Сұр қарлығаштың тіршілі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

І Сұр қарлығаштың құрылысы мен тіршілігі ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Ұзынқанаттылар отрядына жататын құстардың тіршілік ету ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Сұр қарлығаштың сыртқы құрылыс ерекшеліктері ... ... ... ... . 7
1.3 Сұр қарлығаш ішкі құрылыс ерекшеліктерін анықтау ... ... ... 14

Тәжірибелік бөлім
2.1 Сұр қарлығаштың тіршілігін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26 Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
Кіріспе
Құстар - құрлық омыртқалыларының ішіндегі ең көп тобы, ауада ұшып тіршілік етуге бейімделген. Анатомиялық құрылысы жағынан құстар өздерінің тікелей тегі – бауырмен жорғалаушыларға жақын, олар кесірткетәрізділер тобына бірігеді.
Құстардың негізі тіршілік ортасы құрлық және сулы орта. Құстар табиғатта алатын орны ерекше. Табиғаттың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Олардың табиғатта негізгі маңызы ауылшаруашылық және кәсіптік. Сонымен бірге зиянды жақтары да бар.
Сұр қарлығаш (лат. Hirrundinidae) — торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы.
Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда кеңінен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі.
Сұр қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес.
Сұр қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3—7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады.
Зерттеу мақсаты: Сұр қарлығаштың биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Ұзынқанаттылар отрядының жататын құстардың тіршілік ету ерекшеліктері.
2. Сұр қарлығаштың сыртқы құрылыс ерекшеліктері
3. Сұр қарлығаштың биологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу обьектісі: сұр қарлығаш
Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Беркінбай Омарқан. Қазақстан құстары. Алматы, «Атамұра» 2007 (57-73)
2. Валерий Михайлов Марқакөл - Алматы, «Қайнар» 1999 (15-29)
3. Ә.Жұмаділов, А.Бекенов, Х.Қыдырбаев Қазақстан қорықтары – Алматы, Кітап, 2004 (72-83)
4. Е.Гуриков Іле Алатауы - Алматы «Мектеп» 1997 (21-27)
5. М.К.Жұмалиев, Б.Е.Есжанов Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі - Алматы «Қайнар» 2000 (57-68)
6. Ж.Әлиев, А.Бекенов, Х.Қыдырбаев. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау – Алматы, кітап, 2004 (98 - 109)
7. К.М.Жиенбаев Алматы хайуанаттар паркі Алматы «Қайнар» 1995 (55-62)
8. А.А.Иванщенко Қазақстан қорықтары – Алматы, «Кітап» 2004
9. http://www.google..com/imgres/imgurl=http://cdn8.wn.com/ph (щегол)
10.http://www.google.com/imgres/imgurl=http://upload.wikimedia.org
11. http://www.google.com/imgres/imgurl=http://egemen.kz
12. http://www.google.com/imgres/imgurl=http://balalaralemi.kz
13. http://www.google.com/imgres/imgurl=http://cdn4.wn.com
14. К. Олжабекова Б. Е. Есжанова. Омыртқасыздар зоологиясы І бөлім Алматы , Қазақ Университеті, 2007ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5

І Сұр қарлығаштың құрылысы мен тіршілігі ... ... ... ... ... ... .. . 6
0.1 Ұзынқанаттылар отрядына жататын құстардың тіршілік ету ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
0.2 Сұр қарлығаштың сыртқы құрылыс ерекшеліктері ... ... ... ... . 7
0.3 Сұр қарлығаш ішкі құрылыс ерекшеліктерін анықтау ... ... ... 14

Тәжірибелік бөлім
2.1 Сұр қарлығаштың тіршілігін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26 Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

Кіріспе
Құстар - құрлық омыртқалыларының ішіндегі ең көп тобы, ауада ұшып тіршілік етуге бейімделген. Анатомиялық құрылысы жағынан құстар өздерінің тікелей тегі - бауырмен жорғалаушыларға жақын, олар кесірткетәрізділер тобына бірігеді.
Құстардың негізі тіршілік ортасы құрлық және сулы орта. Құстар табиғатта алатын орны ерекше. Табиғаттың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Олардың табиғатта негізгі маңызы ауылшаруашылық және кәсіптік. Сонымен бірге зиянды жақтары да бар.
Сұр қарлығаш (лат. Hirrundinidae) -- торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы.
Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда кеңінен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі.
Сұр қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес.
Сұр қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3 -- 7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады.
Зерттеу мақсаты: Сұр қарлығаштың биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Ұзынқанаттылар отрядының жататын құстардың тіршілік ету ерекшеліктері.
2. Сұр қарлығаштың сыртқы құрылыс ерекшеліктері
3. Сұр қарлығаштың биологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу обьектісі: сұр қарлығаш
Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру

Систематикалық орны

Тип: Хордалылар - Сhordata

Тип тармағы: Омыртқалылар - Vertebrata

Класс: Құстар - Aves

Класс тармағы: Желпуішқұйрықты немесе Нағыз құстар - Neornithes

Отряды: Ұзынқанаттылар - Apodiformes

Тұқымдасы: Әнші торғайлар - Passeri

Түрі: Cұр қарлығаш - Hirundinidae

І Сұр қарлығаштың құрылысы мен тіршілігі
1.1 Ұзынқанаттылар отрядының жататын құстардың тіршілігі
Ұзынқанаттылар (лат. Apodiformes) -- құстардың бір отряды. Ұзынқанаттылардың Жер шарының тропиктік және қоңыржай белдеулерін мекендейтін 2 отряд тармағы бар: ұзынқанат қарлығаш және колибри. Қазақстанда ұзынқанат қарлығаштың (Apodes) 1 тұқымдас, 2 туысқа жататын 4 түрі бар. Орман алқабынан шөлге дейінгі тау, қия-жартас, өзен-көлдерді, т.б. өзінің ұшып-қонуына қолайлы құр-ғақ, ашық жерлерді мекендейді. Қанаты ұзын әрі жіңішке, тұмсығы мен аяғы қысқа, сәл жалпақтау, көпшілік түрінің саусақтары ағаштың бұтақтарын ұстай алмайды; тырнақтарымен жартасқа жармасады. Сырт пішіні қарлығашқа ұқсайды, тегіс жерден тез көтеріле алмайды, жемін көбіне ұшып жүріп аулайды. Бұл құстарға тән қасиет -- сілекей бездерінің (одан бөлінетін секретті ұя жасауға қолданады) молдығы. Жыл құстары. Моногамды. Биік құрылыстардың басына, қия-жартастың арасына, ағаштардың қуысына, үңгірге ұя салады, 1 -- 6 жұмыртқа басады. Мекиені мен қоразы жұмыртқаларды кезектесіп басып, одан шыққан балапандарын да бірге қоректендіреді. Қорегі -- әр түрлі жәндіктер. Ұзынқанат қарлығаштар зиянды жәндіктерді жеп, а. ш-на пайда келтіреді.[1]
Ұзынқанаттылар - жазықтанаулы жарқанаттар туысы. Қанаттары ұзын және үшкір, өте жоғары жылдамдыққа бейімделген. 10 шақты түрі Африкада, Мадагаскарда, Оңтүстік Еуропада, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда, Австралияда, Жаңа Гвинеяда және Жаңа Гебридте таралған. Үңгірлерде, көптеген топтармен тіршілік етеді. ТМД-да 1 түрі, кәдімгі Д., (М. schreibersi), Закарпатье, Крымда, (қазір жоқ), Кавказда, Копетдагеде және Оңтүстік Приморьяда. КСРО-ның Қызыл кітабына енгізілген.

1.2 Сұр қарлығаштың сыртқы құрылыс ерекшеліктері
Тері жамылғысы және оның туындылары. Сұр қарлығаштың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құймышақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құймышақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін кұстарда болмайды. Сүйекті туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізденген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Мысалы, жоғарғы және төменгі жақтарының үсті азды-көпті болсын мүйізденген қапшықпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршақтар қаптаған. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды.
Сұр қарлығаштың қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты (контурный) қауырсын жауып тұрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін (очин) қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан және оған орнаған кішкене екінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өз ара байланысып, бір серіппелі тақташа желпеуіш құрайды.
Қалыпты -- контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртынан жауып тұрады. Бұл қауырсындар сұр қарлығаштың денесін сыртқы механикалық әрекеттерден және дене жылуының азаюынан сақтайды. Сұр қарлығаштың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды -- қақпа (маховые) қауырсындар, кұйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы,(руль) қауырсындар, қанатының үстін жауып жататын кауырсындары -- қанат үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады.
Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ малық, қауырсындар орналасады. Бұл кауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар калыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардьщ сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мұндай мамық қауырсындарды -- нағыз мамық қауырсын -- деп атайды. Мамық және нағыз мамық қа-уырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететш құстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі -- организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық кауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тэрізді қауырсындар да кездеседі. Сұр қарлығаштың езуіне орналасқан қылтандары да болады. Ауада ұшып жүріп қорегін ұстайтын насеком жемділердің түрлерінде аузын ашқан кезде воронка сияқтанып насекомдарды қағып алу мүмкіндігін арттырады.
Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Сұр қарлығаштың қауырсындары жылына 1 -- 3-ке дейін түлейді.
Ет системасы. Сұр қарлығаштың бұлшық еттері, олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табура мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын қозғауға икемделген көлемді бұлшық еттер дене скелетіне орналасып, екінші сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Әсіресе аяқтарының бұлшық еттері назар аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекінген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 процентіне жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді[4]. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бұлшық еттері болады. Бұлардың ішінде көбірек көзге түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып ортан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарды иіп тұратын тарамыстарға барып жалғасады. Сұр қарлығаш бұтаққа келіп қонады, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгілігі бұтақты бүреді. Құс неғұрлым төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек созыла түсе де, саусақтар бұтақты бүре түседі. Сондықтан да, бұтақта қонақтап, ұйықтап отырған құстар құлап кетпейді.
Сұр қарлығаштарда саусақтарының автоматты иілуі басқаша. Бұл өзгешелік саусақтардың қалыңырақ қабатта жатқан игіш бұлшық елің әрекетіне байланысты. Бұл еттің сіңірі саусақтардың ұшына барып бекиді. Сіңірдің астыңғы жақ бетінде көптеген бұдыры болады, ол сіңір қынаптың ішімен өтеді. Қынаптың ішкі бетінде көлде-нең орналасқан қабырғалар бар. Сұр қарлығаштарда бұтаққа қонып, саусақтарымен бұтақты бүргенде, сіңірдің төменгі бетіндегі бұдырлары құстың салмағымен, қынап ішіндегі қабырғаның арасына кіре түседі де, тістеседі. Осының нәтижесінде, иілген саусақтар сол қалпында қалады, құс бұтаққа ешбір бұлшық еттің жәрдемінсіз-ақ бекиді. Енді көтерілгенде, сіңірдің бұдыр беттері, қынаптың қабырғаларынан алшақтап барып ашылғанда саусақтары жазылады.
Скелетінің ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, алдыңғы аяқтарының, иык, және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; екіншіден, барлық скелетінің жеңіл, әрі мықты болуы. Сүйектерінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде куыстың болуынан, ал беріктігі -- даму кезеңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйек-терінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстардан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес [5].
Омыртқа жотасы -- мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құймышақ-кұйрык; бөлімдерінен калыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Сұр қарлығаштың мойын омыртқаларын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардың тез кимыл жасауын да қамтамасыз етеді. Сұр қарлығаштың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқалыларының құрылысына ұқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды.
Кеуде омыртқалары (3-тен 10-ға дейін) бір-бірімен сегізкөз және кұймышақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қабырға көкірек және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мұндай құрылыста болуы арнаулы бұлшық еттерінін, жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алу орындалуда маңызы зор.
Бел омыртқалары өз ара бір-бірімен, мықын сүйектерімен және сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары сегізкөз-құймышақ омыртқалармен қосылып кеткен. Соның нәтижесінде (10 -- 22) тек қана кұстарға тән күрделі сегізкөз-құймышақ қалыптасады, жая омыртқалары құстарда рептилилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен жүргенде денесінің салмағы артқы екі аяғына түседі, сондықтан күрделі сегізкөз организмге тірек қызметін атқарады. Құстарда бос қозғалмалы құйрық омыртқалар 6 -- 9 болады. Құйрық омыртқалары бірден құйыршық сүйегіне айналады -- мұны құйрық сүйек немесе пигостиль деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше құйыршық омыртқаларынан тұрады. Құйыршық сүйектері құйрық қанаттары бекитін тірегі облып есептеледі. Құйрық сүйектері, құйрық қанаттарының бекуіне мүмкіндік береді [6].
Сұр қарлығаштың бас сүйегінің -- құрылысы рептилилердің бас сүйегінің құрылысына ұқсас. Желке бөлімі төрт сүйектен құралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры рептилилердікі сияқты біреу ғана болады. Есіту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек ұзақтардың бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің түбі: негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, тандай және қанат тәрізді сүйектерден қалыптасады. Бас сүйегін үстіңгі жағынан -- қос танау, төбе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы -- жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт жағынан -- бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы сүйектермен қосылады. Соның нәтижесінде құстарға тән төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы рептилилердегі меккел шеміршегі сияқты -- буынды сүйектен және тері тектес -- тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады.
Тіл асты аппараты сүйекті ұзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек доғасының бірінші парына сәйкес келеді.
Есіту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады. Ұзақтардың бас сүйегінін, рептилилердің бас сүйегіне ұқсас белгілерімен қатар өзінше көп өзгешеліктері де бар: ұзақтардың миының көлемінің, әсіресе ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады; көз алмасының үлкен болуына байланысты, көз ұясының да шұңқыры үлкен болады құстардың көзі маңызды сезім мүшесі болып табылады. Жақ сүйектері бір-бірімен тұтасып, азықтық затты қармап алуға қолайлы күшті аппаратқа айналған; ми сауытының сүйектері жұқа және жіктері өте ұсақ, сондықтан да ми сауыты мықты және жеңіл болады [7].
Қанаттары және иық белдеуі -- ұшуға бейімделуге байланысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, кора-коидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптас-тырады. Жауырынының тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Коракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Сұр қарлығаштың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді -- мұны "айыр" сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді.
Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады. Әйткенмен иық және бұғана сүйектері "өзгермеген, керісінше нашар дамыған.
Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жүргенде құстардың барлық салмағы, артқы екі аяғына түсетін болғандықтан, олардың құрылысында бірқатар өзгешеліктердің бар екенін көреміз. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтасып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйегі бірігіп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тәрізді болады. Олар шонданай сүйегінін сырт жағына орналасқан. Жамбас сүйектерінің ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты құрайды, од және сол жамбас сүйектерінін, құрсақ жағына қараған ұштары бір-біріне қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды. Мұның өзі, сырты қатты қабықпен қапталған ірі жұмыртқа тууына байланысты болған.
Артқы аяқтары -- ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі -- ортан жілік деген бір үлкен сүйектен, екінші бөлімі -- асықты жілік және оның шыбығынан; үшіншісі -- сирақ және саусақтардан тұрады. Асықты жіліктің төменгі басына сирақтың бас жағы ке-ліп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бір ғана сүйектен тұрады. Эмбриональдық даму кезінде осы жоғарыда көрсетілген сүйек -- табан сүйектердің және толарсақ сүйектердің бір-қатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны байқалады [8].

1.3 Сұр қарлығаштың ішкі құрылыс ерекшеліктерін анықтау
Ас қорыту органдары. Сұр қарлығаштың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Ұзақтардың ауыз қуысының түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.
Өңеш қабырғасы жұқа, безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды корытатын ас корыту шырыны болады. Бұл ас қорыту шырынын қарын бездері жасап шығарады. Безді қарыннан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, біріншіден -- етті қарынның қабыршағы себепші болса, екіншіден -- құстың жұтқан ұсақ тастарының да әсері тиеді. Қарынның дамуы да түрлі құстарда қоректік заттың түріне сәйкес түрліше болады.
Құстардың бауыры үлкен және екі бөлімнен кұралады. Өт көпшілік кұстарда болады, ал көгершіндердің өті болмайды. Өт жолы он екі елі ішекке келіп ашылады.
Тыныс органдарының -- өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі.
Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады. Бұл жоғаргы көмекейдің дыбыс шығаруға ешбір қатысы болмайды [9].
Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек дана құстарға тән ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елді мекендерде өмір сүретін құстардың биологиясы
Рептилиялар немесе бауырымен жорғалаушылар класы
БАҒЫТТАУЫШТАРДЫҢ ТАҒАЙЫНДАУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Наурыз — халық мейрамы
Қыналардың құрылысы
Құстардың көбеюі
Халықтық табиғат қорғау дәстүрін табиғат
Қостанай облысы жағдайында жаздық бидайды аурулардан қорғау шараларының жүйесі
Алматы қорығындағы қосмекенділер (Amphibia)
Зиянды кеміргіштер Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және экономикалық маңызы
Пәндер