Бөлме өсімдіктерін іріктеп алу, өсіру және баптал күту



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Бөлмеде өсірілетін өсімдіктерге жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Бөлмеде өсірілетін гүлдердің агротехникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Бөлмеде өсірілетін өсімдік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Тәжірибелік бөлім
2.1 Бөлме өсімдіктерінің адам денсаулығына пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Кіріспе
Бөлме өсімдіктері (іріктеп алу, өсіру және баптал күту). Өсімдіктерді үйде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады.
Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жанырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмалалғанда ғана көшеттеп отырғызады.
Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлан, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыс қа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құнды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды.
Бөлме өсімдіктеріне суды көп құйған дұрыс емес. Ол өсімдіктердің тамырын шірітіп жібереді. Өсімдіктерге құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болғаны жөн. Үй өсімдіктерін суаруға өзен, жаңбыр, қар, тоған, ол болмаса құбыр суын пайдалануға болады.
Зерттеу мақсаты:Бөлме өсімдіктерінің класификациясы мен биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеті: Бөлме өсімдіктерінің түрлерімен танысу.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы, Алматы 2001, 280 б.
2. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы, Алматы 1994, 118 б.
3. Абдрахманов О.А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2003.
4. Ә. Аметов. Ботаника . Алматы Дәуір 2005ж.
5.Мухитдинов Н.М. Қазақстан биоресурстары Алматы. «Қазақ университеті» 2009, 296 б.
6. Қалекенов Ж.Ө. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 2004. 456 б.
7.Е. Ағелеуов, К. Дөненбаева, К. Агитова, С. Иманқұлова. Ботаника: Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы - Санат, 1998.
8.Н. Мухитдинов, Ә. Бегенов, С. Айдосова. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы - Республикалық баспа кабинеті, 1993.
9. Интернет жүйесі: http://www.yandex.ru
10. Интернет жүйесі: http://www.wiki.kz
11. Интернет жүйесі: http://www.google.kz

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
0.1 Бөлмеде өсірілетін өсімдіктерге жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 4
0.2 Бөлмеде өсірілетін гүлдердің агротехникасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .6
0.3 Бөлмеде өсірілетін өсімдік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Тәжірибелік бөлім
2.1 Бөлме өсімдіктерінің адам денсаулығына пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе
Бөлме өсімдіктері (іріктеп алу, өсіру және баптал күту). Өсімдіктерді үйде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады.
Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жанырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмалалғанда ғана көшеттеп отырғызады.
Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлан, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыс қа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құнды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды.
Бөлме өсімдіктеріне суды көп құйған дұрыс емес. Ол өсімдіктердің тамырын шірітіп жібереді. Өсімдіктерге құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болғаны жөн. Үй өсімдіктерін суаруға өзен, жаңбыр, қар, тоған, ол болмаса құбыр суын пайдалануға болады.
Зерттеу мақсаты:Бөлме өсімдіктерінің класификациясы мен биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеті: Бөлме өсімдіктерінің түрлерімен танысу.

І Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері
1.1 Бөлмеде өсірілетін өсімдіктерге жалпы сипаттама
Бөлме өсімдіктері(іріктеп алу, өсіру және баптал күту). Өсімдіктерді үйде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады.[1]
Оларға шөл дала мен таулы жерлерде өсетін өсімдіктердің барлығы -- кактустар, сондай-ақ жапырағында немесе сабақтарына ылғал сақтайтын басқа да өсімдіктер (суккуленттер) -- сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ, очитка, атала, сансевиерия, зониум т. б..; әсем гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амариллис, жасмин, кливия, панкрациум, пеларгония); қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын көптеген теңбіл жапырақты өсімдіктер (мысалы, колеус, кротон, сеткреазия, кордилина, стробилантес) жатады.
Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктерге -- парагус , бегония, глоксиния, сенполия, фуксия, эухарис, пенеромия, Американың тропиктік орманында өсетін жатаған шөптер -- маранттар, хкалатея, строманте, ктенанте және фиттония, бром ел ия тұқымдас өсімдіктердің көпшілігі -- эпифиттер (топырақта өспейтін өсімдіктер; басқа өсімдіктердің бұтақтарының, діндерінде өсетін -- эхмея, фризия, бильбергия, арегелия, криптантус) және Бразилияның батпақты ормандарында өсетін өсімдіктер -- питкарния, пуйя жатады.
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер -- қырық құлақтар, тікенекті өсімдіктер, монстер, филодендрон, сингониум, сциндапсус, спатифиллюм, руэллия, аспидистра, шырмауық , традесканция, зебрина, саркококка, фикус т. б. көптеген қылқан жапырақты өсімдіктер. Өсімдіктерді өсіруде үй температурасының маңызы ерекше.
Жылылықты сүйетін өсімдіктерге тропиктік өсімдіктер жатады, мысалы, бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, драцендер, бромелия мен геснерия тұқымдастар. Олардың барлығы қыста 20°С температурада жақсы өседі. Субтропиктік өсімдіктердің көпшілігі кактустар, суккуленттер, хлорофитум, бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекия үшін қыста температура 6°С-тан 12°С аралығында болуы керек. Егер температура режимі бұзылса өсімдіктер сарғайып , жапырағы түсіп қалады.
Қазіргі кезде өсімдіктерді қабырғаға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, журнал немесе жұмыс столына бекітілетін ағаш не пластмасса жәшіктерде өсіру кең тараған. Өсімдіктерді шоғырлан өсіру аз орын алады, оларды баптап, күту қолайлы. Сондықтан шоғырлан отырғызылатын өсімдіктерді шамасы мен өсу түріне қарай таңдап алған жөн. Көшеттің түбін бүркеу үшін жайылып өсетін ампель өсімдіктерін (хельксина, пилей, пеперомия, фикус, шырмауық) пайдалануға болады. Мұндай композицияға өсімдіктердің табиғи өсетін жерлерін бейнелейтін әр түрлі материалдарды -- тастар мен ағаштарды пайдаланған жөн. Сонымен бірге шоғырланып отырғызылатын өсімдіктердің түр-түсінің сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әр түрлі болуы тиіс. Өсімдіктердің мұндай шоғырына әсем жапырақты өсімдіктерді қосса тіпті жақсы. Мысалы, папоротникпен қоса асплениумды, сциндапсусты, пеперомияны, немесе цереус, сүттіген, эхинопсис, оскулярия мен глотифиллюмды бірге өсіруге болады. Ал ірі өсімдіктерді (пальма, монстерлер, фикус, драцендер) тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге немесе арнаулы ыдыстарға отырғызу қажет. Ампель өсімдіктері сор ел ерле және қабырғаға ілінетін гүл өсіргіштерде сәнді көрінеді. Жылыжайда өсірілген өсімдіктер алғашында( түрлі кеселге шалдығуы мүмкін (қурайды, жапырағы түседі), бірақ жақсылап күтіп-баптаса қайта түзеліп, өсе бастайды. Көшет отырғызу үшін жас өсімдіктерді сатып алған дұрыс, сондай-ақ өсімдіктерді өз ұрығынан немесе сабағынан өсірсе тіпті жақсы, себебі олар тез өсіп-өніп жаңа жағдайға оңай көндігеді.
1.2 Бөлмеде өсірілетін гүлдердің агротехникасы
Бөлме өсімдіктерінің топырағы. Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты қажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және құм араласқан топырақ пайдаланылады. Қорда топырағын өсімдіктердің қалдығынан: шөптен, қурай түскен жапырақтардан т. б. дайындайды. Оларды бір жерге үйіп не шұңқырға салып, үстіне жуынды, сабынды су, көң бөкпесін құнды. Тез шіруі үшін қордалы күрекпен әлсін-әлсін (3 -- 5 рет) араластырып отырады. 2 -- 3 жылдан кейін қорданы пайдалануға болады. Әдетте оны құнарсыз топырақтық құнарлылығын арттыру үшін қосады.
Жапырақ араласқан топырақты ағаштың (еменнен басқасы) қурай түсіп, шіріген жапырағынан дайындайды. Ол үшін жапырақты көктемде бір жерге жинап үйеді де, жазда 2 -- 3 рет күрекпен қопарыстырады. 2 -- 3 жылдан кейін топырақ пайдалануға жарайды.
Шымтезек топырағын ми батпақты саз-қорысты жерлердің шіріген шым тезегінен дайындайды. Топырақтың өсімдіктерге зиян келтіретін қышқылын кетіру мақсатымен оны бір жерге үйіп, 1 -- 2 жыл ашық жерде ұстайды.
Жылыжай қарашірік топырағын жылы қорада жатып, жақсы шіріген (әдетте 2 жыл) көңнен алады. Саздық топырақты шабындықтың сазды жерлерінен алады. Мұндай топырақтарды қыс түсерде бір жерге жиып үйеді де, көктемде бірнеше рет қотарыстырып, араластырады
Шым топырақты былай дайындайды: жазда немесе ерте күзде ойылған шымды (ені 10 -- 15 см және ұзындығы 30 -- 35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігін 1 м етіп жияды. Шірігеннен кейін (бір жылдан соң) топырақты пайдалануға болады. Жеңіл шым топырақтың (онда өсімдіктердің қарашірігі мол болады) ауыр немесе шым топыраққ а (онда саз топырақ мол болады) қарағанда өзгешелігі болады. Өсімдіктердің түріне, жасына және өсу фазасына қарай бұл. топырақтарды әр түрлі мөлшерде қосып араластырады.
Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер өсімдікке суды көп құнды, соның салдарынан өсімдіктің тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5 -- 70 жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазарту үшін алдын-ала ыдысқа құйыл, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс. Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аңқай суын сол бойда, ал жеңіл топырақтық артық суын 30 минуттай немесе 1 сағаттап кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің (циперус) табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда өсімдіктің топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Өсімдікке су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп, тұруы қажет. Пиязға, бүлдіргенге су құйғанда оларға су тимеуін қадағалау керек. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп те суару қажет. Өсімдік жапырақтарын таза ұстау үшін жылы суға малын алынған мақтамен не губкамен екі жағын бірдей сүртіп отырады; ал науа жапырақтарды -- жұмсақ кистімен сүртеді. Түкті жапырақтарды сумен жууға болмайды (бегония, глоксиния), мұндай жапырақтардың шаңын щеткамен немесе кистімен тазартады. Өсімдіктерді аптасына бір рет жуып отырады, өйткені жапырақты, көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады, сонымен бірге зиянкестер зақымдан, өсіп-өнуіне кедергі жасайды.
Бөлме өсімдіктеріүшін ең қолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тәрелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Кактустар мен басқа суккуленттерді өсіру үшін ол астм ассадан жасалған ыдыстарды немесе қораптарды пайдалануға болады. Өсімдіктің ауруға шалдыруын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дезинфекциялайды.
Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жанырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмалалғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында (суккуленттерден басқасын) кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Өсімдікті қыш құмыр адай топырағымен қоса қопарыл алып, сіліккеннен кейін, оны көшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырыл отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің көлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс. Көшеттеп отырғызу жұмысын, әдетте, көктемде (март-апрель) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Кішкене қыш тост ақтық түбіне дөңес жағын жоғары қаратыл шынының сынығын, ал үлкендеріне шыны сынығы немесе ұсақ тас салады. Оның үстіне тур алған шымтезек мүгін жайып тастайды, ол қыш құмыраның түбіндегі тесіктердің топырақпен бітеліп қалуын болдырмайды. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлан, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыс қа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құнды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды.
Өсімдіктердің қоректік заттар жөніндегі қажетін қанағаттандыру үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жүйелі түрде енгізіg, олардың топырақтағы қорын толықтырып отыру керек. Тыңайтқышты (ерітілген) бірнеше рет (1 -- 2 аптадан кейін) өсімдіктің өсу және гүлдену кезеңінде енгізу керек. Жаңа ғана көшеттелген немесе ауруға шалдыққан өсімдіктерге тыңайтқыш берудің қажеті жоқ. Тыңайтқыш ерітіндісін қолдалудан 2 сағат бұрын топырақтың түйіршіктері толық жібуі үшін таза су құю керек. Минералды тыңайтқыштар ретінде калий тұзы және суперфосфат қолданылады. Өну кезінде өсімдікке аммиак селитрасы қоспасын (21 2 ас қасық), суперфосфат (1 ас қасық), калий селитрасын 12 ас қасық) 10 -- 12 л суға ерітіп құю керек. Ал өсімдік гүл жарар алдында және гүлдену кезінде аммиак селитрасы қоспасын ( 2 ас қасық), суперфосфат (2 ас. қасық) және калий селитрасын 10 л суға ерітіп құяды. Дайындалған тыңайтқыш ерітіндісін де (оның ережесі ұсынылады) қолданған жөн. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану өсімдіктердің өніп, өсуіне жақсы ықпал жасағанымен, бірақ оларды үй жағдайында дайындау өте қиын. Шикі етті жуған су жақсы қосымша тыңайтқыш болып табылады.
Үй өсімдіктерін олардың өзінің тұқымынан немесе бөлшектерінен, яғни кесіндісінен (сабағының, жапырағының немесе тамырының) өсіреді, ол үшін оларды сабақ, түйнек, бадана, тамыр өркендеріне бөледі.
Өсімдіктерді өз кесінділерінен көбейту (вегетациялық жолмен) үй жағдайында тұқымын егіп көбейтуге қарағанда жиі қолданылады, өйткені аз уақыт ішінде тез өсіп жетіледі. Кесінділерді жас, ауруға шалдықпаған, жақсы өсіп жетілген өсімдіктерден қиғаштан жапырақтың сабаққа біткен жерінен кесіп алады, жас өркеннің жапырағы 1 -- 3-тен аспауы керек. Кесіндіден 1 -- 2 жапырақты қияды немесе жапырақтың жартысын (булануды азайту үшін) кесіп тастанды. Содан кейін шым тезекке немесе оның қосындысы мен құмға онша тереңдетпей отырғызып, маңайындағы топырақты нығыздайды. Кесінділер тамырлануы үшін ылғалды ауа қажет. Сондықтан кесінділер отырғызылған жәшіктерді немесе қыш ыдыстарды әйнекпен не пленкамен жауып, су құйып жарық жерге қояды. Есте болатын бір жағдай, кесінді тамырланғанша оны күн сәулесінің тіке түсуінен сақтау керек. Әйнекті күніне бірнеше рет тазалан сүртіп, кесіндіге күніне 2 -- 3 рет су бүркеді. Ол өсе бастаған кезде әйнекті аздап көтеріп қояды да, кейін мүлдем алып тастайды. Өсімдіктердің түріне қарай, олардың тамырлануы 3 күннен 2 айға дейін созылады. Кейбір өсімдіктердің кесінділері (мысалы, Узамбар қоғажайы, сциндапсус, шырмауық) суда жақсы тамырланады.
Кей өсімдіктерді (мысалы, бегонияның әр түрі) жапырақтарының кесінділерінен өсіріп көбейтуге болады. Ол үшін жапырақты ылғал құмға отырғызады да, ағаш таяқшаларға байлап, әйнекпен жабады. Тез тамырлану үшін жапырақ өзегінің жуаңдау жерінің астыңғы жағынан тілік жасайды. Тамырлану үшін ең қолайлы температура 25°С жылылығы.
Тамырынан бөліп қырыққұлақ секілді көп жылдық шөптесін өсімдіктерді (аспидистру, циперус) көбейтеді. Көктемде өсімдіктерді қыш тостақтан алып, тамырын өткір пышақпен бірнеше кесіндіге бөледі. Ал түйнек тәрізді, жуан тамырларды әрқайсысында енетін көздері болатындай етіп бөлу керек. Тамыр өркенін беретін өсімдіктерді көшеттегенде оларды бөліп алып, жеке қыш ыдыстарға отырғызады. Өсімдіктердің барлығыда тұқым арқылы өсіп, енеді. Өсуі жай тұқымдарды (пальма, лавр) қаңтар-ақпанда, ал қалғандарын наурыз-сәуірде себеді. Тұқымды бұдан кеш себуге болмайды, өйткені жас өркен күзге дейін тамыр жайып, бекімейді. Өсімдік отырғызуға арналған ыдыстың топырағы жақсы дайындалуы тиіс. Су ағатын тесіктерін бітелмейтіндей етіп жауып, түбіне майда тас салу керек. Оның үстіне еленген шымтезек пен құмның, топырақ қосындысын салады. Егу алдында топырақты жақсылан ылғалдайды. Ірі тұқымдарды атыздың жоғары жағына сеуіп, бетін жұқалап топырақпен жабады. Ал майда тұқымдарды топырақтың бетіне шашып, бүріккішпен су себеді. Өсімдік отырғызылған ыдыстың бетін әйнекпен жауып, жылы жерге қояды. Анда-санда әйнекті алып, желдету отырады. Өркендегеннен кейін жарық жерге шығарып, әйнекті мүлде алып тастайды. Кей өсімдіктердің көктеуі өте ұзақ -- 2 аптадан 8 айға дейін созылады, сондықтан олар бір мезгілде өніп шықпайды. Өсіп шыққаннан кейін көшетін құм аралас топырақ салған шағын қыш ыдыстарға, жайпақ тәрелкеге немесе жәшіктерге бөліп-бөліп отырғызады. Көшеттерді сиреткенде сиреткіш істікшелерді пайдаланған жөн. Отырғызғанда топыраққа тұқым жарнағына дейін көміп, айналасын нығыздайды. Одан кейін су бүркіп бетін әйнекпен жабады. Ірі өскен көшеттерді қыш тостақтарға бір-екіден жеке отырғызу керек. Жан-жағындағы тамырлары қаулап өсуі үшін өсімдіктердің негізгі тамырын шырпып тастау керек. Топырақсыз өсетін гидропоника деп аталатын үй өсімдігін өсіру тиімді. Өсімдікті өсірудің бұл тәсілінде топырақтың орнына арнаулы қоректік ерітіндімен ылғалдандырылып, стерильдендірілген Субстрат (құм, шағыл, керамзит) пайдаланылады.
Шым топырақ. Жазда, ерте кезде ойылған шымды (ені 10-15 см, ұзындығы 30-35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігі 1 метр етіп жайып қояды. Бір жылдан соң ол шіриді, сосын оны пайдаланады.
Бөлме өсімдіктеріне суды көп құйған дұрыс емес. Ол өсімдіктердің тамырын шірітіп жібереді. Өсімдіктерге құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болғаны жөн. Үй өсімдіктерін суаруға өзен, жаңбыр, қар, тоған, ол болмаса құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын алдын-ала ыдысқа құйып, тұндырып, хлорынан тазартып алып барып үй өсімдіктеріне құяды. Өсімдікке су құйғанда ыдыстағы барлық топырақ жібіп, оның түбінен су ағуға тиіс. Өсімдік жапырақтарына да су бүркіп немесе оны жұмсақ, ылғалды шүбірекпен ептеп сүртіп, шаң-тозаңынан тазартып тұру қажет.Үй өсімдіктері түкті жапырақты болса, оны сумен жууға болмайды.
Жарық сүйгіш өсімдіктер. Олардың көбісі шөл дала мен таулы жерлерде өсетіндер. Оның негізгі түрлері: кактустар, сабақтарында ылғал сақтайтындар (суккуленттер) - сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ, очитка, агава, сансевиерия, зониум және тағы да басқалар. Қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын теңбіл жапырақты өсімдіктер: колеус, кротон, сеткреазия, кордилина, стробилантес.
Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер. Бөлме өсімдіктерінің ішінде жарықтың мол, аз түскенін ғана емес, шашырап түскенін де қалайтындары кездеседі. Гүл өсірушілердің айтуынша, олар мыналар: аспарагус, бегония, глоксиния, севполия, фуксия, зухарис, пенеромия және т.б.
Жылылықты сүйетін өсімдіктер. Бұларға тропиктік өсімдік-тер жатады. Олардың ішінде кең тараған түрлері: бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аг-лаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, дроцендер, бромелия, геснерия тұқымдастар. Бұлар қыста 200С температурада жақсы өсіп, өнеді. Кактус тәрізді субтропиктік өсімдіктер үшін қыста температура 60С-тан 120С аралығында болуға тиіс. Егерде үй өсімдіктері тұрған бөлмелердегі температура режимі бұзылатын болса, өсімдіктер сарғайып, жапырақтары түсіп қалады. Үйде өсетін өсімдіктер аспалы өсімдіктер, сәнді жапырақ жаятындар, әдемі гүл шашатындар болып сан алуан түрге бөлінеді.
Аспалы өсімдіктер. Оларды ампель өсімдіктері деп те атайды. Өйткені бұлар ампельдерде, яғни, аспалы вазалар мен құмыраларда өсіріледі. Олардың сабақтары жайылып, төмен түсіп тұра-ды немесе өрмелеп өсіп, жан-жағына көрік береді. Аспалы өсімдіктер үнемі жа- сыл, көпжылдық, сәнді жапы- рақ жаятын, әдемі гүл шаш- атындар. Оны терезе алдына, қабырғаға бекіті-лген тіреуіштермен сәндік құмыраларда, ағаш, тоқыма кәрзеңкелерде өсіріп, іліп қояды. Аспалы өсімдіктердің құрғақтылықты сүйетіндері-нен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлме өсімдіктерінің топырағы
Үй өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері
Бөлме өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар
Эстетикалық тәрбие теориясы
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАСТАМАСЫН ДАМЫТУ
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы
Тірі табиғат бұрышы
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет ғұрыптарды қалыптастыра отыру
Пәндер