КСРО-ның ыдырау тарихы



Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Киев Русі (882.1132)
2. Феодалды бытыраңқылық. Татар.Моғол шапқыншылықтары (1132.1325)
3. Русьтің біріктірілуі. Мәскеу мемлекетінің құрылуы (1325.1533)
4. Иван Грозный билігі. Бұлыңғыр кезең. Романдықтар әулетінің билік басына келуі (1533.1682)
5. Ресей империясының құрылуы және аймағының кеңеюі (1682.1796)
6. Ресей ХІХ ғасырдың бірінші жартысынды (1796.1856)
7. ХІХ ғасырдың ІІ ширегіндегі Ресей (1856.1892)
8. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей (1892.1922)
9. КСРО.ның құрылуы. Индустрияландыру. Коллективтендіру. Ұлы Отан Соғысы (1922.1953)
10. КСРО.ның ыдырауы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Ресей мемлекетінің тарихы Шығыс Еуропа жазығын б.з.б. І м.ж. солтүстік және орталық бөліктерін славян тайпаларының қоныстануынан бастау алады. Халықтардың Ұлы Қоныс аударуына дейін кеген олар көбіне аңшылық, балық аулау, егіншілік, далалы аймақтарда мал шаруашылығымен айналысты. Қарастеңіз жағалауларында б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда грек коллониялары орналасып, кейіннен олардан: Скиф патшалығы, Боспор патшалығы қлыптасты. 552-745 жылдар аралығында Ресей территориясының көп бөлігі көшпелі тайпалар одағы – Түрік қағанатына қарасты болды. ҮІІ-Х ғасырларда Төменгі Поволжье, Солтүстік Кавказ, Приазовьеде Хазар Қағанаты құрылады. ҮІІІ ғасырдың басында (926) Примор өлкесінің оңтүстігі Бохай мемлекетінің құрамына енді.

Киев Русі (882-1132)

882 жылы Рюрикович князьдерінің басшылығымен ірі шығысславяндық көшпенді князъдықтар: ильменских словен және полян князъдықтары біріктірілді. Нәтижесінде Рюрковичтер династиясы басқарған монархиялық ежелгірус мемлекеті – Киев Русі қалыптасты. 882 жылы біріккен мемлекет астанасы болып Киев қаласы тағайындалды. Сәтті әскери жорықтар мен дипломатиялық ықпал етулер арқылы жаңа мемлекет территориясына шығысславян тайпалары жерлері толығымен, жәнеде кейбір финно-угорлық, балтық, түрік тайпалары кірді. Ежелгі Рус мемлекеті сол кездегі, болжамдар бойынша, Еуроппада ең қуатты мемлекеттердің бірі болды. Шығыс Еуропада, Қара теңіз жағалауларында үстемдік үшін Византиямен күресіп отырды. 988 жылы Владимир князъі тұсында орыстар хрестиандықты қабылдады. Ярослав Көреген ең алғашқы орыс заңнамалық жинағы – Русская Правданы қабылдайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Под ред. В.А. Бердинских. История России. Москва-2005.601 бет.
2. Боффа Д. История Советского союза. Москва-1994. 347 бет.
3. Россия и мир: Учебная книга по истории. Ч.2. Москва-2005. 290 бет.
4. Зуев М.Н.История России с древности до наших дней. Москва-1999. 304 бет.
5. Горский А.А. О времени и обстоятельствах освобождения Москвы от власти Орды // Вопросы истории.1997.№5.с 21-37.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті

РЕФЕРАТ

КСРО-ның ыдырау тарихы

Орындаған:
.
Қабылдаған: .

Семей-2009

Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Киев Русі (882-1132)
2. Феодалды бытыраңқылық. Татар-Моғол шапқыншылықтары (1132-1325)
3. Русьтің біріктірілуі. Мәскеу мемлекетінің құрылуы (1325-1533)
4. Иван Грозный билігі. Бұлыңғыр кезең. Романдықтар әулетінің билік
басына келуі (1533-1682)
5. Ресей империясының құрылуы және аймағының кеңеюі (1682-1796)
6. Ресей ХІХ ғасырдың бірінші жартысынды (1796-1856)
7. ХІХ ғасырдың ІІ ширегіндегі Ресей (1856-1892)
8. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей (1892-1922)
9. КСРО-ның құрылуы. Индустрияландыру. Коллективтендіру. Ұлы Отан
Соғысы (1922-1953)
10. КСРО-ның ыдырауы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ресей мемлекетінің тарихы Шығыс Еуропа жазығын б.з.б. І м.ж. солтүстік
және орталық бөліктерін славян тайпаларының қоныстануынан бастау алады.
Халықтардың Ұлы Қоныс аударуына дейін кеген олар көбіне аңшылық, балық
аулау, егіншілік, далалы аймақтарда мал шаруашылығымен айналысты.
Қарастеңіз жағалауларында б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда грек коллониялары
орналасып, кейіннен олардан: Скиф патшалығы, Боспор патшалығы қлыптасты.
552-745 жылдар аралығында Ресей территориясының көп бөлігі көшпелі тайпалар
одағы – Түрік қағанатына қарасты болды. ҮІІ-Х ғасырларда Төменгі Поволжье,
Солтүстік Кавказ, Приазовьеде Хазар Қағанаты құрылады. ҮІІІ ғасырдың
басында (926) Примор өлкесінің оңтүстігі Бохай мемлекетінің құрамына енді.

Киев Русі (882-1132)

882 жылы Рюрикович князьдерінің басшылығымен ірі шығысславяндық
көшпенді князъдықтар: ильменских словен және полян князъдықтары
біріктірілді. Нәтижесінде Рюрковичтер династиясы басқарған монархиялық
ежелгірус мемлекеті – Киев Русі қалыптасты. 882 жылы біріккен мемлекет
астанасы болып Киев қаласы тағайындалды. Сәтті әскери жорықтар мен
дипломатиялық ықпал етулер арқылы жаңа мемлекет территориясына шығысславян
тайпалары жерлері толығымен, жәнеде кейбір финно-угорлық, балтық, түрік
тайпалары кірді. Ежелгі Рус мемлекеті сол кездегі, болжамдар бойынша,
Еуроппада ең қуатты мемлекеттердің бірі болды. Шығыс Еуропада, Қара теңіз
жағалауларында үстемдік үшін Византиямен күресіп отырды. 988 жылы Владимир
князъі тұсында орыстар хрестиандықты қабылдады. Ярослав Көреген ең алғашқы
орыс заңнамалық жинағы – Русская Правданы қабылдайды.
1132 жылы Мстислав қайтыс болғаннан кейін Ертеорыс мемлекеті бәрнеше
князъдықтарға ыдырайды: Новогород жерлері, Владимиро-Суздаль князъдығы,
Галицо-Волынь княздығы, Чернигов князъдығы, Рязан князъдығы, Полоц
князъдығы және басқалары.

Феодалды бытыраңқылық. Татар-Моғол шапқыншылықтары (1132-1325)

1237-1240 жылдары орыс князъдықтары Батый бастаған монғол-татар
шапқыншылығының астында қалды. Осы шапқыншылық әсерінен орыс князъдықтары
жартысына жуық халқынан айырылды. Киев, Владимир, Суздаль, Рязань және
басқа да Ертеорыс мемлекетінің орталықтары талқандалып, оңтүстік өңірлер
түгелімен дерлік отырықшы халқынан айырылған болатын. 1243-1280 жылдары
князъдықтың солтүстік-шығыс өңірлері Алтын Ордаға салық төлеп тұруға
міндетті болды. Ресей тарихына бұл кезең монғол-татар апаты деген атпен
енді.
1240 жылы Новогород жерлері православтар жерлерін басып алуды ойлаған
крест жорықшылырының шабуылдарына тап болды. Александр Невский бұл кезеңде
Нева түбінде швед әскерін талқандайды, ал 1242 жылы Мұзды қырғын, Ғажайып
көл шайқастарында Тевтон ордені рыцарьларын жеңеді. Галицкая жерлері ХІҮ
ғасырдан бастап Польша құрамына өтеді, осы кезде оңтүстік-батыс князъдықтар
Ұлы Литва Князъдығына қарайды.

Русьтің біріктірілуі. Мәскеу мемлекетінің құрылуы (1325-1533)

ХІҮ ғасырдың басынан орыс княздықтары біртіндеп бір орталыққа қарай
ұйымдаса бастайды, бұл кезде жаңа орталық ретінде Мәскеу қалыптаса бастаған
болатын. Мәскеудің маңыздылығын көтеруге көп ықпал еткен мәскеулік князъ
Иван І Калита болатын. Ол ханнан ұлыкнязъдық жарлық сатып алу арқылы
Мәскеуді басқа князъдыұтар алдында жоғары қойды. Калита немересі Дмитрий
Донской тұсында Мәскеу князъдығы күшейіп, әскер санын арттырады. 1380 жылы
8 қыркүйекте Мамай хан бастаған ордалықтар Куликова даласындағы әйгілі
шайқаста жеңіліс тапқан болатын. 1395 жылы Ақсақ Темірдің шапқыншылығы
нәтижесінде Алтын орда құлатылып, оның орнында Қырым, Астрахан, Қазан және
де Сібір хандықтары құрылған болатын.
Иван ІІІ тұсында Мәскеу монғолдарға салық төлеулерін тоқтатты. 1480
жылы Угре өзенінде орыс және орда әскері кездесіп, Ахмат хан соғысқа
бармай, кейін шегінеді. Осы оқиғамен Монғол-Татар апаты жылдары өз соңына
жетеді.
1497 жылы орыс мемлекетінің заңнамасы – Судебник жарыққа шығады.
Василий ІІІ князъ тұсында Литва, Қазан мемлекеттерімен күрес жүргізе
отырып, орыс жерлерін біріктіруді аяқтады.

Иван Грозный билігі. Бұлыңғыр кезең. Романдықтар әулетінің билік басына
келуі (1533-1682)

Иван ІҮ Грозный тұсында, ең алғаш болып патша титулын иеленуші, Мәскеу
мемлекетінің құрамына Қазан және Астрахан хандықтарын біріктіру арқылы
Ресейді көпұлтты мемлекет етті. Боярлар вотчиниктардан помещиктерге
айналды. Мемлекеттің басты мақсаты ретінде – моңғол-татар шапқыншылығы,
Литва, Польша басқыншылықтары кезінде айырылған жерлерді қайтару және
оңтүстікте көшпелі тайпалардан қорғану болды. Бұл поместиялық жүйенің
дамуына ықпал етіп, дворяндық атты әскер жасақталды. Сондай-ақ отты қарумен
қаруланған атқыштық әске жасақталды. Мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге
арнайы бүкіл сословиелік Земдік Жиналыстар шақырылды.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың орта шенінде Крепостниктік құқық қалыптасты.
1558-1583 жылдары Ресей Литвамен Балтық теңізіне шығу үшін Ливондық
соғысты жүргізіп, сәтсіздікпен аяқталған болатын. Дон, Терека және Орал
өзендері бойында бірте-бірте казак ауылдары пайда болып, 1570 жылы Дон
казак әскері, 1571 жылы Орал казак әскері, 1577 жылы Тер казак әскері
құрылған болатын. 1581 жылы казак атаманы Ермак жорығымен Сібір жерлері
игеріледі.
Оңтүстік орыс иеліктері ХҮІ және ХҮІІ ғасырларда көшпелі тайпалар мен
қырым татарларының шабуылдауында боды.
ХҮІІ ғасыр басынан Ресейде Бұлыңғырлық кезеңі басталады. Ол
жалпыхалықтық күш біріктіру шақырылып, польша интервенттерін талқандап
Собор шешімімен Романовтар әулеті билік басына келді(1613 жылдың 21
ақпаны).
Романовтар әулетінің алғашқы өкілі Михаил Федорович тұсында казактар
Шығыс Сібірді игеріп, Тынық мұхитына жол ашылды. ХҮІІ ғасырдың орта шеніне
қарай орыс елдімекендері Приамур, Охот теңізі жағалауларында, Чукоткада
пайда болды. 1654 жылы Украина автономды құқықты мемлекет ретіндке Ресей
мемлекеті құрамына енді. Алексей Михайлович тұсында капиталистік
қатынастар, сауда дамыған Еуропаның ықпал ете бастауы байқалды.
Әлемде коллонияларды иемденіп үлгерген батыс елдерінің технологиялық,
әскери салада артықшылығы байқалды. Ресей бұл сәтте теңіз сауда жолына
шығу, әскер мен басқарудың жаңа формасын ойлап табу қажет болды.

Ресей империясының құрылуы және аймағының кеңеюі (1682-1796)

Петр І елдің ішкі және сыртқы саясатына радикалды жаңа өзгерістер
жасады. 1700-1721 жылдар арлығында өткен Солтүстік соғыс нәтижесінде қуатты
швд армиясы талқандалып, ХҮІ ғасырда айырылған жерлер қайтарылды.
Осы соғыстағы жеңістен кейін Сенат ұсынысымен 1721 жылдың 22 қазанында
Петр І қабылдауымен Жалпыресейлік император титулы белгіленді. Осы кезден
ақпан төңкерісіне дейін бұл титул жалғасып келді:
❖ Пётр I Алексеевич 1721—1725
❖ Екатерина I Алексеевна 1725—1727
❖ Пётр II Алексеевич 1727—1730
❖ Анна Иоанновна 1730—1740
❖ Иван VI Антонович 1740—1741
❖ Елизавета Петровна 1741—1761
❖ Пётр III Фёдорович 1761—1762
❖ Екатерина II Алексеевна 1762—1796
❖ Павел I Петрович 1796—1801
❖ Александр I Павлович 1801—1825
❖ Николай I Павлович 1825—1855
❖ Александр II Николаевич 1855—1881
❖ Александр III Александрович 1881—1894
❖ Николай II Александрович 1894—1917
Нева жағасына жаңа портты қала Санкт-Петербург бой көтерген
болатын.1712 жылы Ресей астанасы осы қалаға көшірілді.
Петр І реформалары әскерді, басқару саласын, білім жүйесін
модернизациялады. Ресейде басшылығы император болатын абсолюттік монархия
орнатылды. Императорға тіпті шіркеу де бағынышты болды. Боярлар өз
еркіндіктерін толық жоғалтып, дворяндарға айналды. Петр І қайтыс болғаннан
ейін двор төңкерістерінің дәуірі басталды.
Елизавета Петровна тұсында билік тұрақтанды. Мәскеу университеті
құрылды. Орыс әскерлері Жетіжылдық соғыста (1756-1763) Пруссиялықтарға
қарсы сәтті күресті. Ұлы Екатерина тұсында Ресей Түркиямен Қара теңізге
шығуға күрес жүргізді. Ең алғаш қағаз ақша қолданысқа енді(ассигнация).
Американы игеру басталды.

Ресей ХІХ ғасырдың бірінші жартысынды (1796-1856)
ХҮІІІ ғасырда Ресей Францияға қарсы одаққа кіріп, Наполеон соғыстарына
қатысты. Еуропадағы одақтастары жеңілгеннен кейін 1812 жылғы Отан соғысы
басталды. Наполеонның мәскеуді алғанына қарамастан соғыс оның
жартымиллиондық әскерінің жеңілуімен аяқталды.
1813 жылы Ресей Француз ықпалындағы Германия жерлерін босатып, Парижге
кіреді.
Соғыстан кейін Ресейге көтеріліс идеялары ене бастады. Нәтижесінде 1825
жылы декабристердің көтеріліс жасауға деген әрекетімен аяқталды.
Көтерілістен шошынған Николай І бүкіл билікті өз қоластына топтастырып,
елдің саяси, экономикалық мәдени өмірлерін бақылауға алады.
1853-1856 жылдар аралығында өткен Қырым соғысында Ресей өзінен әскери-
техникалық жағынан жоғары батыс елдерінен жеңіліс табады.

ХІХ ғасырдың ІІ ширегіндегі Ресей (1856-1892)

Александр ІІ тұсында Ресейде крепостниктік прво жойылады. 1860-1870
жылдары елді модернизациялау мақстында реформалар жүргізілді.
Осы кезеңде түрік езгісінен оңтүстік слваяндарды құтқару, жаңа жерлерді
иемдену сияқты мақсаттармен 1877-1878 жылдары Түрктермен соғыс жүргізді.
Нәтижесінде түрік езгісінен Болгария, Сербия, Черногория мемлекеттері
босатылды.
Билік басына келген Алесандр ІІІ самодержавиелік билікті одан әрі
тереңдетті. Радикалдар репрессияға ұшырап, революцияға қатыстылар өлім
жазасына кесілді.
Халықаралық қатынастарда Александар ІІІ даулы мәселелерді бейбіт жолмен
шешуге ұмтылды. Мәселен Гаагтағы келісім, Ұлыбританиямен жақындасу(1887),
Франциямен жақындасу(1893). Осы арқылы оны Еуропада “бітімгер” деген атпен
танитын болды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей (1892-1922)

Ресей тарихының бұл кезеңі жылдам қарқынмен экономиканың дамуымен
ерекшеленді. Донец бассейні ауыр өндірістің орталығына айналды.
Реформаторлық (кадеттер т.б.) және революциялық ( эсерлер, большевиктер)
бағыттағы партиялар пайда болды.
1904-1905 жылдары Ресей империясы Орыс-жапон соғысы мен Қиыр Шығыста
ауыр, ұятты жеңіліс тапты.
1905-1907 жылдары экономикалық және саяси өмірге наразы халық
революцилар ұйымдастырды.
1914 жылы Ресей І Дүниежүзілі соғысқа кірді. Соғыс нәтижесі 1917 жылғы
монархияны құлатқан ақпан төңкерісі болды.
Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкімет елде тәртіпті орната алмады.
Осыдан кейін мемлекеттегі билікті В.И. Ленин басшылығымен Большевиктер
партиясы алды.
Биліктің жоғарғы органы болып Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттар
Кеңесі жарияланды. Атқарушы билікті Халық коммиссарларына тапсырды.
Большевиктер мен меньшевиктер, яңни қызылдар мен ақтар арасындағы
Азамат соғысы 1918 жылдан 1922 жылға дейін созылды. Соғыс барысында
Ресейден Польша мен Финляндия бөлініп кетті. Азамат соғысы ақтардың
жеңілісімен аяқталды.

КСРО-ның құрылуы. Индустрияландыру. Коллективтендіру. Ұлы Отан Соғысы
(1922-1953)

1922 жылы 30 желто0санда Украина, Белоруссия және Закавказье елдерімен
бірге Ресей Кеңес Социалистік Республикалар Одағын құрды.
1922-1929 жылдары мемлекет Жаңа Экономикалық Саясатты іске асырды.
Ленин қайтыс болғаннан кейін ішкісаяси билік үшін күрес болады. Нәтижесінде
И.Сталин билік басына келеді. Жеке диктатурасын орнатқан Сталин өз саяси
қарсыластарын жояды.
1929-1939 жылдары жүргізілген индустриализация арқылы ел өндірістік
және техникалық мүмкіндігін арттырды. Индустриализация ауыл шаруашылығы
қаржысына жүргізілгентіктен КСРО экономикасында диспропорция қалыптасты.
Ауылда ұжымдастыру саясаты жүргізіліп, бұл үрдіс көпшілік халықың
наразылығы мен жаппай ашаршылықты тудырды.
1939-1940 жылдары КСРО-ға бұрынғы иеліктері қайтақосылды: Батыс
Белоруссия, Батыс Украина, Молдавия, Батыс Карелия, Прибалтика.
1941 жылы 22 маусымда жасалған Германияның тұтқиылдан шабуылымен Ұлы
Отан Соғысы басталды. Алғашында Германия мен оның одақтастары үлкен
жетістіктерге жетіп, алып аймақтарды бағындырды. Тек Мәскеуге қолдары жете
алмады. Сталинград пен Курск түбіндегі шешуші шайқастардан кейін КСРО
әскерлері шабуылға көшті. Соғыс 1945 жылы Берлинді алумен аяқталды.
1944 жылы КСРО құрамына тәулсіз Тува кіреді. 1945 жылы Жапонимен соғыс
барысынды Оңтүстік Сахалин мен Курил аралдары алынды. Жалпы соғыс барысында
КСРО тарапынан адамдар шығын 30 миллионға жуықтады.
Соғыс нәтижесінде Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде (Венгрия,
Польша, Румыния, Болгрия, Чехословакия, ГДР) комунистік режимдер орнатылды.
Варшава шарты ұйымы құрылып, Батыспен ардағы қатынас бірден суыды.

КСРО-ның ыдырауы

70-80 жылдары ұлттық этникалық қақтығыстар жиілей бастады.Соған
қарамастан Мемлекет басындағылар КСРО-ны бауырмал халықтың ұйымшыл отбасы
деп атады.Көп ұлтты мемлекеттің билігі бір орталықтанған ,сондықтан барлық
билік Коммунистік партия қолында болған болатын.
Көпшілік 70-80жылдарды, яғни Брежневтің билік ету кезеңін, КСРО-ң
гүлденген кезеңі деп санаса, Брежнев өлімінен кейін Кеңес Одағы құлдырай
бастады. Көптеген зерттеушілер КСРО құлауының нақты себептерін көрсетпейді,
әйтседе мүмкін болуларының ішінде келесілерін келтіред:
• Әр көп ұлтты мемлекетте кездесетін орталықтанған тенденциялар
• Стагнация,кейін экономиканың құлдырауына, ол өз кезегінде саяси
жүйенің құлауына әкелген Кеңестік жүйенің кемшіліктері
➢ КСРО экономикасына қатты әсер еткен әлемдік мұнай бағасының түсуі
➢ КСРО қару-жарақ жарысына төтеп бере алмауы,рейганомиканың жеңісі
➢ Үкімет басшылары саясатының тиімсіздігі, Брежнев және оның жолын
қуушылардың реформалық қызметтері экономиканы
құлдыратып,бірорталықтанған билік механизмін жоюы.
➢ КСРО-ны құлатуда батыс елдерінің қызығушылығы
➢ Билік үшін күрес
➢ Елде құлдырау үстіндегі анархия жағдайында саяси және шаруашылық
элитаның мемлекетті бөлісіп, жекеменшікте көп иелікке ие болғылары
келгендігі
➢ Ұлттық қайшылықтар,әр ұлттың өз салт-дәстүрін өзі дамытқысы келуі
➢ Елді демократизациялау салдарынан жеке ұлттардың КСРО-ның бөлуін
қалауы
➢ Тәуелсіз зерттеушілердің пікірінше, КСРО экономикасының құлдырауына
Горбачевтің Одақ экономикасының жартысына жақынын ұстап тұрған
спирттік ішімдіктерге тиым салуы және т.б
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары КСРО-ң әлеуметтік-саяси, экономикалық
өміріндегі қатынастар шиеленісі 1991 ж 21- желтоқсанындағы одақтың өмір
сүруінің тоқтатылуына әкелді.
1985 жылы М.С.Горбачев және оның жақтастарының қайта құру
саясатын бастауынан халықтың саяси активтігі өсті, жаппай, соның ішінде
ұлттық қозғалыстар мен ұйымдар құрылды. Кеңестік жүйені реформалауға
тырысуы елдегі кризисті одан ары тереңдетті.Саяси сахнада бұл кризисс КСРО
президенті Горбачев пен РФСФР президенті Ельциннің арасындағы қайшылықтар
негізінде көрінді. 1989 жылы ресми түрде елде экономикалық кризисс
басталғандығы жайлы жарияланды. Осы жылдары советтік экономикадағы басты
проблема максимумына жетті, яғни үнемі тауар тапшылығы, саудадан күнделікті
қолданылатын заттар жоғала бастағандығы(наннан басқа). Бүкіл ел бойынша
сауданы карточкалық жүйе бойынша жүргізу енгізілді. 1991ж бастап алғаш
демографиялық кризисс байқалды,елде туылымнан өлім көрсеткіші өсті.
КСРО территориясында ұлтаралық қақтығыстар жиілей түсті.Осыған
байланысты сөйлейтін болсақ, алысқа бармай-ақ, мысал ретінде өз еліміздегі
1986 жылғы аса озбырлық пен қатыгездікпен басылған жастардың Желтоқсан
оқиғасын айта кетуге болады.Үкімет басына Колбиннің отыруы, халық үшін
жылдар бойы жиналған ызалықтарына түрткі болғандай болды.
Осындай шиеленістің ең шегінен шыққаны Таулы Қарабах қақтығысы. 1988
ж бастап бұл жерде армяндар мен азербайжандар қырғынға ұшырай бастады.
1989 жылы Армян КСР Жоғарғы Кеңесі Таулы Қарабахтың өзіне қосылғандығы
жайлы жариялайды,ал Азербайжан КСР болса блокада бастағанын
ескертеді.Сөйтіп, 1991 жылдан бастап екі ел арасында соғыс басталды деп
айта аламыз.
Осындай шиеленіскен жағдайлар Ферғана даласында да болып өтті.Оның
басты себебі бірнеше ортаазиялық ұлтты бір бүтінге біріктірмек болулары.
КСРО-ң ыдырау үстіндегі жағдайын көре отырып, көптеген құрамындағы
мемлекеттер болашаққа деген нық сенімдері болмаса да, Одақтың да келешегі
шамалы екенін көре отырып, елінің болашақ дамуы үшін мемлекет басшылары
егемендіктерін жариялай бастады. Бұл үрдісті алғашқы болып Балтық теңізі
маңы елдері бастады.Оның үстіне, 1990 жылы 7 ақпандағы КСРО КП ОК
биліктегі монополияның әлсірегенін жариялаған соң,елде алғашқы бәсекелестік
сайлаулар өтті. Осының нәтижесінде көптеген одақтық мемлекеттерде билікке
либералдар мен ұлтшылдар келді.Олар ортақ одақтық заңдардың республикалық
заңдардан басымдығына наразылықтарын білдірді,сондай-ақ жергілікті
экономикаға бақылауды өз қолдарына беруді және салықты тікелей одақ
бюджетіне төлеуге қарсы шықты.Осы және тағы да басқа шиеленістер өзі оңып
тұрмаған одақ арасындағы экономикалық байланысты үзді.
Бұл кризисс әр елге әртүрлі әсер етті, әр ел әртүрлі қабылдады.
Литвада 1988 жылы 3 мамырда тәуелсіздік жолындағы Саюдис қозғалысы құрылды.
Ал 1990 ж 11 наурызда Литва Жоғарғы Кеңесі ел егемендігі жөнінде жариялады.
Сондай-ақ, көршілес Эстонияда 1988ж Эстония Халық Фронты құрылды да,
мамырда Таллинде әншілер революциясы өтеді. 1990 ж 23 наурызда Эстония
Компартиясы КСРО КП мүшелігінен шығатындығын жариялайды, ал кейін 1990ж 30
наурызында Эстония Жоғарғы Кеңесі өз тәуелсіздіктерін жариялайды. Осы
кездері Латвияда да Халық Фронтының күшеюі байқалады, олардың негізгі
мақсаты -ел тәуелсіздігі еді. 1990 жылы 4 мамырды Латвия Жоғарғы Кеңесі
егемендіктерін жариялап, 1991 жылы 3 наурызда осы қабылданған шешім
референдум арқылы бекітілді.
Кейін осы тәртіп бойынша Одақтас елдердің көбі өз егемендіктері мен
тәуелсіздіктері жайлы қаулылар қабылдап,референдумдар өткізе
бастады.Мысалға:
• Украина- 1991ж 24 тамыз
• Қырғызстан- 1991ж 31 тамыз
• Өзбекстан – 1991ж 1 қыркүйек
• Таджикистан- 1991ж 9 қыркүйек
• Армения -1991ж 29 қыркүйек
• Азербайжан- 1991ж 18 қазан
• Түркменстан-1991ж 27қазан
• РФСФР-1991 ж 12 желтоқсан
• Қазақстан- 1991ж 16 желтоқсанда өз тәуелсіздіктеріне қолдары жетті.

Қорытынды

Әлемдегі ең байтақ территорияны иеленетін көпұлтты Ресей Федерциясы
мұншама ұлтты, мұншама территорияны құрамына ендіруі тарихтың сан
мәселелрімен байланысты. Алғашында шағын Мәскеу князъдығын құрып, кейңннен
империяға айналу жолы кімді де болса қызықтырды.
Ресейдің халықаралық мәселелерде де шешуші рөл атқаруын көптеп
кездестіруге болады. Мәселен, Наполеон соғысы, ІІ дүниежүзілік соғыста
фашистік Германияны жеңуі, ядролық қаруды ойлап табу, ғарышқа тұңғыш ұшуы,
тағысын тағы.
Үш жүз жылға жуық Ресей отары, жетпіс жыл одақтас ел болып келген
Қазақстанның Ресеймен тарихи байланыстығының ұзақ тізбегін көрсетеді.
Абылайхан дәуірінде Жоңғардан пана іздеп, бас сауғалап одақтас болып барған
қазақ ұлты тарихи ұзақ кезеңнің позитивін де негативін де молынан көріп
үлгерді. Орыс мәдениеті арқылы батыстық өркениетке де жақындадық. Ал
жағымсыз тұстарын елім деп еңіреп өткен Махамбет те, маса боп ызыңдаған
Алаш зиялылары да өз кезегінде айтып өтті. Тарихи ажырасуымыздың соңы 1986
жылғы “көтерілістің” болуы да көп нәрсені аңғартады.
Трихи тамыры терең Ресей мен Қазақстан арасында қазіргі таңда бейбіт,
дотық қатынас орнаған, болашағымыз да тек келісім мен тұрақтылық негізінде
өрбиді деген сенімдемін.

Кеңес Одағының ыдырау үрдісінің бастамасы деп саналатын Қазақстандағы 1986
жылғы желтоқсан оқиғаларының орын алуы Түркиядағы толқыныстардың тууына
негіз болған еді. Түркия үшін Қазақстан туралы мәліметтер ХХ ғасыр басында
жеткіліксіз болды. Түркия ғалымдары Қазақстанның саяси-әлеуметтік,
экономикалық жағдайын тек Мұстафа Шоқайдың “Яш Түркістан” (Жас Түркістан)
деп аталатын журналдарынан ғана оқып білді. Ататүрік кезінде түркологиялық
зерттеу жұмыстарының қолға алынып, жандануы нәтижесінде Түркия халқы
Қазақстан мемлекеті мен қазақтар туралы мәліметтер ала бастады. Бұл ретте
В.В. Бартольдтың, З. Валиди Тоған, Абдулқадыр Инан, Зүбейр Хамит Кошай,
Саадет Шағатай сияқты ғалымдардың Қазақстан жайындағы немесе қазақтар
туралы жазған еңбектері мен Түркі университетінде осы тақырыптардағы
оқылған дәрістерін айтуымызға болады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Кеңес Одағының халқы, атап айтқанда қазақ халқы туралы мәліметтер Түркияға
белгілі бола бастады. Бірақ соғыстан кейін Түркия мен Кеңестер Одағының ара-
қатынасының бұзылуына байланысты ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін байланыс
қайтадан үзіліп қалды. 1960 жылдың басында Түрік мәдениетін зерттеу
институты құрылып, Кеңес Одағындағы түркі тектес халықтар жайында
зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер туды. 80-ші жылдары Кеңестер Одағында
тоқырау кезеңі орын алды. Орыстандыру саясаты үстем алып, Орталықтың
(Мәскеудің) шешімімен КСРО-ның құрамындағы Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан
сияқты республикалардың басшылары алмастырылып, олардың орнына орыс ұлт
өкілдері отырғызылды. Мәселен, 1987 жылға дейін Өзбекстан Орталық комитеті
құрамының 90 пайызын осындай кадрлармен алмастырған. 1985 жылдың наурызында
КОКП-ның басшылығына М.С. Горбачев келгеннен кейін, елде қалыптасқан
жағдайды “жеделдету” бағытымен жоймаққа әрекет етті. Ол үшін қайта құру,
қоғамды демократияландыру үрдісі қажет деп шешті. Экономикалық-әлеуметтік
даму барысын жақсартудың бірден-бір жолы республикалардағы басшыларды
алмастыру деп түсінген М. Горбачев ұзақ жылдар Қазақстан үкіметін басқарған
Д.А. Қонаевты 1986 жылдың 16 желтоқсанында Ульянов облыстық партия
комитетін басқарған Г.В. Колбинмен алмастырды. Қазақстан басшысының алмасуы
демократияшыл жастар қозғалысының шығуына, яғни тарихта “желтоқсан оқиғасы”
деп аталған жағдайдың туындауына алып келді. 1986 жылғы Қазақстандағы
желтоқсан оқиғасы, онан кейінгі болған саяси жағдайлар КСРО-ның ыдырауына
алып келген еді. 1991 жылы бұрынғы одақтас республикалар тәуелсіздіктерін
ала бастады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Түркияда бұрынғыдан да көп
Қазақстанға деген қызығушылық тудырды. Қазақстан Коммунистік Партиясы
жетекшісі болған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына ұлты орыс Геннадий
Колбиннің тағайындалуы турасындағы хабар Түркияның Жумхуриет, Миллиет
және Тәржуман сияқты мерзімді басылымдарында екі күннен кейін жарияланды.
Алматыдағы “желтоқсан оқиғасы” турасындағы хабардың газет беттерінде
жариялануы саясаткерлер арасында түрлі болжамдар тудырып, қазақ жастарының
бас көтеруілері Кеңестер Одағындағы ұлт мәселесінің шешілмеуінен деп
түсіндірді. Тәржуман газеті Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы турасындағы
хабарды “Қазақстан көтеріліс елі” деген тақырыппен жариялап, онда
“Қазақстанда жүздеген түрік ереуілге шықты, бұл орыс билігіне қарсы
тарихтағы тұңғыш қазақ халқының көтерілісі” деп жазды. Бұдан кейін аталмыш
газеттерде Қазақстанда болған оқиға турасында пікірлер жариялана бастады.
Мәселен, Миллиет газетіне жариялаған мақаласында саясаткер Сами Кохен
Қазақстандағы желтоқсан оқиғасының түркі халқы үшін маңыздылығын атай
отырып, бұл оқиғаның тамырында қазақ ұлтшылдық сезімінің бар екендігін атап
өткен. Осы уақытқа дейін КСРО-да республика басшысының ауыстырылуына
осылайша қарсылықтың білдірілуі бұрын кездескен жағдай емес. Алматыда
көшеге шыққан қазақ жастары билік басына өзге ұлт өкілін әкелуге
табандылықпен қарсылықтарын білдірді. Бұл қарсылық этникалық фактордан,
яғни қазақтардың ұлтшылдық сезімінен туындап отыр, – дейді. Ал ғалым, әрі
саясаткер Фахир Армаоғлы: Оқиғаның мәні өте маңызды болғаны соншалық,
кеңес үкіметтің бұл көтерілісті қоғамнан жасыруға батылы жетпеді және ТАСС
бұл көтеріліс туралы хабарлауға мәжбүр болды. Оқиғаның ұлттық сипаты
болғандығы күмәнсіз деген пікірі білдірді. Қазақстандағы желтоқсан
оқиғасына байланысты Түркияның мерзімді басылымдарында күнделікті тарихшы,
ғалым, саясаткерлердің осы мәселеге байланысты түрлі ой-пікірлері
жарияланып отырды. Бұл ой-пікірлердің көпшілігі қазақ халқының ұзақ жылдар
бойы отаршылдық саясатынынң уысында болса да еркіндікке, тәуелсіздікке
деген патриоттық сезімдерін жоғалтпағандығын айтты. Осындай пікірді Зафер
Атай да ұстанды. Жетпіс жылдық коммунистік жүйенің қарамағында болғанына
қарамастан қазақ ұрпағының ұлттық сезімдер жойылмапты дейді. Түркия
тарихшылары да желтоқсан оқиғасына өзіндік бағасын беруге тырысты. Тарихшы
Йылмаз Өзтуна Мәскеудің бұл желтоқсан оқиғасын “ұлтшылдық қозғалыс” деп
сипаттап, қазақ жастарына “ұлтшылдар” деп айып тағуы орыс шовинизмінен
туындап отыр деген пікірде болды. Ол Қазақстан КСРО-дағы Ресей
Федерациясынан кейінгі үлкен территориясы, табиғи байлығымен, әрі түркі
халықтарының демографиялық жағынан өсуімен ерекшеленгендіктен,
республикадағы “желтоқсан оқиғасы” орыстарға үлкен үрей тудырып, “ұлтшыл”
ретінде айыптауының себебі де сондықтан екендігін айтады (7). Қазақстандағы
желтоқсан оқиғасын Ергүн Гөзе “Қазақстандағы ұлттық ереуіл” деген
мақаласында қазақ халқының тәуелсіздік жолында үш күн бойы алаңға шығуы
жетіс жыл бойы билеген кеңес жүйесінің әлсірегенін көрсетті деген тұжырым
жасады (8). 80-ші жылдардың соңына қарай Еуропа елдерінде демократияландыру
қозғалысы қарқынды сипат алып, көптеген мемлекеттерде тәуелсіздік жолында
күрес нышандары біліне бастады. 1989 жылдың шілдесінде Польшада Тадеуш
Мазовиецкий премьер-министр болып сайланғаннан кейін елдің Шығыс Блогында
таралу белгілері байқала бастады. Осы жылдың қарашасында Берлин
қабырғасының құлатылуы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екіге бөлінген
неміс халқының қайтадан бірігу үрдісін жеделтетті. 90 жылдардың басында
Кеңес Одағының құлдырауы оның құрамынан одақтас республикалардың біртіндеп
бөліну үрдісін тудырды. Прибалтика республикаларының Кеңестер Одағынан
шығуы, басқа одақтас республикалардың егемендігіне жол ашты. Түркия мен
Қазақстан арасындағы ресми байланыс 1990 жылдың желтоқсанында орнатылды.
Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек пен Қазақ мемлекеттік мәдениет
комитеті арасында екі ел арасында білім беру жүйесінде, ғылыми жобалар
жасау, мамандар мен ғалымдармен тәжірибе алмасу, ортақ мәдени шаралар
жүргізу ісі жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл келісім ұзақ уақыт бойы
үзіліп қалған мәдени байланысты қайта жалғастырды. 1991 жылдың 31
қаңтарында Қазақ мемлекеттік мәдениет комитетінің басшысының Түркияға келуі
және осы жылдың 14 ақпанында Денсаулық министрінің ынтымақтастық келімсімге
қол қоюы екі ел арасындағы мәдени қатынастарды нығайта түсті. Қазақстан
тәуелсіздік алмастан бұрын Түркияның мемлекет басшысы Тұрғыт Өзалдың 15
наурызда Қазақстанға ресми сапары және “Қазақ Совет Социалистік
Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы”
келісімшартқа отыруы қазақ-түрік қарым-қатынастыраның достық бағытта одан
әрі дамуына, нығая түсуіне алып келді. Бұл келісімшарт екі ел арасындағы
мәдени байланыстардың кеңеюіне және елшіліктер ашуына жол ашты.

Аңдату
Қайта құру ұранымен басталған кеңестік жүйені дамыту идеясы он жылға
созылған ол жүйенің ыдырауымен аяқталып отыр. Одақтың ыдырау нәтижесінің
Евразия құрлығына жаңа мемлекеттердің бой көтеріп, олардың жаңа жүйенің
жетегіне жармасып, жаңа қоғам құруына итермеледі. Аталмыш он жыл кеңестік
менталитеттің сарсаңға түсе ыдырап, жаңа психология мен жаңа көзқарасқа
негізделген жаңа әрекет қана жаңа қоғам тудыратынын мойындатуда. Сонымен,
келмеске кеткен кеңесшілдік жойылғанымен, алдымыздан жаңа қоғам құрудың
объективті жағдайы біз күткендей құшағын жаймады.
Осылайша, егемендік елесті қуғызған он жылдың қалай өткенін де байқамай
қалыпыз. Егемендік дегеніміз - жаңа қоғам құру екен. Ал, біз оның үстіне
жаңа формациялы қоғамды қолға алудамыз. Жаңаны құру үшін ескінің жойылуы
заңды болса, сол ескінің ыдырауына еңбек еткен он жыл бос кетті деуге
негіз жоқ. Бұл мерзім ескі жүйені жоюға жұмсалған болып шықты. Демек,
қазырғы экономикалық божырау мен әлеуметтік әлсіздік - қалай ойлағанда да
объективтік жайт.
Ендеше, қазақтың өткен іске өкінбе деуі объективтілікті мойындап, бұдан
былай субъективтік әрекетті талап ететін заманға дайын бол дегені екен.
Қазырғы, ырықты экономиканы өз еркіне көндіріп, дамыған ел атанған
мемлекеттердің тарихы мен тәжірибесін саралай келе, ырықты экономиканың
негізін салатын сол елде басты қос фактордың болуына көз сүрінеді:
1. үйлестіру факторы - елдің бар мүмкіндігін экономиканың өрістеуіне тиімді
де интенсивті түрде үйлестіре білетін өкімет (демократиялық па, тоталитарлы
ма, авторитарлы ма – бәрібір);
2. үйлесім факторы - ырықты экономикалық қатынасқа психологиялық, дағдылық
және менталитеттік жағынан дайындығы бар халық.
Сөйтіп, жаңа экономика үшін ең бастысы: елдің сауаттылығы, жердің байлығы
емес, шетелдің қаражаты да, тәжірибесі де емес, ең әуелі экономикалық
өскіннің бүр жаруы үшін төл топырақ болып табылатын халықтың басқа ештеңеге
алаңдамай, меншік қаржысы болуға дайындығы мен өкіметтің ырықты экономика
жүгені мен қамшысын меңгере алатындай қаблетті болуы. Ал, қалғанының
барлығы жолайы пайда болып, нәтижесін жолшыбай қосатын қосымша факторлар.
Өзгенің, басқа елдің ақылына зәру емес өкімет қана алаңсыз, өз елінің
потенциалына сүйеніп, сыртқы потенциалды тарта алады. Өйтпегенде, өкімет
өзге елдің түрлі шараларын өз елінің потенциалы мен жағдайын ескермей
енгізумен әуре болып, басқарылу объектісін божыратып, басқару субъектісін
құрай алмайды. Әр елдің өз ғажайыбы өзінің ішкі мүмкіндігіне барынша
негізделіп, сыртқа жағдайға бейімделе алғанда ғана пайда болады.
Басты фактор ретінде аталып жүрген шетел инвестициясын жеткілікті түрде
тарту соншалықты қыйын емес, егер де батыл да нақты заңдар қорын
қабылдайтын парламент қаблетті болса; халыққа алып сатарлықтан гөрі өз
өнімін шығару әрі ләззат беріп, әрі әл–ауқатын жақсартар еді, егер де
үкімет жағдайды өндірімпаздық бағытқа бұрса; коррупция соншалықты қауыпқа
айналмас еді, егер де сот органының құрылымы мен қауқары әділдік жолында
қатал тәуелсіз құзырлық сыйпатқа ие болса. Сөйтіп, өкіметтің үш бұтағы бір
бірімен ит-ырқылжың қатынастан гөрі, бірін бірі толықтыру қатынасына көшіп,
біртұтас өкімет құрап, үйлестіру факторын негіздегенде ғана соны асу
алынар. Ал, басқаша жағдайда қоғам қажетті уақытын қажетсіз сергелдеңге
сарп етеді.
Сондай-ақ, қожалық психологияны бойына дарытып үлгермеген халық ырықты
экономиканың үйлесім факторын құрай алмайды. Сондықтан жекешелендіру
саясаты халық қаншалықты қожалық қасиетке ие болуына сай жүргізілу қажет
еді. Егер жекешелендіру қоғамдағы қожайындық сыйпаттан кешіксе немесе озып
кетсе, ол процесс белгілі бір теріс нәтижеге тіреледі.
Алайда, үйлестіру факторы үйлесім факторының қалыптасуын жетелеп, оның
өздігінен қалыптасуын күтіп, босқа уақыт өткізбегені абзал. Айталық,
қаладан гөрі ауылда әлі күнге қожайындық мінез толық қалыптасқан жоқ және
бұған өкімет тарапынан қажетті жағдай, үгіт, насихат жеткілікті де,
көрнекті де емес.
Сонымен, сайып келгенде елдегі жаңа экономикалық қатынас үйлестіру мен
үйлесім факторларының орнығып, олардың бір біріне қатынасының әділдік,
құқықтық сыйпатының қалыптасуына көрініс табады да, басқа жағдайдың барлығы
осы көріністің қажеттілігінен туындап, реттеліп отырады. Өйткені, үйлесім
факторы болып табылатын халық сонымен бірге ырықты экономиканың басты
объектісі де, ал үйлестіру факторы болып саналатын өкімет, сонымен қатар
ырықты экономиканың басты субъектісі ғой.
Құрғалы отырған қоғамның құқыққа негізделген демократиялық қоғам
болғандықтан, оған сәйкес әділетті әрекет пен жаңа құрылым жасамай,
нәтижеге жету мүмкін емес екенін ескеру керек.
Жоғарыда аталған жайтты қалыптастырып, дамуын жеделдететін шаралар ұсына
отырып, бұлардың жүзеге асу жолдары мен аргументін көпшіліктің өз талқысына
қалдыруды жөн көрдім.

Жоғарғы Кеңес
Маркстік–Лениндік ілім Кеңестік жүйенің арқауы болса, демократиялық
қоғамның арқауы - адам мен қоғамның бір біріне қатынасын міндет пен құқыққа
негіздеген заңдар. Ал, демократиялық қоғамның бар болмысы мен бітімін
әйгілейтін айнасы - жоғарғы кеңес (ЖК). Сол себепті ЖК қаншалықты ұжым
ретінде қалыптасса, соншалықты оның демократиялық орган болғаны, соншалықты
заңдау ісіне қаблетті болғаны. ЖК қоғамға ең алдымен заң шығарумен еңбек
сіңіріп, ықпал етеді.
ЖК–тің кемелденуіне мына ұсыныстарды қабылдаған пайдалы болар еді:
- екі жарым жылға дейін ЖК депутаттары сайлаушылар алдындағы есепті, 3-5
депутаттан құралған топпен өздері сайланған округпен шектелмей, жалпылама
ел аралау мен алмастыру; ел аралау қабылданған заңдар мен нормативтік
актылардың өміршеңдігі мен іске асырылуын тексеруге, экономика мен
әлеуметтік жағдайдың кері кету себептерін іздеуге негізделу қажет;
- әрбір депутаттың заңжобаны дайындауға қатысы туралы сайлаушыларға тұрақты
түрде мәлімет беру;
- әрбір депутаттың мәжіліске қатысымы туралы мәліметті тұрақты түрде
жариялау;
- әрбір депутаттың өз ғұмырына творчествалық салаға қаншалықты қатысы
барлығы туралы мәлімет жариялап тұру;
- қабылданған заңжоба авторларының еңбегін ақылау және заңжоба жасаудағы
бәсекелестік туғызу жолында Үкіметпен бірлескен заңшығарым
(законодательство) қорын ұйымдастыру.

Сот
Сот билігін жаңа жағдайға бейімдеу оның қазіргі үшбасты сыйпатын
біртұтастандырумен байланысты. Біртұтас биліктің бір бірімен байланыссыз
мемлекеттік үш органға жіктелуі басқа дәйекті былай қойғанда ақылға
сыймайды.
Нақты түрде Сот құрылымы жөнінде мынадай ұсыныс: Конституциялық және
Жоғарғы Сот пен төрелік (арбитраждық) соттарды біріктіріп, бір ғана Ұлттық
Сот құру қажет; Ұлттық Сот жоғарғы және төменгі коллегиядан тұрады.
Жоғарғы коллегия Конституция және мемлекеттік деңгейлі сыйпаттағы соттық
істі қарайды, ал Ұлттық Соттың төменгі коллегиясы шаруашылық және жоғарғы
коллегия қарауына енбейтін соттық істерді қарайды. Жоғарғы коллегия 9
адамнан: төртеуін Жоғарғы Кеңес, төртеуін Президент тағайындайды да,
төрағаны Президент ұсынуымен Жоғары Кеңес бекітеді. Ал, төменгі коллегия
құрамын түгелдей Президент тағайындайды.
Жергілікті соттар да екі коллегиядан: азаматтық іс жөніндегі және
шаруашылық сот коллегияларынан тұрады. Жергілікті судьяларды Президент
ғұмырбойы мерзімге тағайындап, ал төрағаларды (бұл жерде аудандық соттар
жөнінде) мәслихаттың ұсынысымен Президент бекітеді.

Әкімшілік - аумақтық бөлініс
Қазақстанның әкімшілік – аумақтық бөлінісі (ӘБ) жаңа формацияға орай,
ырықты экономикалық қатынастың сыйпаты, демографиялық ахуал мен аумақтық
мүмкіндігі ескеріле отырып, қайта құрылуы қажет. Нақтылай айтқанда, ӘБ
қазырғы облыстық звеноның жойылып, делдал әкімшілік бөліністі уақыт
талабына сай мемлекеттік органдармен алмастыру арқылы басы артық әкімшіл-
әміршіл жүйесінің түбірімен аластауына батыл әрекет жасалғаны жөн.
Республиканың аумағы 200 ауданға бөлініп, әр аудан муниципиалдық мүдде мен
мемлекеттік төменгі ауқымдағы мүдденің объектісі болады. Аудандар
экономикалық қауқарына орай шартты түрде;
- индустриялы (ИА);
- агросекторлы (АСА);
- аралас (АА) болып жіктеледі.
ИА – ды ірі қала, оған таяу поселкелер, селолар мен ауылдар аумағы құрайды,
ал АА – ды оның экономикалық қуатын айқындайтын орташа қала мен оған таяу
поселкелер, шағын қала, селолар мен ауылдар аумағы біріктіреді. АСА болса,
негізгі экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген елді мекендер мен шағын
қала, поселкелерден тұрады.
Аудандардың бұлайша шартты жіктелуі мемлекет тарапынан олардың ерекшелігіне
орай дифференциалды дамыту мен олардың бір бірімен интеграциялау мүддесін
көздеуді талап етеді. Бұл үшін әр аймаққа орналасқан шамамен 40 аудандық
экономикалық-әлеуметтік және мемлекеттік атқару билігінің әкімшілік арқылы
баянды болуын ұйымдастырып және үйлестіріп, атқаруын бақылайтын аймақтық
министрліктер сәйкес аймаққа орналасуы қажет болады. Сонымен ел аумағы
шартты түрде бес аймаққа: шығыс, батыс, түстік, терістік және орталық болып
бөлінеді. Алайда, бұл аймақтар әкімшілік–аумақтық бөлініске жатпайды,
себебі, аймақ бойынша өкіметтің өзге биліктері (мәслихат, сот) органдарын
құрмайды. Сөйтіп, мемлекеттік өкімет қазырғыдай 3 сөрелі (ярусты) емес 2
сөрелі болып нығаяды: жоғарғы және төменгі. Сот билігін алсақ – Ұлттық Сот
және аудандық сот, өкілдік билік – Жоғарғы Кеңес (Мәжіліс) және аудандық
(ауылдық, қалалық, поселкелік) мәслихаттар, ал атқару билігі – Президент
пен Үкімет және аудандық (ауылдық қалалық, поселкелік) әкімшіліктер. Атқару
билігінің қызметін нақтылайтын болсақ; Министрлер кабинеті Президент
белгілеген міндеттің стратегиялық және тактикалық шешімін анықтап, іске асу
жолдарын нақтылайды; Аймақтық министрлік шешімді іске асыруды аймақ бойынша
ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, ал аудандық әкімшіліктер шешімді
іске асыруды атқарады. Аудандық әкімшіліктер мұнан басқа муниципалдық
мүліктерге қожалық етіп, муниципалдық органдарды басқарады.
Жергілікті өкіметтің атқару саласы бойынша сәйкес түрде ауыл, поселке
меңгерушілері мен қала әмірлері (мэр) аудан әкімінің ұсынуы арқылы
мәслихаттарда сайланады. Ал, аудан әкімі тиісінше Президент ұсынысымен
аудандық мәслихатта сайланады. Сонымен бірге әрбір ауылда, поселкеде және
қала бөліктерінде (микроаудан) ақсақалдар алқасын құрып, оған заңды түрде
мынадай функция ұсынуға болады:
- зейнеткерлер, көпбалалылар мен жалғызбастылар мәселелерін шешуге қатысу;
- моралдық – рухани ақсақалдық сот ұйымдастыру;
- сәйкес аумақ бойынша балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіне араласу т.б.
Әрбір аудан муниципалдық деңгейдегі дербестікке ие болып, өзін өзі
басқарады, соған орай әр ауданның қажеті мен мүмкіндігіне сәйкес мәдениет,
білім, денсаулық, тәртіп қорғау және коммуналдық т.б. сала бойынша меншігі
болуы керек.
Аудандық бюджет жергілікті салықтан құралады, ол жетпеген жағдайда аймақтық
министрлік құзырымен дотация көлемі анықталып, мемлекеттік бюджеттен
толықтырылады.
Сөйтіп, әкімшілік өз құзыры, белгілі бір мөлшерде өз қаражаты, мүлкі арқылы
жергілікті мәселелерді шешумен өзін өзі басқарудың толыққанды бірлігі
болады, сондай-ақ, Үкіметтің тігіңкі бағыныстағы төменгі звеносы ретінде
мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік бағыныстағы шаруашылық субъектілерінің қызметін өзіне тиісті
аймақ мүддесінің экономикалық, әлеуметтік және басқа салалары бойынша
белгіленген мақсатқа жұмылдыра отырып, сәйкес Аймақтық министрлік сол
аймақтағы жойылған облыстық әкімшіліктердің саяси, экономикалық, меншіктік,
құрылымдық мұрагері болып табылады. Бұл құрылымның ісі мығым болуы үшін
Министрлер кабинеті жөніндегі заңда арнайы бір тарау Аймақтық Министрлік
жөнінде болып, ал Министрдің кабинет мүшесі болуы қажет болмақ.
Әкімшілік–аумақтық бөліністің бұлайша әлпеттенуі әр сала бойынша бұрынғы
жергілікті мекеме, органдардың аудандық және жалпымемлекеттік болып,
функциялық және бағыныс жағынан, қаржылай, мүліктей қамту жағынан
жіктелуіне тура келеді. Айталық, бұрынғы облыстық Ішкі Істер басқармалары
біріктіріліп, өз аймақтары бойынша бір басқарма құрайды, яғни 19–дың орнына
5 басқарма құрылады, ал аудандық бөлімдер аудан көлеміне орай іріленіп,
оның функциясы, әкімшілікпен ара қатысы тиісті заңда көрсетіліп, кадр,
қаржы, мүлік, меншік жағынан түгелімен жалпымемлекеттік бағынысқа түседі.
Ал, муниципалдық өкімет қарауына учаскелік сақшылар тобы мен бюджет
шамасына қарай өзге де бөлімшелер болуы мүмкін.
Сонымен, жойылған 19 облыстық және 20–дан аса аудандық
әкімшілікке тиесілі мүліктер мен үнемделген бюджеттік қаржыны былай
жұмсауға болады:
- жаңадан жасақталған (іріленген) аудандардың қажетін толықтыру;
- құрылған бес Аймақтық Министрліктің қажетін қанағаттандыру;
- қалған мүлік пен қаржының ақшаға шаққандағы мөлшерінің жартысын беске
бөліп, әр аймақты дамыту қорын (АДҚ) құруға бөлу, ал қалған жартысын
астананы көшіру қорын құруға қосу. АДҚ Аймақтық министрлік құзырында болып,
ол Қазақстанды өркендету банкасының қызметінен тыс саланы қамтуға
бағытталуы тиіс.
Сондай-ақ, әрбір аймақ бойынша Президенттің ресми өкілді органы құрылғаны
да жөн.
Сайып келгенде, елдің әкімшілік – аумақтық бөлінісін бұлайша ойсырата
өзгертуге ырықты экономикалы демократиялық қоғам жағдайында тиімді де
қауқарлы және арзан басқару организмін құрауға итермелейтініне көп ұзамай-
ақ көз жетеді. Ал, қазырғы бөліністің соншалықты оралымсыз да икемсіз әрі
қымбат екенін, 22 млн-дық халқы бар Өзбекстанда 13 облыс екенін, ал 17 млн-
дық Мәскеу облысы мен өзімізді салыстыру арқылы көз жетеді. Ырықты
экономика жағдайында мемлекет басқару органының көлемі оның демографиялық
және аумақтық (территория) сыйпатына байланысты болатынын ескеру ләзім.

Идеология
Біздің елдің қазырғы жағдайына жаңа формацияның принциптері мен елдік
менталитетке негізделген жаңа идеологияны біртұтас идеологиялық органмен
нақты жүзеге асырған жөн. Бұл орган Президент аппараты жанындағы
Сараптамалы – идеологиялық орталық (СИО) болып, оның әр аймақ бойынша
Президент өкіліне қарайтын бөлімшелері болса.
Идеология үш салаға: құқылық, ырықты экономикалық және азаматтық идеология
болып бөлінуі тиіс. Әр қызметкері әрі сарапшы, әрі идеолог болуға тиіс.
СИОға қойылатын талап азаматтардың құқықтық мүмкіндігін білуге, мемлекет
алдындағы міндеттерін сезінуге, оларға жаңа экономикалық қатынастың
қыр–сырын танытуға, жалпыадамзаттық ынтымақ пен әдеп жолдарын насихаттап,
қазақстандық біртұтас мәдениет құруға жұмылдырумен бірге, қазақстандықтарды
патриоттыққа бағыттап, қоғамдық, құқықтық, экономикалық, азаматтық
салаларға сергек көзқараспен, сарапшылық деңгеймен баға беріп отыру, үкімет
жұмысына ішкі саясат саласы тұрғысынан баға мен бағыт сілтеуге негізделуі
қажет.

Жер реформасы
Бұл реформа жерге меншікті сыйпат берумен ғана жүзеге аспақ. Ол үшін
Қазақстанның барлық жер көлемін Жалпы мемлекеттік жер қоры (ЖЖҚ) және
меншіктелетін жер көлемі (МЖК) ретінде екі бөліп қарастыру қажет. МЖК – не
жекешеленген және оған жататын барлық объектілердің жер алаңы, жеке
меншіктегі үй, саяжай, гараж, түрлі меншіктегі шаруашылық, өндіріс
орналасқан жер алаңдарының көлемі жатады да, ал ЖЖҚ – ға қалған жер
көлемінің барлығы тиісті болады.
ЖЖҚ мемлекеттік стратегиялық жер қоры болып табылып, қажетке қарай оның
белгілі бір бөлігі сатылып отыруы мүмкін.
МЖҚ жерді реформалаудың бірден бір объектісі болып табылады. Жерді
реформалау үшін МЖҚ – нің нақты сандық шамасы анықталады. Әрбір жан басына
тиісті жер көлемін (ЖТК) жекешелендіру арқылы сайып келгенде реформа жүзеге
аспақ. МЖК сандық шамасын Қазақстан халқының саны (ХС) мен шетелдік қазақ
диаспоры санының (ДС) қосындысына бөлу арқылы ЖТК анықталады: ЖТК = МЖК:
(ХС+ДС).
Жерді жекешелендіру екі тәсілдің қабат жүргізілуі арқылы жүзеге асады.
Алдымен жеке қожалығы (үй, саяжай, гараж, фермерлік шаруашылығы) бар
адамдарға (жанұя) ЖТК–нен аспайтын жер алаңдарының жалпы көлемі
құжаттанады, әр объект орналасқан жер алаңына сәйкес Жер куәлігі беріледі
де, құжаттанған жер көлемі ЖТК–ге жетпеген жағдайда қалған бөлігінің сандық
шамасы көрсетілген жер купондары (ЖК) беріледі. Ал, иелігінде ешқандай жер
көлемін қажет ететін объектісі жоқ адам (жанұя) түгелдей ЖТК шамасы бар ЖК
иеленеді. Қолданыстағы жер көлемі ЖТК–нен асып кетсе, ол адам (жанұя) жер
көлемінің ЖТК–нен асқан шамасына сәйкес ЖК сатып алу арқылы қалған жер
алаңын өз иелігіне көшіріп құжаттайды.
Таратылған ЖК жер алаңын алуға немесе құнды қағаз ретінде сатылуға
мүмкіндігі болмақ, сондай-ақ, оларды инвестициялық жекешелендіру қорларына
(ИЖҚ) өткізу арқылы акцияға ие болуға жағдай туғызылуы қажет.
Жер алаңы мен ЖК сату және сатып алу процесі арнайы құрылған Жылжымасыз
мүлік (недвижимость-жылжымауық) биржасы (ЖМБ) арқылы жүреді. ЖК-ын
қабылдаған ИЖҚ оны жекешелендіру купоны тәрізді жекешеленген не соған
тиісті объектілердің жер алаңын сатып алуға жұмсайды да, ЖК қожайындары сол
объектінің акционері болып тіркеледі.
ЖМБ – ның бақылау пакетіне мемлекет атынан ие болатын Жер қатынасы және оны
реформалау (ЖҚРК) комитеті мен Құрылыс министрлігі жарғылық қордың кемінде
25% - тін жасақтап, қалғаны түрлі меншікті субъектілер құрайды. ЖМБ ЖК –
ның номиналы мен сатысқа түскен жердің 1 шаршы метрінің орта нарқын
айқындауға және жердің талан–таражға түспеуі мен заңсыздық объектісіне
айналмауына, сондай-ақ түрлі қағазбастылық пен кедергілерді аластауға үлес
қосуы қажет. ЖМБ – ның әр аймақта филиалы болмақ.
Жер реформасы кезінде мыналарға көңіл бөлуге тура келеді:
- ЖҚРК –ның талапқа сай қайта құрылуы;
- ЖК – ның азаматтық куәлігі барлар мен олардың жанұясына және қазақ
диаспорасының Қазақстандағы өкілдері мен жанұяларына берілуі, әр шетелдік
қазаққа тиесілі ЖК- не сәйкес жер көлемінің сақтаулы болуы;
- ЖК – ны сату мен сатып алу, оны құнды қағазға айырбастау ЖМБ арқылы
жүзеге асуы;
- жер алаңының шетелдік (азаматтарға емес) инвесторларға ғана шектеулі
көлемде сатылуы;
- жер алаңының шетел азаматтарына (қазақ диаспорасы мен Қазақстан
азаматынан басқа) сатылуын болдырмау;
- шетелдік инвесторларға жер алаңының кепіл ретінде тіркелуі арнайы
комиссияның шешімімен ғана жүзеге асуы;
- жекеменшік жер алаңының интенсивті түрде және кесірсіз, зиянсыз
пайдалануын тұрақты назарда ұстау;
- жер алаңына қожалық куәлігі Азаматтық куәлігі(төлқұжаты) бар адамға ғана
тіркелуі;
- ЖК – на құнды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қайта құру саясаты. (1985 – 1991 жж)
1991 жылғы тамыз төңкерісінің барысы, себептері
Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері
Қайта құру кезеңіндегі республиканың өміріндегі өзгерістер
Н. Назарбаевтің саяси портреті
ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан
ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
КСРО-ның құлауы және ТМД- ның құрылуы
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Тыңайтқыштардың түрлері
Пәндер