Аударма модельдері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 БӨЛІМ. АУДАРМА МОДЕЛЬДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Аударма моделі ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Аударманың денотаттық моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. Аударманың трансформациялық.семантикалық моделі ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.4. Аудармадағы лингвистикалық модельдеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2 БӨЛІМ. КӘСІБИ АУДАРМА МОДЕЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1. Кәсіби аударма моделінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. Кәсіби аударма моделін құрастыру негізінде аудармашыға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОСЫМША
Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі уақытта аударма теориясында бірнеше үлгі (модель) жасалған. Олардың негізгілеріне денотаттық, семантикалық және трансформациялық үлгілер жатады.
Аударма моделі деп аудармашының бірқатар ойлау операцияларын орындай отырып бүкіл түпнұсқаның немесе оның кейбір бөлігін аударуын шартты сипаттауды айтады.
Денотаттық үлгіде аударма тіл мен өмір шындығының байланысы басты назарға алынады. Кейде аударманың жағдаяттық үлгісі деп те аталатын бұл модель өмір шындығының әлдеқандай құбылыстарының атаулары аударма тілде жоқ болса да, тілдік заңдылықтардың көмегімен салыстырудың мүмкіндігі әрқашан болады деген заңдылыққа саяды.
Семантикалық үлгі аударма үдерісінде сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі саналатын семаларға мән берумен байланысып жатады. Ал трансформациялық модельді сөздердің орындарын ауыстыру, сөйлемнің құрылымын өзгерту, сөз таптары мен сөйлем мүшелерін өзгерту, сөз қосу, сөздерді түсіру сынды әдістердің негізіндегі аударма деп түсінуге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: аударма моделі ұғымын, аударманың денотаттық моделін, аударманың трансформациялық-семантикалық моделін талдау және кәсіби аударма моделінің маңызына сипаттама беру.
Нақты аударма процесі аудармашының миы арқылы орындалады және оны тікелей бақылап, зерттеу жасау қиын. Сондықтан аударма процесін зерттеу жанама жолмен әртүрлі теориялық модельдердің көмегімен, яғни аз не кем мөлшердегі жақындықпен аударма процесін толықтай немесе оның белгілі бір жағын сипаттайтын теориялар арқылы жасалады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. Санк–Петербург, 2004 – 72 б.
2. Алпысбаев Қ. Қ., Қазыбек Г.Қ. «Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі» Алматы, 2001- 48 б.
3. Бархударов Л.С. «Язык и перевод» М, 1975-95 б.
4. Виноградов В.С. «Введение в переводоведение» М, 2001- 57 б.
5. Дмитриева Л.Ф., Кунсевич С.Е. «Английский язык курс перевода» Москва, 2005 – 86 б.
6. Казакова Т.А. Практикум по художественному . – Санк – Петербург, 2003 – 22 б.
7. Комиссаров А.В., Коралова В.Н. «Практикум по переводу с английского языка на русский» Москва, 1990 – 24 б.
8. Латышев Л.К. Проворотов В.И. Структура и содержание подготовки переводчиков в языковом вузе.-Курск, 1999 - 101 б.
9. Попович А. Проблемы художественного перевода- М., 1980 – 72 б.
10. Рецкер Я.И. ''Теория перевода и переводческая практика'' М. 1974 – 112 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БӨЛІМ. АУДАРМА МОДЕЛЬДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Аударма моделі ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Аударманың денотаттық моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі ... ... ... ... ... ... ... . ..11
1.4. Аудармадағы лингвистикалық модельдеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 15
2 БӨЛІМ. КӘСІБИ АУДАРМА МОДЕЛІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1. Кәсіби аударма моделінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. Кәсіби аударма моделін құрастыру негізінде аудармашыға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі уақытта аударма теориясында бірнеше үлгі (модель) жасалған. Олардың негізгілеріне денотаттық, семантикалық және трансформациялық үлгілер жатады.
Аударма моделі деп аудармашының бірқатар ойлау операцияларын орындай отырып бүкіл түпнұсқаның немесе оның кейбір бөлігін аударуын шартты сипаттауды айтады.
Денотаттық үлгіде аударма тіл мен өмір шындығының байланысы басты назарға алынады. Кейде аударманың жағдаяттық үлгісі деп те аталатын бұл модель өмір шындығының әлдеқандай құбылыстарының атаулары аударма тілде жоқ болса да, тілдік заңдылықтардың көмегімен салыстырудың мүмкіндігі әрқашан болады деген заңдылыққа саяды.
Семантикалық үлгі аударма үдерісінде сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі саналатын семаларға мән берумен байланысып жатады. Ал трансформациялық модельді сөздердің орындарын ауыстыру, сөйлемнің құрылымын өзгерту, сөз таптары мен сөйлем мүшелерін өзгерту, сөз қосу, сөздерді түсіру сынды әдістердің негізіндегі аударма деп түсінуге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: аударма моделі ұғымын, аударманың денотаттық моделін, аударманың трансформациялық-семантикалық моделін талдау және кәсіби аударма моделінің маңызына сипаттама беру.
Нақты аударма процесі аудармашының миы арқылы орындалады және оны тікелей бақылап, зерттеу жасау қиын. Сондықтан аударма процесін зерттеу жанама жолмен әртүрлі теориялық модельдердің көмегімен, яғни аз не кем мөлшердегі жақындықпен аударма процесін толықтай немесе оның белгілі бір жағын сипаттайтын теориялар арқылы жасалады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.
1 БӨЛІМ. АУДАРМА МОДЕЛЬДЕРІ
1.1. Аударма моделі ұғымы

Аударма деп тар мағынада бұл термин аудармашының аударма мәтінін жасаудағы әрекетін атайды. Аударма процесі кем дегенде 2 этапты: аудармашының оригиналдың мазмұнын анықтауы және аударма вариантын таңдауы. Осы этаптардың нәтижесінде оригинал мәтінінен аударма мәтініне өту орындалады. Бұл жағдайда аудармашы жиі өз жүрегімен әрекет етеді, кейде варианттарды таңдауда нені басшылыққа алғанын да білмейді, бірақ бұлай жасау үнемі еркін өз білгенін істеу деген емес. Ол көп жағдайда бастапқы тіл мен аударма тілі хабарларын құру тәсілдерінің сәйкестігімен анықталады. Аударма теориясы оригинал мәтінінен аударма мәтініне өту қалай өтеді, аудармашы әрекетінің негізінде қандай заңдылықтар жатқанын анықтауға тырысады.
Аударма жан-жақты, көп қырлы құбылыс. Көркем шығармаларды аудару, жарнамаларды аудару, шетел фильмдерін аудару-бұлардың барлығы аудармалардың түрлері. Халықаралық конференцияда синхронистің жұмысы-аударма. Шетелден келген қонақтарға таможняда немесе базарда көмектесу де аударма. Бір тілден екінші тілге өлеңдер, көркем проза, публицистика, әртүрлі ғылыми-техникалық материалдар, дипломатиялық құжаттар, іскерлік қағаздар, саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері мен мақалалары, шешендердің сөздері, газеттегі мәліметтер, сұхбаттар т.б. аударылады. Аударманы жүзеге асыратын аудармашыға оригиналдың мағынасы мен формасын ең жоғары деңгейде бере алуы үшін екі тілді жетік білу аздық етеді. Жақсы аудармашы болу үшін аударманың тарихын, қыр-сырын, тәсілін, заңдылықтарын игеруі қажет.
Нақты аударма процесі аудармашының миы арқылы орындалады және оны тікелей бақылап, зерттеу жасау қиын. Сондықтан аударма процесін зерттеу жанама жолмен әртүрлі теориялық модельдердің көмегімен, яғни аз не кем мөлшердегі жақындықпен аударма процесін толықтай немесе оның белгілі бір жағын сипаттайтын теориялар арқылы жасалады. Аударма моделі деп аудармашының бірқатар ойлау операцияларын орындай отырып бүкіл түпнұсқаның немесе оның кейбір бөлігін аударуын шартты сипаттауды айтады. Лингвистикалық аударма теориясында аударма модельдері тілдермен тілдік бірліктердің ой операциялары түріндегі аударма процесін білдіреді, яғни таңдау оригиналдың тілдік ерекшеліктерімен және аударма тіліндегі сәйкес құбылыстармен анықталатын лингвистикалық операция дегенді білдіреді. Аударма моделі шартты түрде болады, себебі аударма мәтінін жасау процесіндегі аудармашының шын әрекетін міндетті түрде бейнелемейді. Өзінің практикалық жұмысында аудармашы бізге белгілі аударма модельдерінің ешқайсысымен сәйкес келмейтін қандай-да бір жолмен қажетті нәтижеге жете алғанмен де, мұндай моделтдерді білу оған кейбір қиын аудармалық міндеттерді шешуге көмектеседі.
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің төмендегі модельдер бойынша жасалған мысалдар:
- N+N моделі-екі зат есім түбірлерінің бірігуі арқылы: hand paper, tear gas, piano keys, painter-lover, workforce, bird-dog, boat-ride, sunbather, oak tree, coffee time, cough drops, air-rifle, motorcycle, killer shark, cane sugar;
- A+N+Suf-ed моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі+-ed сын есім суффиксі: long-legged, grey-haired, black-eyed, lean-faced;
- Num.car+N моделі-есептік сан есім түбірі+зат есім түбірі: ten-year, two-room (екінші компонентіне еркін тіркестердегідей - s қосымшасы жалғанбайды), three-star, one-step, five-year, two-foot, three-hand, three-corner, four-square;
Num.car+N моделінен a) Num.car+N=N, яғни есептік сан есім түбірі +екі зат есім түбірлерімен байланысқан шағын моделі жасалатын жолы бар: five man crew, five-year period, one-step dance, three-star brandy;
- Num.ord+N моделі- реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі: second-hand, first-rate, second-class, first aid, first-hand, first cousin, first-night;
-Num.ord+N моделінен төмендегідей шағын моделі жасалады:
a) Num.ord+N=N реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі зат есіммен байланысқан шағын моделі: second-hand shop, first-year-student, hundredth-year goods, first-hand newspaper;
- N+A моделі-зат есім түбірі+сын есім түбірі: world-wide, blood-thirsty, crush-proof, paper-thin, grass-green, bony-dry, worldwide, penny-wise, pound-foolish, trigger-happy, knee-high;
- N+PII моделі-зат есім түбірі+есімшенің ІІ формасының түбірі: panic-stricken, snow-covered, brick built, fin-stabilized, gravity-powdered, jeep-mounted, shoulder-fired, custom-built, paper-made, science-based, war-damaged, country-bred;
- A+A моделі-сын есім түбірі+сын есім түбірі: red-hot, dark-blue, deaf-mute, dark-green, honest-true, heavy-thick, noble-good, light-green, Anglo-French, socioeconomic, physicotechnical;
- A+PI моделі-сын есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі: good-looking, odd-looking, hard-working, high-flying, wide-spreading, far-reaching;
- A+N моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі: darkroom, hot house, handyman, blueprint, greengrocer, tenderfoot, lazy-bones, black shirt, mad house, greybeard, light-skirts;
- V+N моделі-етістік түбірі+зат есім түбірі: cut-throat, pickpocket, punch card, scarecrow, call girl, turncoat, drawbridge, pushbutton, selectman;
- A+PII моделі-сын есім түбірі+есімшенің ІI формасының түбірі: soft-spoken, clean-cut, deep-cut, far-gone, foreign-built, clean-shaven;
- N+PI моделі-зат есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі: egg-lying, water-holding, date-processing, top-selling, epoch-making, coal-forming, acid-resisting, cash-paying, cliff-nesting, fur-bearing;
- V+V моделі-екі етістік түбірлерінің бірігуінен: hearsay, makebelieve;
-PI+N моделі-есімшенің І формасының түбірі+зат есім түбірі: humming-bird, cleaning woman, diving board, frying machine, whipping boy, mocking bird;
- V+A моделі-етістік түбірі+сын есім түбірі: speak-easy;
- D+N моделі-үстеу+зат есім түбірі: output, after-life, after crop, aftermath, out-voter, outcollege, by-election, by-law, by-product, downtown, overcoat, undershirt, uproad;
- D+A моделі-үстеу+сын есім түбірі: ever-green, ever-young, ever-helpful;
Күрделі сөздің құрылымдық бірігуі мына мәселелерге байланысты болады: екпіннің бір болуы, бірге немесе дефис арқылы жазылуы, семантикалық тұтастығы, морфологиялық және синтаксистік функцияларының бір болуы.
Ағылшын тіліндегі жеке сөзге тән белгілер мен күрделі сөздерге тән белгілерді салыстырғанда біріккен сөздер сөз тіркестеріне қарағанда, жеке сөздерге әлдеқайда жақын деген қорытынды шықты.

1.2. Аударманың денотаттық моделі

Ситуациялық (денотаттық) аударма модельі әдетте денотаттар деп аталатын құбылыстар, қандай да бір заттарды бейнелейтін барлық тілдік бірліктердің мазмұны.
Тілдің көмегімен құрылатын хабар қандай да бір ситуация туралы хабардан тұрады, яғни бір-бірімен белгілі бір қатынасқа түсетін денотаттардың сәйкестігі. Тілдердің әртүрлілігін есепке алмасақ, бүкіл адамзат үшін бізді айнала қоршаған орта бірдей.
Қоршаған ортаның, биологиялық құрылыстардың өнеркәсіптік, өмір процестері барлық адамдарда, олардың тілдерінің бөлектігіне қарамастан ортақ, бұл дегеніміз барлық адамдар бір-бірімен ой алмасқанда бірдей құбылыстарды көру арқылы болады.
Кез-келген хабардың негізгі мазмұны белгілі-бір тілден-тыс ситуацияның бейнесі екенін ескерсек, аударманың ситуациялық моделі аударма процесін аударма тіліндегі ситуацияны, түпнұсқа тіліндегі сипатталған ситуацияның көмегімен беру процесі ретінде қарастырады. Бұл жағдайда аудармашының әрекеті мынадай түрде бейнеленеді.
Аудармашы оригинал мәтінін қабылдай отырып, осы мәтінді құрайтын бірліктерді өзіне белгілі аударма тіліндегі тілдік бірліктермен теңдестіреді және олардың мағынасын контекстті аудара отырып түпнұсқа қандай ситуацияны сипаттап отырғанын анықтайды. Одан кейін аудармашы осы ситуацияны аударма тілінде сипаттайды. Сөйтіп аударма процесі түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне өту кезінде болады.
Кейбір жағдайларда бұл процесс қысқа жолмен өтеді, яғни мәтінді немесе оның кандайда бір бөлігін аудару алдын ала жасалынса және аудармашыға бастапқы тілдің белгілі бірліктері аударма тіліндегі бірдей заттарды немесе құбылыстарды көрсеткен жағдайда. Бұл негізде ол тікелей түпнұсқа бірліктерін аударманың сәйкес бөліктерімен ауыстыра алады. Ситуациясыз қарапайым сөйлемді түсіну қиын. Мысалы: ағылшын сөйлемі The table is on the wall - Таблица кабырғада- деп аударылады, себебі шынайы әрекетте қарым-қатынас жасаушыларға екі сөздің біреуін table - стол және таблица деген мағыналардың бұл жағдайда таблица алынатын, себебі әдетте қабырғада стол емес таблица ілінетіні белгілі болғандықтан болып тұр.
Аударманың ситуацялық моделі түсіндіру күшіне ие. Ол аударма процесін бара-бар сипаттайды, яғни аударма тілінде коммуникативті тең мәтін жасау үшін аудармада бастапқы тілде қандай ситуация сипатталса соны аударма тілінде жеткілікті мөлшерде көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, осы модельдің көмегімен ситуацияға ұқсас деңгейдегі эквиваленттілікке жетуге болады.
Ситуациялық модель негізінде мынадай үш түрлі жағдайда болады:
1) эквивалентсіз лексиканы аудару кезінде;
2) оригиналдағы суреттелінетін ситуация бірмезгілде аударма, вариантын анықтаған кезде;
3) оригиналды немесе оның қандай да бір бөлігін түсіну және аудару хабарда қолданылған тілдік бірліктердің мағынасына еңбейтін ситуацияны анықтаусыз мүмкін болмаған жағдайда.
Бастапқы тілдің эквивалентсіз бірліктерінде дайын сәйкестік болмағандықтан мұндай бірліктерге кез-келген окказиональды сәйкестіктерді жасау тәсілі ситуацияны еске алумен байланысты. Тіпті аударылатын сөзге немесе сөз тіркесіне жасалынған сәйкестіктер (транскрипция немесе калька) бүкіл ситуацияны анықтау негізінде таңдалынады:
The plan is to use a system called "dense pack" which would put the missiles into a narrow strip 14 miles long and one mile wide.
Эквиваленттіліктің екі типін ситуация деңгейіндегі сипаттауда мынадай жағдайлар ситуациялық оригиналда қалай сипатталғанына байланыссыз аударма тілінде берілген ситуацияны сипаттаудың бір ғана жолы болатындығы айтылды. Мұндай жағдайда аудармашы шынайы әрекетте жүгіну ғана арқылы ситуативті эквиваленттілікпен істейтінін анықтай алады: егер ағылшын оригиналына және ғана боялған нәрсені (Wet paint) онда бұл ситуация қазақ аудармасында абайлаңыз, сырланған, деп ал сынғыш нәрселер оралған упаковкадағы (Fragile) қазақша абайлаңыз, әйнек деп аударылады. Осындай ұқсас жолмен ситуация едәуір мөлшерде аударма вариантын таңдауды аударма тілінде бұл ситуацияны бір ғана емес бірнеше сипаттау жолымен анықтайды. Осы тәсіл көптеген жағдайларда аудармада қолданылады.
Keep off the grass. - Көгалмен жүрмеу.
To sit up late. - Кеш ұйықтау.
To swallow the bait. - Қармаққа іліну. Қазақ тілінде бұл сөз тіркестерін басқа жолмен беруге болса да, әдетте ситуацияға жүгіну аудармашыға дұрыс аударма жасауға көмектеседі.
Stop, I have a gun!- Тоқта, Оқ атамын! сипатталынатын ситуацияға жүгіну мынадай жағдайларда аударма вариантын таңдауда сөйлемдегі мазмұн жеткіліксіз болған жағдайда шешуші роль атқарады.Біз келген ситтуацияны егжей-тегжейлі сипатталмайтынын білеміз және оның белгілерінің жиынтығын белгілеу арқылы болатынын білеміз.
Сонымен бірге аударма вариантын таңдау кейде берілген ситуацияның шын мәніндегі әрекетте болатын басқа ,бірақ түпнұсқада қолданылған ситуацияны білдірмейтін белгілеріне байланысты болады. Бұл жағдайда аудармашы берілген ситуация жайында мәліметтер іздестіре отырып аударады.Қарапайым мысалды қарастырайық. Мысалы: бізге мынадай ағылшын сөйлемін аударуымыз керек:
Her aunt must be made to tell then about it. Бұл сөйлемнің жалпы мазмұнын түсіну қиын емес, бірақ aunt зат есімімен made етістігіне қазақ тілінің сәйкестікті таңдау қосымша хабарды талап етеді. "aunt" - апа, апатай, болуы мүмкін, ал "must be made" - мәжбүрлеу немесе сұрау дегенді білдіруі мүмкін. Бұл сұрақты шешу үшін, шын мәнінде қандай адамдар туралы сөз болып отыр, олардың арасындағы қатынас қалай, осы туысқан адам туралы тиісті хабар алу үшін қандай тәсіл қолдану керектігін анықтап алу қажет. Нақты ситуация жайлы керекті мәлімет кейде әртүрлі әдеби кітаптардан немесе әртүрлі справочниктерден алынады. Мысалы, мына мысалда аудармашыға Англияның тарихының негізін білуге тура келеді.
Cromwell and Bradshaw not the guide man, but the King Charles's head man likewise sojourned here. (J.K.Jerome). асты сызылған сөздерді аудару тек аудармашыға Дж. Бредшоның Англияда Карл І-шіні өлім жазасына кескен соттың председателі болғанын білген жағдайда ғана мүмкін болады. Мәтінде өзіне не тар шеңбердегі немесе кең шеңбердегі контекст guide man және King Charles's head man сөз тіркестерін дұрыс түсіндіруге көмектесе алмайды. Сөйтіп, аударманың ситуациялық моделі аударма процесінің кейбір маңызды жақтарын дұрыс бейнелейді және аудармашының шынайы әрекетке жүгінуі мен байланысты және оны аударма тілінің құралдарымен сипаттайтын аударма варианттарын таңдау ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік беретін модель.
Сонымен бірге бұл модельдің аз күшке ие, өйткені ол аударма процесінің орындалуының кейбір тәсілдеріне ғана ие. Белгілі, сипатталынатын ситуация көп жағдайда әртүрлі тәсілдермен сипатталынатын болғандықтан аударма вариантын таңдауды үнемі бір жақты анықтай бермейді. Ондай жағдайларда нақты оригинал сипаттайтын ситуацияны дәл анықтау аудармашыға бұл ситуацияның қандай белгілерін аударма тілінде хабарды құруда көрсету керектігін білдірмейді.
Аударманның ситуациалық моделі түпнұсқаның коммуникация мақсатын беру үшін аудармашы сол ситуацияны сипаттаудан бас тартқан жағдайда қолданылмайды. Егер бұл ситуация түпнұсқа қабылдаушысына қарағанда аудрма қабылдаушысына басқа асссоциациямен байланысты тиісті қортынды жасауға мүмкіндік бермесе, онда аудармашының сол ситуацияны аударма тілінің құралдарымен сипаттауы тіларалық коммуникацияны мүмкіндігін қамтамассыз етпейді.
Бұл айтылғандардан шығатыны ситуациялық модель аударма процесін дұрыс түсіндірмейді. Ол аударма процесін адекватты түрде мынандай жағдайларда оның орындалуы үшін түпнұсқадағы сипатталынатын ситуацияны анықтап оны аударма тілінің құралдарымен берген жағдайда бере алады. Бірақ оның түсіндіру күші оның түпнұсқасының сол бөлігінің мазмұнын аудармада берілу қажеттігін ескрмейтіндігімен шектеледі.

1.3. Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі

Аударманың трансформациялық семантикалық моделінің ситуациялық модельден айырмашылығы, аудармада оригинал бірліктерінің мағыналарын беру іске асатындығында. Ол аударма процесін аудармашының бастапқы тіл бірліктерінен аударма тіл бірліктеріне олардың арасында эквиваленттілік қатынасын орната отырып өтетін бір қатар кайта құру деп қарайды. Сөйтіп трансформациялық модель түпнұсқамен аударма структураларымен лексикалық біріліктерімен тікелей байланысына бағытталған.Сәйкес келетін бірліктер аудатма процесінің бастапқы және соңғы жағдайы ретінде қарастырылады.
Трансформациялық семантикалық модель бойынша аударма процесі 3 этаптан өтеді.
Бірінші этапта-анализ этабында бастапқы тіл шеңберіндегі бастапқы синтатикалық структураларды ықшамдап ауыстыру жасалады. Түпнұсқаның структуралары қарапайым және жеңіл формаға қайтадан жасалады. Мұндай қарапайым ядролық структуралар әртүтлі тілдерде бір - біріне жақын,және аудармада бір-бірін жеңіл ауыстырады. Мысалы, She is a good dancer сөйлемі неғұрлым анық структураға She dances well деп ауыстырылады; немесе The thought worried сөйлемі екі ықшамдалған сөйлем түрінде берілуі мүмкін: he thought, he worried.
Анализ стадиясында ықшамдалған қайта құруларда элементарлы мағынадағы кейбір сөздерде жатады. Мағынанаың мұндай элементі сөз мағынасында оның өзімен жақын сөздердің мағыналарын салыстырумен және оларлың арасындағы айырмашылықты көрумен анықталады. Мұндай семантикалық қатарлардың құрамынан мағыналардың ортақ элементтерін де, сонымен бірге әрбір синонимнің басқа қатарлардан ажырататын айырмашылықтарында табуға болады.
Мысалы, мынадай ағылшын сөздері қатарларында: speak, sing, whistle, whisper, hum мағынаның жалпы ядролық компоненті болып, дыбыстарды сөйлеу аппаратының көмегімен дыбыстау болып табылады. Ал, мағынасы мысалы: whisper - сыбырлау осы ядролық мағынадан тұрады және екі қосымша ажы рататын белгілері онда дыбыс жоқ, ал speak-sing сөзімен ажыратылады.
Осындай ұқсас жолмен кез-келген жақын мағналы сөздердің элементарлы мағыналарын анықтауға болады: Мысалы run, walk, jump, hop etc., немесе кейбір туыс - түр жағынан байланысты сөздер: animal және mammal, dog және poodle т.б.
Ұқсастық немесе айрмашылық элементтерін әртүрлі тілдердің мағыралары жақын сөздердің салыстыру арқылы да табуға болады. Мысалы студент сөзіне анализ жасау мынадай семантикалық белгілерді: жоғары оқу орнының оқушысы (мектептегі оқушыдан айырмашылығы), оқушы (оқытушыдан айырмашылығы), жекеше түр (студенттерден айырмашылығы).
Ағылшын тілінде student бірінші сема жоқ, қалған екеуі сәйкес келеді. Семалардың әйтеуір бір бөлігінің сәйкес келуі әртүрлі тілдердің сөзіне эквивалент болуына мүмкіндік береді.
Анализ этабында синтактиалық структураларды және лексикалық бірліктердің мағынасын ықшамдау аударманың екінші этабын - өту этабын яғни, аударма тілінің негізгі структураларына және семантикалық компоненттеріне өтуге мүмкіндік береді. Айтылып өтілгендей, мұндай структуралар және элементарлық семалар деңгейінде әр түрлі тілдерде едәуір ұқсастық байқалады.
Сондықтан негізінде бұл деңгейдегі эквиваленттік бірліктер салыстырмалы түрде тез табылады. Егер She is a good singer сөйлемі белгілі бір профессионалды әншіге қатысты болмаса, бұл сөйлемді оңай She sings well" деп ауыстыруға болады. Осыған ұқсаc he was humming a merry tune сөйлемін аударуда қазақ сәйкестігін табу жеңіл, егер ағылшын семасы hum to produce musical tones және without words дегенді білдіретінін еснпке алсақ, яғни сөзсіз ыңылдап өлен айту.
Үшінші этапта -"реструктура жасау" яғни структураны қайта жасау-оригиналдың соңғы структуралары мен бірліктерін аударма тіліне ауыстыру болады (жасалады). Бұл жағдайда тілдің нормасына сәйкес мынадай формальді белгілер, сөз тәртібі, сөйлем құрылысы, семантикалық бірліктердің саны оларды бөлу өзгереді.
Аударманың трансформациялық- семантикалық моделі тусіндіру күшіне ие. Ол аударма процесінің тікелей бақылауға келмейтін көптеген жақтарын сипаттауға мүмкіндік береді. Әсіресе ситуациялық моделден айырмашылығы бұл модель бастапқы мәтінінің мазмұнындағы тілдік бірліктердің мағынасының рөлін, және бұл бірліктердің аудармада қолданылатын аударма тілі құралдарына тәуелділігін көрсетуге мүмкіндік береді:
Last year saw a rapid growth of industrial production. - Өткен жылы өндіріс өнімдерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күрделі сөздердің мағыналары проблемасы
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдері
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу процесіндегі аударма теориясының негіздерін анықтау
Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары
Қазақ тілінен ағылшын тіліне машиналық аударудағы лексикалық таңдауды шешу жолдарының моделдері мен әдістерін жасау
Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер
Неологизмдердің жасалу тәсілдерін саралау
Экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Ағылшын тіліндегі неологизмдердің аудармада берілуі (техникалық лексиканың негізінде)
Пәндер