1 сынып Ана тілі оқулығының құрылымы мен құралысы


Жоспар
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Ана тілі оқулығының құрылымы мен құралысы
2. 1 Оқулықтың құрылымы мен мазмұны туралы
2. 2 Ана тілі сабақтарында оқушылардың тіл байлығын дамыту
2. 3 Ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту
ІІІ. Үлгі сабақ жоспарлары
3. 1 «Сөйлеу» сабақ жоспары
3. 2 «Тіл және сөйлеу» сабақ жоспары
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б
І. Кіріспе бөлім
Курстық жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясында мемлекеттік тілдің мәртебесі көрсетілді. Одан әрі қарай "Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы" (1996, 4 қараша), "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" (1998, 5 қазан), "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы" (1998, 14 тамыз) құжаттары бекітілді. Бұл мақсаттарда казақ тілін екінші тіл ретінде оқыту проблемасына үлкен мән берілген. Тілді оқытудың, үйретудің нақты міндеттері көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында" - "тілдерді тиімді меңгеру саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту мен тереңдету үшін дәстүрлі оқу орындарында тілдерді оқытумен қатар жаңа әдістердің де керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр" деген мәселеге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен бірге қоғамдағы тіл проблемаларын шешу жөнінде кезек күттірмейтін шараларды айқындау, жүзеге асыру белгіленген. Бағдарламада бұл үшін қажетті ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық және кадрлық ресурстармен камтамасыз ету, тілдің қоғамдық өмірдегі керемет аясын кеңейту шараларымен қатар оқу орындарында тілді оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту, тілдерді оқьпудың төлтума бағдарламалары мен жаңа технологияларын әзірлеу мәселелеріне айрықша назар аударылған. Мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдарынан шығатын қорытынды - соңғы 10-15 жылда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту.
Курстық жұмыстың мақсаты. Жұмыстың мақсаты - қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы, яғни оған қоғамдық қызмет аясының кеңеюі, тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жақсарту, тілдерді оқытудың жаңа технологиясының озық практикасын қорыту проблемасының бар екендігін көрсетіп отыр. Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі жаңа типтік бағдарламалар мен оқулықгарды жасауды, білікті кадрларды көбейтуді, техникалық құралдармен жабдықтауды айрықша талап етіп отыр.
Білім беру жүйесінің көптеген тармақтарында бұрынғы дәстүрлі әдістемелерден елеулі айырмашылықтары бар, жаңа ізденістегі соны оқыту әдістемелері қолданылып жүр. Бұл нақты айтқанда, үйренушінің дербес танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша жаңғыртып оқыту (инновационная), жоғары белсенділікті дамыту (интерактивная), оқытудың көпдеңгейлік әдістемелері мен жобалық әдістер.
Қазақ тілін оқыту процесінде қолданылып жүрген жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесі мен жоғары белсенділікті дамыту әдістемесінің және көпдеңгейлік оқыту әдістемесінің практикалық тәжірибесін ғылыми тұрғыдан біршама негіздеп, талдап және жинақтап қазақ тілін өзгетілді дәрісханаларда оқытатын оқытушылар үшін әдістемелік құрал жазудың уақыты келді.
Осыған орай біз ұсынып отырған еңбек мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мақсатында мектептерде, кәсіптік білім беру жүйесінде және жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытып жатқан оқытушыларга тілді оқыту әдістемесін жетілдіре түсуіне және біліктілігін арттыруына арналған көмекші құрал болар деген мақсатта жазылды.
Бұған дейін кішкене бүлдіршіндерге хат танытып, оқуға және жазуға үйреттіңіз. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс тәрізді алғашқы тілдік ұғымдармен таныстырылды. Енді шәкірттердің сол ұғымдарын тереңдете отырып, интеграцияланған (кіріктірілген) оқулықпен жұмыс істейсіз. Сол оқулықпен сапалы жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың оқу-жазу дағдыларын одан әрі жетілдіріп, олардың ойлау қабілетін дамытасыз, ақыл-ойларын кеңейте түсесіз.
Енді сіздің пайдаланатыныңыз интеграцияланған оқулық болғандықтан, осы “интеграция” сөзінің мәнін түсіндіре кетейік. Бұл терминге мынадай түсініктемелер берілген:
- интеграция латынның integration - қалпына келтіру, қайта құру, толысу, толықтыру сөзінен шыққан және білімнің бірнеше салаға тарамдалуымен, яғни білімнің дифференциалдануымен қатарлас жүретін білімнің өзара жақындасуы мен байланысын білдіретін процесс ретінде түсіндіріледі;
- интеграциялау - бөліктерді бүтін шығатындай етіп біріктіру, яғни бөліктерді біртұтас болатындай етіп біріктіру;
- қандай да бір бөліктердің, элементтердің бүтінге біріктірілуі және бірдей типті қоғамдық құрылыстағы екі немесе одан да көп мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының өзара бейімделу және біріктірілу процесі;
Жоғарыдағы түсініктемелердегі “интеграция” сөзінің жалпы мағыналары бірдей екендігі байқалады. Ал осы сөзді ғылыми термин деңгейіне көтеру үшін оның қандай да бір мәнді белгісін бөліп көрсетудің қажеттігін аңғартады.
Жалпы алғанда, интеграция проблемасы бастауыш мектепке қатысты қойылуы мүмкін бе және ол қандай деңгейде екендігі жиі қойылып, оны шешумен байланысты ізденістер үдей түсуде. Дегенмен бастауыш буын үшін мақсат, міндетінің бір типтілігін ескере отырып, оқу іс-әрекеттерінің түрлерін, олардың элементтері мен бөліктерін біріктіру және үйлестіру арқылы біртұтас түрге келтіру процесі - интеграцияның қарапайым көрінісі ретінде бұрыннан орын алып келе жатқан құбылыс.
Сіздердің қолдарыңыздағы “Ана тілі” оқулығы да сол интеграцияның қарапайым көрінісі. Бұрын сауат ашу кезеңдері аяқталғаннан кейін (2-жартыжылдықта) “Ана тілі”, “Қазақ тілі” деген екі пән оқытылғандығы сіздерге белгілі. Жаңа буын оқулықатры қатарында жарық көрген «Ана тілі» оқулығы сол екі пәнді біріктіріп оқыту нәтижесінде дүниеге келді. Бұл сол «Ана тілі» оқулығына балама оқулық. Жаңа буын оқу бағдарламасы негізінде жазылды. Бағдарламада оқу материалдарының тақырыптары көрсетілгендіктен, сол негізге алынып жасалды. Грамматикалық тақырыптарға оқу материалдарын бағындыру өте қиын, егер оқу тақырыптары грамматикалық объектіге байланысты таңдалып алынса, интеграциялау мүмкіндігі мол болар еді. Дененмен оқу тақырыптары мен грамматикалық объектілерді барынша байланыстырылды.
ІІ. Ана тілі оқулығының құрылымы мен құрылысы
2. 1 Оқулықтың құрылымы мен мазмұны туралы
“Ана тілі” интеграцияланған оқулық болғандықтан, онда әрбір тақырып оқу мәтіндерінен басталады да, одан әрі грамматикалық тақырыпқа қатысты жаттығулар беріледі. Оқу материалдары бағдарламада көрсетілген тақырыптарды қамтиды. Ал грамматикалық материалдарды шартты түрде мынадай тарауларға бөліп қарастыруға болады: тіл және сөйлеу, дыбыстар мен әріптер, мәтін, сөйлем, сөз, жыл бойы өткенді қайталау. Енді әрбір тараудың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Тіл және сөйлеу. Бұл тарауда адамдардың бір-біріне қарым- қатынасы сөйлеу арқылы жүзеге асатындығы туралы түсінік беріледі. Тілдің қарым-қатынас жасау құралы екені, адамның ойы тіл арқылы, яғни тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, белгілі болатыны нақты мысалдар бойынша ұғындырылады.
Дыбыстар мен әріптер. Бұл - осы сыныптағы ең үлкен бөлімнің бірі. Мұнда тілдің дыбыстық жүйесіне қатысты мәселелер сатылы түрде біртіндеп таныстырылады. Ең алдымен дыбыс және әріп туралы берілген білім еске түсіріліп, одан әрі кеңейтіле түседі. Дыбыстарды жазуда әріппен танбалайтынымыз байқатылады. Әсіресе, дыбыстардың фонемалық кызметіне (дыбыстың сөз мағынасына әсерін байқатуға) баса назар аударылады.
Тілдегі дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып бөлінетіні туралы ұғым сауат ашу кезеңінде-ақ берілген болатын. Сол себепті дыбыстардың бөлінісін көрнекі түрде оқушылардың естеріне түсіру қажет. Бұл үшін мынадай сызбаны пайдалануға болады:
Сұрақ-жауап әдісімен дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінетіні еске түсірілгеннен кейін, оларды сызбадағы көп нүктенің орнына жазып қойған жөн.
Бұл сыныпта дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін, жуан және жіңішке түрлерін танытуға көбірек орын беріледі. (Сабақтық жоспарын А қосымшадан көруге болады) . Сөздегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе біріңғай жіңішке болып келуіне қарай сөздердің жуан не жіңішке айтылатыны меңгертіледі. Сонымен бірге кейбір сөздерде жуан және жіңішке дауысты дыбыстар аралас келетіні де нақты мысалдармен байқатылады. Мәселен: кітап, мұғалім, кітапхана, дәріхана, сезімтал, құрметті т. б. Сондай -ақ жуан және жіңішке жұп дауыстылардың ерекшеліктері де өзара салыстыру жолымен аңғартылады.
Буын. Сөздегі бір дауысты немесе дауысты мен дауыссыз дыбыстар дауыс толқынымен бөлшектеніп, топталып айтылады. Мысалы, бала, әке, жақсылык, сияқты сөздер ба-ла, ә-ке, жақ-сы-лық болып, дауыс толқыны бөлшектеніп айтыла алады. Міне, осындай сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады.
Қазақ тілінде тек дауысты дыбыс буын құрай алады, ал дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды, тек дауысты дыбыстармен тіөзбектеліп келгенде ғана буын құралады. Сондықтан сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, көк, жер, ал, ел, от деген сөздерде бір ғана дауысты бар, олар бір ғана буын құрайды: жа-са, о-рын, қы-зыл, деген сөздер екі дауыстыдан тұрады, олар екі буыннан құралган; жол-дас-тық, ба-зар-лық, бас-қар-ма деген сөздер үш дауыстыдан тұрады, бұлар - үш буынды сөздер т. б.
Қазақ тіліндегі сөздер бір буынды, екі буынды және көп буынды бола береді. Әдетте түбір сөз бір буынды, екі буынды болады да, көп буыңды сөздер туынды түбір не сөз формалары болып келеді.
Буын құрайтын дауысты дыбыс болғандықтан, буын ішіңде дауысты және дауыссыз дыбыстардың орнына байланысты қазақ тілінде буынның үш түрі көрсетіліп жүр: 1) ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.
1. Ашық буын бір ғана дауысты дыбыстан тұрады немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы, а, ға, а, ба, ла, ке, ле деген буындар ашық буын болып табылады.
2. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: от, ар-ба, өрт, ант, ас-тық деген сөздердегі от, ар, өрт, ант, ас тәрізді буындар тұйық буын болып табылады.
3. Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Бітеу буында кем дегенде үш дыбыс болады: дауыссыз+дауысты+дауыссыз. Кейде ортасында бір дауысты басында я соңында екі дауыссыз болады: Мысалы, қант, мек-теп, жас-тық, сүрт, көз, тақ-тай т. б.
Сөйлем - ойды білдіре алатын тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлемнен кіші - тілдік бөлшектер, мысалы, жеке сөздер, сөз тіркестері ойды білдіре алмайды, олар тек жалаң (жеке сөздер) я күрделі (сөз тіркестері) ұғымды ғана білдіре алады.
Мысалы: Шай алдында тысқа шығып, далада бой жазып жүрген уақытта Тоғжан жатқан үйді ойша іздеді. Сүйіндіктің үлкен уйіне жақын тұрған кішілеу ақ үй бар. Асылбектің отауы болуы керек. (М. Әуезов) . Бұл мысалда бір-біріне жалғасқан 3 түрлі ой айтылған: 1) (Абайдың) Тоғжан жатқан үйді ойша іздеуі; 2) кішілеу ақ үйдің орналасуы; 3) оның Асылбектің отауы болуы; Әрбір ой әрбір сөйлемге қатысты. Сондықтан да кез келген сөйлемін жеке алып қарасақ, осы көрсетілгендей, белгілі ойды білдіреді. Ал сол сөйлемдерді құрап тұрған жеке сөздер мен сөз тіркестері ой білдіре алмайды: шай, тысқа, шай алдында шығып, үйді іздеді т. б. дегендер тек ұғымды, түсінікті білдіреді. Соңғы тіркес (үйді іздеді) ойды білдіріп, сөйлем болып тұрған сияқты. Ондай мән білдіріп тұруы іздеді деген баяндауыштың тиянақты, жақ тұлғасында тұрып, ол (Абай) деген бастауышпен қиысып қолданылуы да ойда әбден қалыптасқандығынан екенін естен шығармау керек.
Сөйтіп, бір шама тиянақты ойды білдіре алатын сөздер тобын (кейде жеке сөзді де) сөйлем дейміз.
Сөйлем - жеке сөзден де, сөз тіркесінен де бөлек тілдік единица. Сөйлем әдетте бірнеше сөздер тобынан тұрады: ойды білдіруге тікелей қатысты тұрлаулы (бастауыш және баяңдауыш) мүшелер мен тұрлаусыз мүшелер сөйлем құрайды. Бірақ кейде сөйлемде сөздердің көбі түсіп қалып та жұмсалады, қойылған сұракка бір сөзбен жауап беріледі, мекендік, мезгілдік ұғымды білдіру үшін бөлек-бөлек сөйлемдер арасында атаулық мәнде жеке сөздер қолданылып, сөйлем мәнінде жұмсалады. Міне, осыңдай ерекшеліктерді ескеріп, сөйлем жеке сөзден де тұрады дейміз. Мысалы: Оспан мен Смағүлды жалындырып алды да, екі үйректі канжығасынан шешіп беріп жатып:
- Ертеңді-кеш суды лайлағанша, тым құрыса бүлдірген терсеңдерші, - деді.
- Бүлдірген? (М. Әуезов)
Бірақ жеке сөзден тұратын сөйлем сол контекст ішінде ғана сөйлем деп танылады, оның сөйлем болу қасиеті сол контекстегі алдынғы, соңғы сөйлемдерге тікелей катысты. Берілген мысалдағы бүлдірген, түн, қараңғылық деген сөздерді контекссіз тұрганда сөйлем деуге болмайды.
Сөйлем ойды білдірумен бірге екінші бір ерекшелігі оның белгілі дауыс ырғағы, интонациясы болады. Сөйлем тұлғасы жағынан да тиянақты болады. Сөйлемнің тұлға жағынан тиянақтылығы көбіне ондагы баяндауыш тұлғасына байланысты болады да, сол тұлғада сөйлемді аяқтап бітіруге болады. Мысалы, Айша келіншектің қасына келді деп сөйлемді аяқтауга болады да, Айша келіншектің қасына келіп (немесе келсе, келгелі т. б. ) деп сөйлемді аяқтап бітіруге болмайды.
Ал дауыс ырғағы, интонация жағынан сөйлемнің тиянақтылығы сөйлем соңында дауыс ырғағының бәсеңдеп барып бітетін кідірістен көрінеді. Оны схемамен былай көрсетуге болады: астыңғы сызық - сөйлем де, үстіңгі сызық - дауыс ырғағының басталып, көтеріліп, бәсеңдеп кідіруі.
Жазуда сөйлем бір-бірінен айтылу мақсатына лайық нүкте, леп белгісі, сұрау белгісі сияқты тыныс белгілері аркылы ажыратылады. Әр сөйлем бас әріппен басталып жазылады.
Сонымен бірге оқушыларды заттан оның атын білдіретін сөзді дерексіз ой арқылы бөліп алуға дағдыландыру қажет. Бұл дағды қарапайым мысалдар төңірегіндегі әңгіме, сұрақ-жауап тәсілдері арқылы қалыптастырылуы тиіс. Мысалы:
Мынау не? (Кітап, қалам, сағат, т. б. суреттері көрсетіледі. )
Кітап (қалам, сағат, т. б. ) .
Бұд сөздер әдетте оқушыларға жақсы таныс деректі заттардың атауы болғаны жөн.
Мұғалім балалар айтқан сөзді тақтаға жазып қояды да, сол жазуды көрсетіп, тағы да сұрайды:
Ал мынау не?
Бұл сұраққа жазу, кітап, кітаптың жазуы деген тәрізді әртүрлі сөздер пайдаланылып, жауап берілуі мүмкін.
Оқушылар тақтадағы бұл жазудың осы көрсетілген нақты затқа (кітапқа) қатысты екенін біледі. Бірақ қалай қатысты екенін ажырата алмауы заңды нәрсе. Сондықтан мұғалімнің міндеті - бұл жазудың жай жазу емес, заттың өзі де емес, сол заттың атауы екенін ұғындыра білу.
Осы үлгідегі мысал тағы да қайталанады:
Мынау не?
Сағат.
Рас, сағат. Заттың өзі. Ал енді осы заттың өздерің айтқан атын тақтаға жазып қояйық. Бұл не болды сонда?
Сағаттың атын білдіретін сөз.
Оқушылар зат пен оның атын білдіретін сөздің аралығын ажыратқанша мұндай мысалды бірнеше рет қайталауға болады.
Қорытынды:
Барлық заттың атын білдіретін сөз болады екен. Ол заттарды сол аттарымен атаймыз. Қане, сыныптағы, көшедегі өздерің көріп тұрған заттарды атаңдаршы?
Оқушылар атай бастайды:
Тақта, парта, ағаш, үй, машина . . .
Заттың атын білдіретін сөз туралы ұғым берілғеннен кейін, сол сөздерге сұрақ қоя білуге дайындау жұмысы жүргізіледі. Ол үшін мынадай сұрақ қойылады:
Ал енді осы сынып ішінде өздерің білмейтін зат бар ма? Болса, оның атын білу үшін қалай сұрайсыңдар?
Сыныпта мұндай заттың жоқ болуы да мүмкін. Ондай жағдайда мұғалім өзі әкелген көрнекі құралдардың бірін немесе суреттерді пайдалана алады. Мысалы, жемістер бейнеленген суреттерді алайық. Алма, алмұрт, қара өрік, шие, т. б. жемістердің (суреттегі) әркайсысына алдымен мұғалім, содан соң оқушылар сұрақ қоя отырып, олардың бәрі де «не?» деген сұраққа жауап беретінін анықтайды. Осындай үлгідегі ауызша жаттығу барысында мұғалім адам бейнеленген (автобус жүргізушісінің, кондуктордың, дәрігердің, т. б. ) суреттерді көрсетеді. Адам бейнеленген суреттерге келгенде оқушылардың ойланып қалуы мүмкін. Немесе алғашқы дағдысымен “Мынау не?” деп сұрақ қойып жатса, мұғалім өзі араласады:
Ойланыңдаршы, адамға “Бұл не” деп айта ма?
Айтпайды.
Ал оларға қандай сұрақ қойылады?
Бұл кім?
Соңғы сұрақтың жауабын мұғалім айтса да, оқушылар айтса да бәрібір. Маңыздысы - оқушының ойлануы, кенеттен жаңалыққа кез болуы. Осылайша заттың атын білдіретін сөздерге кім? не? сұрақтары қойылатыны байқатылады. Кейінгі сабақтарда не? нелер? кім? кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздер жеке-жеке арнайы өтіледі.
“Заттың атын білдіретін сөздер” тақырыбынан тиісті мағлұмат алған оқушыларға “Бас әріппен жазылатын сөздер” тақырыбын меңгерту онша көп қиындық келтірмейді. Бұл тақырыпты оқыту балалардың сауатты жазуын жетілдіру мақсатымен байланысты болып келеді. Енді олар кісі есімдерін, олардың аты-жөндерін, жер-су атауларын, үй жануарларына қойылатын аттарды бас әріппен жазу керек екенін білетін болады. Осы тақырыпты оқу кезінде оқушылар адамға қатысты атау мен есімнің өзгешілігін, жан-жануарлар аттары мен оларға қойылатын атаудың арасындағы айырмашылықты ұғынуы қажет.
Бұл сыныпта оқушылар қимылды білдіретін сөздерге не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтар қойып үйренеді. Қимылды білдіретін сөздерге сұрақ қоя білу үшін, олар сол сөздердің мағынасын толық түсініп, қолданылу ерекшеліктерін біршама ажырататын болуы қажет.
Қазақ тіліндегі қимылды білдіретін сөздер лексикалық мағынасы жағынан әр алуан жайттарды қамтиды: қимылды (кел, жүгір), іс- әрекетті (оқы, жаз), қимылдың қалпын (отыр, жатыр), т. б. Мұндай күрделі ұғымды бірден түсініп кету қиын. Сондықтан “Заттың қимылын білдіретін сөздер” тақырыбын өткен кезде оқушыларға ең алдымен нақты қимылды, содан соң іс-әрекетті, әрі қарай қимылдың қалпын білдіретін сөздерге бірте-бірте сұрақ қойғызып үйрету қажет. Түрлі мағынадағы етістіктерге сұрақ қоя отырып, балалар біртіндеп олардың мағынасын ұғынады, бұл сөздерді сөйлем ішінен жаңылыспай табуы, күнделікті ауызекі қарым- қатынастарында, жазба жұмыстарында дұрыс қолданып үйренеді.
Бір ескеретін нәрсе - оқушылардың сөйлем ішінен, тіркескен сөзден қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздерді үнемі ажыратып ала бермейтіндігі. Бұл су тасыды, жем шашты, кітап оқыды, т. б. тіркестерге қатысты. Оқушылар аталған тіркестерді түгелдей қимылды білдіретін сөздер қатарына жатқызып, сұрақты да бұл тіркеске тұтастай қояды. Мұндай қатені болдырмаудың бір жолы - арнаулы жұмыстар жүргізу. Мысалы, тақтаға төмендегідей үлгідегі сөздер кассасы ілінеді:
Үстел үстінде әртүрлі заттардың, жан-жануарлардың аттары жазылған қатты қағаздар немесе олардың суреттері жатады. Оқушылар сол суреттер арасынан жоғарыдағы сөздер кассасындағы көп нүктенің орнына дәл келетінін тауып ілуі тиіс. Мұғалім сөздер кестесінің жоғары жағындағы сұрақтарға оқушылардың назарын аударып отырады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін сөздер кассасындағы сөйлемдерді көрсетілген үлгі бойынша қысқартып оқу сұралады. Мысалы, жоғарыда келтірілген сөйлемдер:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz