Мал азығы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қой шаруашылығы Қазақстан Республикасында басқа мал шаруашылығы салаларының ішіндегі ертеден келе жатқан дәстүрлі бірден-бір жетекші сала болып табылады. Қой тұқымдарының барлығы негізінен ет алуға пайдаланылады, содан кейінгі үлесті жүн, елітірі, май, сүт өнімдері алады. Қой шаруашылығын дамыту арқылы еліміз үшін аса маңызды кезінде екінші тың аталған саланы өркендете отырып екі міндетті - азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз. Әрине қой шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін бес қағиданың орындалуын қамтамасыз ету қажет: олар, қой басының біркелкі өсуі, өндірілген қой өнімдерінің ішкі және сыртқы базардағы бәсе­келестік қабілетін арттыру, қой тұқымдарының қажеттілерін өсіру, әрбір өнім өндірушінің қаржылық бірқалыптылығы және қой өнімі мен шикізаты базарын калыптастыру. Мал шаруашылығы өнімдерінің заманауи өндірісі негізінен қой шаруашылығында басым ет алуға бағытталған. Сондықтан да, қой шаруашылығын селекциялық жолмен асылдандыруда, оларды бағып-күтуде, еңбекті ұйымдастыруда, жемшөп өндіруде және мал азығын дайындау бағытындағы ғылыми-зерттеулерді кеңейтіп тереңдете түскен жөн. Оның ішінде, ғылыми-зерттеулердің мынадай басым бағыттарына мән берген дұрыс: - селекцияның, гендік инженерияның, биотехнологияның, генетикалық математикалық сараптаманың және бағдарлама жасаудың заманауи әдістерін қолдану арқылы тұқымдық қойлардың өнімділік және асылтұқымдық сапаларын жетілдіру; - қой шаруашылығы өнімдері өндірісінің экологиялық таза технологияларын жасау; - қойларды азықтандыруды жетілдіру және азықтың базасын зерттеу, мал азық­тарының желінуі және құнарлылық құндылығын арттыру, егіндік және шабындық-жайылымдық мал азығы өндірісімен, мал азықтарын дайындау және сақтаудың қарқынды әдістерін, жаңа барынша толық құнды және қуаттылық сыйымдылығы мол мал азықтарын жасау бағытында зерттеулер жүргізу; - жұқпалы ауруларды емдеу және олардың алдын-алудың әдістерін жасау; - шағылыстыру және будандастыру әдістерімен өміршеңдігі жоғары тұқымды қойлардың отарларын құру; - нарықтық қатынастарды, салалық стандарттарды, қой шаруашылығы өнімдерін сертификаттауды жетілдіру. Қазіргі кезде жайылымдардың 90%-ы суландырылмаған және ішінара ғана пайдаланылады. Қой шаруашылығының жайылымдық жемшөп қажеттілігін қамтамасыз ету үшін табиғи жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалану жолдарын жасай отырып, олардың өнімділігін арттыру жөнінде іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Шөл және шөлейтті аймақтардағы жайылым жағдайындағы мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімді саласы болып табылады. Жайылымдағы мал шаруашылығын тиімді ұйымдастырудың қажетті жағдайы - маусымдық жайылымдардың жекелеген түрлерін, малды маусымдық жайылымдардың бір түрінен екінші түріне ауыстыру негізінде немесе ұзақ қашықтықта оларды барынша мол өнімділік берген жылдары пайдалану болып табылады. Қазіргі жағдай елімізде қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамытып, қой өнімдерін өңдеу технологиясын жетілдірудің мәні зор екенін дәлелдейді. Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті, ғылым мен озық тәжірибенің берік бірлігінде. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарыда қой жөніндегі ғылым да сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылды. Соның ішінде қой шаруашылығының қазіргі таңдағы жетістіктерін әрі қарай жетілдіріу мақсатында жас мамандарға тәжірибелік жұмыстар жүргізіп өз білімдерін жетілдіру мәселесі алда тұр. Қойлардың жем-шөпке мұқтаждылығы жынысына, жасына, физиологиялық жағдайына және өнімділік деңгейіне байланысты.

Жыныс-жас ерекшеліктері әр түрлі топтардағы қойларды азықтандыру саланың бағытын, малдардың өнімділік деңгейін, дене салмағын, жасын және физиологиялық жағдайын есепке ала отыра саралануы қажет. Бұл айырмашылықтар азықтандыру нормасында байқалады.

Қой өсіру фермасы үшін, қорада ұстау кезіңде азықтандыру жоспарын құру кезіңде мынадай келесідей мәліметтерді білу қажет:

- ферманың қойларының жыныстық-жас ерекшеліктері бойынша
топтарындағы және отардағы қой бастарын;

- қорада ұстау кезеңінің ұзақтылығының күнтізбелік мерзімдерін;

- рационды құру үшін жем-шөптің түрлері;

- қойлардың физиологиялық жағдайына және жас төлдердің өсуіне
байланысты қорада ұстауға нақты шектеу қою;

- орташа тәуліктік өскіндер;

- қозыларды саулықтарынан айыру мерзімдері;

- саулықтарының өсімталдылығы.

Курстық жұмыстың мақсаты:

  • Қойды азықтандыру ерекшеліктерін және қойдың энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығын анықтау;

- Қойларға тәуліктік рацион жасап, осы рациондарға талдау жасау;

  • Қойларды азықтандыру барысында, кейбір қоректі және

биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуін зерттеу.

І. Әдебиетке шолу.

Н. А. Воробьев (1959), С. И. Боголюбский (1961) жүргізген зерттеулерде әр түрлі жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі саулықты будандастырғанда болмаса, енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау болған жағдайларда қандай қозы туатындығын байқай отырып селекциялық шешімге келді. [4] П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929), М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ұ. Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) құйрықты қой тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға болады. [7] П. Данилюктің(1984) зерттеулері бойынша қаракөл елтірі қойы жайылым кезінде тәуліктін, 50, 6%-тін жайылуға, 41, 6%-тін де-малуға, 3, 5%-тін суатқа баруға, 1, 4%-тін су ішуге жұмсайтындығы анықталды. [12] Бордақылаудағы тоқтыны ашытқыланған жемшөп қосындысымен бордақылау да тиімді. Алматы облысы Панфилов ауданының қой бордақылау кешендерінде Н. Омарқожаұлы, Т. Дәулетбеков (1977) жүргізген тәжірибелерде жалпы қоректілігі бойынша 23-25% ірі, 55-56% шырынды, 5-10% құнарлы азықтан тұратын жемшөп қосындысын алдын ала ашытқылап (дрожжевание), жергілікті жемшөпте жетіспейтін минералды элементтер (фосфор, күкірт, мыс, кобальт, йодтың) қосындыларымен байытып бергенде еркек тоқтылардың орташа тәуліктік салмақ қосымы 175-200г болып, 120 күнде 18-24кг қосымша салмақ қосып, 1кг қосымша салмағынf 4, 5-5, а. ө. шығындаған. [18] Аса ірі ғұлама ғалымдар П. Н. Кулешов, М. Ф. Иванов, С. Н. Бололюбский, В. А. Бальмонт, М. Ш. Ермеков, Ә. Е. Елеманов және басқалары-қой шөлейт жайылымның өрісіне жайылуға әбден көндіккен, өте үнемді де жоғары пайдаланатын мал деп талай рет айтқан болатын.
ВАСХНИЛ академигі И. В. Ларин соңынан К. Ә. Асанов бастаған Қазақстан ғалымдарының ғылыми ізденулерінің озат практиканың арқасында, республиканың күллі дерлік табиғи-географиялық аймақтарының жағдайында лайықты етіліп, шабындықтар мен жайылымдардың шөбін жаөсартудың негізгі мәселері жасалып шықты. Жайылымды дұрыстап пайдалану негізіне алатыны-совет ғалымдары (ВАСХНИЛ академигі И. В Ларин, Түтікпен ССР Ғалым академигі Н. ТНечаев және басқалары), академик Қ. Ш. Асанов бастаған қазақстан ғалымдары ашқан өте бір қызықты құбылыс бар, ол мынау; мал өрісін тиімді етіп пайдаланған шақта оның шөбі нашарлап кетпейді, қайта табиғи жағдайдағы күймен салыстырғанда, шөп одан әлдеқайда жақсарып, өңі кіріп шығады екен. [5] Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы П. Н. Коршаковтың зерттеулері жүннің беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы микроэлементке тікелей байланысты екенін дәлелдеді. [7] А. В. Модяновтың(1989) мәлеметтеріне қарағанда, қой буаздығының екінші жартысында коректік заттарды көбірек жұмсайды, организімнің негізгі қызметіне жұмсалатын азық өлшемінің мөлшері 30-40%, қорытылатын протеин 40-50%, кальций мен фосфор екі есе арттырылады. [15] О. А. Дупенко, Н. В. Сабанова және В. Г. Попов қойларға таңба салуға қолайлы бояудың рецептісін ұсынады. [13] Қ. Сәбденовтың(2008) мәлімдеуінше, азықтандыру - қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалды. Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізді. [22] М. Абдулаевтың(1982) айтуынша, қойды жайып - семірту Қазақстан жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік береді. [6] Б. Құлатаевтың (1985) зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой күніне 6 - 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 - 15 кг шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше 15 - 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49 ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады. [20] А. П Данилюктің(1988) зерттеулері бойынша қаракөл елтірі қойы жайылым кезінде тәуліктің 50. 6%-тің жайылуға, 41. 6%-тін демалуға, 3, 5%-тін суатқа баруға, 1. 4%-тін су ішуге жұмсайтындығы анықталды. [12]
Б. Әкімбековтың(1987) мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі қара малды азықтандыруға кететін барлық жем - шөп түрлерін қолдануға болады. Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан, көптеген жем - шөп түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа малдан жоғары игереді. Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең арзан азықтарды ұтымды түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің өзіндік құны арзан болмақ. Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы көп. [17] Т. Күлтебаевтың(1984) зерттеуіне қарағанда, туған шағынан бастап 30 күндігіне дейін қозының өсу қарқынының коэффициенті-4. 56, екі айға жуығында 1, 21-139 болған. Ұрғашы тоқтылармен салыстырғанда тұқымдық еркек тоқтылардың азыққа деген мұқтаждығы біршама жоғары болады. [20]
Б. Медеубековтың (1998) зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан қызметін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына, витаминдердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. Сүрлем азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың бағасы қасиетін өзінде сақтайды. Көк азықтың сүрленуі сүт қышқылы бактерияларының өсімдіктерді тез ашуы әсерінен болады. Олар сүрленетін шырындағы қантты пайдаланады және сүт қышқылын бөліп шығарады, бұл қышқыл азықты қышқылдандырады да шіріткіш бактериялардың дамуына және әрекеттеріне кедергі жасайды. Сүрлеу процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері жиналады, ол сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген азықты сүйсініп жеуіне себеп болады. Әр түрлі азықтың құрамындағы қоректілерінің мөлшері де түрліше болады, сондықтан бір азық жақсы, екіншісі нашар сүрленеді. Мысалы, республикамыздың қай аймағында болса да қошқарлар қыс айларында қолда - қорада бағылады. Сондықтан да олардың рационы бұл кезде әр түрлі жоғары сапалы, жеңіл қорытылатын, жақсы желінетін азықтардан құралады. Қыста, шағылыстырылмаған кезеңде тоқтылардың рационына тәулігіне есептегенде 1, 5 - 2, 0 кг сапалы шөп, 2, 0 - 2, 5 кг сүрлем немесе пішендеме, 1, 0 - 1, 5 кг тамыр жемістілер, 0, 7 - 1, 9 кг құрама жем енгізіледі. Көктем, жаз айларында тоқтылар шөбі шүйгін жақсы жайылымдарда бағылып, қажет болса үстемелеп беріледі. [13] Сарбасовтың А. Б. (1980) мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен сапасына әсер етітін негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды рационмен азықтандыру болып табылады. Азық рационын құрғанда, ең алдымен ондағы азық өлшемі мен қорытылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет. Рационда азық өлшемі нормаға сәйкес мол болады, сондықтан бордақылаудағы қойдың азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын азық аз жұмсалады. Азықтандыру жағдайы бордақылау процесінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар еттің сапасына да ықпалына тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы суыққа жарымаған арық малды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігі май болып кетеді де ет, яғни белокты ет, аз болады. Ұшаның төмен сапалы болып келуі қойды бордақылаудың бастапқы кезінде жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп жіберуден де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп - бағу қажет. Бордақылаудағы сақа қойдың протеинге деген қажеттілігі аса жоғары болмайды. Ал өсіп келе жатқан қозылар үшін протеин мөлшерінің ерекше маңызы бар. [21] Академик Е. Ф. Лискуннің (1959) айтуынша, қойдың қай бағытта өсірілетіне қарамастан, олардың ірі болғаны тиімдірек, себебі физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ірі қойлар мал азығын тиімді пайдаланады. [14] М. В. Юдин мен М. И. Котовтың (1951) пікірінше сақа саулықтардың қозылары тұсақтардікіне қарағанда ірі, тірілей салмағы жоғары болып туылады да, әрі қарай тез өседі. [10] Көптеген еңбектердің негізінде И. Н. Дьячков, В. Н. Погодин және В. Р. Поломошников, К. Е. Елемесов, М. А. Ширинсий және басқалары әр түрлі ертірілік типтерге бөліп, солтиптерге байланысты қаракөл қойлары тұқымын ылдандыру жолға қойылды. [10] Н. Омарқожаұлының(1977) келесі зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың кіретіндіктен олардың да қой рационында қажетті деңгейде болғаны дұрыс сүйсініп жейтін, үйреншікті жем - шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем - шөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік заттың қорытылуын нашарлатады. [17]

Елімізде зоотехникалық ғылымның негізін қалаушылардың бірі академик М. Ф. Иванов: шопандар қойдың қасиетін, жылдың бір мезгілінде қойлар қандай жайылым шөбін жақсы жейтінін білулері керек ден атап көрсеткен болатын. [19] П. Н. Кошкаровтың тәжірибелеріне қарағанда, бір қойға тәулігіне 2, 5 миллиграмнан хлорлы кобальт бергенде, қосымша 230гжун қырқылған, әрі оның сапасы да жақсарған. Зерттеулердін нәтижелері бойынша қазақтың биязы жүнді қой тұқымының бір саулығы наурыз айында күніне 2, 9, сәуірде -6, 5 және мамырда-7, 5килограмм жайылым шөбін жейді. Ол шөптің 1килограмында наурызда -0, 24 азық өлшемі және 28грамм қорытылатын протеин, сәуірде және мамырда тиісінше -0, 25-0, 29және 33-40 грамм болады. [1] Қазақ технологиялық қой шаруашылығы ғылыми зерттеу иниститутының аға ғылыми қызметкері А. Г. Племянниковтың жүргізген тәжіриесінде - қазақтың құйрықты тұсақ саулықтары (Орташа тірілей салмағы-58кг, көктемде қырқылған жүн 1, 8кг ) гемпшир типіндегі етті биязылау жүнді және жақсартылған жартылай қылшық жүнді етті-майлықарғалы және еділбай қойларының жоғары өнімді тұқымдық қошқарларымен будандастырылады. Тәжірибиенің нәтижесінде етті-майлы еділбай, қарғалы және гемпшир типіндегі етті жартылай биязы жунді қошқарларының орташа тәуліктік қосымша салмағы бір жарым айға толғанға дейін тиісінше 437, 452 және 426грамм, саулықтардан бөлген кезде, яғни 4, 0-4, 5айға толғанда 292, 309және 286грамм болды. Тәжірибелік топтағы будан қозыларды 4, 5-5айға толғанда бөлген кездегі еттілік сапасы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: еділбай қошқарларының будан қозыларының тірілей салмағы орта есеппен - 37, 7, қарғалы қошқарларының будан тоқтыларынікі 40 және гемпшир типә қозылардың будан тоқтыларының салмағы 36, 5 кг болады. [2]
«Қой малы үшін мерзімдік азық үлестерін жасағанда, толыққұнды және үйлесімді азықтандыруды қамтамсыз етуге мүмкіндік беретіндей нақтыланған мөлшерлерді пайдалану қажет. Сондай-ақ сауын сиырлардың тәуліктік азық үлесіндегі пртеиннің сапасы, әсіресе протеиннің жеңіл еритін бөліктері (ПЖЕБ) зор» - деп А. И. Мырзахметов (1988, 1990) ғылыми жұмысында көрсетеді. [13]

А. П. Дмитроченконың (1970) зерттеулеріне сәйкес, шикі протеин құрамында су мен тұзға еритін 40-50 % пртотеин бөліктері (СТЕПБ) болуы керек. Қойларға арналған, құрамында дәстүрлі азық жиынтығы бар мерзімдік үлес СТЕПБ-нің талапқа сай мөлшерімен қамтамасыз етіліп отырғандығы көрсетіліп, алайда, оған пішендеме мен шөп ұнын енгізу қолайлы жағдай туғызады. [9] А. Росляков., М. Байтурин., М. Кенеев (1980) жинақтарында, республиканың Солтүстік-Шығыс өңіріндегі шаруашылықтар үшін қойларға рацион құрылымдарын ұсына отырып, шырынды және құнарлы азықтармен қатар қой рационына ірі азықтардың да кіретіндігі ескертілген. Табиғи шабындықтармен екпе шөп пішендерімен қатар ірі азық ретінде жаздық дақыл сабанын беруге болады. [13]

А. П. Калашников пен Н. И. Клейменовтың 1985 жылы шыққан анықтамалық құралында әр түрлі ауыл шаруашылығы жануарларының, оның ішінде қойлардың 24 қоректік элементке мұқтаждығы ескерілген. Бұл нормалар жануарлардың физиологиялық күйін және жоспарланатын өнімділік деңгейін ескереді, рациондарды жақсы теңестіруге мүмкіндік береді, мұның өзі алынатын өнім бірлігіне жұмсалатын азық шығындарын кемітеді. Ет өнімділігін қалыптастыру үшін жануарларды азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларының айтарлықтай маңызы бар, шын мәнінде бұлар оған басқа факторлардың әсер ету дәрежесін анықтайды. [11]

Н. Омарқожаевтың (1998) деректері бойынша, қой рационын құрастыруды әр шаруашылық өзіндік азықтандыру ерекшеліктерін, экономикалық тиімділігін ескере отырып типтік рациондарға негіздеп ұйымдастырады. Рациондар қойдың ет өнімділігін арттыруға бағытталып нормалық көрсеткіштерге барлық қоректік, минералды және витаминді заттар бойынша сәйкестіріледі. [18]

Л. Гофман мен Р. Шиманн (1978) деректері бойынша рацион құрғақ затындағы энергияның шоғырлануы оның алмасуы тіршілікті қамтасыз ету және өнім өндіруге жұмсауына ықпал етеді. [13]

В. И. Георгиевскийдің (1979) қойларға жүргізілген зерттеулерінде, рациондағы құрғақ заттардың ішіне күкіртті 0, 12-0, 18% деңгейінде, жануардық қоректік мұқтаждығы ретінде пайдалануға болатындығы ескертілген. [2]

Б. К. Бердібекованың (2005) мақаласында талқыланғандай, малды азықтандырудың әр түрлі әдістерінің ішінде ең тиімдісі - толық рационды балансқа келтірілген қоспа азықты қарапайым әдіспен ұсақтап (5-7 см), жемшөп, сүрлем, пішендеме және басқада қоспалармен байытып даярлау. [25]

С. Н. Салханова (2007) жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, мал
шаруашылығының қазіргі заманғы қарқынды дамуы кезеңінде малдың өміршеңдігі мен өнімділігін арттыратын биологиялық белсенді қосылыстарды зерттеу мал басын сақтауда және жоғарғы өнім алуда маңызды мәселе болып отыр. Осындай белсенді қосылыстарға иммуноглобулиндер де жатады, себебі иммуноглобулиндер ( G1, G2, M және A) - малдың иммундық статусын, өміршеңдігін және өнімділігін анықтайтын биологиялық белсенді белоктар. [23]

Мал төлдерінің өсуіне және дамуына қоректендірудің түрлі деңгейінің әсер етуін көптеген зерттеушілер ХІV ғасырда да зерттеген. Алайда, осы мәселе бойынша экспериментальды жұмыстарды Н. П. Чириков (1891, 1909, және 1926) іске асырған. Ол жергілікті аз өнім беретін жануарларды жастайынан жақсылап қоректендіру жолымен олардың шаруашылыққа пайдалы өнімділік сапасын жақсартуға болады деп жазған. [13]

Т. С. Садықұлов пен Т. К. Бексейітовтың (2011) деректеріне сүйенсек, қоректендіру деңгейі жануарлардың дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі екендігі анықталған. Мұның өзінде қоректендірудің
жалпы деңгейін оның толық құндылығын, рацион құрылымын, онтогенездің жекелеген кезеңдері бойынша құнарлы заттарды бөліп таратуды тани білу керек. [24]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малазықтық дақылдар және олардың сипаттамасы
Мал азығының сапасы – мал шаруашылығын дамытудың басты шарты
Мал азықтық бақша дақылдары
Қалақай туралы
Мал басына жазғы жайылым кезінде жем-шөп көлемін жоспарлау әдістері
Мал азығын механикаландыру
Сиыр сүті сапасына әсер ететін факторлар
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Мал азықтық өсімдіктердің химиялық құрамы
Мал азықтарының жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz