Инвестициялық үдеріс: оның мәні, мазмұны және қызметі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Инвестициялық үдеріс: оның мәні, мазмұны және
қызметі »
5В050900 - «Қаржы» мамандығы бойынша
Орындаған Асанова С. Н.
ФС(К) -302
Ғылыми жетекші
аға оқытушы Қарсыбаева К. А.
Астана 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Инвестицияның әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы, түрлері . . . 5
1. 2 Инвестициялық үдеріс экономикалық даму факторы ретінде . . . 8
1. 3 Шетелдік тәжірибедегі инвестициялық үдеріс . . . 11
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2. 1 « Альянс Банк» АҚ қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау . . . 15
2. 2 «Альянс банк» АҚ инвестициялық операцияларын талдау . . . 23
2. 3 ҚР инвестициялық саясатты жүргізу ерекшелігіне шолу . . . 25
3. ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Инвестициялық үдерісті басқаруды арттыру жолдары. . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34
КІРІСПЕ
Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
- Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды - реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
- Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ажырамас бөлігі ретіндегі инвестициялардың, оның ішінде инвестициялық субъект ретінде банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылу реттілігін айқындауында.
Курстық жұмыстың мақсаты: еліміздің инвестициялық үдерістің рөлін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету. Коммерциялық банктердің инвестициялық процестегі қызметінің теориялық негіздерін зерттеу және коммерциялық банктің инвестициялық қызметіне қаржылық талдау жасау.
Көзделген мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
-экономикалық және техникалық прогресті жетілдіру.
-өндіріс апаратын модернизациялау және жаңарту.
-өндірісті ұйымдастырудың алғашқы істері.
-жұмыспен қамтамасыз ету, нарық экономикасына теңдей жауап беретін кадр дайындау.
Зерттеу объектісі ретінде - «Альянс банк» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалы болып табылады. «Альянс банк» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы аумағында қаржы-несие саласында көп жылдардан бері қызмет көрсетіп келе жатқан банктердің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсыну. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Осы курстық жұмысым кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 2 кесте, 8 суреттен тұрады.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу заты, жұмысың тәжірибелік маңызы берілген.
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Инвестицияның әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы, түрлері
Инвестиция - Қазақстан эконимикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсікорындарының кеңеюі мен техникалық қайта (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде аныкталады және осының бәрі-пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады. «Инвестиция» термині латынның investire-«жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әртүрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестициялау туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндірістік-материалдық запастар және т. б. ) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз». Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса басқа біреуі . Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқты білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады».
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Сурет 1 Инвестицияның түрлері
Ескерту-сурет автормен құрастырылған
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестициясы деп атайды. Ол негізгі капиталдың артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі-амортизация. Ол негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру процессі. Екінші біріктіруші, таза инвестиция- бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялар мен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғау, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданып жүрген тенхника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.
Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестицияның түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және ануитеттік болып төртке бөлінеді,
Венчурлік капитал-тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтімділігі есебіндегі өз-өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады; несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау-шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар-портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі.
Аннуитеттік - тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
Инвестициялар нақты және қаржылық болып екіге бөлінеді.
Нақты инвестициялар-бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға: пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жал ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәмленің нәтижесі) . Сондай-ақ, Қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді-ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қағаздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл бағалы борыштық қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т. б жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады, және олар өзінің наминалдық құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәләндыру үшін олар былайша бөлінеді:
- Бағалы қағаздарды ұсынушыға-құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәләндыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.
- Атаулы бағалы қағаздар-белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәләндырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленетін тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Өнімді инвестициялау жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды сонымен қатар капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады.
Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді, қуаттылығын көбейту, өндіріс шығындарын азайту және рыногтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
1. 2 Инвестициялық үдеріс экономикалық даму факторы ретінде
Инвестициялық қызметтiң негiзгi объектiсi айналым қаражаты деп түсiнетiн кейбiр қазақстандық экономистер де осыған ұқсас пiкiрдi қабылдайды. Бұл экономистер инвестицияның күрделi қаржыдан басты айырмашылығы инвестицияларды қамту негiзгi капиталға салынған қаражат салымдарымен қатар, айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталғандығында деп есептейдi.
Инвестиция дегенiмiз - капиталды толассыз түрде, ұдайы жаңартып, оны қолдап-сүйемелдеп, көлемiн ұлғайтып отыруға жұмсалатын ақша қаражатының шығындары деген мәнге ие. Инвестициялық қызметтiң объектiлерiн және инвестициялаудың түрлерiн төмендегі 2-сурет арқылы көреміз.
ҚР-ның “Шетел инвестициялары туралы” Заңында “инвестиция” деген ұғымға жаңа әрi кең мағыналы түсiнiктеме беру арқылы “инвестиция” және “күрделi қаржы” деген ұғымдардың арасына шектеу қоюға деген талпыныс әрекеттерi қолданылған. Бұл Заңда “Инвестициялар дегенiмiз табыс табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтiң объектiлерiне жұмсалатын барлық мүлiктiк, интеллектуалдық құндылықтар және оны иемдену құқы” деп жазылған. Алайда, бұл анықтама өте нақты болмағандықтан, оның мазмұны бiр мағыналы түрде ашылмау мүмкін.
Сурет 2 Инвестициялық қызмет объектiлерi және инвестициялау нысандар
Ескерту-сурет автормен құрастырылған
Оның үстiне, анықтама пайда табуға мүмкiндiк беретiн кәсiпкерлiк объектiлерге бағытталған салымдарды ғана қамтиды. Шетелдерде теория және тәжiрибе жүзiнде кеңiнен танымал болғанындай, инвестиция тиiмдiлiгiне баға беру кезiнде оның тек қаржылық тиiмдiлiгi ғана емес, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға жұмсалатын қаражат шығындары (мәселен, денсаулық. сақтау, бiлiм беру, экологиялық жағдайды жақсарту, халықтың әл-ауқатын көтеру және басқалары), сондай-ақ, қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерiн көздеп, ескерiп отыратын экономикалық тиiмдiлiк сияқты маңызды көрсеткiштерi де анықталады. ҚР-ның “Шетел инвестициялары туралы” Заңында инвестициялардың барлық түрлерi бiрдей қамтып көрсетiлмегендiктен, анықтама толық емес
.
Бiздiң ойымызша, ағымдағы шығындардың инвестицияға қатысы жоқ және өндiрiске қатыстырылатын инвестицияларды қарастырғанда, бiз негiзгi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қорларға салынатын бiр жолғы салымдар мен материалдық запастарды ғана ескеретiн боламыз. Сонымен қатар, инвестиция ұғымының күрделi қаржы ұғымына қарағанда анағұрлым терең екендiгiн атап өткен жөн. Өйткенi күрделi қаржы - негiзгi капиталды қайта құру мақсатында жұмсалатын шығындар, ал инвестициялар болса, материалдық активтерге, портфельдiк инвестицияларға, материалдық, емес активтерге салынған қаражат салымдары. Бұл салымдар, бiрiншiден, жанама түрде қаржылық аспаптар арқылы материалдық байлықты молайтады, екiншiден, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтардың мейлiнше өсе түсуiне ықпал етедi.
Инвестицияның ақшалай капиталдан ерекшелiгi - инвестиция капиталды құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы физикалық капиталдың ұлғаюымен байланысты. Материалдық байлық, құрып және оны молайта түсу, коғамымыздың тұрмыс хәлiн жақсарту инвестициялаудың негiзгi мақсаты болғандықтан, күрделi қаржыларды негiзгi қорға айналдыру процесi инвестицияның классикалық, анықтамасына сай келетiндiктен, “инвестиция” ұғымын қолдану кезiнде оған жан-жақты түсiнiктеме берiп отырған орынды. Инвестициялау процесi инвестициялық ресурстардың материалдық, байлықтарға және материалдық емес кұндылыктарға айналу процесi.
Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тең “күрделi қаржы” ұғымы санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтерi бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндiргiш күштердiң ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуi жалпы мәдениеттiң алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерiнiң қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерiнiң рөлi мен мағынасының күшеюi ғылыми-техникалық және әлеуметтiк салаларды қаржыландырудың елiмiздiң материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендiгiн танытып мойындатуға ықпалды әсерiн тигiздi. Сонымен, бiз “инвестиция” деген ұғымда қаржылык аспаптар, инновациялық салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздьң материалдық емес құндылықтарына тiкелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық, ресурстарды түсiнемiз. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялық ресурстардың белгiлi-бiр бөлiгi күрделi қаржының көлемiмен бiрдей. Осыған орай, бiз ол көрсеткiштi бұдан былайғы уақытта негiзгi капиталға салынған инвестиция немесе күрделi қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың қандай түрлерi болмасын капитал көлемiнде әркайсысының атқарар рөлi әрқилы болғанымен де, олардың елiмiздiң экономикасын өркендетудегi маңызы зор. Оның үстiне, анықтама пайда табуға мүмкiндiк беретiн кәсiпкерлiк объектiлерге бағытталған салымдарды ғана камтиды. Шетелдерде теория және тәжiрибе жүзiнде кеңiнен танымал болғанындай, инвестиция тиiмдiлiгiне баға беру кезiнде оның тек қаржылық тиiмдiлiгi ғана емес, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға жұмсалатын қаражат шығындары мәселен, денсаулық. сақтау, бiлiм беру, мамандық деңгейiн жоғарылату т. б. Негiзгi капиталды қайта жаңарту iсiндегi алатын орны тұрғысынан қарағанда, инвестициялардың атқарар рөлдерi мына төмендегiдей қалыппен сараланып бөлiнедi: жалпы және бүтiндей инвестициялар; негiзгi капиталды көбейтуге бағытталған таза инвестиция; iстен шықанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция. Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың қалыптасуына әсер ететiн факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономды деп бөледi. Туынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенiң iшкi (эндогендi) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы өзгерiстерге байланысты болады. Автономды инвестициялардың өсуiне экзогендi факторлар ғылыми-техникалық прогресс, халықтар санының өсуi, басқалары себепкер болады. Халықаралық және отандық тәжiрибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты келесi түрлерге бөлiп карайды: Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өндiрiс ғимараттарын, құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерiзiмi бiр жылдан жоғары болып келетiн активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайды.
1. 3 Шетелдік тәжірибедегі инвестициялық үдеріс
90-жылдардың екінші жартысында, әлемдегі қаржы капитал үлкен көлемді 20 трлн. АҚШ долларын құрады. Осы ақша әлем қаржы нарығының негізі, бүкіл әлемді қамтитын. Қазақстан экономикасының бұл қаражатты қалай тартуға болады? Негізгі нүкте көрінісі: шетел инвестициясын қарқынды тарту керек, жағымды климат жасап. Сонымен қатар басқа да пікірлер бар. Қазақстан экономикасына үлкен кіріс шетел капиталын негативті әсер етеді деп айтылады. Бұның шеткі көзқарасы (Қазақстан сату) тезисі халықаралық монополия арқылы. Басқа мемлекеттер сияқты, Қазақстан инвестицияларын фактор ретінде қарастырады:
-экономикалық және техникалық прогресті жетілдіру.
-өндіріс апаратын модернизациялау және жаңарту.
-өндірісті ұйымдастырудың алғашқы істері.
-жұмыспен қамтамасыз ету, нарық экономикасына теңдей жауап беретін кадр дайындау.
Кәсіпкерліктің ең перспективалық формасы және шетел инвестициясын тарту Қазақстан Республиасының экономикасына, бірлескен шетел кәсіпорындар пайда болу. 2011 жылы төлем балансы бойынша тікелей шетел инвестицияларын Қазақтан кәсіпорнын акционерлік капиталына құйылымы-530 млн АҚШ доллары және бұл негізгі түсімдер 2009-жылғы келісімшарты арқылы жасалды: (Шеврон) корпарациясын сату ТОО СП «Тенгиз Шевройл» және индонезиялық ТОО «Сентрал Петролиум Компани» қатысуына 5% мемелекеттік долясы, -ОАО «Манғыстау мұнайгаз» 30% мемлекеттік пакет акциясы. Үлкен инвестициялық проектілерді іске асыру, өндеу және дамыту Теңіз инфраструктурасын орны, Шығыс Қашаған, Қарашағанақ, Құмкөл және Каспий трубопроводын салу. Осы жағдай шетел транс националды компанияларының Қазақстан территориясындағы кешкі компанияларына қаржыландыру үлкейді.
Шетел инвесторларын не қызықтырады:
-бай және қымбат емес табиғи ресурстар
-орасан зор ішкі нарық
-жұмыс күшінің арзандылығы
-Қазақстан кәсіпкерлер жағынан бәсекенің жоқтығы
-приватизация процессін жүргізу және сол процесске шетел инвесторларының қатысу рұқсаты.
- тез арада табыс табуға болғандығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz