Дезинфекция



Дезинфекция

Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.

Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.

Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.

Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.

Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.

Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Дезинфекция

Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттар
Дезинфекция (зарарсыздандыру) - қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.

Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.

Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.

Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.

Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.

Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.

Күнделікті - үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.

Қорытынды - науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек.

1. науқасты ауруханаға жатқызғанда үйінде жасау керек;
2. науқас жазылып шыққаннан кейін аурухана палатасына жасау керек;
3. науқас басқа бөлімшеге ауыстырылғанда палатаға жасалуы керек;
4. науқас қайтыс болғанда үйінде немесе палатада жасалуы керек.

Соңғы - терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және байлап таңу бөлмесінде, босану залдарында, жаңа туылған балалар, шала туылған балалар, операция бөлімшесінде аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі. Мейірбике орамалды байлап, халат немесе алжапқышты кию керек. Бөлмеде барлық заттарды ортаға жинап, есік, терезелерді, қабырғаларды 2% сабын ұнтағы, содалы ерітіндімен жуу қажет. Ол үшін 200гр сабын, 200гр кальциленген сода, 9 л 600мл су. Таза сумен шаямыз 1% гипохлорид ерітіндісіне шүберекті малып алып, әрбір затты сүртеміз, заттарды орнына қоямыз. Ультракүлгін сәулесін 2 сағат қоямыз. 2 сағаттан соң сөндіріп 30 минуттан соң жұмысқа кірісеміз.

Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.

Механикалық - жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.

Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету т.б.

Физикалық әдіске жататындары:

o күн сәулесін қолдану;
o ультракүлгін сәулелерді қолдану;
o қалдықтарды өртеу;
o қайнату, пастеризация (6-7 күн аралығында 60˚С температурада бірнеше рет пастерилизациялау, экспозия - 1 сағат);
o дистелденген суда қайнату - 30 минут, ас содасы қосылған жағдайда 15 минут қайнату. Қайтадан заттарды органикалық қалдықтардан тазалау қажет. Тазалау жеке ыдыста эпидемияға қарсы шараларды сақтаған жағдайда жүргізіледі, ағынды суды зарарсыздап, канализацияға құйылады.
o Зарарсыздаудың ауалы әдісі (ыстық ауалы шкафта 120˚С температурада, 45 минут). Бұл әдіспен шыныдан, металл, резина, латекстен, термотөзімді полимерлі металдардан жасалған заттар органикалық заттармен ластанбаған жағдайда зарарсызданады;
o Булы әдіс - жоғарыда көрсетілген заттар алдын ала тазартуды қажет етпеген жағдайда қолданылады. Зарарсызаушы агент: 0,5 атм қысымды су буы. Зарарсыздау режимі: 110˚С температурада, экспозия- 20 мин, стерилизациялық ыдыстарда - бикстерде және дезкамера, автоклавта сирек қолданылады.

Физикалық әдіс - қызметкерле үшін зиянды, бірақ өте сенімді әдіс.

Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану (сутегінің асқын тотығы, формалин, септокол, лизоформин, эрасан, гипохлорид кальций. ЕПҰ-да зарарсыздаудың химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады. Науқаспен қарым-қатынаста болмайтын заттар, оның бөліктері үшін дәке, бөз шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге малып, 2 рет сүрту әдісі қолданылады.

ЕПҰ-да дезинфекция үшін тек ғана денсаулықсақтау министрлігі, сан-эпид бақылаудың рұқсат етілген ерітінділері қолданылады. Сүрту үшін дезинфекциялық ерітінділерді: сайдекс, формалин, глутарал, дезоксон-1 және тағы басқа адам ағзасына жоғары токсикалық әсерінен қолдануға болмайды.

Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне жататындары:

* суландыру;
* сүрту:
* толық батыру;
* шашырату.

Дезинфекцияның комбинацияланған (аралас) әдістері

Аралас әдіс - бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі.

Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0,5 атм қысым, экспозиция - 20 минут.

Параформалинді - 0,5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минут

Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы зарарсызданады.

Жуғыш ерітіндіні дайындау

1. 5 грамм Лотос ұнтағы.т.б.

2. 27,5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.

3. 978 мл су.

Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.

Антисептикалық және дезинфекциялық заттар

Химиялық тобы

Препараттары

1. Құрамында галогені бар қосылыстар

Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты.

Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь ерітіндісі, иодоповидон, йодинол, йоданат, йодопирон
2. Тотықтырғыштар

Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты

3. Ауыр металл тұздары

Сынап: сынап дихлориді сулема, сынаптың сары тотығы.

Күміс: күміс нитраты, проторгол, колларгол.

Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы,

Мыс: мыс сульфаты

Висмут: ксероформ, дерматол

4. Альдегидтер мен спирттер

Формальдегид, гексаметилентетрамин

Этил спирті

5.Фенол мен оның

туындылары

Таза фенол карбол қышқылы, ихтиол

6. Нитрофуран туындылары

Фурациллин

7. Бояғыштар

Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты.

8. Қышқылдар мен сілтілер

Қышқылдар : бор,салицил

Сілтілер: аммиак ерітіндісі

9. Детергенттер

Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын

10. Табиғи препараттар

Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафо-расының, түймедақ гүлінің, шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай, сарымсақ, пияз және т.б.

Антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2

ЛИЗОФОРМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН

0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл лизоформин;

1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;

2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;

3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин.

Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста шығарылады. Суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір, хош иісті болады. Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек. Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.

ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІЛЕРІ

Тура пайдалану алдында қолданылады;

0,5% дайындау үшін 1 л суға 0,5г хлорамин;

1% дайындау үшін 1 л суға 10 г хлорамин;

2% дайындау үшін 1 л суға 20 г хлорамин;

3% дайындау үшін 1л суға 30 г хлорамин.

Зарарсыздандырушы негізгі заттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдеу алдын – алу және балабақша мекемелерінде жасалынатын дезинфекция
Дезинфекциялық дәрілік заттар
Дезинфекция. Дезинфекция жүргізілетін камералар, типтері. Камерлі дезинфекцияны бақылау
Дезинфекция және оның әдістері
Дезинфекциялық камералар.Дезинфекция жүргізетін камералар типтері .Камерлі дезинфекцияны бақылау
Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақым ошағына сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік
Дезинфекция және дезинфекциялық ерітінділерге сипаттама
Дезинсекция әдісі
Дезинфекцияның,дезинсекцияның,дератизацияның техникалық құралдары.Дефинфекциялық дезинсекциялық аппаратура
Мал қораларын залалсыздандыру
Пәндер