Қызылорда облысы денсаулық сақтау бөлімі мен емдеу мекемелерінің қызметі /1946-1991 ж.ж/


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қызылорда облысы денсаулық сақтау бөлімі мен емдеу мекемелерінің қызметі /1946-1991 ж. ж/

Қызылорда, 2010 жыл

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а) Соғыстан кейінгі жылдары Қызылорда облысы денсаулық сақтау бөлімі қызметі

б) 1962-1990 жылдары Қызылорда облысы денсаулық сақтау бөлімі қызметі

3. Қорытынды

Кіріспе

Өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуында барлық салаларда, оның ішінде әлеуметтік саланың негізгі буыны болып таьылатын медициналық мамандардың ролі мен маңызы даусыз. Сонымен бірге, өлкенің дамуындағы әрбір әлеуметтік-кәсіптік топтың қосқан үлесінің ара-салмағын ажырату, нақтылап түстеу, бүгінгі тарих ғылымының міндеті болып табылады. Ұстаздар қауымы жас ұрпақтың тәрбиелеу мен оқытуға жауапты, инженерлер мен құрылысшылардың облысымыздың өндіргіш күштерінің дамуындағы ролі айрықша. Ауыл шаруашылық қызметкерлерінде өзіндік кәсіптік міндеткерліктері бар. Ал медицина қызметкерлеріне ең басты құндылық - адамның денсаулығын сеніп тапсырған. Демек, медицина қызметкерлерін даярлау мен олардың қызметіне байланысты тарихи тәжірибелерін ғылыми тану, облыс тұрғындарының денсаулығын сақтауды дұрыс және тиімді ұйымдастырудың мүмкіндіктерін кеңейтеді.

ХХІ ғасырдың басында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында стратегиялық бағыттарын айқындауда бетбұрыстар

байқалды. Атап айтқанда, облыс басшылығы мен тұрғындарының алдындағы міндет өлкені ауыл шаруашылықты аймақтан заманауи, инновациялық технологияға негізделген өнеркәсіптік өлкеге айналдыру. Бұл тұрғыдан алғанда, облыстық денсаулық сақтау бөлімі мен емдеу мекемелерінің қызметінін тарихын объективтік түрде талдаудың қажеттігі осы талаптардан туындайды. Өйткені нарықтық қатынастарға көшу, әлемдік экономикадағы дағдарыс, облыс тұрғындарының әлеуметтік денсаулығына нақты қауіп тудырып отыр. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, және жаңа экономикалық жағдайларда денсаулық сақтауды жолға қойып, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық прогресстегі адами факторге назар аударған жөн. Бұл орайдағы диссертациялық жұмысымыздың мақсаты осыдан туындайды.

Соғыстан кейінгі жылдары Қызылорда облысы денсаулық сақтау бөлімі мен медицина қызметкерлері де барша кеңес халқы сияқты халық шаруашылығын бейбіт өмірге бейімдеу бағытында аянбай еңбек етіп жатты. Барлық халық шаруашылығы салалары сияқты денсаулық саласына да майданнан оралып, облыстық денсаулық сақтау саласы қатарын толтырған дәрігерлер мен медбикелер болды. Бірақ, олардың саны салыстырмалы түрде өте аз еді. Сондықтан, саладағы мамандардың жетіспеушілігінің орнын толтыра алмады. Бұрынғы жылдардағыдай денсаулық сақтау мамандары, дәрігерлер мен медбикелер барлық мамандықтар бойынша жетіспеді. Республикамыздағы бір ғана медициналық оқу орнының болуы барлық қажеттерді қанағаттандыра алмады. Сондықтан, кейбір жағдайларда еліміздің орталық аудандарынан қажетті мамандар санаулы болса да министрлік арқылы алдыртып отырды. Мысалы: еңбекшілер депутаттары Қызылорда облыстық Советінің 1946 жылдық 28 ақпандағы шешіміне сәйкес, облыс көлемінде колхоздарда дерлік медбикелер жетіспеген, осыған байланысты осы жылы 1 сйуірден бастап колхоз медбикелерді дайындайтын курс ашылған, онда 75 медбике дайындалып, қажетті куәліктер берілген, сондай-ақ колхоз медбикелерінің білімін жетілдіру үшін 1 шілдеден бастап айлық курстар ашылды. Оны 73 медбике бітіріп шықты. Алайда, осындай қысқа мерзімдік курстары ұйымдастырудың өзі де оңайға соққан жоқ. Атап айтқанда, курстарда лекция, практикалық сабақтар өткізе алатын маман-кадрлар жетіспеді. Сондықтан, мұндай курстар да аудандарда өткізу қолға алынды. Көп ұзамай медбикелердің біліктілігін жетілдіру курстар аудандарда жұмыс істей бастады, бірақ кіші медициналық қызметкерлерді дайындау өткір мәселе ретінде қалып қойды. Сондықтан Қызылорда қаласында фельдшерлік мектеп ашылды. [6, 33б]

1946-1953 ж. ж сондай-ақ жоғарғы білікті дәрігерлер жетіспеді. Мысалы: аудандарды былай қойғанда Қызылорда қалалық ауруханасында және емханаларында бар болған штат бойынша 195 ғана медициналық қызметкерлер болды. Дәрігерлердің екеуінің ғана жоғары білімі болды. Ал 18 дәрігердің орта арнайы білімі ғана болды. [7, 1б]

50-ші жылдардың басында да жағдай оңалған жоқ. Мысалы: бүкіл облыстың терапевтері 2 ауысымда жұмыс істеді. Облыстың бас терапевті М. Н Яньшиннің мәліметі бойынша терапевт мамандарды даярлауда едәуір ілгерілеушілік байқалған. Шиелі ауданынан бөлек 7 ауданда терапевт кадрлық зәрулік азайған. Алайда, облыс бойынша терапевт кадрлармен қамтамасыз етушілік 45, 8 % құраған. [8, 37б]

Соғыстан кейінгі жылдары есі ауысқан аурухананың негізінде әскери госпиталь жұмысын жалғастыра берді. 1953 жылы Қазақстан психиатр дәрігерлерінің бірінші республикалық кеңесінің Қызылордада өтуінің тарихи мәні зор, айта кететін жайт республиканың психиатриялық саласы өз бастауын Сыр өңірінен бастағанын атап өткен жөн. Соғыстан кейінгі жылдары Камал Баймаханов, Әкрам Идрисов, М. Н. Ким, М. Н. Яньшин, Д. Д. Угай, Чюн-Сюн Фушанович, Т. А. Федотова, С. Ташпенов, А. Б. Даиров, психиатрлар Н. И. Зак, А. Я. Звенигородский, Ш. Х. Донин, Н. А. Гонопольский, А. В. Глушко, З. Д. Салихова, З. Г. Меркулова, И. С. Кәрімбаев, Г. В. Попова сияқты жоғары білімді дәрігерлер жұмыс істеді [9, 14б ] .

1952- 1982 жылдар аралығында облыстықденсаулық сақтау бөлімін София Өтегенқызы Мақашева басқарды. Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің ең басты міндеті аудандарға дәрігерлер жіберу, санитарлық автокөлік бөлу мәселелерін шешті. С. Ө. Мақашева облыс медицина саласын басқарған кезеңде дәрігерлер саны 92-ден 1427-ге өсті, оның ішінде 98 дәрігер ғылыммен айналысып, медицина ғылымдарының кандидаты болды. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 520-дан 4758-ге көбейді. Бұл жылдары дәрігерлердің саны 1800-ге дейін көбейтілді. Ал орта буын медицина қызметкерлерінің саны 8500 дейін өсті. [10, 26б]

Емдеу мекемелерінің қызметіне мемлекеттік саяси басшылық кеңес өкіметінің емдеу мекемелерінің қызметіне мемлекеттік саяси басшылық жасауының азамат сағысы жылдарынан бастау алатын және соғысқа дейін жылдары тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінен басталған орасан зор тәжірибесі бар еді. Соғыстан кейінгі жылдары медицина мекемелерінің қызметіне әміршілдік-әкімшілдік басқару дәстүрлері кемеліне келді. Қалыптасқан қоғамдық-саяси ауыр атмосфера дәрігерлердің қызметін де айналып өтпеді. Орталықтан басталған «Дәрігерлер ісі» науқанының ызғарлары сыр бойы дәрігерлеріне дейін жетіп жатты.

Кеңес елінің дәрігерлер қызметінің бақылауының кеңінен таралған жүйесі болды. КСРО, Қазақ ССР, денсаулық сақтау министрлігінің облыстық денсаулық сақтау бөлімі болып табылғандықтан осы құрылым арқылы дәрігерлердің қызметі мемлекеттің бақылауында болды. Соған сәйкес аудандық денсаулық сақтау бөлімшелері облыстық денсаулық сақтау бөліміне бағында. Мұнымен бірге дәрігерлердің қызметі қатаң саяси-идеологиялық бақылауда болды. Атап айтқанда денсаулық сақтау бөлімі мен емдеу мекемелерінің барлығында бастауыш партия ұйымдары құрылып, олар жергілікті партия ұйымына аудандық, қалалық, облыстық, партия комитеттеріне бағынды. Әрбір тоқсан сайын денсаулық сақтау мекемелері мемлекеттік құрылымдардың алдында және партия ұйымдарының алдында есеп беріп отырды. 1946-1953 жылдары облыстық денсаулық сақтау бөлімі мен емдеу мекемелерінің жиналыстарында қаһарлы сипат тән болды. Көптеген дәрігерлердің қызметіндегі кемшіліктер мен олқылықтарға ешқандай негізсіз саяси мән беріліп отырды. Мұның барлығы дәрігерлердің бойында негізсіз үрей сезімін қалыптастырып, өздерінің кәсіптік міндеттерін атқаруға үлкен кедергі жасады. Бұл да негізсіз емес еді, себебі репрессияға ұшыраған саяси қысым көрген зиялылардың арасында дәрігерлерде аз болған жоқ.

Бүкіл еңбек ұжымдары сияқты партияның съездері мен пленумдарының қаулы-қаралары, шешімдері, еңбек ұжымдарында талқыланып алдағы міндеттер айқындалды. Қаулылар мен шешімдерге сәйкес еңбек ұжымдарында көптеген кемшіліктер аталып өтті. Жиналыстардың көпшілігі сын және өзара сын атмосферасында өтті.

1954-1964жылдары кеңес елінің «жылымық» жылдарына сәйкес келіп облыстық денсаулық сақтау бөлімі қызметкерлерінің жұмысына да оң ықпал етті. Мемлекеттік партия және совет органдары халыққа медициналық әлеуметтік қызмет көрсетудің формалары мен тәсілдерін жетілдіре түсті. Дегенмен, сапалы медициналық қызмет көрсету халықтың арасында санитарлық ағартушылық жұмыстарды жүргізу бұрынғыша өзекті болып қала берді.

Аталған мерзімде облыстық денсаулық сақтау бөлімін басқаруда бұрынғы қаһарлы директивадан гөрі іскерлік ұсыныстар мен оларды жүзеге асыруға күш салу байқалды. Аудандық, қалалық, облыстық партия комитетінің бюро, пленумдарында халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің құрамдас бөлімі ретінде медицина саласына айрықша мән берілді. Нақ осы жылдары медицина қызметкерлерінің арасынан халық депутаттары аудандық, қалалық, облыстық кеңесінің депутаттығына сайланып отырды. Бұл кеңестік практикаға сәйкес формалистік сипатта болғанына қарамастан дәрігерлерді жергілікті өзін өзі басқару ісіне тартудың бір тәжірибесі еді.

Кеңестік жүйенің медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуінің әдістері мен тәсілдерінің формалары алуын түрлі болды. Бір жағынан әкімшілік сарын басым болғанымен, екінші жағынан медициналық қызметкерлердің еңбегі жергілікті партия, кеңес органдары тарапынан марапатталып отырды. Бұл марапаттаулардың көпшілігі алғыс жариялау, грамоталар беру, медальдар мен ордендермен наградттау және басқалар барынша қолданылды. Сондай-ақ дәрігерлер халықтың арасында партиялық-идеологиялық үгіт насихат жұмыстарына барынша тартылып отырды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында облыс дәрігерлері, фельдшерлері мен медбикелерінің көпшілігі майданға аттанып әскери госпитальда еңбек етті. Облыс орталығына Қырым медициналық институты сияқты ірі клиникалар уақытша қоныс аударды. Есі ауысқан науқастар ауруханасы негізінде әскери госпиталь жұмыс істеді.

Қызылорда облысы атқару комитетінің 1946 жылдағы шешімі бойынша атқару комитеті медицина саласында жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің материалдық жағдайын түзетуге үлкен көңіл бөлуде. Әсіресе мұндай жағдай ауылдық жерлерде қатты сезіледі. Атап айтқанда: өз баспаналарының болмауы, ондағы жарықтың пен жылудың, көліктің, материалдық-техникалық базаның болмауы. Осылайша облыстық сауда бөлімінің меңгерушісі Абдулфайзов және облыстық тұтунышылар одағының төрағасы Қожахметовтен барлық медицина қызметкерлерін тиісті тауарлармен, азық-түлікпен қамтамасыз ету жүктеледі [11, 35б]

Соғыстан кейінгі жылдарда, атап айтқанда 1957 жылы облыста 48 аурухана болып, ондағы төсек саны 3515-ке теңелді. Оларда 208 дәрігер мен 1057 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Туу көрсеткіштері бойынша Қазақстан Кеңестер Одағында, ал облыс Қазақстанда бірінші орынға шықты.

1953 жылы Қазақстан психиатр-дәрігерлерінің бірінші республикалық Кеңесінің Қызылордада өтуінің тарихи мәні зор. Өйткені республиканың психиатриялық саласы өз бастауын осы өлкеден алғандығы бұлтартпас шындық. Бұл кезеңдерде дәрігерлер К. Баймаханов, Ә. С. Идрисов, М. Н. Ким, М. Н. Яньшин, Д. Д. Дугай, Чун-Сун Фушанович, Т. А. Федотова, А. Б. Даиров облыс денсаулық сақтау ісіндегі сіңірген еңбектері елеулі болды. 1961 жылы ашылған қалалық біріккен балалар ауруханасының облыс педиатриялық саласын жаңа деңгейге көтерудегі маңызы зор. 1967 жылы облыстық аурухананың құрылысы бітіп, ол облысв көлемінде маманданған сала жұмыстарын кең көлемде жүргізуге даңғыл жол ашты. 1970 жылы құрамында 70 төсектік гинекологиялық бөлімшесі бар 150 төсектік облыстық перзентхананың ашылуымен әйелдер мен нәрестелерге көрсетілер медициналық көмек деңгейі жоғартылады. 1977 жылы ашылған қалалық біріккен ауруханасының облыс медицина тарихында алар орны ерекше. Онда заман талабына сай озық медицина жетістіктері пайдаланылып, облыс, қала халқына көрсетілетін емдеу көмегі сапасы арта түсті.

1985-1991 жылдары аралығында облыстағы ауруханалар саны 74-тен 93-ке көбейіп, олардағы төсек саны 7665-тен 8280-ге жетті. Дәрігерлер саны 1708-ден 2005-ке жетті, орта буын медицина қызметкерлерінің саны 6748-ден 8623-ке артты. 1991 жылы облыстық денсаулық сақтау бөліміне қарасты мекемелерге бюджеттен 114 миллион тенге қаржы бөлінді. 1994 жылы 4810

төсегі бар 39 аурухана, 40 дәрігерлік амбулатория, 243 фельдшерлік-акушерлік пункт ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті.

Тағы бір айта кететін маңызы аз емес жайттардың бірі, соғыстан кейінгі кезеңде балаларда тубеткулездік менингит, ересектерде туберкулезді перитонит дерттері көбірек ұшырасты. Сондықтан кезінде республика басшыларын бұл мәселенің маңыздылығына көздерін жеткізген А. Б. Даиров облыс орталығында 100 төсектік туберкулезге қарсы балалар санаторийін ашты. 1947-1952 жылдар аралығында ауылдық учаскелік ауруханалар саны 19-дан 27-ге, ал облыс бойынша ауруханалардағы төсек саны 497-ден 670-ке дейін өсті. Бұл кезеңде ауылдық ауруханалардағы дәрігерлер саны 16-дан 34-ке, ал облыс бойынша 78-ден 124-ке өсті. 1952 жылдары облыс орталығындағы санитарлық авиацияның шалғай малшылар қонысындағы сырқаттарға шұғыл көмек көрсету ісін ұйымдастырды. Облыстық денсаулық сақтау бөлімі басшылары алдында ауданға дәрігерлер жіберу, санитарлық автокөлік бөлу мәселелерін шешті. Соның нәтижесінде ауданға алғашында екі дәрігер келіп, кейін эпидемиолог және паталогоанатом жұмысқа орналасты. С. Ө. Мақашева облыс медицина саласын басқарған кезеңде облыс ауруханаларындағы төсек саны 970-тен 6540-қа, дәрігерлер саны 92-ден 1427-ге өсті. Медициналық бекеттер 76-дан 290-ға, ауруханалар 32-ден 82-ге өсті. Облыс емдеу мекемелеріндегі рентгендік жабдықтар саны 3-тен 60-қа, автокөліктер саны 19-дан 300-ге жетті. Ең бастысы облыс медицина маласына бөлінген қаржы 1, 5 миллион сомнан 29 миллион сомға артты. Мемлекет қамқорлығы нәтижесінде 5 ауылдық, 3 аудандық аурухана, 2 перзентхана, қалалық және облыстық аурухана мен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 3 аудандық аурухана мен Қызылорда қаласында эндоскопия және ультрадыбыстық диагностика кабинеті ашылды [12, 3б] .

Мұрағат деректерінен Сыр бойын мекендеген халыққа европалық дәстүрдегі медицина қызмет көрсетуінің алғашқы нышандары он тоғызыншы ғасырдың елуінші жылдары бой көрсете бастағандығы байқалады. Еліміз егемендікке ие болған 10 жыл көлемінде өтпелі кезең қиындығына қарамастан, экологиялық тұрғыдан апат аймағы саналатын Сыр өңірі тұрғындарының денсаулық сақтау ісіне үкімет қамқорлығы жалғасын табуды. Соның нақты айғағы - еліміздегі бірегей емдеу орындарының бірі облыстық медициналық Орталық құрылысының қысқа мерзімде салынып, емделушілердің оның игілігін көруі. Әсіресе соңғы кездері ауылдық медицинаны бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейін жақсарту бағытында нақты шаралар атқарылуда. Әлеуметтік мәні бар дерттер - туберкулез, жыныс жолдарымен берілетін сырқаттар, СПИД және наркологиялық кеселдерді азайту бойынша маңызды бағдарламалар қабылданды. Сонау 1941-1946 жылдары Қызылорда облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Камал Баймахановтың бұл саланың қалыптасуында орны ерекше. Аудандағы жоғары білімді алғашқы дәрігер фельдшер және медбикелермен бірлесе отырып жұқпалы ауруларға қарсы /бөртпе сүзек, іш сүзегі және тағы басқа/ табанды күрес жүргізген. Соғыс кезінде эвакуациямен ауданға келген орыс, украин, молдован азаматтарын және жер аударылған шешен, ингуш босқындарын орналастыру мәселелерімен айналысқан. Оларға медициналық көмек көрсету, эшелондарды санитарлық өңдеуден өткізу сауалдарын шешкен. Сөйтіп жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын қарастырған. 1947 жылдан бастап 1952 жылға дейін облыстық денсаулық сақтау бөліміннің меңгерушісі болған Алмағанбет Бекішұлы Даиров соғыстан кейінгі облыста дәрігер мамандары өте тапшы болды. Бұл елге дер кезінде және толық көлемде медициналық институттың ғалым мамандары жарамды медициналық құрал жабдықтарын өздерімен бірге елдеріне ала кетті. А. Даиров туберкулез, бруцеллез, ішек қарын инфекцияларына қарсы пәрменді күрес жүргізуге үлкен мән берді. Оған қоса бұл кезеңде венерологиялық кеселдер және балалар арасында таз дерттерінің көбеюіне байланысты республика орталығынан арнайы зерттеу экспедициясын шақыртып, елге мамандандырылған көмек беру ісін ұйымдастырды. Облыстың Арал және Қазалы аудандарында лепра кеселдерінің көбеюіне және оны емдейтін мамандандырылған аурухана жоқтығына байланысты үкімет мүшелері алдында мұны арнайы мәселе етіп қойып, нәтижесінде «Талдыарал» елді мекенінен лепрозорий құрылысын бастау сауалдарын шешті.

Бүгінгі таңда Қызылорда медициналық колледжі Сыр өңірі аймағындағы ғана емес, республикамыздағы ең байырға орта арнаулы оқу орындарының бірінен саналады. Қазақ АССР денсаулық сақтау халық комиссариатының 1928 жылы 15 тамыздағы бұйрығымен алғаш «Әйелдер бөлімінің Х жылдығы» атындағы қазақтың өлкелік медициналық акушерлік техникумы болып ашылған.

Соғыстан кейінгі жылдары фельдшер-акушер мектебінде, кейін медицина ғылымдарының докторы атанған А. С. Ыдырысов, М. Е. Егорова, М. Н. Яньшин тәрізді белгілі дәрігерлер ұстаздық жұмысты қоса атқарып, араулы орта білімді медицина кадрларын даярлауға өз үлестерін қоса білді. 1952 жылы мектеп директоры болып келген София Өтегенқызы Мақашева көп ұзама-ақ облыстық денсаулық сақтау бөлімінің басшылық тізгінін қолға алды. Сол кезеңдерде фармацевт, стоматолог, санитарлық-фельдшер, фельдшер-лаборант мамандықтары қосылды. Бұл уақытта оқу орны тек аудан мен қаладағы медицина мекемелерін ғана емес, ауылдардағы мелпункттерді орта білімді мамандармен қамтамасыз етуге қабілетті еді. Сондықтан, Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандық ауруханалары базасында училище филиалдары ашылып, маман тапшылығын жою үшін іргелі жұмыс атқарылды. Соның арқасында аймақта тез таралатын ауруларды ауыздықтау, жедел дәрігерлік қызмет көрсету сапасы біршама жақсарды [13, 3б] .

Майданнан аман оралғаннан кейін институт бітіріп, көп жылдар бойы жүйке-психика аурулары диспансерінің бас дәрігері болған Тұрсынбай Әшімов, соғыстан кейін де, отставкаға шыққанша әскери дәрігер болып істеп, 20 жылдан аса облыстың медицина қызметкерлері кәсіподағын басқарған Кеңесбай Қалиев ағаларымыз өздерінің алғаш ұшқан ұясымен қарым-қатынасты үзбей, оқушылармен жиі кездесіп, ақыл кеңесі мен естеліктері арқылы болашақ маман кадрлар тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосты.

1962-1990 жылдары аралығында медицина училищесінің директоры қызметін Сара Төлегенқызы Дәуітбаева, ал директордың оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары қызметін Е. Е. Тынымқұлов атқарды. 1970-1980 жылдары медициналық училищенің материалдық техникалық базасының жақсарған кезеңі ретінде тарихта қалды. Жаңа оқу корпусы мен 444 орындық оқушылар жатақханасы іске қосылды. [14, 58б] .

Көптеген жаңа оқу кабинеттері ашылды. Олар қажет көрнекті оқу құралдармен, жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл кездері оқушылар саны 1 мыңнан асты, бұл өте жоғары көрсеткіш болатын. Оған қоса орта медициналық білімді мамандармен облысты толық қамтамасыз ету үшін Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудан орталықтары мен Ленинск қаласында училище филиалдары ашылды. [15, 8-10б]

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939 – 1979 жылдар)
Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗІНДЕ
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
ҚР-дағы денсаулық сақтау сферасында маркетингтің дамуы
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәннің лекция сабақтарының әдістемелігі
Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру
Қазақстанның емдік лайды қолданатын курорттары
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz