Ұлттық банктің ақша-несие саясатын талдау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1 АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ..7
1.1 Ақша.несие саясатының мәні және стратегиялық мақсаты ... ... ... ... ... .7
1.2 Ақша.несие саясатының құралдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Ұлттық Банктің ақша.несие саясатының негізгі бағыттары ... ... ... ... ...14
2 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ
2.2 Мемлекеттің ақша.несие саясатын жүргізуді талдау ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.3 Ақша.несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау ... ... ... ... 44
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ АҚША.НЕСИЕ
САЯСАТЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша.несие саясатының негізгі даму бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49 3.2 2007.2009 жылдарға арналған Қазақстанның ақша.несие саясатының даму стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:
- инфляция қарқынының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді ынталандыру;
- ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру.
Ақша-несие саясатының мақсаты - елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады және ұлттық валюта тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие реттеудің негізгі объектісі – жалпы төлемқабілетті сұраныстың әртүрлі компонеттерінің өзгеру динамикасына әсер ететін, экономикадағы жалпы ақшалай және ақшалай емес ақша массасы болып табылады.
Өз мәніндегі ақша-несие саясатын жүргізу ғана Ұлттық банкке және оның жүргізіп отырған ақша-несие саясатына деген нарық қатысушыларының және жалпы халықтың сенімін қамтамасыз ететін болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ақша-несие саясатының теориялық аспектіде толық ашу, Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын және ҚР екінші денгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау, мемлекеттің экономикасын реттеудегі ақша-несие саясатының перспективті бағыттарын көрсету.
Қойылған мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттерді орындау қажет:
- ақша-несие саясатының мәнін және стратегиялық мақсатын қарастыру;
- ақша-несие саясатының құралдары мен әдістерін көрсету;
- Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын ашу;
- ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау;
- ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын ашу;
- 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның ақша-несие саясатының даму стратегиясын баға беру.
Дипломдық жұмысты жазудың әдістемелік негізі ретінде оқулықтар, отандық және шетел экономист-ғалымдардың ғылыми жұмыстары.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә."Қазақстан-2030". Барлық казақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы". Қазақстан Республикасы Президентінің ел халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2006 ж
2.«Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 80 Жарлығы //"Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 1 сәуір N73-74
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының 2010жылға дейінгі даму стратегиясы. 2002г.
4.«Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006жылғы 4 мамырдағы N111 Жарлығы //"Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 11 мамыр N103
5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. //Егемен Қазақстан, 19.03.2004
6. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы. 30.08. 1995ж.
7.Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Алматы, экономика, 2005
8.Ихданов Ж.О., Орманов Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Алматы , Экономика, 2002ж, 218б.
9.«АСҚБ» АҚ-ның 2006 ж. жалпы ережелері.
10.Кинг У., Клиланд Д. Стратегическое планирование и хозяйственная политика – М., 2004г.
11.Стоянова Е.С. «Анализ хозяйственной деятельности»- Минск; ООО «Новое знание», 2005г.- 688с.
12.Шағын және орта кәсіпкерлік жобасына сәйкес «АСҚБ» АҚ филиалдарының несиелік құралдарын енгізу және оларды жабу поцедуралары. Алматы қ. 2006ж.
13.«АСҚБ» АҚ-ның есептік саясаты. Алматы қ. 2006ж.
14.«АСҚБ» АҚ-ның жалпы несиелік процедуралары. Алматы қ. 2006 ж.
15.Екінші деңгейдегі банктер үшін прудинциалды нормативтің есептеу әдісі мен нормативті маңызды инструкцияларды бекіту туралы. 30 қыркүйек 2005ж. №358
16.Каренов Р.С. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Алматы: Ғылым, 2001г.-254 бет.
17.Зайдель Х., Теммен Р. Основы учения об экономике/ Пер.с нем.-М. «Дело ЛТД», 2004г.-400с.
18.Каренов Р.С., Шаекина Ж.М. Рыночные методы хозяйствования в экономике Казахстана. Алматы: Ғылым, 2001г.-224с.
19.Камаев В.Д., Абрамова М.А., Александрова Л.С.и др. Учебник по основам экономической теории (экономика). М.: «Владос», 2004г.-384с.
20.Долан Э. Дж., Линдсей Д. Макроэкономика / Пер.с англ.- СПб.:АО «Санкт-Петербург оркестр», 2001. 405 с.
21.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. М.: Закон и право, Юнити,2001. 352с.
22.Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже ХХІ века. Алматы: Казахстан,200. 368с.
23.НБРК от 11 марта 2006г. №20. Основные направления денежно-кредитной политики НБРК на 2006-2008годы // Банки Казахстана.- 2006, №4.
24.Кенжеғозин М. Қазақстан экономикасы: басымдықтар мен проблемалар //Егемен Қазақстан. – 2006, №20.
25. Мұхамбетова З.С. Аймақтың ақша-несие саясаты.//Аль-Пари.-2003, №1.
26. Аймағамбетова Г. Валюталық режимді ырықтандыру // Егемен Қазақстан. – 2005, №148.
27.Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.
28.Кушербаев Б.П. Банктер және несие алушылар қарым-қатынастарын реттеу // Егемен Қазақстан. – 2004, № 25.
28.Сейткасимов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2005ж.
29.Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».Алматы -2001ж.
30.Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы - 2002
31.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2003ж.
32.www.nationalbank.kz
33.«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» туралы 1995ж. 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы
34.Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2003 г. №753 «О Концепции развития финансового сектора Республики Казахстан»

1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ..7
1.1 Ақша-несие саясатының мәні және стратегиялық мақсаты
... ... ... ... ... .7
1.2 Ақша-несие саясатының құралдары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ...14
2 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ
2.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуді
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ..37
2.3 Ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын
талдау ... ... ... ... 44
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ
САЯСАТЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
3.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49
3.2 2007-2009 жылдарға арналған
Қазақстанның ақша-несие саясатының даму
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...73
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны
белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының
тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын
орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз өз
жолдауында келесі міндеттерді қояды:
- инфляция қарқынының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс
салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті
икемділігін қолдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді
ынталандыру;
- ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін
жетілдіру.
Ақша-несие саясатының мақсаты - елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын
сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай
дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты
секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай
жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне
мүмкіндік туғызады және ұлттық валюта тұрақтылығын, яғни оның төлем
қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз
етуді көздейді.
Ақша-несие реттеудің негізгі объектісі – жалпы төлемқабілетті
сұраныстың әртүрлі компонеттерінің өзгеру динамикасына әсер ететін,
экономикадағы жалпы ақшалай және ақшалай емес ақша массасы болып табылады.
Өз мәніндегі ақша-несие саясатын жүргізу ғана Ұлттық банкке
және оның жүргізіп отырған ақша-несие саясатына деген нарық
қатысушыларының және жалпы халықтың сенімін қамтамасыз ететін
болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ақша-несие саясатының теориялық аспектіде
толық ашу, Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын және ҚР екінші денгейдегі
банктің қазіргі жағдайын талдау, мемлекеттің экономикасын реттеудегі ақша-
несие саясатының перспективті бағыттарын көрсету.
Қойылған мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттерді орындау қажет:
- ақша-несие саясатының мәнін және стратегиялық мақсатын қарастыру;
- ақша-несие саясатының құралдары мен әдістерін көрсету;
- Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын ашу;
- ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау;
- ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын ашу;
- 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның ақша-несие саясатының
даму стратегиясын баға беру.
Дипломдық жұмысты жазудың әдістемелік негізі ретінде оқулықтар, отандық
және шетел экономист-ғалымдардың ғылыми жұмыстары.
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін,
сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының
саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып
табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу
объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынтығы
жатады. [1]
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық
банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру.
Осындай шаруалардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын
кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтерін
сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктері
арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк
халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін
орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін
үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын
қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктерінің іс-
әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен
коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың
шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын
тигезеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға
әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемін
коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және
беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі
ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын,
яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты
тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақырғы мақсат:
- экономикалық өсу;
- толық жұмысбастылық;
- бағаны тұрақтандыру;
- төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
- ақша жиыны;
- пайыз мөлшерлемесі;
- айырбас курсы. [1]
Ұлттық банк ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады:
1. Ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық
саясаты).
2. Немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық
саясат).
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі
болады:
1. Рекстрикциялық ақша-несие саясаты.
2. Экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рестрициялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге,
сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған
шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы
ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету
және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша-несие саясатының стратегиялық мақсаттары болып - ақша-несие
саясаты саласында инфляциялық үрдістерді реттеу тиімділігін, бағамдық
саясаттың икемділігін арттыру, валюталық реттеуді сатылап ырықтандыру
міндеттері алға қойылмақшы.
Валюталық реттеудің мақсаты – тұрақты экономикалық өсуге қол
жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
мемелекет саясатына жәрдемдесу. Валюталық ретеудің міндеттері мынадай:
1. Республикада валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін
белгілеу.
2. Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға одан әрі кіруі үшін
жағдайлар жасау.
3.Валюталық операциялар мен капитал легі жөнідегі ақпараттық
базаны қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикада валюталық реттеудің негізгі органы Ұлттық
банк болып табылады.
Валюталық бақылауды Ұлттық банк заңмен белгіленген заңдар
шегінде өзге де мемлекеттік органдар (валюталық бақылау органдары)
және валюталық бақылау агенттері жүзеге асырады.
Валюталық бақылаудың мақсаты экспорттық түсімнің толық және
уақтылы түсуін, сондай-ақ шетел валютасымен және теңгемен қаражатты
импорт мақсатына пайдаланудың заңдылығы және негізділігін қамтамасыз
ету болып табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары:
-жүргізілетін экспорт-импорт валюта операцияларының заңға сәйкес
келуін және қажет болған жағдайда Ұлттық банктің тиісті
лицензиялары немесе тіркеу куәліктерінің болуын анықтау;
- төлемдердің негізділігін тексеру;
- экспорт-импорттық валюта операциялары жөніндегі есептің толық
және дұрыс болуын тексеру.
Инфляциямен күрес – ақша-несие саясатының басты мақсаты. Біз
өзіміздің шетелдік әріптестеріміздің бұған дейінгі байқап көрілген
ұсыныстары мен кеңестеріне арқа сүйей отырып, валюта саясатын
басқарылатын ырықтандыру есебімен инфляция өсуінің келеңсіз салдарын
барынша төмендету мақсатында нақты айырбас бағамының қажетті
икемділігінің қамтамасыз етуге тиіспіз.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында
Ұлттық банктің алдына:
- инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляциялық өсудің теріс
салдарын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін
қолдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді ынталандыруға;

жетілдіруге;
- компаниялардың жарғылық капиталындағы үлесті шамалы
инвесторлардың, акционерлердің және құрылтайшылардың құқықтарын
қорғауға бағытталған заң жобасын әзірлеуге;
- мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқарудың тиімді
жүйесін құруға бағытталған міндеттер қойылды. [3]
1.2 Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
- несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
- ең төменгі міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
- есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
- ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу
және жанама ең төменгі міндетті резервтер нормасының өзгеруі -
есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі, ашық нарықтағы операциялар
құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдары тиімді
пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық
экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және
жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің пайыз саясатының басты мақсаты –
айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты
азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін
төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз
мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде
шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта
немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол
жеткізуі тиіс.
Міндетті резервтер – коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз
мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл
депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер
деп атайды.
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге
берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша
төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен
акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі
пайыздық мөлшерде ақша құралдарымен қамтамасыз етеді.
Ақша-несие саясатының құралыдары 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген
ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу
туралы нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде
бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды.
Банктер резервтерінің артық болуы яғни ұлттық банктегі
корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік
талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің
баламалы тәртібіне өтеуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау
барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі
резервтер мөлшеріне төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін
білдіреді. [4]
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде
болуы, банк жүйесінің қаржы делдалдары ретіндегі тиімділігін
нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік
ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті
резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін
міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк
екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына
байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында
банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:
- міндетті резервтер;
- резервтеудің баламалы тәртібі.
Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары
тағайындалған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге
асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі
(rr) ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып
келеді. Сонымен Орталық банк міндеті резерв нормасын өзгерте
отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.
Несиелік операциялар – несиелеу және қаржыландыру операцияларына
соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық
қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі
уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың
өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын
жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни
Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту
мақсатында жүргізілді.
Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша
жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта
мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты
операцияларын білдіреді.
Осы айтылғандардың бәрін Орталық банк коммерциялық банктердің
несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық
банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа
партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері
шектеледі не керісінше.
Ақша-несие саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi
мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
- қарыздар беру;
- депозиттер қабылдау;
- валюталық интервенциялар;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
- мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның
iшiнде керi сатып алу құқығымен;
- коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
-Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да
операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-несие
саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.
Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту
лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де
депозиттер тартуға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық
Банкi эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар.[5]
Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және
өтеу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
1.3 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі Ұлттық Банк)
Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан
Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше
құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге
банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банктің міндеттері, қызметінің қағидаттары, құқықтық мәртебесі
және өкілеттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан
Республикасының Заңында айқындалады.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері
бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі
үшін жалпы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.
Ұлттық Банктің банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу және қадағалау функциялары
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының тұрақтылығын ұстап тұруға,
банктер кредиторларының, олардың салымшыларының және клиенттерінің мүддесін
қорғауға бағытталған.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен
және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-
несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Орталық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын
басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз
қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде
тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен
үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп
отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие
саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға
жәрдемдеседі.
Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан
тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы
Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру
үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. [11]
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi
функцияларды орындайды:
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;
- Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың
эмиссиясын жүзеге асырады;
- банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да
мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесi және Үкіметтің
агенті функцияларын жүзеге асырады;
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды
жүзеге асырады;
- Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
- қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ
олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін
реттеуді және басқасын жүзеге асырады.
Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзу мақсатында:
- ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен
ұсыныстарға, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми
қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді;
- жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы
нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-несие саясатының
негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;
- ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді және олардың
орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- инфляциялық процестердi ақша-несиелiк реттеудiң жанама әдiстерiмен
тоқтату мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жекелеген салаларды
ынталандыру және олардың дамуын ұстап тұру мақсатында несиелеудің
лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын тоқтатып қою,
операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша ең жоғарғы
ставкаларды белгілеу және несиенің нақты түрлерін тікелей реттеу арқылы
операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тiкелей сандық
шектеу қоюға құқылы;
- ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің
Ұлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ банктерге
берілген заемдарды тартудың және өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері
мен лимиттерін айқындайды;
- депозиттерді қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банкте
депозиттер берудің және өтеудің тәртібін, талаптарын, тартудың түрлерін,
мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
- валюта нарығындағы басымдықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы шетел
валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздерін бағалауды және талдауы жүзеге
асырады;
- мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын, меншікті бағалы қағаздар
- Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-
ақ қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және
өтеудің тәртібін, талаптарын айқындайды;
- жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа
бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді
қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдерді қайта
есепке алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Ұлттық Банктің қайта
есепке алуы үшін ұсынылатын талаптарды белгілейді.
Ұлттық Банк 2002 жылдан бастап ақша-несие саясатының бағдарларын жыл
сайын нақтылай отырып үш жыл бұрын айқындайды, бұл экономикадағы және қаржы
нарықтарындағы ахуалды ескере отырып неғұрлым ұзақ кезеңге арналған
болжамдарды және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін,
елдегі салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге
байланысты. Мақсаттық көрсеткіштер тұтыну бағаларының индексін пайдаланумен
белгіленеді. Олармен қатар ішкі талдау үшін 2004 жылдан бастап базалық
инфляция индексі пайдаланылады, ол монетарлық емес факторлар бағаларының
деңгейіне күйрете әсер етуді жояды және инфляциялық процестердің негізгі
үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдан бастап тоқсан сайынғы есеп - Инфляцияға
шолу жасалды. [15]
2006 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-
2008 жылдарға арналған Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары қабылданды.
Ұлттық Банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-несие
саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты ретінде айқындайды.
Тиісінше, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыс жалғасады.
Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларға сүйене отырып ақша-несие
саясатының негізгі өлшемдерінің болжамын құруды жобалайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басқару құрылымы төмендегі 1-
суретте көрсетілген және Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
- 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке
басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат;
- 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық
операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін
қамтамасыз ету орталығы;
- Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
- 4 есеп беретін ұйым:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп
айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік
кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы
шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы шаруашылық
жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ұлттық Банк:
- Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры;
- Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;
- Қазақстанның ипотекалық несиеге кепілдік беру қоры;
-Қазақстан Актуалдық орталығы акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы
болып табылады.
Ұлттық Банк сондай-ақ Ұлттық процессинг орталығы акционерлік қоғамы
құрылтайшыларының бірі болып табылады.
Сурет 1 – ҚР Ұлттық Банктің басқару құрылымы
Ұлттық Банк МЖЗҚ Акционерлік Қоғамы акционерлерінің бірі болып
табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі инфляциялық процестерді жанама ақша-несиелік
реттеу әдістерімен тоқтату болмаған жағдайда тікелей сандық шектеулер
қолдануға құқылы болып табылады.
Қорытындылай келсек, Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатын

әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Ақша-несие саясатын
анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде ақша-несие саясатын
келесі құралдарының көмегімен реттейді:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгейін белгілеу;
- ҚҰБ-те жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын
белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне,
көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша
ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі;
- валюталық нарықты интервенциялау;
- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу. [21]
Ақша құралдарының көмегімен мемлекетті реттеудің маңызы - бұл бос
ақшалардың сандық өзгеруі немесе "несие бағасының" өзгеруі - пайыздық,
яғни қарыз капиталының сұранымын анықтау болып табылады.
Басқа сөзбен айтқанда , ақша-несиелік құралдардың көмегімен ссудалық
капиталмен ұсынылған бағасы (пайыз ставкасы) мен санына әсер ету. Өйткені,
мемлекеттің экономикалық саясатының мақсаттарымен сәйкес келетін, халық
шаруашылығындағы несиелерді қолдану механизмі мен сұранымына ықпал ету.
Ақша эмиссиясының функциясы және оның ерекшеліктері 1- кестеде
көрсетілген.
Кесте 1- Ақша эмиссиясының функциялары
№ Функцияның аты Ерекшеліктері
1. Экономиканың айналым -функциялардың негізгісі болып табылды
әдістерімен, төлеммен, және халық шаруашылығына қажетті ақша
жинақпен, әлемдік санын, ақша айналымы мен тауарлар және
ақшамен қызметтердің белгілі кезеңі арқылы
қамтамассыздандыру барлық өндірістік құндылықтарының соммасын
есептеп шығарады.
2. Тапшылықты жабу Тапшылықты жабу басқа қайнар көздері
болмағанда, дағдарыс жағдайындағы
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу
керек. Себебі, қандай зардабы болса да,
мемлекеттік қаржыны құтқару қажет.
Ақшаны көп шығарудың зардаптары -
инфляцияға, өзіндік ұдайы өндіріске оңай
көшетін инфляцияға, баға өсіміне,
әлеуметтік шиеленісушілікке әкеледі.
Айналымдағы Ақша санының артық
шығарылуы жалғыз емес, дегенмен
инфляцияның пайда болуына жол ашатын
себептердің бірі.
3. Мемлекет шегіндегі ақша Мемлекет шегіндегі ақша эмиссиясын
эмиссиясын жоғарылату жоғарылату немесе төмендету жолымен
экономиканың жаңдануына жағдай жасайды,
яғни коньюктураның тежелуін, бағаның
өсуімен күресуін - бұл функция реттеп
отырады.
Қазақстандағы Ұлттық Банктің өкілеттілігі, функциялары мен
міндеттері. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттердің нарықтық
экономикасымен үкіметке тәуелді емес үлкен немесе кіші деңгейдегі
мемлекеттің экономикалық саясатының субъектілері жүзеге асырылады. Ал
конституция бойынша - толық тәуелді емес. Тек монопольдық құқығы бар
Орталық банк қана ақша эмиссиясын жүзеге асырады. Орталық банк экономиканы
мемкеттек реттеу құралдарының несиесін қолданатын басты инстанция болып
табылады.
"ҚР Ұлттық банкісі туралы" ҚР Президентінің Жарғысына сәйкес біздің
мемлекет екі деңгейлі бантердің жүйесіне ие. ҚР Ұлттық банкісі ҚР-ның
орталық банкісі болып табылады және ҚР - ның банктік жүйелерінің жоғарғы
деңгейін құрайды. Қазақстанның Ұлттық банкісі ҚР-ның орталық банктермен
және де түрлі басқа мемлекеттердің банкілерімен, халықаралық банктерде,
қаржы - несиелік несиелік ұйымдардың қарым - қатынасының
қызығушылықтарын қамтиды. [22]
Қазақстанның Ұлттық банкісінің негізі міндетті болып ҚР -ның
ұлттық валютасынық ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету
табылады.
Есептік ставканың өзгеруінің экономикаға әсері. Қазақстанның
Ұлттық банкісі қайта қаржыландырудың пайыздық ставкасын ресми түрде
құрайды. Яғни, ерекше операцияларға байланысты жоғарғы бір немесе
бірнеше ставкаларды қосуына болады. Сонымен қатар, жалпы ақша
нарығына тәуелді қайта қаржыландырудың ресми пайыздық ставкасы арқылы
және несие бойынша ұсыным мен сұраным, инфляция деңгейі мен инфляциялық
күтулер бекітіледі.
Минималды резервтердің міндеттерінің маңызы - кез-келген мемлекет
орталық банктердің шотындағы амалдарды меншіктеу мен депонирлеу
кезіндегі банктік мекемелердің белгілі бір бөлігін ұстауға
міндеттеледі. Орталық банк экономиканы мемкеттек реттеудің мақсаттары мен
конюктура жағдайына тәуелді минималды резервтердің нормаларын
периодикалық түрде өзгерте алады.

2.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуді талдау
Ақша базасы 2006 жылы 402,9 млрд. теңгеге дейін 3,7% ұлғайды. Оның
ұлғаюының негізгі факторлары таза халықаралық резервтердің де және сол
сияқты Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің де өсуі болды. Ал ағымдағы
жылдың өткен тоқсандарында таза ішкі активтер төмендеуді көрсеткен еді
Шетел валютасын едәуір әкелінуіне негізделген, шетел валютасына
ұсыныстың сұраныстан асып түсуі Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінің
өсуіне мүмкіндік жасауын жалғастыруда. 4 – кестеден таза халықаралық
резервтер 2006 жылдың соңына таман 2,9% ұлғая отырып, 6823,9 млн. долларға
жетті. Қаржы министрлігінің сыртқы қарызын өтеу және ұлттық қордың
активтерін толықтыру ішкі нарықта валютаны сатып алумен және Үкіметтің
Ұлттық Банктегі шоттарына шетел валютасының түсуімен бейтараптандырылды.
Нәтижесінде, таза валюта қорлары 2,5% ұлғайды. Алтын түріндегі активтер
оның әлемдік нарықтағы бағасының 4,7% өсуі нәтижесінде 6,4% ұлғайғанын
көріп отырмыз.
Таза ішкі активтер құрылымында Үкіметке таза талаптар біршама
төмендеді, бұл Үкіметтің Ұлттық Банктегі депозиттерінің 6,4% өсуінен
туындады.
Тұтастай алғанда 2006 жылғы ақша базасының құрамдас бөіктерінің
динамикасы өткен тоқсандарға қарағанда неғұрлым бірқалыпты өзгерістермен
сипатталды.
Ақша массасы. 2006 жылы ақша массасы 1312,2 млрд. теңгеге дейін 9,3%)
өсті, бірақ ол өткен жылдың осындай кезеңіндегі өсу қарқынынан біршама
төмен (10,4%). Оның өсуінің негізгі факторы депозиттік ұйымдардың ішкі
активтерінің ұлғаюы болды.
Депозиттік ұйымдардың Үкіметке таза талаптарының жоғары өсу қарқыны
(8,3есе) есепті кезеңнің айрықша ерекшелігі болды, ол ақша массасының
өсуіне де себепші болды. Бұл Қаржы министрлігінің ішкі қарыз алу көлемін
ұлғайтуымен түсіндіріледі. Нәтижесінде банк жүйесінің және несиелік
серіктестіктердің ішкі активтері есепті кезеңде 20% өскенін көрсетеді
Депозиттік ұйымдардың ресурстық базасы өсуінің жалғасуы олардың несие
нарығындағы қызметін жандандыруға мүмкіндік жасады. Тиісінше, ақша
массасының есептік кезеңдегі динамикасы айтарлықтай дәрежеде экономиканың
қаржылық емес секторын несиелеу көлемінің өсуінің жалғасуымен анықталды.
Депозиттік ұйымдардың экономикаға талаптарының 2006 жылы өсуі өткен
кезеңмен салыстырғанда 12,6%) болды.
2006 жылы айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынының резиденттердің
банк жүйесіндегі және несиелік серіктестіктердегі депозиттерінің өсу
қарқынымен салыстырғанда алға шығуы, соңғыларының ақша
массасының құрылымындағы үлесінің 76,6%-дан 76,2%-ға дейін төмендеуіне
себеп болды. Сонымен қатар ақша массасының өсу қарқынының ақша базасының
кеңею қарқынымен салыстырғанда озық болуы ақша мультипликаторының мәнін
3,09-дан 3,26-га дейін ұлғайтуға алып келді.
Резиденттердің депозиттері. Ағымдағы жылы депозит нарығындағы ахуал
өткен жылмен салыстырғанда олардың өсу қарқыны біршама қысқарғанына
қарамастан, депозиттік ұйымдарда депозиттердің көбеюімен сипатталады. 2006
жылы резиденттердің депозиттері 1000,1 млрд.теңгеге жетіп, 8,9% өсті.
Резиденттер депозиттерінің құрылымында нақты секторды несиелеудің
негізгі көзі болып табылатын резиденттердің басқа депозиттерінің жоғары
үлесінің сақталуы оң бағаланады. Сонымен, 2006 жылы соңында осы үлес 64,6%
құрады, ал аударылатын депозиттердің үлесіне қалған 35,4% тиесілі болды.
2006 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда халықтың теңгедегі басқа
депозиттері 12,5% өсті, сол уақытта халықтың шетел валютасындағы басқа
депозиттері, керісінше, 0,9% қысқарды. Бұл халықтың ақшаны шетел
валютасымен емес, ұлттық валютамен сақтағанды артық көретінін білдіреді.
2.3 Ақша-несие саясатының құралдары мен операцияларын талдау
2006 жылы қаржы нарығындағы ахуал екінші деңгейдегі банктер
өтімділігінің едәуір өсуімен, сондай-ақ ішкі қарыз алу нарығында Қаржы
министрлігінің белсенділігінің артуымен сипатталды.
Банктердің өтімділігін сипаттайтын Ұлттық Банктегі екінші деңгейдегі
банктердің корреспонденттік теңгелік шоттарындагы орташа күндік қалдық 2006
жылы өткен тоқсанмен салыстырғанда 37,5% өсті.
Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарды шығаруы 2006 ж 57,7 млрд.
теңгені құрады, бұл 2005 жылғы 54,9% көп. Эмиссияның осындай көлемі
республика бюджетінің тапшылығын қаржыландырудағы Қаржы министрлігінің
қажеттігіне сәйкес келді. (2006 жылы 55,2 млрд. теңге).
Екінші жағынан, айналымдағы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы
қагаздарының көлемі қаржы нарығы қатысушыларының, әсіресе, жинақтау
зейнетақы жүйесі қатысушыларының қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз
болып отыр. Нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) жэне зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (ЗАИБЖҰ)
ноталарды инвестициялау құралы ретінде пайдалануға мәжбүр болды. Осыған
байланысты, зейнетақы ақшаларының ұзақ мерзімді сипатын және осы бағалы
қағаздардың қысқа мерзімділігін ескере отырып, ноталар екінші деңгейдегі
банктердің өтімділігін реттеу бойынша Ұлттық Банктің тиімді құралы болудан
қалады, өйткені банктер кез келген уақытта ЗАИБЖҰ-ға немесе ЖЗҚ-ға
ноталарды сатып жібере алады.
Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының жеткіліксіздігі қайталама
нарықтың дамуын тежеп отыр, өйткені бағалы қағаздар қаржы нарығы
қатысушыларының портфелінде өтелгенге дейін болады. Сол сияқты Ұлттық
Банктің де қысқа мерзімді ставкаларды реттеу бойынша репо операцияларының
маңыздылығын көтеру үшін мемлекеттік бағалы қағаздардың меншікті портфелін
ұлғайту мүмкіндігі болмай отыр.
Жоғарыда көрсетілген факторларға қарамастан, Ұлттық Банк 2006 жылы
қаржы нарығында жүргізілетін операциялардың көлемін көбейткен жоқ:
құралдарды пайдалану бұрынғы деңгейде сақталды не азайды.
Минималды резервтік талаптардың нормативі. Минималды резервтік
талаптардың нормативі 2006 жылы өзгерген жоқ және өтеу мерзімі ағымдағы
және келесі айларда жартылай немесе толық басталатын банк міндеттемелерінің
6%-ын құрады.
Минималды резервтік талаптардың нормативін бірінші тәсілмен орындайтын
банктердің саны 2006 жылы 31-ден 33-ке көтерілді. Негізінен банктер
минималды резервтік талаптардың нормативін сақтады.
Минималды резервтік талаптардың нормативін екінші тәсілмен орындайтын
банктердің (2 банктің) міндеттемелерінің көлемі шамалы мөлшерді құрады
(олардың үлесі қыркүйек айының соңында минималды резервтік талаптардың
нормативін бірінші тәсілмен орындайтын банктердің депозиттік
міндеттемелерінің шамамен 0,03%-ын қүрады) және банк жүйесінің өтімділігіне
ешқандай әсер еткен жоқ.
Қысқа мерзімді ноталарды шығару. 2006 жылы Ұлттық Банктің қысқа
мерзімді ноталарын орналастыру 99,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы
көлемінен 13,0% аз. Оларды орналастыру көлемінің төмендеуі Қаржы
министрлігінің меншікті бағалы қағаздарды шығару бойынша белсенділігінің
артуына, сондай-ақ, Ұлттық Банктің ішкі валюта нарығына қатысуының
төмендеуіне байланысты болды.
Репо және кері репо операциялары. Ұлттық Банктің репо операциялары
бойынша ресми ставкасы 2006 жылғы шілдеде базистік пункттің +-150 ені
бойынша 4,5% деңгейінде қалды, ал тамыз және қыркүйекте ол 3,5% төмендеді,
ал оның дәлізі +-200 базистік пунктке дейін кеңейді.
Репо операцияларының көлемі қысқа мерзімді нарықтық ставкаларды тиімді
реттеу үшін жеткіліксіз болып табылады, өйткені Ұлттық Банктің
портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі аз күйінде қалып отыр.
[32]
Осыған байланысты Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктермен репо
операциялары бойынша орташа алынған ставкасы оның пайыздық ставка
дэлізіндегі төменгі шегінен де шығып отыр. Бұл, сондай-ақ қысқа
мерзімді ақша салудың шектеулі бағыттарымен және екінші деңгейдегі
банктердің жоғары өтімділігімен де түсіндіріледі
2004 жылы репо операциялары жүргізілген жоқ.
Депозиттік операциялар. Екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігін
реттеу мақсатында Ұлттык Банк қысқа мерзімді ноталарды шығарумен және репо
операцияларын жүргізумен қатар банктерден депозиттер тарту бойынша
операцияларды да жүргізді. 2006 жылы Ұлттық Банк екінші деңгейдегі
банктерден 97,1 млрд. теңге депозиттер тартты, бұл 2005 жылғы 2-токсаннан
21,4% төмен.
Ұлттық Банк 2006 жылы күндізгі заемдар, арнайы мақсаттағы заемдар
сияқты заемдардың басқа түрлерін, сондай-ақ соңғы сатыдағы несие беруші
ретінде беретін заемдарды екінші деңгейдегі банктерге ұсынған жоқ.
Валюталық бағам 2006 жылғы ішкі валюта нарығында түрлі бағыттағы
үрдістер байқалтты. Олар валютаға сұраным мен ұсыныстың дисбалансымен
шартталған жоғары құбылмалылықпен, сондай-ақ ірі ойшылардың алып-сатарлық
әрекеттерімен сипатталды.
2006 жылы шілде мен тамызда теңгенің номиналдық көрінісі АҚШ долларына
шаққанда тиісінше 0,17%о және 0,16% құнсызданды.
Алайда, көрсетілген өзгерістер, мұнайға әлемдік жоғары бағаның сақталуы
нәтижесінде елге түсетін валюталық түсімнің жалпы көлемін есепке ала
отырып, теңгенің АҚШ долларына бағамы әлсіреуінің басталғанын емес, оның
АҚШ долларына қатысты нығаю қарқынының бәсеңдеуін ғана білдіреді. Қыркүйек
айында теңгенің АҚШ долларына бағамының жедел өсуі байқалды, соның
нәтижесінде теңге 1,62%-ға нығайды. Жалпы, 2006 жылы теңгенің АҚШ
долларына бағамы аз ғана өзгерді: теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық
бағамы бір АҚШ долларына 1,29% не 127,30 теңгеге дейін төмендеді (жыл
басынан бері - 6,30%). Қарастырылып отырған кезең ішінде АҚШ долларына
теңге 1 доллар үшін 127,30-128,5 теңге аралығында өзгерді 2006 жылы
теңгенің орташа алынған айырбас бағамы 1 АҚШ долларына 135,60 теңге болды.
[32]
Еуропа валютасына қатысты теңге бағамының динамикасы ең алдымен,
халықаралық қаржы нарықтарындағы ауытқулардың ықпалымен қалыптасты. 2006
жылғы 3-ші тоқсанда теңгенің еуроға ресми бағамы 0,05% құнсызданды және
кезеңнің соңында бір еуроға 165,74 теңге болды. Ресей рублі бағамының
динамикасы доллар бағамының динамикасына сәйкес болды. Сонымен, 2006 жылғы
3 тоқсанда теңгенің ресей рубліне ресми бағамы 1,91% нығайды.
Ұлттық Банк 2006 жылғы валюта нарығының биржалық және биржадан тыс
бөліктерінде өзінің қатысуын барынша азайтты. Ұлттық Банктің қатысу
коэффициенті 2,5% жуық болды.
Теңгенің негізгі валюталарга қатысты нығаюының айтарлықтай қарқынды
болуына қарамастан, қазақстандық экспортерлердің сыртқы бәсеке
қабілеттілігі 2004 және 2005 жылдарға қарағанда неғұрлым қолайлы деңгейде
сақталды.
2006 жылы вексельдерді қайта есепке алу жүргізілетін қайта қаржыландыру
ставкасы жылдық 7% деңгейінде сақталды.
Қарастырылып отырған кезеңде қайта есепке 1,2 млрд. теңге сомасында 181
вексель қабылданды. Ұлттық Банк портфелінде 2006 жылы 1,8 млрд. теңге
сомасында вексельдер болды.
Вексельдерді қайта есепке алу бойынша операциялар көлемінің аз болуы
салдарынан 2006 жылы Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің өтімділігіне
ықпал етпеді.
3 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz