Қазақ мәдениетіндегі музыка


Жоспар
- Музыка өнері, Қазақ мәдениетіндегі музыка, вокалдық-хор тәрбиесінің орны.
- Әншілік, музыкалық түсініктер, хормен жұмыс.
- Ән айтуға баулу, үйретудің дидактикалық негізі.
Кіріспе
Хордық тәрбие - баллар мен жас өспірімдердің бос уақытын тиімді өткізіп, мәдениетті түрде тынығуына жол ашады, вокалдық сабақтан сусындап, ән айтуға деген қабылеттері жетіле түседі. Хорда айтылатын әндер көбіне Отансүйгіштікке, мәдениеттің құндылықтарын қастерлеуге тәрбиелейді. Ал кәсіби деңгейдегі хор орындау концерттің әрін келтіріп, көрермендерге тамаша компазициялық ән орындау арқылы ұмытылмас әсер қалдырады. Хорға қатысатын әр-бір әншінің вокалдық деңгейі ансамбльдің жұмысына тікелей әсер етеді, хормейстерің шеберлігі, сахнаны дұрыс пайдаланып, сахна қимылын шебер қиыстыра білуі, әндерді дұрыс таңдап, репертуарды талғамды түрде толықтыра білуі, вокалдық тұрғыдан әнді түрлі дауыс партияларына бөлу шеберлігі, бәрі-бәрі хордық жұмыстың бірегей көрінісі, алға жетелер күші болып табылады.
Баса назар аударатын жайттар - ол музыкалық қабілет, балларды музыкалық қабілетке үйрете білу; музыка деген түсініктің жан-жақты ашылып, хорға қатысушылардың құштарлығын, ынтымағын, өнерге деген жақсы, ізгі көзқарастарын қалыптастыру; сахнада вокалистердің мәдениет сақтауы, сахна тілі, артикуляция, диафрагмамен жұмыс істей алуларын қадағалау, үйрете білу; киім-киіс, жүріс-тұрыстарын ретке келтіру; сахнаны дұрыс пайдаланып, ықшам да шапшаң, жеңіл қимылды сахна хореографиясына қол жеткізе білу; хордың репертуарына деген талғам, ән таңдай білу; әр-бір шараға сай әндерді дайындап, нақышына келтіріп жеткізе білу; хорға қатысушылармен сыпайы түрде қарым-қатынас жасай білу. Дәл осындай шарттарды орындай білу үшін кез-келген мәдени тынығу жұмысы маманы келесі ақпараттарға қанығып, негіз ала білуі қажет.
. Музыка өнері, Қазақ мәдениетіндегі музыка, вокалдық-хор тәрбиесінің орны.
Музыка - адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек.
Білім саласындағы әлемдік дамуды ескерту, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау жоғары мектептегі музыкалық-педагогикалық процестерді ұйымдастырудың қалыптасқан негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыдан терең пайымдауды қажет етеді. Қазіргі таңда болашақ музыка мұғалімдерін даярлау ісі белгілі бір жүйеге келтіріліп жатқанымен бұл салада лайықты оқулықтар, оқу құралдары жоқ деуге болады.
Музыкалық білім беру педагогикасы - педагогика, психология, музыкатану ғылымдарын ұштастыратын қалыптасу үстіндегі ғылым саласы. Өкінішке орай, оның дербестігі, мазмұны, объектісі, пәні, тіпті терминологиясы жөнінде әлі де бірыңғай пікір-пайымдаулар қалыптасқан жоқ.
Кейінгі жылдары музыкалық білім берудің тарихи, әдіснамалық-теориялық мәселелері, әдістемесі ресей ғалымдарының бірен-саран еңбектерімен танымал болғанымен, қазақ тіліндегі оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік ұсыныстар жоқтың қасы. Бұл сөз жоқ, болашақ музыка мұғалім пәні мұғалімнің кәсіби даярлау ісіне нұсқан келтіруде.
Ұсынылып отырған оқу құралы «Музыкалық білім» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалған.
Оқу құралының «Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері» атты бірінші бөлімінде музыкалық білім беру педагогикасының пәні мен міндеттері, ғылым ретінде дамуы мен қалыптасуы, оның өзге ғылымдармен байланысы баяндалады.
Екінші - «Музыкалық педагогикадағы халықтық салт-дәстүрлер» атты бөлімінде қазақ халқының ән және әншілік өнеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне тоқталып, оның халық өмірімен тығыз байланыстылығы, тарихылығы, көркем образдылығы, философиялық ой-тереңдігі қарастырылды.
Үшінші - «Музыкалық білім беру педагогикасының теориясы» атты бөлімінде музыкалық-педагогикалық процестің мәні, музыканы оқыту принциптері, музыканың әдебиетпен байланысы мазмұндалды. Біз бұл оқу құралымызда музыкалық білім беру педагогикасының барлық мәселелерін жан-жақты қарастырдық деп айта алмаймыз.
Музыкалық білім беру педагогикасында әлі де шешімін табар көптеген проблемалар бар.
Аталған мәселелерді ойдағыдай дұрыс шешім табуы жоғары білім беру жүйесінде болашақ маман даярлауға арналған «Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы», «Музыканы оқыту әдістемесі», «Музыкалық-педагогикалық практикум» курстары бойынша оқу-әдістемелік құралдарды жетілдіру ісімен тығыз байланысты деп есептейміз.
Музыка өмір көріністерін дыбыстық көркем образдар арқылы суреттейді. Өзінің эмоциялық бағыты арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және ұйымдастырушылық роль атқарады. Музыканың тарихи дамуы қоғамдық дамудың жалпы заңына бағынады. Музыканың адам сезімін, ойын, іс-әрекетін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде маңызы зор. Музыкада дыбыстық, биіктік және уақыттық (ритмдік) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген.
Философиялық және әлеуметтік идеялар әлемін кеңінен қамту үшін композиторлар таза музыканың (программасыз аспаптық) шеңберінен шығып, нақтылы мазмұнды білдіретін сөзге (программалық-вокалдық және аспаптық), сонымен қатар сахналық іс-әрекетке бой бұрады.
Музыка мазмұнында бір нәрсені әшкерелеу емес, қайта мақұлдау, дәріптеу басым болады. Сондықтан, гуманистік бастаманы таратушы ретінде музыканың өнегелік-тәрбиелік мәні өте зор.
Музыка алғашқы қауымда синкреттік өнердің құрамында болды (би, поэзия аралас) . Ол (синкреттік өнер) көпшілікке қажетті салтжора ретінде, сонымен қатар бірігіп еңбек ету кезінде адамдардың рухани санасын тәрбиелеу әрі қатынас құралы мақсатын атқарған. Музыка дыбыстары тәртіпке келтіріліп, логикалық жағынан тұрақты және тұрақсыз бірнеше тондардан ғана тұратын әуен саздарымен алмасты. Сөйтіп, музыкалық дыбыс жүйесінде өлшеммен ладтың ең қарапайым түрлері туды.
Қазақ халқының қалыптасуының әлеуметтік-мәдени негіздері. Қазақ мәдениетінің мемлекеттік кезеңі. Қазақ хандығының материалды мәдениеті. Жаңа заман көшпелілері. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, рәміз-рәсімдері. Жеті аталық үрдіс. Эпос әлемі. Қазақстан дәстүрлі әдеп жүйесі, сенім-нанымдары. Дүниетанымдық синкретизм. Қазақтардың дүние туралы түсініктері, тілі, жазуы, емшілік тәсілдері, музыкасы. Қазақ халқының ментальдық ерекшеліктері.
Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі. Отарлау әлде мәдениеттер сұхбаты? Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресі. Миссионерлік әрекеттер және патшалық Ресейдің исламға көзқарасы. Қазақ антиутопиясы. Зарзаман мәдениеті. Қазақ ағартушылығы Ш. Уалихановтың мәдениеттанулық ізденістері. Дәстүрлі мәдениет пен жаңашылдық. Ы. Алтынсарин - қазақ ағартушылығының тікелей түлғасы. Абай - қазақтың рухани мәдениетінің жеткен шыңы. Шәкәрімнің мәдениеттанулық көзқарастары. Ұлттық сананың оянуы және ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақ музыкасы - өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар - жыр, толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы - эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 - 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер - 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр - алғашқы, лирикалық әндер - соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында - эпос, Жетісуда - терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған. Қазақ музыканың үлкен бір арнасы - қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр.
Қазақ музыкасы фольклорлық сатыда қалмай, ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағыҚорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т. б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 - 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше. Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі - синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі - ән өнері, екіншісі - күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі - Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т. б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі - Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т. б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 - 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі - кең ауқымды төкпе, екіншісі - сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар. Музыкалық ырғақтың көркемдік мәні. Қазақ сайын даласында өткен заманда мәңгілік мәнді музыкалық мұра қалдырған қаншама ұлыларымыз болды. Асыл мұраның жетпегені бар екені ақиқат, бізге жетіп бүгінгі күні құндылығы былай тұрсын, ұлттық рухани биіктігімізді дәлелдеп әлемде дарынды адамзат баласы атанғанымыз да осы дараларымыздың арқасында. Рухани мұраны киіз кіпапқа жазбаса да, көкірек сарайында сақтап домбыра, қобыз, ән арқылы ұрпақтан ұрпаққа сыйлады. Дала консерваториясының әуенге хатталған саф алтындай мұрасын қалдырды. Өмірге қазақ деген ұлт пайда болғаннан бері ой-сана, салт-дәстүр, парасат пайымы, әлеуметтік өмір тынысы, наным-сенімі, діні, қайғысы, қуанышы, арқылы, фәлсафасы - мәдени мұрада табиғи ырғағымен жазылды.
Ең ілгері дамыған аспаптық музыкамызды (домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер, жетіген, сырнай, ысқырық) күй деп атап, бабалар тынысын естіп, сақтауға тырысып келеді. Күй қақында алғашқы ғылыми түсінікті Қ. Жұбанов түйіндесе, қазақ кәсіби өнерінің асуы да, белесі-беделі де Ақаң есімімен байланысты. А. Жұбанов - заманды жалғастырған Алтын көпір. Ол өзінің зерттеу еңбектерінде он маман емес, бір уақытқа келмейтін қауымның игілікті ісін атқарды. Бәріміз бас қойып, бітіре алмай жүргенімізде де жасырмаған жөн.
Домбыра үйрету әдісі пәнінің қай қырынан келсеңіз де, А. Жұбанов еңбектеріне үңілмей өте алмайсыз. Ырғақтың көркемдік мәніне келгенде де мына бір ойын жеткізбекшіміз: «Ақсақ киік» күйінің ырғағында үш аяқтап келе жатқан киіктің жүрісінің суреті бар. Бірақ күй тек ақсаған киіктің сырт суреті емес, жаралы жанның бәріне тән қиындық жағдайды, одан алатын ерлік, төзімділік, күрес қажеттігін суреттейтін күй, - десе, «Ақсақ құлан» күйінің бас буынында ырғағындағы баяу, бірақ нық қағыстарындағы ат тұяғының дүрсілі барын сезіндіреді. Алғашқыдағы бөкен желістің ырғағында екінші дауыста өтетін тақырыптық әуен, сай-сүйегіңді сырқыратады, қандай музыка түсінбейтін керең құлақ болса да, бір трагедиалық оқиғаның барынан хабар береді. Орта буында басындағы лейтмотив құбыла, өршелендіре, жігерлендіре тартылады. Бірінші дауыста бөкен-желіс ырғағы емес, сатырлап шапқан құлан тұяғының сарыны келеді. Ал екінші дауыстың ырғағында құланның үйірін көріп, «олжалы боламын» деген баланың ойына қарсы, «жоқ, ол ойың орындалмайды» дегендей, тағдыр тақырыбы бұрынғыдан да күшейіп, ажалдай аузын ашып, көлденең тартыла береді. Енді ең жоғары сағасында музыканың ырғағы өзгеріп, баяндау кезеңінен енді үлкен қақтығыс суреті келеді. Оның барлығы ладтық өзгеріс арқылы тыңдаушыға дәлелденеді. Қағыс та қаттыланып тасыр-тұсыр құланның сарыны бірінші дауыстың ырғағында тайға таңба басқандай анықталып естілсе, екінші дауыстың ырғағында алғашқы тақырып әуен тональдық кейпін өзгертіп, ол енді ажал аузындағы адамның жан шығар алдындағы ышқынған үнін береді, өмір мен өлімнің екі арасындағы арпалыстың суреті көз алдыңа келгендей болды. Ұйқы-тұйқы, талас-тартыстан кейін күйдің желісі сырғып, бас буынға бір-ақ шыққанда оқиғаның тоқ етері анықтала түседі. Бұрынғысындай емес, күйдің орта буынындағы қағыстар өзгеріп, біркелкі ырғақтан пунктирлі ырғаққа көшіп, лейтмотивті 2 рет қайталап барып, ең бірінші бөкен желісті ырғаққа келіп, баяулата келіп, аяңға түсіп, бірінші дауыста жүрістің бәрі тынып, тек үстіңгі ішекті түйе - талдылай қаққан дыбыс арқылы қаралы үн естілер - естілмес болып, хан баласын «о дүниеге» аттандырады» - дейді.
Ал қазақ музыкасын зеттеуге біраз үлес қосқан П. Аравин «Дәулеткерей жйне XIX ғасырдағы қазақ музыкасы» деген кітабында Дәулеткерейдің «Ақжелеңінде» кездесетін кейбір «алғашқы ұялардың» Құрманғазының «Серпер», «Саранжап», Ұзақтың «Ақжелең», Түркештің «Көңіл ашар» күйлерінен кездесетін дыбыс ырғақтарын айта отырып, бірақ ондай ұқсастықтарынан шығарманы бір авторға таңдауға болмайтындығын дәлелдейді және де «Қыз Ақжелеңде» анық та айқын көңілді ырғақтың үлгілерімен келетін би сипаты белгілі орын алған. Дәулеткерейдің «Қос ішек» және «Қоңыр» күйлерінде триольді ырғақпен келетін марш екпінді кездеседі», - деп жазды. Бағдарламалығы суырып салмалық туралы сипаттама бере келіп, ырғақтың құрылымын егжей-тегжейлі талдайды. Ол екі үлесті және төрт үлесті өлшемдердің, сол сияқты ¾ және 8/6, кей жағдайда алмасып отыратын өлшемдер жиі кездесетінін, ырғақтық формулаларды мысалға алады, дыбыстың тақ сандарға бөлінбейтіндігін (триольдан басқа) және көп ырғақтық құрылымдардың жоқтығын атап көрсетеді.
Домбыра музыкасына теориялық талдау жасау жөнінде Н. Ф. Тифтикиди мазмұнды еңбектер жазды. Ол онда қазақ күйлерінің ырғақтық, өлшемдік және әуендік жақтарын зеттеді. Мысалы: «Қазақ халқының домбыра музыкасы ырғағының заңдылықтары» деген мақаласында домбырадағы музыкаға арналған шығармадағы ырғақ пен әуеннің байланысын ашуға тырысты. Музыка тілімен айтқанда домбырада ұзақтығы төрттен бірден артық дыбыстар ырғақ жағынан бөлшектеуді талап етеді. Күй музыкасы көптеген ырғақтық байланыстарды талдау жасау арқылы Н. Ф. Тифтикиди мынадай орынды қорытындыға келеді. «Қазақ домбыра музыкасының негізгі ырғағы біркелкілік (равномерность) бұл ұзақтық қайшылығы жоқ, ең қарапайым ырғақтық сурет», - дейді және «күйдің атауына кіретін сөздер ырғағы көп жағдайда шығарманың өзіндегі бастапқы ырғақтық қозғалысқа қызмет етеді, бұл оның бағдарламасын анықтайды», - деп жазды.
Жоғарыдағы келтірілген мысалдардан ырғақтың музыкадағы ең көрнекті роль атқаратынына көзіміз жетті. Кейбір күйлердің басталысындағы әуендегі кескіннің қайталанып орындалуының өзі кіріспе ролін атқарып, бара-бара шығарманың бүкіл ырғақтық негізінен құрайтын негізгі желіге айналады. Белгілі орыс ғылыми зерттеушісі Б. М. Тепловтың пікірі бойынша ырғақ музыкалық шығармадағы дыбыстардың белгілі бір уақыт аралығында алма-кезек ауысуы, музыкалық көркемдік тездету көп байқалады: бұл әрине ырғақ желісін түсінбегендік.
Ырғақсыз музыка болмайды. Ырғақ арқылы музыканың айтайын деген ойын, шығарманың негізін, тынысын бейнелейтіндігін естуге болады. Адам жүрегі бір қалыпты соғысынан қорыққанда дүрсілдейді, қуанғанда лүпілдейді, болмаса машина моторы бірқалыпты айналысынан жылдамдықты үдетсең тездейді және керісінше жарамсыз болғанда істен шығады. Шығарманың жүрегі, моторы ырғақ. Біз ғалымдардың домбыра күйлерінің ырғақ мәселесіне байланысты тұжырымдарын бекерге келтіріп отырғанымыз жоқ.
Ырғақтың шығармадағы көркемдік мәніне қатысы бар қағидаларды айтып өтсек, күй атауының ырғақтық көрінісі:
1) күй жанрына байланысты да ырғақтық желіс. Ақжелең, Желдірме, Қосбасар, Қоштасу, Шалқыма т. б;
2) күйге қойылған екпіндік көрсеткіш: Байсалды, асықпай, жай, өте жай, орташа, тез, өте тез т. б. Мұнда негізгі екпінді сөзге сол күй мазмұнына байланысты жақындата түсетін сын есім сөздер қолданылады. Мысалы: Асықпай - мұңды, Жай - ойлану; Байсалды - тебіреніспен т. с. с;
3) күй бастан аяққа бір екпінде орындалмайды, әңгімені, ойды дұрыс жеткізудегі тыныс белгілері қандай роль атқарса, сол күйдің өн бойында осы құбылыс сақталуы керек. Тыныс белгілерінің орамды қолданылуы - күйдің ырғақ тұтастығымен, мазмұн тұтастығын беріп, тыңдаушыға жетеді;
4) ырғақтың көркемдік мәніне оң қол қағысының әсері жоқ емес. Күйде жалғыз немесе барлық саусақ іші-сыртымен келетін тұтпа қағыстар болады. Осы қағыстарды күй мазмұнына сәйкес ептілікпен, қимылмен алмаса, ырғақ бұзылады. Дәулеткерей «Құдаша». Кейбір домбырашылар тіпті тұтпайды, біреулері түгел жұдырық қояды. Екі жағдайда бірінші де құдаша мінезіне сәйкес емес, жалаң ырғақ, екіншісінде ауырлық, болмаса ерсілеу мінез береді. Қағысқа байланысты ырғақ шықпады, күй мазмұны орындалмады. Оң қолды жеңіл, сұқ саусақ тұсынан тұтқанда ғана межеден көрінеміз;
5) оң қол қағысы келгенмен сол қол жауап бермесе, ешқандай ырғақ табиғатына ене алмаймыз;
6) ырғақ өлшемге байланысты да дұрыс жолға қойылмаса, күй хаттауда оның мазмұнын ашпайтын өлшемнің керегі жоқ;
7) ырғақтың дыбыс бояуы - динамикалық белгілерге байланыстылығы орындаушылар арасында p. mp. - белгілері келсе, ырғақты жайлату, қатайтқанда тездету көп байқалады. Бұл әрине ырғақ желісін түсінбегендік;
8) ырғақ көркемдік мәніне терең бойлау үшін сол заманның күйін, оның алған тақырыбын түсіну қажет. Осы орайда қала мен ауыл тұрмысының айырмашылығы шығады. Біздің күйіміздің басым бөлігінде дала тынысы, бұрынғы тұрмыс-тіршілігі бейнеленген. Алған біліміне, нота сауатына байланысты бәрі де орындайды. Тереңірек бойлап, сол уақытпен сырласу үшін өз жан-жақты ізденуінен басқа - басты міндет ұстазда қалады.
Музыка маманының күйшіге керек - маңызды қасиеті. Күй ырғағының күрделілігі соншалық - бір жинақпен қамтылмайды. Мамандардың әрдайым назарында болып, зерттеуді қажет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz