Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Топ ұғымының жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3. Топтардың даму принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
4. Топтағы қарым .қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Кіріспе

Белгілі бір адам бірлестігінде үйлесімділікке жету қиын болып көрінеді. Өйткені барлық адамдар да, әр түрлі жағдайлар да күрделі, мақсаттардың да сәйкес келмеуі мүмкін. Адам қатынастарының күрделі болуы келіспеушіліктерді тудырады. Келіспеушілік дегеніміз не, ол эр уақытта адамдардың ұйымшылдығына кедергі болады ма? Адам қатынастарының жоғары үйлесімділігі ретіндегі ұйымшылдық дегеніміз не?
Топты төмендегідей сипаттағы жеке адамдардың жиналысы құрайды деп санады: бірімен бірі жиі арақатынас жасайтын; өздерін бір топтың мүшелері деп санайтын; өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін; рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатысатын; бірдей объектілер мен және идеалдармен өзін тенестіретін; топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын; кооперативтік өзара байланыста болатын; өздерін біртұтас сезінетін; өздеріне қатысты іс-әрекеттерді реттейтін.
Қазіргі кездегі шетелдік әлеуметтік психологтардың топтық ұйымшылдық мәселесі кең тұрғыда назар аудартады. Оған арналған әдебиеттер өте көп. Бірақ олардың көпшілігінің ақауы мынада: шағын топтың коммуникативтік тәжірибесінен көрінетін, көбінесе іс-әрекетінен және арақатынастар ретінде, жеке адамдар арасындағы эмоционалды - психологиялық қатынастарды бастапқы қатынастар ретінде қабылдай отырып, шетелдік әлеуметтік психологтар қатынастар кезеңі неге байланысты болатынын анықтау міндетін қоймады, олардың экономикадағы, идеологиядағы, саясаттағы бастауларын табуға тырыспады. Осының нәтижесінде ұйымшылдықты анықтаудың басты әдісі болып симпатияларға, антипатияларға негізделген талғамдарды, коммуникативтік актілерді, арақатынастарды белгілеу саналды, ал психологтың топ ұйымшылдығын көтеруге қатысты тәжірибелік ұсыныстары оның социометриялық құрылымының өзгеру мүмкіншілігімен байланысты болды.
¥йымшылдықты зерттеудің мұндай бағдарламасы ережелер мен құндылықты бағыттарды қарастырмайды. Шетелдік психологияда қабылданған ұйымшылдықты зерттеу әдістемелерінің көпшілігі мына жорамалға сүйенеді:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.
Намазбаева Ж.И., Психология, оқулық Алматы-2005.
Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996.
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Топ ұғымының жалпы түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Топтардың түрлері мен олардың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3. Топтардың даму
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .11
4. Топтағы қарым
–қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .16

Кіріспе

Белгілі бір адам бірлестігінде үйлесімділікке жету қиын болып көрінеді.
Өйткені барлық адамдар да, әр түрлі жағдайлар да күрделі, мақсаттардың да
сәйкес келмеуі мүмкін. Адам қатынастарының күрделі болуы келіспеушіліктерді
тудырады. Келіспеушілік дегеніміз не, ол эр уақытта адамдардың
ұйымшылдығына кедергі болады ма? Адам қатынастарының жоғары үйлесімділігі
ретіндегі ұйымшылдық дегеніміз не?
Топты төмендегідей сипаттағы жеке адамдардың жиналысы құрайды деп санады:
бірімен бірі жиі арақатынас жасайтын; өздерін бір топтың мүшелері деп
санайтын; өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін;
рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатысатын; бірдей объектілер мен және
идеалдармен өзін тенестіретін; топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде
қабылдайтын; кооперативтік өзара байланыста болатын; өздерін біртұтас
сезінетін; өздеріне қатысты іс-әрекеттерді реттейтін.
Қазіргі кездегі шетелдік әлеуметтік психологтардың топтық ұйымшылдық
мәселесі кең тұрғыда назар аудартады. Оған арналған әдебиеттер өте көп.
Бірақ олардың көпшілігінің ақауы мынада: шағын топтың коммуникативтік
тәжірибесінен көрінетін, көбінесе іс-әрекетінен және арақатынастар ретінде,
жеке адамдар арасындағы эмоционалды - психологиялық қатынастарды бастапқы
қатынастар ретінде қабылдай отырып, шетелдік әлеуметтік психологтар
қатынастар кезеңі неге байланысты болатынын анықтау міндетін қоймады,
олардың экономикадағы, идеологиядағы, саясаттағы бастауларын табуға
тырыспады. Осының нәтижесінде ұйымшылдықты анықтаудың басты әдісі болып
симпатияларға, антипатияларға негізделген талғамдарды, коммуникативтік
актілерді, арақатынастарды белгілеу саналды, ал психологтың топ
ұйымшылдығын көтеруге қатысты тәжірибелік ұсыныстары оның социометриялық
құрылымының өзгеру мүмкіншілігімен байланысты болды.
¥йымшылдықты зерттеудің мұндай бағдарламасы ережелер мен құндылықты
бағыттарды қарастырмайды. Шетелдік психологияда қабылданған ұйымшылдықты
зерттеу әдістемелерінің көпшілігі мына жорамалға сүйенеді: топтағы қарым-
қатынастың жылдамдығы, жиілігі және саны мен оның ұйымшылдығы арасында
тікелей байланыс болады, сондықтан өзара оң немесе теріс талғамдардың саны
мен күші - бұл ұйымшылдық белгісі. Бұл жерде жеке адамдар арасындағы
байланыстардың жиілігі мен саны сондай-ақ олардың ұзақтығы топтың ішкі
бірлігіне байланысты болатыны қарастырылмаған. Топтық және жеке
белсенділіктің бастаулары, көзқарастардың, тұрғылықты бағыттардың және
ережелердің қалыптасуы - мұның бәрі, тұлғааралық қарым-қатынас пен
қатынастардың эмоционалдық деңгейінің туындысы түрінде қарастырылады.
Отандық психологтар ұжымдық ұйымшылдықты оның маңызды сипаттамасы ретінде -
мақсаттарды, міндеттерді және идеалдардың ортақтығын мойындаудан туған оның
бірлік өлшемдері түрінде қарастырады. Сондықтан ұйымшылдықты анықтау үшін
және оны білдіретін индекстерді алу үшін отандық ғалымдар бірлескен топтық
іс-эрекеттің мазмұндық сипаттамасына жүгінді. Осылайша ұйымшылдықты,
стратометриялық концепциямен байланыста болатын, ұжымның құндылықты
бағытталған бірлігі ретінде қарастыру түсінігі пайда болды.
1. Топ ұғымының жалпы түсінігі

Тәрбиелеу объектісі ретінде әдетте жеке баладан гөрі, әр түрлі сипаттар
бойынша біріктірілген балалардың әр түрлі топтары қарастырылады. Адам
тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі қатынастарды тікелей
көрсететін амалданған көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы мынада: топ
- белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің
субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.
Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл сөз XVII ғасырдың аяғынан кейін
пайда болды. Дәл осы кезде француз суретшілері Италиядан техникалық
терминді отанына "әкелді".
Қазіргі уақытта бұл "техникалық" ағым толығымен ысырылып, топ ұғымы
психологияда берік бекітілді. Алайда, бұл құбылыстың күрделілігі мен бір
мағыналы болуы соншалықты, оған бір мағыналы анықтаманы ешкім бермеді,
сипаттардың бірқатарын атаумен шектелді. Топты төмендегідей сипаттағы жеке
адамдардың жиналысы құрайды деп санады:
а) бірімен бірі жиі арақатынас жасайтын;
ә) өздерін бір топтың мүшелері деп санайтын;
б) өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін;
в) рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатысатын;
г) бірдей объектілер мен және идеалдармен өзін тенестіретін;
д) топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын;
е) кооперативтік өзара байланыста болатын;
ж) өздерін біртұтас сезінетін;
з) өздеріне қатысты іс-әрекеттерді реттейтін.
Бұл тізімнің кеңеюі мүмкін және бұл параметрлер саны шексіздікке ұмтылады.
Топқа неғұрлым қатаң психологиялық анықтама беру жайлы айтатын болсак, онда
белгілі бір сипаттамалар негізінде әлеуметтік біртұтастықтан бөлініп
шығатын шамасы шектелген бұл жалпыламалық болып табылады.
2. Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы

Топтарды өлшемі бойынша былайша бөлу кең таралған:
Үлкен
Шағын топтар.
Үлкен топтар шынайы және шартты болып бөлінуі мүмкін. Шынайы топтар
дегеніміз - белгілі бір іс-әрекетке түсетін күрделі түрде ұйымдасқан
адамдар тобы (мектеп ұжымы, зауыт ұжымы және т.б.).
Шартты топтар бір-бірімен тікелей не жанама объективтік арақатынас
жасамайтын субъектілерден тұрады. Олардың әлеуметтік және психологиялық
сипаттамалары ортақ болады (ұлттық, жас шамасы, жыныстық және т.б.). Үлкен
шартты топтарды зерттеу олардың мүшелерінің дамуын болжауға және оларға
қатысты өзінің стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.
Шағын топтар бұл - ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген,
әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар. Ішкі құрылысының
қарапайымдылығы шағын топтың ерекшелігі болып табылады. Шағын топта,
әдетте, беделді лидер немесе беделді жетекші болады. Топ мүшелерінің
арақатынасын реттеуші ұйымның сипатына байланысты топтарды бөле отырып
ресми ұйым топтың құрылымының сырттан берілетінін болжайды, ал топтың ресми
емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі
құрылымдық ерекшеліктер реттейді. Бұл топтарды мынау сипаттайды: олардағы
арақатынастар топтық іс-әрекеттің мазмұнына байланысты болмай, симпатия -
антипатияның тікелей қатынастарына ғана байланысты болады. Мұндай
бірлестіктер әдетте ерікті уақытша болып, көзқарастардың үқсастығымен
айкындалады (экскурсия, лабораториялық зерттеуге қатысушы адамдар тобы;
емтихан тапсырушы талапкерлер). Қоғам мұндай бірлестіктердің тіршілік
етуіне рұқсат бергендіктен, мұндай топтарга ресми жақтардың болуы мүмкін.
Педагогтың, зерттеушінің алдына қойылған міндеттер бойынша, шағын топтарды
былайша бөлуге болады: топ мүшелерінің арасындағы қатынастардың жақындық
дәрежесіне байланысты -бірінші (жанұя, жақын достар) және екінші (оқулық,
өндірістік байланыстар); топқа қатынасушылардың құқықтарына байланысты
-бірдей (топтың барлық мүшелерінің құқықтары тең болады) және бірдей емес
(құқықтар мен міндеттердің белгілі бір иерархиясы болады); жеке адам үшін
топтың құндылығына байланысты -мүшелік топтарға (топтағы көзқарастарды,
қатынастарды қаламаса да жеке адам белгілі бір жағдайларға ғана байланысты
қатысады) және референттік топтар жеке адам үшін зталон мінез-құлық үлгісі
болатын. Шетел зерттеушілері шағын топқа ерекше назар аударған.
М.Г.Ярошевский бұл қызығушылықтың бастауы деп адам іс-әрекеттерінің
бөлінуінің күшеюі салдарынан жалпы қоғам өмірінің күрделенуі, қоғамдық
ағзаның күрделенуін біледі. Адам өмірінде шағын топтардың рөлі объективтік
көтерілуде, өйткені топталып шешім қабылдау қажеттілігі өсуде.
Алайда, жалған әдістемелік ұстанымдар шетел психологтарын шағын топтардың
мағынасын қайта бағалауға әкелді. "Адам факторын", "Адам
қатынастарын" ондаған университеттер арнайы институттар және лабораториялар
зерттеді. Шағын топты психологиялық феномен ретінде қарастырды. Ғалымдардың
пікірі бойынша, бұл феноменді зерттеу тұлғаның қалыптасу заңдарын ғана
емес, сонымен қатар коғамның даму заңдарын да түсіндіруге мүмкіндік берді.
Шағын топтардың тұтастығы, топ ішіндегі байланыстарды үзуге бағытталған
күштерге қарсы әсер етуші олардың құрылымының тұрақтылығы, топтың іс-
әрекетінің нәтижелілігі және оның жетекшілік үлгісімен, мөлшерден
тәуелділігі, тұлғаның топтан тәуелсіз болуы, сондай-ақ тұлғааралық
қатынастардың басқа мәселелері - экспериментальдық зерттеулердің тақырыбы
болды және әлеуметтік психологияның арнайы бөлімін -топ динамикасын
зерттеуді құрды.
Қазіргі уақытта батыс психологиясында көптеген қайшылықтар бар: шағын топқа
анықтама беру әлі талқылануда, сондай-ақ шағын топтың сандық параметрлері,
оның төменгі және жоғары шектеулері туралы мәселе, топтық үрдістер ауқымды
мәселесі. АҚШ психологтары бұл дағдарысты құбылыстарға көптеген
түсініктемелер беруде: лабораториялық әлеуметтік-психологиялық
эксперименттердің мәліметтері қоғамдық өмірдің шынайы айғақтарына сәйкес
келмейді; жеткілікті ғылыми мағлұматтары болмай тұрып тәжірибелік
мәселелерді шешуге бел байлайтын зерттеушілердің кәсіби құзырлығының
болмауы; және т.б. Алайда, батыстағы әлеуметтік-психологияның қарқынды
дамуының зардаптарының негізгі себебі оның әдістемелік әлсіздігінде жатыр.
Американдық әлеуметтік психологияда әр түрлі әлеуметтік психологиялық
феномендерді түсінуге қажетті ортақ теориялық негіз жоқ. Әр түрлі топтағы
адамдардың мінез-құлық заңдылықтары механикалық тәуелділікке тіреледі: топ
"қысады", ал топтың мүшелері топ қысымына бағынады немесе бағынбайды; топ
кейбір жеке адамдарға тартылады, ал басқалардан қашады немесе керісінше,
оларды өз ортасынан шығарып тастайды; егер топ ішіндегі байланыстар
көбейсе, онда топ жұмыла түседі, егер оның мүшелерінің саны көбейсе, онда
топтық байланыстар азаяды және үзіледі. Американдық әлеуметтік
психологияның өкілдері кез келген әлеуметтік топты сырттай байланысқан және
өзара әрекеттесетін жеке адамдардың механикалық агрегаты ретінде көруге
дайын.
Бұл кемшіліктер экспериментальдық зерттеулердің құрылысынан
анық көрінеді. Әдетте зерттеу объектісі ретінде кездейсоқ адамдардың тобы
пайдаланылады. Эксперимент шарттары топтың тұлғаға таза механикалық әсер
етуін бақылау қарастырған.
Әлеуметтік міндеттердің қалыптасу заңдылықтары жайлы көзқарастардың
эволюциясы салдарынан ұжым психологиясы пайда болды.
Ұжымның қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге А.С.Макаренко үлкен үлес қосты.
Ол ұжымдасудың маңызды сипаты ретінде бірлескен әлеуметтік - позитивтік іс-
әрекетті қарастырды. Егер ұжым қоғамға пайдалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Ұжым психологиясы мәселесі
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері
Қоғамның әлеуметтік құрылымының және оның дамуының әлеуметтануы
Саяси режимдердің жіктелуі
Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Топ және ұжым психологиясы
Саяси процесс және саяси қызмет
Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік. Шиеліністі құрайтын элементтер
Пәндер