Зейнетақы жүйесі
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАЛАУДАН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Зейнетақы жүйесін реформалаудан алгышарты мен ерекшеліктері
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері
1.3 Шетелдегі зейнетақы жүйесі
II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Қазіргі жағдайдағы ҚР.ның зейнетақы жүйесінің қызметін талдау
2.2 Зейнетақы жүйесін реформалауда мемлекет рөлі
III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері
3.2 Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалауды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998 жылы жоспарлы түрде өткен ТМД территориясындағы бірінші ел.
Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын лайықтай отырып, қаржылық тұрақты және әділ жүйені оңынан тұрғызу.
Сонымен қатар, жинақташы зейнетақы жүйесі бірқатар мәселелерді шешуге арқау болды:
әлеуметтік кернеулікті жеңілдету, зейнетақы төлеу ауыртпалығынан бюджетті ақырындап босату, азаматтарда көп және ашық табыс табу құштарлығының көрінуіне септігін тигізу.
Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика тағы бір институционалдық инвестор – зейнетақы қорларын алмақ.
Зейнетақымен қамтамасыз етуді реформалаудың басты мақсаты — мемлекеттік зейнетақы жүйесін тұрақты қаржыландыруға қол жеткізу.
Қазіргі уақытта Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыруы ынтымақтастықты және жинақтаушы жүйе механизмдерін бір мезгілде үйлестіретін үш деңгейлі жүйесін (пиллар) ұсынады:
Бірінші деңгей - КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға мирас болып қалған және «ұрпақтың ынтымақтастығына» негізделген ынтымақтастықты зейнетақы жүйе, онда зейнетақы төлем көздері халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударымдары есебінен және басқа да түсімдер есебінен мемлекеттік бюджет атқарады. Зейнетақы төлем мөлшері еңбек өтілімен анықталады. Қазіргі уақытта осы деңгей аясында 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шығу сәтінде еңбек өтілімі алты айдан кем болған тұлғалардың зейнет төлемдері реттестіріледі.
Ынтымақтастықты жүйемен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылды және дамытылып жатыр.
Екінші деңгей: Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ай сайынғы табысынан 10 пайыз мөлшерде зейнетақы аударымдарын ұстап отыратын міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Үшінші деңгей: ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.
Отандық зейнетақы жүйесін қайта жасау ұзақ мерзімді сипаттама алады:
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толық өту 2040 жылға дейін деп болжануда.
Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және

1. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.27.01.2012ж.
2. «Қазақстан-2030» даму стратегиясы
3. Ақша несие банктер. Оқулық. \ Ғ.С Сейтқасымов, Алматы Экономика, 2001 ж.
4. Г.С. Сейткасымов Ақша, Несие, Банктер. // Алматы, Экономика 2005ж.
5. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер Оқу құралы Алматы қаржы және статистика институты
6. Омирбаев С.М. «Финансы» Астана 2002 ж.
7. www.bnews.kz Қазақстанның негізгі ақпараттар көзі сайты
8. http://www.halykfund.kz Халық Банкінің зейнетақы қоры сайты
9. http://www.gnpf.kz «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры сайты
10. Алибаев А. Накопительная пенсионная система Казахстана: цифры, факты, комментарий. Алматы 2000
11. Баймұратов У. Б., Тулепбаев К. П. «Пенсионная реформа: итоги, проблемы: Банки Казахстана» 2002.7
12. Қазақстанның қаржы нарығы. Алматы, Экономика, 2007
13. “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы

Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика тағы бір институционалдық инвестор - зейнетақы қорларын алмақ.
Зейнетақымен қамтамасыз етуді реформалаудың басты мақсаты -- мемлекеттік зейнетақы жүйесін тұрақты қаржыландыруға қол жеткізу.
Қазіргі уақытта Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыруы ынтымақтастықты және жинақтаушы жүйе механизмдерін бір мезгілде үйлестіретін үш деңгейлі жүйесін (пиллар) ұсынады:
Бірінші деңгей - КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға мирас болып қалған және ұрпақтың ынтымақтастығына негізделген ынтымақтастықты зейнетақы жүйе, онда зейнетақы төлем көздері халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударымдары есебінен және басқа да түсімдер есебінен мемлекеттік бюджет атқарады. Зейнетақы төлем мөлшері еңбек өтілімен анықталады. Қазіргі уақытта осы деңгей аясында 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шығу сәтінде еңбек өтілімі алты айдан кем болған тұлғалардың зейнет төлемдері реттестіріледі.
Ынтымақтастықты жүйемен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылды және дамытылып жатыр.
Екінші деңгей: Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ай сайынғы табысынан 10 пайыз мөлшерде зейнетақы аударымдарын ұстап отыратын міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Үшінші деңгей: ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.
Отандық зейнетақы жүйесін қайта жасау ұзақ мерзімді сипаттама алады:
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толық өту 2040 жылға дейін деп болжануда.
Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже ынтымақтастықты жүйеден ақырындап бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін құруға жасалды.
Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері ерекше шиеленіс жағдайларында болды. Оған себеп бір жағынан нарықтық экономика механизміне өту болса, екінші жағынан - өткен жүз жылдықтың 90 жылдарындағы Қазақстанға тән әлеуметтік-демографиялық фактор болды.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының зейнетақы реформасын зерттеу, ал міндеттері зейнетақы жүйесінің реформалаудан теориялық негіздерін қарастыру, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін талдау және жетілдіру жолдарын қарастыру.
I ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАЛАУДАН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Зейнетақы жүйесін реформалаудан алгышарты мен ерекшеліктері

Екінші деңгей - Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ай сайынғы табысынан 10 пайыз мөлшерде зейнетақы аударымдарын ұстап отыратын міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Үшінші деңгей - ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.

Зейнетақы жүйесінің қазақстандық үлгісі мынадай қағидаларға негізделеді:
- салымшылар мен алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдау құқығын беру;
- жүйеге барлық жұмыс істейтін халықтың міндетті түрде қатысуы;
- зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандырудың басқа формаларын шектеу;
- салымшылардың зейнетақы жинақ ақшасының дербестендірілген есебі алынады, егер:
- зейнетақымен қамсыздарылуға құқығы бар әрбір адамға әлеуметтік жеке код иелену және салымшының иеленген әлеуметтік жеке кодына сәйкес зейнетақы жарналарын бұдан әрі аудару;
- зейнетақы жарналарын есептеу және жеке зейнетақы шоттарында қалыптасқан жинақ ақшаларын сақта;
- зейнетақы жинақ ақшаларын сақтау кепілдік мыналар есебінен:
- салымшының зейнетке шығу сәтінде инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшеріндегі зейнетақы жинақ ақшасының сақталуына мемлекет кепілдігі;
- жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына немесе алушыларына зейнетақы жинақ ақшасының жағдайы туралы ақпараттарды міндетті түрде беру
- жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың қызметтерін мемлекеттік реттеу (жинақтаушы зейнетақы қор (ЖЗҚ), кастодион - банк және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдар (ЗАИБҰ)), ЖЗҚ, ЗАИБҰ, кастодион - банктерді лицензиялау және пруденциалды реттеу, қаржылық және статистикалық есеп беру негізінде олардың қызметтер мониторингі, сондай-ақ, жылдық қаржылық есеп берудің жыл сайынғы аудиті, зейнетақы активтерін басқару және әртараптандыру жөніндегі талаптарды орындау үшін міндетті ендіру.
- кастодион - банктердегі ақшаларды және бағалы қағаздарды сақтау, ол ЖЗҚ немесе ЗАЙБҰ аффилиирленуі мүмкін емес
- зейнетақы активтерінің нысаналы орналасуын кастодион - банкпен бақылау
- жинақтаушы зейнетақы қорларындағы меншікті және зейнетақы активтердің дифференцированды есебі
- салымшының, ЖЗҚ, кастодион - банк және ЗАЙБҰ қарыздары бойынша зейнетақы активтеріне төлем өндіріп алудың мүмкінсіздігі, ликвидация немесе банкроттық жағдайларды қоса алғанда.
Бұдан өзге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту кезеңі ішінде мемлекет зейнетақы реформасы басталғанға дейінгі еңбек өтілімі бар азаматтардың алдындағы міндеттемелерді алады, сондай-ақ, инфляция деңгейін есепке ала отырып, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы алуға арналған зейнеткердің құқығына және алынатын мөлшердің сақталуына кепілдік береді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі халыққа қызмет ете отырып, зейнетке шыққаннан кейін өз кірісінің деңгейінде дербес жауапкершілік алуға міндеттенеді, сонымен қатар, зейнетақы төлем көздері ретінде жеке зейнетақы шотында қалыптасқан жинақ ақшалары болады.
Бұдан өзге, әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз жинақ ақшаларын ұлғайтатын және еңбек қызметтерін аяқтағаннан кейін өзін неғұрлым жоғарғы табыспен қамтамасыз ететін мүмкіндіктер беріледі (үшінші пиллар).
Зейнетақы жүйесінің бұдан әрі бүтіндей қызмет етуі мынадай маңызды әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге қолғабысын тигізетін болады:
- зейнет жасындағы азаматтардың әлеуметтік қамсыздануы жөніндегі міндеттемелер бөлігін мемлекет пен салық төлеушілерден алу;
- салымшылардың еңбек қызметтері ішінде олардың еңбек жалақысын, зейнетақы жарналарын төлеудің ұзақтығын және зейнетақы жинақ ақшаны инвестрлеудің тиімділігін есептей отырып, олар зейнет жасына жеткеннен кейін зейнетақымен қамсыздандырылуының неғұрлым тиімді және әділ жүйесін қамтамасыз ету;
- отандық зейнетақы қорларын дамыту;
- халықтың қаржылық сауаттылығын және инвестициялық мәдениетін көтеру.
Зейнетақы жүйесі ортақ және жинақтаушы жүйеден құрылады. Ортақ зейнетақы жүйесі екі әдіспен есептеледі. Ол, базалық зейнетақы - еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей төленеді, еңбек стажы - еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетке шығу уақытында алты айдан кем болмаған адамдарға төленеді.[13]
Жинақтаушы жүйе міндетті және ерікті жарналардан құрылады. Міндетті жарналар - ай сайынғы табыстан зейнетақы аударымдарының белгіленген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті аударымдар.Ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақталған қаражат.
Әлемде әлеуметтік зейнетақымен қамтамасыз етудің екі жүйесі бар - ортақ және жинақтаушы.
Әр жүйенің өзінің артықшылығы және кемшілігі бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, зейнеткерлерді барынша қорғауға мүмкіндік беретін көп деңгейлі жүйені пайдаланатын елдер оң нәтижеге қол жеткізді.
Зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Ортақ жүйе артықшылықтары:
- зейнетақыны мемлекет төлейді;
- кірісі аз адамдардың тұрақтылығы (қорғалуы).
Кемшіліктері:
-зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу;
-демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді);
- зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің артықшылықтары:
- салымшы кірісінің деңгейіне зейнетақы мөлшерінің тікелей тәуелділігі;
- мзж мемлекет кепілдігі;
- жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыру;
- инвестициялық кіріс есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ұлғайту;
- мультиқоржындар жүйесінің көмегімен жинақталған зейнетақы қаражатын басқару мүмкіндігі (заңнамамен 2015 жылдан бастап белгіленген шектеулерді ескере отырып).
Кемшіліктері:
- Инвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы;
- ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ;
- мзж сомасының жалақы мөлшеріне тәуелдігі.[8]
0.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері
Бүгінгі күні Қазақстанда зейнақы жүйесінің екі моделі бар. Бірі - ынтымақты, екіншісі - жинақтаушы. Оның өзі төрт тармаққа құрайды. Ынтымақты жүйе еңбек өтіліміне қарамастан жалпыға бірдей берілетін базалық зейнетақы және еңбек кітапшасындағы еңбек өтіліміне қарай берілетін болып бөлінсе, ал жинақтаушы жүйе жұмыскердің жалақысының 10% міндетті түрде зейнетақы қорына өтіп тұратын және азаматтың өз еркімен зейнетақы жинақтаушы қор ашып соған белгілі бір сомманы салып тұратын болып белгіленген.
Бұлардың айырмашылығы тек азаматтардың салық төлейтіндігі мен зейнетақыға міндетті ақшаны бөліп отырғандығында. Соның қорытындысы бойына оның зейнетақысының көлемін анықтауға болады. Қазіргі зерттеулер бойынша халықтың 40%-ы ешқандай салықтар мен ақша бөліністерін жасамай тек өзіне ғана жұмыс істейді, - дейді осыған орай Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Майра Кичигина.
Маманның айтуынша, қоғамның бұл бөлігі болашақта минималды зейнетақы алады. Ал белгілі бір мекемеде қызмет етіп, зейнетақы қорына міндетті ақша аударымдарын тұрақты жасап тұратын, өзінің жеке зейнетақы қорына ақша жинақтайтын азаматтар алдағы уақытта жоғарғы зейнетақы алады.
Кичигина жинақтаушы зейнетақы жүйесінің әрбір салымшыға жоғарғы зейнетақы алуға мүмкіндік беруімен ерекшеленетіндігін атап өтті. Ал қалыптасқан ынтымақтық зейнетақы жүйесі кез-келген уақытта жоғарғы зейнетақы алудың мүмкіндігін шектейді.
Сарапшы бұл екі жүйенің бір-бірінен артықшылығын көрсету үшін 2011 жылдың орташа көлемдегі жалақысына мысал келтірді.
Мысалы, өткен жылы ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 35 950 теңге болса, жинақтаушы жүйе бойынша зейнетақы алатындардың ішінде әйелдер 68 000, еркектер 89 000 теңгеден жоғары алды. Бұл жұмыскерлердің ақшаны жинақтауға деген талпынысын арттырады. Сонымен қатар бұл халықтың финанстық сауаттылығын арттырады, - деді.
Сондай-ақ жинақтаушы жүйенің басты проблемасы азаматтардың сенбеуі болып табылатындығына тоқталған Майра Кичигина: Ол психологиялық аспект. Ал экономикалық тұрғыдан алсақ тек салымды толық және уақытылы салмау мен зейнетақы қорына оның толық түспеуі ғана азаматтардың лайықты зейнетақысын ала алмауына әкеліп соғады , - деп сөзін тұжырымдады.
Ал макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов қазақстандық зейнетақы жүйесінің зейнетақы жинау үшін ынтымақтық модельге өткендігі дұрыс деп есептейтіндігін жеткізді.[6]
Ол: Жинақтаушы да, ынтымақты да жүйе барлық жағдайда бірдей бола бермейді. Қайсысының болсада бір кезде, бір жерінен ақаулары пайда болады. Алайда ынтымақты модельде ақаулар мен жаңылулар жинақтаушыға қарағанда аз. Сондықтанда ағымдағы мәселелерді шешу үшін зейнетақы жүйесіне аздаған өзгертулер еңгізу керек. Яғни, жинақтаушы жүйені тоқтатып, ынтымақты жүйені ғана қалдыру, - деді.
Олжас Құдайбергенов ынтымақты модельді жақсарту үшін зейнетақынның көлемі орта жалақының 40%-ын құрап, минималды және максималды жалақының арасы екі еседен көп болмауы қажет екендігін де айтып өтті.
Зейнетақы тек инфляцияға қарай реттелмей, орта жалақының индексінің өсуіне де қарауы қажет екендігін айтып өткен Құдайбергенов: Яғни, өкімет елде жалақы жоғарылады десе, сәйкесінше сол пайызда зейнетақы да өсуі керек, - деді.
Жинақтаушы модельді тоқтатқанда зейнетақы салымдары мемлекеттік бюджетке емес, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа өтіп отырады деген ол: Өйткені ол жақта жақын жылдары қанша адам зейнетке шығатындығы қадағаланып тұрады. Яғни арнайы жоспарлары бар. Сонда олар өздеріне қажет сомманы алып, қалғанын бюджетке қайтарым ретінде қайтарса, кері келген қаржыны елдің инфраструктуралық жобаларының құрылысына, стратегиялық объектер сатып алуына жұмсауға болар еді , - деді.
Сондай-ақ болашақта ынтымақты жүйеде зейнетақы төлеуге қаржысы жетпей қалуы мүмкін. Сол кезде кезінде бюджетке берген қаржыны қайтарып алуға немесе ұлттық қордың қаражатын пайдалануға болатындығын айтқан сарапшы ұлттық қор осындай әлеуметтік қамсыздандыруда кездесетін белгілі бір жаңылысулардың алдын алу үшін мінсіз сәйкес келетіндігін атап өтті.
Қазан айындағы есептеулер бойынша 2012 жылға Қазақстан зейнетақы қорларының салымшыларының зейнетақы жиналымы 3,036 трлн. теңгені құраған. Ал Қазақстан тұрғындарының саны 16,8 млн. адамнан асады.[5]
0.3 Шетелдегі зейнетақы жүйесі
Австралияда қартайған шақта берілетін мемлекеттік зейнетақыны алу үшін адамның қандай да бір уақытта жұмыс істеуі талап етілмейді. Оның бұрынғы жалақысы да маңызды емес. Мемлекеттік зейнетақының мақсаты - кез келген қартайған австралиялыққа өмір сүрудің ең төмен тиісті деңгейін қамтамасыз ету. Зейнетақыға едәуір қосымша жеңілдіктер қоса беріледі, олардың ішіндегі ең маңыздылары - толығымен тегін медициналық қызмет көрсетіледі және дәрі-дәрмекке қаржы бөлінеді. Бұдан басқа, зейнеткерлік куәліктің иелері біршама жеңілдікпен қоғамдық көлікке билеттер сатып алуға құқылы, ал жылына бір рет штат шегінде қалааралық көлікпен тегін жол жүреді.
Мемлекеттік зейнетақының мөлшері кіріс пен меншікке байланысты. Толық зейнетақы меншігі жылжымайтын мүлкі болған жағдайда $160,000 кем бағаланатын (бұл сомаға жылжымайтын мүліктің бағасы кірмейді) немесе жылжымайтын мүлкі жоқ болса $280,000 бағаланатын австралиялықтарға ғана төленеді. Өзіне меншікті тұрғын үйі жоқ ерлі-зайыптылар үшін өзге нормалар белгіленген. Үй, автомобиль, жиһаз, акциялар, т.с.с. меншік үлкен сомаға бағаланса, онда зейнеткерге тиісті мемлекеттік зейнетақының мөлшері меншік мөлшерін есептейтін арнайы формулаға сәйкес азайтылады. Егер зейнеткердің меншігі мемлекет белгілеген сомадан көп болса, онда оған мүлде ешқандай мемлекеттік зейнетақы төленбейді. Ол оның меншігі келтіретін немесе келтіруі мүмкін кіріспен өмір сүруі тиіс деп есептеледі.
Зейнетақы қорларының қызметі қатаң реттеліп, бақыланып отырса да, олар жеке меншік мекеме болып табылады. Бұрынғы кезде компаниялар әдеттегідей қызметкерлер мен жұмыс берушінің барлық жарналары аударылатын қандай да бір қормен тұрақты келісімде тұрған. Қазіргі заңнама бойынша австралиялықтардың зейнетақы қорын таңдауға құқығы бар, алайда көбі әдеттегіше бұрындары олармен тұрақты байланыс орнатқан қорлармен істес болуды жалғастырып келеді.
Зейнетақы қоры өздері алған ақшамен кәдімгі инвестициялық қор сияқты жұмыс істейді - оларды бағалы қағаздарға және жылжымайтын мүлікке салады. Бұл ретте зейнетақы қорлары өз салымшыларына тәуекел дәрежесімен, сәйкесінше кірістілік дәрежесімен ерекшеленетін бірнеше инвестициялық стратегияларды таңдауға ұсынады. Зейнетақы және кәдімгі инвестициялық қордың арасындағы айырмашылық - зейнетақы қорының бірнеше салмақты салық жеңілдіктерін пайдаланатынында. Тіпті орташа табында салыққа шамамен 35-40% кіріс жұмсалатын елде осындай жеңілдіктер барынша сезіледі. Қартайған шағына ақша жинағысы келетін австралиялық үшін зейнетақы қорына инвестиция салу, бәлкім, ең дұрыс стратегия болар. Алайда, мәселе австралиялықтардың көбінің ақша жинауға онша ынталы еместігінде, оның үстіне қолдарында еркін ақша да ондай көп емес. Сондықтан австралиялықтардың үштен бірі ғана бір уақытта өз зейнетақы қорларына қосымша жарналар салды.[7]
Жиналған ақшаны алу құқығы белгілі бір жасқа жеткенде ғана пайда болады. Қазір бұл жас ұлғаюда, сөйтіп болашақта 60 жасқа жетеді. Австралиялық осы жаста зейнетақы шотында жиналған соманы қолына ала алады. Қазіргі уақытта жинақталған қаражаттың мөлшері әдетте көп емес - 1983 жылға дейін қолданылған біршама либералдық заңдардың және зейнетақы қорларына міндетті аударымдардың біршама төмен нормаларының ықпалы байқалады. 2002 жылы орташа австралиялықтың еңбек ету кезеңі аяқталған кездегі зейнетақы қорындағы ақшасы А$40,000 ғана болған. Бұл сома статистика бойынша өмір сүруі мүмкін 20 жыл бойында зейнеткерді қамсыздандыру үшін мүлде жеткіліксіз.
Зейнеткер өзіне тиесілі ақшаны алып, қажет деп санаған ісіне жұмсайды. Ақша біржолғы төлем түрінде неғұрлым жиі алынып, үйді жөндеу және қайта салу, жиналып қалған қарыздарды төлеу, т.с.с. түрлі күнделікті проблемаларды шешуге жұмсалады. Осы проблемаларды шешкен соң адам қаржылық-демографиялық ахуалын ойлап жүрген шенеуніктердің наразылығын тудырып, мемлекеттік зейнетақы алуға өтініш жасайды. Сондықтан қазір Австралияда халықты зейнетақы қорларына көбірек ақша аударып, оларды ұзақ уақыт сонда қалдыруға түрлі әдістермен көндіруге тырысады.
АҚШ зейнетақы жүйесінің үлгісі көбінесе халықты жеке зейнетақылық сақтандыруға негізделеді. АҚШ-та жинақтаушы жүйелердің қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік және жеке зейнетақы бағдарламалары бар. Олар әлеуметтік және инвестициялық рөл атқарады.[7]
Таратушы зейнетақы жүйелері
Таратушы жүйе дегеніміз ұрпақтар арасындағы алмасу, яғни жұмыс істейтін азаматтар зейнеткерлерді қамтамасыз етеді. Алмасу қағидаты міндетті түрде жүзеге асырылады және мемлекеттік деңгейде ғана жұмыс істейді.
Мемлекеттік таратушы жүйе инвестицияларға емес, зейнеткерлерге кепілді зейнетақы төлеуге арналған.
АҚШ-тың ең ірі мемлекеттік зейнетақы жүйесі (Жалпы федералдық бағдарлама - ЖФБ) таратушы қағидат бойынша құрылған және экономиканың жеке секторында жұмыс істейтіндердің барлығын дерлік қамтиды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйелері
Жинақтаушы зейнетақы жүйелеріне мемлекеттік және жеке зейнетақы бағдарламалары жатады. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы бағдарламалары үкіметке және жергілікті билік органдарына жұмыс істейтін азаматтарды қамтамасыз етуге арналған. Жинақтаушы зейнетақы қорларына түсетін түсімдердің басты көзі - Федералдық үкіметтің жыл сайынғы жарналары, сондай-ақ қорлардың инвестициялық кірісі.
Азаматтардың жеке жинақтаушы зейнетақы бағдарламаларына қатысуы ерікті түрде жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйелерінің инвестициялық қызметі аса маңызды рөл атқарады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары АҚШ экономикасына салынатын ұзақ мерзімдік инвестициялардың қайнар көзі болып табылады.
АҚШ зейнетақы жүйесінің үлгісі Латын Америкасының кейбір елдерінде, сондай-ақ Португалияда жүмыс істейді.
Германияның зейнетақы жүйесі үлгісінің Австрия, Италия, Франция және Батыс Еуропаның көптеген басқа елдері үшін өзіндік ерекшелігі бар. Германияның зейнетақы жүйесі үш деңгейлі жүйе ретінде сипатталады.
Бірінші деңгей - міндетті зейнетақылық сақтандыру. Бірінші деңгей заңнама нормаларының негізінде жұмыс істейтін жекелей жүйелер үшін міндетті болып табылады. Германияда мынадай типтегі төрт міндетті жүйе бар:
- қызметкерлер мен қызметшілерді, сондай-ақ өз-өзіне жұмыс істейтін халықтың кейбір санаттарын (өнер қайраткерлері мен публицистер; қолөнер мамандығын иеленген адамдар; үйде жұмыс істейтін адамдар, т.с.с.) зейнетақылық сақтандыру;
- шенеуніктерді зейнетақымен қамсыздандыру, бұл мемлекеттік аппарат үшін міндетті жүйе болып табылады;
- фермерлер мен оның отбасы мүшелері үшін қартайған шақта көмек көрсету;
- кәсіби топтар бойынша (дәрігерлер, дәріханашылар, ветеринарлар, сәулетшілер, адвокаттар, нотариустар және басқалары) зейнетақымен қамсыздандыру.
Германиядағы мемлекеттік зейнетақының таратушылық сипаты бар және ол жалақы деңгейі мен еңбек стажына байланысты. Қызметкер мен жұмыс беруші мемлекеттік зейнетақы қорына еңбекақы төлеу қорының 19,4% құрайтын сомадағы бірдей пайызды аударады.
Екінші деңгей - кәсіпорындардан төленетін зейнетақы.
Көптеген кәсіпорындар өздерінің бұрынғы қызметкерлеріне зейнетақылық сақтандыру заңында белгіленген жүйеде жұмыс істеп тапқан зейнетақыға қосымша зейнетақы төлейді. Қартайған шақтағы бұл қорғау түрі ерікті болып табылады. Кәсіпорын өз қызметкерлеріне зейнетақы беру мәселесін өз бетінше шешеді.
Үшінші деңгей - жекелей тәсілмен қартайған шағының қамын ойлау.
Бұл үшін жекеше капиталды құрудың барлық түрлері құптарлық (жылжымайтын мүлік сатып алу, бағалы қағаздар қорын құру, ұзақ мерзімдік жинақ салымдары туралы, қаражат жинақтау мақсатында өмірді сақтандыру туралы, зейнетақылық сақтандыру туралы шарттар жасасу).
Қаражат жинақтау мақсатында өмірді сақтандыру туралы шарт жасасу немесе зейнетақылық сақтандыру туралы жеке шарт жасасу жекеше капитал құрудың типті түрі болып табылады.
Германиялық үлгінің ерекшелігі мынада - кәсіпорында қызметкерлердің корпоративтік және жеке зейнетақы бағдарламаларымен айналысатын өзін-өзі басқаратын құрылымдық бөлімше құрылады.
Германияның зейнетақы жүйесі Еуропадағы ең тиімділердің бірі болып саналады және көптеген елдерде зейнетақы жүйесін дамытуға және құруға зор ықпалын тигізеді
Жапонияның зейнетақы жүйесінің негізі бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету болып табылады, бірақ ол қызметкерлер мен жұмыс берушілердің зейнетақы жарналары есебінен қамсыздандырылады.
Жапонияның зейнетақы жүйесі екі негізгі деңгейден тұрады.
Бірінші деңгей базалық зейнетақыны құрайды. Базалық зейнетақының қаржыландыру дереккөзі - сақтандырылған азаматтардың, жұмыс берушілердің зейнетақы жарналары мен мемлекеттің дотациясы болып табылады.
Кәрілік бойынша базалық зейнетақыға құқық екі шартпен айқындалады:
- заңмен белгіленген жасқа жету - 65 жас;
- сақтандыру стажының болуы.[7]
Икемді зейнетақы жасының механизмі қолданылады, оған сәйкес 60-64 жастағы азаматтар зейнетке шыққан кезде оны қысқартылған мөлшерде алады. 65 жасқа толып, жұмыс жасауды әрі қарай жалғастырған кезде зейнетақының мөлшері жыл сайын ұлғаяды.
Кәрілік бойынша базалық зейнетақының мөлшері жыл сайын негізгі өмірлік қажеттілікті қанағаттандыру үшін жеткілікті белгілі бір сомада белгіленеді. Оны ұлғайту жыл сайын 1 сәуірде бастап өткен жылға тұтынушылық бағаның өсу индексіне сәйкес жүргізіледі.
Екінші деңгей мемлекеттік және кәсіби жарналарды құрайды.
Екінші деңгейдегі қосымша зейнетақыны қаржыландыру дереккөзі жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жарналары болып табылады.
Жарналар мен зейнетақының мөлшері белгілі бір барынша жоғары шамамен шектелген орташа айлық жалақыға теңдей есептеледі.
Мемлекеттік қосымша зейнетақыға құқықты иелену үшін барлық жұмыс істейтін адамдар міндетті зейнетақылық сақтандырылуға жатады.
Ресейдің зейнетақы жүйесі әлемдік қағидаттар бойынша жаңа ғана қалыптаса бастады. 2002 жылы басталған реформа болашақ зейнетақыны қалыптастыратын мемлекеттік, сақтандыру және жинақтаушы бөліктерге бөліп тастады. Бүгінгі Ресей үшін бұл жаңа жүйенің нәтижелері туралы айту әлі ерте. Алайда жинақтаушы бөлікті инвестициялау арқылы болашақ зейнетақының мөлшерін сөзсіз көбейтуге болады және көбейту керек.
Оның үстіне заманауи зейнетақы жүйесі АҚШ-тағыдай ресейліктерге қалағанынша өздеріне үш зейнетақы қалыптастыруға мүмкіндік береді: мемлекеттік, жеке (мемлекет тарапынан ерікті жинақталған зейнетақы қаражатын ортақ қаржыландыру туралы қабылданған заңның арқасында) және корпоративтік (егер жұмыс беруші әлеуметтік жауапты болса және қызметкердің зейнетақы шотына өз бюджетінен жарналар аударса). Шындығында, ірі холдингтер мен корпорациялардың қызметкерлерін, сонымен қатар РТЖ ААҚ-ның ортақ қаржыландыруы арқасында жұмсалған жалақының кем дегенде 42%-ы мөлшерінде (ел бойынша бұл көрсеткіш 25%-ға жетеді) өздерін зейнетақымен қамтамасыз ететін теміржолшыларды қоспағанда, кейбір ресейліктер бүгінгі күні корпоративтік зейнетақымен мақтана алады.
2004 жылғы қаңтардан бастап Украинада 2003 жылы қабылданған міндетті зейнетақылық сақтандыру туралы негізгі заң қолданылады. Қазіргі уақытта Украинаның зейнетақы жүйесін реформалау жалғасып келеді: таратушы жүйе біртіндеп үш деңгейлі жүйеге ауысуда.
Бірінші деңгей -бұл ынтымақтастық қағидатына негізделген міндетті зейнетақылық сақтандыру жүйесі. Зейнетақыны қаржыландыру жалпы міндетті мемлекеттік зейнетақылық сақтандыруға салынатын сақтандыру жарналарынан және басқа қаражаттан құралатын Зейнетақы қорының қаражаты есебінен жүргізіледі.
Зейнетақы алу құқығын ең кемінде бес жыл тиісті сақтандыру стажы бар 55 жастан асқан әйелдер мен 60 жастан асқан ерлер иеленеді. Бұл ретте зейнетке шығудың мерзімін ұзарту зейнетақыны бір жыл мерзімін ұзартқаны үшін 3%-дан бастап он жыл мерзімін ұзартқаны үшін 85%-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.
Есептеу формуласы зейнетақы төлемдері мен жалақы, сақтандыру жарналарының ставкасы, сақтандыру стажының арасындағы тікелей өзара байланысты белгілейді. Бұл ретте жас бойынша зейнетақының ең көп мөлшері шектелмеген. Зейнетақының ең аз мөлшері толық көлемде ерлер үшін 25 жыл және әйелдер үшін 20 жыл сақтандыру стажы болғанда ел бойынша орташа жалақының 20% мөлшерінде тағайындалады. Стажы аз болса, ең аз зейнетақы сақтандыру стажына мөлшерлес болып ең аз зейнетақының толық мөлшеріне негізделіп есептеледі.
Жеңілдікті зейнетақы мен еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақыны мемлекеттік емес кәсіби және корпоративтік зейнетақы қорларының қаржыландыруына ауыстыру жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта таратушы жүйенің аясында кәсіпорындар Украина Зейнетақы қорына жеңілдікті зейнетақы төлеуге жұмсалған шығындарды жартылай өтей бастады. Зейнетақы жүйесінің бірінші деңгейі 35-40% құрайтын ауыстыру коэффициентін алуға мүмкіндік береді.
Екінші деңгей-бұл міндетті мемлекеттік зейнетақылық сақтандырудың жинақтаушы жүйесі; қазіргі уақытта ол әлі қолданылмайды. Жннақтаушы қорға төленетін сақтандыру жарналарын сақтандырылған адамдар: жинақтаушы жүйені енгізу күнінде 40 жасқа толмаған ерлер, 35 жасқа толмаған әйелдер төлейді. Сақтандырылған тұлғалар -- 40-тан 50 жасқа дейінгі еркектер және 35 жастан 45 жасқа дейінгі әйелдер -- Жинақтаушы қорға жарналарды аударым жасау туралы шешімді ерікті түрде қабылдай алады. 50 жастан жоғары еркектер мен 45 жастан жоғары әйелдердің осындай жарналарды төлеуге құқығы жоқ.
Үшінші деңгей-бұл 2004 жылғы қаңтардан бастап енгізілген және ерікті қатысу принципіне негізделген мемлекеттік емес жинақтаушы жүйе. Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыруды зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары (өмірлік зейнетақыны сақтандыру шарттарын жасау арқылы, мүгедектіктің басталуы немесе қатысушының қайтыс болу тәуекелін сақтандыру арқылы), банктік мекемелер (ақшаны жинақтау үшін зейнетақы депозиттік шоттарын ашу туралы шарттарды жасау арқылы) жүзеге асыруы мүмкін.
Ұлыбританияның мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі - әлемдегі ескі жүйелердің бірі. Бірінші мемлекеттік зейнетақы 1908 жылы Жас бойынша зейнетақылар туралы заң қабылданған кезде төлене бастады. Негізгі деңгей - Мұның негізгі элементі базалық мемлекеттік зейнетақы (Basic State Pension, BSP) болып табылады. Оны тиісті жылдар бойы сақтандыру жарналарын төлеген 65 жастан асқан ерлер мен 60 жастан (5) асқан әйелдер алады. Егер қызметкердің табысы белгіленген шамадан жоғары болса, ол осы жарналарды төлей отырып, арнаулы сақтандыру стажын жинайды. Осы стажға байланысты базалық зейнетақының мөлшері анықталады. Базалық зейнетақы белгіленген деңгейден аспауы тиіс. Базалық мемлекеттік зейнетақының мөлшері ұзақ уақыт бағаның өсуіне сәйкес индекстелген, бұл оның жиынтық зейнетақы төлемдеріндегі үлесінің азаюына алып келді.
Базалық деңгей аясында сондай-ақ зейнетақылық жәрдемақы немесе жалпы салықтардан қаржыландырылатын ең аз кепілді табыс (Minimum Income Guarantee, MIG) алу мүмкіндігі де бар. Жәрдемақы зейнеткердің табыстарын тексеру негізінде тағайындалады. Егер алатын мемлекеттік, жеке зейнетақының мөлшері мен жинақ ақшаның мөлшері белгіленген шамадан аз болса, онда белгіленген мөлшерде қосымша жәрдемақы тағайындалады.[9]
Мұндай жәрдемақы 60 жастан бастап төленуі мүмкін. 2003 жылдан бастап ең аз кепілді табыс зейнетақылық кредитке (Pension Credit, PC) ауыстырылды. Зейнетақылық кредиттің ерекше өзгешелігі - мұндай жәрдемақыны төлеу 65 жастан басталады.
Екінші міндетті деңгей - бұл да таратушы болып табылады және қызметкердің жарнасы есебінен қаржыландырылады. Базалық деңгейде төленетін зейнетақыдан айырмашылығы - мұнда зейнетақы мөлшері мен төленетін жарналардың мөлшері арасында тікелей байланыс бар.
Мемлекеттік зейнетақы бағдарламасы (State Earnings Related Pension Scheme, SERPS) кәсіби зейнетақы жүйелеріне қатыспағандарға табысқа байланысты зейнетақыны қамтамасыз ету үшін құрылған. 2002 жылдан бастап бұл зейнетақы бағдарламасы табысы аз адамдар мен мүгедектер үшін зейнетақының лайықты деңгейін қамтамасыз етуге тиіс екінші мемлекеттік зейнетақы бағдарламасына (State Second Pension, SSP) біртіндеп ауысады.
Практикада байқалғандай, табысы жоғары жастар мен азаматтар мемлекеттік зейнетақы жүйесінен қосымша зейнетақы жүйесіне неғұрлым ынталана ауысады, ал табысы аз азаматтар көбінесе мемлекеттік зейнетақы бағдарламасында қалады.
Міндетті зейнетақы схемасымен қамтамасыз етілетін орташа ауысу коэффициенті 47,6% құрайды.
Қосымша зейнетақымен қамсыздандыру
Ұлыбританияда жеке зейнетақыны жинақтаудың көптеген түрлі тәсілдері бар. Ең көп тарағаны - кәсіби зейнетақы жүйелері. Қызметкерлер жұмыс берушімен ұжымдық шарт жасасады, соның негізінде ол зейнетақымен қамсыздандыруға жарналар аударады және зейнетақы төлемдерін қалыптастырады. Кәсіби зейнетақының көбі белгіленген төлемдердің механизмін пайдаланады, яғни төлемдердің мөлшері соңғы жалақының белгілі бір үлесіне сәйкес келеді. Бірақ сондай-ақ жарналардың мөлшері белгіленген схемалар да пайдаланылады - онда жәрдемақының деңгейі зейнетақыны нақты ресімдеген кезде белгілі болады және ол жарналардың, инвестициялық кірістің мөлшеріне, зейнетке шығу жасына, т.б. байланысты.
Азамат сондай-ақ зейнетақыны жарналардың мөлшері белгіленген жеке зейнетақы жинақ шоттарының негізінде әрекет ететін дербес зейнетақы жүйесінің көмегімен жинай алады.
Ұлыбританияда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде қызметшілерді жеке сақтандырудан бастап кәсіби схема бойынша зейнетақымен қамсыздандыруға дейін халықты қосымша зейнетақымен қамсыздандыру бойынша көптеген қызметтерді ұсынатын сақтандыру компанияларының да маңызы зор.
Қосымша зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақыны едәуір саралап жіктейді: міндетті және ерікті схемалар бойынша ауыстырудың жиынтық коэффициенті ең бай зейнеткерлер үшін (жоғарғылар 5%) 87%, ал ең кедей зейнеткерлер үшін (төменгілер 5%) 21% ғана.
Францияның зейнетақы жүйесіне қызметкердің кәсіби тобына тәуелді түрлі зейнетақы схемаларының ең көп саны енгізілген. Ең маңызды екі схема: жеке сектордың жалдамалы қызметкерлерін қамтитын жалпы схема және мемлекеттік сектордың қызметкерлеріне арналған арнаулы схема. Схемаларды басқаруды әлеуметтік серіктестер тепе-теңдікті сақтай отырып, яғни кәсіподақ өкілдері немесе қызметкерлер қауымдастығы, бір жағынан және жұмыс берушілер басқа жағынан (мемлекеттік бақылауымен) жүзеге асырады.
Францияның қазіргі зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады.
Бірінші деңгей-бұл тарату принципіне (PAYG) негізделген схема және ол қызметкер мен жұмыс берушінің жарналары есебінен қаржыландырылады. Ол белгіленген төлемдермен формула негізінде және белгіленген жарналармен формула негізінде есептеледі. Сондай-ақ кірістері мейлінше төмен 65 жастан жоғары зейнеткерлер үшін зейнетақының ең төменгі деңгейі көзделген. Мұндай зейнетақылар жалпы салықтан қаржыландырылады. Қазіргі уақытта ең төменгі зейнетақыны 65 жастан жоғары азаматтардың 8,1% алып отыр.
Мемлекеттік секторда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін бірінші деңгей аясында соңғы жалақы негізінде есептелетін тек қана базалық зейнетақы жарналарды төлеген жылдардың санын ескере отырып, тағайындалады. Дегенмен, мемлекеттік сектордың қызметкерлері үшін міндетті қосымша зейнетақы көзделмеген, олардың базалық бөлігі жеке сектордың жалдамалы қызметкерлері үшін жалпы схема ұсынылатындардан жоғары.
Бірінші деңгейдегі базалық бөліктен жиналатын жарналар қызметкерлер үшін жалақының 6,55%-ын құрайды (әлеуметтік сақтандырудың шегінен асатын жалақының +0,1%-ы, ӘСШ), жұмыс беруші үшін -- қызметкердің жалақысының 8,2% (ӘШС-ден асатын жалақының +1,6%).
Міндетті зейнетақы схемаларымен қамтамасыз етілген орташа алмастыру коэффициенті 68,8%-ды құрайды.
Екінші деңгей-бұл кәсіби ерікті схемалар (Plan Partenarial D'Epargne Salariale Volontaire pourla Retraite, PPESVR), PAYG принципінде негізделуі мүмкін немесе толығымен жинақтаушы болады (қызметкердің кәсіби тобына тәуелді).
Үшінші деңгей - бұл жеке ерікті зейнетақы жарналары (Plan D'Epargne Individuelle pour la Retraite, PEIR). 2000 жылы Франциядағы үй шаруашылықтарының 46%-ға жуығы кем дегенде жеке зейнетақы бағдарламасының біреуіне қатысқан.
Чилидің зейнетақы жүйесі екі онжылдықтан астам жұмыс істейді, бұл кемеліне келген жүйе.
Чили жаңа жүйеге көшуді табысты жүзеге асырды, себебі үкімет бюджеттік тәртіпті нығайту арқылы реформаны бекітті және жалақы қорына салынатын салықты төмендетті.
Чилидің зейнетақы жүйесі зейнетақыны қаржыландырудың жоспарында үздік болып табылады. Зейнетақы жүйесі мемлекеттік төлемге кепіл берді, ол жеке қорларда міндетті жинақтаушы сақтандыруды толықтырады.
Чилидің зейнетақы моделі - екі деңгейлі.
Бірінші деңгей - бұл мемлекет қатаң бақылайтын жеке зейнетақы қорларының біріне қызметкердің жалақысынан қаражатты міндетті аударым жасау.
Әрбір қызметкер жеке жинақтаушы салымды қалыптастырады, бұл салым оның болашақ зейнетақысы болып табылады. Зейнетақы қорлары ең төменгі кепілдік берілген кірістілікті қамтамасыз етеді және өз салымшыларын тәуекелден қорғайды. Әрбір азаматқа бір қордан екінші қорға ауысу құқығын береді.
Зейнетақы жасына жеткен кезде сақтандырылушы жинақталған соманың төлемін алады не жинақталған капиталды өмірлік жеке зейнетақысын алу үшін пайдаланады.
Егер сол немесе басқа қордың стратегиясы қосымша табыс көзін әкелмесе, зейнетақыны белгілі бір жағдайларда мемлекет төлейді.
Екінші деңгей - бұл сақтандыру мүгедектік басталған және асыраушысынан айырылған жағдайда.
Чилиде жаңа зейнетақы жүйесінің енгізілуі осы елдің экономикасына оң ықпал етті және ұлттық қаржы жүйесінің дамуына мүмкіндік туғызды. Осыған ұқсас жүйелер Аргентинада, Перуде және Колумбияда бар.[9]
II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Қазіргі жағдайдағы ҚР-ның зейнетақы жүйесінің қызметін талдау
2011 жылғы 1 мамырда республикада 13 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет етеді. Зейнетақы жинағының сомасы қаңтар-сәуір айларында 5,6%-ға ұлғайып, 2011 жылғы 1 мамырда 2,3 триллион теңгені құрады.
Бүгінгі күні зейнетақы қызметтерінің нарығында зейнетақы қорларының бірігуі жүріп жатыр: әлсіз қорлар нарықтан мүлдем кетіп немесе қуатты ойыншыларға қосылу арқылы кетіп жатыр. Атап айтқанда, Қорғау ЖЗҚ тарап кетті, оның активтері басқа қордың басқаруына тапсырылды, Ұлар Үміт пен ТӘБ ЖЗҚ да өз активтерін біріктірді. Мамандар енді Еуразиялық ЖЗҚ мен Аманат Қазақстан ЖЗҚ бірігуін күтуде. Себеп - қорлар арасындағы бәсекелестіктің күшеюі. Соңғы уақытта зейнетақы қорлары аса керітартпалы инвестициялық саясатты жүргізіп жатқандықтан, олардың инвестициялық портфелінің 50% артығын аса сенімді, бірақ кірісі төмен, құнсызданудың ағымдағы деңгейін жаппайтынмемлекеттік құнды қағаздар алып жатыр, қорлардың көбі қызмет шығындарын әрең жауып отыр. Қор акционерлері шығындарды азайту мақсатында қорлардың активтерін біріктіру туралы шешім қабылдауда.
ЖЗҚ қазіргі және болашақ салымшылары үшін - зейнетақы нарығының шоғырлануы - жағымды құбылыс. Нәтижесінде нарықта ең ірі және клиенттер бет бұрған зейнетақы қорлары ғана қалады, олардың қызмет көрсету сапасы артады.
Қазіргі уақытта барлық қорлар тұрақты табысын көрсетуге дайын емес. Мемлекеттік қағаздар бойынша кіріс төмен, ЖЗҚ портфельдеріндегі банк депозиттері мен бірлескен құнды қағаздар сияқты басқа қаржылық құралдар шығындардың орнын толтырмайды.
Осыған байланысты, зейнетақы активтерін инвестициялаудан шыққан инвестициялық табыстың таза сомасы (комиссиялық сыйақыны алып тастағанда) 2011 жылғы сәуір айында 29,5 млрд. теңгеге (5%) азайып, мамыр айында 557,1 млрд теңгені құрады.
Осылайша, зейнетақы қорлары жинақталған құнсыздану деңгейін жаба алатын инвестициялық табысты әлі күнге дейін таба алмай отыр. 2011 жылғы 1 мамырда жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша табыс құнының орташа коэффициенттері: 5-жылдық кезең ішінде (2006 жылғы сәуір - 2011 жылғы сәуір ) - 35,78% (сәйкес кезеңдегі құнсызданудың жиынтықталған деңгейі - 62,02%); 3-жылдық кезең ішінде (2008 жылғы сәуір - 2011 жылғы сәуір ) - 14, 27% сәйкес кезеңдегі құнсызданудың жиынтықталған деңгейі - 26,31%); 12 ай ішінде (2010 жылғы сәуір - 2011 жылғы сәуір) - 3,5% (сәйкес кезеңдегі құнсызданудың жиынтықталған деңгейі - 8,4%) құрады.[10]
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кəсіби қатысушылары:
1. ГНПФ жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
2. Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ Қазақстан Халық Банкі АҚ ЕҰ;
3. БТА Казахстан ЖЗҚ АҚ - БТА Банк АҚ ЕҰ;
4. Капитал жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Банк ЦентрКредит АҚ ЕҰ;
5. Казахмыс жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (корпоративтік);
6. Отан ашық жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - АТФ Банк АҚ ЕҰ;
7. НефтеГаз-Дем жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
8. Аманат Казахстанжинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
9. Ұлар Үміт жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
10. Грантум жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Казкоммерцбанк АҚ ЕҰ;
11. Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
12. Атамекен жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Нұрбанк Акционерлік қоғамының ЕҰ;
13. Республика жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ.
Қорларға кастодиандық қызмет көрсетуді екінші деңгейдегі 6 банк жүзеге асырды:
1. HSBC Банк Казахстан АҚ ЕБ;
2. Банк ЦентрКредит АҚ;
3. Қазақстан Халықтық Жинақтаушы Банкі АҚ;
4. Еуразиялық банк АҚ;
5. АТФ Банк АҚ;
6. Ситибанк Казахстан АҚ.
Кастодин банктер:
1. ГНПФ жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Ситибанк Казахстан АҚ;
2. НефтеГаз-Дем жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - АТФБанк АҚ;
3. БТА Казахстан ЖЗҚ АҚ, БТА Банк АҚ еншілес ұйымы - Еуразиялық Банкі АҚ;
4. Грантум жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - HSBC Банк Казахстан АҚ ЕБ;
5. НПФ Аманат Казахстан АҚ - АТФ Банк АҚ;
6. Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - HSBC Банк КазахстанАҚ ЕБ;
7. Республика жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Еуразиялық банк АҚ;
8. Ұлар Үміт жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Қазақстан Халықтық Жинақтаушы Банкі АҚ;
9. Атамекен жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Қазақстан Халықтық Жинақтаушы Банкі АҚ;
10. Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Қазақстан Халық Банкі АҚ ЕҰ - Ситибанк Казахстан АҚ;
11. Казахмыс жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Қазақстан Халықтық Жинақтаушы Банкі АҚ;
12. Отан жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Банк ЦентрКредит АҚ;
13. Капитал жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - АТФБанк АҚ.
5. Атамекен ЖЗҚ АҚ Нұрбанк АҚ ЕҰ - Нұрбанк АҚ;
6. Аманат Казахстан ЖЗҚ АҚ - Амирханов Е.А, Орта-Азиялық отын-энергетикалық компаниясы АҚ, Кан С.В., Клебанов А.Я.;
7. Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ - Қазақстан халықтық жинақтаушы банкі АҚ, АЛМЭКС холдингтік тобы АҚ, Кулибаев Т.А., Кулибаева Д.Н.;
8. Грантум ЖЗҚ АҚ Казкоммерцбанк АҚ ЕҰ - Alnair Capital Holding АҚ, Казкоммерцбанк АҚ, Орта Азиялық Инвестициялық Компаниясы АҚ, Нуриева А.М., Субханбердин Н.С., Alnair Capital ЖШС;
9. Капитал ЖЗҚ АҚ Банк ЦентрКредит АҚ ЕҰ - Адилханов Б.А., Альжанов М.К., Аманкулов Д.Р., Банк ЦентрКредит АҚ, Байсеитов Б.Р., Ердесов М.Н., Ли В.С., Рахимбаев М.И.;
10. Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Еуразиялық қаржы компаниясы, Ибрагимов А.Р., Машкевич А.А., Шодиев П.К;
11. НефтеГаз-Дем ЖЗҚ АҚ - "AMF Group" АҚ (бұрынғы Ақтөбемұнай-финанс АҚ);
12. Казахмыс ЖЗҚ АҚ - корпоративтік болып табылады;
13. Республика ЖЗҚ АҚ - Кошкинбаев Е.Ж., Мажибаев К.К., RESMI компаниялар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz