Несие және несие жүйесінің ұғымы маңызы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «НЕСИЕ ЖӘНЕ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ МАҢЫЗЫ»

5В050900 - «Қаржы» мамандығы бойынша

Орындаған Асанова С. Н.

ФС(К) -302

Ғылыми жетекші

аға оқытушы Сулеева Е. А.

Астана 2014

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3-4

І. НЕСИЕ ЖӘНЕ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ МАҢЫЗЫ

1. 1 Несие жүйесінің мәні мен қажеттілігі және құрылымы . . . 5-

1. 2 Несиелік жүйені құру принціптері, формалары және түрлері . . . 9-13

ІI. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ТАЛДАУ

2. 1 ҚР-дағы несие жүйесінің даму ерекшеліктері . . . 14-24

2. 2 ҚР-ның Коммерциялық банк проблемаларын талдау . . . 25-30

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР

3. 1 ҚР несие жүйесінің қазіргі таңдағы проблемалары . . . 31-36

3. 2 ҚР несие жүйесінің даму принціптері . . . 37-39

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40-41

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. «Несие» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «кredo»- сенемін днген мағына беретін латынша «kreditium» деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбінесе несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды. Сонымен қатар несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие бұл - ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынасының бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немес жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б.

байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды.

Курстық жұмыстың өзектілігі несие өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт-құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады.

Курстық жұмыстың мақсаты - несие жүйесінің қазіргі таңдағы проблемаларын талдау.

Курстық жұмыстың міндеттеріне келесілер жатады:

- несие жүйесінің мәні мен қажеттілігі және құрылымы

- несиелік жүйені құру принціптері, формалары және түрлері

- ҚР-дағы несие жүйесінің даму ерекшеліктері

- ҚР-ның Коммерциялық банк проблемаларын талдау

- ҚР несие жүйесінің қазіргі таңдағы проблемалары

- ҚР несие жүйесінің даму принціптері

І. НЕСИЕ ЖӘНЕ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ МАҢЫЗЫ

  1. Несие жүйесінің мәні мен қажеттілігі және құрылымы

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

- несие келісімі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір келісімде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;

- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн;

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт-құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші - несиелік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші- банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда- қарыз алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы тұғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар-кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Қарыз алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек.

Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі-несиеленген құн болып табылады.

Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.

Несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау нәтижесінде несиенің мәнін толық анықтамасы дей отырып, былайша айтуға болады: «несие беруші мен қарыз алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделген қозғалысынан туатын экономикалық қатынастар» -деп.

Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. «Несие» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «кredo»- сенемін днген мағына беретін латынша «kreditium» деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады . Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын кеңейтілген өңдірістің ерекшеліктерінен туындайды. Несиелік капитал түрлері үнемі ауысып отырады. Меншіктің ақшалы түрі тауар түріне, тауарлы өңдірістік түрге, өңдірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - Т¹ - А¹ капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өңдіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т. б. ) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өңдіріс процесінде - дайын өнім (тауар) жасалады, өңдірістік тауарлыға айналады. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес (кругооборот), сондай-ақ оның айналымы да. капиталдың айналымы (оборот) дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.

Сонымен, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:

-жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қор-

лар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша

сәйкес келмеуі;

-несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;

-несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік

танытуы.

Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым-қатынаста білдіреді.

Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.

Несие жүйесінің ролі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік қаражаттардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т. б.

Несие жүйесі банктік және басқа несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдемелерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес институттар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүенің екі негізгі буыны қалыптасады:банктік мекемелер және мамандырылған несие -қаржы мекемелері.

Несие жүйесі несиелік операциялардың көлемінің функционалдық маманданымен және несиелік мекемелердің санымен, сонымен бірге шаруашылықты жүргізудің жеклегке субъектілеріне ұсынатын қаржы-несие қызметтерінің санымен сипатталады.

Қазіргі кездегі несие жүйесі бұрыңғы жүйеден төмендегі белгілері бойынша ерекшеленеді:

-банктік капиталдың және банктік монополиялардың шоғырлануы

және орталықтануы;

-несиелік мекемелердің әр алуан түрлері арасындағы бәсекенің кү-

шеюі;

-банктік капиталдың өнеркәсіптік капиталмен байланысуы және қар-

жылық капиталдың қалыптасуы;

-несиелік, соның ішінде монополистік мекемелер қызметінің ғалам-

дануы мен интернационалдануы және континент аралық халықара-

лық несиелік монополиялардың пайда болуы.

Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтер сипатын жіктеменің негізі болса, онда қазіргі кездегі несиелік жүйенің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:

  • орталық (эмиссиялық) банк;
  • коммерциялық банктер;
  • мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақтық,

ипотекалық, сенімгерлік және т. б. )

1. 2. Несиелік жүйені құру принциптері, формалары және

түрлері

Несие жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде белгіленген принциптер жатыр. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, банктік емес институттармен үйлестіре отырып, банк жүйесінің екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие саясатының біртұтастығы, несиелік мекемелер желісін барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу ретін және ережелерін заңды бекітуінің айрықша құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізеді. Ұлттық банк рұқсатты беру кезінде орындалатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды.

Коммерциялық банктер несиелік саясатты жүргізуде және өз клиенттеріне әр алуан қызметтерді көрсетуде толық дербестік алған.

Нарықтық экономикада банктік емес институттарды құрмайынша кез келген елдің несие жүйесі аяқталмаған болып саналады. Халықтың салымдарын толық тарту және өзгермелі нарықтық экономиканың сұраныстарын толық қанағаттандыру мүддесін осы институттарды құруды талап етеді, олар органикалық тұрғыда несие жүйесін толықтырады, оны байыта түседі, экономикадағы өзгерістерге өте икемді.

Экономиканы басқара отырып мемлекет ортақ ақша-несие саясатын жүргізеді, оның маңызды құралы болып Ұлттық банк табылады. Бұл принцип айналымдағы ақша массасын реттеу арқылы ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету, ақша-несие саясаты, жалпы экономикалық саясат және оның әлемдік экономикаға интеграциялануы саласында республиканың мүдделерін қорғау үшін қажет.

Несие жүйесін құрудың басты принципі - несие мекемелерінің желісін барынша дамыту және оларға барлық ақша операцияларының шоғырландыру, яғни шаруашылық буындардың бос ақша құралдарын банктерде сақтау, есеп айырысуларды қолма-қолсыз жолмен жүргізу.

Несие формасы - бұл несие қатынастарының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.

Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады:

-қызмет ету саласына қарай-ұлттық және халықаралық несие;

-несие мәмілесінің объектісіне қарай-ақшалай және тауарлық несие;

-несие қатынасының субъектісіне қарай-банктік, коммерциялық, халық-

аралық, тұтынушылық несиелер;

Несиенің тауарлық формасы - тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т. б, ) бір-біріне өсім алумен қарызға берген.

Несиенің тауарлық формасы осы замаңғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде астықты жиғаннан кейін қайтарып отырады.

Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда болып, дамиды. Ол осы замаңғы нарықтық астықты жинағаннан шаруашылықта артықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Өйткені, ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады.

Жаңартпалы несие (револьверный, ағылшынша revolve-айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) -қарыз капиталының ұлттық және әлемдік нарықтырында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.

Несие формасының екінші ерекшелігі - шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк қарызға береді.

Банк несиесінің үшінші ерекшелігі - банк ақшалай қаражатты қазызға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Мәселенің мәнісі мынада:қарыз алушы бұл қарызны пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін табыс алады әрі оның есебінен несие берушіге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие - несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен және сомасымен шектеліп қалған.

Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының

10-12 %-ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қарқады, оның үстіне, тұтыну несиенің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 18-20%-ды құрайды.

Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілуі мүмкін. Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалай форма банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі.

Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса, қабілеті бар сұранысты арттырады.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған мемлекеттік құрылыс-жинақ ақша банкісі құрылады. 2006 жылы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері 122, 1 млрд теңгені құрады, 2005 жылмен салыстырғанда 9, 4 %-ке көбейді.

Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын қарызны ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі, әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:

-ипотекалық несие - бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін қа-

рыз. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын

мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несие берушінің ала-

шағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несие беруші үшін ең

«сенімді» несие ретінде саналады;

-ипотекалық қарыздың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені,

ол тұрғын үй мен өндірістік үй-жайларды қаржыландыру, сатып алу,

тұрғызу үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;

-ипотекалық несие әдетте 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі.

Несие алдын-ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.

ҚР « Ипотека туралы » заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық несиелеу қарқынды дамыды.

Респуликаның ірі банктері ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыратын өздерінің ипотекалық компанияларын құрды.

2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100%-ды құрайтын Қазақстандық ипотека компаниясын (ҚИК) құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшерлемелерін кеміту бағытындағы саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министрлігінің қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшерлемелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кеміп келеді. Ипотекалық несиелеудің дамуына 2007 жылы Мемлекеттік құрылыс-жинақ ақша банкісінің құрылуы жағымды әсер етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие жүйесінің құрылымы және оның субъектілері
Мемлекеттің қаржы жүйесі және несие формалары
Нарық жағдайындағы қаржы жүйесі
Қр-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Экономикалық ақша қатынасы
«ҚР қаржы құқығы» пәні бойынша лекция тезистері
Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
Несие және несие жүйесінің ұғымы, маңызы туралы ақпарат
НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz