Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.



МАЗМҰНЫ

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І Жаза тағайындаудың ұғымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2 Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән.жайлар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 3. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. . . . . . . . . . . . . . . . .

II Қылмыстық жауаптылық пен жазаның жалпы сипаттамасы . . . . . . . . . .
2. 1. Қылмыстардын қайталану жағдайында жаза тағайындау. . . . . . . . . . . . .
2. 2. Мерзімдерді белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін
есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 3. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар”. Жұмысымды жазардағы алдыма қойған мақсатым – жазаның түсінігі мен белгілеріне тоқтала отырып, Қазақстан Республикасындағы жаза тағайындаудың негіздерін айқындау, жаза жүйесі мен түрлеріне жалпы сипаттама беру.
Осы тақырыпты таңдауымның бірнеше себептері бар. Қылмыстық жаза - мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттік қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдары бірі ретінде қолданылады. Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолдана отырып, қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануға ең негізгі басты күрес деп санамайды.
Жазаның мақсаты - әлеуметтiк адiлеттiлiктi қалпы¬на келтiру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ, сот¬талғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды icтеуден алдын ала сақтандыру екендiгi айтылған. Әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, соттаған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, cөйтіп жаңа қылмыс icтеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы eскepтyi болып табылады. Сол сияқты жаза – қылмыстының жанын қинау немесе адамгершiлiк намысына тиiп, қорлау мақсатын көздемейдi. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершiлiк принципi болып табылады.
Курстық жұмысымды ІІ бөлімге бөліп қарастырдым. Және сол бөлімдер тақырыбымның мазмұнын толығымен айқындайды. «Жазаның түсінігі және белгілері» атты І бөлімде жаза мақсатының ерекшелігі және жаза тағайындаудың жалпы негіздеріне, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуға нақтырақ тоқталдым. Яғни мұнда Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды қағидасын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың ауырлығы мен түріне, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігі көрсетілген.
Ал ІІ бөлімде нақты жаза жүйесіне тоқталамын. Қылмыстық заңда және сот-тергеу практикасында ең көп кездесетiн кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады. Kiнәнің қасақаналық нысанын дәлме-дәл анықтаудың заңдылық маңызы ерекше. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсанда қабылдаған «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысында басқа да мән-жайларды анықтаумен бірге соттар жаза тағайындағанда қасақаналық түрін, істелген қылмыстың ниеті мен мақсатын ескеруге міндетті, деп көрсетілгендіктен бұл бөлім жаза түрлерінің, жүйелерінің жалпы сипаттамасы, қасақана және
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – 2007 ж
2. Ағыбаев А. Н. /Қылмыстық құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж.
3. Звечаровский И. Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
4. Даубасов Ш. //Қылмыскерді ұстап беру бойынша көп жақты халықаралық құқықтық механизмдерге Қазақстан Республикасының қатысуы/ Хабаршы №2, 2003 ж.
5. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
6. Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару құқығы /Алматы-2002
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001
8. Лейкина Н. С. // Личность преступника и уголоная ответственность
М. 1995 г
9. Наумов А. В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.
10. Наумов А. В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
11. Қазақстан Республикасының Конституциясы – 2007 ж
12. Адам және қоғам 2006 ж
13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу кодексі
14. Астана ақшам газеті
15. Ақ жол газеті - 2008 ж
16. Заң газеті - 2007 ж
17. Егемен Қазақстан – 2008 ж
18. Бородин С. В. Преступление против жизни - 2003 ж
19. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс – 2007 ж
20. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттардың қолданылуы туралы» 1994 жылы 23 – ші желтоқсандағы № 7 қаулысы
21. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының қаулылыр жинағы Алматы – 1997 ж
22. Сақшы газеті
23. Ағыбаев А. Н. / Қылмыстық құқық, ерекше бөлім / Алматы - 2001 ж
24. Наумов А. В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.
25. Приложение № 5. Сведения о работе судов г. Алматы по рассмотрению уголовных дел (по числу лиц) по г. Алматы за 12 месяцев 2006 года в сравнении с аналогичным периодом 2005 года.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл политехникалық колледжі

Қылмыстық құқық пәнінен

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қылмыстық жауаптылық пен жазаны
жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.

Тобы: 3ПВ-09-1
Орындаған: Бектембаева Қ.А.
Қабылдаған: Н.Т. Сарыүйсінбек
Қорғауға жіберілді: ___ ___________ 2011 ж.
Қорғалды: ___ __________ 2011 ж.
Бағасы: _____________________

Тараз 2011 жыл
МАЗМҰНЫ

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І Жаза тағайындаудың ұғымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
.
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар. . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .
1. 3. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. . . . . . . . . . . .
. . . . .

II Қылмыстық жауаптылық пен жазаның жалпы сипаттамасы . . . . . . . . . .
2. 1. Қылмыстардын қайталану жағдайында жаза тағайындау. . . . . . . . . .
. . .
2. 2. Мерзімдерді белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін
есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 3. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза
тағайындау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қылмыстық жауаптылық пен жазаны
жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар”. Жұмысымды жазардағы алдыма
қойған мақсатым – жазаның түсінігі мен белгілеріне тоқтала отырып,
Қазақстан Республикасындағы жаза тағайындаудың негіздерін айқындау, жаза
жүйесі мен түрлеріне жалпы сипаттама беру.
Осы тақырыпты таңдауымның бірнеше себептері бар. Қылмыстық жаза -
мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттік
қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдары бірі ретінде қолданылады.
Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық,
тәрбиелік, экономикалық рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолдана
отырып, қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да
біздің жас тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны
қолдануға ең негізгі басты күрес деп санамайды.
Жазаның мақсаты - әлеуметтiк адiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ
сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ, сотталғандарды да, басқа адамдарды да
жаңа қылмыстарды icтеуден алдын ала сақтандыру екендiгi айтылған.
Әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, соттаған адамға жаза тағайындау
және жазаны орындау арқылы оны түзеу, cөйтіп жаңа қылмыс icтеуден оны
сақтандыру жазаның арнаулы eскepтyi болып табылады. Сол сияқты жаза –
қылмыстының жанын қинау немесе адамгершiлiк намысына тиiп, қорлау мақсатын
көздемейдi. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершiлiк принципi
болып табылады.
Курстық жұмысымды ІІ бөлімге бөліп қарастырдым. Және сол бөлімдер
тақырыбымның мазмұнын толығымен айқындайды. Жазаның түсінігі және
белгілері атты І бөлімде жаза мақсатының ерекшелігі және жаза
тағайындаудың жалпы негіздеріне, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босатуға нақтырақ тоқталдым. Яғни мұнда Қазақстан Республикасы
Конституциясының барлық адам заң мен сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі
деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды қағидасын
басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың ауырлығы мен түріне, айыптының
қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға
сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігі көрсетілген.
Ал ІІ бөлімде нақты жаза жүйесіне тоқталамын. Қылмыстық заңда және сот-
тергеу практикасында ең көп кездесетiн кінәнің нысаны қасақаналық болып
табылады. Kiнәнің қасақаналық нысанын дәлме-дәл анықтаудың заңдылық маңызы
ерекше. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1994 жылғы 23
желтоқсанда қабылдаған Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер
үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы
қаулысында басқа да мән-жайларды анықтаумен бірге соттар жаза
тағайындағанда қасақаналық түрін, істелген қылмыстың ниеті мен мақсатын
ескеруге міндетті, деп көрсетілгендіктен бұл бөлім жаза түрлерінің,
жүйелерінің жалпы сипаттамасы, қасақана және абайсызда қылмыстардың
түрлері, қате және оның маңызы, қылмыстық ниет және оның мақсаты, бас
бостандығынан айыру жазасын өтейтін орындардың түрлері және де басқа да мән-
жайларын қарастырады.
Өлім жазасы туралы түсінікпен айқындалады. Соның ішінде өлім жазасы
жазаның ең ауыр, ерекше түрі болып табылатын, сонымен қатар ауырлататын
жағдайда адам өлтіргені 96 баптың 2-бөлігінде көзделгендігі және де өлім
жазасын қолданғанда сот әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындаудың жалпы
негіздерін басшылыққа алатындығы толығымен қарастырылған.

І. Жаза тағайындаудың ұғымы

1.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік
принципін басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам сот алдында тең,
ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және
қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып,
соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы
орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет
екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай
алмайды. Қылмыстық жаза тағайындағанда соттар ҚК-нің 52-бабында көрсетілген
жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы
жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын, қылмысты топ,
ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының
қатысу дәрежесін, қылмыстар жиынтығын, жазаны жеңілдететін және ауырлататын
жағдайларды, сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза
тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ,
қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарға,
жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза
тағайындаудың ерекшелікткрін ескеруі қажет.
Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот
оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті
баптарында көрсетілген шекткн шықпай тағайындайды. Тек қана осы мәселелерді
есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше
бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің жалпы
бөлімінің ережелері ескеріліп, әділ жаза тағайындалады.
2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын-алу
үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс
үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді
қамтамасыз ете алмайтын болса ғанғ ол үшін көзделгендері арасынын неғұрлым
қатаң жаза тағайындалады.
3. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдықө қауіптілік
дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан
кейінгі мінез-құлқы, жауптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-
жайлар, тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның
отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпалы
ескеріледі.
Қылмыстық заңның осы бабында көрсетілген талаптарды бірнеше топқа
бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы болып табылады.
Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы
бапқа сәйкес адамның қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана
қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Жазаның әділеттігі істелген
қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының
кім екедігіне сай келуі қажет. Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-
әрекетінің заңдылық зардабы болуы керек. Тағайындалған жаза істелген
қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетері анық.
Жаза Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген
шекте тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген
қылмысы үщін жазаның мөлшерін, түрін сол бапта көрсетілген шектен шықпай
тағайындауға міндетті. Сондықтан да әділ жаза тағайындаудың алғышарты іс-
әрекетті дұрыс саралау, яғни істелген іс-әрекеттің белгілерінің нақты
қылмыс құрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуы қажет. Қылмысты дұрыс
сараламау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Қылмыстық заңның нақты
құрамының санкциясында көрсетілген жаз мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шығып,
жаза тағайындауға заң ешқандай жол бермейді.
Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс па,
қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен басқалармен бірге істеді ме деген
мәселелерді анықтайды. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін алдымен Қылмыстық
кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, сатылары, қылмысқа қатысу
ұғымы, қылмыстық заңның уақыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға
қатысты қолданылуы сияқты мәселелерлі анықтау керек. Егер сот жасаған
қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Жалпы бөлімнің жаза
туралы негізгі қағидалары- жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері,
қатысып жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың, жаза тағайындаудың
ерекшеліктерін ескереді.
Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі
жазаның мақсатына жетулі қамтамасыз ете алмайтын болса ғана сол үшін
көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады.
Сот жаза тағайындағанда істелген қылмыстың сипатын және қоғамға
қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басының кім екенгдігін еске алады. Осы
факторлардың ішінде екі негізгі белгі бар. Ол біріншіден, істелген
қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі, екіншіден, кінәлінің жеке басының
кім екендігі, осы екі фактордың мазмұнын нақтылап толықтыратын, оларға
бағынышты түсінік болып табылады.
Заң бойынша әрбір істелген нақты қылмыстың қоғамға қауіптілігі екі
жағынан, сапалық және сандық белгілері арқылы белгіленеді. Қылмыстың
қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстың объективтік және субъективтік
белгілері арқылы анықталады. Мұның ішінде объективтік белгілері іс-
әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның жағдайы,
субъективтік белгілері, кінәнің формасы, қылмыстық ниет пен мақсат еске
алынады.
Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын
сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Бұрын
сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық
тәртіпті бұзушыларға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Мемлекет,
қоғам, отбасы алдындағы міндеттерін адал орындап жүрген адамдардың бірінші
рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.
Соттарды сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты тексеруі
тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін маңызды болып
табылады. Сондықтанда қылмыстық құқықтың адамгершілік принципін басшылыққа
алып, сот жаза тағайындағанда сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын,
білімін, мүгедектігін тағы басқа мәліметтерді жан-жақты еске алады.

1.2. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.

Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға
қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін
және ауырлататын мән-жайлар анықтауға міндетті. Жаза заңды, негізді және
әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар есепке алынуы керек.
Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы
белгіленеді.
Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қылмыс құрамының
қажетті, жетілген немесе жеңілдетілгенм белгілерімен шатастыруға болмайды.
Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған
қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен
бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-
жайларға жатады.
Егер ҚК –нің 53 немесе 54 –баптарында көрсетілген мән-жайлар қылмыстың
бір белгісі ретінде Ерекше бөлімінің бабында көрсетілген болса, онда ол
қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін және
ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмейді. Мысалы, жан күйзелісі үстінде
ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде есепке
алыньайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстық
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілер
есептелінеді
1. мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім
ауырлықтағы қылмыс жасау
2. айыпкердің кәмелетке толмауы
3. жүктілік
4. айыпкердің жас балалары болуы
5. қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және
өзге де көмек көрсету
6. жеке, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар салдарынан қылмыс
жасау
7. күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан қылмыс жасау
8. қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса
қажеттілік жағдайларында қылмыс жасау
9. шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келк, қылмысты ашуға, қылмысқа
басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмысжасау нәтижесінде
алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық.
Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес
қылмыс істеу. Бұл жерде біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден,
ол қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс
кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек.
Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенге
көп жағдайда өмірлік тәжірбиенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс
ықпал етуінен, өзінің тентектігін көрсету арқылы істеледі.
Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін
басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің
істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатқызу- осының
айғағы.
Айыпкердің жас балалары болуы.
Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған
жеңілдік көрсетуге негіз болады.
Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз
еркімен болғызбайды. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп
кінәлінің жәбірленушіге ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моралъдық
зиянның орнын толтыру, жеке басына, отбасына және басқа да себептермен
қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылады. Олар кінәлінің өзінің,
туысының ауыр науқаспен ауыруы, материал дық жетіспеушілікке байланысты
болуы мумкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға жалақысының азаюы, жұмыстан
шығарылуы сияқты мәселелер жатады.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдық, қызметтік,
өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау. Бұл жерде қорқыту немесе еріксіз
көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын басқа адамның тарапынан пайда
болады. Яғни бұл жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз
көндіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып кінілі адамды қылмыс істеуге
азғырған адам.
Қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу, қажеттілік, қылмыс жасаған
адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау.
Мұндай жағдайда қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін
жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қол
сұғушылық болмаса, мұндай қылмысты істемеген болар еді.
Мысалы, аса қажеттілік жағдайында істелген іс -әрекеттің нәтижесінде
келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болса, сондай-ақ кінәлі адамның
төнген қауіпті шығын жұмсау арқылы тойтару мүмкіндігі бола тұрып, оны
пайдаланбауы.
Жан күйзелу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жату үшін ол
біріншіден, жәбірленушінің өзінің заңсыз әрекеті салдарынан, екіншіден, жан
күйзелу, физиологиялық аффект жағдайында істеуі керек.
Физиологиялық аффект дегеніміз осы жоғарыда айтылған жағдайларға
байланысты кінәлінің ашу үстінде жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-
құлқына саналы түрде бақылау жасау қабілетінің кемуі болып табылады.
Физиологиялық аффектіні анықтау үшін сарапшылық тағайындалады. Шын
жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қатысушыларды
әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді
жәрдемдесу.
Шын жүректен өкінуге қылмыс істегени адамның ағынан жарылып өз істеген
қылмысын мойындауы, өзінің іс әрекетіне шын жүректен өтініш білдіріп,
қылмысқабірге қатысушыларды әшкерелеп, келтірілген зиянды жою әрекеттері.
Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен
жазаны ауырлататын мән жайларға жатады:
а). қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;
б). қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;
в). адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының құрамында
қылмыс жасау;
г)қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару;
д)айыпкер үшінпсихикасының бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні
алдын ала белгілі адамдарды қылмыс жасауға тарту;
е). ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі
бойынша, сондай ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату
мақсатында қылмыс жасау;
ж). белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық
борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс
жасау;
з). аса қатыгездікпен, қорлаумен, сондай ақ жәбірленушіні қинап өылмыс
жасау;
и). төтенше жағдайды, табиғи немесе қоғамдық нәубет жағдайларын
пайдаланып, сондай ақ жаппай тіртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;
й). алоголъдік, есірткілік еліту жағдайында қылмыс жасау;
к). адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып,
қылмыс жасау;
л). өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс
жасау;
Жауаптылықты ауырлататын мән жайлардың мазмұны төмендегідей:
Қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы.
Соттардың мынаны есте тұтқаны жөн; адамның бірнеше қылмыс жасауы
әсіресе қасақана жасауы, айыпкердің қоғам үшін аса қауіпті екендігін
көрсетеді. Осыған байланысты ҚК 58 және 60 баптарының талаптарын бұлжытпай
орындау ондай адамдарды заңды, дәлелді және әділ жаза тағайындаудың маңызды
шарттатының бірі болып табылады. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру.
Қылмыстың ауыр зардабын сот істелген қылмыстың мәніне, істің нақты
жағдайларына, сондай ақ қылмыстан нақты туындаған зардапты еске ала отырып
анықтайды.
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар жасаған қылмыс үшін
неғұрлым қатаң жаза қолданылады. Қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл
атқару. Адам қылмысты жеке өзі істегенде немесе топқа қатысып істегенде
айрықша белсенді рөл атқаруы мүмкін. Егер қылмыс топ арқылы істелсе, онда
топқа қатысушылардың рөлі жеке жеке ескеруге жатады.
Қылмыс істеген адамның жүйке ауруымен ауыратын адамды немесе жас баланы
пайдаланып қылмыс істеуі оның қоғам үшін ерекше зиянды екенін көрсетеді.
Мұндай әрекетті істеген адам жас балаларды азғырады, олардың дұрыс
қалыптасып адам болуына кері әсерін тигізеді, қылмысқа ауру адамды
пайдаланып, өзін жауаптылықтан тысқары ұстауды көздейді.
Ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты қоздыруға, ұлттық
ар намыс пен қадір қасиетті кемсітуге, азаматтардың нәсілдік немесе ұлттық
тегіне қарай шектеуге қасақана бағытталған әрекеттер қылмыстық заң құрамына
жатқызылады.
Жүкті әйелдер кінәлінің жүкті екендігін дәлме дәл біле тұра, соны
сезіп, біліп, жәбірленушіге қарсы қылмыс істеуі. Жас балаға, кәрі немесе
дәрменсіз халдегі адамға біле тұра, қарсы қылмыс істеу кінәлінің тұлғасын
теріс сипаттайтын ерекше белгілері болып табылады. Өзінің қызметін немесе
қоғамдық борышын атқарып жүрген адамды өлтіру қасақана кісі өлтірудің ауыр
түрі болып табылады. Мысалы, халық жасақшысына қарсы қылмыс істеу, қылмысты
тойтаруға қарсы әрекеттенген адамға қарсы т. б қылмыстар.
Аса қатыгездікпен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинай қылмыс
жасау. Мұндай қылмыстар көбінесе жеке адамдарға қарсы, басқа да жеке
адамдардың өміріне, денсаулығына, бостандығына қарсы бағытталады.
Қылмыстық кодекстің 29 бабында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы
туралы ғана айтылады. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау ҚК 57
бабында арнайы қарастырылған.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде оны жасаған
адамның қатысу сипаты мен дәрежесі, оның келтірілген немесе келтіруі мүмкін
зияының сипаты мен мөлшері ескеріледі.
Қатысу дәрежесі қатысушылардың қылмыстық мақсатқа жетудегі сіңірген
еңбегінің көрінісі арқылы беріледі. Ал қылмыс мақсатына жетудің мәні алға
қойған мақсат орындалды ма, жоқ па соған байланысты. Қылмыстық кодекстің 57
- бабының 2 - бөлігінде қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар тек сол
қатысушыға қатысты болса ғана ескеріледі. Яғни, мұндай ретте ересектерге
қарағанда жасы толмағандарға жазаның жеңілдететін түрі қолданылады.

1.3. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.

Сот іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс
бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі
екендігі анықталатын мән жайлар кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың
жиынтығын құрайды. Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген
әрбір істеген қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза
белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайларда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза
тағайындау тіртібін белгілейді.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындаудың жалпы
бастамаларын, істелген қылмыстың мәні мен зияндылық дәрежесін, қылмыскердің
тұлғасын және істің мән жайын басшылыққа алады.
Тағайындалған жазаларды қосып түгелдей жаза белгілеу дегеніміз әрбір
қылмысқа бөлек бөлек жаза тағайындап алып, ақырғы жазаны анықтау болып
табылады.
Егер іс бойынша үкім шығарып қойғаннан кейін сотталған адамның тағы да
басқа қылмыстар үшін айыпты екені, оның біреуі үкім шығарғанға дейін,
біреуі үкім шығарғаннан кейін анықталса, алдымен алғашқы үкім шығарылғанға
дейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша бапты қолдана отырып, одан кейін
ҚК 58 - бабының 2 - бөлігінің ережелері қолданылады, сосын алғашқы үкім
шығарылғаннан кейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша жазалар анықталып,
түпкілікті жаза үкімдер жиынтығы бойынша тағайындалады.
Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қылмыс құрамының
қажетті, жетілген немесе жеңілдетілгенм белгілерімен шатастыруға болмайды.
Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған
қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен
бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-
жайларға жатады.
Егер ҚК –нің 53 немесе 54 –баптарында көрсетілген мән-жайлар қылмыстың
бір белгісі ретінде Ерекше бөлімінің бабында көрсетілген болса, онда ол
қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін және
ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмейді. Мысалы, жан күйзелісі үстінде
ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде есепке
алыньайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстық
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілер
есептелінеді.
Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім
ауырлықтағы қылмыс жасау айыпкердің кәмелетке толмауы.
Жүктілік айыпкердің жас балалары болуы қылмыс жасағаннан кейін зардап
шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету жеке, отбасылық
немесе өзге де ауыр мән-жайлар салдарынан қылмыс жасау күштеп немесе
психикалық мәжбүрлеу салдарынан қылмыс жасау, қажетті қорғанудың құқықтық
дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік жағдайларында қылмыс жасау, шын
жүректен өкіну, айыбын мойындап келк, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа
қатысушыларды әшкерелеуге және қылмысжасау нәтижесінде алынған мүлікті
іздеуге белсенді жәрдемдесу.
Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық
Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес қылмыс
істеу. Бұл жерде біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол
қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс
кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек.
Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенге
көп жағдайда өмірлік тәжірбиенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс
ықпал етуінен, өзінің тентектігін көрсету арқылы істеледі.
Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін
басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің
істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатқызу- осының
айғағы.
Айыпкердің жас балалары болуы.
Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған
жеңілдік көрсетуге негіз болады.
Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз
еркімен болғызбайды. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп
кінәлінің жәбірленушіге ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моралъдық
зиянның орнын толтыру жеке басына, отбасына және басқа да себептермен
қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылады. Олар кінәлінің өзінің,
туысының ауыр науқаспен ауыруы, материал дық жетіспеушілікке байланысты
болуы мумкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға жалақысының азаюы, жұмыстан
шығарылуы сияқты мәселелер жатады.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдық, қызметтік,
өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау. Бұл жерде қорқыту немесе еріксіз
көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын басқа адамның тарапынан пайда
болады. Яғни бұл жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз
көндіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып кінілі адамды қылмыс істеуге
азғырған адам.
Қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу, қажеттілік, қылмыс
жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс
жасау.
Мұндай жағдайда қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін
жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қол
сұғушылық болмаса, мұндай қылмысты істемеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы жаза
Қылмыстық құқықтағы жаза жайлы
Жауаптылықты жеңілдететін мән жайлар
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы
Жаза тағайындаусыз қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық жаза туралы
ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН - ЖАЙЛАР
Қылмыстың құрамының белгілеріне қарай жеңілдететін мән жайлар
Жаза тағайындау
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Пәндер