Спортшылардың психологиялық дайындығы



Жоспар:
І.Кіріспе
Спорт психологиясының тарихи дамуы
ІІ.Негізгі бөлім
1. Спорт психологиясының мақсаттары мен міндеттері
2. Спортшылардың психологиялық дайындығының негізгі мәселелері
3. Спортшылардың психологиялық дайындығының түрлері мен әдіс.тәсілдері
4. Спортшылардың психологиялық дайындығындағы айырмашылықтар
5. Жеке спортшының дара тұлға ретіндегі өзгешеліктері
ІІІ.Қорытынды
Спортшылардың психологиялық дайындықтарының спорт әлеміндегі маңызы
І. Кіріспе
Cпорт психологиясы адамның жаттығу және жарыс жағдайындағы психикалық әрекет заңдылықтарын қарастырады. Спорт психологиясы психология ғылымының өте жас қолданбалы саласына жатады. Спорт психологиясы түсінігі қазіргі Олимпиада ойындарының негізін қалаған Пьер де Кубертеннің мақалаларында алғаш кездескен. 1913 жылы Пьер де Кубертеннің ұйымдастыруымен Лозаннадағы Халықаралық олимпиадалық комитетте өткен спорт психологиясы бойынша арнайы конгрессте ол жеке сала ретінде бөлініп шықты. Осы конгресстен кейін спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады. 1920 жыл мен 1940 жылдар аралығында олардың зерттеу жұмыстары Германия, АҚШ және басқа мемлекеттерде белсенді жүрді. Бірақ осы кезде спорт психологиясы мәселелері ғылыми жетілмеді.
Спорт психологиясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дами бастады. Себебі бүкіл әлемде спорттық жетістіктер күрт өсті және спорт мәртебесі көтерілді. Бұл әсіресе олимпиада ойындарында және әр түрлі спорт түрлері бойынша әлемдік біріншіліктерде байқалды.
1965 жылы Италиядағы спорттық медицина федерациясының беслменділігімен Римде спорт психологиясы бойынша конгресс ұйымдастырылды. Халықаралық спорт психологиясы қоғамы пайда болды. Осыдан кейін спорт психологиясы халықаралық қолдауға ие болды. Римдегі конгресстен кейін ол: 1968 жылы Вашингтонда, 1973 жылы Мадридте және 1977 жылы Прагада өтті. 1970 жылдан бастап “Международный журнал психологии спорта” атты журнал басылымға шықты.
Халықаралық спорт психологиясы қоғамы құрылғаннан кейін спорт психологиясының аймақтық одақтары құрылды. 1967 жылы спорт психологиясының солтүсті америкалық одағы, 1969 жылы спорт психологиясының Еуропалық ассациациасы құрылды. Кейін спорт психологиясының ұлттық ұйымдары Канадада, Жапонияда, Германияда, Англияда, Францияда, Бразилияда, Австралияда, және басқа мемлекеттерде құрылды.
Қолданылған әдебиеттер:

 «Спорт психологиясы психологиялық білімнің қолданбалы саласы ретінде», Г.Қ.Айқынбаев.
 «Спортшылар мен спорт командаларының психологиялық дайындығы»,
Қ.І. Адамбеков, К.Д. Ахинжанов, С.А. Солтекова.
 «Спортшылар мен спарт командасының психологиялық дайындықтар негізі», Ақпаев А.Т.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Алматы Технологиялық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Спортшылардың психологиялық дайындығы

Орындаған: Аманоллина Н.Ж.
Топ: РДиГБ 14-11
Тексерген: Жүсіпбаев Б.Б.

Алматы 2013ж.
Жоспар:
І.Кіріспе
Спорт психологиясының тарихи дамуы
ІІ.Негізгі бөлім
1. Спорт психологиясының мақсаттары мен міндеттері
2. Спортшылардың психологиялық дайындығының негізгі мәселелері
3. Спортшылардың психологиялық дайындығының түрлері мен әдіс-тәсілдері
4. Спортшылардың психологиялық дайындығындағы айырмашылықтар
5. Жеке спортшының дара тұлға ретіндегі өзгешеліктері
ІІІ.Қорытынды
Спортшылардың психологиялық дайындықтарының спорт әлеміндегі маңызы

І. Кіріспе
Cпорт психологиясы адамның жаттығу және жарыс жағдайындағы психикалық әрекет заңдылықтарын қарастырады. Спорт психологиясы психология ғылымының өте жас қолданбалы саласына жатады. Спорт психологиясы түсінігі қазіргі Олимпиада ойындарының негізін қалаған Пьер де Кубертеннің мақалаларында алғаш кездескен. 1913 жылы Пьер де Кубертеннің ұйымдастыруымен Лозаннадағы Халықаралық олимпиадалық комитетте өткен спорт психологиясы бойынша арнайы конгрессте ол жеке сала ретінде бөлініп шықты. Осы конгресстен кейін спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады. 1920 жыл мен 1940 жылдар аралығында олардың зерттеу жұмыстары Германия, АҚШ және басқа мемлекеттерде белсенді жүрді. Бірақ осы кезде спорт психологиясы мәселелері ғылыми жетілмеді.
Спорт психологиясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дами бастады. Себебі бүкіл әлемде спорттық жетістіктер күрт өсті және спорт мәртебесі көтерілді. Бұл әсіресе олимпиада ойындарында және әр түрлі спорт түрлері бойынша әлемдік біріншіліктерде байқалды.
1965 жылы Италиядағы спорттық медицина федерациясының беслменділігімен Римде спорт психологиясы бойынша конгресс ұйымдастырылды. Халықаралық спорт психологиясы қоғамы пайда болды. Осыдан кейін спорт психологиясы халықаралық қолдауға ие болды. Римдегі конгресстен кейін ол: 1968 жылы Вашингтонда, 1973 жылы Мадридте және 1977 жылы Прагада өтті. 1970 жылдан бастап "Международный журнал психологии спорта" атты журнал басылымға шықты.
Халықаралық спорт психологиясы қоғамы құрылғаннан кейін спорт психологиясының аймақтық одақтары құрылды. 1967 жылы спорт психологиясының солтүсті америкалық одағы, 1969 жылы спорт психологиясының Еуропалық ассациациасы құрылды. Кейін спорт психологиясының ұлттық ұйымдары Канадада, Жапонияда, Германияда, Англияда, Францияда, Бразилияда, Австралияда, және басқа мемлекеттерде құрылды.
Спорт психологиясы бойынша баяндамалар ХVIII және ХХ Халықаралық психихологиялық конгресстер ұйымдастырылды. 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиадалық ғылыми конгресс және 1974 жылы Мәскеуде өткен "Қазіргі заманғы қоғамдағы спорт" атты әлемдік конгресс бағдарламасы жоғары деңгейде өтті.
Қазіргі заманда әлемнің көптеген елдерінде спорт психологиясының ғылыми жетілуі жүруде.
Ресей психологиясының тарихында физикалық тәрбиелеу және спорт психологиясының пайда болған уақыты деп алғашқы ғылыми жұмыстардың шыққан мерзімін атауға болады. Ең алғашқы деп жылдары психология кафедрасының профессорлары П.А.Рудиктің ("Влияние мускульной работы на процесс реакций", "Иследование реакции в применении к оснавным вопросам физической культуры") және Т.Р.Никитиннің ("Значение внушения и подражания в деле физического воспитания") зерттеулерін атауға болады.
жылы Мәскеуде алғашқы рет, кейін жылы профессор А.П.Нечаевтің "Психология физической культуры" атты монографиясы қайта басылып шықты. Осы жылы А.Ц.Пунидің шаңғымен жарыс, үстел теннисі бойынша және басқа жарыстардың спортсменнің психикалық аймағына әсерін зерттеуге арналған жұмыстары және Украиналық психоневрологиялық институттың профессоры З.И.Чучмаревтің мектептегі дене шынықтыру сабағының оқушының интеллектуалдық қызметіне әсері және олардың өзінөзі басқара алуы жайлы жұмыстары баспаға шықты. жылы П.Ф.Лесгафт атындағы институттың психология кафедрасында физикалық тәрбиелеу және спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады. шы жылдардың ортасында спорт психологиясы студенттердің психология курсына енгізілді. Алғашқы "Спорт психологиясының" арнайы курс бағдарламасы жасалды.
Соғыс жылдарынан кейін спорт психологиясы өте қарқын дамыды. Осы уақытта ғылыми зерттеулер базасы кеңейді. Оған дене шынықтыру институтының педагогика және психология кафедралары қатысты. Қарастыратын мәселелері де кеңейе түсті. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағытына: спортшы және жаттықтырушының тұлға психологиясы, спорттық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктері, спортта тәрбиелеу және оқытудың психологиялық негізі болып табылды. Сонымен қатар спорттық жарыстың психологиялық аспектілері, спортсменді жарысқа дайындаудың психологиялық негізі, спортсмендердің жарысқа дейінгі, жарыстағы және кейінгі жағдайы мен іс әрекетін реттеуі және өзінөзі реттеуі қарастырылды.
жылы Психология институтында А.Ц.Пуни "Спорт психологиясы" тақырыбына алғашқы докторлық диссертациясын қорғады. Кейін спорт психологиясы бойынша О.А.Черникованың, В.Г.Норакидзенің, С.Ч.Геллерштейннің, Г.М.Гагаеваның, А.В.Родионованың, Н.А.Худадова-ның, А.А.Лалаяның және тағы да басқалардың монографиялары шықты. Спорт психологиясы бойынша еңбек жинақтары басылымға шыға бастады.
Физикалық тәрбиелеу және спорт психологиясы психологиялық ғылымның арнайы саласы ретінде психологиядан Бүкілодақтық кеңестер бағдарламасына, кейін КСРО психологтар қоғамының Бүкілодақтық съезінің бағдарламасына енді. Физикалық тәрбие және спорт психологиясының соғыстан кейінгі дамуы оның практикаға жақындауымен мінезделеді. жылы дене шынықтыру және спорт комитетінің ғылымиәдістемелік кеңесінде спорт психологиясы бойынша комиссия құрылды. Ол кеңестік спорт психологтарының басын қосқан орган болды. жылының мамыр айында КСРОда алғашқы спорт психологиясының Федерациясы құрылды.
ІІ. Негізгі бөлім
Қазіргі таңда спорт психологиясын зерттеуге деген зор қызығушылықтар туындауда. Спорт психологиясының негізгі мақсаты спортсмендерде және спорттық шеберлік және сапалық командаларында жарыстарға қатысу үшін қажет психологиялық заңдылықтардың қалыптасуын анықтау, сонымен қатар психологиялық негізделген жаттығу әдістері мен жарысқа дайындықты өндеу болып табылады.
Спорт психологиясының пәні- әр түрлі спорттық әрекеттің және спортсмен тұлғасының психологиялық ерекшеліктері. Қазіргі заманғы қоғамда спорт үлкен орын алады. Ол адамның жанжақты физикалық дамуын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, онда моральдіеріктік қасиеттерді тәрбиелейді.
Спорт түрлері алуан, бірақ оның бәрі спорттық жарыстарда және жүйелік жаттығуларда қатысуды талап етеді. Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден, спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден, осы әрекеттің субъектісі ретінде спортсмен тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.
Спорт психологиясы спорттық әрекет жағдайында адамның психикасының заңдылықтарын, дамуын, көрінісін зерттейтін психологиялық ғылым саласы. Спорттық әрекеттің адамның басқа әрекеттерінен қандай айырмашылығы бар? Спорт спецификасы жарыстарда жеңіске жету мақсатымен өзін күнделікті физикалық және психикалық жүктемеге салуға мүмкініндік беретін жоғары мотивацияда, осы мотивация арқасында спорт адамның мүмкіндіктерінің табиғи лабораториясына айналды. Спорт психологиясы жарыс және жаттығу жағдайындағы ұжым және жеке адамның психикалық әрекетінің заңдылықтарын зерттейді.
Спорт психологиясы еңбек психологиясы, ойын психологиясы, педагогикалық психология сияқты адам әрекетінің нақты түрлерінің негізін зерттейтін психология бағыттарының бірі. Ғылымдар жүйесіндегі спорт психологиясының орны екі сипатпен анықталады: психологиялық ғылымдар саласы ретіндегі орны және спорт жайлы ғылымдар жүйесіндегі орнымен.
Психология саласы ретінде спорт психологиясы жаратылыстану, философия, әлеуметтік ғылыми дисциплиналар жүйесінде ортаңғы орынға ие. Жаратылыстану ғылымдары бағытында спорт психологиясы физиологиямен, психофизиологиямен, медицинамен, биологиямен, математикамен, физикамен тығыз байланысты. Әлеуметтік бағытта спорт психологиясы педагогикамен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен тығыз байланысты.
Жалпы жоғарыда аталып өткен мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:
. Спорттық іс әрекеттің спортсмен психикасына әсерін зерттеу.
- жарыстың психологиялық талдауы;
- жарыстың спортсменге әсер етуінің сипатын анықтау;
- жарыстың спортсменнің психикасына қоятын талаптарын анықтау;
- жарысты сәтті өткізу үшін қажетті адамгершілік, еріктік және басқа психологиялық сапалардың жиынтығын анықтау;
- жаттықтыру әрекеті жағдайына психологиялық анализ жасау;
. Спорттық жаттығулардың тиімділігін арттыру үшін психологиялық жағдайларды жетілдіру. Спорт психологиясы спорттық шеберліктің жетілуінің механизмдері мен заңдылықтарын қарастырады.
Бұның бәрі психологтан келесі жағдайларды талап етеді:
а спорттық жаттығулардың әдістәсілдерін психологиялық негіздеу;
б психикалық функцияны дамыту арқылы және жаттығудың аппараттық әдісін жасау арқылы спортсмен ағзасының барлық мүмкіндіктерін максималды қолдана алу үшін жолдарды қарастыру;
в спорттың жеке түрлерін психологиялық сипаттау әдісін, әлеуметтік құрылым және спорттық команданың психологиялық ахуалын, спорттық мүмкіндіктерді психодиогностикалау әдісін өңдеу;
г жаттығу жағдайында жарыстық жағдайды ғылыми негізделген модельдеу әдісін өңдеу.
3. Спортсмендердің жарыс алдыңдағы дайындықтарының психологиялық негізін жетілдіру.
Қазіргі уақытта спортсменнің жарыс алдыңдағы дайындығының мазмұны мен сипаты түбірімен өзгерген. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.
Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болуда. Сондай - ақ психихологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортсменді психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс - тәсілдері өңдеу - спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:
а жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;
б жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;
в психопрофилактиканы дамыту, спортсменді шынықтырудың психо-логиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.
Жаттығу кезіндегі спортшылардың экстремалды жағдайға ұшырауы жүйке күйзелісіне себепкер болады. Сол себепті жарыс кезеңінде өзінің шеберлігін дәлелдеу үшін спортшы келесі әрекеттерді істеуі қажет:
1) Өзге адамдардың қысымына бағынбай, әртүрлі жағдайларда әрекет ету.
2) Қателіктер саны аз болу үшін, керекті жаттығулар мен іс-әрекеттерді жоғарғы дәрежедегі нақты дәлдікпен істеу.
3) Жарыс кезіндегі жағдайлар мен шешімдерді тез әрі дұрыс бағалау кезінде, көп ойланып толғанбау.
4) Өз бетінше жүйке жүйесінің өзгерісін бақылауда ұстау.
Мұндай нәтижеге тек дұрыс психологиялық дайындық арқылы қол жеткізуге болады. Осы тәсілмен спортшыларды дайындаудың мақсаты - олардың психикалық жағдайының жоғарғы дәрежеге жеткізуі осыған байланысты олар жарыстарда өзінің функционалдық және арнайы дайындығын жарыстарда толық түрде максималды мүмкіншілікке қол жеткізе алады. Көптеген жарыс алдындағы жарыстық факторға, теріс ықпал және келіспеушілік білдіретін функцияларға қарсы тұра білу, демек жарыс кезінде жоғарғы сенімділік көрсете біледі. Спортшылардың психологиялық дайындығы деп спортшының жоғарғы ұйымшылдық және басқармалық іске асыру процессі, оның потенциалдық мүмкіншіліктер нәтижесіне тең болар мүмкіндіктерін айтады. Сондықтан психологиялық дайындық жалпы системалы - спорттық жаттығулардың қосалқы бөлігі болып табылады және оның физикалық, техникалық, тактикалық сияқты басқа түрлеріне тәуелді болып келеді. Физикалық тұрғыдан төмен дәрежеде жетілсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спортшының психологиялық дайындық принциптері
Спорттық жаттығу әдістері
Спортшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
Жалпы психологиялық дайындық
Боксшының айналмалы жаттығу кешенін қолдану әдістемесі
Киокушинкай каратэ спортшылары үшін дене шынықтырудың маңызы
ЖАС ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Спортшылардың психологиялық дайындықтары
Спортшылардың дайындығын кешенді бақылау және басқару жүйесінің техникалық аспектілері
Жасөспірім шақтағы дзюдошыларды даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу
Пәндер