Мүйізді ірі қаралардағы желінсау ауруының этиологиясы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған.

Бағдарламада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта малшаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы әдістері мен жолдарын табу және практикаға енгізу, сонымен қатар жануарлар мен құстардың ауруларын және шығынын азайтатын ветеринариялық санитариялық шараларды жүзеге асыру жүйесі ойластырылуда.

Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізгі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.

Әлемнің және республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Көрнекті ғалымдардың жан жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою әдістері және аурулардан сақтандырудың жолдары ойластырылып табылған.

Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады) . «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.

Жануарлардың ауруларымен күресудің негізі - аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.

Жануарлар ауруларымен күресу мақсатында кешенді жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жануар ағзасының саулығын қорғау, шаруашылық мамандарының күнделікті жұмыстарының басты нәтижесі болып саналуы қажет. Жануар өнімінің өнімділігін арттыру және оның саулығын сақтау өзара тығыз байланысты.

Курстық жұмыстық максаты - жануарлардағы желінсауды емдеу кезіндегі тиімді әдістерді іздестіру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- осы тақырыптағы әдебиеттермен танысу;

- мүйізді ірі қараның желінсау ауруларын балау және алдын алудың тиімді жолдарын қарастыру;

- аталған ауруға қарсы жүргізілетін ветеринарлық-санитарлық шаралардың неғұрлым озық, нәтижелі тәсілдері және басқа да аспектілерін меңгеру;

- мүйізді ірі қараның желінсау ауруларын анықтау, алдын алу жөніндегі алынған теориялық біліктілікті көрсету, материалдар мен құралдарды шаруашылықта және зертханаларда қолдана білу.

Осыларды ескере отырып, курстық жұмысымды халық игілігіне жарату үшін орындап, ұсынып отырмын.

Мұнда мүйізді ірі қаралардың желінсау ауруының пайда болу себептері, аурудың жалпы сипаттамалары туралы көп мәлімет келтірдім.

Сонымен қатар бұл ауруды басқаларымен шатастырып, ажырата алмау мүмкіндігін ескеріп, аурудың белгілеріне де тоқталдым.

IІ. Әдебиетке шолу

Сиыр шаруашылығы - біздің еліміздегі мал шаруашылығының негізгі саласының бірі болып табылады. Мал шаруашылығынан түсетін пайданың 50% осы ірі қара малынан алынады. Мүйізді ірі қара - негізгі сүт өндіруші болып табылады (98%) .

Қазақстанда 1810 жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891жылдан бастап ветеринариялық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринариялық бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринариялық бас басқарма құрылып, Қазақстанда ветеринариялық саланың дамуына А. П. Петровский, У. Б. Базанов, Т. И. Исенгулов, К. И. Скрябин, А. П. Сейдалин және тағы да басқа ғалымдар үлкен үлес қосқан.

А. Д. Абаимова (1999 ж) пікірінше, сүтті сиыр шаруашылығы - ауыл шаруашылығы салаларының алдыңғы қатарына жатады. Бірақ, саланың өсуіне әр түрлі аурулар, соның ішінде желінсау кері әсерін тигізеді [1] .

Желінсау - сүт безінің қабынуы, ол жануар организмінің төзімділігінің төмендеуінен және инфекцияның асқынуынан, ішкі және сыртқы орта факторларының әсерінен, сүт безінде әртүрлі қабыну процестерінен пайда болуы мүмкін.

Желінсаудың белгілері: бездің қатаюы, терінің қызаруы, температураның көтерілуі. Қабынудың дамуында без үлкейеді, тері ширығады.

А. М. Абакаров (1993 ж) зерттеулерінде, бұл аурудың түрлі әлем елдерінде ең көп таралғандығын көрсеткен. Тіркелген зерттеулер бойынша 5-36% жануарларда тіркелген. Жыл ішінде бұл аурумен 68% сиыр табыны ауырады. Желінсаумен ауырған малдың сүт беру кезінде сүттілігі 150-200 кг төмендейді. Желінсаумен ауырған сиыр сүті адамға, әсіресе, сәбилерге қолдануға қауіп тудырады. Сондықтан, желінсауды тек ветеринарлық тұрғыдан емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселе ретінде қарастырған жөн. Сүт өндіруші фермалардың ең негізгі мақсаты - сиырды дұрыс саууды ұйымдастыру [2] .

Т. Д. Абдрахманов (2002 ж) мәліметтерінде желінсау - желіннің механикалық, химиялық немесе биологиялық әсерлердің салдарынан қабынуы деп көрсетілген [3] .

А. Г. Абзалова (1974 ж) айтуынша, желінсау ауруы барлық жануарларда, соның ішінде сиырларда өте көп кездеседі [4] .

В. А. Акатов (1970 ж) айтуы бойынша, жануарды жеткіліксіз азықтандыру иммунитетті төмендетіп, соның әсерінен желінсау пайда болуы мүмкін. Тәжірибе жүзінде көрсеткендей, теріс энергетикалық балансты сиырларда желінсаумен ауыру қаупі жоғары. [5]

Г. М. Андреев (1988 ж) мәлімдеуінше, сиыр желіні бөлек-бөлек төрт сүт безінен тұрады. Төртеуі желінді ұстап тұратын байламдармен бөлінген. Мықты байламдар өте маңызды, олар көп уақыт аралығында желіннің тазалығын сақтап тұрады. Сүт те, микроорганизмдер де желіннің бір бөлігінен екіншісіне тікелей түсе алмайды: сүт шығады және бактериялар емізік жолы арқылы енеді. Егер желіннің бір бөлімі желінсаумен зақымданған болса, онда қалған үш бөлігі сау болады [6] .

Әрбір бөлік емізікшеден, сүт безінің қуысынан, сүт каналынан және секреторлық ұлпадан тұрады. Желіннің маңызды органы бұл секреторлық ұлпа, ол сүтті өндіретін бірнеше миллион альвеолдан тұрады. Ұзақ уақыт ішінде желінсау секреторлық ұлпаларға зиян келтіреді. Күн ішінде сүт өндірілуіне орай, альвеолдар сызданады. Сүт сүт каналы өзегі арқылы және емізікше цистернасы арқылы шығады.

Әрбір альвеола сүт өнімдеріне қажет қоректі заттар әкелетін артериалды қанмен жабдықталған. Альвеоланың ішкі қабырғасы сүт синтездеуші ұлпа қабатымен немесе эпителиймен қапталған.

Н. М. Атроповский (1988ж) қан әкелген әрбір клетка элементтерді сүт компоненттеріне айналдырады: сүт қышқылы - сүт майына, амин қышқылы - ақуызға, ал глюкоза - лактозаға. Лейкоциттер және қан организмінің қорғаушы процесінің басқа да қатысушылары альвеолаға қан арқылы түседі [7] .

ІІІ. Негізгі бөлім

3. 1 Мүйізді ірі қаралардағы желінсау ауруының этиологиясы

Сүт безіне микроорганизмдер емізік каналы арқылы, жара, қан арқылы, басқа да органдарға қабыну процесі арқылы еніп отырады.

Өнім беруші жануарларда желінсау жиі кездеседі. Оның пайда болуының басты себептері - сауудың, әсіресе машинамен сауудың физиологиялық негізінің бұзылуы, сонымен қатар малды бағудың және азықтандырудың кемшілігі. Осының барлығы сүт безінде қабыну процесінің дамуына және патогенді микрофлора әрекетінің пайда болуын бейімдейді.

Мал шаруашылығында ветеринариялық санитариялық талаптарды, мөлшерлерді қолдану және технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, сапасы жоғары мал және мал өнімдерін алу мал басын көбейту және жануарларды бордақылау істері ветеринариялық білімді қажет етеді.

Мал шарушылығы өнімдерін жоғарылатудың негізгі шаралары сапалы өнім алу, сонымен қатар сиырлардың өндіру қызметін жоғарылату арқылы мал санын көбейту.

Көптеген жағдайларда сиырлардың субклиникалық желінсауларын емдеу мақсатында антибиотиктер терапиясы қолданылады, ал бұл ем, өкінішке орай, сүт тұтынушыларын уытты-аллергиялық ауруларға шалдығуына әкелуі мүмкін[8] .

Алайда мал бастарын көбейтіп, сүт өнімділігін жоғарылатуды тежеуші факторлардың бірі болып сиырлардың акушерлік-гинекологиялық аурулары, Оның ішінде - желінсау болып табылады. Бұл ауруда сүт өнімділігі төмендейді, сиырлар мерзімінен бұрын шығынға ұшырайды. Сүт безіне қандай себептер әсер етпесе де, қабыну дамуының механизмдері біркелкі болып қала береді. Осы кезде жүйке тітіркенуі мен өткізгіштігі бұзылады, лимфо және гемодинамикалық бұзылулар дамиды. Бұл органның әртүрлі әсерлерге жоғары сезімталдығымен түсіндіріледі, мұны биологиялық, химиялық және физикалық факторлармен байланыстыруға болады

Желінсаудың тууына әсер еткен негізгі себептерді білгенде ғана, онымен күресуге болады. Бірақ, бұл аурудың себептері әлі ашылған жоқ. Желінсаудың бастауы емізік каналына патогенді микроорганизмдердің енуінен және олардың желіннің үлпершекті бөлігінде көбеюінен болады. Осы факторлардың әсерінен желінсау ауруына күдік туады. Желінсаудың себептерін және әсер ету факторларын ажырата білу қажет. Жалпы үш себебі бар: микроағзалар, ағзаның улануы (интоксикация) және химиялық жарақат. Желінсаудың пайда болуында микроорганизмдер 85% құрайды. Олар негізгі себеп болып табылады[9] .

Ауру көбіне галоктогенді жол арқылы пайда болады, яғни галоктогенді жол маңызды роль атқарады. Көбінесе маңызды қоздырушылары - стафилококк, стрептококк, диплококк, микрококк бактериялары, микоплазмалар, вирустар мен саңырауқұлақтар. Бірақ, ең маңызды қоздырушысы ретінде патогенді стафилококк пен стрептококк саналған, өйткені олар ауру сиырдың сүтімен және желін секретімен көп бөлінеді.

Ауру малдың сүтінен стрептоккоктың 226 штаммын бөліп алды. Олардың 78, 32 % В тобына, 10, 62 % - С және 9, 28 % А тобына тиісті. В тобының стрептококктары ірі қара малында желінсаудың арнайы қоздырушылары, сондай-ақ, адамда менингит, эндокардит, бүйрек ауруларының тууына әсер етеді.

20 ғасырдың 50 жылдарына дейін мүйізді ірі қара стафилококк инфекциясына төзімді деп саналып келді. Кейін бұл пікір дереу өзгерді. Авторлар мәліметтеріне қарағанда, алтын стафилококк барлық стафилококктың ішінде көп кездесетін қоздырушы болып табылады. Оның үлесінде 9, 6%-дан 89%-ға дейін жағдайлар бар, бірақ алтын стафилококк тудырған желінсау өте қауіпті, ол клетка ішіне еніп кетеді.

Стафилококкпен зарарланған тағамды қолданғанда адамның 90% ауруға ұшырайды.

Сонымен қатар, жеткіліксіз және толық емес азықтандыру организмнің төзімділігінің төмендеуін, жергілікті реакцияларды, сонымен қатар, желінсаудың қоздырушыларының көбеюін тудырады. Ерекше қауіпті пестицид қалдықтары, нитраттар мен нитриттердің мөлшерден тыс көп болуы, зең саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтар тудырады.

Рациондағы жеткіліксіз протеинді толықтыру үшін карбамидті және азотты қалдықтарды дұрыс қолданбау жануарда жіті және созылмалы улану тудырады; осы жерде желіннің қорғаныш механизмі бұзылады[10] .

Желіннің морфофункционалдық қасиеттері (көлемі, бөліктерінің тіктігі, емізікшелерінің көлемі және ұзындығы, емізік сфинктерінің тонусы, сүт берудің жылдамдығы ) желінсауға тұрақтылығына әсер ететіндігін көрсеткен.

Қазіргі уақытта патогенді микроорганизмдердің 90% түрі желінсаудың қоздырушылары.

Желінсаудың ең басты қоздырушылары әртүрлі микрофлоралар болуы мүмкін: бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, түрлі су өсімдіктері, вирустар, риккетсиилер.

Бактериялық желінсау кокк түрінде (стрептококк, стафилококк, диплококк) және сонымен қатар, таяқша түрдегі формада (ішек таяқшасы, коринобактериялар, энтеробактериялар) өтеді. Сүт безінде қоздыруды тудыратын әр түрлі бактерияларды бірнеше түрге бөлуге болады. Бұлар - алтын стафилококк, агалактиялық және дисгалактиялық стрептококктар, желін стрептокогы, ішек таяқшасы, коринебактериялар.

Соңғы уақытта м. і. қ. желінсауын ішек таяқшалары тудырады. Құрамында ішек таяқшалары бар сүт және сүт өнімдері тағамдық инфекциямен улануды тудырады.

Монокультурадағы сияқты, түрлі ассоциацияларда бактериологиялық зерттеу кезінде, зақымдалған бөліктің секреттерінің 90-95% бактериялық желінсауға ұшырағанын байқауға болады.

Вирусты және риккетсиозды себептерден пайда болған желінсау аусыл, күл және басқа түрлі жіті инфекциялық аурулар эпизоотиясында тіркелген[11] .

Желінсаудың қоздырғыштары микробтың сүт безіне ену жолын үш түрге бөліп қарастыруға болады: галактогенді (емізік каналы арқылы), гемотогенді, лимфагенді.

Галактогенді жол негізгі жол ретінде корсетіледі. Нақты қорғаушы тосқауылдарды игеруде және сүт цистернасында ауру қоздырушысының жиналуында мынадай факторлар пайда болады: емізік ұшында көп микроорганизмдер орналасуы; емізік каналының функциясының бұзылуы; сауу агрегатының дұрыс жұмыс жасамауы нәтижесінде емізіктің астыңғы бөлігінен сүт цистернасында аспирация пайда болуы мүмкін. Сүт цистернасына түсіп, тез көбейіп, ұлпаларға енеді.

Гематогенді жол пиемиялық ошақ әсерінен басқа органдарда (жатыр, бүйрек, бауыр, ішек т. б. ) болуы мүмкін.

Лимфагенді жол желін терісінің жарақатында орын алады; бұдан кейін зақымдалған аймақта микробтардың бір жерде жиналуы болады, олардың тез көбеюі жоғарғы лимфатикалық тамырлар желісі арқылы сүт безінің паренхимасына енеді .

Ішек жарығының қабынуынан, лимфатикалық және қантамыр желісінде микробтың транслокациясына шектеу қойылмайды; олар алғашында мезентериальды лимфатикалық түйінінде жиналады, содан кейін сүт безіне көшеді .

желінсаудың 15%-ы микроорганизмдердің қатысуынсыз өтеді және организмнің улануынан немесе механикалық, термиялық, химиялық жарақат нәтижесінен болатындығын көрсеткен.

Сонымен қатар, сүт безінің безді ұлпасы химиялық, механикалық, салқын әсерлеріне өте сезімтал. Барлық дерлік химиялық заттардың ішкіцистерналы қолданылуы қандай да бір мөлшерде ұлпалардың тітіркенуін, сонымен қатар қабынудың асқынуын тудырады. Сонымен, емізікшеде катетеризацияны көп қолдану, әсіресе ұзын металды катетрді пайдалану әр кезде іріңді катаральді желінсаудың пайда болуымен аяқталады[12] .

Уланудың ішкі және сыртқы көздерін ажыратады. Ішкі жол жатырдың субинволюциясында, эндометритте, нефритте және басқа да ауруларда орын алады, аналық малда токсиндердің жиналуын шығарады. Сыртқы жол бұзылған азықпен азықтанғанда удың ішке түсуімен, улы өсімдіктермен уланумен сипатталады.

Желінсаудың пайда болу себебінде маңызды орын алатын факторлар:

-сүт безінің анатомиялық және функционалды аномалиясы;

-жануарды дұрыс азықтандырмау және бағып-күтімнің нашарлығы;

-сауу аппаратының технологиясы және санитарлы-гигиеналы ережелердің бұзылуы;

-желін терісінің аурулары (тері ауруы, жарықтар, емізік жарасы, жарақаттар, шиқан ауруы және тағы басқалары) ;

-репродукті және басқа органдардың аурулары;

-желінсауға бейімділіктің тұқымқуалағыштығы.

желінсау жағдайында жануар орнының микроклиматы, маңызды параметрлері орын алады. Салқын, дымқыл жерде, желде ұсталған жануарлар ауруға көп шалдығады. Бір жағынан, жазда қоршалмаған ашық алаңдағы жануар организмінің қатты қызып кетуі қауіпті. Бұл жаз айларында аурудың көтерілуі себептерінің бірі болып табылады.

Желінсаудың әсер ету факторы ретінде сауу машинасы қатысады. Сауу машинасы желінсаудың пайда болуына бірнеше жолмен әсер етеді:

- микроорганизмнің резервуары ретінде;

- емізікшенің зақымдалуы, емізік каналының тосқауыл функцияларының бұзылуы арқылы;

- ауру қоздыратын бактериялардың бір сиырдан екіншісіне механикалық жолмен берілу есебінен;

Сауу машинасының сүт безіне кері әсері оның дұрыс жұмыс жасамауымен байланысты. Көбіне келесі бұзылулар жиі көрінеді:

  • сауудан бұрын желінді дұрыс тазаламау;
  • вакуумның артық болуы немесе оның сауу процесінде тұрақсыздығы;
  • сауу стакандарының желінде тұрып қалуы;
  • вакуумды ажыратпай тұрып, сауу стакандарын алу;
  • сауу аппаратын жуып шаймай бір сиырдан екіншісіне ауыстыру және сауу стакандарының дезинфекциясы;
  • желінсаудың клиникалық формасымен ауыратын сиырларға сауу аппараттарын қолдану [13] .

3. 2 Желінсаудың патогенезі және жіктелуі

Сүт безіне енген микробтар тез арада көбее бастайды. Патогенді кокктер тіршілік әрекетінің өнімдерімен эпителий торшаларының бетіндегі адгезиядан кейін әсер етеді, эпителийдің тітіркенуін және өлуін шақырады. Сонымен қатар, олардың терең қабаттарға енуін жеңілдетеді.

Таяқша тәрізді бактериялар өміршеңдік процесінде эндотоксин бөліп шығарады. Ол бактериалды клеткалардың еруінен және өлуінен кейін босап шығады. Эндотоксиннің нәтижесінде сүт безі ұлпаларында қатты қабыну реакциясы пайда болады. Мұндай желінсау организмнің жалпы улануымен ауыр түрде өтеді (күйзеліс, қызба, алдыңғы қарындардың атониясы, іш өту) .

Ауру қоздыратын агенттің әсеріне жауап ретінде сүт безіндегі қорғаушы реакциялардың кешені түзіледі. Қорғаудың бірінші линиясы - емізік каналы. Ол бактерия үшін сенімді тосқауыл болып табылады. Циркулярлық бұлшықеттер сауу аралығында оның тығыз жабылуын қамтамасыз етеді. Емізік каналының кілегейлі қабаты көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған, жоғары қабаты әркез түлейді, себебі механикалық түрде канал қабырғаларын тазалайды. Жапқыш эпителийдің клетка бөліктері бактерияға механикалық тосқауыл болатын кератин бөліп шығарады.

Микробтар емізік каналын машинамен сауу немесе сауу аралығында жеңе алады. Емізікшенің ұшының зақымдануы бұл тұрғыда жақсы жағдай тудырады. Зақымданған бөліктер желінсаудың қоздырушылары үшін резервуар болып табылады, соңғылары тамшыланып, жоғарыға ауысып сүт цистернасына ауысады.

Емізікшенің ұшының зақымдануы кезінде клиникалық желінсаудың пайда болуы шамамен 10 есеге өскен.

Емізік каналы арқылы енген микрофлора клеткалық және гуморальдық қорғаныштың әсеріне тап болады. Бірінші топқа сүт цистернасында өмір сүруші микроб комменсалды жатқызады. Олар желінсаудың қоздырушыларына қарама-қарсы әсер етеді. Сүт безінде әркез полиморфты ядролы лейкоциттер, макрофагтар, лимфотциттер қатысады. Алғашқы екі топ бактерия фагоцитозын жүзеге асырады. Сонымен қатар, олар бактерияға қарсы супероксид бөліп шығарады. Лимфоциттер иммунды қорғаныш механизмінде арнайы антителдердің синтезделу жолына қатысады.

Қандағыға қарағанда, желіндегі полиморфты ядролы лейкоцит пен макрофактың белсенділігі төмен, себебі онда гликоген аз мөлшерде болса, сүтте көп мөлшердегі майлы шариктің және казеиннің бар болуымен сипатталады. Соңынан бактерия клеткаларының фагоцитозына тән белгілер пайда болады.

Желіннің гуморальды қорғаныш факторы лактопероксидазды, лизоцим, лактоферрин, комплимент байланыстырушы заттар және иммуноглобулинмен көрсетілген. Гуморальды қорғаныштың басты компоненті - лактопероксидаза. Ол сүт қышқылын бөліп шығаратын бактерияны ұстап қалады.

Лактоферрин без молекулаларын байланыстырады, нәтижесінде оған қажет бактериялардың (ішек таяқшасы, алтын стафилококк) өсуінің тежелуі болады.

Иммуноглобулиндер қаннан тіке шығып лимфотциттердің қатысуымен сүт безінде тікелей түзіледі. Бірақ сүттегі концентрациясы қандағыға қарағанда 50 есеге төмен.

жетілген қорғаныш механизміне қарамастан, желінсау сүт безінің кез келген функционалды жағдайында дамиды. Бұл органның анатомиялық ерекшеліктеріне қарап түсінуге болады: қан және лимфа тамырларының көптігі, ұштасудың жиынтығы, паренхиманың дәнекер ұлпалы негізден басым болуы. Бөлек физиологиялық кезеңде клеткалық және гуморальдық қорғаныш факторларының қысымы көрсетіледі. Сонымен суалудың алғашқы 3 аптасында сүт цистернасында және емізік каналында лейкоциттердің, әсіресе плазматикалық клеткалардың және лимфоциттердің болуы азаяды[14] .

Сүт безі ұлпасына микробтардың енуіне жауап ретінде қантамырлы реакция пайда болады, ол изоляцияға және зақымданған агенттің жойылуына бағытталады. Ол тамырлардың кеңеюін, қан ағудың бәсеңдеуін, қантамырлы қабырғаның порозности көтерілуін қамтиды.

Қантамырлардың бұзылуы нәтижесінде дәнекер ұлпалы негіздің жоғары дәрежеде глобулин және фибрионегені бар серозды сұйықтықтың инфильтрациясы өтеді. Бұдан соң қанның формалы элементтері орын ауыстырады

Желінсаудың дамуында лимфа қайтуының бұзылуы маңызды рөл атқарады. Ол лимфатикалық капиллярдың зақымдануы салдарынан болады.

патологиялық процесс біртіндеп альвеола мен сүт жолында таралады, онда безді және жапқыш эпителийдің бөртуі, опат болуы және түлеуі болады. Бұзылу кешені сүт секрециясының төмендеуін, сүт жолында мақташықтар мен казеиннің, іріңнің ұйындысын және рН-тың сілтілі бағытқа алынуын қамтиды. Секреттің сілтілігі гидрокарбонаттың жиналуымен түсіндіріледі, ол қан плазмасының басты көзі қызметін атқарады. Сүт жолдарының тарылуы кезінде ақуыз коагулятынан түлеген эпителий тромблары пайда болады[28] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желінсаулардың асқынулары
Желін безінің аурулары
Сиырдың сүт өнімдерін өндірудегі желінсау ауруы
Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Листериоз ауруының сипаттамасы
Сүт безінің анатомиясы және физиологиясы
Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары
Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру
Сиырлардың желінсау ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz