Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Дәрілік өсімдіктер бөлімі
1.1 дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама ... ... ..4
1.2 Дәрілік өсімдіктердің құрамында кездесетін биологиялық
белсенді заттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 дәрілік өсімдіктердің түрлері ... ... ... 11
Тәжірибелік бөлім
2.1 Итмұрын өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері мен емдік қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Жамбыл облысының флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.
Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал. Одан басқа, түрлі белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне байланысты. Сол себепті, дәрілік өсімдіктердің шикіатын дайындауда оларда қай уақытта жэне қай өсу кезеңінде жинауды білу керек.
Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар әртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар — алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир жэне шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер.
Жамбыл облысында кездесетін дәрілік өсімдіктер — қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілік препараттар алатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде олардан 40 %-ға жуық дәрілік заттар жэне препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.
Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %-ға дейін, ал бауыр жэне асқазан-ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды[12]. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.
Зерттеу мақсаты: Жамбыл өңірінде дәрілік мақсатта өсірілетін өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеті: Дәрілік өсімдіктердің түрлерімен танысу.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы, Алматы 2001, 280 б.
2. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы, Алматы 1994, 118 б.
3. Абдрахманов О.А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2003.
4. Ә. Аметов. Ботаника . Алматы Дәуір 2005ж.
5. Мухитдинов Н.М. Қазақстан биоресурстары Алматы. «Қазақ университеті» 2009, 296 б.
6. Қалекенов Ж.Ө. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 2004. 456 б.
7. Е. Ағелеуов, К. Дөненбаева, К. Агитова, С. Иманқұлова. Ботаника: Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы - Санат, 1998.
8. Н. Мухитдинов, Ә. Бегенов, С. Айдосова. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы - Республикалық баспа кабинеті, 1993.
9. Интернет жүйесі: http://www.yandex.ru
10. Интернет жүйесі: http://www.wiki.kz
11. Интернет жүйесі: http://www.google.kz

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Дәрілік өсімдіктер бөлімі
0.1 Жамбыл өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама ... ... ..4
0.2 Дәрілік өсімдіктердің құрамында кездесетін биологиялық
белсенді заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.3 Жамбыл облысында кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлері ... ... ... 11
Тәжірибелік бөлім
2.1 Итмұрын өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері мен емдік қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Жамбыл облысының флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.
Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал. Одан басқа, түрлі белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне байланысты. Сол себепті, дәрілік өсімдіктердің шикіатын дайындауда оларда қай уақытта жэне қай өсу кезеңінде жинауды білу керек.
Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар әртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар -- алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир жэне шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер.
Жамбыл облысында кездесетін дәрілік өсімдіктер -- қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілік препараттар алатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде олардан 40 %-ға жуық дәрілік заттар жэне препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.
Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %-ға дейін, ал бауыр жэне асқазан-ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды[12]. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.
Зерттеу мақсаты: Жамбыл өңірінде дәрілік мақсатта өсірілетін өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеті: Дәрілік өсімдіктердің түрлерімен танысу.
І Дәрілік өсімдіктер бөлімі
1.2 Жамбыл өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дэуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырап келеді. Сондықтан халық өсімдіктерді -- басқа пана, жанға сая деп бағалаған[10].
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін[11].
Қазақстан Республикасы территориясында алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 130 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады.
Жамбыл облысының флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бүлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нэтижесінде бүл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дэрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нэтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дэрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.

Дәрілік өсімдіктер -- емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған. Атақты ойшыл, шығыс дәрігері Ибн-Сина (Авиценна). Медициналық ғылымның Каноны деген еңбегінде: Дәрігердің 3 қаруы бар -- сөз, өсімдік, пышақ, деп жазады[13]. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерді зерттеумен көптеген ғалымдар айналысуда. Олардың құрамында: алкалоидтар, гликозидтер, сапониндер, илік заттар, эфир майы жэне т.б. заттар бар. Биологиялық белсенді заттардың көпшілігі мысалы, алкалоидтар жэне гликозидтердің көп дозасы улы, бірақ организмге қолданылатын аз мөлшерінің (0,01 жэне одан да аз ) емдік қасиеті бар[14].
Академик Н.В. Павловтың басқаруымен Қазақстанда пайдалы өсімдіктер тексеріліп еңбектері жарыққа шықты, онда өсімдіктердің қасиеттері туралы жан-жақты айтылған[15].
1.2 Дәрілік өсімдіктердің құрамында кездесетін биологиялық белсенді заттар
Жамбыл облысында кездесетін дәрілік өсімдіктер -- емдік қасиеті ондағы белсенді заттар немесе химиялық құрамы мөлшерінде және олардың дам организміне тигізетін физиологиялық әсеріне байланысты. Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал. Одан басқа, түрлі белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне байланысты. Сол себепті, дәрілік өсімдіктердің шикіатын дайындауда оларда қай уақытта жэне қай өсу кезеңінде жинауды білу керек.
Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар әртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар -- алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир жэне шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер, т.б.
Эфир майлары -- күрделі әртүрлі үшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тін болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркэсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0,001%-тен 20%-ке дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция эдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда жэне басқа органикалық еріткіштерде ериді. Эфир майының химиялық құрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі-түрлі әсерін тигізеді. Микробтарға жэне түйілуге қарсы дэрі, жүрек жүмысын жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.
Гликозидтер. Өсімдік бөліктерінде болатын күрделі органикалық заттар. Оладың қантты және қантсыз бөліктері бар. Фермент қышқылдар арқылы жэне қайнатқанда қантқа (глюкоза, фруктоза т.б.) жэне қантсыз бөлігіне (агликон) ыдырайды. Таза түрінде кристалл тэрізді ащы зат, суда өте жақсы ериді, бірақ спиртте ерімейді, көбісі улы. Гликозидтермен әртүрлі ауруларды емдеу агликонның химиялық қүрамы мүмкіндігіне байланысты. Қазір жүрек гликозидтерін көп пайдаланып жүр. Сақ болу керек, олар өте улы. Тек дэрігерлер бақылауымен ғана емделген жөн. Гликозидтер табиғатына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Солардың бірі флавоноидтар мен кумариндер.
Флавоноидтар -- барлық флаваноидтар негізінен флавон деген қосылысқа жатады. Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структураға қарай, сонымен бірге оның тотығу дәрежесіне байланысты барлық флавоноидтар бірнеше негізгі топтарға бөлінеді; 1) Катехиндер; 2) Лейкоантоцианидтер; 3) Антоцианидиндер; 4) Флавоноидтар; 5) Флавонолдар-3; 6)Флавондар жэне флавонолдар; 7) Халкондар жэне дигидрохохалкондар; 8) Аурондар; 9) Изофлавондар. Флавоноидтар өздерінше бос күйінде де, немесе гликозидтер түрінде де (катехиндерден басқасы) кездеседі. Көміртекті бөлігі ретінде моно-, ди- жэне трисахаридтер болуы мүмкін. Моносахаридтерден кәдімгі өсімдіктерде болатын қанттар: Д-глюкоза, Д-галактоза, L-рамноза, L- арабиноза болады.
Флавоноидтар деген атпен белгілі өсімдіктер пигменттері класын зерттеу XIX ғасырдың басынан жүргізілді деп айтуға болады. Флавоноидтар қосылыстарына қызығушылық әсіресе ерекше 20ғасырдың 40 жылдарынан басталды. Септ -- Дьерди 1936 жылы лимон қабығынан алынған флавоноидтар жиынтығының Р -- Витамині белсенділігіндей эсері бар екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде флавоноидтардың фармокологиялық әсері диапазоны өте кең белгілі болды. Әдебиеттердегі мәліметтерден флавоноидтарды жүрек-қан тамырларын емдеуге; спазмолитикалық, қабынуға қарсы, микробтарға қарсы дэрілік заттар ретінде пайдалануға болады. Соңғы кезде флавоноидтарды ісікке қарсы да қолдануға болады деген мэліметтер бар. Бірақта флавоноидтардың дәрі-дәрмек ретінде ресми түрде пайдалануы әлі шектеулі. Өте жиі флавоноидтарды Гален жэне Жаңа гален препараттары құрамына кіретіндігі туралы айтылады[19].
Кумариндер өсімдікте таза түрінде немесе гликозидтер құрамындағы агликонмен қосылыс түзеді. Олар жарыққа сезімтал, тез ыдырайды, суда нашар ериді. Олардың көпшілігі тамыр кеңейткіш, ісікке қарсы қолданылады. Қазіргі уақытта 150 аса кумариндер түрі бөлініп алынды. Кумариндер көбінесе бұршақтұқымдастар, шатыргүлділер түрлерінің тамыры мен жемістерінде болады.
Алкалоидтар -- күрделі азотты қосылыстар. Бұл сөз арабша алкали -сілті жэне гректің эйдос -- үқсас деген мағына береді. Өсімдік түрлеріне, өскен ортасына, биологиялық даму сатыларына, өсіру және жинау әдістеріне байланысты алкалоидтардың мөлшері де әртүрлі болады. Алкалоидтар суда ерімейді, бірақ түрлі органикалық қышқылдармен тез байланысып, суда ерітінді түзеді. Медицинада алкалоид тұздарының судағы ерітіндісі қолданылады. Алкалоидтар дәмі ащы, көпшілігі улы, күшті эсер еткіш дәрілік заттар тобына жатады. Фармакологиялық әсері өте көп.
Шайыр -- күрделі химиялық қосылыс, жабысқақ, суда ерімейтін, әртүрлі иісті зат. Сұйық шайырды бальзам деп атайды. Өсімдікте шайыр шайыр жолдарында болады. Егер өсімдіктің сыртқы қабаты жарақаттанса, шайыр толық жауып, кеуіп қалудан жэне микроб түсуден қорғайды. Шайыр қылқанжапырақтыларда, қайыңның бүрі мен жапырағында, алоэ да кездеседі. Медицинада оларды бактерияға қарсы, ал түндырмасы ішкі органдырға пайдаланады. Қарағайдан алынған шайыр медицинада кең қолданылатын клеол пластырь қүрамына кіреді. Ежелгі Египетте ладаң, мирра, канифоль сияқты шайыр заттарын өлген адамды бальзамдау үшін қолданған. Бірі сүргі ретінде, екіншісі жараларды емдеуге, үшіншісі несеп айдауға дәрі ретінде қолданылады.
Шыны майлар мен майға ұқсас заттар. Глицеринді күрделі эфирлер мен жоғары май қышқылдарының қосылыстары. Май қүрамына қаныққан жэне қанықпаған қышқылдар кіреді. Қаныққан май қышқылдары қүрамында пальмитин, стеарин, миристил жэне лаурин қышқылдары болады. Шыны майы көбінесе өсімдіктің тұқымында кездеседі, тек зэйтүн майы етті зәйтүн жемісінен өндіріледі. Шыны майлар суда ерімейді, спирттің суық ортасына қарағанда ыстық ортада тез ериді. Медицинада өсімдік майларын (мазь, кремдер, сабын) теріні жұмсарту үшін кең қолданады. Көпшілік майлар құ-рамындағы қанықпаған қышқылдар қан қүрамындағы холестеринмен байланысып, тез еритін қосылыстар түзеді де, ағзадан шығаруға көмектеседі. Сондықтан шыны майларын эссенциальды деп атайды, организмде түзілмейді. Ең бағалы болып жүгері, күнбағыс, зэйтүн майы саналады. Өсімдік майын көп қолданатын Үнді, Қытай, Жапония елдерінде Америка, Европа елдерімен (бүл елдер көбінесе жануарлар майын қолданады) салыстырғанда атеросклероз ауруларына шалдығу біршама томен. Майға ұқсас заттарға балауыз, стериндер, камфора кіреді, оларды да дәрі дайындауға қолданады.
Илік заттар -- илік заттар барлық өсімдіктер қүрамында кездеседі. Тырыстыратын дәрі құрамына кіреді, ағзадағы бактериялардың өсуіне кедергі болатын қасиеті бар, әртүрлі суық тигенге, қанның қалпына келу процесіне қатысады.
Ғылыми мәліметтерде илік заттардың антигепатоксикалық, антибактериалық, антимутагендік, әртүрлі саңырауқұлақтарға қарсы сондай-ақ қаннның қалпына келуіне, суық тигенге қарсы белсенділігі бары анықталынған[20]. Сонғы жылдары әртүрлі зерттеулер жүргізу нәтижесінде илік заттардың қатерлі ісікке қарсы, антигипоксиялық, антиоксиданттық, антивирустық, фунгицидтік, бойдың өсуін реттеуші, тұмауға, гепатит, СПИД ауруларына қарсы белсенділіктері анықталынды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығында қолдануға болатын далалық және өндірістік сынақтар бойынша өсімдіктерді вирустық аурулардан қорғау, тамыр жемістілерді ұзақ сақтау кезінде шіруден сақтау құралдары, дәнді дақылдардың өсуін реттеуші тиімді, экологиялық таза құралдары ретінде қарастырған. Сондықтан ғалымдар илік заттары көп кездесетін шикізат көзін іздестіруде[21].
Сапониондер -- бұл да гликозидтер, шайқағанда сабынның көбігіндей көбік пайда болады. Латынша сапо -- сабын. Олар қант пен агликонға бөлінеді. Оны сапогенин деп атайды. Сапгенинді қақырық түсіруге, несеп айдауға, түрлі мүшелердің бекуіне және организмнің қызметін жақсартып, қуаттандыруға қолданады.
Витаминдер -- латынша vita өмір сүруге керекті, биоогиялық белсенді органикалық зат. Организмнің бірқалыпты дұрыс тіршілігіне өте қажет. Олар адам организміне тағаммен бірге енеді. Витаминдер зат алмасу процесіне қатысады, түрлі науқастарға қарсы түрақтылықты қамтамасыз етеді және организмде ферменттер құруда үлкен маңызы бар.
Қазіргі уақытта 30-дай витаминдер бөлініп алынды, олардың 20-дай түрі адам организмине өсімдіктер тағамымен енеді. Дәрілік өсімдіктер шикізаты - адам организміне керекті витамин алуға өте құнды қайнар бұлақ.
Л витамині -- өсімдіктер майы құрамында кездеседі. Оның жеткіліксіздігі көздің құрғақ көз (ксерофтальм) ауруына шалдықтырады, бетті безеу басады, тері жаралары іріңдегіш келеді, тәбет нашарлайды, адам шаршағыш келеді. Бұл витамин осы ауруға қарсы шипа.
Техникалық дақылдар дегеніміз - кез-келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер. Талшықты өсімдіктер де техникалық дақылға жатады. Техникалық дақылдардан қант, крахмал, май, илік заттар, өзге де қажетті заттар алынады. Алайда техникалық дақылдарды өзге мәдени дақылдардан ерекше шектеп қарауға болмайды. Өйткені техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік қасиеттері де болуы мүмкін.
Үпіл мәлік (клещевина) - көпжылдық сүттіген тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын техникалық дақыл. Ол - биіктігі 10 метрге дейін жететін бір үйлі өсімдік. Бірінші жылы сабағының биіктігі 60-500 сантиметрге жетелі де күзгі салқында тіршілігін тоқтатады. Сабағының іші қуыс, буын-буынды, көп бұтақты болып келеді. Жапырақтары үлкен, ұзын сағақты. Гүлшоғыры - бұтақтар ұшында болатын шашақгул. Оның астыңғы бөлігінде аталық гүлдер, үстіңгі бөлігінде аналық гүлдер орналасады. Жемісі - қауашақ. Қауашағы домаланған немесе сопақтау, үш ұялы болады. Әрбір ұнда бір-бірден тұқымы бар. Қауашақ сыртын тікенектер қаптайды. Үпілмәліктің тұқымында 40-58%-ға дейін өте тұтқыр, кеуіп кетпейтін май болады. Оның майы төмен температурада да қатпайды және бензинде нашар ериді. Үпілмәлік майы авиациялық моторларды майлауға, металлургияда, тері, мата, сабын алу өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Үпілмәлік майы жеуге жарамсыз, медицинада іш жүргізуге қолданады. Үндістанда, басқа да елдерде түтіндемейтін болғандықтан, майшам ретінде пайдаланылады. Сабағының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқылады. Оның отаны - Шығыс Африка. Қазақстанда бір түрі - кәдімгі үпілмәлік Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тәңіртауда таралған біржылдық өсімдік. Оның биіктігі 60-400 сантиметрге дейін жетелі. Үпілмәлік жылуды, жарықты, ылғалды, қара топырақты жерлерде өседі. Тұқымы 12-14С- де өнеді. Өсімді кезеңі 110-150 күн. Үпілмәлікті екпе дақылдар тәрізді жыртылған жерге кең қатарлап себеді. Себу нормасы - 1 гектарға 25-30 килограмм тұқым шашылады.
Тұқымның сіңірілу тереңдігі 8 - 1 0 см. Суарыл маған жағдайда - гектарынан 7-12 ц, суармалы егістіктен 16-20 ң түсім алынады.
Бұйдакендір (канатник)- құлқайыр тұқым дасқа жататын біржылдық, шөптекті өсімдік. Оның жапырағы, гүлдері ірі болады. Күлтесі - сары түсті. Жемісі - 11-30 ұялы қауашақ. Қауашақтың әр ұясында 3 - 5 ұсақ тұқымдары болады. Бұйдакендірдің сабақтарында 17-27% талшық бар, одан арқан есетін, қап тоқитын жіп алынады. Тұқымында тек техникалық мақсатқа пайдаланылатын 18-20% май болады. Отаны - Қытай деп есептеледі. Қазақстанда Каспий теңізінің маңында, Мұғалжарда өседі. Торғай, Балқаш-Алакөл ойысында, Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Бұйдакендір жарық сүйеді, ыстыққа төзімді. Ол топырақта ылғалдықтың жетімсіздігіне төзе алмайды. Топырақ жылылығы 10-12С болғанда кең қатарлы әдіспен бұйдакендір тұқымын егуге болады.
1.3 Жамбыл облысында кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлері
Жамбыл облысында 200 - дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Бақбақ, долана, адыраспан, рауғаш, ермен, уқорғасын және өзге де дәрілік өсімдіктер бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент фармакологиялық зауытында дермене, меңдуана, үшжапырақты сана дәрі алу мақсатында өсіріледі.
Жалбызтікен (алтей)- құлқайыр тұқымдас цилиндр пішінді 150 сантиметрге дейін бойлай өсетін сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тік орналасқан жуан әрі қысқа тамырынан көптеген жанама тамырлар тарайды. Сабақтары тамырдан тікелей өсіп шығатындықтан, жуан тамырдың жоғары жағы тармақталып, әрбір сабақтың түбінде жұлым-жұлым ұйысқан түктер болады. Ұзындығы әр түрлі (2,5-15 см) сағақты, ара тісті жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақтарының екі жағын біркелкі қысқа түк қаптайды. Дәрілік жалбызтікен маусым - қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері қысқа сағақты, әрбір жапырақты қолтығында топтасып орналасады, 15- 20 жемісшеден қүралған жемістері болады. Бұл өсімдікті Қазақстанның барлық аумағынан: ылғалды, батпақты жерлерден, көл маңынан, тау етектері мен өзен жағалауынан, егістік жерлерден кездестіре аламыз.
Бірде-бір өсімдіктің қалай болса солай жұлынып қалуын болдырмау - адамзат тіршілігі мен рухани байлығын сақтап қалу екенін үнемі есте ұстау керек. Өсімдіктің қадір-қасиетін қазақ халқықсы түсінген. Не бір даналық сөздерді халқымыз өсімдіктерге бағыштаған. Өндірістің әр саласына шикізат беруге арнайы өсірілетін өсімдіктер техникалық дақылдар деп аталады. Олардан өндірілетін өнімдерге байланысты техникалық өсімдіктер май алынатын, тоқыма үшін пайдаланылатын, крахмал алынатын, каучук, қант алынатын дақылдарға жіктеледі. Сондай-ақ илік, бояу және дәрілік өсімдіктер де болады. Соған қоса техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік, мал-азықтық қасиеттері болатынын да ескеруіміз қажет. Адамның денсаулығын сақтауда дәрілік өсімдіктердің маңызы зор. Қазақстанда өсетін өсімдіктердің 500-ге тарта түрі дәрілік өсімдіктер. Аталған дақылдардың кейбірі улы болуы да мүмкін
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) -- түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі - кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 - 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр - шілдеде гүлдейді. Жемісі - көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол - улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан - улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.[1]
Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.
Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.
Мия (Glycyrrhіza) - бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Биіктігі 10 - 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым - шілдеде гүлдеп, шілде - тамыз айларында жеміс салады. Жем
ісі - қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 - 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.
Жалбыз (лат. Méntha piperíta)- еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Жалбыз туысының 10 түрі өседі, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз қолданылады. Жане де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық , кондитерлік , гигиеналық мақсаттарға қолданылады.
Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментю парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жұйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.
Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz