Аудармадағы грамматикалық сәйкестік



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 БӨЛІМ. АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК ... ... ... ... .5
1.1. Грамматикалық сәйкестік ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Заңды сәйкестіктер теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Бірлік және көптік сәйкестіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2 БӨЛІМ. ЭКВИВАЛЕНТСІЗ АУДАРМА БАРЫСЫНДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті.стилистикалық функциясын ескеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Аударманың грамматикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3. Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОСЫМША
Курстық жұмыстың өзектілігі. Зерттеу барысында грамматикалық сәйкестіктің аударма жайындағы ғылымның ең негізгі категорияларының бірі ретінде түсінік беру.
Аудармадағы абсолютті сәйкестік бастапқы және аударма мәтіндерінің формалды, мағыналық және ақпаратты құрамдас бөліктерінің сәйкес келуімен сипатталады, алайда, іс жүзінде оған қол жеткізу мүмкін емес деуге болады. Сәйкестік категориясы аудармада «әріпшіл аударма – еркін аударма» оппозициясында көрінеді. Сондай-ақ, сәйкестік деп бастапқы мәтін бірлігін аудару нұсқаларының бірін айтады. Сәйкессіздік – бастапқы мәтіннің кез келген аударылмаған немесе үстеме тілдік бөліктері ретінде танылатын бірқатар берілмеген ақпарат немесе үстеме ақпарат көлемі.
Аудармашылық сәйкестік – бастапқы тілдің нақты бірлігін аудару үшін тұрақты пайдаланылатын аударма тілінің бірлігі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: грамматикалық сәйкестік ұғымына, заңды сәйкестіктер теориясына және бірлік және көптік сәйкестіктерге талдау жасау. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескеру. Аударманың грамматикалық мәселелеріне тоқталу. Эквивалентсіз грамматикалық бірліктерді терең зерттеу.
Заңды сәйкестіктер – бастапқы мәтіннің сөздері, сөз тіркестері мен сөйлемдерінің аударма мәтінінде барабар түрде алмастырылуы. Тұрақтылық дәрежесіне қарай аудармада мәтін бірліктері арасындағы заңды сәйкестіктерді баламалар, аналогтер (ұқсастықтар, үйлестіктер) және барабар (баламалы)алмастырулар деп үш түрін ажыратады.
Нұсқалық сәйкестік – контекске байланысты туындаған бастапқы мәтін бірлігін аударудың мүмкін болатын нұсқасы.
Аналог (үйлестік) – берілген контексте бастапқы мәтіндегі өзіне баламасыз сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасына ие аударма мәтініндегі сөз немесе сөз тіркесі.
Адекватты (барабар) алмастыру – аудармашының мәтіндегі ойды дәл жеткізу үшін, кейде түпнұсқаның сөздіктердегі сәйкестіктерін емес, мағынасы жағынан соған сай келетін, жалпы мазмұн тұрғысынан көрінетін заңды сәйкестіктерді беруі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. Санк–Петербург, 2004 – 72 б.
2. Алпысбаев Қ. Қ., Қазыбек Г.Қ. «Қазақ аудармасвның теориясы мен тәжірибесі» Алматы, 2001- 48 б.
3. Бархударов Л.С. «Язык и перевод» М, 1975-95 б.
4. Виноградов В.С. «Введение в переводоведение» М, 2001- 57 б.
5. Дмитриева Л.Ф., Кунсевич С.Е. «Английский язык курс перевода» Москва, 2005 – 86 б.
6. Казакова Т.А. Практикум по художественному . – Санк – Петербург, 2003 – 22 б.
7. Казакова Т.А. Практические основы перевода. – Санк – Петербург, 2002 – 76 б.
8. Комиссаров А.В., В.Н. Коралова «Практикум по переводу с английского языка на русский» Москва, 1990 – 24 б.
9. Комиссаров В.Н. «Общая теория перевода. Проблемы переводоведения в освещении зарубежных ученных»М, 2000 – 67 б.
10. Комиссаров В.Н. «Теория перевода» М. Высшая школа, 1990 – 76 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БӨЛІМ. АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК ... ... ... ... .5
1.1. Грамматикалық сәйкестік ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Заңды сәйкестіктер теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Бірлік және көптік сәйкестіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 БӨЛІМ. ЭКВИВАЛЕНТСІЗ АУДАРМА БАРЫСЫНДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескеру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Аударманың грамматикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3. Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Зерттеу барысында грамматикалық сәйкестіктің аударма жайындағы ғылымның ең негізгі категорияларының бірі ретінде түсінік беру.
Аудармадағы абсолютті сәйкестік бастапқы және аударма мәтіндерінің формалды, мағыналық және ақпаратты құрамдас бөліктерінің сәйкес келуімен сипатталады, алайда, іс жүзінде оған қол жеткізу мүмкін емес деуге болады. Сәйкестік категориясы аудармада әріпшіл аударма - еркін аударма оппозициясында көрінеді. Сондай-ақ, сәйкестік деп бастапқы мәтін бірлігін аудару нұсқаларының бірін айтады. Сәйкессіздік - бастапқы мәтіннің кез келген аударылмаған немесе үстеме тілдік бөліктері ретінде танылатын бірқатар берілмеген ақпарат немесе үстеме ақпарат көлемі.
Аудармашылық сәйкестік - бастапқы тілдің нақты бірлігін аудару үшін тұрақты пайдаланылатын аударма тілінің бірлігі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: грамматикалық сәйкестік ұғымына, заңды сәйкестіктер теориясына және бірлік және көптік сәйкестіктерге талдау жасау. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескеру. Аударманың грамматикалық мәселелеріне тоқталу. Эквивалентсіз грамматикалық бірліктерді терең зерттеу.
Заңды сәйкестіктер - бастапқы мәтіннің сөздері, сөз тіркестері мен сөйлемдерінің аударма мәтінінде барабар түрде алмастырылуы. Тұрақтылық дәрежесіне қарай аудармада мәтін бірліктері арасындағы заңды сәйкестіктерді баламалар, аналогтер (ұқсастықтар, үйлестіктер) және барабар (баламалы)алмастырулар деп үш түрін ажыратады.
Нұсқалық сәйкестік - контекске байланысты туындаған бастапқы мәтін бірлігін аударудың мүмкін болатын нұсқасы.
Аналог (үйлестік) - берілген контексте бастапқы мәтіндегі өзіне баламасыз сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасына ие аударма мәтініндегі сөз немесе сөз тіркесі.
Адекватты (барабар) алмастыру - аудармашының мәтіндегі ойды дәл жеткізу үшін, кейде түпнұсқаның сөздіктердегі сәйкестіктерін емес, мағынасы жағынан соған сай келетін, жалпы мазмұн тұрғысынан көрінетін заңды сәйкестіктерді беруі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1 БӨЛІМ. АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК
1.1. Грамматикалық сәйкестік ұғымы

Аударманың оригиналға мағыналық және структуралық жағынан барынша жақындығына тырысу аударма процесі кезінде эквивалент болып тек қана біріктірілген текстер ғана емес, сонымен бірге бастапқы тілмен аударма тіліндегі олардың бірліктері болып табылады.
Бастапқы тілдің бірлігін аудару үшін жиі қолданылатын аударма тілінің бірлігі аудармалық сәйкестік деп аталады.
Аудармалық сәйкестікті екі тілдің жүйесінде ұқсас орын алатын, аударма процесіне қатысатын бірліктерді салыстыру арқылы емес, аудармада бірігетін коммуникативті жағынатын тең дәрежедегі сөйлемдерді жалғастыру арқылы анализі кезінде іске алады.
Сәйкестерді бастапқы тілдің бірліктері үшін тіл жүйесінің кез-келген деңгейіндегі анықтауға (табуға) болады: дыбыстан бастап сөйлемге дейін.
Дыбыс деңгейіндегі сәйкестіктер: lady-леди,speaker-спикер, Liverpool-Ливерпуль т.б.
Морфема деңгейіндегі сәйкестік: Table-s-стол-дар; back-bencher артқы-орын-дық; strict-ness; қаталдық т.б.
Сөз деңгейіндегі сәйкестік:he came home- ол үйге келді,
I looked at her - Мен оған қарадым, my brother lives in Astana - Менің ағам Астанада тұрады.
Мұндай түрдегі сөз сайын аударма күрделі структуралы сөйлемдерді аударғанда да қолданылады. The Industrial Revolution brought into being the Industrial - Өнеркәсіптік революция индустриялық туғызды, proletaant and with it the fight for civil and political - пролетариат және онымен саяси, азаматтық күрес, rights,trade unions and the right to voice - құқықтар, кәсіподақтар дауыс беруге құқығы бар.
Әр сөз сайын аудармада оригиналдың әрбір элементіне абсолютті (шексіз) сәйкестік ұйғарылмайды, себебі қазақ немесе ағылшын тілдерінде әдетте, ағылшын артикильдерінде және кейбір көмекші сөздеріне тура эквивалент жоқ. Көбінесе сөз сайын сәйкестік оригиналдарының кейбір сөздері үшін табылады, ал қалған (басқа) сәйкестік басқа деңгейде бекітіледі.
Сөз деңгейіндегі сәйкестер: to take part - қатысу, to spill the beans- құпияны жайып салу, to come to the wrong Shop - қате мекен-жайға хабарласу. Бұл жағдайда оригиналдағы және аудармадағы сөз тіркестері негізінде эквивалентті (баламалы) бірақ олардың құрамында бір-біріне сәйкес келетін сөздер жоқ.
Сөйлем деңгейіндегі сәйкестіктер: кеер оff the grass! - Көгалдармен жүрмеу! there's a good boy!-Ақылды екен! Will you leave a massage? - Оған не беру керек?
Оригинал мен аудармадағы эквивалентті сөйлемдердегі бір-біріне сәйкес келетін сөз бен сөз тіркестері жоқ. Бұл жағдайда қазақ сөйлемдері ағылшын сөйлемдеріне сәйкес келетін мағыналар үшін қолданылады, оларға толықтай сәйкес келетін болуы керек.
Сәйкес келушілік аударылатын бастапқы тіл бірліктерінің қатынасына оның бастапқы тіл бірлігінің белгілі бір деңгейде сәйкес келуіне байланысты классификацияланады.

1.2. Заңды сәйкестіктер теориясы

Белгілі ғалым Рецкер Я.И-дің аудармадағы мәтінді меңгеру (түпнұсқа мәтін және аударма мәтінін) нәтижесінде жасалған заңды сәйкестіктер теориясы аударма теорияларының алғашқыларының бірі болып табылады. Бұл теория кейбір логикалық-семантикалық реттегі әдістердің аударма үрдісінде қайталанатындығын ескереді. Демек, жеке сөздер мен сөз тіркестерін аудару үшін, оның екінші тілдегі тұрақты баламасын табу керек.
Тұрақты баламалар барлық тілдерде болады, мысалы, жалқы есімдерді, терминдерді, сан есімдерді аударуға арналған баламалар. Ал кейбір басқа сөздер мен сөз тіркестерін аудару үшін, тек қана нұсқаулық контекстік сәйкестіктерді табуға болады, яғни сөзді немесе сөз тіркесін тек белгілі жағдайда ғана берілген мәтінге қолдануға жарайтын уақытша баламалар пайдалануға болады. Сонымен қатар кейбір сөздер немесе сөз тіркестер тобын аудару үшін, қисынды ойлау және олармен лексикалық трансформация арқылы байланысқан әдіске жүгінуге тура келеді.
Сонымен, Рецкер Я.И-дің ойынша, түпнұсқа және аударма мәтіні бірліктерінің арасында сәйкестіктердің үш категориясы бар:
1. Белгіленген ұғымның тепе-теңдігі арқасында қалыптасқан, сонымен қатар тілдік қатынас дәстүрінде сақталған баламалар.
2. Нұсқаулық және контекстік сәйкестіктер.
3. Аудармашылық трансформациялардың барлық түрлері.
Рецкер Я.И-дің теориясы аудармашы жұмысының негізгі әдістерін түсіндіреді.
Рецкер Я.И баламалар мағынасының және сөз тіркесінің көлемін меңгеруге ынталандырады; ол контекст мағынасына және бастапқы тіл бірліктеріне сәйкестіктер іздеу барысында аудармашының жүгінетін келешегі неғұрлым жоғары лексикалық трансформацияларына сілтеме береді. Яғни Рецкер Я.И теориясының құндылығы да осында.
Бірақ Рецкер теориясы барлық аудармашылық үрдісті түсіндірмейді, себебі оның авторы аударма туралы ғылымның бөлімдерін - түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтінінің бірліктерін зерттеумен ғана шектеледі.
Заңды сәйкестіктер теориясы аударманың жалпы теориясының құрамдас бөлігі ретінде кіреді. Ол тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу үшін өте пайдалы болып келеді.

1.3. Бірлік және көптік сәйкестіктер

Сәйкестіктің бірінші белгісі бойынша ол екіге: бірлік сәйкестік және көптік сәйкестік болып бөлінеді.
Екінші белгісі бойынша: лексикалық, фразеологиялық және грамматикалық болып бөлінеді. Бірлік сәйкестік дегеніміз бастапқы тілдің оригиналдың барлық жағдайында қолданылатын, бұл мағынада контекстен тәуелсіз берілген бірліктерін аударудың тұрақты тәсілі. Ол бірлік сәйкестігі оның мағынасын толық беретін аударылатын бірліктің тұрақты эквиваленті болып табылады. Бірлік (тұрақты) сәйкестіктер, негізінен терминдерде, жалқы есімдерде, географиялық атауларда, сонымен бірге кейбір сөздер мен сөз тіркестерінде кездеседі: oxygen-кислород, capitalism-капитализм, House of Commons - Жалпы Палата, Roosevelt - Рузвельт, doctrinarianism - доктринерство.
Көптік сәйкестіктер дегеніміз-контекстің шартына байланысты анықталатын бастапқы тілдің берілген бірліктерін аударудың жүйелі тәсілі. Бұл жағдайда әртүрлі сәйкестік әрбіреуі берілген бірліктің тек қана соған мағынасы жағынан ұқсас мағынасын береді.
Мысалы: attitude-қарым-қатынас, позиция, саясат; actual - тұпнұсқа, ағымдағы, заманауи. Варианттық (әртүрлі) сәйкестіктер бір мағыналы сөздер де, көп мағыналы сөздердің әртүрлі мағыналары бар сөздер де болуы мүмкін, мысалы: trade-union - профсоюз, трэйд юнион, Labour party - еңбек партиясы, лейбористік партия, sincerity-шынайылық, адалдық, chamber - 1. бөлме, апортаменттер; 2. зал, палата, конференциялық-зал; 3. кеңсе, бейне бақылау, кабинет т.б. Кейде варианттық сәйкестіктер аударма тілінің синонимдерінен жасалады, мысалы, importance-маңыздылық; slander-жала, жала жабу.
Сәйкестіктерді тұрақты және вариантық деп бөлу негізінен лексикалық және фразеологиялық сәйкестіктерде қолданылады.
Оригиналдың грамматикалық бірліктеріне сәйкестік басқаша жағдайда болады.
Грамматикалық бірліктер жинақталған хабарлардан тұрады және грамматикалық сәйкестік жасалынатын лексикалық бірліктердің мағыналарымен тығыз бірлікте болады және анықталады.
Аудармада грамматикалық форманы таңдау оригиналдың грамматикалық бірліктерінен анықталмайды. Ол беретін хабарды айтуда толықтай жеткізуді ұйымдастырады. Сондықтан бастапқы тілдің грамматикалық бірліктері үшін бірлік (тұрақты) сәйкестіктер (табылмайды), яғни тұрақты немесе ең болмағанда кейбір жағдайда аудармада кездеспейді. Бастапқы тілдің грамматикалық бірліктеріне көптік (варианттық) сәйкестіктер де лексикалық варианттық сәйкестіктерден ерекшеленеді.
Лингвистикалық контекст дегеніміз - текстте тілдің осы немесе басқа бірліктері қолданылатын тілдік орта сөздің контексі деп қолданылған сөздердің айналасындағы сөздердің грамматикалық формалар мен конструкциялардың сәйкестігі.
Контекст тар контекст (микроконтекст) және кең контекст (макроконтекст) деп бөлінеді.
Тар контекст дегеніміз - сөз тіркестері мен сөйлемдердің контексі, яғни сөйлем көлеміндегі осы бірліктердің айналасындағы тілдік бірліктер.
Кең мағынадағы контекст деп осы бірліктердің сөйлем шеңберінен шығып кететін тілдік айнала, бұл - текстік контекст, яғни, аралас сөйлемдердегі тілдік бірліктердің сәйкестігі. Кең көлемдегі контекстің нақты шегін көрсетуге болмайды, себебі бұл сөйлем топтарының контексі, абзацтық, бөлімнің тіпті бүкіл шығарманың, мысалы әңгіменің немесе романның болуы мүмкін.
Тар шеңбердегі контекст өз кезегінде синтактикалық және лексикалық контекстер болып бөлінеді.
Синтактикалық контекст дегеніміз-берілген сөз, сөз тіркесі немесе бағыныңқылы сөйлем қолданылатын синтактикалық конструкция.
Лексикалық контекст дегеніміз - айналасында осы бірліктер қолданылатын лексикалық бірліктердің сөздердің және тұрақты сөз тіркестерінің сәйкестігі.
Ситуациялық контекст дегеніміз - ойға қатысты жағдайы, уақыты, орны ескерілетін контекст.
Аудармалы сәйкестіктерді қолдану үнемі оригиналдың аударылатын бірліктері қолданылатын контексті есепке алуды талап етеді.
Сәйкестіктер дегеніміз - бастапқы тілдің бірліктерінің мағыналарына жақын аударма тілінің бірліктері, сондықтан ең алдымен оригиналда бұл бірліктің қандай мағынада тұрғанын біліп алу керек. Тілдік бірліктердің көпшілігі көп мағыналы, бірақ олар контексте әдетте өздерінің көп мағынасынан өзіне тиісті мағынасында қолданылады. Басқа жағдайларда контекстте сөздің мағынасын анықтау үшін кең шеңбердегі контестке көңіл аударуға тура келеді.

2 БӨЛІМ. ЭКВИВАЛЕНТСІЗ АУДАРМА БАРЫСЫНДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК
2.1. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескеру

Аударма практикасында грамматикалық ауыстырылымдар әдетте лексикалық ауыстырылымдар мен бірігіп жатады. Көп жағдайларда сөйлемнің конструкциясын өзгерту грамматикалық себептерге емес, лексикалық себептерге байланысты болып жатады.
Сөйлемнің коммуникативтік мақсаты бәрінен бұрын сөзді немесе бірнеше сөздерді мұқият таңдауды талап ететіндіктен, аудармада сөйлемнің дәл және дұрыс бейнесін беру үшін аудармалық міндетті шешу сонымен бірге сөздердің формасын, яғни оның грамматикалық категориясын дұрыс таңдауға да байланысты болады, ағылшын тілінің зат есімін қазақ тілінің етістігімен ауыстыру аудармада бүкіл сөйлем құрылысын өзгертуге алып келуі мүмкін.
Әр түрлі системадағы тілдер арасындағы грамматикалық сәйкестіктер көп жағдайларда ауыспалы факторларға байланысты болатын тек қана функциональды бола алады. Аудармада тіпті барлық факторларды ескертетін тиімді сөйлем структурасы табылған күнде де сөйлемнің ең дұрыс, жақсы орын тәртібін қалай таңдау керектігі жайлы сұрақтар туындауы мүмкін.
Қазақ тілі мен ағылшын тілінің синтактикалық конструкциясының арасындағы ұқсастық кейде сөзбе-сөз аударуға, яғни сөйлемнің структурасын, сөздердің орын тәртібін өзгертусіз аударуға мүмкіндік береді. Бірақ кейбір факторлардың әсерімен аудармашының грамматикалық өзгертулерге жүгінуіне тура келеді, яғни аудармашы сөйлемді жартылай немесе толықтай қайта құруына немесе сөйлем мүшелерін ауыстырғанда, сөз таптарын ауыстыруға тура келеді. Кейде грамматикалық өзгерту тіпті ұқсас структуралар болған күнде де қажет болады.
Грамматикалық форма мен синтактикалық конструкция аударма процесі кезінде олардың лексикалық толығуынсыз жеке бола алмайды. Ағылшын текстерін аудару барысында, ол әдеби, публицистикалық болсын тіпті газеттік болсын, сөйлемнің грамматикалық структурасынан гөрі жекеленген сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашуға көп уақыт кетеді.
Көп жағдайларда ағылшын тілі мен қазақ тілінің синтактикалық конструктуралары бір-біріне ұқсас болғандықтан аудармада көп қиындық келтірмейді. Аудармашы үшін тек ағылшын және қазақ тілдерінің кейбір структуралары қиындық келтіреді. Олар қосымша ішкі семантикалық және стилистикалық қасиеттері бар синтактикалық конструкциялар. Мұндай структураларға ағылшын тіліндегі абсолютті конструкциялар жатады.
Аудармада синтактикалық конструкцияларды берудің функциональды принципі сөйлемнің семантикалық және экспрессивті - (бейнесі) негізделеді. Сөйлем формасы, типі жағынан европалық тілдер бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан аудармада ағылшын тілін жақсы білетін аудармашы үшін ағылшын тілінің қазақ тілінде синтактикалық конструктураларын аудару өте-мөте қиындық келтіре қоймайды.
Бірақ ішкі қосымша функциясы яғни мағыналық немесе экспрессивті стилистикалық функциясы бар синтактикалық структураларды аудару қиындық келтіреді.
Грамматикалық трансформация - сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшелерін немесе грамматикалық конструкцияларды өзгертіп, ауыстырып қолдану тәсілі. Ең көп тараған грамматикалық трансформациялар: синтактикалық ұқсау, сөйлемді бөліп аудару, бір немесе бірнеше сөйлемді біріктіріп бір сөйлем арқылы беру тәсілдері.
Сөйлемді мүшелерге бөлу аудару тәсілі - оригинал сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп баяндауышты структуралармен қайта жасау тәсілі. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді күрделі екі немесе одан да көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға мүмкіндік береді:
The annual surveys of the Labour Government were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers.
Лейбористік өкімметің жыл сайынғы жасайтын шолуы ешбір кезеңде жұмысшылар арасында талқыланған емес. Олар тек қана кәсіпкерлер арасында талқыланатын.
Сөйлемдерді біріктіру тәсілі - оригиналдың синтактикалық құрылысын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру арқылы аудару:
That was a long time ago. It seemed like fifty years ago.
Бұл бұрын болса да 50 жыл өткендей көрінді.

2.2. Аударманың грамматикалық мәселелері

Әрбір тілдің даму заңдылықтарына байланысты грамматикалық құбылыстары, жалпы алғанда, басқа тілдің грамматикалық құбылыстарынан өзгеше болады, кейбір жеке жағдайлар бойынша ұқсастықтар да болуы мүмкін (мысалы, сөз таптарына бөлу; сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді ажырату кез келген тілдің грамматикаларында кездеседі).
Осыдан аударманың грамматикалық қиындықтары морфология немесе синтаксис саласында болмасын туындайды. Сондықтан аударманы зерттеуде тілдердің грамматикалық құрылымдарының айырмашылығын анықтаудың маңызы өте зор. Бұл айырмашылықтар әр тілдің ішкі ерекшеліктерінің нәтижесінде пайда болады.
Аударма түпнұсқаның грамматикалық құрылымын дәл жеткізуді мақсат етпесе де, кей жағдайларда түпнұсқаның жеке грамматикалық ерекшеліктері, мысалы, оның ықшамдылығы, сөз тіркестердің немесе сөйлемдердің құрылымындағы параллельдігі, қандай да бір сөз табының жиірек қолданылуы - осындай деректер нақты бір стилистикалық мақсатпен берілсе, аудармашының міндеті - осы белгілердің (ерекшеліктердің) қызметіне қарай аударылатын тілде сай келетін тілдік құралдарды іздеп табу.
Бұл тұста мына жағдайларды ескеру қажет:
1) әр тілдің өзіндік грамматикалық ерекшеліктері әрдайым шектеулі;
2) мұндай құбылыстарды аударғанда белгілі бір тұрақты ереже жоқ, сондықтан бірнеше аударма мүмкіндіктерінің ішінен ізденуге болады; аударма нұсқасын таңдау түпнұсқадағы сөйлемнің көрші сөйлемдермен арақатынасы, аударылатын мәтіннің жанры, түрі, стиліне байланысты.
Грамматикалық қалыптарды дәл сақтай отырып аударманы жүзеге асыру көбінесе мүмкін емес, өйткені көп жағдайда сәйкестіктер болмайды, көбіне олар сөздердің тіркесу ережелеріне және әдеби тілдің талаптарына сай келмейді, ал бірқатар жағдайда стильдік ерекшеліктерді сақтау мүмкін емес. Әсіресе түпнұсқа және аударма мәтіндегі грамматикалық категориялар, жайылма сөйлемнің құрамындағы сөздердің орын тәртібінің сай келуі, олардың саны, сөздіктерде берілген мағыналары дәлме-дәл болуы - өте сирек кездесетін құбылыс.
Түпнұсқа мен аударма нұсқаның тілінде бірнеше грамматикалық айырмашылықтар болуы мүмкін.
1. Бастапқы тілде (түпнұсқада) аударма тілінде сәйкестігі жоқ элемент кездеседі (бірқатар роман, герман тілдерінде артикль категориясының болуы, анықталған (белгілі) анықталмаған (белгісіз) артикльдердің арасындағы айырмашылық; жоғарыда аталған тілдерде шақ категориясының күрделі формаларының кездесуі және басқа тілдерде мұндай формалардың болмауы, т.т.).
Мысалы, белгілі америка жазушысы Драйзер Т-нің шығармасы ағылшын тілінде An Amerіcan Tragedy деп аталады (бұл жерде белгісіз артикльдің мағынасы - осы сияқты көп кездесетін трагедиялардың бірі, қалыпты жағдай; белгілі француз жазушы Ги де Мопассанның романы Une vіe аудармасы Өмір; дұрысы Бір өмірдің хиқаясы болуы керек еді).
2. Аударма тілінде бастапқы тілге сай келмейтін формалар бар, бірақ солай бола тұрса да олар үнемі белгіленген формаларда аудармада қолданылады (мысалы, қазақ тіліндегі етістіктің түр формасы, есімшенің өткен шақтағы актив формасы және осы шақтағы пассив формасы - бұл белгілердің бәрі роман, герман тілдерінде кездеспейді).
Егер қазақ тілінің грамматикалық жүйелерін салыстыратын болсақ, бірнеше айырмашылықтарды анықтауға болады, мысалы:
Қазақ тілінде грамматикалық родтың элементтері тек қана жанды зат есімдерге тән, ал ағылшын тілде жанды, жансыз зат есімдерде де болады.
- қазақ тілінде сан есімдердің ішінде ерекше топ бар, бұл - топтау сан есім.
Топтау сан есімдердің дәл баламасы ағылшын тілде жоқ болса да, аудару барысында бұл грамматикалық форма жалғау және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударманың грамматикалық ерекшеліктері
Аударманың трансформациясы және оның түрлері
Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару
Абай «Қарасөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар
Аударма - мәтіннің мазмұнын бастапқы тілден аударма тіліне беретін процесс
Абайдың «Қара сөздерін» қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың прагматикалық аспектілері
Аудармадағы лексикалық трансформациялық үлгісі
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері
Пәндер