Қазақ тілі 2 сынып оқулығының құрылымы мен құрылысы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .
3
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .: 1. 1 2-сынып «қазақ тілі» құралының құрылымы мен құрылысы . . .
3: 3
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .:
3:
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .: ІІ. Негізгі бөлім . . .
3: 5
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .: 2. 1 2- сынып «Қазақ тілі» оқулықтың құрылымы . . .
3: 5
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .: 2. 2 2- сынып «Қазақ тілі» құралына енген материалдар мен оқытудың әдіс тәсілдері . . .
3: 12
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .: 2. 3 2 сыныпта оқытылатын сөз таптары . . .
3: 17
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .: 2. 4 «Қазақ тілі» сабағының күнтізбелік жоспары . . .
3: 22
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .:
3:
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .: III. Қорытынды бөлім . . .
3: 27
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 28
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . .: Қосымша
3:

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1. 1 2-сынып «қазақ тілі» құралының құрылымы мен құрылысы

Еліміз көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Қазіргі ақпарат заманында ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударған жөн.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазақстан білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснаманың базасы жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр жөне оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған» делініп, заманауи білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздеріне салмақты сын тағылды. Бұл ретте, бастауыш білім беру сатысына баса назар аударып, қазіргі заман қажеттіліктері тұрғысынан ондағы кемшіліктердің орнын толтыруға тырысқан жөн.

Бастауыш сынып оқушыларын білім мазмұны мен қажеттілігі қызықтырады. Білімге ұмтылушы жас нені білем деп емес, не істей аламын деп, сол түрғыда ізденеді. Бұл - құзыреттілікті (компетенцияны) оқу нәтижесі ретінде қарастыратын жаңа кезеңдегі ең негізгі мәселе болып саналады. Мұндай міндет білім мазмұнының жаңаруымен, оқыту үрдісіне жаңа парадигманың енуімен, білім мазмұнын қоғам талабымен ұштастырумен, оқытудың жаңа технологияларының қолданылуымен, т. б. тенденциялар негізінде атқарылады.

Бұл - жаңа мазмұн мен оны оқыту жүйесінің арасындағы кереғарлықтың айқын көрінісі. Мұны шешу үшін бастауыш мектептің білім мазмұнын толықтыра түсіп, саралап, оны меңгертудің жаңа жүйесіне қатысты оқу-әдістемелік базаны жетілдіру қажеттілігі туындайды.

Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында адам, оның өмірі, қүқығы мен бостандығын ең жоғарғы құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясы басшылыққа алынып отыр. Бұл - білім беруді жаңартудың негізгі қағидаларын: білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларын анықтайды. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайын адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы - білім берудің барлың мазмұнын терең ойластыруға ықпал етеді. «Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанмен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға мүмкіндік, шыгармашылық, арман, қиял сезімдеріне еркіндік бере алмай келеді. Көптеген жағдайда бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгірмеген, санасына ерекше әсер етпеген түрінде, жаттап алуга дағдыланған. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау мен бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды.

Бұл - баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік болып табылады. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек» (В. А. Сухомлинский) .

Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ете отырып, оның мақсаты білімді өмірге қолдана, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар, адамгершілігі мол адам дайындау болуға тиіс. Адамгершілікке тәрбиелеу процесі тілдік процесс болып табылады. Өйткені адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұнын игеру үшін қажетті рухани және практикальқ іс-әрекет тілдік әрекет түрінде жүзеге асады.

Курстық жұмыстың мақсаты: 2 сынып «Қазақ тілі» құралын талдау, құрылымы мен құрылысын қарастырып, әрқайсысына жеке тоқталу болып табылады.

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері:

  • оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;
  • оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;
  • ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;
  • оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;
  • оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;
  • оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Зерттеу көзі: 2-сынып «Қазақ тілі» құралы.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 2- сынып «Қазақ тілі» оқулықтың құрылымы

Еліміз егеменді мемлекет болып танылғаннан бері мектептерде ана тілін оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіруге, оқушылардың ана тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізу дағдыларын жаңа сатыға көтеруге, оқыту барасында ұллтық ерекшеліктерді ескеру қажеттігіне баса назар аударыла бастады. Соған оай « Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің тұжырымдамалары» жасалып, білім берідің ұлттық- этнопсихологиялық мәселесі зерттеу объектісіне айналды.

Қазіргі заман талабына лайық жаңа бағдарламалар әзірленіп, соған сәйкес жасалған жаңа буын оқулықтары дүниеге келгені белгілі. Жаңа буын оқулықтарымен оқып жатқанымызға да он жылдан астам уақыт өтті, уақыт талабына орай жаңа мақсат- міндеттер қойылып, оқытудың жаңа технологиялары енгізіле бастады. Осының бәрін ескере отырып, биыл, 2009 жылы, 2- сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығын жетілдіріп қайта жасадық.

«Қазақ тілі»(2-сынып) бұрынғы оқулықтармен салыстырғанда мүлде жаңа. Оның жаңалығы - біріншіден, бағдарлама талабына орай оқулықта материалдардың орналасу тәртібі (реті) өзгерді. Екіншіден, тілден берілетін пәндік білім мазмұны жаңартылып, толықтырылды. Ең бастысы, тілді қоғамдағы қарым - қатынас жасау құралы және қоршаған ортаны танып - білу құралы ретінде үйрету көзделді. Бұрын балалардың орфографиялық білім-дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаған болса, енді осының бәрі де бір мақсатқа- оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан жатық, дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындырылды. Үшіншіден, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөз мағыналарын дұрыс ұғынып, сөздерді орынды жұмсай білу дағдысын қалыптастыруға айрықша назар аударылды. Басқаша айтқанда, « Сөз тарауы жаңа мазмұнда - оқушыларды алғашқы лексикалық ұғымдармен таныстыру мақсатында қарастырылды. Сөз мағынасына қатысты жүргізілген жұмыс оқулықтың өн бойында үздіксіз беріліп отырды. Төртіншіден, байланыстырып сөйлеуді дамытуға, ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған « Мәтін» тарауы оқулыққа жаңадан қосылды. Мәтінмен жұмыс оқушылардың сөйлеу дағдысы мен машығын ( біліктілігін) қалыптастырудың негізі бола отырып, өтілген тілдік объектінің лексикалық және грамматикалық жақтарын тереңірек түсіндіріп, талдай, жинақтай білуіне, олардың өзара бірлікте болатынын аңғартуға мүмкіндік береді.

Оқулықтың құрылымы мынадай: 1- сыныпта өтілген білім негіздері еске түсіріліп, жаңғыртылғаннан кейін, 2 - сыныпта оқытылатын « Тіл және сөйлеу» тақырыбы басталды. Одан әрі « Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның құрамы», «Сөз таптары» тараулары бағдарламада көрсетілген ретпен орналасқан. Ең соңында « Жыл бойы өткенді қайталау» тақырыбы берілген.

Бұл тілдік материалдарды меңгертуде орындалатын оқу әрекеттерін жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі арқылы анықтайтын болсақ, онда орындалуы тиіс жаттығулардың білімдік және тәрбиелік, дамытушылық мазмұнының сапасына қойылатын талаптар да жоғары болатыны анық.

Сол себептен, біз бастауыш мектепте ( бастауыш сыныптарда) тілдік материалдарды меңгертуде грамматикалық-тілдік, тілдамыту, танымдық, рефлексиялық жаттығуларды таңдап алдық.

Грамматикалық- тілдік жаттығулар оқу тапсырмаларының негізінен жазба түрде орындалуын қажет етеді. Бұл жаттығулар арқылы оқушы тілдің грамматикалық ерекшелігін танудың берік әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы мен белсенділігін арттыруғабайланысты берілген жаттығулар жүйесі мұғалімнің бағыт-бағдар беріп отыруы арқылы оқушының өз бетімен орындайтын танымдық қызметіне негізделеді. Оқушылардың түйсіну, қабылдау, ес, қиял және зейінін теориялық білім алу барысында дамытуда, жеке басының эмоциялық ерік сапаларын - ерік, сезім, психикалық қасиеттерін- темперамнт, мінез ерекшеліктерін адамгершілік, гуманистік бағытта дамытуда ойын-жаттығулары, грамматикалық ребустар, танымдық викториналар және графикалық модельдер жасатуға үйрету жаттығулары ерекше орын алады.

Рефлексиялық жаттығулар оқушыны саналы, мазмұнды ойлау, сөйлеу әрекетіне жетелейді. Оқушы өзінің біліміне сын көзбен қарап, қатесін анықтап, өзіне баға беруге үйренеді. Рефлексиялық жаттығулар проблемалық жағдаятқа ұқсайды да, белгілі бір тапсырмаларды орындауда оқушы ойлану, іздену жолынан өтеді. Рефлексиялық жаттығулар көп жағдайда мәтін арқылы жүзеге асады.

Бұл оқулық қазіргі жаңа талапқа сай жазылып, әрбір сабаққа арналған материалдар деңгейлік тапсырмалар негізінде құрылды. Оқулық жасау барысында қазіргі сабақ үдерісінің психологиялық негізі болып табылатын теория- Л. С. Выготскийдің «оқыту үдерісінде оқушының ақыл-ойының «актуальді даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу» теориясы басшылыққа алынды. Бұл теория бойынша тапсымаларды қайталап орындауға арналған 1-деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу мүмкіндігі жүзеге асады. Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар қазақ тілі материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.

В. П. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей- «міндетті, оқушылық», екінші- алгоритмдік, үшінші- эвристикалық және төртінші- шығармашылық деңгейлердегі қабылдау.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту мақсатын айқындау оқыту нәтижелерін таныта алатын нақты әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, әрекеті жасау кезінде ойлау жүйесінің деңгейлері әрқалай болатындығы белгілі. Ал бұл көптеген ғалымдардың назарында болғаны мәлім, солардың бірі- Б. С. Блумның оқушылардың танымдық, эмоционалдық, психологиялық- моторлық салалар іс- әрекеттеріндегі щқу мақсаттарының таксономиясы.

Б. С. Блумның таксономиясы танымдық үдерісті ең қарапайым деңгейден бастап, бірте бірте күнденелетін 6 категорияға жіктейды: білім деңгейінде өтілген қарапайым фактілерден бастап, тұтас теорияға дейінгі оқу материалының еске сақталуы мен еске түсірілуі іске асырылады, ал түсіну деңгейінде сол ақпаратты баскаша- өз сөздерімен жеткізе алуымен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оңы өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты күрделі әрекетке ұласады, яғни меңгерілген оқу материалын өмірдегі нақты қажеттіліктерде және жаңа бір жағдаяттарда дұріс әрі тиімді қолданады. Бұдан кейінгі оқушының оқу- танымдық қызметінің жоғары деңгейлерінде оқу материалын орналастыру, бөлу және оңы жинактау, бағалау жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жұмыстардың негізінде оқушылар оқу материалын салыстыра, сипаттай біледі және меңгерілген білімнің негізінде ой корытындысын жасай алады. Біз Б. С. Блумның осы таксономиясын негізге алып, оқулықта алты түрлі деңгейлік тапсырма бердік. Осы деңгейлерді төмендегі кесте арқылы ұсынып отырмыз:

Оқу мақсаттарының деңгейлері
Оқушылардың сол деңгейді игергендігін көрсететін нақты іс- әрекеттер
Оқу мақсаттарының деңгейлері:

Білім.

Бұл категория түрлі мазмұндағы нақты деректерден тұтас теорияға дейінгі оқу материалының есте сақталуы мен қайта жаңғыртылуын білдіреді.

Оқушылардың сол деңгейді игергендігін көрсететін нақты іс- әрекеттер: . терминдерді, нақты деректер мен әдістерді, тәсілдерді, негізгі ұғымдар мен түсініктерді, ережелерді, ұстанымдарды біледі.
Оқу мақсаттарының деңгейлері:

Түсіну

Бұл оқу материалын бір түрден екінші түрге өзгертуін, қысқаша мазмұнын айтуын немесе түсіндіріуін ( интерпретациясы), танылып отырған құбылыс пен оқиғаның одан әрі өрбуі туралы пікір туғызуын білдіреді.

Оқушылардың сол деңгейді игергендігін көрсететін нақты іс- әрекеттер:

. танылған деректерді, ерелерді, ұстанымдарды түсіндіреді;

. сөзбен берілген материалдарды математикалық көрсеткіштерге өзгертеді;

. алынған нақты мәліметтер негізінде істің болашақтағы жай- күйін болжап сипаттайды.

Оқу мақсаттарының деңгейлері:

Қолдану

Бұл категория меңгерілген оқу материалын өмірдегі нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдануды білдіреді.

Оқушылардың сол деңгейді игергендігін көрсететін нақты іс- әрекеттер:

. заңдарды, теорияларды нақты тәжірибелік жағдайларға қолданады;

. ұғымдар мен ұстанымдарды жаңа жағдаяттарда пайдаланады.

Оқу мақсаттарының деңгейлері:

Талдау.

Бұл категория оқу материалын орналастыруда, бөлшекке бөлуде оның негізі құрылымы айкың танылатындай етіп көрсетеді.

Оқушылардың сол деңгейді игергендігін көрсететін нақты іс- әрекеттер:

. тілдік бірліктерді тұтастық ретінде тани отырып, оны құраушы компоненттерге бөледі, талдайды;

. тілдік компоненттер мен соны бар жасап тұрған өзара байланыстарды анықтайды;

. тілдік бірліктердің белгілі бір қасиеттері туралы ережелер жасаудағы қателер мен жетістіктерді тани алады;

. тілді тұтас жуйе етіп тұрған басты заңдылықтарды анықтайды;

. тіл тұралы заңдылықтардың тұтас тіл жуйесі үшін маңыздылығын бағалай алатын болады.

Оқу мақсаттарының деңгейлері:

Жинақтау.

Бұл категория тұтастықты құраушы элементтерді жаңа бір тұтастық жасай алатын мүмкіндіктермен байланыстыру арқылы комбинация жасауды білдіреді.

Оқушылардың сол деңгейді игергендігін көрсететін нақты іс- әрекеттер:

. оқушылар рефлексиялық жаттығулар орындайды;

. мәтінмен түрліше жұмыстар орындап, тілдік материалдарды сөйлеу тілінде қолдануды үйренеді.

Оқу мақсаттарының деңгейлері:

Бағалау.

Бұл категория оқу материалын бағалау дағдысын білдіреді.

Оқушылардың сол деңгейді игергендігін көрсететін нақты іс- әрекеттер:

. мәтіннің құрылу желісін бағалайды;

. тілдік бірліктер туралы белгілі бір ереже жасауда оның нақты фактілермен сәйкестігін бағалайды;

. тілдік бірліктерді меңгеруге байланысты ұйімдастырылып отырған оқу- танымдық қызметтің ішкі, сыртқы өлшемдерге қарай іс- әрекет нәтижесінің де маңыздылығын бағалайды.

Оқушылардын білімдері әрбір деңгейлік тапсырманы орындау қорытындысы бойынша бағаланады: алдыңғы үш деңгейді орындағандарға- 3 ұпай ( бұл жерде ұпай саны бағамен сәйкес келеді), 1, 2, 3, 4, 5- деңгейлерді орындағаңдарға- ң ұпай, 6 деңгейдің де тапсырмасын орындағаңдарға 5 ұпай қойылады.

Бағалау парағының үлгісі:

Оқушының

аты- жөні

Тапсырмалар
Ұпай саны
бағасы
Оқушыныңаты- жөні:
Тапсырмалар: 1
: 2
: 3
: 4
: 5
: 6
Ұпай саны:
бағасы:
Оқушыныңаты- жөні:
Тапсырмалар:
:
:
:
:
:
Ұпай саны:
бағасы:

6 ұпай- «5»; 5 ұпай- «4»; 3 ұпай- «3».

Әдістемеде сабақ үлгілері дамыта оқытудағы сабақ құрылымына сәйкес ұсынылады. Дамыта оқытудағы сабақ құрылымының дәстүрлі қалыптасқан сабақ құрылымына қарағанда көптеген ерекшеліктер бар№ Оқушының оқу - танымдық әрекетінің психологиялық құрылым ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады:

Мотивациялық - бағдарлау кезеңі ( мотивациялық - даярлық әдістерді қолданылады) 8-10 минут.

Операциялық- орындаушылық кезең ( оқу- танымдық, ізденім ішінара зерттеу, проблемалық әдістері қолданылады) - 15-20 минут.

Рефлексиялық- бағалау кезеңі (өзіндік бақылау- өзін- өзі бағалау әдістері) - 5-8 минут.

Мотивациялық- бағдарлау кезеңінде оқу міндеттері қойылып, айқындалады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Мысалы, «Сөйлем» тақырыбын оқытудың осы кезеңінің үлгісін былай беруге болады: «- Ерте- ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір- бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір- бірінен бөлек тұрса да, бір- біріне бағынып, бірін- бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар».

Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел- «Синтаксис еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырамын дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар позға отырамыз. Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған. Мысалы, 1- вагонда: «Жылт- жылт еткен, жырадан өткен»; 2- вагонда: «Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті»; 3- вагонда «Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар»; 4- вагонда: «Қанаты жоқ- ұшады, аяғы жоқ- қашады»; 5- вагонда: «Ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді»; 6- вагонда: «Отқа жанбас, суға батпас».

Тапсырма: Әр жұмбақтың шешуін тауып, әрқайсысының шешуіндегі бірінші әріптерінен сөз құрастыр. - Қандай сөз шықты? - СӨЙЛЕМ. Бұл сөз туралы не білетініңді есіңе түсір.

Тапсырма: Паровоз тоқтап қалды. Көмекке келейік. Ол үшін сөйлемнің неден тұратынын табайық: - Сөйлем сөздерден тұрады. - Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? - Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

Сонымен, сөйлем туралы ойымызды жинақтап, сызбаға түсірейік:

Осындай жұмыс түрінін негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа бет бұруына жағдай жасайды да, жаңа тақырыпты танып- бөлу мотивациясын қалайды. Яғни оқушылардың осыған дейінгі алған білімдері негізінде жаңа тақырыпты меңгеруге дайындығын бақылау, жаңа тақырыпты меңгертудің алғышартын қалыптастыру жұмыстары жүпгізіледі:

  • Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыру;
  • Жаңа тақырыпқа негіз болатын түсінік- белгілер туралы ойларын жинақтау;
  • Өткен мен әлі өтілмеген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы проблемалық жағдаят тудыру;
  • Стандартты емес тапсырма беру;
  • Беймәлім ( танылмаған ) білім нысаны туралы ақпаратты проблемалы түрде беру, яғни оқушыға білім неғұрлым беймәлім, жұмбақ көрінсе, ол оны соғұрлым білсем деген ынтасы арта түсетіндігін ескеру қажет. Осы әрекеттерді ұйымдастыру арқылы мұғалім жаңа сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етеді. Бұл оқушының өтілейін деп отырған тақырып қаншалықты қызықты да проблемалы екенін түйсініп, оны тануға деген ынтасын арттыра түсері сөзсіз. Сабақтың алғашқы кезеңі оқушыны осындай өз бетімен ізденетін әрекеттерге итермелеуі керек.

Операциялық- орындаушылық кезеңде жаңа тақырып оқушының тарапынан теориялық тұрғыдан танылады. Осыған дейінгі кезенде жасалған жұмыстардың барлығы осы саты үшін қызмет етеді, оның нәтижесі мен жемісі осында айқындалады. Білімді, теориялық ұғымды тануды мұғалім үйімдастырғанмен, енді оны тану оқушының мақсатына айналып, ол орындаушылық мазмұң\нға ие болады, яғни оқушының оқу- танымдық белсенді әрекеті осы кезенде толық жүзеге асады. Мұғалімнің мұндағы негізі қызметі- оқушының оқу- танымдық әрекетін қарапайым сабақ түрінде, диалектілік үдеріс негізінде жалпыдан нақтыға өту сипатында ұйымдастыру. Аталған кезенде төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

  • Жаңа тақырыпты, ұғымды меңгеру мақсатында түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындалады;
  • Соның негізінде оқушы нақты бір теориялық шешімге келіп, тұжырым жасайды;
  • Оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды;
  • Жаңа танылған теориялық нысан туралы жалпы ереже, анықтама шығарады.

Нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушы:

  • Берілген анықтаманы, ережені тәжірибеден өткізеді, оның ақиқаттығын тексереді;
  • Жекелген тапсырмаларды орындау барысында ережеге қатысты ескертулерді анықтайды;
  • Жалпы ережеге сәйкес мысалдарды тауып, оларды түсіндіреді;
  • Түрлі тапсырмаларды орындап, теориялық білімін бекітеді, тексереді, еркін қолданады.

Рефлексиялық- бағалау кезеңінде окушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзеттулер енгізіліп, қайта қорытындыланады. Ол үшін:

  • Тақырып тұрғысында сұрақтар қойылады;
  • Арнайы тапсырмалар беріледі;
  • Тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы аталған жұмыс түріне тест тапсырмаларын және жағдаяттық материалдарды жатқызуға болады. Бұл аталған жұмыс түрлері оқушылардың білімін тексеріп, бақылауына және оқушының өзін- өзі бағалауына, жақсы көрсеткіштерге жетуіне мүмкіндік бөрері сөзсіз. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі тестің баламалы (альтернативті), толықтыру (еске түсіру), сәйкестендіру, дұрыс жауабын таңдау тестілерін қрлданудың технологиясын жете меңгеруі тиіс.

Бұл кезең нәтижелерді өздігінен бағалау өлшемдері мен тәсілерінің жүйесін қамтиды. Оқушылардың өзін- өзі бағалауы мен өзін- өзі басқаруы, өзін- өзі түзетуі бір- бірмен тығыз байланыста болып, олар оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қажеттігіне айналады.

Оқушылардың өзіндік бағалауы кезінде оның дербестігі, өздігінен істейтін әрекеті арта түседі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Мәтіннің байланыстылығы
ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қ.Жұбановтың тілдік мұрасы
Жиілік сөздік
Тілдік дағды қалыптастырудағы мәтін маңызы
Жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқытуға арналған құралдар
I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Өзбек және қазақ сыныптарында ана тілі оқулықтарының салыстырмалы сипаты
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz