Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе. .
Негізгі бөлім
1. 0Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары
1. 1 Жүрек пен қан тамырлар жүйесі ауруларының бөлінуі. .
1. 2 Жүрек қабыну аурулары. .
1. 3 Жүрек етінің аурулары.
1. 4 Жүрек етінің зат алмасуының бұзылуы аурулары. .
1. 5Жүректің ішкі қабыну аурулары.
1. 6Кардиомиопатиялар
Атеросклероз . . .
1. 7Жүректің ишимиялық аурулары . . .
1. 8 Гипертония . . .
1. 9 Ревматизм . . .
2. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі - мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі - ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару.
Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына жүрек пен қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары, т. т. ) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етуі.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі мынадай негізгі белгілермен көзге түседі: жүрек соғуының ырғағы бұзылады, ентігеді, көгереді және ісінеді. Ырғақтың бұзылуына қатынасты белгілер мыналар: жүректің тез соғуы, шоқырақ ырғағы, эмбокардия (жүрек соғысының, дыбысының күші мен құбылысының біркелкіленуі), қосымша жиырылуы, біркелкі емес аритмия (ырғақсыздық), териовентрикулярлық (жүрек құлақтары мен қарыншаларының арасындағы) бөгелістер, жүрек құлақшалары, мен қарыншаларындағы Гис тармақтары мен жүректің Пуркинье талшықтарындағы бөгеттемелер.
Өкпелерде қан іркілдегендіктен әдеттегіден көбірек жиналған көмір қышқылы мен басқа да зат алмасуының қалдықтары сопақша мидағы тыныс алу процесін реттейтін орталығын қаттырақ қоздырып ентіктіреді. Қатты ауырғанда Куссмаульдің үлкен биотов және Кейн-Стокс тыныстары пайда болады.
Сонан соң дерттің ауыр өтуінің дәлелі ретінде дене көгілдір тартып, жүректің соғу ырғағы бұзылады. Дене көгілдір тартқанда тері мен кілегей қабықтары да көгереді. Дененің көгеруі қанда қалпына қайта келген гемоглобиннің көбеюінен болады. Бұл гемоглобиннің алқызыл тартқан оксигемоглобиннен (оттегіленген гемоглобиннен) айырмашылығы - қара-қызыл, көк болып келеді. Қалпына қайта келген гемоглобиннің қанда көбеюіне, қан айналымының бәсеңдеуі салдарынан өкпелерде, оның нашар оттегіленуі мен ұлпалардың, оттегіні (жетіспегендіктен) әдеттегіден көбірек және тезірек пайдалануды әкеліп соқтырады.
Дененің көгілдір тартылуымен қатар не біраз кешеуілдетіп барып организмде шектелінген немесе жалпы ісік пайда болады. Дененің ісінуі жүрек пен қан тамырлары қызметінің нашарлауының қатерлі белгілері болып есептеледі. Жүрек қызметінің нашарлауынан болатын ісіктің негізгі себептері қанның көк тамырлар мен капиллярдағы (майда тамырлар) іркілісінен қысымы көтеріліп, тамырлардың қабырғаларын көріп, түтікшелерін қаттырақ ашып, қан сұйығының сыртқа шығуынан болады. Жүрек ақаауларынан болатын ісік, сарысудың ет пен терінің арасында жиналуынан, әдетте дененің төменгі (астыңғы) бөлігінде орналасады. Сарысу сірі қабық қуыстарында да жиналуы мүмкін. Жүрек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден айырмашылығы, ол тығызырақ қамыр тәріздес (саусақпен басқанда із қалады), ісікті басса - ауырады, бірақ малдың қызуы көтерілмейді.
Жүрек аурулары
, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т. б. Жүрек ақауы - жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т. б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы - жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы - жалпы невроз (неврастения, истерия, т. б. ) . Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы - гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра - Паркинсон - Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т. б. жатады. Бұлардан басқа да Жүрек Аурулары бар. Мысалы, Жүрек демікпесі; қ. Демікпе.
Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары
әр түрлі жағдайларға байланысты.
- Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.
- Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.
- Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.
- Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі ауруларының бөлінуі
Малдың жүрек пен қан тамырлары жүйесінің ауруларын жіктеуде бірнеше ұсыныстар бар. Солардың ішіндегі көңілге қонары Г. В. Домрачевтің ұсынғаны. Бөлінуі жеке кестеде келтіріген. Бұл ұсыныс бойынша жүйенің аурулары 4 топқа бөлінеді: 1. Жүрек қабының (сыртқы) ; 2. жүрек етінің; 3. жүректің ішкі қабының; 4. қан тамырларының аурулары. Жүрек қабы ауруларының өзін екіге бөледі: жүрек қабының қабынуы (перикардиты) және шеменденуі (гидроперикард) .
Жүрек етінің аурулары да осы принципке негізделіп бөлінеді - жүрек етінің қабынуы (миокард) және зат алмасуларының бұзылуы (миокардоз) . Бұл топтан ерекшелеу бөлінетін аурулар - жүрек бұлшық етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз) және склерозы (микардиосклероз) . Бұл, кобінесе, миокардит пен миокардоздың салдарынан пайда болатын басалкы түрінде де дамитын дерттер. Жүректің ішкі қабының аурулары, әдетте қабынудан (эндокардит) басталып, содан соң азғындай (дегенерация) бастайды. Оған бірте-бітре жүректің қақпақшалары (клапан) қосыла бастаса, онда жүрек ақауларына әкеліп соғады.
Малдарда қан тамырлары ауруларының тобынан жиі кездесетіндері - артерия қабырғаларының әктеніп қалыңдануы-беріштенуі (артериосклероз) және тамыр түтігінің қан ұюынан бекітілуі (тромбоз) . Кешеңдерде мал арасында жүйке қажуының (невроз) асқынуынан қан қысымы көтеріліп (гипертония) тұрады.
Жүрек қабыну аурулары
Жүрек қабының қабынуы (Pericarditis - перикардит) . Қабыну жарақаттан (P. Traumatica) не басқа себептерден болуы мүмкін. Өтуі бойынша: жіті (P. acuta) және созылмалы (P. chrohica) түрде пайда болуы және өту уақытына байланысты басалқы немесе қосалқы; таралуы бойынша шектелінген (P. Circumscripta) және кіріккен (P. Diffusa) ; жалқықтың түрлеріне байланысты - ұйымалы, белок талшықты, қанды, іріңді, шіріген болып бөлінеді. Жүрек қабының қабынуларының құрғақ (P. sicca), жалқықты немесе сарысулы (P. Exudativa) түрлерін айырады.
Себептері. Мал арасында өздігінен болатын перикардит негізінен сирек кездеседі, ал ішінара суықтан пайда болған перикардит те ұшырасады. Жиі кездесетіні, түрлі індет немесе жұқпалы емес аурулардың асқынғандығынан болатын қосалқы перикардит. Ірі қарада, кейде ұсақ малдарда тақия қарын мен көк еттің жарақаттануы салдарынан (травмтический ретекулит, ретикулоперитонит) жарақаттанған перикардит пайда болады.
Жарақаттанған перикардиттің пайда болуына тақия қарын арқылы жем-шөппен кірген істік темірлер немесе басқа заттар әсерін тигізеді. Істік темірлер жүректің қабын, кейде бұлшық етін, ішкі қабатын жарақаттайды. Жарақаттайтын заттар өзімен бірге жүрек қабынан қуысына түрлі микроорганизмдерді енгізеді. Жарақаттанған перикардит жаңа туған, жығылған, қатты күшенген малдарда кенеттен пайда болады. Жарақаттанған перикардиттің жиі, сирек кездесуі тақия қарын мен көк еттің жарақаттанған қабынуын тудыратын әсерлерге байланысты.
Жарақаттанған перикардиттің басалқы түрде дамуы өте сирек кездеседі. Ондай жарақаттану кеуденің сырт, жүрек жағынан тосыннан болған соққыдан, (үшкір затпен түйрелуден, сынған қабырғаның әсерінен т. т. ) не өңеш арқылы етілген әрекеттерден болады.
Дамуы: Перикардиттің дамуы, әсіресе, жарақаттанған түрі екі кезеңде өтеді. Алғашында перикардит құрғақ болып басталады да, сонан соң біртіндеп жалқықтыққа ауысады. Құрғақ перикардитте алдымен жүрек қабының қабаттары қабынады, бірте-бірте оның қабаттарына белок талшықтары (фибрин) ұйып жиналады да оларды бұдырмақтайды. Жүрек қабының созылмалылығы әлсірейді. Осылар жүректің жұмысын қиындатады. Аурудың ары қарай даму процесінде жүрек қаптары бір-біріне жабысып, бітісіп кетеді. Жалқықты (эксудативный) перикардитте жүрек қабының ішіне көп болып сарысу жиналады, ірі малда жиналу мөл шері 20-25 литрге дейін жетеді. Жиналған жалқық жүрекке жан-жағынан қысым түсіріп, оның созылуын (диастола) әлсіретіп, қанның систолалық көлемін азайтады. Жүректің қанды сорып-айдау қызметтері бұзылады. Жалқық жүректі айнала қысқандықтан (тампонада) оның соғуын тоқтатып тастауы мүмкін. Жүрек қысылғанда көкірек көк етінің (диафрагма) қимылы бәсеңдейді, сол себептен өкпе мен бауырда венозды қан іркіледі. Осы жағдай көк тамырлар мен капиллярда қанның қысымы көтеріліп, іркілістен денені ісіндіреді. Көк тамырларда қанның қысымының көтерілуіне байланысты артериялық тамырларда қысым азайып, жалпы қан айналысы бәсеңдейді. Кейде жүрек қабының қабынуы жүрек етінің қабынуына себепші болады.
Перикардиттің қай түрі болса да әсіресе, жарақаттан болған түрінде, қанға қабынулық заттардың өтуінен және жиналған жалқықтың ыдырап, шіруінен организм уланады, қызуы көтеріледі, қан мен зәрдің құрамдары өзгереді, біраз ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылады.
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі ауруларының бөлінуі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz