Банктің меншікті капиталы,оның құрылымы және қалыптасуы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Банктің меншікті капиталы, оның құрылымы және қалыптасуы»

5В050900 - «Қаржы» мамандығы бойынша

Орындаған Асанова С.

ФС(К) -302

Ғылыми жетекші

аға оқытушы Карсыбаева К. А.

Астана 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Банктің меншікті капиталының құрылымы мен қызметі . . . 5

1. 2 Банктің меншікті капиталының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің әдістемесі. . 9

1. 3 Банктің жарғылық капиталын құру тәртібі . . . 12

2. «БанкЦентрКредит» АҚ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ҚҰРАМЫН БАҒАЛАУ

2. 1 «Банк ЦентрКредит» АҚ жалпы сипаттама және оның экономикада алатын орны . . . 17

2. 2 Банк ЦентрКредит АҚ меншікті капиталының динамикасына талдау жасау . . . …. . 21

2. 3 «Банк ЦентрКредит» АҚ меншікті капиталының жеткіліктілік бағамы . . . 24

3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ҮЛЕСІН ТОЛЫҚТЫРУ БАҒЫТТАРЫ

3. 1 Коммерциялық банктердегі меншікті капиталды басқару саласындағы тәуекелдік мәселелерін шешу жолдары . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 38

КІРІСПЕ

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1. Банктің меншікті капиталы

2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар

Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы келесідей баптарды құрайды:

  • Жарғылық капитал;
  • Резервтік капитал;
  • Қосымша капиталдар;
  • Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер) ;
  • Бөлінбеген банк пайдасы;

Тақырыптың өзектілігі. Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Міне осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты мәселелерінің бірі болып саналатын банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау және шешу жолдарын қарастыру.

Жұмысты орындаудағы мақсат: банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық банктердің меншікті капиталын ұлғайту перспективаларын айқындау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Жаңадан енгізілген банктің меншікті капиталына қойылатын пруденциялдық нормативтерді көрсету;
  • Банктің меншікті капиталдағы болып жатқан өзгерістерге зерттеулер жүргізу;
  • Банктің меншікті капиталына және оның жеткіліктілігіне талдау жүргізу.

Әдістемелік негізі ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқаралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде, Меншікті капиталдың мәнінің теориялық негіздері, құрылымы мен қызметі қарастырылды, сонымен қатар оларды құру тәртібі қарастырылған.

Осы бөлімде банк ресуртарына жалпы мағлұмат. Сонымен қатар бұл бөлімде 1сурет және 3кесте көрсетілген.

Екінші бөлімде, «БанкЦентКредит» меншікті капитал құрамын бағалау, Банктің меншікті капиталы: қаржылық қызметіне сипаттама және банктің меншікті капиталының жіктелуі, олардың құрылымына талдау жасау.

Үшінші бөлімде, Коммерциялық банктердегі меншікті капиталдың үлесін толықтыру бағыттары қарастырылған, оған қоса меншікті капиталды басқару саласындағы тәуекелдік мәселелерді шешу жолдарына тоқталдым.

1. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Банктің меншікті капиталының құрылымы мен қызметі

Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категорияларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан үлесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:

• Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;

• Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;

• Ағымды шығындарды жабады;

• Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;

•Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т. с. с.

Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелерінің бірі болып саналатын - банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады.

Оданда басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторинктік, лизинктік операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелділігінен қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар, шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады, сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің болдырмауына өз ықпалын тигізеді.

Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады. Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті опеациялардың жүргізілуі мүмкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді.

Банктер «Резервтік талаптардың ең төмеңгі мөлшері» атты нормативке сай, тартылған несиелік ресурстардің бір бөлігін жеке шотта депонирлеуге міндетті. Бірақ ол банктің өтімді активтері мен актив операцяларынан алған кірісті төмендетеді, ал меншікті капиталдың есебінен құрылған резерв Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде депонирленбейді, яғни ол банктің айналым капиталының бір бөлімі ретінде саналады. Бірақ оның жарғылық капиталға қатынасы, оның депонирленген тартылған ресурстардың қатынасынан кем болмауы керек.

Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп айтуға болады. Банкке жататын тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің жалпы сомасы мен айналымдағы банктің меншікті қаржылардың сомасының арасындағы айырма, банктің төлемділік қабілетін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін, оларды тәуекелділігі бойыша топтастырады. Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің коэффициенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттағы қаржылар 0-ден бастап, мерзімінде төленбеген қарыз 100-ге дейін процент түрінде көрсетілген.

Топтастырылған активтер банктің меншікті қаражаттарымен салыстырылады. Активтерді топқа бөлу, тәуекелділік деңгейінің, банк қызметінің қатерлі жағдайларға ұшырау қауіптілігімен мінезделеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген меншікті капиталдың жеткіліктілігінің төмен нормативтік деңгейінің себебінен, соңғы кездері қаржылық тұрақтылығы төмен банкттік ұйымдардың қалыптасуына әкеп соқты. Сондықтан, қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банк қызметін қадағалайтын нормативтерінің орындалуын қатал қадағалап, меншікті капиталдың минималды мөлшерін ұлғайтты.

Меншікті капитлалдың негізгі қиыншылықтарының бірі - меншікті капиталдың жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге болады:

1. Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;

2. Жалпы активтердің сомасын қысқарту;

3. Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер құрылымын өзгерту;

Банк қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айыру, депозиттік шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор. Олардың ішіндегі маңыздысы болып табылатын: олардың орындалуының нәтижесінен банктің корреспонденттік шотына қаржылар түсуімен байланысты операциялар болып табылады. Себебі, бұдан ең алдымен банктің мерзімінде және толығымен өз міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі тәуелді.

Сурет 1 Меншікті капиталдың құрылымы.

Банктік қаражаттар құрылымындағы жарғылық капитал мен оған теңестірілген баптар, банктің тұрақтылығы мен оның жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуде өте үлкен роль атқарады.

Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады:

1. Қорғаныс қызметі;

2. Шұғыл қызметі,

3. Реттеуіш қызметі;

4. Айналым қызметі;

5. Резервтік қызметі;

Қорғаныс қызметі. Банктің меншікті капиталдың қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда, зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі - меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

Шұғыл қызметі. Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Меншікті капиталдың шұғыл қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы көздері әсіресе, банк қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.

Реттеуіш қызметі. Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа, банктің меншікті капиталы реттеуіш қызметін атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекетік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.

Банктің капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтерді сатып алу шарттарын қамтиды. Пруденциялдық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттеуіш қызметте несиелік және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.

Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкротқа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты комерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымдарды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

Резервтік қызметі. Тәуекелділіктер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пасивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті операциялардан туындайтын тәуекелділіктерді болғызбау үшін, банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банк резервтерін құрайды.

Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын тәуекелдердің орнын толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі - резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.

Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына байланыссыз, банк капиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қадағалау органдарымен қойылатын пруденциялдық нормативтер негізінде банктің меншікті капиталының көлемімен байланысты болады. Осы қарастырылып отырған классификация негізінде реттеуіштік функцияға банк капиталын несиелік пен инвестициялақ операцияларын шектеу мақсатында қолданылатын құрал ретінде жатқызады.

Басқа аналитиктердің айтуы бойынша, капиталдың басты мақсаты болып тәуекелділікті төмендету ретінде басшылыққа алып, капиталдың келесі функцияларына көңіл аударады:

• Капитал, банктің шығындарын жаба алатын, сондай-ақ оның төлем қабілетін сақтай алатын буфер ретінде қолданылуы;

• Банктің төлем қабілетімен байланысты проблемалардан сақтап, қаржылық ресурстар нарығына жол ашуға мүмкіндік береді;

• Тәуекелділікті төмендетіп, оның өсуіне жол бермейді;

1. 2 Банктердің меншікті капиталының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің әдістемесі

Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің капиталы өте төменгі жағдайда. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781, 8 млрд. теңгені немесе 14, 8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.

Кесте 1

Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталы мен активтердің соңғы 2005-2012 жж қатынасын төмендегі кестеден көруге болады.

Кестеден көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің активтері 2005 жылы 527, 9 млрд теңгені құраса, ал бұл көрсеткіш 2012 жылдың аяғына дейін 22 есеге артып, 11 683, 4 млрд теңгені құраған.

ЕДБ-дің капиталдары 2005 жылы 97, 6 млрд теңгені құраса, 2012 жылдың аяғында салыстырғанда 18 есе өсіп, 1 782, 8 млрд теңгені құрап отыр.

Көптеген Қазақстандық банктердің қаржылық нәтижелері соңғы жылдары тұрақтылыққа қол жеткізді. Банктің рентабельдік көрсеткіштері бойынша біздің банктеріміз Орталық Еуропа елдерінің банктерінің осындай көрсеткіштерімен тең түсуде

Кесте 2

ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі

2005ж.
2006ж.
2007ж.
2008ж.
2009ж.
2010ж.
2011ж.
2012ж.
: Таза пайда, млрд теңге
2005ж.: 7, 1
2006ж.: 7, 4
2007ж.: 20, 6
2008ж.: 30, 1
2009ж.: 34, 9
2010ж.: 53, 1
2011ж.: 127, 5
2012ж.: 266
: ROA, %
2005ж.: 1, 3
2006ж.: 0, 9
2007ж.: 1, 8
2008ж.: 1, 8
2009ж.: 1, 2
2010ж.: 1, 8
2011ж.: 1, 4
2012ж.: 2, 3
: ROE, %
2005ж.: 7, 3
2006ж.: 6, 1
2007ж.: 12, 8
2008ж.: 13, 5
2009ж.: 9, 2
2010ж.: 14, 1
2011ж.: 14, 6
2012ж.: 18, 6

Кестеден байқағандай 2005 жылы таза пайданың көлемі 7, 1 млрд теңгені құраса, 2012 жылдың соңына оның мөлшері 266 млрд теңгеге дейін жеткен. Таза табыс көлемі 2005-2012 жж аралығында 37 есе өскен. Оған ЕДБ-дің активтерінің, соның ішінде банктің клиенттерге берген несиелерінің өсуі себеп болып отыр.

Банктік сектордың осал жақтарын айқындауда соңғы жылдарда өткен Қаржыгерлердің конгрессіне арналып жасалған Қазақстаннның қаржы секторының SWOT-талдауынның нәтижелерін негізге ала отырып, банк секторына қатысты талдауды көруге болады.

ЕДБ-дің қызметіне жасалған SWOT-талдауы

Күшті жақтары
Мүмкіндіктері
Күшті жақтары:
  1. Пәрменді несие, депозит және инвестициялық саясаты.
  2. Активтері мен пассивтерінің мерзімдері бойынша салыстырмалы теңгерімділігі, тәуекелді басқарудың кешенді жүйесін кезең-кезеңімен қалыптастыру.
  3. Жиынтық активтердің, несиенің, депозиттердің және табыстылық көрсеткіштерінің серпінмен өсуі.
  4. Банк қызметінің Халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасауы.
  5. Несие сапасының және инвестициялық қоржынның қанағаттанарлық деңгейі, мүмкін болатын залалдардың резервтермен (провизиялармен) жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі.
Мүмкіндіктері:
  1. Жаңа банктік өнімдерді пайдалану, олардың төменгі шығындар, желілік тиімділіктер мен технологиялар есебінен арта түсуі.
  2. Банк қызметтерінің тарифтерін қалыпты деңгейде ұстау, несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерін төмендету.
  3. Банктер арасында бәсекелестікті күшейту.
  4. Менеджмент сапасын арттыру, активтер мен пассивтерді басқару және тәуекелді басқару жүйесін одан әр жетілдіру.
  5. Банк секторының үйлесімді дамуы, банк өнімдері мен қызметтерінің және технологияларының санының өсуі мен сапасының оған сай болуы.
  6. Банк капиталының бәсекелестікке қабелттігін арттыру
Күшті жақтары: Әлсіз жақтары
Мүмкіндіктері: Қатерлер
Күшті жақтары:
  1. Банк секторының қаржылық тұрақтылығы мен өтімділік, капиталдану және бәсекелестік қабілеттілік жағынан қол жеткізген деңгейі.
  2. Ішкі ұзақ және орта мерзімді банктік ресурстардың шектеулігі.
  3. Банктік тәуекелдердің жоғары деңгейде орын алуы;
  4. Ішкі нарықтағы банктің инвестициялық операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы құралдарының тапшылығы.
Мүмкіндіктері:
  1. Сыртқы қарыздарының көп мөлшерде болуы.
  2. Жіктелген активтердің, оның ішінде несиелерінің жоғары деңгейі.
  3. Банктік қызметтер нарығында банктер арасында бәсекелестік тепе-теңдіктіктің бұзылуы. Үш ірі банктің ұстанымының өте жоғары деңгейде болуы.
  4. ДСҰ-на кіруге байланысты шетел капиталының қатысуымен банктердің көбеюі.
  5. Бағалы қағаздардың табыстылықтарының және кепілге алынған мүлік құндарының төмендеуі.

Жоғарыдағы банктік сектордың 2005-2012 жж аралығындағы дамуына жасалған зерттеулерді, SWOT-талдауын және Елбасының 2008 жылы халыққа жасаған жолдауында банктік сектордың алдына қойған мақсаттарын басшылыққа ала отырып, қазіргі заманға сай банктің активтері мен пассивтерін басқаруды жетілдіруге қолжеткізуге тиісті банктік сектордың даму мақсаттарын М. Портердің ромбысы үлгісінде беруге болады.

Банктік сектордың капиталдану

деңгейін және құнын арттыру

Банктік сектордың капиталданудеңгейін және құнын арттыру: Банк секторының өтімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қолдау

Банктің қызметтері мен өнімдерінің технологияларының

сапасын арттыру

Банктік сектордың капиталданудеңгейін және құнын арттыру: Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту

Сурет 2 Қазақстанның банк секторының даму мақсаттары

Бұл даму мақсаттары қазіргі банк жүйесінде орын алған басты мәселелерді анықтап береді, оларға: біріншіден, капиталдану деңгейінің төмендігі, екіншіден өтімділік пен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, үшіншіден, банк қызметінде озық технологияларды игерудің әлсіздігі, төртіншіден, тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту туралы мәселелерді шешу. Демек, аталған мәселелер бүгінгі банктік сектордың бәсекелестігін тежейтін басты факторларға айналуда.

1. 3 Банктің жарғылық капиталын құру тәртібі.

Банктің жарғылық капиталы акционерлік капитал деп аталатын себебі, меншікті бағалы қағаздар шығару жолымен қалыптасуында. Жарғылық капиталдың көлемі акция ұстаушылар - акционер, қатысушылар жарғысынан жиналады. Банктің жарғылық капиталы заңды және жеке тұлғалардың толық салымдарынан қалыптасады. Акционерлік банктер өзінің жарғылық капиталын қалыптастыру және көбейту үшін, жай және артықшылығы бар болып бөлінген акциялар шығарады. Меншікті капитал құрамында банктің жарғылық капиталы маңызды меншікті салмаққа ие.

Банктің жарғылық капиталына төмендегілер кіреді: жай акциялар, артықшылығы бар акциялар, артық капитал (акцияның курстық бағасы сомасы мен оның бастапқы бағасы арасындағы айырмашылық), бөлінбеген табыс.

Акционерлік коммерциялық банктің акциясы, оның иесінің банктің жарғылық капиталындағы үлесін және дивидент алуға құқығын, сондай-ақ банкті басқару ісіне қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Жай акциялар акционерге акционерлер жиналысымен белгіленген мөлшерде дивидент алуға, сондай -ақ банк жойылған жағдайда банк мүлкінің бөлігін алуға құқық береді. Бұл жерде үлес пропорцияналды жүргізіледі: «бір акция - бір дауыс» қағидасы бойынша олар бірдей бастапқы баға құнына ие болуы тиіс.

Артықшылығы бар акциялар акционерге дивиденттерді бірінші кезекте алуға, банк жойылған жағдайда оның мүліктерінің бөлігін алуға құқық береді Банктің жарғылық капиталын қалыптастыру бірнеше кезеңнен өтеді:

  • Бағалы қағаздар эмиссия проспектісінің дайындықтан және сараптамадан өтуі;
  • Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу;
  • Шығарушы банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
  • Эмиссия проспектісінің қорытындыларын тіркеу және бағалы қағаздарды орналастыру;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк ресурстары және олардың жинақталуы. Банктің өзіндік капиталы.
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
Қазақстандық банк секторының меншікті капиталының жағдайын талдау
Қазақстан Республикасының банк жүйесі мазмұны
Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының теориялық негізі
Банкілік ресурстар: құрамдау көздері және реттеу жолдары
Банк жүйесінің маңызды элементі
Екінші деңгейлі банктердің меншік капиталдарының қалыптасуы мен қолданылуын талдау
Коммерциялық банк операциялары
Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz