, құрылымы мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4. Шикізат пен отын- энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.5. Отын-энергетикалық кешенді дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 12
1.6. Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.7. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
КІРІСПЕ
Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру - өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Ө. ұ. үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер.
Негізгі өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. О
Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады. Жапония үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету - кезек күттірмейтін ұлттық мәселе, себебі өзінде қажетті материалдық және отын-энергетикалық ресурстар жеткіліксіз. Шындығында, Жапонияның барлық өңдеу өнеркәсібі сырттан әкелінген шикізат және отынмен жұмыс істейді. Егер белгілі бір мезетке Жапония үшін барлық шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарға жол жабық деп елестетсек, бұл жапондық экономика үшін дағдарысты білдірер еді. Сондықтан да болар жапондық тауарлар әледік нарықта өте сапалы және бәсекеге қабілетті. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды қажетті көлемде алу үшін ел дайын және ғылыми сыйымды өнімнің күшті экспорттық әлеуетіне ие. Бұл тұрғыдан қарағанда Қазақстанның артықшылығы көп. Онда тек ішкі қажеттіліктермен қоса, әр түрлі елдерге экспорттауға жетерлік шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың ауқымды бөлігі бар. КСРО құлағаннан кейін бұрынғы одақтас республикалар тәуелсіз мемлекеттерге айналды, олардың көпшілігі үшін отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету үлкен мәселе тудырады. Бұл мәселе, әсіресе, Украина, Белорусия, Армения, Грузия елдері үшін өзекті болып отыр. Мысалы, Украинаға ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 40 млн тонна мұнай қажет болса, бұл ел оның тек 5 млн ғана өндіреді. Сондай-ақ Украина газ, ағашпен жақсы қамтамасыз етілмеген. Белорусияның да отын-энергетикалық ресурстары жеткіліксіз, сондықтан ол Ресейден 15 млн тоннаға дейін мұнай және үлкен көлемде газды экспорттаувға мәжбүр.
Өндірістік шикізатты екі ішкі топқа бөлуге болады:
- минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;
- жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.
Әсіресе минерал тектес шикізаттардың табиғи түрлері кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен ықпалын тигізді.
1 НЕГІЗГІ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Ел экономикасындағы шикізат ресурстары
Шикізат, материалдар, отын, энергия - бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының құрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.
Еңбек заты ретінде шикізат және отын-энергетикалық болып пайдаланылатын барлық материалдық ресурстар шартты түрде екіге бөлінеді.
Шикізат ресурстары әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы түрінде болып келеді.
Өңделмеген шикізат деп жерден қазып алынған немесе өңделген және соның нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек затын айтамыз.
Шикізатқа кен өндіруші өндіріс (руда, мұнай, көмір және т.б.) пен ауыл шаруашылығының (астық, картоп, қызылша) өнімдері, ал материалдарға өңдеуші өндірістің өнімі жатады. Материалдарды негізгі және көмекші деп екіге бөледі.
Негізгі материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды.
Көмекші материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақ та оның түзілуіне әсер етеді.
Отын мен энергия өзінің экономикалық ерекшелігіне байланысты көмекші материалдарға да, ресурстардың жеке тобына да жатқызылады.
Отын-энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа бөлінеді.
Ықтималды отын-энергетикалық ресурстарға елдің белгілі бір экономикалық аймағындағы отын мен энергияның барлық түрімен байланысты қорлар жатады.
Кең мағынада нақты отын-энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығын айтамыз.
Жекелеп айтқанда пайдаланылатын отын-энергетикалық ресурстарды төмендегідей түрде көрсетуге болады:
1. Табиғи отын-энергетикалық ресурстар (табиғи отындар) - көмір, мұнай, табиғи және пайдалы газ; судың, желдің табиғи механикалық энергиясы, атом энергиясы; табиғи отын көздеріне күннің, жер асты буының күші жатады.
2. Отын ресурстары - өңдеу кезінде пайда болған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т. б.).
3. Негізгі технологиялық үдерісте алынатын көмекші (қайталама) энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, пайдаланылған газ, өндірістегі өнімдердің жылуы және т. б.).
Экономикалық тұрғыдан қарағанда халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:
Өндірістік шикізат - бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығының шикізаты - бұл ауыл шаруашылығы саласында өндіріліп, негізінен жеңіл және тамақөнеркәсібінде пайдаланылады.
Өндірістік шикізат өз алдына екі кіші топқа бөлінеді:
минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;
жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.
Әсіресе минерал тектес табиғи шикізаттар түрі кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Өнеркәсіпте өндірілген өнім мен шикізаттың сапасы өндірістің экономикасын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Олар төменде көрсетілгендей сараланады:
- өндіріс үдерісінде атқаратын рөлі бойынша: негізгі, көмекші, қосымша;
- экономикалық нышаны бойынша: еңбек заты, дайын өнім;
- алу әдісі бойынша: өндірістік, ауыл шаруашылықтық;
- шыққан тегі бойынша : мал, өсімдік, кен қазбасы;
- өндіріс уақыты бойынша: маусымдық, маусымдық емес;
- өңдеу әдісі бойынша: алғашқы және қайталама (қалдықтар, көмекші өнімдер).
Пайдалану дәрежесіне байланысты шикізат ресурстары иегізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған өнімнің материал - дық негізін қалайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтын бұйымдар көмекші шикізатқа жатады. Шикізат кей уақытта негізгі материал болып табылып, ал одан басқа уақытта көмекші материалдың қызметін атқаруы ықтимал. Сондықтан көрсетілген саралану белгілі бір дәрежеде шартты сипаттама болып саналып, саланың ерекшелігіне, есеп- қисабына, жоспарлау және экономикалық талдауына байла - нысты болады. Сол себепті отын мен энергияның маңыздылығын ескере отырып, көп салада оны көмекші материалдардың құрамынан бөліп алып, жеке-дара қарастырады.
Тамақ өнеркәсібінде негізінен ауыл шаруашылығының шикізаты пайдаланылады. Қазақстанда әр түрлі табиғи-климаттық ерекшелікке байланысты халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге толықтай жететін бірнеше түрлі ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады.
Минералды және ауыл шаруашылық ресурстардың сандық және территориялық шектеулілігіне байланысты шикізат базасын кеңейту қажеттілігі жасанды және синтетикалық материалдар өндірісін құруды және интенсивті дамвтуды талап етті. Осыған байланысты кейбіреуінің қасиеті табиғи түрде жоқ, жаңа материалдар алуға мүмкіндік туды. Олардың ішінде неғұрлым құндылары - шағын салмағы, жылу ұстағыштығы, жылуға төзімділігі, қарапайымдылығы,т.б. Сонымен қатар жасанды және синтетикалық материалдарды алуға бірдей қасиеттегі натуралды материалдарға қарағанда аз шығын шығады.
Өнеркәсіпте өндіріс және пайдалану үшін кеелсілерге мүмкіндік беретін жасанды және синтетикалық материалдвр түрлері тиімді деп саналады:
- қажетті материал деп саналатын саладағы өндіріске жоғарғы қарқынмен және көп көлемде өндіру;
- өңдеуші өнеркәсіп салаларында техникалық базаны және технологиялық процестерді интенсификациялауды жетілдіруді;
- бұл материалдар қолданылатын салаларда өнім сапасын жақсаруға және ассортиментін кеңейтуге;
- бұл материалдардан жасалатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге;
- соңғы өнеркәсіптік өнімдерінің өндірісінің қоғамдық шығынын қысқартуға.
Тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарынамыналар жатады:
- отын және отын-энергетикалық теңдестіктің құрылымын жақсарту;
- өнеркәсіп кәсіпорындарында шикізатты пайдалануға мұқият және сапалы дайындалу;
- шығынын азайтып, сапасын төмендетпей шикізат пен отынды тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру;
- шикізатты кешенді пайдалану;
- өндіріске химия саласын ендіру;
- өндіріс қалдықтарын дұрыс пайдалану;
- шикізатты қайта пайдалану және т.б.
Шикізатты алғашқы өңдеу және байыту. Өндірісте пайдаланылатын минералдық және органикалық шикізаттар, көбінесе, белгілі бір дайындықты қажет етеді. Осыған орай кез келген өндіріс саласында пайдаланылатын шикізаттарға ерекшеліктеріне қарай әр түрлі алғашқы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Шикізатты алғашқы өңдеу түрлерінің негізі болып келесілер саналады:
- шикізатты байыту (қара және түсті металлургияның рудасы, кокс алу өндірісіндегі көмір);
- шикізатты алдын ала тазалау және стандарттау (тоқыма өнеркәсібінде: мақта, тері);
- бұзылмайтын етіп өңдеу (тамақ өнеркәсібінде: ет, балық, көкөніс);
- кептіру, ұзақ сақтау (ағаш өңдеу өнеркәсібінде: ағаш).
Байыту. Бұл техникалық жағынан және экономикалық маңыздылығына байланысты шикізаттың құрамында болатын өнімді жеке-дара алу үшін оны алғашқы өңдеу түрі. Байыту келесі мүмкіншілікті қамтамасыз етеді:
- табиғи қазбада болатын пайдалы құрамдастың мөлшерін арттыру;
- зиянды қоспаны алып тастау;
- минералды бір-бірінен ажырату.
Шикізатты байыту арқылы екі зат алынады, оның біреуі - концентрат, ал екіншісі - қалдық (хвосты) деп аталады. Қазіргі кезде түсті және сирек металдардың 95%-ы, темір рудасының көпшілігі, фосфориттердің барлығы байытуға жіберіледі.
Байытудың экономикалық маңыздылығы келесіден тұрады:
- өнеркәсіптің шикізат базасы кеңейеді;
- дайын өнім алу үшін кейінгі өңдеу арзанға түседі;
- дайын өнімнің сапасын жоғарылату қамтамасыз етіледі;
- шикізатты алынған жерінен өңдеу орнына жеткізу шығындары азаяды;
- көлік құралдарының қажеттілігі азаяды және оларды пайдалану тиімділігі артады.
Әрбір кәсіпорын өзінің ерекшелігіне байланысты өнімнің материалдық сыйымдылығын азайтуы тиіс. Бұл мәселені тезірек шешу үшін мемлекет өз тарапынан ұтымды саясат жүргізуі қажет.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудың бірден-бір шарты аймақтық мамандандыру болып табылады. Елдің аймақтарына қай өсімдікті өсіруге болатынын көрсететін көрсеткіш - шығымдылық пен сапа.
1.2. Пайдалы қазбалар қорын анықтау және оларды экономикалық бағалау
Өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасы - жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталған жер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары. Сайып келгенде, минералдық-шикізаттық базалардың негізі пайдалы қазбаларды анықтау болып табылады.
Ғылым мен жаңа технологияның дамуы нәтижесінде жер қойнауынан тиімді қазып алынатын және өнеркәсіптік өндірісте пайдаланылатын өнім шығаруға жарамды минералдық-шикізаттық қорларды пайдалы қазбалар деп атайды.
Өнеркәсіпте пайдаланылатын пайдалы қазбалар келесі топтарға бөлінеді.
Жанатын қазбалар (көмір, жанатын тақта тастар, шымтезек, мұнай, табиғи газ).
Минералды пайдалы қазбалар (қара, түсті, асыл және сирек металдар);
Металл емес пайдалы қазбалар (химиялық өнеркәсіпте пайдаланылатын шикізат, құрылыс материалдары, қара метал - лургия үшін металл емес шикізат).
Экономикалық тұрғыдан пайдалы қазбалар ең алдымен сапасы және көлемімен сипатталады.
Барлау және зерттеу деңгейіне байланысты пайдалы қаз - балар қоры үш санатқа бөлінеді:
А санатты қорлар - олар әбден зерттелген, барланған және өндіруге дайындалған, кәсіпорындардың пайдалану қызметтеріне арналған, сонымен қатар жобалауға және кәсіпорынның құрылыс жұмыстарын бастауға мүмкіндік беретін қорлар.
В санатты қорлар - геологиялық әдіспен дәлелденген, тay-кен орны мен бұрғы құбыры арқылы шекарасы белгіленген қорлар. Олар тау-кен кәсіпорындарының күрделі құрылыс жобасын жасауға негіз бола алады.
С санатты қорлар - бұл толығымен зерттелмеген, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді талап етеді және тау-кен өнеркәсібінің болашақ даму жоспарларын жасауға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге қолданылады.
231 ♦ 5-тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
Сонымен қатар, пайдалы қазбалар қоры екі топқа бөлінеді: геологиялық және өнеркәсіптік. Өз кезегінде геологиялық қорлар теңдестік және теңдестіктен тысқары қорлар болып бөлінеді.
Теңдестік қоры - ғылым мен жаңа технологияның қазіргі кездегі даму сатысына байланысты тиімді түрде жер койнауынан алынатын қорлар.
Теңдестіктен тысқары қорлар - экономикалық тұрғыдан жер қойнауынан қазып алуға жарамсыз деп танылған қор - лар. Ғылым мен жаңа технологияның дамуына байланысты, теңдестіктен тысқары қор теңдестік қоры санатына ауыстырылуы мүмкін.
Өндірістік қорлар - теңдестік қорынан пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор. Пайдалану кезінде неғұрлым ысырап аз болған сайын тендестік қоры солғұрлым мол өндіріледі, соның арқасында пайдалы қазба орындары да оңтайлы пайдаланылады.
Қандай да болмасын пайдалы қазба орындарының әр түрлі экономикалық маңызы болады. Олардың жақсысын анықтау үшін қазба орындарын ең алдымен геологиялық және технологиялық бағалаудан өткізіп, сонан кейін ғана экономикалық баға береді.
Геологиялық бағалауда кен орны, оның геологиялық сипаттамасы мен құрылымы жайлы жалпы мәліметтер пайдала - нылады.
Геологиялық қорлар пайдалы қазба орнының сапасы, кен орнының орналасуының геологиялық жағдайлары, кен шығару тереңдігі, кеннің молдығы және т.б. геологиялық бағалау үшін негіз болады.
Технологиялық бағалау технологиялық өңдеу мүмкіндігін, кен шығару көлемін, жер қойнауын ашу тәсілін, дайындық жұмыстарын және т.б. анықтау үшін қажет.
Геологиялық және технологиялық бағалаудың арқасында кен орнының экономикалық бағалануы жүргізіледі және кез келген кен орнын пайдаланудағы келесі көрсеткіштер анықталады:
жалпы және салыстырмалы күрделі қаржылар;
өндіруге, байытуға және өнімдерді сатуға кеткен шығындар;
табыстылық көрсеткіші;
еңбек өнімділігі;
пайда және табыстылық;
өтеу мезгілі;
дисконттық таза табыс.
Дисконттық таза табыс (ДТТ) мына формуламен анықталады:
ДТТ = Zt-St (1+Е)[Т]- К,
мұнда: Zt -- кен орнын пайдаланудың t-айналымында дана бойынша барлық алынған және сатылған, ілесіп шығарылған өнім құндылығы;
St - кен орнын пайдаланудың t-айналымында кен өндіруге, байытуға және сатуға кеткен шығындар;
К - кен орнын өңдеуге қажет күрделі қаржылардың дисконттық мөлшері.
Кен орнын өңдеуге қажет күрделі қаржылардың дисконттық мөлшері келесі формуламен анықталады:
К = Кtх (1+Е),
мұнда: Кt- кен орнын пайдаланудың t-айналымындағы кен өндіруге қажетті күрделі қаржылар;
Е - дисконттың мөлшерлемесі; t - өтеу уақыты.
Егер ДТТ 0 болса, кен орнын пайдалану тиімді деп саналады. ДТТ мөлшері неғұрлым көбірек болса, экономика - лық бағасы солғұрлым жоғары болады. Оны анықтағанда өтеу мерзімі, табыстылық көрсеткіші, табыстылықтың ішкі мөлшері және т.б. ескеріледі.
Осы көрсеткіштерді салыстыра отырып, әрбір кен орнының әлеуеті бойынша пайдалану кезегі анықталады.
1.3. Жылу-энергетикалық теңдестік және оның мәні, құрылымы мен жетілдіру жолдары
Жылу-энергетикалық теңдестік халық шаруашылығы мен тұрмыста өзара үйлесімді өндіріліп пайдаланылатын жылу-энергетикалық қорлардың және олардан туындаған энергия түрлерінің (электр энергиясы, жылу және т.б.) кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі. Отын теңдестігі отынның барлық түрлерін көрсетеді, ал жылу-энергетикалық теңдестік өндірілген және қолданылған энергияны (электр энергиясы, сығылған ауа энергиясы және т.б.) ескереді. Жылу-энергетикалық теңдестік материалдық теңдестік сияқты екі бірдей бөлімнен тұратын тор түрінде беріледі: - сол жағында (ресурстар) өндірілген отынды, электр энергиясын, атом және геотермальді электр энергиясын, шет елден келген энергияны, басқа да келіп түскен энергия мен жыл басында қалған қалдықты есептейді. - оң жағында (таратылғаны) жалпы пайдаланғаны көрсетіледі, оның ішінде электр энергиясына, жылу энергиясына және сығылған ауаға, өндірістік-техникалық және т.б. мұқтаждарға жұмсалған, экспортқа жіберілген отын-энергетика мен жыл соңында қалған қалдық ескеріледі.
Жылу-энергетикалық теңдестік материалдық теңдестік сияқты екі бірдей бөлімнен тұратын тор түрінде беріледі:
сол жағында (ресурстар) өндірілген отынды, электр энергиясын, атом және геотермальді электр энергиясын, шет елден келген энергияны, басқа да келіп түскен энергия мен жыл басында қалған қалдықты есептейді.
оң жағында (таратылғаны) жалпы пайдаланғаны көрсетіледі, оның ішінде электр энергиясына, жылу энергиясына және сығылған ауаға, өндірістік-техникалық және т.б. мұқтаждарға жұмсалған, экспортқа жіберілген отын-энергетика мен жыл соңында қалған қалдық ескеріледі.
Жылу-энергетикалық теңдестік отынды және энергияны өндіру мен тұтынудың көлемі жайлы ғана емес, соны - мен қатар жоспарлау мерзімінде отынның қандай түрін, қай ауданда, қанша көлемде, өндіру керектігі туралы мәліметтерді береді.
Әрбір отын түрінің жылу мөлшері 7000 ккалкг және одан да жоғары болады.
Өндірісті және тұтынуды жоспарлау үшін энергетикалық ресурстарды санағанда шартты отынның жылуы 7000 ккалкг деп алынады.
Кез келген отынның жылу баламасы мына формуламен анықталады:
К = Q 7000,
мұнда: Q - кез келген отынның жылу мөлшері.
Жылу-энергетикалық теңдестік әр түрлі деңгейлер үшін құрылады: халық шаруашылығы, облыстар, қалалар немесе аудандар.
Ол екі отын шығынының меншікті мөлшері және жылу теңдестігі әдісімен жасалуы мүмкін. Тәжірибеде негізінен бірінші әдіс қолданылады.
Жылу-энергетикалық теңдестік құрылымы деп теңдестікте көрсетілген отын мен энергияның құрамын және олардың өндіру мен тұтынудың барлық көлеміндегі үлесін айтамыз. Отын-энергетикалық теңдестіктің құрылымына көп жағдайда елдің экономикасы және өндірістің тиімділігі байланысты болады. Отын мен энергияның түрлері үнемділігі жағынан бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Табиғи газ ең үнемді отын болып табылады. Егер газды 1-ге теңестірсек, көмірді пайдалану 2,5-3 есе қымбатқа түседі, ал мазут - 35-40% болады.
1 квт-сағат электр энергиясын өндірудің өзіндік құны, ГЭС, ЖЭС және АЭС-те әр түрлі болып келеді. Ең арзан электр энергиясы ГЭС-те, содан кейін АЭС-те шығарылады, ал ең қымбат электр энергиясы ЖЭС-тен алынады.
Дамыған еуропалық және басқа да елдерде әлдеқашан атом электр энергиясын дамытуға аса көп көңіл бөлінген. Бұл (елдерде АЭС-те шығарылатын электр энергиясының жалпы көлемі 60-75%-ды құраса, Қазақстанда әзірше ол нөлге тең.
235 ♦ 5-тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
Атом электр энергиясы дамуы барысында ЖЭС-те өндірілетін электр энергиясын тасымалдау факторын ескеруіміз керек. Мысалы, 1 кг уран 2,6-3 млн тонна көмірді ауыстырады. Байқағанымыздай жалғыз тасымалдау шығынының өзінен көп үнемдеуге болады. Жылу стансаларына қарағанда атом электр стансасының үнемді екені әлдеқашан дәлелденген, соған қарамастан атом электр энергиясының дамуы оның қауыпсіздігін қамтамасыз етуіне байланысты болып отыр. Сондықтан отын- энергетикалық тендестіктің құрылымын жетілдіру ел экономикасына, экономикалық аудандарға, облыстарға немесе қалаларға өте маңызды.
Отын және отын-энергетикалық теңдестікті жасаудың қажеттілігі:
қазіргі заманғы отын мен энергияны өндіру, оның тұтыну көлемін зерттеу;
отын мен энергияны қажеттілігіне қарай ресурстармен қамтамасыз ету;
жетілдіру үшін отын-энергетикалық теңдестіктің құрылымын талдау;
елдің отын-энергетикалық кешенін дамыту үшін қажет күрделі қаржыны анықтау;
отын-энергетикалық ресурстардың сыртқа шығару немесе сырттан алу мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау.
Сонымен, отын-энергетикалық теңдестік пен оны жасау мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды элементі болып табылады.
1.4. Шикізат пен отын- энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
Оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:
отын және отын-энергетикалық теңдестіктің құрылымын жақсарту;
өнеркәсіп кәсіпорындарында шикізатты пайдалануға мұқият және сапалы дайындалу;
шығынын азайтып, сапасын төмендетпей шикізат пен отынды тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру;
шикізатты кешенді пайдалану;
өндіріске химия саласын ендіру;
өндіріс қалдықтарын дұрыс пайдалану;
шикізатты қайта пайдалану және т.б.
Осылардың кейбіреуіне толығырақ тоқталайық. Шикізатты алғашқы өңдеу және байыту. Өндірісте пайдаланылатын минералдық және органикалық шикізаттар, көбінесе, белгілі бір дайындықты қажет етеді. Осыған орай кез келген өндіріс саласында пайдаланылатын шикізаттарға ерекшеліктеріне карай әр түрлі алғашқы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

шикізатты байыту (қара және түсті металлургияның рудасы, кокс алу өндірісіндегі көмір);
шикізатты алдын ала тазалау және стандарттау (тоқыма өнеркәсібінде: мақта, тері);
бұзылмайтындай етіп өңдеу (тамақ өнеркәсібінде: ет, балық, көкөніс);
кептіру, үзақ сақтау (ағаш өңдеу өнеркәсібінде: ағаш).

табиғи қазбада болатын пайдалы құрамдастың мөлшерін арттыру;
зиянды қоспаны алып тастау;
минералды бір-бірінен ажырату.
Шикізатты байыту арқылы екі зат алынады, оның біреуі - концентрат, ал екіншісі - қалдық (хвосты) деп аталады. Қазіргі кезде түсті және сирек металдардың 95%-ы, темір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz