Сөздің құрылымы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.7
І тарау. Сөздің морфологиялық құрылымы
1. Түбір морфема және сөздің негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.12
2. Қосымша морфема және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.17
ІІ тарау. Сөздің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.20
2.1. Түбір морфема және оның түрлері (түпкі (өлі) түбірлер, негіз
түбірлер, туынды түбірлер) ... ... ... ...21.28
2.2. Сөздің қосымшаларының құрылымы мен мағынасы ... ... ... ...29.34
2.3. Туынды түбірдің сөзжасамдық құрылымы ... ... ... ...35.39
Қорытынды ... ... ... ... 40.41
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... .42

Кіріспе
Қазақ тіліндегі туынды сөздер жайында түсінік
Түркі тектес тілдердің ішінде қазақ тілі де өзінің морфологиялық құрылымы жағынан аглютинативті (жалғамалы) тілдер қатарына жататыны белгілі. Сондықтан да түркі тілдерінде сөздердің құрылым жүйесі анық көрініп тұрады. Сөздің құрамы мен құрылымы туралы мәселе тығыз байланысты. Сөздің құрылымы әңгіме болған жерде оның морфемалық құрамы айтылмау қалуы мүмкін емес.
Сөздің морфемалық құрамының екі бөліктен, түбір морфема мен қосымша морфемадан тұратыны ғылыми тұрғыдан дәлелденіп бір ізге түскен қағида. Түбір морфема сөздің әрі қарай мағынасын бөлшектеуге келмейтін түпкі негіз болып саналады да дербес лексикалық мағынаға ие болады. Сондықтан да түбір морфема сөздің құрамы мен мағынасының негізгі ұйытқысы болып танылады. Түбір морфема - мағынасы жағынан да, қызметі жағынан да дербес қолданыла алатын морфема. Ал қосымша морфемада ондай дербестік жоқ, ол негізгі морфемаға қосылып айтылады да, сол арқылы лексика-грамматикалық немесе грамматикалық мағынаға ие болады. Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі А.Қалыбаева мен Н.Оралбаеваның 1986 жылы шыққан монографиясында арнайы талданса, сөздің морфологиялық құрьілымын көптен зерттеп жүрген А.Ибатовтың "Сөздің морфологиялық құрылымы" атты еңбегі орта ғасыр ескерткіштеріндегі сөздердің морфологиялық құрылымын ажыратуға арналған. (А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, 1986, А.Ибатова, 1983.)-
Сонымен сөздің морфемалық құрамында сөздің жоғарыда айтылғандай сөздің негізгі, сөздің құрамдас бөліктері, түрлі жалғау, жұрнақтар жайлы сөз болса, сөзжасамдық құрылымда әңгіме тек туынды сөздер жайлы болады. Бұл екі түсінік бір-бірімен өте тығыз байланысты болса да айырмашылықтары бар. Сөздің жасалу тәсілдеріне қарай лексика-грамматикалық бөлікке түбір сөздер, туынды түбірлер, біріккен, қосарланған, тіркескен және қысқарған сөздер (түбірлер) жатса, грамматикалық бөлікке осы сөздерге жалғанған функциональді-грамматикалық мағына үстейтін және сөз бен сөзді байланыстыратын таза грамматикалық мән беретін қосымшаларды жатқызамыз.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесіндегі белгілі тәсілдер, сөзжасам типтері мен үлгілері, жалпы тілде сөздің жасалу механизімін анықтау талдаудан басталады.
Мысалы: малшы, етікші, өлеңші сияқты түбірлердің туынды екенін дәлелдеу үшін оларды мал, етік, өлең сөздерімен салыстырамыз. Бұлардың алғашқыларының құрамы соңғыларға қарағанда күрделі әрқайсысының құрамында екі морфема бар. Соңғы топтағылар бір морфемадан ғана тұрады. Сондықтан туынды түбірлерге алғашқы топ жатады. Соңғы топтағы сөздер-туынды түбірдің жасалуына негіз болған сөздер. Өйткені тілде қалыптасқан заңдылық бойынша туынды сөздің құрамындағы морфемалардың саны негіз сөздің морфема санынан көп болады. Бұл ерекшелік туынды сөз бен негіз сөзді ажыратудағы негізгі белгілердің бірі және мағыналық жағынан да осы ерекшелік көріну керек. Туынды сөздің лексикалық мағынасы негіз сөздің лексикалық мағынасынан жасалатындықтан, оның туынды мағынасына негіз сөздің мағынасы айғақ болады. Жоғарыдағы келтірілген мағыналардағы малшы, етікші, өлеңші деген туынды түбірлер мағынасының жасалуына мал, етік, өлең деген заттардың аты негіз болған. Бұл заттардың атынан малды бағатын адам, өленді айтатын адам, (етікті тігетін адам) деген сияқты олардан мамандық аты жасалған. Алғашқы топтағы сөздердің мағыналық құрамында белгілі заттардың аты және оған мамандық мағынасы қосылғаны көрінеді. Сөйтіп, белгілі мамандығы бар адамдарды атайтын сөз жасалған. Бұл туынды сөздердің мағына күрделілігін байқатады. Сонымен бірге, осы сөздердің құрамындағы мал, етік, өлең деген сөздер оған қосылған қосымшаларсыз жеке де қолданылады. Мысалы: мал өрісте; - етік - аяққа киетін киім; өлең сөздің патшасы. Осылайша салыстыру арқылы мал, етік, өлен деген сөздердің -шы, -ші жұрнағынсыз қолданылатын негізгі түбір сөз екенін және олардың мағынасында мамандық мағынасы жоқ екенін байқауға болады.
Сөзжасам саласындағы негізгі тұлғалардың бірі туынды сөз. Туынды сөзге қосымшалар арқылы жасалған туынды түбірлер мен күрделі сөздер, барлық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туындылардың барлығы жатады. Туынды сөздер - тілдің сөзжасамдық процесінің нәтижесінде туған лексикалық дайын тұлғалар. Қазақ тілінің сөздік қоры туынды сөздерге өте бай, өйткені тіліміздің сөзжасам жүйесі - тым көне замандардан келе жатқан құбылыс. Содан бері

Пайдаланған әдебиеттер
1. А.Қалыбаева, Н.Оралбаева Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі, А., 1986.
2. А.Ибатов Сөздің морфологиялық құрылымы. А., 1986.
3. Аханов С. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, А., 1989.
4. Исаев А. Тіл білімінің негіздері, А., 1978.
5.Аханов С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты, А., 1998.
6. Ибатов А. Қазақ тілінде қосымшаларды жіктеу мәселесі // ҚазССР ҒА-ның хабарлары, филология сериясы, № 2, 1987.
7. С.Мергенбаева Қазақ тіліндегі сөз өзгсрім жүйесі, А., 1994.
8. М.Оразов Морфема және морфема тендес атаулар // Хабаршы, тіл-әдебиет сериясы, №4, 2000.
9. Н.Баскаков Каракалпакский язык. II том. Фонетика
и морфология, часть I (часть речи исловообразования) М., 1952.
10. Ә.Қайдаров Структура односложных корней и основ в казахском языке, А., 1986.
11. Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, А., 1966.
12. І.Кеңесбаев Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1974.
13. А.Ибатов "Бадал" сөзінің мағынасы не ? // Қазақстан мектебі, 1966, № 1
14. А.Ибатов Сөз құрамындағы морфема атаулары.
15. А.Ибатов ҚазССР ҒА хабарлары, тіл әдебиет сериясы, 1989, № 1,
16. Ғ.Айдаров Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі, А., 1988.
17. А.Ысқақов Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, А., 1986.
18. Ә.Төлеуов Қазіргі қазақ тілі, А., 1974.
19. М.Томанов Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы, А., 1973.
20. А.Ғаниев Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, А., 1992.
21. Н.Баскаков Суффиксальное словообразование современном татарском литературном языке, Казань, 1974.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-7
І тарау. Сөздің морфологиялық құрылымы
1. Түбір морфема және сөздің
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..8-12
2. Қосымша морфема және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3-17
ІІ тарау. Сөздің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...18-20
2.1. Түбір морфема және оның түрлері (түпкі (өлі) түбірлер, негіз
түбірлер, туынды түбірлер) ... ... ... ...21-28
2.2. Сөздің қосымшаларының құрылымы мен мағынасы ... ... ... ...29-34
2.3. Туынды түбірдің сөзжасамдық құрылымы ... ... ... ...35-39
Қорытынды ... ... ... ... 40-41
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... .42
Кіріспе
Қазақ тіліндегі туынды сөздер жайында түсінік
Түркі тектес тілдердің ішінде қазақ тілі де өзінің морфологиялық құрылымы
жағынан аглютинативті (жалғамалы) тілдер қатарына жататыны белгілі.
Сондықтан да түркі тілдерінде сөздердің құрылым жүйесі анық көрініп тұрады.
Сөздің құрамы мен құрылымы туралы мәселе тығыз байланысты. Сөздің құрылымы
әңгіме болған жерде оның морфемалық құрамы айтылмау қалуы мүмкін емес.
Сөздің морфемалық құрамының екі бөліктен, түбір морфема мен қосымша
морфемадан тұратыны ғылыми тұрғыдан дәлелденіп бір ізге түскен қағида.
Түбір морфема сөздің әрі қарай мағынасын бөлшектеуге келмейтін түпкі негіз
болып саналады да дербес лексикалық мағынаға ие болады. Сондықтан да түбір
морфема сөздің құрамы мен мағынасының негізгі ұйытқысы болып танылады.
Түбір морфема - мағынасы жағынан да, қызметі жағынан да дербес қолданыла
алатын морфема. Ал қосымша морфемада ондай дербестік жоқ, ол негізгі
морфемаға қосылып айтылады да, сол арқылы лексика-грамматикалық немесе
грамматикалық мағынаға ие болады. Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі
А.Қалыбаева мен Н.Оралбаеваның 1986 жылы шыққан монографиясында арнайы
талданса, сөздің морфологиялық құрьілымын көптен зерттеп жүрген А.Ибатовтың
"Сөздің морфологиялық құрылымы" атты еңбегі орта ғасыр
ескерткіштеріндегі сөздердің морфологиялық құрылымын ажыратуға
арналған. (А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, 1986, А.Ибатова, 1983.)-
Сонымен сөздің морфемалық құрамында сөздің жоғарыда айтылғандай сөздің
негізгі, сөздің құрамдас бөліктері, түрлі жалғау, жұрнақтар жайлы сөз
болса, сөзжасамдық құрылымда әңгіме тек туынды сөздер жайлы болады. Бұл екі
түсінік бір-бірімен өте тығыз байланысты болса да айырмашылықтары бар.
Сөздің жасалу тәсілдеріне қарай лексика-грамматикалық бөлікке түбір
сөздер, туынды түбірлер, біріккен, қосарланған, тіркескен және
қысқарған сөздер (түбірлер) жатса, грамматикалық бөлікке осы сөздерге
жалғанған функциональді-грамматикалық мағына үстейтін және сөз бен сөзді
байланыстыратын таза грамматикалық мән беретін қосымшаларды жатқызамыз.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесіндегі белгілі тәсілдер,
сөзжасам типтері мен үлгілері, жалпы тілде сөздің жасалу механизімін
анықтау талдаудан басталады.
Мысалы: малшы, етікші, өлеңші сияқты түбірлердің туынды
екенін дәлелдеу үшін оларды мал, етік, өлең сөздерімен салыстырамыз.
Бұлардың алғашқыларының құрамы соңғыларға қарағанда күрделі
әрқайсысының құрамында екі морфема бар. Соңғы топтағылар бір морфемадан
ғана тұрады. Сондықтан туынды түбірлерге алғашқы топ жатады. Соңғы
топтағы сөздер-туынды түбірдің жасалуына негіз болған сөздер. Өйткені тілде
қалыптасқан заңдылық бойынша туынды сөздің құрамындағы морфемалардың саны
негіз сөздің морфема санынан көп болады. Бұл ерекшелік туынды сөз бен негіз
сөзді ажыратудағы негізгі белгілердің бірі және мағыналық жағынан да
осы ерекшелік көріну керек. Туынды сөздің лексикалық мағынасы негіз сөздің
лексикалық мағынасынан жасалатындықтан, оның туынды мағынасына негіз сөздің
мағынасы айғақ болады. Жоғарыдағы келтірілген мағыналардағы малшы, етікші,
өлеңші деген туынды түбірлер мағынасының жасалуына мал, етік, өлең деген
заттардың аты негіз болған. Бұл заттардың атынан малды бағатын адам,
өленді айтатын адам, (етікті тігетін адам) деген сияқты олардан мамандық
аты жасалған. Алғашқы топтағы сөздердің мағыналық құрамында белгілі
заттардың аты және оған мамандық мағынасы қосылғаны көрінеді. Сөйтіп,
белгілі мамандығы бар адамдарды атайтын сөз жасалған. Бұл туынды сөздердің
мағына күрделілігін байқатады. Сонымен бірге, осы сөздердің құрамындағы
мал, етік, өлең деген сөздер оған қосылған қосымшаларсыз жеке де
қолданылады. Мысалы: мал өрісте; - етік - аяққа киетін киім; өлең
сөздің патшасы. Осылайша салыстыру арқылы мал, етік, өлен деген сөздердің
-шы, -ші жұрнағынсыз қолданылатын негізгі түбір сөз екенін және олардың
мағынасында мамандық мағынасы жоқ екенін байқауға болады.
Сөзжасам саласындағы негізгі тұлғалардың бірі туынды сөз. Туынды сөзге
қосымшалар арқылы жасалған туынды түбірлер мен күрделі сөздер, барлық
сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туындылардың барлығы жатады. Туынды сөздер
- тілдің сөзжасамдық процесінің нәтижесінде туған лексикалық дайын
тұлғалар. Қазақ тілінің сөздік қоры туынды сөздерге өте бай, өйткені
тіліміздің сөзжасам жүйесі - тым көне замандардан келе жатқан құбылыс.
Содан бері туынды сөздер тілге үздіксіз қосылып отырған. Туынды сөздердің
қазақ тілінің тарихында сөздікке ең мол қосылған кезі қазан төңкерісінен
кейінгі кезең. Бұл кезеңде тілімізге туынды сөздердің қосылу қарқынын ең
кұшті тасқынмен теңеуге болады. Осының нәтижесінде бұл кезеңце тіліміз
туынды сөздермен орасан байыды. Бұл - занды құбылыс, өйткені қазан
төңкерісінен кейін қазақ халқының өмірінде орасан зор жаңалықтар өте көп
болды. Өмірдің барлық саласында ғылымда, мәдениет пен техника, экономикада,
оқу-ағарту ісінің барлық саласында бүрын болмаған, халық өмірінде
кездеспеген керемет жаңалықтар күн сайын пайда болып, орнығып жатты. Оның
бәрі жаңа атаулар, жаңа терминдерді керек етті. Бұл жағдай тілдің сөздік
құрамына лек-легімен жаңа сөздер қосты, тіл жаңа сөздермен байыды. Ал оның
басым көпшілігі туынды сөздер еді. Қазір тіліміздегі негізгі түбір
сөздермен салыстырғанда, туынды сөздер олардан әлдеқайда көп.
Сөз байлығымыздың осы ең мол тобы болып табылатын туынды сөздер іштей
алуан - түрлі, оның себебі - туынды сөздер түрлі-түрлі тәсілдермен
жасалған.
Тілдің сөзжасам жүйесі өте күрделі, ол түрлі-түрлі тәсілдерді қамтиды.
Соған орай туынды сөздердің құрамы, құрылысы сан-алуан. Олардың ортақ
белгілері де жеткілікті. Сонымен бірге туынды сөздердің тілдің басқа
құбылыстарына ұқсастығы да бар. Мысалға туынды сөздердің сөзформаларға да
сөз тіркестеріне де ұқсастығы бары анық, сондықтан оларды дұрыс ажырату
керек. Осы жағдайлардың бәрі туынды сөздердің өзіндік белгілерін көрсетудің
қажеттігін туғызады.
Алдымен туынды сөз деген терминнің мәнін ашып алайық. Қазақ тілі
білімінде бұл термин кездесіп жүргенімен ол тұрақты бір мағынада қалыптасты
деуге келмейді. Оны кейде туынды түбір деген мағынада қолдану кездеседі.
Шындығында осы екі терминнің мағынасында үлкен айырма бар. Ал туынды сөз
деген терминнің мағынасы туынды түбір деген терминнен әлдеқайда кең. Туынды
түбір деген термин -туынды сөздердің бір тобының ғана аты. (ҚҚТСЖ. 34-6.)
Туынды түбірлерге тек жұрнақ арқылы, синтетикалық тәсіл арқылы жасалған
сөздер ғана жатады. Туынды сөз деген терминнің көлеміне туынды түбірлер
оның бір тобы ретінде кіретіні сөзсіз, бірақ туынды сөздерге олардан да
басқа тәсілдер арқылы жасалған түрлі - түрлі туынды сөздер жатады. Мысалы,
туынды сөздерге туынды түбірлерден басқа тағы да сөзқосам тәсілі арқылы,
біріккен, кіріккен сөздер, қосарлау тәсілі арқылы жасалған қосарлама
сөздер, тіркестіру тәсілі арқылы жасалған аналитикалық, яғни күрделі сөздер
және семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер жатады. Жалпы тіліміздегі
түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған сөздердің бәрі туынды сөздерге
жатады. Сондықтан да туынды сөз деген термин басқа-басқа мағынада
қолданылып отыр. Алдыңғысының мазмұны соңғысынан әлдеқайда кең саналатыны
да тілде көрінеді. Сөйтіп, тіліміздегі сөзжасам тәсілдері арқылы белгілі
сөзжасам модельдерінің бірі бойынша жасалып, сөздік қорымызга кірген
сөздерді туынды сөздер дейміз. Мысалы: бала+лық, үй+лі, өнер+паз, бала+пан,
үй+шік, сары+ала сара ала, он+сегіз он сегіз, бұл+күн бүгін, от+тегі,
көмір - қышқылы көмір қышқылы, шек+ара шекара. (термин) т.б.(ҚҚТСЖ,
1989, 35-6.).
Туынды сөздер - өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажетін өтеу
үшін, тіліміздің сөзжасам заңдылықтары арқылы жасалған сөздер. Туынды
сөздердің тілде пайда болуы, оның сөздікте көрінетіндей дәрежеге жетіп,
тілде орнығуы, халыққа эбден танылуына бір сыпыра уақыт кетеді. Бұл -
ұзақка созылатын процесс. Онамосиология жаңа пайда болған ұғымның алғашқы
суреттемелі түрде аталуынан басталып, номинацияға жеткенге дейінгі процесін
зерттейді. Мысалы қазақ тіліндегі Ұлмекен деген кісінің атын алайық. Оның
осындай дыбыстық құрылымындағы атауға айналуы - сол сөздің жасалуының соңғы
сатысы. Оның жасалуына ¥л ма екен? деген сөз тіркесі негіз болған. Сөйтіп,
мұнда алғаш СӨЗ мағынасы туып, оны сөз тіркесі арқылы білдірсе, кейінен ол
мағына белгілі дыбыстық құрам арқылы беріліп, атау пайда болған. Сол сияқты
балмұздақ, аялдама, көрермен, оқырман, жанкүйер сияқты сөздердің шығуы 1950
жылдардан басталса олардың эбден танылып, сөздіктерге кіре бастағаны соңғы
кезеңге жатады. Сөйтіп, онамосиологияның объектісі -сөздердің жасалу
процесі. Жалпы алғанда, бұл да - сөзжасамға қатысты мәселелер. Сөзжасам
қазақ тіл бөлімінде бірсыдырғы тексерілгенімен, онамосиологияның зерттелу
дәрежесі өте төмен.
Туынды сөздер - тілден көлемді орын алатын, сөз байлығымыздың өзгеше
бір қалың қабаты. Қазақ тіліндегі туынды сөздердің түрлері өте көп, олар
мыналар: туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз, қысқарған түбір.
Біздің зерттеу нысанымыз осылардың ішіндегі туынды түбірлер. Туынды түбір
туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі, ол синтетикалық тәсілі
арқылы жасалады. Синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды
түбір сөздер жасап тілді байытып отырады. Туынды түбірдің мағынасы негіз
сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық
мағынасы жұрнақ қосылғанан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады,
сондықтан туынды сөздің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланыста
болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б. Бұларда
өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген. Сол сияқты
ақта дегенге аң, көйлекшең дегенге көйлек, бітім дегенге біт, сырлас
дегенге сыр деген сөздер негіз болған. Сондықтан да бұлардың әрқайсысында
да негіз болған сөздермен мағыналық байланыс, жақындық көрініп тұр. Негіз
сөздің мағынасынан туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады, өйткені
негіз сөздің мағынасына жұрнақтың мағынасы қосылады. Туынды түбір құрамы
жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық
жұрнақ. Бұл екі морфема - туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден
туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған
сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы
артық болады.
Туынды түбір сөз таптарының көбіне қатысты, әсіресе, ол зат есім, сын
есім, етістіктерде мол. Бұл жағдай осы сөз таптарының жұрнаққа байлығынан,
ол жұрнақтардың көпшілігінің өнімділігінен деп қараған жөн. Туынды түбірлер
тіліміздің сөз байлығын арттыратын бір кең арна.
І. Сөздің морфологиялық құрылымы.
1.1. Түбір морфема және сөздің негізі.
Грамматика саласындағы ең маңызды мәселелердің бірі - сөздің
морфологиялық құрылымы. Сөздің морфологиялық құрылымын дұрыс талдау жасау
үшін ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық
ұғымдарды алдын-ала айқындап алу қажет. Ондай негізгі морфологиялық
ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түрлері түбір морфема
(немесе негіз морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп
аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді. (Аханов, 1978,271-6.).
Сөздің құрамындағы морфемалар білдіретін мағынасы мен атқаратын
қызметі жағынан және түрған орнына қарай біркелкі болмайды. Мысалы, сүйемін
және тілін деген сөздердегі сүй, тіл және е, мін, і, н, морфемаларын
салыстырайық. Сүй, тіл бөліктері сөздегі негізгі лексикалық
мағынаны, сол арқылы сөздің қандай тұлғада айтылса да жалпы грамматикалық
мағынасын білдіреді, басқа түрлі мағыналы сөз жасауға ұйытқы бола алады
және басқа формалар бұларға келіп жалғанады. Ал е, мін, і, н морфемалары
жеке тұрып ешбір мән-мағына бере алмайды. Тек алғашқы морфемаларға
қосылғанда ғана барып оған әр түрлі грамматикалық мағына үстейді және сол
алғашқы морфеманың сыртқы дыбыстық ерекшелігіне байланысты кұбылып, өзгеріп
те отырады. Айтамын, басын дегендердегі а, ы морфемаларынан сүйемін, тілін
дегендегі е, і морфемаларының мағыналық қызметінен ешбір айырмашылығы жоқ,
айырмашылық тек дыбыстық жағында, яғни бұлар бір қосымшаның жуан және
жіңішке нұсқасы болып табылады.
Міне, осындай жақтары мен ерекшеліктерін ескере келгенде, морфема
атауы екі түрге бөлініп қаралып жүр: түбір морфема және қосымша морфема.
Оқы, оқы және оқы. Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен
тоқылық. Оқушылардың көбі жақсы оқиды деген сөйлемдердегі оқумен байланысты
сөздер мынадай морфемаларға бөлінеді: оқы, бұйрық райдың жекеше 2-жақ анайы
нөлдік тұлғасы, лық, ған, ды, у, шу, лар, дың, й, ды. Осындағы оқы - түбір
морфема. Бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы тұлғасы - сен оқы - бұдан бөлек,
лар түбір мен нөлдік тұлғадан тұратын сөз формалары. Сөйлемде оқы және кел
деген етістіктер түбір күйінде емес бұйрық рай тұлғасында қолданылған, ал
түбірі - бұйрық мағынасыз қимылды ғана білдіретін етістік. Бұл
сөйлемдердегі кел, бала, көңіл, ықылас, тоқы, көп, жақсы дегендер де осы
сияқты түбір морфемалар, өйткені оларды бүгінгі тіл даму тұрғысынан әрі
қарай бұдан кіші морфологиялық бөлшектерге бөлуге болмайды және осы
бөлшектер негізінде құралатын сөздердің негізгі мағынасын білдіріп тұрады.
Демек, түбір морфема құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да сөздің ары
қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі, негізі. Түбір морфема
жаңа сөз жасаудың ұйтқысы болып табылады. Түбір сырлас дегенге сыр деген
сөздер негіз болған. Сондықтан да бұлардың әрқайсысында да негіз болған
сөздермен мағыналық байланыс, жақындық көрініп тұр. Негіз сөздің
мағынасынан туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады, өйткені негіз
сөздің мағынасына жұрнақтың мағынасы қосылады. Туынды түбір құрамы жағынан
алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ.
Бұл екі морфема -туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды
түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз
қандай түбір болса да жаңа сөз болсын оның мағынасы түбір морфема
білдіретін мағынамен байланысты, соған қатысты болып отырады. Түбір морфема
қазақ тілінде әдетте сөздің бас позициясында болады. Қазақ тілінде префис
деген тұлға жоқ, бірақ беймаза, бетбақ, бейқам. бейкүнә, наразы, нақұрыс
т.б. сияқты иран тілдерінен енген сөздердегі бей (би), на қазақ тілінде сол
күйінде қолданылады.
Міне осындай ерекшеліктердің негізінде кейде түбір морфема мен сөз
сәйкес келе береді. Ал осы түбір морфемаларсыз қосымша морфемалар өз алдына
біреуі болсын, бірнешеуі болсын я жеке тұрып ешбір мағына бере алмайды,
немесе өз бетімен қолданылмайды: ойла, ойлы, тасты, тастардың, үйшік сияқты
сөздердің ла, лы, ты, тардың, шік дегенде ешбір мән жоқ. Осы жағынан
карағанда түбір морфемалар ең негізгі морфемалар болып саналады. Олар жеке
тұрып-ақ белгілі бір мағына бере алатындықтан, ешбір қосымша морфемаларсыз-
ақ кейде сөйлеу процесінде (сөйлем ішінде) қолданыла береді, белгілі
синтаксистік қызмет те атқара алады. Бірақ бұл жерде мына мәселені ескерген
жөн. Грамматикалық тұлғалары мол, әсіресе байланыстырушы тұлғаларға бай сөз
таптары – зат есім мен етістік. Ал сөз байланыстырушы, сөз түрлендіруші
парадигмалық жүйелері жоқ немесе дамымаған сөз таптары сөйлеу процесінде
(түбір тұлғаларында) қолданыла береді. Мысалы, сын есім, сан есім, үстеулер
көбіне түбір тұлғасында жұмсалады. (Тіпті туынды түбір тұлғасында болса
да). Мысалы: Арқаның Көкшетауы (С.С.). Ерте туып, кеш қалып сияқты
сөйлемдерден кербез, сұлу сын есім, ерте, кеш үстеуі өздері қатысты
(анықтап, пысықтап тұрған) сөздермен (Көкшетау, ерте, тұрып, қалған)
түбір тұлғада тікелей орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан. Ал зат есім
мен етістік түбірлердің жайы басқаша. Зат есім сөйлемде таза заттық
мағынада (заттың аты мәнінде) түбір тұлғада
қолданылмайды, өзі тіркескен екінші бір зат есіммен (тас жол, ағаш үй)
тіркесіп, оның сындық сипатын, көмекші етістікпен, септеулік
шылаулармен тіркесіп, заттың қимылға ауысу процесін (мысалы, дос болу, сөз
етті, әңгіме қылды т.б.) сондай-ақ мақсаттық, себептік, мекен-мезгілдік
т.б. мәндерді (мысалы ауыл сайын, бала үшін, радио арқылы т.б.) білдіреді.
Зат есім сөйлемде басқа сөздермен септік, тәуелдік белгілі жағдайда ғана
жіктік жалғау тұлғаларында тұрып грамматикалық байланысқа түсе алады. Ал
етістік түбір, жоғарыда көрсетілгендей, тікелей жіктелмейді, таза
грамматикалық (рай, шақ) тұлғалары үстеліп барып жіктеледі, сондықтан түбір
тұлғасында басқа сөздермен тікелей грамматикалық байланысқа түсе алмай, сол
түбір күйінде сөйлемде қолданыла алмайды. Түбір морфеманың осындай
ерекшелігі сөз табына қатысты болуы олардың грамматикалық сипатының бір
көрінісі болып табылады. (Исаев, 1998, 210-6.).
Түбір морфема дара түрде де, қосымша морфеманы жалғап та жұмсала
береді. Осымен бірге түбір морфемалар қайталанып (қора-қора қой, мая-мая
шөп), қосарланып (аяқ-табақ, жол-жоба), бірігіп те (желбау, ашудас бір-
бірімен тіркесу арқылы күрделеніп те он жеті, қара торы, тас бақа, темір
жол) жеке сөз ретінде қолданыла береді және оларға тілдің құрылымдық заңы
шеңберінде қажетінше қосымша морфема үстемелей алады.
Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемаларлың ішінде
негізгі лексикалық мағына білдіретіндері, де грамматикалық мағынаны
білдіретіндері де бар. Мысалы, көнімшіл деген сөздің құрамындағы көн
морфемасы негізгі лексикалық мағынаны білдірсе, -ім, және -шіл морфемалары
лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді.
Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі
морфема деп аталады. Кейде көмекші морфема деп те аталады. Лексикалық
мағынаны білдіретін морфема түбір морфема деп аталса, грамматикалық мағына
білдіретін аффикстік морфема деп аталады.
Түбір морфема сөздің әр-түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін
бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы
бастық, басшы, баспалдақ, баспа деген зат есімдердің де басты, бассыз
деген етістіктердің де түбірі болып саналады.
Түбір морфема - сөздің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз
табына) жататындығына қарамастан олардың бәріне бірдей тән, күллісіне
бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйытқы болатын әлемент. Түбір
морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық
мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз әдетте, түбір мен жұрнақгың
қосындысынан да жасалады. Мысалы: малшы, достық, таулы, бағала. (Аханов,
1978,273-6.).
Ал негіздің (основа) түбірден айырмашылығы сол, ол сөздердің әр түрлі
лексика-грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Мысалы, бас
морфемасы жоғарыда аты аталған зат есімдердің де, сын есімдердің де,
етістіктердің де - бәріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса,
бастықтар, бастыққа, бастықтан, бастығың, бастығы деген зат есімдер табына
енетін сөздердің формаларына ортақ негіз - бастық. Ал man, тағалы, таған,
бастайтыны деген етістіктердің формаларының бәріне ортақ негіз - баста. Ал
басқара басқарып, басқарған, басқалар, басқаратын деген етістік
формаларының негізі басқар болып саналады. Бұдан мынадай қорытынды жасауға
болады: Түбір морфема - сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа
жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей
ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйытқы болатын әлемент те, негіз -
белгілі бір лексика-грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір
сөздің әр түрлі формаларының бәріне бірдей ортақ ұйытқысы. Негіз
бір ғана морфологиялық әлемент - таза түбірден де құралуы мүмкін.
Мұндайда, жоғарыда аталып өткеніндей, түбір мен негіз, сөз бен түбір немесе
негіз бен сөз тәрізді единицалар бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы, от, өт,
бел, без, жер, жел, mac, жаз, ай, күн т.б. (Аханов, 1978, 275-6.)
1.2. Қосымша морфема және оның түрлері
Негізгі түбір сөз де, қосымшалар да тарихи категория. Олардың тұлғасы
да, мағынасы да тарих көшіне ілесіп өзгеріп отыруы табиғи нәрсе. Сондықтан
қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде қандай сипаттары арқылы ерекшеленеді
және түбір морфемадан қандай қасиеттері мен белгілері арқылы ажыратылады?
Міне осыдан барып қосымшаларды жіктеуге қажетті нақты критерий туындайды.
Осы жағынан келгенде қосымша морфеманың ең бірінші және басты лексика-
грамматикалық белгісі - мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болуы.
Қосымша морфема түбірге жалғанбай ешбір мән-мағына білдіре алмайды. Демек,
өз бетімен жеке дара қолданылмайды және түбірдің дыбыстық ыңғайына, әуеніне
лайық үндестік заңы негізінде құбылып, нұсқаланып барып түбірге жалғануы
арқылы жаңа мағына білдіріп негізгі мағынаны өзгертпей, оған әр түрлі
қосымша мағына үстеу болып табылады. Соның нәтижесінде барып қосымшалар
белгілі юызмет аткдра алады. Сөйтіп қосымшалардың білдіретін мағынасы оның
ең бірінші қасиеті болса, атқаратын қызметі сол мән-мағынасы арқылы жүзеге
асатын екінші қасиеті болып саналады.
Сонымен қосымша морфемалар дегеніміз — өз алдына жеке тұрып ешбір
мағына бере алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып, оған әр түрлі қосымша
мағыналар үстейтін морфемалар. Демек, қосымша морфемаларда не мағыналық, не
тұлғалық, не қолдануда дербестік болмайды, оның мән-мағынасы, қызметі түбір
морфеманың ыңғайында ғана ашылып, анықталады. Ол тек түбірге жалғанып
қолданылатындықтан, түбір морфеманың дыбыстық ерекшелігіне лайық әуеніне
еріп, өзгеріп, нұсқаланып, түрленіп отырады. Сондықтан да бір қосымша
морфеманың бірнеше дыбыстық нұсқасы болады. Мысалы, көптік жалғаудың лар,
лер, дар, дер, map, тер (6 нұсқасы), ал сөйлеу тілде одан да көп - ерін
үндестігіне байланысты 1 - жақ тәуелдік жалғаудың -ым, -ім, -м (3 нұсқасы),
сын есім тудыратын деп танылып жүрген қосымшаның -лы, -лі, -ды, -ді, -ты,
-ті (6 нұсқа) нұсқалары араларында не мағыналық не қызметтік, не стильдік
айырма жоқ. (Исаев, 1998, 211-6.).
Сондай-ақ түбір морфема дербестігімен, атап айтқанда, қосымша
морфемаға қарағанда мағыналық қолданыстық, тұлғалық дербестігі арқылы
ерекшеленеді. Бұл түбірдің мағыналық дербестігі. Тұлғалық дербестігі де
оның дыбыстық өзгеріске түспей, керісінше оның дыбыстық сипатына қарай
қосымша морфеманың күбылып, әр нұсқада жалғануы болып табылады. Сондай-ақ
түбір морфема осындай дербестігімен бірге жалқылығымен де ерекшеленеді. Ал
қосымша морфемада жалқылық болмайды, белгілі бір грамматикалық топқа тәндік
байқалып отырады. Мысалы:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Осындағы жаз-ба-й-мын, өлең-ді, бар-ды, ерте-гіні тер-мек сөздері
осындай бірнеше морфемадан тұрады. Мұндағы қосымша морфемалар тек осы
сөздерге ғана емес, сол тектес басқа да көптеген сөздерге жалғана алады:
жаз-ба-й-мын, жаз-ба-й-мын, бар-май-мын, айт-пай-мын т.б. өлең-ді, сөз-ді,
үй-ді, т.б. тер-мек, бер-мек, сөй-ле-мек т.б.
Морфемалардың түр-түрлеріне тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ең
алдымен түбір морфемалар мен қосымша морфемалардың қосылуында кездейсоқтық
болмайды, ол белгілі зандылыққа сүйенеді де, жүйе құрайды. Бір тектес
қосымша морфемалар грамматикалық қасиеттері бірыңғай, біркелкі түбір
морфемаларға жалғана алады. Мысалы, болымсыздықты білдіретін -ма, -ме, -ба,
-бе, -па, -пе шарттылықты білдіретін -са, -се шақтық мағынаны білдіретін
-ған, -ген, -қан, -кен, -ды, -ді, -ты, -ті т.б. қосымша морфемалар тек
қимылды білдіретін сөздерге және қимылды білдіретін сөздердің баршасына
(етістіктерге), ал меншіктік тәуелдікті білдіретін -ым, -ім, -ың, -ің, -ы,
-і, -сы, -сі тура обьектіні білдіретін -ды, -ді, -ты, -ті -н т.б. зат
атауын білдіретін және барлық зат есімдерге, тағы сондай сөздерге
ғана жалғана алады, керісінше жалғанбайды. Өйткені тілдің талай ғасыр
даму барысында негізгі сөздің мағыналық топталу ерекшеліктеріне байланысты,
олардың өзгеруі, түрлену жүйесі қалыптасып, тұрақталуы, сол жүйелердің
көрсеткіштері болып саналатын, грамматикалық мағынаны білдіретін тұлғалар
мағыналық жағынан сүрыпталып, белгілі топтағы, грамматикалық қасиеті
жағынан бірыңғай, бір тектес сөздерге жалғануға икемделіп қалыптасады.
Негізінен алғанда, түбір морфема жалқы болып келетіндіктен оған қанша
қосымша морфема қосылса да, сыртқы тұлғасын өзгертпейді, ал керісінше,
қосымша морфема түбірдің тұлғалық ерекшелігіне сай формасын өзгертіп
отырады: бар-ған, айт-қан, көр-ген, бала-ның хаттың, іні-нің т.б. Кейінді
ықпал заңы бойынша қ, к, ң дыбыстарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан
басталатын қосымша жалғанғанда қ дыбысы г-ға, к дыбысы г-ге, п я 6-га я у-
га айналып кетуі түбірдің тұлғалық дербестік сипатына, қосымша морфеманың
дербестігі жоқтығына нұқсан келтірмейді. Тек кейде тілдің даму барысында
негізгі түбірдің өлі түбірге айналуына байланысты кейбір дыбыстық
өзгерістер деформациялар болуы мүмкін, бірақ олардың өзгерісінде қосымша
морфемалар тікелей роль атқармайды. (Исаев, 1998, 212-6.).
Қосымша морфема қай түбірге және қанша түбірге жалғанса да, олардың
әрқайсысына жаңа - әр түрлі мағына үстемейді, жалпы түрлі грамматикалық
мағына үстейді: кел-ді, көр-ді, сөй-ле-ді, оқы-ды, және Maл-дap, үй-лер,
ауыл-дар. Бұлардың әрқайсысы әр мағынадағы сөз болғанмен және оларға
үстелген қосымшалардың дыбыстық ерекшеліктері болғанмен, оларға қосымша бір
түрлі грамматикалық мағына үстеген, ол -қимылдың жаңа ғана болуы. (Шақтық
мағына) және заттың көптігі.
Бір түбір морфемаға кейде бір емес бірнеше қосымша морфема қосыла
алады. Ондайда сөзге, (түбіргі) қосымша морфемалардың жалғану тәртібі
белгілі қалыптасқан дәстүр бойынша және тілдің тұрақтанған негізінде
болады.
Оқы-т-у-шы-лар-ымыз-да-ғы айт-ыл-ған-дық-тан т.б.
Бұндағы қосымша морфемаларды керісінше етіп тізбектеуге бола бермейді,
өйткені бұл мағынаны білдіретін осы сөзді құрауда әрбір қосымша
морфемалардың өзіне тән тиісті мән-мағынасы, алатын орны, атқаратын кызметі
бар.
Түбір морфеманың мағынасы нақтылы, ол мағына түбірдің тікелей өз
бойында және өзі дербес болса, қосымша морфеманың мағынасы тым жалпы, тек
сөздің құрамында ғана анықталады, түбір білдіретін мағынаны ғана
негізделеді олар дербес қолданылмайды. Осымен байланысты тілімізде түбір
морфемалар сан жағынан қосымша морфемалардан әлдеқайда көп.
Тарихи жағынан бұл екеуі де жетіліп отырады, олар көбейіп, өзгереді.
Кейбір морфемалар тілімізден шығып қалса, кейбір морфемалар екінші бір
морфемамен қосылып кетіп, өлі морфемаға айналады: уан, yam, -оят, -оян
-ұзын, -ұзақ, - қызыл, - қыздар, барғаннан соң- барған соң - барғасын,
шейін - шаше т.б.
Қосымшалар белгілі топтағы сөздерге жалғанады, олардың өз ішінде де
мағыналары мен қызметтері бірдей емес. Біразы өздері жалғанған сөздерге
жаңа лексикалық мағына үстесе (жылқы-шы, апта-лық, шеге-ле, біл-ім) сөйтіп,
сөзжасам тәсілінің бір түрі болып танылса, енді біразы сөздің мағынасына
ешбір өзгеріс енгізбей, таза грамматикалық мағына үстеп, ол сөзді басқа
сөзбен байланыстырып тұрады. Осындай мағыналары мен қызметтеріне қарай
қосымшалар көпшілік грамматикаларда жұрнақ-жалғау болып бөлініп жүр. Демек,
морфемалық құрамы жағынан түбір, қосымша (жалғау жұрнақ), сөз деген
бөліктер мен ұғымдар болады.
Бұлардан басқа кейбір еңбектерде сөз, туынды түбір деген ұғымдармен
сәйкес келетін негіз (сөздің негізі) деген термин де ара-кідік қолданылып
жүр. Сондай-ақ мағыналық жағынан қосымша морфемалардың яғни қосымшалардың
өз ішінде омонимдік, синонимдік, антонимдік, моносемиялық-
полисемиялық сипаттары, құрама жағынан жалаң, күрделі, құрамы, шығуы
жағынан төл және кірме қосымшалар да болады. Қосымша морфемаларды өз ішінде
жұрнақ, жалғау деп атау ертеден қалыптасқан. Жұрнақтар өзара жаңадан сөз
тудырушы және функциональді сөз түрлендіруші жұрнақтар болып тағы да екі
салаға бөлінеді де, жалғаулар септік, көптік, тәуелдік және жіктік болып
сараланады. (Ысқақов, 1974.).
Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі А.Қалыбаева мен Н.Оралбаеваның 1986
жылы шыққан монографиясында арнайы талданған еңбекте морфемаларды негізгі
морфемалар, көмекші морфемалар деп екіге бөліп - қарайды. Мұндағы көмекші
морфемалар дегені бұрынғы қосымша морфемалар (А.Қалыбаева, Н.Оралбаева,
1986). 1989 жылы шыққан "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" деген
ұжымдық еңбекте жоғарыдағы авторлар сөз тудыратын қосымшаларды жұрнақ,
форма тудыратын қосымшаларды жұрнақша, сөз байланыстыратын қосымшаларды
жалғау деп атауды ұсынса (ҚҚТСЖ, 1989, 77-78); профессор С.Исаев өзінің бір
мақаласында қосымшаларды сөз тудырушы, форма тудырушы деп екіге бөледі де,
форма тудырушы қосымшаларды жұрнақ, жалғау деп атайды. (Исаев, 1987, 32-36-
6.).
С.Мергенбаев сөзөзгерім жүйесіне арналған еңбегінде сөзжасам
қосымшаларынан басқа сезөзгерім тұлғаларын бөліп қарастырады. Сөзге
функциональді грамматикалық мағына үстейтін қосымшаларды тұлғажасам
қосымшалары, сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылатындарын
сөзбайлам қосымшалары деп атайды. (Мергенбаев, 1994, 20-6.) Сөздің
морфологиялық құрылымын көптен зерттеп жүрген А.Ибатовтың "Сөздің
морфологиялық құрылымы" атты монографиясы орта ғасыр ескерткіштеріндегі
сөздердің морфологиялық құрылымын ажыратуға арналған. (Ибатов, 1983). Одан
кейінгі шыққан бір мақаласында да автор осы тақырыпқа қайта соғып, сөз
құрамын қайта карап, сөзжасамдық тұрғыда атау беру мәселесін сөз етеді.
Сөйтіп сөзді екі бөлікке бөліп, оны негізгі морфемалар, қосымша морфемалар
деп атауды ұсынады, әрқайсысына түсіндірмс береді. Мысалы, түбір морфеманы
3-ке бөледі. Түпкі түбір немесе бірсыпыра зерттеулерде өлі түбір деп атап
жүр. (Бұл қазіргі кезде жеке айтылмайтын, тарихи тұрғыдан зерттеуді қажет
ететін
сөздің түпкі тұлғасы.)
1. Негіз түбірлер немесе түбір негіз. (Бұл әрі түбір әрі негіз дәрежесінде
қолданылатын дербес мағыналы түбір тұлғасы.)
2. Туынды негіздер немесе туынды түбірлер. (түбір негіз тұлғаларға
сөзжасам қосымшаларын қосу арқылы жасалған туынды түбір сөздер.)
Қосымша морфемаларды екіге бөліп қарастырады.
1. Қосымшалар (негізгі морфемаға қосылатын)
2. Қосалқылар (негізгі сөзге тіркеліп қолданылатын) Ал қосымшаларды
мынадай топтарға бөледі
1. Сөзжасам қосымшалары
2. Сөзтүрлем қосымшалары
3. Сөзбайлам қосымшалары (Ибатов, 1989, № 1) Ибатовтың
қосымшаларды жоғарыдағыдай атауына профессор М.Оразов қарсы
болады: "Бұл атаулардың бүрынғы сөз тудырушы, сөз түрлендіруші.
жалғау дегеннен не айырмашылығы бар, бұл тек терминге
қызығушылық",- дейді. (Оразов, 2000, №3).
II. Сөздің сөзжасамдық құрылымы
Сөз құрамындағы тұлғаларды лексикалық мағынасы бар тұлғалар және тек
грамматикалық қана мағынасы бар тұлғалар деген екі бөлікке бөліп қарауға
болады. Бұл бөліктердің алғашқысы - сөздің лексика-грамматикалық бөлігі,
екіншісі сөздің фамматикалық бөлігі деп аталады. Бірінші бөлікке дербес
лексикалық мағынасы бар негізгі түбірлер мен сөзге жаңадан лексикалық
мағына беретін сөз тудырушы жұрнақтар, демек солар арқылы жасалған туынды
түбір тұлғалар жатады да, жаңадан лексикалық мағына тудыра алмайтын
функциональді жұрнақтар мен жалғаулар екінші бөлікке кетеді. Сөздерді
лексика-грамматикалық бөлікке бөлшектегенде, негізгі морфемалар мен қосымша
морфемалардың ара жігі әуелдегідей емес, жаңаша сөз табады. Яғни қосымша
морфемалар қатарында жататын сөз тудырушы жұрнақтар туынды негіздер
құрамына еніп, сөздің негізгі морфемалар тобына ауысады. Мысалы, ырлавчыга
(жырлаушы) деген сөзді құрамына қарай тұлғаласақ, ыр (жыр) тұлғасы негізгі
морфема болып шығады да, -ла, -в, -чы тұлғалары мен -га тұлғасы қосымша
морфемалар тобына жатады. Ал осы сөзді лексика-грамматикалық бөлігі
тұрғысынан қарасақ, оның ырлавчы деген бөлігі үш жұрнақты (ыр-ла-в-чы)
туынды түбір болып шығады да, грамматикалық бөлігіне ~га барыс септік
жалғауы ғана қалады. Біздің басында қосымша- морфема деп отырған -ла, -в,
-чы жұрнақтары бұл жерде сөздің негізгі морфема бөлігіне ауысып кетіп отыр.
(Ибатов, 1983,48-6.). Сөйтіп сөздің негізгі морфемалар қатарына ауысушы
қосымша морфемалар сөздің дара және күрделі болып келу сипатына қарай үнемі
жұрнақ түрінде емес, әр түрлі болып келе береді. Мысалы, туынды түбірлі
дара сөз болатын болса, оған қосылғанда негізгі морфема қатарына ауысып
кететін сөз тудырушы қосымшалар екі түрде: жұрнақ және жалғау түрінде
кездеседі. Мысалы, Толық денелі болса да, әлі жас әйел. Игіліктің күшігі
тұрғанын көрсе де, асықпай баяу басып келеді (Ғ.Мус.) деген сөйлемдегі
толық сөзін алайық. Мұнда толық сөзінде -ық жүрнағы негізгі морфема
құрамына ауысып тұр. Осы сияқты кейбір қос сөздер құрамындағы негізгі
морфеманың алдынан қосылатын күшейткіш тұлғалар (қып қызыл) түрінде
айтылатын префикс мәндес тұлғаларда да кездеседі. Сөздің негізгі морфема
құрамына ауысып кететін қосымшалардың бұлайша әр қилы (жұрнақ, жалғау,
күшейткіш тұлға) болып келуіне қарамай, олардың бәрі де өзі қосылған
сөзінен жаңа сөз тудыратын қосымшалар болып танылады. Осы қасиетіне
байланысты олар әрқашан өзі қосылып айтылған сөзінен жаңа сөз тудырғанда,
сол жаңадан пайда болған сөздің бүтін бір тұтас тұлғасына айналып, сөздің
лексика-грамматикалық бөлігін, яғни туынды түбір бөлігін құрады.
Сөздің негізгі лексика-фамматикалық бөлігі, әдетте белгілі бір сөз
тобына байланысты қаралады. Сөз негізінің қай сөз табына тән екендігіне
қарай оның грамматпкалық бөлігінің сипаты айқындалады. Мысалы, негізгі сөз
есімдер тобына жататын болса, оның грамматикалық бөлігі бір түрлі ал,
етістіктер тобына жатса, екінші түрлі болып түрленеді. Сөздерді лексика-
грамматикалық тұлға ретінде жеке алып таңдағанда, оның лексикалық мағынасы
грамматикалық түр-тұрпатын еске ала отырып сипаттайтыны да осы себептен.
Сөздің лексикалық және грамматикалық бөлшектерге бөліп қараудың бір
түрін біз Ф.А.Ганиевтің зерттеулерінен кездестіреміз. (Ганиев, 1974, 39-
6.). Бірақ онда ғалым сөздің лексикалық бөлігін "слово образовательная
структура слово" деп атайды да, грамматикалық бөлігін "морфологическая
структура" деп атайды. Ғалым "Негізге қосылған не үстемеленген нәрсенің
бәрі морфологиялық немесс формалық көрсеткіштер болып саналады, сондықтан
оны морфология зерттеу қажет", - дейді. Сонда негізгі және туынды түбір
сияқты сөздердің негіз тұлға морфемалары морфология саласына жатпайтын
болып шығады.
Сөздің лексика-семантикалық бөлігіне әр түрлі (түпкі, негізгі, туынды)
түбір морфемалар жатады да, сөздің безендіруші грамматикалық бөлігіне
функциональді жұрнақтар, мен жалғаулар морфемасы жататын болады. Бұл жерде
сөз тудырушы жұрнақтар жеке аталмай қалды. Оның мынадай себебі бар. Сөзді
бұлайша бөлшектеуге сөз тудырушы жұрнақтар тобы, жоғарыда айтылғандай,
туынды түбір деп аталатын сөздер құрамында сөздің негізгі морфемалар
қатарына, сөздің лексика-грамматикалық бөлігіне ауысып кетеді. Өйткені сөз
тудырушы жұрнақтар өзінің бұрынғы қосымша сорфемалар сипатынан арылып,
туынды түбір морфемалардың тұтас түр тұлғасына енеді. Олар өзінің негізгі
түбір морфемаларымен бірігіп, тұлғалық тұтастығын да, бір бүтін тұлғаға
(туынды түбірге) айналып, оның құрамына сіңіп кетеді. Алғашқы сөз тудырушы
қосымша морфема енді негізгі морфеманың тұтастық құрамына ауып, туынды
түбір деген дербес лексикалық единицаның құрамына, негізгі морфемалар
тобына қосылады. Бұл туынды түбірлер құрамындағы сөз тудырушы қосымшалардың
бір ерекше қасиеті. Олар қосымша морфемалық сипатын тастап, негізгі
морфеманың біртұтастығына айналады. (Ибатов, 1983, 51).
Сөз құрамының мағыналы және мағынасыз бөліктері дегенде, бір алғашқы
топқа түбірлер мен туынды негіздерді, яғни сөздердің лексикалық дербес
мағынасы бар негізгі бөлігін жатқыздық. Сол себептен сөз құрамының түбір
тұлғаларын еске ала отырып, екі түрлі мәселе: 1 түбір сөздер мен
негіздердің (түбір морфемалардың) құрылым жүйесі және 2 жаңадан сөз жасаушы
лексика-грамматикалық жұрнақтардың құрылым жүйесі деген мәселелер талдауға
алынады. Сөздің морфемалық құрылымы дегенді негізгі екі жікке бөліп, оның
алғашқысын сөздің лексика-семантикалық бөлігі, екіншісін сөздің
түрлендіруші (яғни грамматикалык) бөлігі деп қараған жөн.

түбірлер, туынды түбірлер)
Морфемалық құрамына қарай сөздерді негізгі (түбір, негіз) морфема және
қосымша (аффикс) морфема деген күрделі екі жікке бөлінетіні белгілі. Сөз
құрамын бұлай бөлу ондағы морфемалардың мәнді не мәнсіз болып келуіне
байланысты. Егер морфема дербес мағыналы болса, негізгі морфема болады да,
дербес мағынасы жоқ болса қосымша морфема қатарына жатқызылады. Түбір
морфема сөздің ары қарай мағынасын бөлшектеуге келмейтін түпкі негізі болып
саналады да дербес лексикалық мағынаға ие болады. Сондықтан да түбір
морфема сөздің құрамы мен мағынасының негізгі ұйтқысы болып табылады. Түбір
морфема -мағынасы жағынан да қызметі жағынан да дербес қолданыла алатын
морфема. Ал қосымша морфемада ондай дербестік жоқ, ол негізгі морфемаға
қосылып айтылады да, сол арқылы лексика-грамматикалық немесе грамматикалық
мағынаға ие болады. Қазақ тіліндегі морфемалар А.Қалыбаева мен
Н.Оралбаеваның 1986 жылы шыққан монографиясында арнайы талданғанын және
А.Ибатовтың "Сөздің морфологиялық құрылымы" атты еңбегінің орта ғасыр
ескерткіштеріндегі сөздердің морфологиялық құрылымын ажыратуға арналғанын
бүрын айтқанбыз. (Қалыбаева, Оралбаева, 1986; Ибатов, 1983).
Сөздің түбірі жайындағы, әсіресе олардың құрылым жүйесі
жайындағы мәселе - тіл білімі ғалымдарының назарын көптен бері-ақ өзіне
аударған мәселелердің бірі. Бұл мәселеде ғалымдардың әуел бастан
ерекше көңіл бөліп, сөз еткен түбірлері дыбыстық құрамы жағынан дауысты-
дауыссыз-дауыссыз (ГСС) және дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз (СГСС)
түрінде болған. Әуел бастағы түбірлердің түрі СГС болған деген пікірді
алғаш ұсынған ғалымдардың бірі Н.А.Баскаков екені жұртқа мәлім. Мысалы, С-Г-
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz