Неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I БӨЛІМ. НЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ағылшын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Неологизмдерді аудару әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
II БӨЛІМ. Д. Р. ТОЛКИЕННІҢ “САҚИНА ӘМIРШIСI” ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ НЕОЛОГИЗМДЕР
2.1 Д. Р. Толкиеннің “ Сақина әмiршiсi ” трилогиясында авторлық неологизмдердің құрылу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Калькалау әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Транслитерация әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.4 Аралас аудару әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Аудару адамның рухани әрекетінің бір түрі ретінде, өте ерте заманнан келе жатыр. Ол сондай-ақ әлемдік мәдениет тарихында маңызды рөл атқарған. Мәдениет ғасырлар бойы дайындалып, ғасырлар бойы өмір сүреді. Әрбір жаңа ғасыр өткен мәдениетке жаңа мән-мағына әкеледі. Адамдардың ғана емес, сонымен қатар, халықтардың да тарихи жады деректерді іріктеп, таңдауға бейім. Мәдениетте ешқашан бірыңғай ықпал етуші, бірыңғай қабылдаушы субъект бола алмайды. Мәдениеттегі байланыс қашанда көпжақты, көпқырлы, ең аз дегенде, екіжақты. Сол мәдени байланысты баянды ететін бірден бір тиімді құрал аударма екендігін көне тарих көптеп дәлелдейді. Аударма ісі өткен тарихта болсын, бүгінгі күнімізде болсын мәдениеттерді байланыстыру құралы ретінде қызмет етіп келеді. Аударма – тілдік қонақжайлылық, кеңпейілділік, кеңшілік түрі. Аударма өзге тілді өз тіліңдей қабыл алып, өзге тілге мейірбандық таныту. Ол беталды жасалған тегін әрекет емес. Аударма – өз тіліңді қайта ашудың, өз тіліңді байытудың, соның әсерінен өз мәдениетіңнің көкжиегін кеңейтудің пәрменді құралы. Ендеше, аударма мәселесі мәдени ортақтасуды жүзеге асыратын мәдениеттер сұхбаты мәселесімен иық тіресе жүрері сөзсіз.
Аударма – мәдениетаралық қатынастың маңызды құралы, өйткені ол бір тілдік мәдениет айғағын екіншісіне таныстырушы орталық буын. Мәдени қарым-қатынасқа көп түскен, яғни өзге мәдени әлемнің когнитивті тәжірибесімен кеңінен таныс мәдениеттің тілінің аударуға бейім келетіндігі, соның нәтижесінде аударма ісінің үдере өрбитіндігі де белгілі жайлар.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Неологизмдердің табиғаты, заңдылықтары мен ерекшеліктерін, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу барысында А.А.Реформатский, В.П.Даниленко, А.В.Суперанская, Н.В.Васильева, Н.В.Подольская, Е.С.Кубрякова, А.А.Уфимцева, Г.О.Винокур, В.М.Лейчик, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, М.М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, К.Ш.Хұсайын, Н.Уәли, Ж.Манкеева, З.Қ.Ахметжанова, Л.Қ.Жаналина, Ш.Құрманбайұлы, Б.Момынова, М.Малбақов, Р.Шойбеков т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға сүйендік. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, ретроспективтік әдістер, сондай-ақ тілдік деректерді түрлі компоненттік, концептуалдық талдау және интерпретациялау, жаппай сұрыптау, жүйелеу, салыстыру, талдау, синтездеу тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Бірінші бөлімде неологизмдердің және оларды аударудың теориялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде
Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдері зерттелген. Қорытындыда жалпы курстық жұмысты талдау бойынша қысқаша түйіндер жасалған.
Курстық жұмыстың теориялық негіздемесі болып қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, неологизмдердің ағылшынша - қазақша сөздігі, отандық ғалымдардың және шетел ғалымдарының еңбектері қарастырылды.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Зерттеу жұмысының барысында неологизмдердің қазақ тілі білімі аталым теориясының үлкен арнасы ретінде танылып, өзінің ерекше зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары, түрлері мен үлгілері анықталды. Зерттеудің нәтижелері қазақ тілі білімінде аталым теориясын дамытады, уәжтану, терминжасам мен сөзжасам теориясына нақты үлес қосады. Зерттеу барысында жасалынған тұжырымдамалар мен нәтижелер неологизм мәселелерінің дамуына, қалыптасуына септігін тигізеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Әлісжанов С. Қ. Қазақ терминологиясы: теория және тәжірибе. Астана, 2005.
3. Белецкий А.А. «Исследование ономастикона//Лексикология и теория языкознания. Киев, 1972, 78б.
4. Керімбаев Е.А. «Казахская ономастика в этнокультурном, номинативном и функциональном аспектах. Алматы, 1995, 25б.
5. Құрманбаев Ш., Сыбанбаева А. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындары заң факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы, 2001.
6. Қазанбаева А.З. Қазақ тілі (экономика факультетінің студенттеріне арналған). Қарағанды. 2003.110 бет.
7. Қайдар Ә. Терминнің үш тұғыры // Қазақ терминографиясының өзекті мәселелері (республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары). Астана, 2004.
8. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. - Астана, Елорда, 2000 ж.
9. Мұсатаева М.Ш. Двуязычная лексикография: тенденции и перспективы. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000. –204с.
10. Хасенов Ә. Тіл білімі. - А., 1996, 2002

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I БӨЛІМ. НЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 “Неологизм” терминінің түсінігі және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ағылшын тіліндегі неологизмдердің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...7
1.3 Неологизмдерді аудару
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .11
II БӨЛІМ. Д. Р. ТОЛКИЕННІҢ “САҚИНА ӘМIРШIСI” ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ
НЕОЛОГИЗМДЕР
2.1 Д. Р. Толкиеннің “ Сақина әмiршiсi ” трилогиясында авторлық
неологизмдердің құрылу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14
2.2 Калькалау
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 Транслитерация

... ... ... ... ... 21
2.4 Аралас аудару

... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25
КІРІСПЕ
Аудару адамның рухани әрекетінің бір түрі ретінде, өте ерте заманнан
келе жатыр. Ол сондай-ақ әлемдік мәдениет тарихында маңызды рөл атқарған.
Мәдениет ғасырлар бойы дайындалып, ғасырлар бойы өмір сүреді. Әрбір жаңа
ғасыр өткен мәдениетке жаңа мән-мағына әкеледі. Адамдардың ғана емес,
сонымен қатар, халықтардың да тарихи жады деректерді іріктеп, таңдауға
бейім. Мәдениетте ешқашан бірыңғай ықпал етуші, бірыңғай қабылдаушы субъект
бола алмайды. Мәдениеттегі байланыс қашанда көпжақты, көпқырлы, ең аз
дегенде, екіжақты. Сол мәдени байланысты баянды ететін бірден бір тиімді
құрал аударма екендігін көне тарих көптеп дәлелдейді. Аударма ісі өткен
тарихта болсын, бүгінгі күнімізде болсын мәдениеттерді байланыстыру құралы
ретінде қызмет етіп келеді. Аударма – тілдік қонақжайлылық, кеңпейілділік,
кеңшілік түрі. Аударма өзге тілді өз тіліңдей қабыл алып, өзге тілге
мейірбандық таныту. Ол беталды жасалған тегін әрекет емес. Аударма – өз
тіліңді қайта ашудың, өз тіліңді байытудың, соның әсерінен өз мәдениетіңнің
көкжиегін кеңейтудің пәрменді құралы. Ендеше, аударма мәселесі мәдени
ортақтасуды жүзеге асыратын мәдениеттер сұхбаты мәселесімен иық тіресе
жүрері сөзсіз.
Аударма – мәдениетаралық қатынастың маңызды құралы, өйткені ол бір
тілдік мәдениет айғағын екіншісіне таныстырушы орталық буын. Мәдени қарым-
қатынасқа көп түскен, яғни өзге мәдени әлемнің когнитивті тәжірибесімен
кеңінен таныс мәдениеттің тілінің аударуға бейім келетіндігі, соның
нәтижесінде аударма ісінің үдере өрбитіндігі де белгілі жайлар.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Неологизмдердің табиғаты, заңдылықтары
мен ерекшеліктерін, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу барысында
А.А.Реформатский, В.П.Даниленко, А.В.Суперанская, Н.В.Васильева,
Н.В.Подольская, Е.С.Кубрякова, А.А.Уфимцева, Г.О.Винокур, В.М.Лейчик,
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, М.М.Копыленко,
Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, К.Ш.Хұсайын, Н.Уәли, Ж.Манкеева,
З.Қ.Ахметжанова, Л.Қ.Жаналина, Ш.Құрманбайұлы, Б.Момынова, М.Малбақов,
Р.Шойбеков т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға сүйендік.
Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, ретроспективтік әдістер,
сондай-ақ тілдік деректерді түрлі компоненттік, концептуалдық талдау және
интерпретациялау, жаппай сұрыптау, жүйелеу, салыстыру, талдау, синтездеу
тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Бірінші бөлімде неологизмдердің және
оларды аударудың теориялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде
Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдері
зерттелген. Қорытындыда жалпы курстық жұмысты талдау бойынша қысқаша
түйіндер жасалған.
Курстық жұмыстың теориялық негіздемесі болып қазақ тілінде осы кезге
дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары,
неологизмдердің ағылшынша - қазақша сөздігі, отандық ғалымдардың және шетел
ғалымдарының еңбектері қарастырылды.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Зерттеу жұмысының барысында
неологизмдердің қазақ тілі білімі аталым теориясының үлкен арнасы ретінде
танылып, өзінің ерекше зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары, түрлері мен
үлгілері анықталды. Зерттеудің нәтижелері қазақ тілі білімінде аталым
теориясын дамытады, уәжтану, терминжасам мен сөзжасам теориясына нақты үлес
қосады. Зерттеу барысында жасалынған тұжырымдамалар мен нәтижелер неологизм
мәселелерінің дамуына, қалыптасуына септігін тигізеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.1 “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұны
Тіл-тілде жаңа пайда болған және оның жаңа сөз екендігі аңғарылып
тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды. Неологизм сөзін грек
тілінен аударғанда — тілдегі жаңалық, жаңа сөз деген ұғымдарды білдіреді.
Неологизмдердің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңалығымен өлшенбейді. Кей
сөз пайда болысымен активті лексика қатарына өтіп, жиі қолданысқа түседі.
Енді бірі неологизм қалпын ұзағырақ сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің
қандай ұғымды аңғартатындығында болса керек. Спутник, космос сөздері
ұғымымен бірге бүкіл әлемді таңдандыра келген, ал қазір таңда активті
лексикаға қосылған жай сөздер. Тіпті бүгінгі таңда қазақ тіліне енген
болған веб сайт, интернет, сөздері де күнделікті баспасөз беттерінде жиі
қолданылып, активті лексика қатарына өту процесін бастан кешіріп жатыр.
Бірақ кей неологизмдер өзінің жаңа қолданысқа түскен белгісін ұзақ сақтауы
да мүмкін. Мысалы, құранды жем, пішендеме сияқты сөздер қолданысқа
түскеніне көп уақыт болса да, көпшілікке түсінікті болатындай дәрежеге жете
алған жоқ. Себебі олар мал шаруашылығымен шұғылданатын адамдардың ғана
қажетін өтеуде. Пассивті лексика қатарындағы неологизмдер мен көнерген
сөздерді өзара салыстырсақ, әрдайым неологизмдер аз кездеседі. Оның себебі
көнерген сөздердің ұмытылу процесі мен неологизмдердің активті лексика
қатарына өту процесі бірдей емес.
Сонымен неологизмдер дегеніміз - активті лексика қатарына енбеген жаңа
сөздер.
Неологизмдердің бір түрі ретінде қаралып жүрген жеке автор
қолданысындағы жаңа сөздердің жайы басқашалау. Себебі жеке автордың
стильдік мақсатта қолданған өзіндік жаңалығы сол күйінде неологизм болып
қала беруі, актив лексика қатарына енбеуі де әбден мүмкін. Мысалы, С.
Сейфуллиннің :
"Негізін сап, қызыл сарай
Жүрміз міне қаласып", - деген өлең қатарындағы жаңа қоғамды көтеріңкі
стильде образды айту үшін кызыл сарай сөзі қолданған. Бірақ ол активті
лексикаға кірмейді.
Мұхтар Әуезов шығармаларында да қарсыласу, миландыру сияқты жаңа сөздер
кездеседі. Ол да жазушының өз қолданысы болып табылады.
Сонымен неологизм түсінігінің дәлме-дәл анықтамасы мен белгілі бір
сөздік бірліктердің неологизмге, қағидаларына қатысты мәселелер қазіргі
күнге дейін шешімін таппаған мәселе болып табылады.
Неологизм түсінігін тереңірек қарастырған А.З.Қазанбаева болып
табылады. Неологизм түсінігін анықтаған зерттеулерді саралай отырып екі
түрлі көзқарастарды байқауға болады. Бірінші неологизм термині тілде
жаңадан қалыптасқан тіл қалыптастырушы үлгідегі сөздермен сәйкес келсе,
екіншіден бұрын-соңды болмаған, белгісіз түсініктерді, затты, ғылым
саласын, мамандықты білдіреді. Мысалы, reactor - ядролық реактор, biocide-
биологиялық соғыс және т.с.с.
Сондай-ақ неологизмдердің өздері де тілде белгілі бір мағынаны
белгілейтін жаңа синонимдерді қалыптастырады. Бірақ бұл синонимдерге
коннотативті бояулар тән, яғни сөздерге жаңадан мән, сипат, маңыздылық
беретін семантикалық және стилистикалық сөз бояуларына ықпал етеді. Мысалы,
boffin (көбінесе әскери мақсаттарда құпия жұмыспен айналысатын ғалым) сөзі
scientist сөзіне жақын синоним болғанымен, басқа семантикалық бояуға ие.
Осы лексикалық инновациялардың пайда болуына, тіл тұрақтылығына,
қолдану жиілігіне байланысты біртектілік байқалмайды. Біреулері тілге енсе,
екінші біреулері қысқаша уақыт ішінде қолданудан шығып кетуі мүмкін. Көбіне
жаңа сөздердің пайда болуы жаңа ассоциациялардың қалыптасуымен байланысты
болғанымен осы кезде сөз түсінігі сақталады, өйткені тіл және жалпы лексика
қарым-қатынас құралы ретінде өз қызметін атқарады, сөздерге қатысты жаңа
түсініктерді бекітіп, қайта өңдейді. Тілдік жүйеде жаңадан пайда болған
неологизмдер біраз уақытқа дейін таралмай, тілдің құрылымдық талаптарына
жауап беретін сөздер ғана кейіннен бірте-бірте тілдік жүйенің орталығына
негізгі сөздік қорға ауысады.
Жаңадан қалыптасқан сөздер тез арада орталыққа еніп, қажетті және
белсенді түрде сөздік құрамға кіреді. Негізінен жаңадан қалыптасқан сөздер
ғылым, техника, мәдениет, саясат салаларында пайда болса, ал неологизмдер
сөйлесу барысында қалыптасады.
Жаңа қалыптасқан сөздер мен неологизмдерді уақытша критерийлер
объективті анықтай алмағандықтан, субъективті критерийлерді қолданудың мәні
зор.
Енді ыңғайлы болу үшін неологизм термині ретінде лексикалық жаңа
қалыптасқан сөздерді де, жеке неологизмдерді де сипаттайтын сөздерді
белгілейтін боламыз[1].
1.2 Ағылшын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері
Қазіргі ағылшын тілінде жаңа сөздердің пайда болуының көптеген
әдістері бар, олардың қатарына жаңа сөзөнімділігі, сөзқұрау, конверсиялық
(өзгерту), қысқарту, адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші
есімге айналуы), кері сөз құрылымы, лексико-семантикалық тәсіл,
дыбыстардың кезектесуі және сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық
тәсіл) және т.б. Бірақ, аталған тәсілдердің барлығы да бірдей қолданыла
бермейді және әрқайсысының өзіндік сөзқұрылым процесіндегі салмақтары
бірдей емес. Жаңа сөзөнімділігі мен сөзқұрылым сияқты тәсілдер жаңа
сөзқұраудың негізгісі болып табылады.
Жаңа сөзөнімділігі мен сөзқұраудың көмегімен 88% жаңа сөздер құрылады
(3000 зерттелген сздердің ішінде).
Мысалы, басқалар конверсия, лексико-сементикалық тәсіл, жаңа сөздерді
аз көлемде құрайды, және сөзқұраудың тарихи тәсілдерінің қатарына
өткендігімен, үшіншіге жатқызуға болатын тәсілдер, сөздерде дыбыстардың
кездесуі мен екпіннің ауыстырылуы, аз өнімді және қазіргі кезде дерлік
қолданылмайды. Осыған байланысты бөліп көрсету керек:
- аз өнімді аффикстер;
- абсолюттік өнімділік бұл өнімді аффикс, сөзқұрау тәсілінің сөзқұрау
элементі ретінде, осы ортада өзінің қолданылуында минималды шектеулі.
Өнімділік, әртүрлі тілдік бірліктің басты сипаттамаларының бірі болып
табылады. Өнімділік сөзқұрау моделінің салмағы басым болады. Өнімділік
жаңа сөзқұралуында орталық механизмнің жұмысын атқарады, сөзқұрау моделінің
сипатында басым салмаққа ие. Сөзқұрауды өнімділік мағынасы, моделдерден
басқа, аффикстерге де, сөзқұрау элементтерінің негізіне және де сөзқұрау
тәсілдеріне де таралады, өнімділік сөзінің өзінің семантикасы өте кең
көлемде.
Мүмкін, осы факт, зерттеушілердің арасында, осы мағынаның жекеленген
аспектілері мен оның негізгі сипаты жайлы бірдей пікір жоқ екендігінің
себебі шығар.
Сөзқұрау негізіндегі өнімділік синонимдік термин екенін атап өту
маңызды - сөзқұрулық белсенділік, ол сөздердің құрылулық қабілеті,
мысалы, сөзқұрау элементі мен жаңа сөзжасаудың. Модель, аффикс жаңа
сөздер құрауда белсенді негізі болуы мүмкін және керісінше пассивті,
бұлардың көмегімен жаңа сөздер аз көлемде құралады немесе тіптен
құралмайды.
Л.Гилберт сөзқұрау тәсілінің өнімділігі ретінде неологизмдер жіктеуін
түбегейлі ұсынды.
Ол сөзқұрау тәсілі бойынша неологизмнің мына топтарын бөліп көрсетуді
ұсынады:
I. Жеке дыбыстардан немесе дыбыстардың өзіндік конфигурациясынан
құрылатын, фонологиялық неологизм. Бұл неологизмде жаңашылдық, жасандылық
байқалады. Дыбыстардың мұндай үйлесімділігі, грек немесе латын тілдерінің
морфемімен сыйысады.
Мұндай сөздердің мысалы, соңғы онжылдықта жасалған талшықтар полимері
сөздері болады: polysterol, nylon, etc. немесе, физика, химия, оптикада
т.б. қолданылып жүрген терминдер.
Polychromatic – көптүсті.
Monochromatic – біртүсті.
Мұндай неологизмдер фонологиялық неологизм деп аталады.
Бұл топқа одағайда туындаған сөздер кіреді.
zizz (қысқа түс) – ұйықтап жатқанда шығатын дыбыс имитациясы;
to buzz (телефон соғу) – телефон тетігінің жұмысының дыбыс
иммитациясы.
Көріп тұрғанымыздай, керіодағайлық неологизмнің негізі – дыбыстардың
және дыбысқа еліктеудің имплекациясы.
Сонымен қатар, осы топқа жаңа одағай түрлері шартты түрде кіреді:
Ytch немесе yuck – қатты жиіркенішті білдіретін одағай;
Wow – таң қалу, масаттану;
Ouch бір жерінің қатты ауырғанынан кенет айқайлап жіберу;
Oops – адам бір нәрсені түсіріп алғанда айқайлап жіберу.
2. Шеттен алып пайдаланылған неологизмдер.
Бұл топтың неологизмі, күшті неологизмге жатады. Олардың жалпы
тенденциясы болып, ағылшын тіліне ұқсамайтын фонетикалық дистрибуция
жатады. Оларда салдар болмайды, олар ағылшын тіліне жанаспайтын
морфологиялық мүшені иемденеді. Шеттен алып пайдалануды төрт топқа бөлуге
боады:
а) Өз еркімен шеттен алу. Бұл неологизм бұлағының – негізгі тілі –
француз тілі. Ауысып алу өсуінің жаңа тенденциясы, ол африка және азия
елдері тілдері, әсіресе жапон тілдерінен ауысып алудың өсуі болып
табылады. Бұл категориядағы неологизмдер көбінесе мәдениет аумағында
кездеседі:
Ғылым және техника:
discothegue, cinemathegue.
Қоғамдық – саяси өмір:
the Duma - Дума
Күнделікті тұрмыс:
petit dejeuner – азғантай таңғы ас.
ryokan – риокан (дәстүрлі жапон стиліндегі қонақ үйі).
ә) Бұл топқа варварлық тәсіл жатады – олар жаңашылдықпен ерекшеленетін
аз ғана ассимиляцияланған неологизмдер, мысалы: dolue vita , perestroika,
glasnost.
б) Үшінші топқа – ксенизмдер жатады. Бұлар шындықты, елдің тұрмыс
ерекшелігін бейнелейтін тілдің өзіне тән емес неологизмдер, мысалы:
Kung – fu (кунг –фу)
Ninjia – ниндзя,
Guro- бутерброд түрі.
Ксенизм, барлық ауысып алынған сөздердің 14% құрайды және варварлыққа
қарағанда жаңа сөздер көп.
в) Төртінші топты – калька құрайды (басқа тілдің үлгісінен сөз жасау).
Соңғы 25 жылда, ағылшын тілінде кальканың мөлшері бірден азайып кетті.
Заботкина қолданылып жүрген неологизм калькасының үш түрін көрсетті:
Dialogue jе the death ( фр.тілінің dialogue des sourds ) – сөз
таластыру, мұнда қатысушылар бір–бірінің дәлеліне назар аудармайды.
Gliding time ( неміс сөзінен glietzeit) – жылжымалы график;
Photonovel (исп.тілінен Photonovela) – фотороман, роман,
фотосуреттерден тұратын диалог қоспасы бар комикс стилінде.
II. Тілдік жүйедегі үлгілерден, және осы жүйедегі морфемадан құралған
морфологиялық неологизм. Мұнда бірнеше топты бөліп көрсетуге болады:
Аффикстік нелогизм. Аффикстік бірлік, Кэнонның мәліметтері бойынша
барлық жаңа құралған сөздердің 24% құрайды және болар болмас дәрежеде
күрделі сөздерге жол береді. Жаңа сөздер құруда қолданылып жүрген
аффикстердің саны, және олардың дистрибуциясы қазіргі уақытта өте бай әрі
әртүрлі. Жаңа сөздер құрудағы, соңғы 25 жылда 103 жұрнақ, 127 осымша
(префикс) және жартылай қосымшалар қолданылады. Әрине, жаңа аффикстер мен
жартылай аффикстердің көмегімен құрылған бірліктер, жаңа сөздерде аздаған
ғана мөлшерде болады.Олар көп емес: -on, -ase, -nik, mansship, eco-, mini-
, maxi-, mega-, cine-, - oholic, -gate, -natcher, dtal-a-, flexi-, apses-.
Қазіргі кездегі аффикстердің өзіндік сипаты, олар қатаң түрде
терминделгендігі және нақты ғылыми–техникалық ортаға бекітілген (мысалы,
muson– қарапайым бөлшек, histosol–ылғал топырақ, nudnik–жазушылық стиль,
ecological –экологиялық, mini - bikini ).
Көптеген сөзқұру моделдері, неологизмнен сөзқұру элементтерін алып
тастаудың нәтижесі, сонымен, аффикстер өздерінің мәнін кеңейтеді немесе
оны өзгертеді, мысалы: aholic, неологизмнен алынып тасталған norkoholic
кең таралған alckoholic сөзінен), өзінің мағынасын кеңейтіп және
бірнәрсені білдіретіндігін көрсетеді: bookaholik, chocoholic, coffeholik,
осы принциппен келесі сөзқұру бірліктері кеңейтіліп және өзгертілді super-
, counter-, anti-, - ism[2].
1.3 Неологизмдерді аудару әдістері
Тіларалық байланыстар барысында неологизмдерді жеткізудің бірнеше
жолдары ойлап табылды.
Неологизмдерді жеткізудің аударымсыз әдісі. Бұлай аталудың себебі бұл
әдісті қолдануда аудару жарғысы дыбыстық (тыныс белгілерінде) немесе
графикалық (транслитерацияда) жарғыларына ауыстырылып, сөздің құрылымы
аударылып жатқан тілге өз мағынасын сақтап аударылады. Бірақ бұл әдістің
аударымсыз деп аталғанымен шындығына келгенде ондай емес, мұнда шеттен
алған сөздер оның бар болуының алғышарты ретінде аудару үшін жасалады.
Кірме сөздер аударылып жатқан тілдің өзіндік бөлігі болып саналады және
шет тілден енген сөзбен бірдей орындалады. Осылай аударылу ертеден жазу
болмаған тілдік байланыс дәуірінде тарала бастады, қазір де өзіндік рөлінен
айырылмаған. Біздің дәуірімізде бұл әдісті қолдануда бірнене шектеулер
қойылған (тілдік, саясат, стилистикалық, түрлі әлеуметтік-лингвистикалық
ұжымдардың дәстүрлері және т.с.с.).
Транслитерация әдісі бойынша ағылшын сөздерінің қазақ тілі әріптерімен
жазылуын айтамыз, мысалы, put - пут (опцион), Nikkei -Никкей (Токио
қаржы биржасындағы құнды қағаздар курсының индексі) және т.с.с.
Транслитерация әдісін аудармашылар ХІХ ғасырдың соңына дейін кеңінен
қолданылы. Осы әдіс үшін аудармашы ағылшын сөзінің айтылуын білуі шарт емес
болатын және ол тыңдаушының қабылдауымен шектеледі.
Қазіргі таңда аударма тәжірибесінде көп тараған әдістердің бірі -
транскрибирлеу әдісі, мұнда сөздің орфографиялық емес фонетикалық формасы
ескеріледі, ағылшын және қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі
айырмашылықтар байқалады. Транскрибирлеу дегеніміз - ақпаратты транскрипция
көмегімен жазу немесе мәтінді айырып оқу. № 1 кестеде қазақ әріптерінің
ағылшын дабысталуымен сәйкестелуінің бірнешеуі көрсетілген.
1-кесте
Қазақша әріптер Халықаралық
Халықаралық фонетикалық Қазақша әріптер
фонетикалық транскрипциядағы
транскрипциядағы ағылшын дыбыстары
ағылшын
дыбыстары
Дауысты Дауыссыздар
монофтонгтар
ng н, ң
і и (ий) f ф
i и v в
e э (е) t с, т
1 э d з, д
а: а c с
о о z з
о а s ш (щ)
u: у z ж
f: е, (э) h х (г)
дифтонгоидтер
ei эй (ей) d д
ai ай k к
au ау g г
oi ой ch ч
ou оу (о) zh дж
if и l л
ef э (эй) r р
of о j й
uf у w у (в)
m м
n н
1. Барлық редукцияланған дауыстылар орфографиялық жолмен беріледі,
сондай-ақ Dorset - Дорсет, Дорсит емес; Boston - Бостон және т.с.с. Тек
қана кейбір қалалардың атауларында mouth - қосымшасы –мут деп айтылады,
мысалы, Plymouth — Плимут, Portsmouth — Портсмут.
2. Екі еселенген дауыссыздар былайша беріледі:
дауыстылар арасында: Bonners Ferry — Боннерс Ферри; дауыссыздан кейін,
сөздің соңында: Churchill — Черчилль; boss — босс Дауыссыздың алдында және
одан кейін берілмейді: Middlesborough — Мидлсборо; Seattle — Сиэтл;
Rensselear — Ренселер[3].
3 k әрпінің алдындағы дыбысталмайтын l әрпі, сол сияқты b әрпінің
алдындағы p, l әрпінің алдындағы t транскрибирленгенде былайша беріледі:
Folkestone - Фолькстон; Campbell - Кэмпбелл; Whistle - Уистл; Plumb -
Пламб.
II БӨЛІМ. Д. Р. ТОЛКИЕННІҢ “САҚИНА ӘМIРШIСI”
ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ НЕОЛОГИЗМДЕР
2.1 Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясында авторлық
неологизмдердің құрылу тәсілдері
Бұл бөлімде авторлық неологизмдерді қолдану жолдарына қарай сөздің
жасалу және аудару әдістері қарастырылған. Сөздердің мәнін ашу үшін Джон
Рональд Руэл Толкиеннің The Lord of the Rings трилогиясынан мәтіндік
үзінділер келтірілген. Талдау жасау мақсатында сөздікпен сәйкес келетін
сөздер таңдалып, түрлі аудармашылардың еңбектері көрсетілген, сондай-ақ
барлық аллюзиялар мен ассоциациялар қарастырылған.
Толкиеннің неологизмдерін зерттеу барысында неологизмнің пайда болуына
әсер ететін кең тараған және өнімді әдістер мыналар: сөз қосу, пайда
болудың аффиксті әдісі және семантикалық неологизмдердің қалыптасуы.
Сөз қосу әдісі арқылы жасалуы.
Мысалы, Snowmane сөзі - snow және mane екі сөзінен, Wormtongue сөзі
worm және tongue сөздерінен, Watchwood сөзі watch және wood сөздерінен,
Windlord сөзі wind және lord сөздерінен, Quickbeam сөзі quick және beam
сөздерінен құралған. Және тағы басқалары оларды аудару барысында
сипатталады.
Аффиксті әдісі.
Толкиеннің The Lord of the Rings трилогиясында неологизм дердің
құрылу әдістерінің ішінде сөз қосудан кейінгі екінші орында тұрады. Мысалы,
Bywater сөзінде water сөзіне by бастама сөзі жалғанған. Halfling
сөзіндегі–ling жұрнағы кішкентай мақұлық дегенді білдіреді. Easterlings
және тағы басқалары.
Семантикалық неологизмдердің қалыптасуы.
Жоғарыда аталғандай, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz