Экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметтері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
1.1 Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің негізгі рөлі ... ... ... ... ..5
1.2 Макроэкономикалық реттеу тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Экономиканы қаржылық реттеу ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 . Экономиканы бюджеттік реттеу маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі салықтың орны ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысаңдар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық айналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысаңдары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдерден: кірістерден; алынған ресми трансферттерден (гранттардан); бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борыш-ты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден: шығыстардан кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытга санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Зерттеу жұмысының мақсатына – экономиканың дамуындағы мемлекеттің рөлі мен негізгі қызметтерін зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда қарастырылған зерттеу жұмысының мақсатына байланысты мына міндеттер қойылды:
- Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлін анықтау;
- Экономикадағы мемлекеттік реттеу нысандарының түрлерін, нысанын, сипаттамасын зерттеу;
- Мемлекеттің экономикалық мазмұнын зерттеу т.б.
Курстық жұмыс құрылымы. Курстық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР-ның Конституциясы;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Депортаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 нұсқаулығы
3. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Алматы - 2006;
4.ҚР –ның қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген, толықтырулар енгізілген жергілікті бюджеттің қаржылық органдардағы бухгалтерлік есеп бойынша № 288 24.06. 19998 ж. Нұсқаулығы
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 264 бұйрығымен бекіткен және нұсқаулыққа Казақстан Республикасы Каржы министрлігінің 1997 жылғы 26 ақпандағы N 49 бұйрығы
7. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық, Алматы, «Қаржы – қаражат»//1998
8. Қазақстан Республикасының ағымдағы жылға «Республикалық бюджет жайлы есеп» заңы
9. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы – 2001
10. Ілиясов Қ., С. Құлпыбаев // «Қаржы», Алматы - 2003
11. Қазақстан Республикасының Заңы «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы»
12. Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» Алматы – 2001
13. Мырзабай Л.У. «Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедурасының орны мен рөлі» // АльПари, № 1, 2004 ж.
14. Қазақстан Республикасының бюджетін жақсарту// Қаржы – қаражат, 2004
15. Бюджет заңына біраз өзгеріс енгізілді// Егемен Қазақстан, 2006-сәуір
16. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет//Алматы, 2006

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3
І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
1.1 Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің негізгі рөлі------------------
5
1.2 Макроэкономикалық реттеу тәсілі ----------------------------------- -----
---------8
ІІ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Экономиканы қаржылық реттеу ерекшелігі------------------------- ---------
---12
2.2 . Экономиканы бюджеттік реттеу маңызы----------------------------- ------
----15
2.3 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі салықтың орны----------------------
19
ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------- --------------------------------
--------25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------- ----------------26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында макро- және
микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен
ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты
қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы
мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек
мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл
жеткіліксіз.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек
бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы
КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті
қаржылар құрады.. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырды.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысаңдар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
айналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысаңдары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан
тұрады:
1) түсімдерден: кірістерден; алынған ресми трансферттерден
(гранттардан); бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борыш-ты
өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден: шығыстардан кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер
бөлігімен (және бір уақытга санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер
көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге
байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті
негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне
ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның
тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан
кейін ғана ғылым саласына айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу
әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен
макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің
әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Зерттеу жұмысының мақсатына – экономиканың дамуындағы мемлекеттің рөлі
мен негізгі қызметтерін зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда қарастырылған зерттеу жұмысының
мақсатына байланысты мына міндеттер қойылды:
- Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлін анықтау;
- Экономикадағы мемлекеттік реттеу нысандарының түрлерін, нысанын,
сипаттамасын зерттеу;
- Мемлекеттің экономикалық мазмұнын зерттеу т.б.
Курстық жұмыс құрылымы. Курстық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1.1 Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің негізгі рөлі
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ,
олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де
анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-
әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және
интеллектуалдық қорларды сіздің қорғаныс кабілетін қажетті деңгейде
қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі
маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық
өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері болып
табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер)
өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған
арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді
ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты
қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен
қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізаты (әсіресе
оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай
шет қалатындығы әбден түсінікті.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру
қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген
бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына
айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық
процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық
және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың
мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық
түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе "таза қоғамдық тауарлар", яғни
нарықтық қатынастар механизмдерінің қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.
Нарықтық экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен
мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі:
Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын
қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап,
пайдаланатын әдістерімен сипатталады.
Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан
экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын
бейнелейді.
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің
барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр
буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика
арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан
түрлері реттеледі.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі — бұл макроэко-номикалық
тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде
оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет
тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды
талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге
асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалык, заңдарының іс-әрекетін
есепке алу.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам
дамуының гылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама
мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз
ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; онда болмаған
жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың
барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін
білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының
болуы.
4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын
және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің
сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер
арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың
салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер
шешіледі:
- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ре-сурстарының
жалпы деңгейін реттеу;
- өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу,
олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;
- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық
жағынан ынталандырып отыру;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің
ішкі өндірістік арақатысын реттеу;
- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және
инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу
мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық
дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.
Нәтижелілікке, яғни мемлекеттік қаржылық ретеудің нақтылы қорытындысына
оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай
шарттарға мыналар жатады:
а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында
шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;
б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ес-кертпелерден
басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау
негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де,
халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын
ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше
елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер,
аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы
капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік
құқықтарының және т.т.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.
Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың,
экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі
категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан
осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге,
түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның қаржылық, бағалық,
кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік
реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік,
кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі,
кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.т.) реттеуді қамтиды. Қаржылық
реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады:
мысалы, бюджетке — қаржыландыру, (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер),
салықта — тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда — сыртқы
инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар — қаржылық реттеудің
негізгі нысандары [5].
Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар
мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика
мынадай реттеуіштерді (әдістерді) жасады: салық салуда — салықтардың
мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар,
табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары;
бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражаттардың
пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет
артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың
қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік
қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бұл реттеуіштер ақша (қолма-
қол және колма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит
(кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің
резервтік талаптары, ашық рыноктегі ұлттық банк операцияларының ауқымы),
баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың
арақатынасы, рентабелділіктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады.
Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды
орын берілді. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық
белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен
рентабелділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша
қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық
салудағы әдістер арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен
қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.
Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады:
валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық
төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді
сақтандырудың сан алуан әдістері.
Реттеудің ішкі шаруашылық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп,
қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың
нормативтері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика
мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте,
өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет
етеді.
1.2 Макроэкономикалық реттеу тәсілі
Нарықтық экономиканы реттеу процестерінде жалпы
макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда (схемаларда)
ғана болатынын есте сақтаған жөн.
Макроэкономикалық тепе-тендіктің жай-күйі мынадай аса маңызды
экономикалық параметрлерді теңдестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным;
тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және
жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және
қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің
кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың
көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақаты-настардың
тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде
немесе бірнеше басқаларында тепе-теңдікті тудыратыны анық.
Батыстың қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен
өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін "мультипликатор" ұғымы
пайдаланылады.
Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі
әдіспен аныктаудан барып шығады:
1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға
қажетті эқономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;
2) кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден
алатын табыстары тұрғысынан.
Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы
өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шыгыстардың
мультипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық
өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы
деп атайды.
Бірінші критерий бойынша ЖҮӨ-нің құны мына формула бойынша
қалыптасады:
ЖҰӨ (GNP) = С+Ig+ G+Хn
Мұндағы: С — үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну
шығыстарының көлемі;
Ig — жалпы жекеше ішкі инвестициялар;
С — тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу (өндірісті
арттыратын трансферттік төлемдерді шығара отырып);
Хn — таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.
Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді
жиынтықтау арқылы жасалады:
1) тұтынылған капиталдың көлемі (амортизация);
2) бизнеске салынатын жанама салықтар;
3) жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;
4) ренталық төлемдер;
5) пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай
табысын төлеу);
6) меншіктен (жеке жұмсалымдардан) түсетін кірістер;
7) корпорациялардың пайдасы (бұл пайдаға салынатын салық, дивидендтер,
бөлінбеген пайда).
Бұдан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын
аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза
ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.
Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып
түзетілген ЖҰӨ керсеткіші нақты ЖҰӨ деп аталады.
Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі "үнемдеуге шекті бейімділік" —
МРS және "тұтынуға шекті бейімділік" — МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші
жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы,
екіншісінде — тұтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы. Осыны
негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен
білдіруге болады.[7]
Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен
жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді
тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-
шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген
кезде пайдаланылады.
Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ-
нің мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруын тудырады. Өнімнің
көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді.
Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстардың графигінің ауысуын және ТҰӨ-
нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне
қарама-қарсы салық мулътипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді [2].
Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның кірістердің тұтыну
компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:
mt= ТхМРС,
мұндағы: Т — салықтық төлемдердің мөлшері.
Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының
мультипликаторынан аз болады (МРС пен МРS-тің осы мөлшерлері кезінде).
Демек, мемлекеттің шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың
өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Кірістер
мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары
мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне
жеткізетін теңдестірілген бюджет мультиплика-торының феноменін тудырады.
Мысалы, егер Т мен G әрқайсысы 10 млрд. теңгеге көбейетін болса, онда ТҰӨ-
нің 10 млрд. теңгеге көбейетінін күтуге болады. Сонымен, теңдестірілген
бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:
тb =тс+ тt= 1
Мұндағы: тb — теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы;
тс— шығыстардың мультипликаторы;
тt - салықтардың мультипликаторы.

2.1 Экономиканы қаржылық реттеу ерекшелігі
Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі басқа ТМД елдерімен
салыстырғанда неғұрлым реформаланған және дамыған жүйе болып табылады. Жеке
тұлғалардың депозиттеріне ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі
табысты жұмыс істеуде.
Ипотекалық кредит беру және вексельдік қайта қаржыландыру жүйесі
дамып келеді. Почта – жинақ жүйесін дамыту жөнінде белсенді жұмыс
жүргізілуде, екінші деңгейдегі банктердің қызметтің халықаралық
стандарттарына көшу бағдарламасын еске асыру аяқталуға жақын. Ақша –
кредит саясаты әлемдік стандарттарға жзақындатуға, валюта режимін
ырықтандыруға бағытталған.
Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін реформалауға зор маңыз
бөлуде.
Банк секторын дамыту саласында банктерде тәуекелдерді басқару
жүйелерін енгізу және ағымдағы қадағалау, оның ішінде топтасып
қадағалау әдістерін жетілдіру жөніндегі жұмысты жандандыра түсу қажет.
Негізгі қызмет кредит жағдаяттарын жүргізу және кредиттік есептер
беру болып табылатын кредиттік бюро құру мәселесі көкейкесті сипат
алып отыр.
Ұлттық экономикада орын алған нарықтық бағыттағы бетбұрыстардың
қоғамдық өмірде түбегейлі өзгерістер тудырғаны белгілі.
Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму
жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси әлеуметтік өмірінің
басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жасына
түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықталды.
Біздің елімізде банк жүйесіне: а) Ұлттық банк те енеді. Оның
мекемелері – бөлім, конторларын – барлық облыстар, аймақ мен қалалар да
бар. Жалпы біртекті ақша өлшемі теңгеге негізделіп, олар біркелкі банк
жүйесін құрап, резервтік жүйесі қызметін атқарады; ә) коммерциялық банктер
жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызмет жасай отырып, келісім
негізінде несие есепті де жүзеге асырады.
Экономикаға 30 млрд. АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы
тарылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі Қазақстаннның тұрақты,
тиімді әрі сенімді әріптес екені барша инвесторларға әлдеқашан аян,
ақиқат.
Қазақстанның қаржы жүйесі де топжарғандар қатарында танылды, ал
мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өздері мойындап отыр.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік –
экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді
болмау үшін Ұлттық қорды құрды.
Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 млрд. доллар жинақталып отыр. . Ұлттық
қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын – валюта резервтері, тұтас
алғанда, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті.
Мемлекет кірістерінің мәні.
Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі
процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы
ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне
пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің
кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады,
бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық
базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы
құрылады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары
жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне
ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нөтижесінде
ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы
халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы)
бөлініске ұшырайды — оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі
кәсіпорындарда қалады және ішкі-шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес
сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді.
Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа
тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.)
табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық
жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-
қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы
ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі
ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары
орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың
қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы
экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен
қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің
ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды
бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық
және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге
орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық
шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге,
өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік
береді. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған
кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық
жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының
анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру
мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты
болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша
қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен
және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының
жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді
қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және
шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының
үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және
қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып
отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет
кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір
бөлігі жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің
салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың
және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі
бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және
т.с.с), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы),
қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден табыстары түріндегі табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан,
жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік
меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден
алынатын табыстар (тіркеу алымдары, мемлекеттік сараптау үшін төлем) мен
шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының
алымы, тауар белгілері үшін өтінім алымы);
4) бюджеттік мекемелердің үй-жай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz