Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І. МЕМЛЕКЕТ КІРІСТЕРІНІҢ МӘНІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТАБЫСТАР СЫНЫПТАМАСЫ
1.1 Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.7
1.2 Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.9
1.3 Мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.10
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР МЕН ТҮСІМДЕРГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 2002.2011 жж. Мемлекеттік бюджет кірісінің құрылымы ... ... ... ... ... .11.15
2.2 ҚР.ның 2011 жылға арналған Мемлекеттік бюджеттің орындалуы ... 15.16
ІІI. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары ... ...17.20
2.2 Бюджет жүйесін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ...20.21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24.28

Кіріспе.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы тұжырымдалады. Мемлекеттік кірістердің мемлекеттік бюджет жүйесіндегі қызметі, олардың тәжірибелік және әдістемелік негіздері қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік кірістер мен табыстардың Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы алатын орны көрініс табады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен табыстардың қазіргі кездегі экономикалық жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді.
Курстық жұмыста осы өзгерістерді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер жүйесіне толық сипаттама берілген.
Мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны жан-жақты ашылып, кірістердің атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген. Салық механизмі анықталып, оның құрамына талдау жасалған. Жаңа салық Заңдарының қабылдануына байланысты салықтар мен алымдар жүйесін басқару және оны жетілдіру жолдары айтылған.
Қазақстан Республикасында енгізілген салықтар мен алымдар түрлері, оларды есептеу және бюджетке аудару механизмі көрсетілген.
Курстық жұмысымның бірінші тарауында мемлекеттік кірістері туралы жалпы түсініктеме берілген.
Ал курстық жұмысымның екінші тарауына келетін болсақ, онда мемлекеттік бюджет кірістері жөніндегі практикалық мәліметтер бар. Онда мемлекеттің кірістері мен түсімдерінің пайыздық және ақшалай көрсеткіштері берілген. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, мемлекеттік бюджеттің орындалу деңгейі, әр жыл сайынғы өсуі немесе кемуі жөнінде талдау жасалынған.
Бұл курстық жұмысты орындау барысында мен көптеген оқулықтармен, кітаптармен және мерзімді басылымдармен жұмыс жасадым. Мерзімді басылымдарға: “Қаржы-қаржат”, “Альпари” мысал бола алады. Бұл мерзімді басылымдардың мәліметтерін негізге ала отырып, курстық жұмысымның екінші бөлімін жаздым. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексі және “Бюджет жүйесі” заңдары жөнінде хабардар болдым.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – мемлекеттік кірістер, яғни салықтық және салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер болып табылады. Ал зерттеу субъектісі – салық төлеушілер болып саналады. Осыған қоса мен мемлекеттік кірістер көздері және оларды төлеу механизмдері туралы мәліметтермен таныстым.
Курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі таңдағы мемлекеттік кірістердің экономикалық мәнін ашу.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
3. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңы;
4. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы;
5. «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы;
6. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру заңды іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 Қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 шілдедегі № 660 Қаулысы
8. «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысы;
9. «Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығы;
10. «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы N 5 Заңы;
11. http://www.ak_orda.kz – Қазақстан Республикасы Президентінің сайты
12. http://www.government.kz – Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайты
13. http://www.minfin.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің сайты
14. http://www.minplan.kz – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сайты
15. http://www.salyk.kz – Қазақстан Республикасы Салық комитетінің сайты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғарғы мектебі
Есеп және қаржы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны
Орындаған: КФС - 202 тобының
Студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы
Адилов М.Т.___________
Астана, 2013ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І. МЕМЛЕКЕТ КІРІСТЕРІНІҢ МӘНІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТАБЫСТАР СЫНЫПТАМАСЫ
1.1 Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7
1.2 Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-9
1.3 Мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-10
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР МЕН ТҮСІМДЕРГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 2002-2011 жж. Мемлекеттік бюджет кірісінің құрылымы ... ... ... ... ... .11-15
2.2 ҚР-ның 2011 жылға арналған Мемлекеттік бюджеттің орындалуы ... 15-16
ІІI. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары ... ...17-20
2.2 Бюджет жүйесін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ...20 -21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..23
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-28
Кіріспе.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы тұжырымдалады. Мемлекеттік кірістердің мемлекеттік бюджет жүйесіндегі қызметі, олардың тәжірибелік және әдістемелік негіздері қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік кірістер мен табыстардың Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы алатын орны көрініс табады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен табыстардың қазіргі кездегі экономикалық жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді.
Курстық жұмыста осы өзгерістерді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер жүйесіне толық сипаттама берілген.
Мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны жан-жақты ашылып, кірістердің атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген. Салық механизмі анықталып, оның құрамына талдау жасалған. Жаңа салық Заңдарының қабылдануына байланысты салықтар мен алымдар жүйесін басқару және оны жетілдіру жолдары айтылған.
Қазақстан Республикасында енгізілген салықтар мен алымдар түрлері, оларды есептеу және бюджетке аудару механизмі көрсетілген.
Курстық жұмысымның бірінші тарауында мемлекеттік кірістері туралы жалпы түсініктеме берілген.
Ал курстық жұмысымның екінші тарауына келетін болсақ, онда мемлекеттік бюджет кірістері жөніндегі практикалық мәліметтер бар. Онда мемлекеттің кірістері мен түсімдерінің пайыздық және ақшалай көрсеткіштері берілген. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, мемлекеттік бюджеттің орындалу деңгейі, әр жыл сайынғы өсуі немесе кемуі жөнінде талдау жасалынған.
Бұл курстық жұмысты орындау барысында мен көптеген оқулықтармен, кітаптармен және мерзімді басылымдармен жұмыс жасадым. Мерзімді басылымдарға: "Қаржы-қаржат", "Альпари" мысал бола алады. Бұл мерзімді басылымдардың мәліметтерін негізге ала отырып, курстық жұмысымның екінші бөлімін жаздым. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексі және "Бюджет жүйесі" заңдары жөнінде хабардар болдым.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - мемлекеттік кірістер, яғни салықтық және салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер болып табылады. Ал зерттеу субъектісі - салық төлеушілер болып саналады. Осыған қоса мен мемлекеттік кірістер көздері және оларды төлеу механизмдері туралы мәліметтермен таныстым.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі таңдағы мемлекеттік кірістердің экономикалық мәнін ашу.
Курстық жұмыстың өзектілігі мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процессінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құралады
Курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
-мемлекет кірістерінің экономикалық мәні
-мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері
-мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы
-2002-2011 жж. Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы
-ҚР-ның 2011 жылға арналған Мемлекеттік бюджеттің орындалуы
-Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
-бюджет жүйесін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
I. МЕМЛЕКЕТ КІРІСТЕРІНІҢ МӘНІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТАБЫСТАР СЫНЫПТАМАСЫ.
0.1. Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні.
Мемлекет қаржысының іс-әрикеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану.Бұл процесстердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процессінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құралады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады.Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процесстеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды.Бұл процесстердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды - оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілербойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді.Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмағанкірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджет қаржаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жиналатын ақша қаражаттарының анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін ақша-тауар қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғаты мен функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады:ол бюджетке орталықтандырылған және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттік салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы), қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден табыстары түріндегі табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу алымдары, мемлекеттік сараптау үшін төлемдер) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем ( мемлекеттік баж, жол полициясының алым, тауар белгілері үшін өтінім алымы);
4) бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық табыстарын және басқаларды қамтитын арнаулы қаражаттары.
"Мемлекеттің кірістері" мен "Мемлекеттің қаржы ресурстары" ұғымдарын ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары - уақыттың бір мезетіндегі мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі ақша қорларының жиынтығы.
"Қаржы ресурстары" ұғымы мазмүны жағынан "мемлекеттің кірістері" ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржы ресурстарының құрамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдалануы мүмкін қаражаттар кіреді .Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы, қуыным мерзімі кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен шыққан, иесіз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркіленген, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген ( көліктегі талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пошталық жөнелтім ) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақша қаражаттары (сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсім (өсімпұл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар - қарыз қаражаттары. Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдардың қарамағындағықаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкішаруашылық ресурстар да мемлекеттік кірістер болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекеттің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құқралады.
Мемлекет кірістерінің көзі ұлттық табыс болып табылады,ал қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезеңінде жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржы ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
"Мемлекеттің кірістері" және "мемлекеттік бюджеттің кірістері"ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т.т. қамтылады, ал мемлекеттік бюджеттің кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.
1.2. Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері.
Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар (оның түрлі нысандары), қарыздар мен эмиссия болып табьлады. Түрлі тарихи кезеңдегі бұл әдістерінің арасалмағы әр түрлі болады және қаржы саясатының мазмұнымен, шаруашылық жағдаятпен, нақты экономикалық және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу дәрежесімен және тағы басқа көптеген факторлармен айқындалады.
Мемлекет кірістерінің орталық орынды салықтар алады. Олар нарықтық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрикет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебабтық және сонымен қатар басты категория болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында салық нысаны қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысымен саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Фискальдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып табылады.Олар тек бюджет тапшылығын жабуға ғана емес, сонымен қатар әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуікүшейе түсіп отырған экономикалық дағдарыс кезінде қарыздардың маңызды айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікт ібюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Соңғы жылдары әсіресе бюджет түсімдерінің көздеріндегі қарыздардың үлесі артып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолдануда. Сонымен қатар қаржы нарығының жұмыс істеуі қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарды модернизациялауға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталған күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру енді қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия,оның үстіне тек қазаз-ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы болып табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарды жабудықамтавмасыз ете алмағанда,оның үстіне қаржы нарығында жаңа қағаздаоды шығаруға қолайсыз жағдай иек артады.
Қағаз-ақша эмиссиясы да, кредит эмиссиясы да егер шаруашылық айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық процесстердің күшеюіне әкеп соқтырады. Со ндықтан дамыған нарықтық шаруашылық елдері әдетте кредит эмиссиясына жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмиссия қолданылмайды. Орталықтандырылмаған ақша қорларын жасау барысында аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдер және т.б. әдістер кеңінен пайдаланады. Бұл әдістер өте-мөте мемлекеттік кәсіпорындарда қолданылады.
1.3. Мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы.
Мемлекет кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:
1) мемлеекттік ұйымдар мен кәсіпорындардың табыстары;
2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;
3) халықтық салық төлемдерінен;
4) кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
5) қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен.
Жасалу сферасына байланысты мемлекеттің кірістер:
oo материалдық өндіріс сферасында қалыптасқан кірістер;
oo өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып бөлінеді.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:
oo салықтық;
oo салықтық емес болып бөлінеді (мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай-заттай лотереялардан түсетін табыстар және т.б.).
Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдай ында меншік нысандарының ауысымы болуы мүмкін.
Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс құнының жеке құрамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекеттің кірістері мен қаржы ресурстарының жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында негізгі орынды мемлекеттік орындардың таза табысы, қосылған құнға салынатын салық, акци здер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар, әлеуметтік қажеттерге (зейнетақы қорларына) аударылатын аударымдар түріндегі таза табысы алады. Бұған сонымен қатар өнімнің бағасындағы айырмашылықты реттеу жөніндегі шаруашылық ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың бұл түрлері бөлгіштік процесстерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындарында жасалынады. Егер қосылған құнға салынатын салықтан, кеден баждарынан түсетін түсімдер түгелдей мемлекет қарамағына берілсе, мемлекеттік кәсіпорындардың тааз табысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар тек ішінара беріледі.
Қоғамның таза табысы ақша нысынында қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу (өтім) кезінде қосымша өнім таза табыс тың нысанын алады.
Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің таза табысы болып табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғұрлым толық бейнеленеді. Сондықтан таза табыстың өндіріс тиімділігінің маңызды құндық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:
oo еңбек өнімділігін арттыру (өнім өндірудің көлемін арттыруды қамтамасыз ететін және өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын төмендететін);
oo өнім өндіруге жұмсалатын материал және ақша ресурстарын үнемдеу;
oo өнім сапасын жақсарту;
oo негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
oo табиғим өндіріс жағдайлары.
Практикада кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер табысты бағаны жөнсіз көтеру есебінен көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын-тұтынушылардың табыстылығын азайтуға ұрындырады, қоғам мүдделеріне қайшы келеді, өйткені жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделеріне ұлттық табысты үйлесімді бөлуді өзгертеді.
II. Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау.
2.1 2002-2011 жж. Мемлекеттік бюджет кірісінің құрылымы,%
Табыстар
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
Салықтық түсімдер, оның ішінде
Коорпорациялық табыс салығы
Жеке табыс салығы
ҚҚСС
Әлеуметтік салық
Акциздер
Бонустар, рояльти, өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі
Салықтық емес түсімдер
Капиталмен жасалынатын операциялардан түсетін табыстар
82,2
16,0
11,7
15,1
-
2,9
1,9
9.9
7.8
73,9
16,7
12,6
21,7
-
4,4
2,5
8.9
17.1
81,4
9,9
10,2
14,5
-
4,1
4,1
4.0
14.6
76,4
10,1
7,9
21,4
-
5,0
2,6
5.0
18.3
84,0
13,9
9,0
22,7
17,9
4,8
2,3
6.8
9.1
89,3
27,9
8,7
19,6
16,9
3,3
3,6
6.6
4.2
88,9
29,1
8,4
19,6
15,3
2,7
5,7
8.0
3.1
93,5
28,8
9,1
20,8
15,8
3,0
4,8
5.4
1.1
92,1
26,6
9,1
22,6
15,4
2,6
0,4
4.3
0.5
92,5
29,3
7,5
18,6
12,8
2,3
0.8
6.2
0.01
Бюджеттің кіріс көзіндегі алатын орны жоғары коорплрациялық табыс салығы, сонымен қатар ол басқаларға қарағанда әлеуметтік бағыттылығы жоғары салықтарға жатады. Жыл өткен сайын үлесі артпаса, кеміп келе жатқан жоқ. Күрт көтерілген тұсы, 2007 жыл - ірі кәсіпорындарды мониторингке қою процессімен тікелей байланысты. 2006 жылғы көрсеткіштен екі есеге ұлғайып отыр (2006 жылы-13,9%, 2007 жылы-27,9%).
Сонымен бірге, салықтардың жиналу көрсеткіштері де бастады. 2005-2009 жылдары республикада 2002 жылдың аяғында мөлшері 8,7% құрай отырып, салықтар бойынша жетіспеушілік екі есеге азайды. Қосымша өндіріліп алынған салықтар сомасының барлық есептелген сомаға шаққандағы үлес салмағы 2005 ж. 26%-тен 2011 жылы 40%-ке жоғарылады.
Жоғарыда айтылғандардың және кестеде көрсетілгендерді қорытындылайтын болсақ, Қазақстан Республикасының жыл сайынғы мемлекеттік бюджет құрылымына әсер ететін салық жүйесі нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда бізде әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымыздың дамудың төменгі сатысында тұр, экономикамыз шикізат өндірісіне бағытталған, қоғамға батыс елдеріне қарағанда терең әлеуметтік мәселелер тән. Осыған орай, біз салық жүйесіне өзгертулер енгізген кезде, оның әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуіне баса назар аудару қажет.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
(млн.теңге)
2009 ж
2010 ж
2011 ж
І.Кірістер
1004566
1286734
2098511
Салықтық түсімдер
947251
1186137
1998314
Салыққа жатпайтын түсімдер
44813
81500
66016
Капиталмен жүргізілетін
операциялардан алынатын кірістер
12502
19096
34182
ІІ.Алынған ресми трансферттер (гранттар)
-
-
-
ІІІ.Бұрын бюджеттен берілген кредиттер
бойынша негізгі борышты өтеу
17690
18390
11351
Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрап отыр ( қосылған құнға салынатын салық, корпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке табыс салығы және т.б.). Бұл кестеден біз салықтық түсімдердің жылдан жылға көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Мемлекеттік бюджет табыстарынің басқа көзі - салыққа жатпайтын түсімдер.
Бюджеттің шығыстары - бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізінде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің қаражаттары: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді (заң шығарушы және басқа функцияларға кірмей қалған өзге де органдарды, қаржы және салық-бюджет саясатын, сыртқы экономикалық қызметті, іргелі зерттеулерді және басқаларын); қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуді; қауіпсіпсіздікті қамтамасыз етуді; республикалық деңгейдегі жалпы орта, орта кәсіптік және қосымша білімді; республикалық деңгейде азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін; заң актілеріне сәйкес республикалық бюджеттен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды алатын азаматтардың санатына осы жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды жерлеуге берілетін жәрдемақыларды, республикалық деңгейдегі әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек саласындағы қызметті; республикалық деңгейдегі мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтерді; ауыл, орман, су және балық шаруашылығының басым бағдарламаларын; көші-қон саласындағы қызметті; қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнінде республикалық деңгейде жүргізілетін шараларды; республикалық деңгейдегі өнеркәсіп, көлік және құрылыс объектілері саласындағы арнайы бағдамаларды; фельдъегерлік байланысты; республикалық деңгейдегі жобалау-іздестіру жұмыстарын; республикалық маңызы бар жол жүйесін пайдалануды, салуды және жаңғыртуды; гидрометеорологиялық мониторингті; үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды; мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауды; жергілікті бюджеттерге республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді және басқа республикалық бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Сондай-ақ жоғарыда аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін, олардың аумақтық бөлімшелерін және мемлекеттік бағыныштағы мекемелерді ұстауға арналған шығыстар да республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілген штат саны лимиті мен үкіметтің актілерімен бекітілген мемлекеттік органдардың топтары бойынша бір қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыстардың нормативтері негізіне алына отырып белгіленеді және оларды республикалық бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздері есебінен ұстауға жол берілмейді.
Республикалық бюджеттен шығыстар мне кредиттердің жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңдағыдан басқа, өзге де нормативтік құқықтық актілерде шығыстар мен несиелендірудің ең аз, шекті немесе тіркелген мөлшерлерін белгілеуге жол берілмейді.
Республикалық бюджеттің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағамының (курсының) жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражаты ұлттық валютаның бөлінген кезеңдегі ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалады.
Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда - ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті, қаржы рыногінде жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.
Алайда, нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz