4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
red0;;Мазмұны

І.‭ ‬Кіріспе бөлім

1.1‭ ‬4-сынып‭ ‬Қазақ тілі‭ ‬құралының құрылымы мен құрылысы
3-4

II.‭ ‬Негізгі бөлім

2.1‭ ‬Оқулықтағы нақты материалдарды оқыту әдістемесі
5-18
2.2‭ ‬Күнтізбелік жоспар
19-24

Қорытынды бөлім
25

Қолданылған әдебиеттер тізімі
26

І.‭ ‬Кіріспе бөлім

1.1‭ ‬4-сынып‭ ‬Қазақ тілі‭ ‬құралының құрылымы мен құрылысы

Жалпы білім беретін мектептің‭ ‬4-сыныбына арналған‭ ‬Қазақ тілі‭ ‬оқулығында бағдарламаға сәйкес тіліміздің грамматикалық құрылысы бойынша оқушыларды теориялық мәліметтермен таныстыру,‭ ‬олардың қатесіз,‭ ‬сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және ауызша да,‭ ‬жазбаша да дұрыс сөйлеуін жетілдіру мақсаты көзделді.‭ ‬Сондықтан‭ ‬4‭ ‬сынып оқулығы‭ ‬Тіліміздің құрылысы‭‬,‭ ‬Емле‭‬,‭ ‬Тіл дамыту‭ ‬деген‭ ‬үш бөлімге бөлініп,‭ ‬тақырыптық материалдар сабақ түрінде берілді.‭ ‬Мұның ұтымдылығы,‭ ‬біріншіден,‭ ‬өткен сынып бойынша қайталау материалдарын да жеке-жеке сабақ көлемінде еске түсіруге мүмкіндік жасалды,‭ ‬екіншіден,‭ ‬басты мақсат‭ ‬-‭ ‬оқушылардың бастауыш сыныптардан бастап өз ойын жүйелі де түсінікті етіп жеткізу,‭ ‬сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болғандықтан,‭ ‬қызықты мәтіндерді,‭ ‬мақал-мәтел,‭ ‬жұмбақтарды,‭ ‬жаңылтпаштарды талдатуға басты назар аударылды.‭ ‬Сондай-‭ ‬ақ сөйлеудің ауызша және жазбаша түрі,‭ ‬олардың ерекшеліктерін қамтыған материалдар берілді.‭ ‬Ана тілін қадірлей білу,‭ ‬сыпайы,‭ ‬әсерлі,‭ ‬дәлелді сейлей білуге баулу да бастауыш сыныптардан бастау алатын жұмыс,‭ ‬сондықтан оқулықта сөйлеу мәдениетіне де көңіл бөлінді.
Бастауыш сыныптарда бағдарламаға сәйкес қазақ тілінің теориялық материалдары бірізділік,‭ ‬сатылық,‭ ‬жүйелілік ұстанымдары бойынша беріледі.‭ ‬Сол себепті оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулар тілдің грамматикалық құрылысын жүйелі байланыста таныстыруды көздейді.
Алдыңғы сыныптарда тіл дыбыстары мен‭ ‬әріптері жайында берілген мағлұматтар‭ ‬4-сыныпта буын үндестігі және дыбыс үндестігімен жалғасады.‭ ‬Одан әрі сөз тіркесі,‭ ‬жай және‭ ‬құрмалас сөйлем,‭ ‬сөйлемнің дара,‭ ‬күрделі,‭ ‬бірыңғай мүшелері оқытылады.
‭‬Тіліміздің құрылысы‭ ‬бөліміндегі оқытылатын келесі тақырыптар‭ ‬-‭ ‬сөз мағынасы,‭ ‬күрделі сөздер және олардың түрлері,‭ ‬қыстырма‭ ‬сөзге қатысты‭ ‬мәліметтер.‭ ‬Сонымен бірге осы сыныпта сөз таптарына қатысты ұғымдар да кеңейтілді.‭ ‬Атап айтқанда,‭ ‬зат есімнің септелуі,‭ ‬тәуелденіп септелуі,‭ ‬жіктелуі,‭ ‬етістіктің шақтары,‭ ‬жіктелуі,‭ ‬сын есімнін дара,‭ ‬күрделі түрлері,‭ ‬дара,‭ ‬күрделі сан есімдер,‭ ‬жіктеу есімдіктері,‭ ‬үстеу,‭ ‬мезгіл,‭ ‬мекен,‭ ‬сын-қимыл үстеулері,‭ ‬шылаулар,‭ ‬одағай жайындағы‭ ‬мәліметтер қамтылды.‭ ‬Емле‭ ‬блогында сөздердің үндестік заңына байланысты жазылуы,‭ ‬күрделі сын есім,‭ ‬сан есімдердің,‭ ‬шылаулардын жазылуы,‭ ‬қысқарған сөздердің жазылуы,‭ ‬қыстырма,‭ ‬одағай сөздердің тыныс белгілеріне байланысты ережелер берілді.‭ ‬Арнайы берілген‭ ‬Тіл дамыту‭ ‬сабақтарында оқушылардың жұмысы тек қана дайын материалмен шектелмей,‭ ‬өз беттерімен де мәтін құрастырып,‭ ‬шығармашылықпен‭ ‬әрекеттенулері‭ ‬ескерілді.
Оқулықта жоғарыда аталған үш бөлім бойынша берілетін‭ ‬білім мазмұнын анықтауда алдымен қазақ тілінің салаларынан бағдарламаға‭ ‬сәйкес‭ ‬мәліметтерді меңгерте отырып,‭ ‬оқушылардың‭ ‬тіліміздің грамматикалық‭ ‬құрылысы бойынша білімдері толықтырылып,‭ ‬оларда білік,‭ ‬дағдылар қалыптастырылады.‭ ‬Ол білік,‭ ‬дағдыларды қалыптастыруда‭ ‬тілдің дыбыстық жүйесіндегі буын үндестігі,‭ ‬дыбыс үндестігін ажырата білу,‭ ‬сөз тіркесі мен сөйлемді,‭ ‬жай сөйлем мен‭ ‬құрмалас‭ ‬сөйлемді,‭ ‬сөйлемнің дара,‭ ‬күрделі,‭ ‬бірыңғай мүшелерін,‭ ‬күрделі сөздердің‭ ‬түрлерін және сөз таптарының ерекшеліктерін айырып,‭ ‬дұрыс,‭ ‬жүйелі сөйлей білу,‭ ‬мәтіндердің‭ ‬түрлерін айыра білу,‭ ‬сауатты жазу дағдыларынн меңгеру секілді мәселелерді игерту көзделеді.

II.‭ ‬Негізгі бөлім
2.1‭ ‬Оқулықтағы нақты материалдарды оқыту әдістемесі

3-сыныпта өтілген материалдарды қайталау.‭ ‬Оқулық‭ ‬3-сыныпта өтілген материалдарды қайталау сабақтарынан басталады.‭ ‬10‭ ‬сабақ қайталауға арналды,‭ ‬яғни‭ ‬3-сыныпта өтілген тақырыптар‭ ‬жинақтап берілгендіктен,‭ ‬қайталау сабақтарына бөлінген аз уақытты‭ ‬мұғалім ұтымды пайдала білгені жөн.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Дыбыстар мен‭ ‬әріптерді қайталауға‭ ‬арналған сабақта оқушылардың жуан,‭ ‬жіңішке дауыстыларды,‭ ‬дауыссыз дыбыстардың түрлерін қаншалықты дәрежеде‭ ‬айыратындықтарын анықтап,‭ ‬соған‭ ‬сәйкес жұмыс түрлерін жүргізу‭ ‬қажет.‭ ‬Әрине,‭ ‬ол үшін‭ ‬оқулықта берілген‭ ‬жаттығуларды мақсаттарына‭ ‬сәйкес орындату керек.‭ ‬Сонда оқушылар‭ ‬жаттығуларды орындай отырып,‭ ‬дауысты,‭ ‬дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіреді.‭ ‬Мысалы,‭ ‬1,2‭ ‬жаттығуларды орындау арқылы оқушы сөздің соңы қатаң дауыссыз‭ ‬дыбысқа аяқталып,‭ ‬қосымша дауыстыдан басталса,‭ ‬соңғы дыбыстың ұяң‭ ‬дауыссызға айналатынын естеріне түсіреді,‭ ‬ал‭ ‬3-жаттығу көп нүктенің орнына дауыссыз дыбыстардың тиістісін қойып жазып,‭ ‬сөздердің жазылуына көңіл бөледі.
4-жаттығу жуан,‭ ‬жіңішке дауысты дыбыстарды табуға арналса,‭ ‬5-‭ ‬жаттығуда‭ ‬л,‭ ‬р‭ ‬дыбыстарынан басталатын сөздерді бір бөлек,‭ ‬ы,‭ ‬і‭ ‬дыбыстарынан басталатын сөздерді бөлек‭ ‬жазып,‭ ‬олардың айтылуы мен жазылуын да есте сақтауға назар аударту қажет.
Оқулықтағы қайталау сабағында‭ ‬Сөйлем және оның түрлері‭ ‬де қамтылды.‭ ‬Бұл сабақты сөйлем деген не,‭ ‬сөйлемнің қандай түрлері бар,‭ ‬жалаң‭ ‬және жайылма сөйлемдердің қандай‭ ‬айырмашылықтары бар се-‭ ‬кілді сұрақтардан бастауға болады немесе‭ ‬жаттығуларды орындата отырып,‭ ‬ережелерді еске түсірген де ыңғайлы.
Сол себепті‭ ‬1-жаттығудың тапсырмасы өлең жолдарындағы сөйлемдерді түрлеріне ажыратуға арналса,‭ ‬2,‭ ‬3-жаттығуларда сөйлемдерді түрлеріне қарай айырып,‭ ‬тыныс белгісін қою тапсырылған.
Өткен сыныптағы күрделі тақырыптардың бірі‭ ‬-‭ ‬сөйлем мүшелері.‭ ‬Осы тақырыпқа да қайталау сабағы берілді.‭ ‬Мұнда да‭ ‬Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін атау‭‬,‭ ‬Сөйлемнің тұрлаусыз‭ ‬мүшелері дегеніміз не‭? ‬деген сұрақтар бұл жайында бұрын өткенді еске түсіруге себепші болады.‭ ‬Сондай-ақ оқушыларға осы тақырыпқа берілген‭ ‬жаттығуларды орындатқанда,‭ ‬сөйлемдерден тұрлаулы,‭ ‬тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы тауып,‭ ‬сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетуге коңіл бөлу керек.
Бастауыш сынып оқушыларына қиындық келтіретін тақырыптың бірі‭ ‬-‭ ‬қаратпа сөздердің тыныс белгісі.‭ ‬Сондықтан оқулықта осы тақырыпқа да қайталау сабағы берілді.
Қаратпа сөді қайталағанда,‭ ‬жаттығуларды орындата отырып,‭ ‬қаратпа создің біреудің назарын аудару үшін‭ ‬қолданылатын‭ ‬сөз екенін естеріне түсіріп,‭ ‬олардың тыныс бслгілерінің қойылу себебін сұрау кажет,‭ ‬жаттығулар тапсырмалары осы мақсатта берілді.
‭‬Сөз мағыналары мен‭ ‬құрамын‭ ‬қайталауға да оқулықта көңіл бө-‭ ‬лінді.‭ ‬Сондыктан мағынасы бір-біріне жуық,‭ ‬мағыналары қарама-қарсы,‭ ‬айтылуы бірдей,‭ ‬бірак мағыналары әртүрлі сөздердің ерекшеліктерін,‭ ‬туынды сөздердің калай жасалатындығын,‭ ‬түбірлес сөздер деген қандай сөздер екендігі туралы‭ ‬жаттығуларды орындата отырып,‭ ‬оқушылардың осы тақырып жайындағы білім деңгейлерін анықтауға болады.
3-‭ ‬сыныпта сөз таптары жайында‭ ‬мәлімет беріледі,‭ ‬сондықтан оқу-‭ ‬лықта сөз таптарын қайталауға да сабақтар арналды.‭ ‬Бұл сабақтар саны көп болмағанымен,‭ ‬өтілген сөз таптарының негізгі ерекшеліктерін қам-‭ ‬тиды,‭ ‬яғни жалпы,‭ ‬жалқы зат есімнің,‭ ‬етістіктің-болымды,‭ ‬болымсыз,‭ ‬негізгі,‭ ‬туынды түрлері,‭ ‬негізгі,‭ ‬туынды‭ ‬сын есімдер,‭ ‬сан есім түрлері.‭ ‬Әр сабақта осы сөз таптарының алдыңғы сыныпта өтілген ерекшеліктерін еске түсіретін‭ ‬жаттығулар берілген.
‭‬Тіл дамыту‭ ‬айдарына байланысты өтілген тіл‭ ‬және сөйлеу та-‭ ‬қырыбымен ауызекі тіл мен‭ ‬жазбаша тілдің айырмашылығы,‭ ‬мәтін та-‭ ‬қырыбы,‭ ‬түрлері,‭ ‬жоспарын еске түсіруге арналған сабақтағы‭ ‬жаттығуларды мақсатына‭ ‬қарай орындатып,‭ ‬оқушылардың білімдерін бекітуге болады.
Буын үндестігі және дыбыс үндестігін оқыту.‭ ‬Сөздегі дыбыстар,‭ ‬буындар бір-біріне ықпал жасайды.‭ ‬Сондықтан сөйлегенде,‭ ‬жазғанда түбір сөздің соңғы буынының жуан,‭ ‬жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан,‭ ‬жіңішке болатындығы немесе дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп,‭ ‬өзара үндесін келегіндігін түсіндіру үшін,‭ ‬бұл мәселе‭ ‬Буын үндестігі‭ ‬және‭ ‬Дыбыс үндестігі‭ ‬деген екі тақырыпқа бөлініп,‭ ‬әрқайсысына‭ ‬2‭ ‬сабақтан берілді.
‭‬Буын үндестігі‭ ‬тақырыбын өткенде алдымен берілген сөздерді буынға бөліп,‭ ‬одан соң сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып,‭ ‬қосымшаның жуан немесе жіңішке буынды екендігін тапқызып‭ (‬1-жаттығу‭)‬,‭ ‬оқушыларды‭ ‬ойландыра отырып,‭ ‬қорытындыны өздеріне жасатуға болады.‭ ‬Содан соң оқулықтағы ережені оқытып,‭ ‬немесе‭ ‬мұғалім‭ ‬өзі‭ ‬ауызша айтып,‭ ‬тағы да түсіндіруі керек.
Оқушылар‭ ‬2-жаттығуда көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қоя отырып,‭ ‬сөйлемдерді көшіріп жазады.‭ ‬Әрине,‭ ‬мұнда түбірдің қандай буынды сөз екендігі,‭ ‬соған сай қандай қосымша жалғануы қажеттілігі сұралуы керек.‭ ‬Бұл‭ ‬жаттығудың келесі тапсырмасында қосымшалардың‭ ‬қайсысы жалғау,‭ ‬қайсысы жұрнақ екенін тауып,‭ ‬тиісті белгілермен‭ ‬белгілету,‭ ‬яғни‭ ‬оқушылардың қосымша түрлері туралы білімдерін еске‭ ‬түсіру мақсаты ескерілген.
Осы‭ ‬тақырыпқа берілген‭ ‬3,4-жаттығулар да қосымшалардың неліктен‭ ‬сөзге жуан,‭ ‬жіңішке болып жалғанғандығын ажыратуға арналған.‭ ‬Ал‭ ‬5-жаттығу күрделірек,‭ ‬мұндағы мақсат‭ ‬-‭ ‬тілімізде буын үндестігіне‭ ‬бағынбайтын қосымшалардың да болатындығын көрсету.‭ ‬Сондықтан жаттығудың орындалу үлгісі көрсетілді‭ ‬және одан әрі буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мысалдармен келтірілді.‭ ‬Бұл қосымшалар бойынша келесі сабақтарда да‭ ‬жұмыс жүргізген артық болмайды.
‭‬Буын үндестігі‭ ‬тақырыбына арналған келесі сабақта да‭ ‬5‭ ‬жаттығу беріліп,‭ ‬буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар көрсетілді.
Дыбыс үндестігі дауыссыз дыбыстардың,‭ ‬дауыссыз бен дауысты дыбыстардың бір-біріне ықпал етуінен болады.‭ ‬Бұл ерекшелік түбір сөздің соңғы дыбысы мен қосымшаның басқы дыбысының бір-біріне әсерінен байқалады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬егер сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса,‭ ‬қосымша қатаң дауыссыз дыбыстан басталады‭; ‬ал сөздің соңғы дыбысы үнді дауыссызға аяқталса,‭ ‬қосымша үнді немесе ұяң дауыссыздан басталады,‭ ‬сөздің соңы ұяң дауыссызға аяқталса,‭ ‬қосымша да үяң дауыссыздан басталады.
Сондай-ақ түбір соңында келетін‭ ‬қ,‭ ‬к,‭ ‬п‭ ‬қатаң дауыссыздар дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда,‭ ‬ұяңданып,‭ ‬г,‭ ‬г,‭ ‬б дауыссыздарымен алмасады.
Дыбыс үндестігінде сөздердің айтылуы мен жазылуында өзгешелік болатын сөздерге,‭ ‬сөз тіркестеріне ерекше көңіл бөлу керек.‭ ‬Өйткені оқушылар бұндай сөздерді,‭ ‬сөзтіркестерін жазуда‭ ‬жиі қате жібереді,‭ ‬яғни ол сөздерді,‭ ‬сөз тіркестерін қалай естілсе,‭ ‬солай жазатын жағдайлары кездеседі.‭ ‬Сондықтан дыбыс үндестігінің екінші сабағы жазылуы мен айтылуында айырмашылық кездесетін сөздерге,‭ ‬сөз тіркестеріне арналды.
Сөз тіркесін оқыту.‭ ‬Сөз тіркесі‭ ‬тақырыбын өткенде,‭ ‬мұғалім алдымен сөз тіркесі курамындағы сөздердің толық мағыналары болатындығын,‭ ‬бір-бірімен байланысты айтылғандығын,‭ ‬яғни сөздер өзара сабақтаса байланысуы‭ ‬ қажеттігін‭ ‬және ондай жағдайда бір сөз екінші бір сөзге тәуелді болатындығына көңіл бөлуі керек.‭ ‬Сондықтан сөз тіркесі құрамындағы сөздердің алдыңғысы бағыныңқы,‭ ‬соңғысы басыңқы болатындығына назар‭ ‬ аударылуы тиіс.
Оқулықта сөз тіркесі бойынша бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне‭ ‬сәйкес мағлұмат берілді.‭ ‬Сөз тіркесі‭ ‬тақырыбына сабақ арналып,‭ ‬бірнеше жаттығу жұмыстары қамтылды.‭ ‬Оқушыларға сөздердің мағыналық байланысы дегеннің не екендігін аңғарту үшін екі топка бөлініп,‭ ‬сөздер берілді‭ (‬1-жаттығу‭)‬.‭ ‬Оқушыларға‭ ‬осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып жазу тапсырылады.‭ ‬Осылайша сөздердің бір-бірімен мағыналық жағынан байланысып келіп,‭ ‬тіркес құрайтындығын‭ ‬және ол сөздердің әркайсысының жеке тұрғанда толық мағыналары бар сөздер‭ ‬екендігін,‭ ‬ал тіркескенде бір-біріне бағынатындығын,сондықтан‭ ‬олардың алдыңғысы бағыныңқы,‭ ‬кейінгісі басыңкы болатыны түсіндірілуі қажет.
Осылайша сөз тіркесі туралы түсінік берілгеннен кейін,‭ ‬сөз тіркестеріндегі сөздердің байланысын сызбамен көрсетуге,‭ ‬үйретуге немесе берілген басыңкы сөздердің алдынан бағыныңкы сөздерін тауып жазуға дағдыландыруға болады.‭ ‬Одан әрі оқушыларда сөз тіркесі туралы ұғым қалыптасқаннан соң,‭ ‬сөйлем ішінен сөз тіркестерін теріп жазу,‭ ‬сөз тіркестерін бір бөлек,‭ ‬сөйлемдерді бір бөлек жазу немесе берілген сөз тіркестерінен‭ ‬мәтін‭ ‬құрастыру секілді күрделірек жұмыстарды орындатуға оқулықта көңіл бөлінді.
Оқушылар әдетте сөз тіркестері мен бастауыш пен баяндауыштан ғана‭ ‬құралған жалаң сөйлемдерді бір-бірінен ажырата алмайды,‭ ‬шатастырады.‭ ‬Сондықтан сөз тіркестері туралы оқушылар түсінік алғаннан кейін осы мәселеге көңіл бөлу қажет.‭ ‬Оқушылар сөз тіркесі мен жалаң сөйлемді жаттанды емес,‭ ‬саналы түрде айыра алуы үшін,‭ ‬сөз тіркестері мен сөйлемдерді қатар беріп,‭ ‬олардың бір-бірінен ерекшелігін көрсетіп жаттықтыру қажет.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Жаңбыр жауды.‭ ‬Күн жылынды.‭ ‬Су ақты.‭ ‬Бала жүгірді,‭ ‬т.б.‭ ‬секілді сөйлемдер мен‭ ‬жауған жаңбыр,‭ ‬күннің жылуы,‭ ‬аққан су,‭ ‬бала жүгірісі секілді сөз тіркестерін салыстыртуға болады.‭ ‬Немесе жалаң сөзден қүралған сөйлемді басқа сөздер арқылы жайылма сөйлемге айналдыру арқылы сөйлемдегі сөздердің көбеюінен сөйлем ішінде сөз тіркестері болатындығы ұғындырылуы тиіс.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Жаңбыр кеше жауды.‭ ‬Күн ерте жылына бастады.‭ ‬Сайлардан су ақты.‭ ‬Бала қатты жүгірді.‭ ‬Осындай мысалдар арқылы оқушылар сөз тіркестері мен жалаң сөйлемдердің айырмашылықтарын тауып,‭ ‬дәлелдеуге дағдыланады,‭ ‬сөйтіп,‭ ‬өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Жай сөйлем мен‭ ‬құрмалас сөйлемді оқыту.‭ ‬Оқушылардың алдыңғы сыныптардан сөйлем деген не,‭ ‬қандай шарттары бар,‭ ‬айтылу мақсаты мен дауыс ырғағына‭ ‬қарай қалай бөлінетіндігің,‭ ‬тұрлаусыз мүшелердің қатысу,‭ ‬қатыспауына қарай жалаң‭ ‬және жайылма болып бөлінетіндігі туралы үғымдары бар.‭ ‬Енді сөйлемдер құрылысына қарай жай сөйлем‭ ‬және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінетіндігін,‭ ‬яғни жай сөйлем бір ғана тиянақты ойды білдіретіндігі,‭ ‬ал‭ ‬құрмалас сөйлем бірнеше жай сөйлемнен құралатындығы‭ ‬ түсіндірілуі керек.
Жай сөйлем мен‭ ‬құрмалас сөйлем туралы білімдерін бекіте түсу үшін,‭ ‬мәтіннен жай‭ ‬және‭ ‬құрмалас сөйлемдерді ажырата білу,‭ ‬құрмалас сөйлемдердің екінші сыңарларын тауып‭ ‬жазу,‭ ‬құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің тұрлаулы мушелерін табу секілді жұмыс‭ ‬ түрлерін орындатуға болады‭ ‬және‭ ‬оқулықтағы‭ ‬жаттығулар да осы мақсаттарды көздеп берілген.‭ ‬Бұл тақырыпта‭ ‬құрмалас сөйлемдердің тыныс‭ ‬ белгілеріне көңіл бөлінуі керек.
Жай сөйлем мен‭ ‬құрмалас сөйлемнің айырмашылығын түсіндіруде‭ ‬сызбаны пайдаланған әлдеқайда нәтижелі болады.‭ ‬Мысалы:
Жай сөйлем:
Бастауыш‭ ‬+‭ ‬баяндауыш.
Бастауыш‭ ‬+‭ ‬тұрлаусыз мүшелер‭ ‬+‭ ‬баяндауыш.
Құрмалас сөйлем:
Бастауыш‭ ‬+‭ ‬баяндауыш,‭ ‬бастауыш‭ ‬+‭ ‬баяндауыш.
Бастауыш‭ ‬+‭ ‬тұрлаулы мүшелер‭ ‬+‭ ‬баяндауыш,‭ ‬бастауыш‭ ‬+‭ ‬тұрлаулы му шелер‭ ‬+‭ ‬баяндауыш.
Сөйлемнің дара‭ ‬және күрделі мүшелерін оқыту.‭ ‬Сөйлемнің дара‭ ‬және күрделі мүшелері тақырыбын бастамас бұрын‭ ‬сөйлем мүшелері деген не,‭ ‬оның қандай түрлері бар екендігін оқушылардың есіне түсіру мақсатында бір‭ ‬сабақ берілді.‭ ‬Осы‭ ‬сабақтағы жаттығуларды орындау барысында оқушылар сөйлем мүшелері туралы білетіндерін естеріне түсіреді‭ ‬және бұл сабақ‭ ‬Сөйлемнің дара‭ ‬және күрделі мүшелері‭ ‬деген жаңа сабаққа дайындық болады.
Құрылысы жағынан сөйлем мүшесі дара‭ ‬және күрделі болып екіге бөлінеді.‭ ‬Әрине,‭ ‬сөйлем мүшесін осылай екі топқа бөлу жеке сөздің сөйлем мүшесі қызметін атқара алуы немесе атқара алмауы тұрғысынан қарастырылады.‭ ‬Егер бір сөз өз алдына сөйлем мүшесінің қызметін‭ ‬ атқаратын болса,‭ ‬онда ол дара мүше болады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Асқар кітапханаға барды деген сөйлемде Асқар‭ (‬кім‭?) ‬-‭ ‬бастауыш,‭ ‬барды‭ (‬не істеді‭?) —‬баян-‭ ‬дауыш,‭ ‬кітапханаға‭ (‬кайда‭?) ‬-‭ ‬тұрлаусыз мүше,‭ ‬яғни сөйлемдегі үш сөз де жеке-жеке сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр.‭ ‬Сондықтан бұлардың‭ ‬әрқайсысы сөйлемнің дара мүшесі болады.
Енді мына сөйлемдерді алып қаралық:‭ ‬Сары ала күз келді.‭ ‬Өзен‭ ‬суының сарылы алыстан естіліп тұр.‭ ‬Бірінші сөйлемде сары ала‭ ‬-‭ ‬тұрлаусыз мүше.‭ ‬Тұрлаусыз мүше болып тұрған сары ала екі сөзден‭ ‬жасалған.‭ ‬Екінші сөйлемде өзен суының‭ (‬тұрлаусыз мүше‭)‬,‭ ‬естіліп тұр‭ (‬баяндауыш‭) ‬-‭ ‬екі сөзден‭ ‬жасалған күрделі мүшелер.
Осылайша сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдата отырып,‭ ‬олардың қанша сөзден жасалғанына қарай дара‭ ‬және күрделі болып екіге бөлінетіндігі түсіндіріледі.‭ ‬Сондықтан оқулықтағы сөйлемнің дара‭ ‬және күрделі мүшелеріне арналған сабақтардың жаттығуларында сөйлем ішінен дара,‭ ‬күрделі мүшелерді табуға,‭ ‬олардың қандай сөз таптарынан‭ ‬жасалғандығын ажыратуға көңіл бөлінді.‭ ‬Сөйлемнің дара‭ ‬және күрделі мүшелерін тапқызғанда олардың қай мүше екендігін,‭ ‬яғни бастауыш,‭ ‬баяндауыш,‭ ‬тұрлаусыз мүше болып тұрған сөздер неше сөзден жасалғандығын сұрап отыру керек.‭ ‬Әрине,‭ ‬бастауыш сыныпта тұрлаусыз мүшелердің түрлері оқылмайтындықтан,‭ ‬олардың тек қана сұрақ‭ ‬қою арқылы күрделі екендігі айтылады.
Мұнда да сөйлемнің дара,‭ ‬күрделі мүшелерін меңгертуде сызбаны‭ ‬пайдаланған тиімді:

Дара мүшелі‭ ‬сөйлемдер
Күрделі мүшелі сөйлемдер
Мадияр кітапты тез оқыды.
Гүлнұр шай құйды.
Ешкім ойындағысын айта алмады.
Гүлнұр шай кұя бастады.

Бірыңғай мүшелерді оқыту.‭ ‬Сөйлемнің тұрлаулы,‭ ‬тұрлаусыз мүшелері,‭ ‬дара‭ ‬және күрделі мүшелері оқылғаннан кейін,‭ ‬сөйлемнің бірыңғай мүшелерін меңгеру оқушыларға қиындық келтірмейді.
Оқулықта бірыңғай мүшелерге арналған‭ ‬сабақ негізінен олар бірдей тұлғадағы,‭ ‬бірдей сөз табынан болатындығын білдіру үшін‭ ‬1-жаттығуда төрт қатарда арасында артық сөзі бар бірдей сұраққа жауап беретін сөздердің тобы берілді.‭ ‬Оқушылар‭ ‬әр‭ ‬қатардағы сөздерге сұрақ‭ ‬қоя отырып,‭ ‬бір сұраққа жауап беретін сөздерді‭ ‬және артық сөзді табады.‭ ‬Сөйтіп,‭ ‬бір сұраққа жауап беретін сөздердің бірнешеуі қатарынан келіп,‭ ‬арасына үтір қойылатынын түсінеді.‭ ‬Содан соң бір сөз табынан жасалып,‭ ‬бір сұраққа жауап беретін сөздерді сөйлем ішінен тауып үйренеді‭(‬2-жаттығу‭)‬.‭ ‬Осылайша бірдей сұраққа жауап беріп,‭ ‬сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысатын сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшесі болатындығын ұғынады.‭ ‬Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы бірыңғай мүшенің‭ ‬анықтамасын айтулары керек.
Одан кейінгі‭ ‬3,‭ ‬4-жаттығулар да сөйлем ішінен бірыңғай мүшелерді табуға арналса,‭ ‬5-жаттығу сурет бойынша сөйлем‭ ‬құрап жазуға арналған.‭ ‬Келесі сабақтар да бірыңғай мүше туралы‭ ‬оқушылардың білімдерін бекіту‭ ‬максатын көздеген,‭ ‬ал сабақ бірыңғай мүшелердің тыныс белгілеріне‭ ‬арналды.‭ ‬Әсіресе бірыңғай мүшелердің жалғаулықты шылаулармен келген кезде үтірдің қойылатын жағдайы мен қойылмайтын жағдайы нақты,‭ ‬көрнекілікпен түсіндірілуі кажет.‭ ‬Ол үшін салыстырып көрсететін сызбаларды пайдаланған жөн:

Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз байланысса,‭ ‬араларына үтір койылады.
Егер жалғаулык шылау бірыңғай мүшенің әр-‭ ‬қайсысымен‭ ‬қайталанып айтылса,‭ ‬араларына үтір қойылады.
Бірыңғай мүшелер‭ ‬және,‭ ‬мен,‭ ‬бен,‭ ‬пен жал-‭ ‬ғаулықтары арқылы байланысса,‭ ‬арасына үтір койылмайды.
Дастарқан үстінде‭ ‬құрт,‭ ‬ірімшік,‭ ‬жент‭ ‬салынған ыдыстар тұр.
Кеше де,‭ ‬бүгін де‭ ‬жаңбыр жауды.
Айгүл мен Айнүр‭ ‬және
Әсел‭ ‬мектептен бірге қайтты.

Күрделі сөздерді оқыту.‭ ‬Оқулықта күрделі сөздер‭ ‬және олардың түрлері‭ ‬-‭ ‬біріккен сөздер,‭ ‬кос сөздер,‭ ‬кысқарған сөздердің әрқайсысы жеке-жеке тақырып етіп берілді.
Алдымен күрделі сөздің өзін түсіндіру үшін дара сөздер мен күрделі‭ ‬ сөздерді‭ ‬оқушылардың өздерін ойланта отырып,‭ ‬айырмашылықтарын тапқызу қажет.‭ ‬Мүғалімнің басшылығымен күрделі сөз туралы мағлұмат‭ ‬алғаннан кейін,‭ ‬күрделі сөздің ережесімен таныстырып,‭ ‬мысалдар‭ ‬арқылы түсіндіру керек.
2,3-жаттығуларды орындай отырып,‭ ‬оқушылардың күрделі сөз туралы түсініктері беки түседі.
Осылайша күрделі сөздер жайында түсінік алған оқушылар енді өз‭ ‬бттерімен күрделі сөздер қүрастыруға машықтануы тиіс.‭ ‬Сол максатпен‭ ‬4-жаттығуда екі бағанда берілген сөздерден күрделі сөздер‭ ‬құрастыруға‭ ‬болады.‭ ‬Осы жаттығуды орындата отырып,‭ ‬өздері құрастырған күрделі сөздердің қайсысы қалай жазылатындығына назар аудару керек.‭ ‬Күрделі‭ ‬сөздердің жазылуын бірден бәрі игеріп кетпесе де,‭ ‬таныс бола бергендері‭ ‬жөн,‭ ‬оның үстіне күрделі сөздердің әркайсысына жеке-жеке тоқталғанда,‭ ‬олардың емлесі тағы да айтылады.
Келесі сабақтар да‭ ‬Біріккен сөздер‭ ‬және‭ ‬Біріккен сөздердің жазылуы‭ ‬деген мәселелерге арналды.‭ ‬Мүнда да алдымен жаттығу беріліп,‭ ‬одан кейін ережелер көрсетілді.‭ ‬Ережені оқып,‭ ‬талдаған соң‭ ‬2-жаттығудағы‭ ‬ертегіден берілген үзіндіні оқытып,‭ ‬біріккен сөздерді тапқызып,‭ ‬олардың кандай түбірлерден‭ ‬құралып тұрғаны сұралуы тиіс.
Біріккен сөздердің мағыналарына‭ ‬қарай кісі аттары,‭ ‬құс атаулары,‭ ‬ойын‭ ‬атаулары т.б.‭ ‬болып келетіндігін аңғарту үшін‭ (‬2-жаттығу‭) ‬бірнеше
сөздер берілді.‭ ‬Бұл атауларды оқушылардың өздерінің білетіндерімен‭ ‬толықтыруға болады.
Келесі жаттығулар да оқушылардың біріккен‭ ‬сөздер‭ ‬жайындағы білімдерін тиянақтау мақсатын көздейді.‭ ‬Мүнда суретте‭ ‬бейнеленген зат атауларын қатыстырып,‭ ‬сөйлемдер‭ ‬құрастыру,‭ ‬екі‭ ‬бағанда‭ ‬берілген сөздерден біріккен сөздер жасау,‭ ‬біріккен сөздердің‭ ‬екінші сыңарын тауып‭ ‬ жазу секілді жұмыс түрлері қамтылды.
‭‬Біріккен сөздердің жазылуы‭ ‬-‭ ‬курделірек тақырып.‭ ‬Әсіресе жерсу аттарында екі дауысты дыбыс‭ ‬қатар келгенде,‭ ‬айтылғанда біреуі түсіп қалып,‭ ‬бірақ жазғанда сақталатындығын‭ (‬Сарыарқа,‭ ‬Қараой т.б.‭)‬,‭ ‬ал кейбір кісі аттары айтылуы бойынша жазылатындығы‭ (‬Қожахмет,‭ ‬Жұмәділ т.б.‭)‬ кейбір біріккен сөздер өзгерген қалпында,‭ ‬айтылуынша‭ (‬Ботагөз,‭ ‬Айғыз,‭ ‬қыстыгүні т.б.‭) ‬мысалдар арқылы ұғындыруды қажет етеді.‭ ‬Сондықтан біріккен сөздердің емлесіне екі сағат берілді.‭ ‬Бұл сабақтағы жаттығулардың мақсаты да түрліше:‭ ‬сөйлем ішінен біріккен сөздерді тауып,‭ ‬қандай түбірлерден біріккенін,‭ ‬екі түбірдің арасындағы дауысты дыбыстарда өзгеріс бар ма,‭ ‬жок па,‭ ‬соны ажырағу,‭ ‬біріккен сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру,‭ ‬біріккен түбірлер мен сөз тіркестерінің айырмашылығын табу,‭ ‬түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек,‭ ‬түбірлері дыбыстық‭ ‬өзгеріске түсіп,‭ ‬біріккен сөздерді бір бөлек көшіріп‭ ‬жазу,‭ ‬біріккен кісі,‭ ‬жер-су,‭ ‬ән-күй аттарын тауып жазу т.б.
Күрделі сөздердің бір түрі‭ ‬-‭ ‬кос сөздерге төрт‭ ‬сабақ арналды.‭ ‬Ал-‭ ‬дымен‭ ‬1‭ ‬-жаттығудағы‭ ‬қос сөздердің мағыналарын,‭ ‬қалай жасалып‭ ‬тұрғандығын‭ ‬оқушылар өздері ойланып айтулары қажет.‭ ‬Содан соң кос сөздің ережесі таныстырылып,‭ ‬бекіту жаттығулары орындалады.‭ ‬Одан‭ ‬әрі кос сөздердің‭ ‬қайталама‭ ‬және қосарлама түрлерін таныстыратын сабақтар берілді.
Күрделі сөздерге қатысты тақырыптардың бірі‭ ‬-‭ ‬қысқарған создерге де екі‭ ‬сабақ берілді.‭ ‬Қысқарған сөздердің толық түрін ажырату оқушыларға оңай емес,‭ ‬сондықтан қысқарған сөздерді оқытуда сызбаларды пайдаланған тиімді.

БҮҰ‭ ‬-‭ ‬Біріккен Ұлттар Ұйымы
ХШЖК‭ ‬-‭ ‬Халық шаруашылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Мәтіннің байланыстылығы
ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қ.Жұбановтың тілдік мұрасы
Жиілік сөздік
Тілдік дағды қалыптастырудағы мәтін маңызы
Жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқытуға арналған құралдар
I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Өзбек және қазақ сыныптарында ана тілі оқулықтарының салыстырмалы сипаты
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
Пәндер