Диспепсия



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1. Төл аурулары ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Диспепсия ауруына сипаттама. Этиологиясы ... ... ... ... ... ..15
2.3.Паталогоанатомиялық өзгерістер. Клиникалық белгілері ... ..17
2.4. Аурудың дамуы. Балау ... ... ... ..20
3.5. Емдеу. Сақтандыру шаралары ... ... 24
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ІV.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
І. Кіріспе.

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз беретін кәрі малдарды айналымнан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру. Өнімді көп беретін мал табиғаттың әртүрлі қолайсыз жағдайына жиі ұшырап, әртүрлі ауруларға жиі шалдығады. Мұндай жағдай әсіресе төлдердің арасында көптеп кездеседі.
«Мал төлден өседі» - дейді халық даналығы. Олай болса төлдерді алуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбеккерлердің ең негізгі және күрделі міндеттерінің бірі. Төл ауруларының арасында әртүрлі витаминдердің жетіспеушілігі салдарынан дамитын аурулар жиі кездеседі. Бұл аурулардың себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады. Ол туралы баяндалғалы отырған дипломдық жұмысымның әр тарауында, гиповитаминозға қатысы бар аурулардың ерекшеліктерін ескере отырып толық баяндамақпыз.
Малдарды өсіру тәжірибесінде республикамыздың әр өлкелерінің өз ерекшеліктері бар. Табиғаттың қатаң климаты, экологиялық жағдайдың ауыртпашылығы еліміздің батыс аймағында мал шаруашылығын дамытуға өз өрнегін салғаны сөзсіз. Шөбі шүйгін де құнарлы, климаты ауыспалы облысымыздың аудандарында кездесетін төл ауруларының алатын орыны ерекше. Өз еңбегімізде «Сатыбалды» шаруа қожалығы аймағында жиі кездесетін төл аурулары және олардың кейбір ерекшеліктері жайлы, сол аурулардың алдын алуда, емдеуде өзіміз қолданған әдістер жөнінде толық мағлұмат бермекпіз.
Төлдердің арасында кездесетін аурулар көбінесе жұқпалы емес аурулар екені көптеген деректерден мәлім. Жалпы төл ауруларының келтіретін зияны жұқпалы емес аурулардың келтіретін жалпы зиянының 96-98% бөлігін алады (В.П. Шишков, 1982; В.Т. Самохин, 1987) [1, 2].
Төлдерде жиі кездесетін аурулар ең бірінші аналық малдарды буаз кезінде дұрыс күтіп-бағуды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ахметов.Ж.Б «Паталогиялық анатомия», Алматы «Ана тілі» 1993.ж
2 .Атрощенков. М.М, «Ветеринария» 2006 .ж
3. Бакулов.И.А,Буткин Е.И,Ведержикова А. «Індеттану және микробиология негіздері» Алматы « Қайнар»1993.ж
4. Булянов А..А,Виденин В.Ж «Ветеринария»2004 ж
5. Жұмаш А.С «Жаршы»2006 .ж
6. Қоқанов С.Қ «Жаршы»2005 .ж
7. Сайдуллин.Т «Ветеринарлық індеттану» ІІ –кітап.Алматы 1999.ж
8. Тампеков.А.Е «Жаршы» 2005.ж
9. Слесаренко.Н.А «Ветеринария» Москва.2005.ж
10. Юшков.Ю.А, Монов С.Б «Ветеринария»2004.ж

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе.

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында
өнімді аз беретін кәрі малдарды айналымнан шығарып, олардың орнын жоғарғы
өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру. Өнімді көп беретін мал табиғаттың
әртүрлі қолайсыз жағдайына жиі ұшырап, әртүрлі ауруларға жиі шалдығады.
Мұндай жағдай әсіресе төлдердің арасында көптеп кездеседі.
Мал төлден өседі - дейді халық даналығы. Олай болса төлдерді алуды
жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-
бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін
қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу -
жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбеккерлердің
ең негізгі және күрделі міндеттерінің бірі. Төл ауруларының арасында
әртүрлі витаминдердің жетіспеушілігі салдарынан дамитын аурулар жиі
кездеседі. Бұл аурулардың себептері мен даму процестері әртүрлі болып
келеді. Сондықтанда бұл негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың
қатарына жатады. Ол туралы баяндалғалы отырған дипломдық жұмысымның әр
тарауында, гиповитаминозға қатысы бар аурулардың ерекшеліктерін ескере
отырып толық баяндамақпыз.
Малдарды өсіру тәжірибесінде республикамыздың әр өлкелерінің өз
ерекшеліктері бар. Табиғаттың қатаң климаты, экологиялық жағдайдың
ауыртпашылығы еліміздің батыс аймағында мал шаруашылығын дамытуға өз
өрнегін салғаны сөзсіз. Шөбі шүйгін де құнарлы, климаты ауыспалы
облысымыздың аудандарында кездесетін төл ауруларының алатын орыны ерекше.
Өз еңбегімізде Сатыбалды шаруа қожалығы аймағында жиі кездесетін төл
аурулары және олардың кейбір ерекшеліктері жайлы, сол аурулардың алдын
алуда, емдеуде өзіміз қолданған әдістер жөнінде толық мағлұмат бермекпіз.
Төлдердің арасында кездесетін аурулар көбінесе жұқпалы емес аурулар
екені көптеген деректерден мәлім. Жалпы төл ауруларының келтіретін зияны
жұқпалы емес аурулардың келтіретін жалпы зиянының 96-98% бөлігін алады
(В.П. Шишков, 1982; В.Т. Самохин, 1987) [1, 2].
Төлдерде жиі кездесетін аурулар ең бірінші аналық малдарды буаз
кезінде дұрыс күтіп-бағуды ұйымдастырмағандықтан, алғаш туған кезінде уыз
сүтін уақытында бермегендіктен болатындығы ғылыми жүзінде дәлелденген
Болашақ төл беретін аналық малдардың шелді-қонды болуы көбінесе оларды .
күнарлы азықпен дұрыс азықтандыруға байланысты. Қоңды мал өмірге
бейімделген күйлі де, дені сау төлді берері сөзсіз. Ондай төлдерден
алынатын өнімде мол, әрі сапалы болады. Малдарды күтіп-бағу жөніндегі
қарапайым қағида көбінесе сақталмайды. Кейбір жағдайларда соны біле тұра
сақтауға мүмкіншілікте болмайды. Міне осындай себептер төлдердің ауруларына
әкеліп соғады. Мұндай жағдайда аурудың себептері организмде толық тотығып -
тотықсызданып үлгермеген улы заттарды шоғырландырады. Ол улы заттар белгілі
бір мөлшерде жинақталғанда организмде жүретін зат алмасу процесінің
бұзылуын асқындыра түседі. Міне осындай өзгерістерге мал мамандарының
көңілін дұрыстап бөлсек, олардың еңбектері жемісті болады ма деген
үміттеміз.
Қазіргі кезде бұл аурулардын, көпшілігі мал дәрігерлік ғылымның дамуы
мен мамандарымыздың қажырлы еңбектерінің арқасында жойылуға жақын қалды.
Қазақстанда кездесетін барлық аурулардың 96,3%-ті жұқпалы емес ауруларға
жатады. Мұның ішінде жиі кездесетіні тыныс алу мен асқорыту жүйелерінің
аурулары. Мал дәрігерлік ілім малда кездесетін барлық ауруларды жан-жақты
зерттеп, оларға қарсы көптеген тиімді шаралар ұсынды. Егер сол ұсынылған
ережелер мен нұсқаулар дер кезінде дұрыс та, тыңғылықты қолданылса,
малдарда кездесетін көптеген аурулар мүлде жойылған болар еді.

ІІ. Әдебиетке шолу.

Т. С. Сайдуллин ( 2008 ж ) мәлімдемесі бойынша диспепсиямен әдетте
барлық түліктің жас төлдері ауырады. Бұзау 2-7 күндігінде, қозы туа
салысымен 5-7 айға дейін ауырады, құлын туа салысымен, торай туған соң
бірер апта бойы, енесінен айырарда және енесінен айырған соң, құс 1 күннен
90 күнге дейін және жұмыртқалаған кезінде, терісі бағалы аңдар өмірінің
бірінші аптасында ауырады. Аурудың шығуына себепкер факторлардың ролі зор-
аналық малдардың толық құнды жем-шөппен азықтандырымауының әсерінен ұрықтың
эмбрионалдық дамуының бұзылуы (әсіресе ақуыз, көмірсу, витаминдер бойынша)
және қышқыл жем-шөптермен азықтандырылуы, сапасыз сүрлем, мал тұратын
қоралар мен жаңа туған бұзаудың тұрған орындарының, сүт беретін ыдыстардың,
науалардың антисанитариялық жәйі және әсіресе уызбен уақытысында
қоректендірілмеуі,оның төмен сапалығы, сонымен қатар осының алдында
диспепсиямен, зарарсыз этиологиялы энтеритпен ауруы [7].
И. А. Бакулов ( 1993 ж ) айтуы бойынша жана туған
малдың алғашқы уақытылы азықтандырылмауы, ал келешекте жүйесіз
азықтандырылуы төлдің науаны, ауру малдардың зарарымен ластанған
қабырғаларды және басқа заттады, сонымен қатар тұрған малдардың терісін
жалай бастауға әкеп соғады да, бұл ауру туындатады.[8].
Диспепсия барлық өлкелерде кең тараған.
Оның басты ерекшелігі – жаңа туған төл жаппай ауырады. Жылдың кез-келген
маусымында байқалғанымен негізінен мал жаппай төлдеген кезде, қора жайда
қоздырушы микробтың шектен тыс шоғырлануына және бейім жануарлардың
көбеюіне байланысты туындайды. Қозының жаздың соңында, күздің басында
шалдығуы оларды енесінен бөліп, қатаң азыққа көшіруге байланысты.Бұзау
туған кезде қанында иммуноглобиндер болмайды, олар алғашында тек қана
енесінің уызынан төлдің қанына өтеді. Уызды жеткілікті мөлшерде жас төл ала
алмаса немесе уыздың сапасы талапқа сай болмаса онда денеге енген
микробтарға, олардың ішінде эшерихияларға ешқандай тежеу болмай, жануар
ауруға ұшырайды[9].
Диспепсияның таралуына себеп болатын жағдайлар буаз малдың күтімінің нашар
болуына байланысты уыздың құнарсыз болып, соның нәтижесінде төлдің ауруға
төзімділігінің төмендеуі. Аурудың шығуына төлдің күтімінің нашарлығы,
гигиеналық-санитарлық реттіліктің дұрыс сақталмауы көп жағдайда ерекше әсер
етеді. Бұзау, лақ, қозы, торай, құлын туған кезінде қанында
иммуноглобулиндер болмайды, олар алғашында тек қана енесінің уызынан төлдің
қанына өтеді. Уызды жеткілікті мөлшерде жас төл ала алмаса, немесе уыздың
сапасы талапқа сай болмаса, онда денеге енген микробтарға, олардың ішінде
эшерихияларға ешқандай тежеу болмай, жануар ауруға шалдығады.
И. А. Бакулов ( 1993 ж ) мәлімдемесі бойынша диспепсияның таралу
ерекшелігі - ауру байқалған соң уақыт өткен ауруға шалдыққан малдың саны,
індеттің қарқыны үдей түседі, сонымен қатар аурудың өтуі де ауырлайды. Мал
тұрған қорада ауру қоздырушы микробтың шектен тыс көбеюі және олардың
жануар организмі арқылы пассаждан өтіп, уыттылығының күшеюі нәтижесінде жас
төл күйінің жақсы, төзімділігінің жоғарлығына қарамай жаппай ауырады[8].
М. М. Искаков ( 2006 ж ) мәліметі бойынша
алиментарлық жолмен денеге енген бактериялар адгезиялық қасиеті арқасында
ішектің эпителийіне жабысады. Бұл қасиеті негізінен фибрилалар немесе
фимбриялалар деп аталатын жгутиктен (жіпшеден) жіңішке құрылымдар арқылы
іске асады.Бұл құрылымдардың қызметі әр-алуан. Пили немесе секс-пили
аталатын қысқа фимбриялар микробтардың коньюгациясын іске асырады.
Коньюгация кезінде генетикалық материал - ДНҚ тізбегі Ғ+ аталық микробтан Ғ-
аналық микробқа өтеді. Сонымен қатар пили фаг үшін рецептор болады және
бактерияның адгезиялық қасиетін іске асырады. Микробтың адгезиялығы арнаулы
фибриялаларда орналасқан адгезиялық антигендер арқылы қамтамасыз етіледі.
Адгезиялық антигеннің көмегімен эшерихияларға ішек эпителийіне жабысып,
орын тебеді. Бұл құбылыстардың дерттену процесінде Диспепсия кезінде
ішектің ішіндегі сұйық көбейіп, оның осмостық қысымы төмендейді. Бұның
нәтижесінде электролиттер кілегейлі қабықтардан ішек қуысына өтеді. Одан
рецепторлар тітіркеніп, ішектің моторикасы күшейеді. Сұйық масса ішек
бойымен тоқтаусыз жылжып, толассыз іш өтеді. Нәжісінде төл организміндегі
су мен минеральді тұздар азаяды. Микробтар мен олардың токсиндері қанға
өтіп,организмде септицемия, токсикоз процестерін тудырады. Жана туған бұзау
уақытылы уызбен азықтанған болса оның иммуноглобулиндері ішектің кілегейлі
қабығына еніп қоздырушының өсіп-өрбуінеижәне олардың адгезивтік қасиетін
көрсетуіне кедергі келтіреді. Осының нәтижесінде патологиялық процесс тек
қана ішекте дамиды. В. А. Зуев ( 1999 ж ) айтуы бойынша
диспепсияны екі негізгі-энтеротоксемиялық және септицемиялық формаға
бөледі. Энтеротоксемиялық формасында эшерихия ащы ішекте және жалбыршақ
қарында жиі өніп өседі, бұнда экзотоксиндер және бактериялардың орасан көп
биомассасы жиналады, бұлар қырылғанда эндотоксиндер бөлініп шығып
жергілікті қабыну процестерін туғызады. Оның үстіне эндотоксиндер лимфа
жүйесіне өтеді,бұның салдарынан күшті токсемия басталады және бұзау көп
ұзамай өледі. Септицемияда эшерихия ішек-қарын қабырғасынан шажырқай лимфа
түйіндеріне, содан кейін жалпы лимфа тамырына өтіп, энтерит пен сепсиске
ұшыратады. Б. Т Толысбаев, К.Б Бияшев, Р. Ж Мықтыбаева (2008 ж)
пікірлерінше диспепсия патогенезін де жануарлардың жасына байланысты
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктердің мынадай үлкен маңызы бар: қарын
сөлі қышқылдығының төмендігі, ішек-қарын эпителийінің өткізгіштігінің
артуы, лимфа түйіндері мен бауырдың өткізбеу, ұстау қабілетінің төмендеуі,
қанда гамма-глобулиндердің болмауы. Р. А
Рыбкин ( 1989 ж) потологиялық процестің дамуына жаңа туған бұзаудың кейбір
анатомофизиологиялық ерекшеліктерінің де маңызы бар - туғаннан кейінгі
алғашқы сағаттарда қан сарысуында гамма-глобулиндердің толық дерлік
жоқтығы, аш ішектің кілегейлі қабығының жоғарғы өткізгіштігі, ұлтабар
сөлінің әлсіз қышқылдығы мен бактерицидтігі, бауыр мен сөл түйіндерінің
жеткіліксіз барьерлік қызметі. Бұзауларда диспепсияның өтуі көп жсағдайда
вульгарлық протея мен ішек бактерияларының басқа да өкілдерінің патогендік
әрекетінен шиеленіседі [13]. Аурудың ауыртпалығы малдың
физиологиялық жәйі мен қоздырушының вируленттілігіне байланысты боп келеді.
Ауырған төл босаң, кимылы аз, көп жатады, сүт ішуден бас тартады. Дене
температурасы шамалы уақытқа 1-1,5 градусқа көтеріледі, қан тамырының соғуы
жиілейді, көздің дәнекер қабығы қызарыңқы, нәжістену жиі байқалады (Сурет
1).

Сурет 1. Еметін ауру торайдағы жіті формасы

Төл денесінің артқы жағы сұйық нәжіс массаларымен былғанады, аурудың
соңғы кезінде нәжіс шығуы еріктен тыс болуы мүмкін. Төл қарнын қолмен басып
көргенде ауырсыну тудырады, ішті тыңдағанда күшті перистальтикалық шулар
естіледі[14].
В. Т. Емцев ( 2008 ж) айтуы бойынша әдетте іш өту байқалысымен дене
температурасы қалпына дейін төмендейді, өлер алдында қалыптанда төмендеуі
мүмкін, тамыр соғуы әлсіз, дем алуы үстіртін. Жиі нәжіс шығару салдарынан
дененің судан айырылуы дамиды - буындардың кескіні жақсы білінеді, көз
ұясына түсіп кетеді,терісі құрғайды. Аурудың тез дамуымен өлген кезінде
дененің сусыздануы байқалмауы мүмкін. Аурудың дамуымен тәбет толығымен
жойылады, депрессия күшейеді, соның нәтижесінде коматоздықжәй басталып
бұзау өледі[ 15 ]. Т. Сайдуллин (2009 ж) мәліметі
бойынша диспепсия улану түрінде негізінен ішектер мен шажырқай сөл
түйіндері зақымданып, ауырған бұзаудың іші толассыз өтеді. Септицемия, яғни
өлітиген түрі кезінде қоздырушы микроб қанға өтіп, онда шамадан тыс
көбейіп, ауруға шалдыққан бұзау тез арада, бір тәуліктін аржақ-бержағында
өліп кетеді. Аралық, энтертоксемия кезінде микроб ішектер мен сөл
түйіндерінде қауырт көбейіп, қанға олардың токсиндері түседі де, ішектердің
қабынуына дененің жалпы улануы қабаттасады[ 7 ].
З. П Карамшук ( 1998 ж) мәліметі бойынша негізінен диспепсия
қарапайым және улы түрде өтеді. Өлген бұзаудың өлексесі өте арық, көзі
ішіне кіріп, кілегейлі қабықтары бозарыңқы. Денесінің артқы жағы нәжсімен
былғанған. Өлексені жарғанда негігі өзгерістерді ас қорыту жолдарынан
табады; асқазанның кілегейлі қабығы қабынған, геморрагиялары бар, аш, ал
кейде тоқ ішектердің кілегейлі қабықтарын қан кернеген, қалыңдаған,
кілегеймен жабылған, қан құйылу жайылған, ұлтабардың ішіндегілері - уыздың
ірімтіктелген ұйықтары немесе түйіршіктері. Көбінесе жүректің сыртқы қабы
мен ішек қабыныі астынан, көк қарында қан құйылу, қуықтың геморрагиялық
қабынуы, ал кейде - көк бауыр және бүйректердің қабықтарының астынан қан
құйылу табылады. Бауыр керісінше өзгерген (майлы және түрлі дистрофия).
Шажырқайдың сөл түйіндері үлкейген, қызғылттанған.
Е. О Мурадова ( 2009 ж ) мәлімдемесі бойынша құрсақ қуысында сұйық
экссудат іркіледі. Қарынның ішіндегі ақшыл-сұрғылт сұйықтың иісі жағымсыз.
Кілегейлі қабықтары домбығып, қанға кернеліп,жалқақтанады, кей жерлері
қанталап тұрады, талақтың өзгеруі біркелкі емес, ол аурудың ұзақтығына
байланысты. Жүректің бұлшық еті босаңсыған. Мидың қан тамырлары қатты
толған[17].
Ф. А. Кузнецов ( 2004 ж ) айтуы бойынша ащы ішек пен тоқ ішектің ішінде
иісі жағымсыз ақшыл – сұрғылт сұйық болады, кейде қан араласады (Сурет 2)

Сурет 3 - Диспепсия кезіндегі диарея. нәжіс сары түсті.

Ішек көбіне газға толып тұрады, кілегейлі қабықтарын қан кернеп, асты
қанталайды. Шажырқай сөл түйіндері ісініп тіліп көргенде суланып, жаппай
қанталайды. Бауыр ісініп сарғыш тартады. Өттің қабы кернеліп, өтке толып
тұрады. Көк бауыр көбіне ұлғаймайды, ұлпасы болбырап, қызыл-қоңыр түске
енеді[18].
Бұзау диспепсиясы кезінде эпикардтың астында, эндокардта ұсақ-ұсақ,
жолақтанған қанталаулар кездеседі. Мидың қан тамырлары білеуленіп, мидың
өзі домбығады. Кейде өкпенің домбығуы немесе катарлы қабынуы ұшырасады.
Кіндіктің немесе оның қан тамырларының домбығуы да байқалып тұрады.
Ауруды балау індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін,
патологиялық - анатомиялық өзгерістерді талдаумен қатар, міндетті түрде
бактериологиялық зерттеу жүргізу арқылы іске асырылады.
А. И. Нетрусов ( 2006 ж ) сипаттауы бойынша бактериологиялық тексеру
үшін жаңадан өлген малдың 2-3 өлексесін немесе арнайы сойылған бұзауды
жөнелтеді. Төл антибактериалдық дәрілермен емделмеуі шарт. Өлексені тұтас
апаруға жағдай болмаса басын, тілігін, жүрегін, көк бауырын, бауырдың
кесіндісін өтімен қоса,қабынған ішектің маңындағы сөл түйіндерін, қабынған
ащы ішекті екі жағынан байлап (оны жеке ыдысқа немесе целофан қапшыққа салу
керек) зертханаға жібереді. Тірі малдан тік ішектен катетермен сұйық нәжіс
алынады[19].
Г. Г. Абсатиров ( 2004 ж ) мәліметі бойынша патматериалдан Эндо
қоректік ортасында өсін алып, эшерихияларға тін колонияларды К-88, 987-Р, А-
20 антигендерді анықтау үшін ет пептон агарында немесе Хоттингер агарында
өсіреді. К-99, Ғ-41 антигендерін айқындау үшін Минк ортасында өсіреді.
Өскен колонияларды адгезиялық қан сарысуы арқылы шыныдағы аглютинация
реакциясында тексереді. Адгезиялық антиген анықталса диспепсияға диагноз
қойылды деп есептеледі[20].
Тіршілік бабындағы бактериологиялық диагностика жақсы зерттелінген
деуге болады. Осы мақсатта ауру бұзау тік ішегінен шыны түтік не стерильді
мақтамен нәжісін алады, одан физиологиялық ертіндіде 1:10 мөлшерінде
суспензия жасайды және Эндо не Левин қоректік ортасы құйылған 2-3 Петри
тостағаншасына 1-2 тамшыдан себеді. Күмәнді колониялар фуксин түсті не
қоңыр-күлгін ( арнайы агарға қайта себіледі 10 колонияға дейін). Өскен
культураны микроскоппен қарайды, алдымен комплексті колиқан сарысуымен (
бірнеше типті қан сарысуынан құралған), содан кейін типті қан сарысуымен
агглютинация реакциясы арқылы зерттеледі.
В. В. Максимович ( 2010 ж ) зерттеуі бойынша АР жасау үшін шыныға не
пробиркаға әр культурадан екі антиген дайындайды. О – антигенді анықтау
үшін өлтірілген культура жүзіндісі (100 °С – та 1 сағат бойы ) және В –
антигенді анықтау үшін тірі культура жүзіндісі ( 1 мл – де 5-6 млрд микроб
денесі ) қолданылады. Егер типоспицификалық О – колиқан сарысуы
пайдаланылса өлтірілген бактериялар жүзіндісінен бір антиген
дайындалады[21].
Д. И. Козлова ( 1986 ж ) мәлімдемесі бойынша А – антигендері бар
серотиптермен реакция жасағанда жүзіндіні автоклавта ұстайды. Сонымен қатар
тинкториялдық қасиеттерін (Грам әдісімен боялуы) және химиялық қасиеттерін
лактозаның ферменттелуі, индол түзілуі, метилретпен оң реакция ) зерттейді.
Қажет болса ақ тышқанға биологиялық сынақ қойылады. Экзоэнтеротоксин
шығаратын штаммдардың түрлері қосымша анықталады, салыстырылады. Бұл
әдістің кемшілігі – эерттеу бірнеше аптаға созылады[22].
Барлық жағдайда (тіршілік бабындағы не өлгеннен кейінгі
диагностика) ішек таяқшаларының антибиотиктерге сезімталдығын стандартты
индикатор дискісі әдісімен не сериялы өсіру әдісімен анықтайды.
В. А. Кузьмин ( 2005 ж) сипаттауы бойынша диспепсиямен ауырған төлді
оқшаулап, емдейді. Ем кешенді түрде жүргізіледі. Ең алдымен диетаны
өзгертіп, денеге жеткілікті мөлшерде сұйықтық пен электролиттер енгізеді,
антимикробтық және иммуноглобулиндік препараттар беріледі, іштің өтуін
тыятын дәрілер және улы заттарды сіңіріп алатын адсорбенттер, витаминдер
пайдаланылады[23].
В. К. Шильников( 2006 ж ) айтуы бойынша алғашқы күні уыздың кезекті
кесімді үлесі берілмейді, оның орнына жылы физиологиялық немесе Рингер
тұзды ертіндісі беріледі. Төлді ашқарында 8-12 сағат ұстайды, бұл мерзім 24-
36 сағаттан асып кетсе өміріне қауіпті болады. Ерітінділерді бұзау өзі ішсе
еркімен беру керек, егер іше алмаса немесе өздігімен ішуге үйретілмесе
аузынан түтік арқылы жібереді. Бір-екі кезекті уыздың берілуін тоқтатқан
соң, егер аурудың беті қайта қоймаса, уызбен сүттің мөлшерін екі есе
азайтып, орнына физиологиялық немесе басқадай тұзды ерітінді береді. Әдетте
іші өткен төлдің денесінде қышқыл басым болады, сондықтан оған соданың
изотоникалық 13 гл ерітіндісін 100млкг дозада 4-6 сағат сайын беріп тұру
пайдалы. Іші тоқтаусыз өткен төлде сонымен қатар гипогликемия байқалады,
сондықтан сода ерітіндісіне бір бұзауға 25-50 г декстроза немесе глюкоза
қосқан жөн[24].
Н. Шоканов ( 2003 ж ) мәліметі бойынша антимикробтық дәрілерді ауру
қоздырушысының оларға сезімталдығын анықтап барып пайдаланады. Әдетте
антибиотиктерді (левомицетин, биомицин, террамицин, тетрациклин,
мономицин), сульфаниламидтерді (сульфазол, фталозол, норсульфазол),
нитрофурандарды (фуразолидон, фуразидин )қолданылады[25].
А. А Кунаков ( 2006 ж ) мәліметі бойынша диеталық дәрмектердің ішінде
сүт қышқылы бактерияларының өнімі, олардың таза өсіні, ашытылған сүт,
айран, антакон ішектің қызметін дұрыстауға, ондағы микрофлораны
қалыптастыруға жақсы әсер етеді[27].
В. Н. Кисленко ( 2007 ж ) сипаттамасы бойынша профилактикалық мақсатта
жаңа туған бұзауға гипериммундық қан сарысуын не гамма – глобуллин егеді
(тері астына, күре тамырға, бұлшықет арасына, ауыз арқылы); бұлар
фагоцитозды күшейте түседі және олардың антитоксиндік қасиеттері болады.
ТМД – да өгізді эшерихияның ең көп таралған штамдарымен ( 24 штамм ) және
коли – қылау қан сарысуымен иммунитеттеу арқылы поливалентті қан сарысуын
дайындайды. Имунитетті қан сарысуының активтігін ақ тышқандарға не жас
теңіз шошқаларына тәжірибе жасап тексереді: ең алдымен қан сарысуын, ал 24
сағаттан кейін іек культурасының титірленген мөлшерін құрсағына егеді[28].

IIІ. Негізгі бөлім
3.1. Төл аурулары
Аналық малдың жатырында қажетті жағдайлардың бұзылуынан дұрыс өсіп
жетілмеген, шала туған төлдер әртүрлі ауруларға жиі шалдығады. Мұндай
төлдер ұрықтанғаннан кейін дұрыс кутіп, азықтандырылмаған аналық малдардан
алынады.
Ж.Өтесінов, төлдердің жатырда өсіп даму кезі - олардың өмірге
келгеннен кейінгі өсіп жетілуін, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы
тұруын бірден-бір қамтамасыз ететін кезең.
Міне, сондықтан да төл ауруларының алдын алуды олардың аналық малдың
жатырында дұрыс өсіп-дамуын қамтамасыз етуден бастау керек.
Төл ауруларын тудыратын екінші бір ерекшелік олардың организмінің
физиологиялық қызмет атқаруға қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт мөлшерінің
керек болуы сол уақыт аралығында дене мүшелерінің физиологиялық қызметі
дұрыс қалыптасып үлгермеген төлдердің организмі сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларына тап болғанда оған төтеп бере алмай, ондай төлдер әртүрлі
ауруларға жиі шалдыққыш келеді. Ауру жіті түрде барлық организмге тарайды.
Сондықтан ондай төлдерді емдеуді аурудың алғашқы белгілері біліне салысымен
бастаған жөн. Ол үшін төлдерді бағып-күтетін адамдар мен мамандардын жаңа
туған төлге, олардың жай-күйіне мұқият көңіл аударғандары жөн.
Аурудың себептерін, даму барысын ескере отырып, организмнің ауруға
қарсы тұру қабілеттілігін қалыптастыру мақсатымен жан-жақты емдеу
тәсілдерін қолданған жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады

Кесте 1 - Қалыпты жағдайдағы төлдердің клиникалық көрсеткіштері

Жасы Дене қызуы, 1 минуттағы 1 минуттағы тыныс алуы
°С тамыр соғуы
1 2 3 4
Жаңа туған бұзаулар39,2 131 44
1 -күндік 38,8 139 34
4-5 күндік 39,0 112 27
10 күндік 39,1 98 23
14-15 күндік 39,1 94 23
28-30 күндік 38,9 76 23
Үлкен ірі қара малы37,5 50 12-30
1 2 3 4
Жаңа туған қозылар 40,0 182 67
1-күндік 39,8 198 80
4-5 күндік 40,1 169 76
10 күндік 39,8 160 48
14-15 күндік 39,9 158 49
28-30 күндік 39,9 142 42
2 айлық 40,4 132 55
3 айлық 39,9 105 46
Ересек қойлар 38,5 70-80 16-30
1 2 3 4
Жаңа туған торайлар38,2 198 73
4-5 күндік 38,8 112 52
10 күндік 38,8 135 42
14-15 күндік 39,5- 125 40
28-30 күндік 39,4 105 37
2 айлық 39,4 95 31
Ересек шошқалар 38,0 60-90 15-20
1 2 3 4
10 күндік құлындар 39,0 104 38
28-30 күндік 38,9 83 32
2 айлық 38,9 63 30
3 айлық 38,9 64 27
Ересек жылқылар 37,5-38,5 24-42 8-16
3.2. Диспепсия ауруына сипаттама. Этиологиясы.

Диспепсия- жаңа туылған төлдер мен бұзаулардың іш өтуімен, организмнің
сусыздануымен және интоксикациямен сипатталатын асқорыту жүйесінің жұқпалы
емес аууры. Жаңа туған төлдердің ас қорыту және зат алмасу процестерінің
бұзылу салдарынан организмнің сусызданып, улануымен сипатталатын ауру. Ауру
жіті түрде өтеді.
Бұл ауру бұзаулар мен торайлар арасында жиі, қозылар мен құлындарда
сирек кездеседі.
Диспепсия-жаңадан дүниеге келген бұзаулардың өте кең тараған ауруы.
Бұл ауру төлдерде жеңіл және ауыр формада өтеді, ауырып тұрған бұзауларға
дер кезінде медициналық емдік көмек көрсетілмесе ауру летальді түрде
аяқталды. Диспепсия ауруының мал шаруашылығына өте зор шығын әкеледі,
жануар өлімге ұшырап, мал басы саны кемиді, ауруды емдеуге шығын шығады,
аурудың дамуы кезінде мал басы өзінің салмақ дәрежесін жоғалтады. Сонымен
бірге диспепсияға шалдыққан бұзаулар мен торайлар салмақ қосуында және
дамуында басқа сау бұзауларға қарағанда артта қалады. Көптеген
зерттеушілердің пікірінше бұл ауру полиэтиологиялық аурулар қатарына
жатады. Төлдердің диспепсиясы асқазан-ішек жолының
секреторлық, моторлық және сорғыштық функциясының бұзылуымен сипат алатын
ауру. Жаңа дүниеге келген бұзауларда диспепсиямен қатар басқа да асқазан-
ішек жолының аурулары кең тараған, бірақ солардың ішінде диспепсия
таралуы бойынша бірінші орында. Диспепсия көбіне жануарды күтіп-бағу
және азықтандыру режимі бұзылған, азық рацион құрамы өзгерген, санитарлық
жағдайы белгілі талаптарға сай келмеген және аналық сиырлардың мастит ауруы
шығып отырған шаруашылықтырда жиі орын алады.
Себептері. Аурудың туу себептері әртүрлі болғандықтан, ол көп себепті
аурулардың қатарына жатады.
Негізгі себептерінің бірі - ол ұрықтанған буаз малдарды, әсіресе
сиырларды, уакытында (туудан 2 ай бұрын) сауудан босатпау, дұрыстап
азықтандырып күтіп-бақпау. Әсіресе буаздық кезеңінің үшінші жартысында
аналық малдардың азық мөлшерінде витаминнің, протеиннің, минералдық
заттардың жетіспеушілігі, өсіп қалған ұрықтың нашар дамуына көп әсер етеді.
Әлбетте, ондай аналық малдардан толық жетілмеген төлдер алынады. Мұндай
жетілмей туған, нәзік төлдер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына ұрынып,
оған қарсы тұра алмай әртүрлі ауруларға шалдыкқыш келеді.
Аналық малдарды дұрыстап азықтандырмаудың салдарынан
(әсіресе азық рационында белоктың, оның ішінде сүт гамма-глобулинінің
жетіспеушілігінен) жаңа туған аналық малдардың уыз сүтінің
биологиялық қасиеттері де төмен болады. Ал төлдердің организміне, олардың
сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына, ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз
ететін заттар (антиген, антидене) ең алдымен осы уыз сүті арқылы келетінін
ескерсек, онда төлдердің өсіп-жетілуі үшін сапалы уыздың маңызы өте зор
екені сөзсіз. Уыздың құнарлы, сапасының жоғарғы болуы сонымен қатар аналық
малдардың емшектерінің ауру-сау екендігіне де тікелей байланысты. Мысалы,
емшектері қабынып ауыратын сиырлардың бұзауларының арасында
диспепсияның ауыр түрімен ауыратындар жиі кездеседі.
Жас туған төлге уызды алғаш рет дер кезінде берудің маңызы өте зор.
Уызды бірінші рет төлдердің ему рефлексі пайда болғанда берген жөн. Ол үшін
әр төлдің жатырдан шыққаннан кейінгі сыртқы ортаның жағдайына бейімделу
мерзімінің әртүрлі екенін ескеру керек. Ол уақыт: бұзаулар үшін 40-50
минут, қозылар үшін 15-20 минут, торайлар үшін 25-30 минут шамасында
болады. Уызды алғаш рет төл төрт аяғынан тік тұрып емшек іздей бастағанда
тойғанынша беру керек.
Төлдерге уызды, сүтті беру әдістеріне де көңіл бөлген дұрыс. Ең
қолайлысы, аналық малдың мүмкіндігі болса, төлге емшекті емізу. Болмаған
жағдайда желіннің сүт шығар тесігін реттеп, еміздікті қолданған жөн. Уызды
үлкен ыдыспен қалай болса солай ішкізу, аш төлдің уызды асығыс қомағайлана
жұтуы аурудың пайда болуының көп себептерінің бірі болып табылады.
Төлдерге таза жылы судын жеткіліксіздігі де аурудың бір себебі болып
табылады. Төл қанша уыз қабылдаса, оған сонша су беру керек.
Төл алуды, оларды күтіп-бағуды, уақытында азықтандыруды дұрыс
ұйымдастырмау, суық не ыстык тигізіп алу да аурудың пайда болуына өз әсерін
титізетін себептердің бірінен саналады.
Жас төлдің үстін анасының, өзі жалап кептіруінің де маңызы өте зор
(сипалау және аналық малдың сілекейіндегі лизоцимнің тигізетін пайдалы
әсері аз емес).
3.3. Паталогоанатомиялық өзгерістер. Клиникалық белгілері.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық бұлшық еттерінің мөлшері
кішірейген, организмнің сусыздану белгілері байқалады (көзі шүңірейген,
тері астының шелі, организмнің ішкі сірі қабықтары құрғақ). Тері асты шелі
мен майлы қабаты бозарған. Жүректің ішкі қабында қан нүктелері болады. Көк
бауырдың көлемі кішірейген (шеттері үшкір, қабығы жиырылған), оның
өзгермеуі сирек кездесетін жәй. Ұлтабардың кілегей қабығында азғындануға
сай өзгерістер болады, ол қызарып, кей жерлерінде қанның құйылғаны
байқалады. Ащы ішектің кілегей қабығында жолақтана немесе шашырай-қанталау,
ісінгендік көрінеді, тоқ ішекте ондай қанталау шоғырланған түрде кездеседі.
Қарында ірімшік тәрізді іріген уыз түйіршектері болады, кілегейлі қабықтары
қанталап, ісінген. Ішектердің ішінде қою жалқаяқ болады. Бауыр ашық балшық
түстес, тығыздығы босаңсыған. Өт қабы қара түсті қою өтке толы,
мезентелиальды лимфа түйіндерінің көлемі ұлғайған.
Диспепсия кезінде организмде осы ауруға тән өзгерістер
тудырады. Бірақ қоздырушының уыттылығына, жануардың жасына және басқа да
ерекшеліктеріне байланысты патологиялық-анатомиялық өзгерістердің байқалуы
әр алуан болады. Диспепсия жіті өткенде барлық түліктің төлдерінде
негізгі өзгерістер құрсақ қуысында байқалады. Кілегейлі және сірі
қабықтар қанталап, сөл түйіндері мен көк бауыр ұлғаяды. Бауыр мен
бүйректе дегенерациялық өзгерістер байқалады, ішектер катарлы қабынуға
ұшырайды. ¥лтабардың кілегейлі қабығы ісініп, қан кернеп, қанталайды
(әсіресе қатпарлары).
Ащы ішектің кілегейлі қабығы катарлы қабынып, әр жерін қан
кернеп, ойдым-ойдым қанталайды. Тоқ ішектің кілегейлі қабығын әр жерінде
шоғырлана қан кернейді. Шажырқайдың сөл түйіндері үлғайып, суланады,
қанға кернеліп, тілгенде қанталап түрады. Көк бауыр едәуір үлғайып,
шеті білеуленеді, тысы кернеліп, астында ұсақ-ұсақ қанталаған
телімдер кездеседі. Бауыр аздап ұлғайып, түсі аламыштанады, кейде
қанталайды.
Ауру жітіден төмен жэне созылмалы өтсе патологиялық-
анатомиялық өзгерістер айқынырақ білінеді. Өлексе өте арық
болады. Малдың барлық түліктерінің өкпесі қабынады. Өкпедегі дерт
процесі алдыңғы бөліктерінен басталып, ортаңғы жэне артқы бөліктеріне
ауысады. Зақымданған бөліктер тығызданып, бұдырмақтанып, қызыл-қоңыр
түске енеді. Кейде тіліп қарағанда ірінді-өліеттенген ошақтар
көрініп, бронхаларынан кілегейлі ірің ағады.
Өкпеаралық жэне бронхалық сөл түйіндері үлкейіп, кейде
іріміктелген сарғыш түсті өліеттенген ошақтар байқалады. Өкпенің
қабынған түстары көкірек қабырғасымен фибринді талшықтар арқылы
жабысып қалады. Жүрек
еттері болбырап, тіліп қарағанда сарғыш түсті. Эпикард пен
эндокардтың астында шашыранды немесе жолақтанған қанталаулар
кездеседі. Қылау созылмалы өткенде тоқ ішектің закымдануы күштірек
болады да, сөл фоликулалары өліеттеніп, кілегейлі қабықтары
қабыршықтанып (дифтериялы) қабынады. Торайдың ішектерінің кейбір тұстары
жуандап, білеуленіп, қатпарланады да, кілегейлі қабықтарында
сұрғылт түсті қабыршақтар пайда болып, сыдырылып түскенде шеті
білеуленіп, тегіс емес, ортасы жұмсарған ойылымдар кездеседі.
Шажырқай сөл түйіндері ұлғайып, тіліп қарағанда өліеттеніп,
іріміктенген сарғыш түсті ошақтар болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаралы емес диспепсия
Диспепсия белгілері
Аурудың клиникалық белгілері
Асқазан ауруымен науқастарды жүргізу тәсілдері
Ас қорыту жүйесі аурулары
Ауру малға тәжірибе қою
Ерте жастағы балаларда ас қорыту мен тамақтанудың созылмалы бұзылыстары. Дистрофия. Гипотрофия. Паратрофия
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
Бронхопневмания ауруының белгілері
Созылмалы іш қату синдромы
Пәндер