Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 Сот төрелігі - Қазақстан Республикасындағы біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде

1. 1 Сот билігі ұғымы

1. 2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы

1. 3 Билік тармағындағы сот жүйесінің рөлі

2 Қазақстан Республикасында сот төрелегін жүзеге асырудың конституциялық қағидалары

2. 1 Сот төрелігінің конституциялық негіздері

2. 2 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері және оны нығайту мәселелері

3 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі

3. 1 Жоғарғы Сот Кеңесі. Әділет біліктілік алқасы

3. 2 Судьялардың конституциялық - құқықтық мәртебесі

4 Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері

4. 1 Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастардың болашағы

4. 2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі - ең алғашқы кезеңдердің бірі деп, күшті, тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.

Құқықтық нигилизм әлі де орын алып отырған қоғамда, сот билігінің болуы заң үстемдігін, оны орағытып өтудің қандай да болса әрекеттерін болдырмауды қамтамасыз етудің шешуші факторына айналуы тиіс. Сот билігінің нағыз дербестігіне қол жеткізбейінше және соттар азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін пәрменді қорғау және қалпына келтірудің органы болмайынша, елдегі әлеуметтік және экономикалық проблемаларды ойдағыдай шешуге, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстылықпен күресуде табысқа жетуге, қолданыстағы заңдардың тиімділігіне үміт артуға болмайды.

Республика стратегиясын 2030 жылға дейін белгілеген Қазақстан халқына арнаған жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті былай деп атап көрсетті: «Біз нені құрғымыз келеді, таңдаған мақсатымызға жеткізетін дамуымыздың траекториясы, магистралі қандай болуы тиіс, соны біз анық білуіміз және айқын түсінуіміз керек. Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс анықтау, тиісті стратегияларды таңдау, осы жолмен жүру кезінде күш-жігеріміз бен төзімділігімізді көрсету арқылы біз өзімізді құр сенделуден, қуатымызды, уақытымызды және ресурстарымызды бекер жұмсаудан сақтап қаламыз».

Біздің қоғамымыздың алдына қойылған басым мақсаттарға жету жолында сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту - қазіргі міндет және бүгінгі күннің зәрулі қажеттілігі.

Сот билігінің теориялық негіздерін әзірлеу және оларды заңнама мен сот органдарының қызметінде практика жүзінде іске асыру, тек соңғы кездері ғана мамандардың назарларын аудара бастады. Билікті бөлісудің конституциялық қағидаты мен Конституцияда көрсетілген өзге де идеялар тұрғысынан сот билігі институтының тұтас, кешенді талдауын жүргізу біздің республикамызда әлі де жеткілікті және жүйелі түрде қолға алынған жоқ. Тіпті мемлекет және құқық мәселелерінде де сот органдарына тиісті көңіл бөлудің жеткіліксіздігі байқалады, бұл көзқарас мемлекеттік тәжірибеде ондаған жылдар бойы үстемдік құрып келді. Қазақстанда тәуелсіздік жариялауға байланысты ғана осы проблемаға қызу ықылас білдіріле бастады. Соның нәтижесі 1994 жылы қабылданған сот-құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын орындау болды. Бағдарламаға сәйкес қалыптастырудың мүлде жаңа тәртібі бойынша бірыңғай сот жүйесі құрылды, сот билігі тармағының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық жаңа актілер қабылданды, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, салық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер қабылданды.

Бірақ, қол жеткен табыстармен шектеліп, тоқмейілсуге болмайды, өйткені өз шешімін күтіп тұрған проблемалар әлі де жеткілікті. Қабылданған заңдар қаншама жақсы, дұрыс болса да, онда көрсетілген нормалардың құқықтық қатынастарға түсетін кез келген субъектінің қызметтік қағидатына, жүріс-тұрысының ережесіне айналуларының әзірше кепілі болмай тұр. Құқықтық нұсқаулардың әрбір адам үшін, әр шенеунік, кәсіпкер, лауазымды адам, басшы үшін ішкі нанымға, ішкі заңға айналуы қажет. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы және білуі тиіс. Әйтпесе біз ешқандай құқықтық мемлекет құра да алмаймыз және шынайы демократия жөнінде сөз қозғаудың өзі де бекер.

Сондықтан да еркін, тиімді және қауіпсіз қоғам құрудың бағдарламасын мазмұндайтын 2005 жылы Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекет басшысы осы өзекті мәселеге ерекше қайта тоқталып кетті. Ол былай атап көрсетті: «біздің алдағы уақытта мынадай мәселелермен:

  • сот өндірісін оңайлату, оның объективтілігін, сондай-ақ сот актілерінің тұрақтылығы мен уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
  • сот өндірісі шеңберінде және сот шешімдерін атқару кезеңінде азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді күшейту;

1 Сот төрелігі - Қазақстан Республикасындағы біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде

  1. Сот билігі ұғымы

Ештеңе де бостан туындамайды және кенеттен пайда болмайды, бәрі бұл дүниеде бір-бірімен өзара байланысты, себептері мен бастау көздері болады. Дәл осылайша сот пен билікті бөлу туралы ілім негіздері өз тамырын тереңнен алады. Билікті бөлудің бастапқы идеяларын әдетте, еуропалық аса көрнекті ойшылдар Джон Локк пен Шарль Луи Монтескьенің есімдерімен байланыстырады. Билікті бөлу принципіне классикалық анықтама берген теорияның негізін салушы ағылшын философы Джон Лильберн болып табылады. Өзінің саяси панфлеттерінде ол заңдылық кепілдігі мен мемлекеттегі заңсыздықтың алдын алу мақсатында алғаш рет билікті заң шығарушы, атқарушы және сот деп бөлу идеясын ұсынды.

Билікті бөлу идеясын негіздеуде француз ойшылы Шарль Луи Монтескье зор роль атқарды. Ол алғаш рет биліктің үш «түрін» айқын белгіледі: заң шығарушы, атқарушы және сот. Атап айтқанда ол былай деп көрсетті: «Заң шығару және орындау қызметтері бір адамның немесе бір магистратура органының қолына біріктірілсе, онда бостандық болуы мүмкін емес, өйткені осы монарх немесе сенат қысым жасаушы заңдарды енгізіп, оларды зорлықпен қолдану қаупі тууы мүмкін.

Оның үстіне сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе тағы да бостандық болмауы мүмкін. Егер ол заң шығарушы билікпен біріксе, субъектінің өмірі мен бостандығы өктемдік бақылауға тап болады, сот заң шығарушыға айналады. Егер де сол атқарушы билікпен қосылса, сот қанаушының барлық озбырлығын жасай алады».

Ш. Монтескьеден айырмашылығы билік бөлісу теориясын Жан Жак Руссо іс жүзінде іске асырды. Ол халықтың біртұтас билігінің қарауына заң шығару, атқару және сот биліктерін берді.

Билік бөлу теориясы көптеген елдердің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінде кеңінен қолданылып, адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі кепілдіктердің бірі болып табылды.

Билік бөлісу қағидатына негізделген мемлекеттік жүйенің артықшылығы - мемлекеттің ішкі саяси жағдайының салыстырмалы тұрақтылығы.

«Қазақ елінің сот билігі» еңбегінде Қ. Мәми «қазақтың үш биі - Төле би, Қазыбек би және Айтеке билердің кезінде «мемлекетті әділ басқарудың негізі - сұлтандар мен төрелердің сот билігіне араласуын шектеу» деген қағидасының әлі де өз құндылығын жоймағанын атап көрсетті.

Билік бөлісу теориясы 1787 жылғы АҚШ Конституциясында мейлінше толық және дәйектілікпен іске асырылады. Ол бойынша заң шығару өкілеттіктері екі палатадан - Сенат пен өкілдер палатасынан тұратын Конгреске берілді. Атқару билігі Президенттің, ал сот билігі АҚШ-тың Жоғарғы сотының, сондай-ақ Конгресс арқылы бекітілетін төменгі соттардың қарауына тапсырылды.

Мемлекеттік биліктің бірлігі туралы ереже бүгінгі күні де өзекті мәселе болып табылады. Мемлекеттік биліктің бірлігі, ең алдымен оның бастау көзімен шартталады, бұл бастау тек халық болып табылады.

Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабында көрсетілгендей, тек қана халыққа тиісті бірегей билік көрінісі ретінде ғана маңызға ие.

Қазіргі әлемдік конституциялық-құқықтық тәжірибе жаңа проблемалар туғызуда, бұлар енді билік бөлу теориясы негізінде шешілмейді және нақты қызмет ету шеңберіне сыйыспайды. Біздің пікірімізше, ТМД елдеріндегі түрлі билік тармақтарының саяси тайталасының негізгі көздерінің бірі билік бөлудің теориялық проблемаларының тұжырымдамалық тұрғыда жеткіліксіз жасалуы, сондықтан да билікті бөлу мен біріктіруді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар жасау дұрыс көрінеді.

Біріншіден, мемлекеттанушылардың билік бөлу теориясын бірегей мемлекеттік саясаттың принциптік мәселелері бойынша биліктің барлық тармақтары келісе отырып жұмыс істеуі тиістігінен шығатын мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының өзара байланысы, өзара әрекет етуі қажеттігі туралы тезиспен толықтыру керектігі жөніндегі ұсыныстарына қолдау көрсетудің маңызы бар.

Екіншіден, қазіргі мемлекеттануда билік бөлу теориясының тұжырымдарымен үйлесетін мемлекеттік биліктің бірлігі туралы тұжырым негізделуде. Жоғарыда билік бөлу бірегей мемлекеттік саясаттың принциптік мәселелері бойынша билік тармақтарының өзара әрекет етуін, олардың мемлекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттері аясында іс-әрекетінің бірлігін жоққа шығармайтыны атап өтілді. Солай бола тұрса да мемлекеттік билік бірлігінің тұжырымдамасы билік тармақтарын бөлуді, олардың бірегей мемлекеттік билікті жүзеге асыруда түрлі қызмет атқаратынын айтады. Мынаған назар аударуға болады: орыс ғалымдары мемлекеттік билік пен оны үш негізгі тармаққа бөлу туралы ережені біріктіретін синтезделген ойды оң фактор деп санайды, бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабы 4-тармағында бар.

Жоғарыда айтылғандар мемлекеттік билік бірлігі мен билікті бөлудің бір-бірін өзара толықтыратын тұжырымдамаларын үйлестіру қажеттігі туралы қорытынды тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабының ережелеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік бірлігі мен бөліну принципі туралы айтуға болады. Бұл принцип, ең алдымен, өзінің субъектісі мен бастау көзі бойынша, ерік-күш мазмұны мен арналуы бойынша мемлекеттік биліктің Қазақстан Республикасында бірегей болып табылатынын білдіреді. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 1-тармағында бекітілген Қазақстан халқының билігі. Сол бойынша тек халық қана елдегі мемлекеттік биліктің бірден бір көзі болып танылады. Мемлекеттік биліктің барлық тармағы халық атынан әрекет ете отырып, бірегей мемлекеттік саясат жүргізуге және қазақ халқының қалауы бейнеленген Конституциясына және заңнамаларды басшылыққа алуға міндетті. Адамзаттың көп ғасырлық тарихы биліктің біреудің ғана қолында топталуы сөзсіз теріс жағдайларға алып келетінін көрсетеді. Бұны болдырмау үшін мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, сонымен бірге бірін-бірі толықтыратын және өзара әрекет ететін құрамдас элементтерге бөлу қажет.

Мемлекеттік билікті үш тармаққа: заң шығарушы, атқарушы және сотқа бөлу идеясы анағұрлым кең танылды. Конституцияның 3-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік биліктің Қазақстан Республикасында бірегей екенін жария етті, бірақ ол тепе-теңдік пен тежегіштер жүйелерін қолдану арқылы өзін үш тармаққа: заң шығарушы, атқарушы және сотқа бөлу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Осы сәттен бастап сот билігін нығайту процесі жаңа сипатқа ие болды. Бұл тәуелсіз судьялар корпусы үшін жағдай жасауда, соттар мен судьялардың материалдық қамтамасыз етілуін жақсартуда, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуде, сот уәкілеттігін біршама кеңейтуде көрініс тапты.

Сот билігі - азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған билік сатысы.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Сонымен қатар соттар Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүргізе алады. Соттар өзіне тиесілі билікті Республика атынан, ешкімнің еркінен тыс және Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

Сот билігін ұйымдастыру мен қызмет етуінің конституциялық-құқықтық негізі конституциялық нормалар және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы « Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы » Конституциялық заңы болып табылады.

Аталған Конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот-құқықтық реформасын одан әрі жетілдіру болды.

Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Конституциялық заңда Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер бар. Судьялар әкімшілігі - судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізілді, бұл функциялар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктелді, бұл өкілеттік бұрын Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын.

Заңда облыстық соттардағы және Жоғарғы соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді. Аталған жаңа енгізулер төралқа сияқты органдар белгіленбеген Конституция нормаларына сәйкес келтіру мақсатында жүзеге асырылды. Сөйтіп, соттардағы сот төрелігін тек Конституцияда көрсетілген сот органдары - алқалар ғана жүзеге асырады, ал судьялардың жалпы отырыстарына сот төрелігін жүргізу құқығы берілмейді, олар сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болды.

Сот өндірісін бір ізге салу үшін заңда республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық алқалардың біріктірілгені бекітілді, Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылды.

Судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мәселен, егер бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді жаңа редакцияда бұл құқық тек республика судьяларының күллісіне қатысты - Жоғарғы сот төрағасына, аталған облыстың судьяларына қатысты - облыстық сот төрағасына ғана тиесілі болды.

Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге - аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормалар - бағытталды.

Конституциялық заңмен Әділет біліктілік алқасының төрағасын Республика Президентінің тағайындауы регламенттелді, мұның өзі аталған органның дербестік институтын оңынан дамытуға жәрдемдесетін болды.

Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрғалары бос лауазым орындарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы сот төрағасы құзыретіне жатқызылды.

Сот корпусының сапалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар - біліктілік емтиханын табысты тапсырған тұлғалардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленді.

Судьяларға қойылатын талаптар қатайды. Заңда тәртіптік-біліктілік алқаларының өкілдігі едәуір кеңейтілді, енді олар тек тәртіптік істерді ғана емес, судьяға қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, соның ішінде судья этикасы нормаларын бұзғаны үшін, судьялардың өкілдіктерін тоқтату мәселесін де қарайтын болды.

  1. Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы

Кез келген сот жүйесінің тиімділігі, жұмыс істейтін өзіндік ерекшелігі, экономикалық, құқықтық жағдайларға елеулі түрде қатысты. Осы мәселеде жүйені құрудың тарихи шарттары, қалыптасқан дәстүрлер, құқықтық мәдениет орасан зор роль атқарады.

Қазақстан Республикасының егемендік алуымен соттарға кез келген құқықтық мемлекетке тән толық көлемдегі құқықтық өкілет беру қажеттілігі туындады. Сот жүйесіндегі нақты өзгерістер тәуелсіздік жылдары арасында жүргізілді.

Қайта құрудың бастамасы егемен Қазақстанның 1993 жылы ақпан айында тұңғыш Конституциясын қабылдаумен байланысты, Конституция сот билігінің ұйымы мен қызметінің негізгі қағидаттарын бекітті. Әділ сот органдарына Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Жоғарғы төрелік Сот және төменгі соттар жатқызылды.

1994 жылы біздің елімізде сот жүйесінің даму басымдықтарын белгілеген құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасының қабылданғаны белгілі. Мәселен, «Сот жүйесінің реформасы» бөлімінде былай атап көрсетілді:

- соттарды ұйымдық жағынан нығайту қажет, олардың жалпы және төрелік (арбитраждық) сотқа бөлуден бас тарту керек;

- сот Кеңестерінің немесе біліктілік комиссияларының ұсыныстары бойынша мемлекет басшысы - ҚР-сының Президенті арқылы судьялардың ауыспаушылық және тағайындаушылық принциптерін бекіту;

- сот төрелігін іске асыру және сот қаулыларын орындау бойынша көмекші қызметтерді күшейту.

Жалпы сот реформасын келесі бағыттар бойынша жүргізу көзделді:

  • сот құрылымы мен сотта істі қарауды қайта ұйымдастыру;
  • материалдық және іс жүргізу заңдарын жетілдіру;
  • құқық қорғау және арнайы органдардың, сондай-ақ адвокатураның қызметі мен құрылымын реформалау.

Халық заседательдерінің институты таратылатын болды.

Сонымен қатар сот корпусын құруға биліктің барлық үш тармағының өкілдерінің, ғалымдар мен практик-заңгерлердің қатысуын қамтамасыз ету ұсынылды. Жоғарғы заң білімі бар әрбір азаматқа оны судьяға үміткер етіп тіркеу үшін өз қалауы бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға құқықтық және практикалық мүмкіндік берілді, осы арқылы аталмыш мәселені шешудегі бұрын қолданылып келген жасырын (құпия) тәртіп жойылды.

Жоғарғы соттың төрағасы мен оның алқа төрағалары, облыстық соттардың төрағалары тиісінше Жоғарғы және облыстық сот мүшелерінің қатарынан ҚР-сы Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Кеңес арқылы бес жыл мерзімге бекітілуі тиісті болды.

1995 жылы қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, судьяларды Президенттің тағайындауы және Жоғарғы Сот судьяларының Парламент Сенаты арқылы сайлануы енгізілді. Жоғарғы Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы құрылды, міндеттерін жалпы құқықтық құзырдағы соттарға жүктеу арқылы төрелік соттар жүйесі таратылды, судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі күшейтілді, олардың мәретебесі және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі рөлі нығайтылды.

Сот реформасын практика жүзінде жүзеге асырудағы шешуші адым, Президенттің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар, Жарлығының қабылдануы болып табылды. Жарлық судьялар тәуелсіздігінің заңдық және материалдық кепілдіктерін белгіледі, олар биліктің атқару және өкілдік тармақтары тарапынан болатын қысымнан тұңғыш рет құқықтық қорғауға ие болды.

Құқықтық реформаның Бірінші кезеңінде республикада билер сотын жаңғырту қызу талқыланды. Аталған институт Қазақстан үшін дәстүрлі және ол революцияға дейін ойдағыдай жұмыс істеген. «Би төрелігін енгізу қырғыздарда халық тарапынан қайсыбір ресми сайлаумен және халықты басқаратын билік тарапынан бекітумен сабақтаспаған, тек шешендік өнермен ұштасқан сот ғұрыптарындағы терең білім ғана осындай құрметті атақты қырғыздарға берген. Бидің мағынасы беделге негізделген және осы атақ сот практикасына берілген патент іспеттес», - деп атап көрсетті Шоқан Уәлиханов («қырғыз» деп қазақты айтқан) .

Бұл ретте ҚР-сының қолданыстағы Конституция нормаларына сүйену керек, Конституция нормалары бойынша сот жүйесі бірыңғай және соттар тұрақты судьялардан тұрады. Міне, дәл осы себептен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңды талқылау кезінде билер соты республика соттарының бірыңғай жүйесіне кірмей қалды.

Сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шарттардың бірі ретінде округтік (дуандық) сот жүйесін құру идеялары да айтылды. Осындай соттар көптеген елдерде жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-да территорияларын қамтитын 13 Федералдық сот округтері құрылған. Олардың әрқайсысында бір-бір округтық соттан құрылған, судьялар саны барлығында бірдей емес. Округтық соттар апелляциялық саты міндетін орындайды. Ресейде Федералдық төрелік соттар мен 10 округтік сот құрылған.

Округтік соттарды құру мүмкіндігі, Президенттің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығының бастапқы редакциясы арқылы қамтылған болатын, алайда, Жарлыққа 1997 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін бюджеттік қаражаттарды үнемдеуге байланысты бұл ережені тізімнен шығарып тастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық - құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары»
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz