Бастауыш сынып математикасында проблемалық технологияны қолдану



Жоспар

Кіріспе 3

1. Негізгі бөлім
1.1 Жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі
4
1.2 Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми.теориялық мазмұны 6
1.3 Бастауышты сыныптарда инновациялық технологияларды пайдалану жолдары
7

2. Математика сабағында проблемалық ахуал тудыру жолдары
2.1 Проблемалық оқыту 11
2.2 Проблемалы оқыту технологиясы 14
2.3 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері 16

3. Проблемалық оқыту . бұл дамыта оқыту технологиясы 19
3.1 Математика пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту 22
3.2 Оқушының қызметін және белсенділігін арттыру негізінде ойын технологияларын пайдалану.

Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
Қосымша
Кіріспе

Курстық жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президентінің «Жаңа онжылдық – Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер» атты Қазақстан халқына жолдауы 2030 жылға дейінгі жас мемлекеттің Стратегиялық даму жоспары негізінде жасалды. Жаңа онжылдықта Мемлекет Басшысы бірінші орынға білім беру жүйесін дамытуды, жаңа технологияларды, жаңашыл ойларды пайдалануды бірінші орынға қояды.
Математика сабақтарындажаңа әдіс-тәсілдерді қолдану оқумен жақсы үйлесім табады. Сабаққа инновациялық технологиялар элементтерін енгізу оқу процесін қызғылықты етеді. Балалардың жұмыс жасауға деген ынтасын арттырып, оқу материалдарын саналы да, сапалы игеруге септігін тигізеді. Әр түрлі технология элементтері белгілі бір тапсырманы орындау кезінде қолдану оқушылардың пәнге қызығушылығын да арттырады. Сондықтан менкурстық жұмысымды бастауыш мектеп сыныптарындаматематика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану әдіс-тәсілеріне арнадым.
Проблемалы оқыту- дамытушылық сипаттағы оқыту әдісі болып табылады. Себебі, оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж болғанда ғана ойланады. Ал, мұндай жағыдай сабақ процесінде жие кездеседі. Демек пробле-малы оқыту барысында мұғалімге қойылатын талап оны қай уақытта, қалай пайдалану керектігін білу. Проблемалы оқыту кезінде білім мен іскерліктің тұжырымдамаларын оқушылар мұғалімнің басшылығымен өздігінен, танымдық қиындықтарды жеңе отырып игереді.
Мақсаты: Бұл мәселені зерттеуде бастауыш мектептерде оқушылардың танымдық әрекеттері мен математикалық ой өрісін дамытуда сабақта қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдердің тигізетін әсерін анықтау, оны сабақта тиімді түрде пайдалану жолдарын көрсетуді көздедім. Сонымен қатар бастауыш сыныпта математика сабағында проблемалық оқыту мен технологиясын карастыру.
Міндеттері:
- Оқыту үрдісіндегі жаңа технологиялардың тиімділігін анықтау;
- бастауыш сыныптарда математика сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланып оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу;
- оқушылардың танымдық белсенділігінжәне математикалық ой-өрісін дамытуда ойынның атқаратын қызметін анықтау;
- бастауыш мектепте математика сабағында деңгейлік тапсырмаларды қолданудың психолого-педагогикалық негізін анықтау;
Жұмыстың болжамы: Егер бастауыш сыныптарда математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, тәжірибеге еңгізсе, онда оқушылардың оқу-танымдық қабілеті дамып, нәтижесінде білім деңгейі артар еді.
Курстық жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007ж.
2.Айқынбаева Г.Қ. «Қазақстандағы мектепке оқушыларды даярлау мәселелері: Педагогика» 2006 № 4.
3.Базаралиева Ғ.Т. «Мектепке дейінгі бастауыш білім беру мазмұнының ерекшеліктері» Білім – Образование 2007 №2.
4.Бантова М. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы. М,1978.
5.Бейсенбаева К. «Бастауыш мектеп: әдістемелік журнал» 2004, № 8.
6.В. Беспалько. «Педагогика и прогрессивное технологий обучения» .М,1995.
7.Кенжебеков Б.Т. «Педагогика» Қарағанды, 2005. 57-59 беттер.
8.Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту,Мектеп,1991.-№ 5. 3-10 -бет
9.Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б.Педагогика, Алматы 2000. 123-125, беттер
10.ҚР білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
11. Құрманалина.С.Қ., « Математиканы бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» Орал 2001.
12.Нұржігітова Г. «Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу – әдістемелік құрал» А, 2008.
13.СармановЕ.,СапаровС.«Сабақтажаңатехнологиялардықолдану».Ш,2006
14.С.И.Тессен Основы педагогики Мектеп, 1995.
15.Типтік оқу бағдарламасы. Математиканың бастауыш курсының негіздері. Алматы, 2006.
16.Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. 1-4сыныптар.– Алматы, 2008ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1. Негізгі бөлім
1.1 Жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі 4
1.2 Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми-теориялық мазмұны 6
1.3 Бастауышты сыныптарда инновациялық технологияларды пайдалану
жолдары 7

2. Математика сабағында проблемалық ахуал тудыру жолдары
2.1 Проблемалық оқыту 11
2.2 Проблемалы оқыту технологиясы 14
2.3 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері 16

3. Проблемалық оқыту – бұл дамыта оқыту технологиясы 19
3.1 Математика пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту 22
3.2 Оқушының қызметін және белсенділігін арттыру негізінде ойын
технологияларын пайдалану.

Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
Қосымша

Кіріспе

Курстық жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президентінің
Жаңа онжылдық – Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер атты Қазақстан халқына
жолдауы 2030 жылға дейінгі жас мемлекеттің Стратегиялық даму жоспары
негізінде жасалды. Жаңа онжылдықта Мемлекет Басшысы бірінші орынға білім
беру жүйесін дамытуды, жаңа технологияларды, жаңашыл ойларды пайдалануды
бірінші орынға қояды.
Математика сабақтарындажаңа әдіс-тәсілдерді қолдану оқумен жақсы
үйлесім табады. Сабаққа инновациялық технологиялар элементтерін енгізу оқу
процесін қызғылықты етеді. Балалардың жұмыс жасауға деген ынтасын арттырып,
оқу материалдарын саналы да, сапалы игеруге септігін тигізеді. Әр түрлі
технология элементтері белгілі бір тапсырманы орындау кезінде қолдану
оқушылардың пәнге қызығушылығын да арттырады. Сондықтан менкурстық
жұмысымды бастауыш мектеп сыныптарындаматематика сабақтарында инновациялық
технологияларды қолдану әдіс-тәсілеріне арнадым.
Проблемалы оқыту- дамытушылық сипаттағы оқыту әдісі болып табылады.
Себебі, оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж болғанда ғана
ойланады. Ал, мұндай жағыдай сабақ процесінде жие кездеседі. Демек пробле-
малы оқыту барысында мұғалімге қойылатын талап оны қай уақытта, қалай
пайдалану керектігін білу. Проблемалы оқыту кезінде білім мен іскерліктің
тұжырымдамаларын оқушылар мұғалімнің басшылығымен өздігінен, танымдық
қиындықтарды жеңе отырып игереді.
Мақсаты: Бұл мәселені зерттеуде бастауыш мектептерде оқушылардың
танымдық әрекеттері мен математикалық ой өрісін дамытуда сабақта
қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдердің тигізетін әсерін анықтау, оны
сабақта тиімді түрде пайдалану жолдарын көрсетуді көздедім. Сонымен қатар
бастауыш сыныпта математика сабағында проблемалық оқыту мен технологиясын
карастыру.
Міндеттері:
- Оқыту үрдісіндегі жаңа технологиялардың тиімділігін анықтау;
- бастауыш сыныптарда математика сабақтарында инновациялық
технологияларды пайдаланып оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу;
- оқушылардың танымдық белсенділігінжәне математикалық ой-өрісін
дамытуда ойынның атқаратын қызметін анықтау;
- бастауыш мектепте математика сабағында деңгейлік тапсырмаларды
қолданудың психолого-педагогикалық негізін анықтау;
Жұмыстың болжамы: Егер бастауыш сыныптарда математика сабақтарында
инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, тәжірибеге
еңгізсе, онда оқушылардың оқу-танымдық қабілеті дамып, нәтижесінде білім
деңгейі артар еді.
Курстық жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. Негізгі бөлім

1.1 Жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды
мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда мектебімізде Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтың,
Ш.Таубаеваның, М.Жанпейісованың, Ә.Жүнісбек пен Қ.Нағымжанованың т.б.
ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологияларын жан-жақты
қарастырылуда.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруге міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық
технологиялардың түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер
бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі кезде педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа
байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуде.
Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға
және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан
әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және
психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы
зор. [2,75]
Сол себепті да білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін
арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер
арқылы іске асуда:
І кезең – оқып үйрену;
ІІ кезең – меңгеру;
ІІІ кезең – дамыту.
Жаңа технологиялармен жұмыс істеу үшін мынандай алғы шарттар қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастығын
болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық
себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының
мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді
деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік
стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен
демакратияландыруды үнемі басшылыққа алу. Өйткені оқыту – тәрбиенің
негізі.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа
педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі
(Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту
С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш.Аманашвили, И.Волков); тірек және
тірек конспектілері арқылы оқыту (В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып
қарқынды оқыту; жобалап оқыту технологиясы. [7,91]
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы
дамуына көмектесетін кейбір қажетті қасиеттерді анықтауға болады. Олар:
- мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобында мұғалімдер мен оқушылардың
күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын ынтымақтастық жұмыс
жағдайын қалыптастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстаныммен жеке
тұлғалық түсінушілік негізінде іске асырылуы;
- оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер
оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту
материалдарының деңгейімен анықталуы;
- оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті болуы;
- оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса
кіріктірілген курстардың да болуы;
- оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-
жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінің кең
қолданылуы;
- оқушылардың қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке
оқушымен жұмыс жүргізілуі;
- оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің
үйлесімді қосылуы;
- оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін
жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
- оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып,
- өзін-өзі бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында,
мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің ролі мен
атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің
түрінде, оқу үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың
қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде.

1.2 Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми-теориялық мазмұны

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының  8 бабында Білім
беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби  шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын
енгізу делінген. Білім беруді дамытуда өскелең ұрпақтың мақсатты ісіне
жету жолындағы талаптануы мен талпынысы болашақ мамандығының кәсіби маңызды
қасиеттерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. [1,21]
Сондықтан өмірге жан–жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы,
шығармашылықпен ойлайтын, рухани –интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат
тәрбиелеу , білім беру – тәрбиелеудің басты мақсаты. Бүгінгі білім мен
тәрбие технологиясында жеке тұлға тәрбиелейтін мұғалімнің де өзіндік жеке
тұлға ретінде шығармашылығының орны ерекше.
Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әртүрлі
жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
-    адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
-    өзіне және өзімен – өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының
жүйесі;
-    айналадағы қоршаған әлемді және өзін – өзі жете түсінуі;
-    қажеттілік жүйесі;
-    шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жүйесі.
Жаңа педагогикалық технологиялардың, ғылыми – теориялық мазмұны
оқушылардың білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты
қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені: ол оқу – тәрбие
үрдісінің тиімділігін арттырып, білікті, шығармашыл , белсенді оқытушыларды
жетілдіруге септігін тигізеді.
Білікті,шығармашыл ұстаз, жоғарыда айтылғандай,шәкірттердің
белсенділігін арттыра да біледі.
Шәкірт білімділігі, белсенділігі мақсатты бағытталған педагогикалық
технологиялардың себебінен деп толық айтуға болар. Білім берудің негізгі
мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық инновация қажеттілігі
мына себептерге байланысты өте қажет- ақ:
1.Сапа менеджементі жүйесі терең,тиянақты білім беруді талап етуіне
орай озық технологияларды пайдалану;
2.Қазіргі заманғы педагогикалық қызметті ұйымдастыру-инновациялық
үрдістерге себеп болады және сапалы жаңа білімді қалыптастыруға ықпал
жасайды;
3. Инновациялық қызмет педогогтың кәсіби өсуін,тұрақты өзін өзі
жетілдіруін, озық тәжірибелерді зерделеп игеруін қамтамасыз
етіп,шығармашылық жауапкершілік сезімін арттырады;
4.Инновациялық білім – педагогикалық әлемде жаңа құндылықтарды
қалыптастырып, қарым – қатынастың жаңа жетілдірілген мәдениетін игерді;
5.Инновациялық үрдістер – педагогикалық сапалылық пен белсенділікті
қалыптастырып,кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар
деңгейінде еңбек етуге жеткізеді. А.М.Саранов Инновациялық білім беру
жүйесін дамытудың теориялық негіздері атты еңбегінде атап  көрсеткендей,
Инновациялық процесс – жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды.[12,57]
Инновациялық оқыту – білім берудің ерекше түрі. Ол Жаңа жағдайларда
даму қабілеттілігін бірлесе шешуді ойластырады.   Қалай нәтижелі оқыту
керек ?- деп атап көрсетеді   М.Чаманов.[6,57]
Соңғы жылдары Қазақстан білім беру жүйелерінде П.Эрдниевтің
бірліктерді ірілендіру технологиясы, Д.Эльконан мен В.Давыдовтың дамыта
оқыту технологиясы, Ш.Аманашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы,
В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері  негізінде
қарқында оқыту технологиясы, М.Чамановтың проблемалық оқыту технологиясы,
М.Жанпейісованың модулді оқыту технологиясы, Ж.Қараевтың т.б.
технологияларын ұстаз қауымы шеберлікпен пайдаланып жүр.
Бірлескен ұжымдық іс – әрекетке негізделген бұл технология тиімді
пайдаланылған жағдайда ғана нәтижелі болмақ . Ол нәтижелер:
-оқушының өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп, алуы;
-өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;
-оқуға деген қызығуының артуы;
-іскерлік дағдысының қалыптасуы;
-мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
-ойлау белсенділігі,тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы.
-шығармашылықпен айналысуына талпынысы;
-ойлау белсенділігі,тапқырлығы,шешім қабылдау әрекетінің дамуы;
-өзіндік пікір айтуы.
Әр технологияның өз ерекшелігі бар. Мысалы, модульдік әдіс оқушылардың
теориялық білімді аз уақытта меңгеріп, шығармашылық жұмыстарға баулуға
мүмкіндік береді. (А-қосымшада кесте берілген).

1.3 Бастауышты сыныптарда инновациялық технологияларды пайдалану
жолдары

Білім беру саласының дербестігін жақсарту, білім беру ісін басқаруды
демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инно-
вациялық әдістері мен технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді.
Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашы-
лықпен жұмыс ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:педагогикалық
технологиялар, тәсіл, әдіс сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-
үйренуге жетелейді. [13,59]
Инновация сөзі латынның (жаңашылдық, өзгеріс) деген ұғымдары-
на сәйкес келеді. Жалпы жаңашылдық мәселесі туралы ғалымдар өз зерттеу-
лерінде атап көрсетті. Олар Р.А Дюсупова,А.М Саранов және басқада ғалымдар
еңбегінде. Бұл үшін ең бастысы мұғалімнің инновациялық даярлығын қалып-
тастыру керек. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда,
инновациялық іс-әрекеттерді төрт бөлікке жіктеуге болады:
- әдіснамалық,
- пәндік-теориялық,
- әдістемелік,
- технологиялық.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың бірінші әдіснамалық
бөліктеріне кіретіндер:
- ізгілікті философия,
- философия ғылымы,
- ғылым әдіснамасы,
- педагогика әдіснамасы,
- әдіснамадағы жаңа білімдер жиынтығы.
Екінші пәндік-теориялық бөліктеріне жататындар:
- мұғалімнің беретін пәні бойынша теориялық білімі;
- педагогика, психология, дидактика, педагогикалық инноватика бойынша
жаңа білімдері.
Үшінші әдістемелік бөліктеріне мұғалімнің өзі беретін оқу пәнінің
тарихы мен әдістемесін білуі және тәрбие жұмыстарын, сыныптан, мектептен
тыс жұмыстарды өткізу әдістемесін білуі жатады.
Төртінші технологиялық бөлігі мұғалімнің өз пәні бойынша нақты
педагогикалық технологияларды білуі, меңгеруі және оны өз тәжірибесінде
қолдануы жатады.
Сондай-ақ мұғалімнің тәрбиелік технологияларды білуі, меңгеруі,
пайдалануы да кіреді. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың
теориялық мазмұны біртұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру, ғылыми-
зерттеу жұмыстарды жүргізу, педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияны
жүзеге асыра алуы сияқты жұмыстардың негізін ашуды, үйренуді мақсат етеді.
А.М.Саранов Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық
негіздері атты еңбегінде инновациялық процесс – жаңаны құру, тарату және
қолдануға бағытталған процесс, оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан
туындайды - деп атап көрсетеді.Инновация жаңаны ендірудің соңғы нәтижесі
немесе практикалық іс-әрекетте пайдаланылатын технологиялық процесті
жетілдіру ретінде қарастырылады. Педагогикалық еңбектерде инновациялық
процестің мынандай кезеңдері анықталған: [13,245]
1. Жаңа ұғымды ашу, бұл жаңа идея немесе жаңалықтың тұжырымдамасының
пайда болу кезеңі, ғылыми іргелі немесе қолданбалы зерттеулердің нәтижесі;
2. Жаңаны ендіру, жасап шығу, яғни нақты материалдық немесе рухани
құнды үлгіні ұсыну;
3. Жаңаны тәжірибеде қолдану кезеңінде жаңа ұсынысты алып, өңдеп,
толықтырып, тұрақты, нақты тиімділігі анықталғанша сынақтан өткізу;
4. Жаңаны тарату кезеңі;
5. Жаңаны нақты бір аумақта сынақтан өткізу кезеңі, осы кезде
жаңакүнделікті әрекет ретінде қолданылады. Осы кезеңде бұдан да тиімді
балама,тың жаңалықтың пайда болуына деген қажеттілік аяқталады;
6. Жаңа сипаттағы өзгерісті талдап, ендіруге байланысты, бұрынғы
қалыптасқан процесті пайдалану аясы біртіндеп азая түседі.
Жаңашыл жүйеге, үрдіске, құбылысқа ілгері бір жаңалық енгізуші адам,
көптеген іс шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік жаңашылдық іс-
әрекетін көрсете алушылығы.
Бүгінгі таңдағы, бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану, ана тілі,
әдебиет сабақтарына: топқа бөліп оқыту, рөлдік ойын элементтерін, пікір
сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері, оқытудың жаңа технологиясы
тәжірибеге кеңінен ене бастады.
Ондағы дәстүрлі емес сабақ түрлері:
- саяхат, мұражайға экскурсия, концерт, қойылым, т.б;
- дөңгелек үстел, брифинг, презентация, аукцион, т.б;
- кино, теледидар, бейнетаспа сабақтары, т.б;
- пікір-сайыс сабағы, проблемалық іздену сабақтары, интеллектуалды
ойлау сабағы т.б;
Оқытудың ең көп таралған формасы - шағын топтармен жұмыс істеу.Оқытуды
ұйымдастырудың тәсілдері мұғалімнің мақсатын - оқушыларды бірлескен
танымдық белсенді танымдық қызметке қатыстырудың қажеттігін анықтайды.
Топтардағы жұмыс үш технологиялық қайталаумен сипатталады.
Бірінші оқыту проблемасын жолға қою және оған кірісу, яғни жұмыс
процесін ұйымдастыру. Сол арқылы оқушылардың оқуға белсенділігі артады.
Оқушылардың ішкі мақсаттарының алғашқы міндеттері жүзеге асырылады.
Екінші туындаған мақсатты орнықтыру үшін дербес іс әрекеттің нақты
өрісі ұсынылады. Оқушылар шығармашылық ықшам топтарға бөлінеді де, шағын
топтардағы қарым қатынас арқылы өзінің ішкі мақсатын іске асырып мұғалім
көтерген оқу проблемасын сезінеді, іздегенін анықтайды,оны шешу үшін
бірлескен қызмет тәсілдерін әзірлейді, мақсатын жүзеге асырады.
Үшінші жалпы талқылау. Ол бірлескен педагогикалық қызметті
келесікезеңі ретінде қажет, оның процесінде педагог өзінің
оқупроблемасыншешудің ақиқатын дәлелдеуге топтарды жұмылдырады. [7,67]
Әр топ өз позициясын басқа топтардың алдында жариялап, белсенді түрде
қорғап шығады.
Тараптардың дәлелдерінің негізділігі бойынша пікірсайыста, кейде әр
түрлі, қарама-қайшы көзқарастар туындайды, тексеріледі.
Негізделген дәлелдердің талап етуі бойынша педагог оқушыларды оқыту
проблемасының дұрыс шешіміне алып келеді.
Мұғалім оқушыны бағалайтын өлшемдерді әзірлеуі керек. Егер оқушы
өзінің жұмыстарының мақсаты қандай екенін және ол жұмыстардың қалай
бағаланатынын білсе, онда бұған мақсаттылық пен дайындалып, тапсырманы
орындауға мүмкіндік туғызар еді.
Мұғалімдер жаттығуларды жиі-жиі және тұрақты пайдалануға болады. Бірақ
бұл ретте баға қоймай, оны балалардың білімін тексеруге мүмкіндігі мол
сабақтардың үлесіне қалдыра алады.
Олар үшін жаттығулар дегеніміз - балаларды дамыту тәсілі , ұжымда,
топтарда жұмыс істеуді үйрету мүмкіндігі, сөйлеуді, аналитикалық
қабілеттерді жетілдіру мүмкіндігі.
Сонымен бірге оқыту процесін түрлендіріп, оны жандандыратын бір
проблеманы шеше отырып, сондай-ақ жаттығулар кезінде балалар көрсеткен
білімдер мен икемділікті бағалаудан бас тартып, мұғалім басқа бір
проблемаға тап болуы мүмкін.
Балалар ойнауға дағдыланып, оқытудың ойынсыз формаларын ықылассыз
қарсы алады, ал өздерінің жұмыстары бағаланбаса, жаттығулар кезінде
мұғалімнің нұсқаулары мен тапсырмаларын орындаудың міндетті емес екені
туралы проблема пайда болады.
Сондықтан белгілі бір жаттығуды бағалаудың белгілі бір формасын тапқан
дұрыс.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы - тез өсіп бара
жатырған жаңа білімдер қарқынымен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі
мүмкіндіктері арасында.
Бұл қарама-қайшылық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан жан-
жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен
өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр
етті.Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және өздігінен
білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктеріндамыту. (Ә-қосымшада
берілген).

2. Математика сабағында проблемалық ахуал тудыру жолдары

2.1 Проблемалық оқыту

Проблемалық оқыту - ғылыми ізденудің негізгі сипаты енгізілген оқыту
әдіс -тәсілдеріне сәйкес әрекет тәсілі мен білімді шығармашылық игеру
заңдылықтарына негізделген дидактикалық жүйе.
Оқытудың проблемалық әдісі - оқыту мақсатында туындаған проблемалық
жағдайларды біртіндеп шешу бойынша жүргізілетін оқыту әдісі.
Проблемалық жағдай - ұсынылған міндеттерді шешуге қажетті білім мен
игерілген білімнің арасындағы туындаған сәйкессіздікке қатысты қиынышылық.
Проблемалық жағдайды туғызатын міндеттер проблема немесе пролемалық
міндет деп аталады. Проблемалық міндеттің белгілері:
- проблемалық жағдайдың туындауы;
- шешімін іздеуге деген ізденушінің қызығушылығы мен дайындығының
аиқындығы;
- шешімді іздеудің әртүрлі бағыттылығына сәйкес шешім жолдарының
біртұрғыда болмауы.
Проблема оқушыларға түсінікті болуы керек, ал оның болжамды
тұжырымдылығы оқушылардың оны шешуге деген қызығушылығын оятуы керек.
Ең алдымен проблема мен проблемалық міндетті ажырата алу керек.
Проблема кең ұғым, ол өзі жекелеген тізбектелген проблемалық міндеттердің
жиынтығынан құралады. Проблемалық міндетті бір ғана міндеттен тұратын
проблеманың дербес, қарапайым жағдайы деп қарастыруға болады. Мысалы,
шаршыны қарастыру тақырыбында проблемалық жағдайды қарастыру. Бұл оқу
міндетіне енгізілген бір проблемалық міндет шаршының қабырғаларының
қасиеті.
Проблемалық оқыту оқушылардың шығармашылық әрекет пен оған деген
қажеттілікке қабілетін дамытуды қалыптастыруға бағытталған. Проблемалық
оқытуды оқу міндеттерін құру үшін негіз дайындай отырып, мақсатты түрде
проблемалық міндеттерден бастау керек.
Оқу проблемасының негізгі үш типі анықталған. Олар:
1. Математикалау, математикалық сипаттау, математика ішінде, не одан
тысқары туындаған жағдайлар мен міндеттерді математика тіліне
аудару, яғни математикалық моделді құру проблемасы.
2. Әртүрлі моделдер класын зерттеу проблемасы, жаңа кіші теорияларды
енгізу арқылы теориялық білімдер жүйесін әрі қарай дамыту бұл
типтегі проблеманы шешудің нәтижесі деп қарастыруға болады.
3. Жаңа жағдайда жаңа теориялық білімдерді қолдану, математикалық
білімді жаңа объектілерді зерттеуге ауыстыру проблемасы.
Төмендегі кестеде математиканы оқыту да проблемалық әдісті қолдану
жағдайындағы мұғалім мен оқушының әрекеттерін қарастырайық.
2- кесте. Проблемалық оқытудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
1. Проблемалық жағдай туғызады 1. Қарастырылған құбылыстағы қарама
-қайшылықты түсіну
2. Проблема туралы тұжырым жасауды 2. Проблеманы тұжырымдау
ойластыру және оны қарастыруды
ұйымдастырады
3. Туындаған қарама -қайшылықтарды 3. Құбылысты түсіндіретін болжамдар
түсіндіретін болжамды іздестіруді ұсыну
ұйымдастырады
4. Болжамды тексеруді ұйымдастырады4. Есептерді шешуде, зерттеу
жұмыстарында болжамдарды тексереді
5. Алынған нәтиже мен білімді 5. Нәтижені сараптайды, қорытынды
жалпылап, қолдануды ұйымдастырады жасайды, алған білімді қолданады

Проблемалық оқытудың құрылымы төмендегідей:
1. Қарастырылатын материалға актуализация;
2. Проблемалық жағдай туғызу;
3. Оқу проблемасын қою;
4. Проблемалық міндетті құрастыру;
5. Проблеманы іздену және шешуі (болжамды қалыптастыру, болжамды
дәлелдеу қадамдарға сараптама, жалпылау);
6. Проблемалаларды шешуді тексеру. Зерттеу. Іздеушілік
нәтижесіне сараптама.
Проблемалық оқыту барысында мұғалім оқушыларға дайын білім айтпайды,
оқушылардың ізденушілік жұмысын ұйымдастырады. Математикалық ұғым,
заңдылықтар, теориялар бақылау және сараптау негізіне қарастырылады.
Проблемалық оқыту өз ойын еркін білдіре алу жағдайында, мұғалім мен
оқушы арасындағы өзара диалог еркін болған жағдайда іске тиімді асырылады.
Проблемалық жағдай педагогикалық үрдістің бөлінбейтін бір бөлігі,
бірақ та барлық сабақты проблемалық оқыту тұрығысынан құру мүмкін емес.
Сабақта барлығы проблемалық оқытуға тән қандай әдістер мен оқыту
формаларының көлемі қолданылатынына тәуелді.
Проблемалық оқытудың өзіндік тиімді жағы және көзге көрінерлік
ақаулықтары да бар.
Тиімді жақтарына оқушылардың математикалық қабілеттерін, ойлай алу
әрекетін дамыту, оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру, оқуда,
шығармашылық бастауда белсенділікке тәрбиелеу болса, ал ақаулықтарына
қажетті уақыт мерзімінің көптігі және мұғалімнің арнайы педагогикалық
дайындығының қажеттілігі.

Проблемалық оқыту. Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты-
мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен
қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес
әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды
құбылыс.

Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушы білуге тиісті таным- түсінікті
өзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Олар ұғынуға тиісті заңдар мен
заңдылықтарды, теориялық танымды, ақыл-ой тұжырымдамаларды білім алушының
өздеріне іздету арқылы тапқызып, деркетерді талдап талқылау арқылы
жетеізген нәтиже, түсінік-танымы тиісті білімді меңгеруі болып шығады.
Сонда бұл жол проблеманы шешу, түрлі проблемалық ситуацияны талдау,
болжамды айқындау, күрделі мәселе түйінін тарқату, мүмкіндігіне қарай
тәжірибеде сынау нәтижесінде қол жеткен таным- түсінікті менгеруді білім
алушының алған білімі деп танимыз. Мұндай іс- әрекет барысындағы жүйе
мынау:
Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушыны білім жүйесін ұқтыру мен
іскерлік дағдысын қалыптастырумен қатар шәкіртің танымдық, шығармашылық
бағдарда болуына жол нұсқайды. Тиісті тақырып бойынша проблемалық
сұрақтарды шешудің варианттарын қарастырып, оны шешу шәкірттің үлесіне
тиісті.Жаңа білімді игеру барысында білім алушының өздігінен ізденіп және
оны практикада қолдана алу бағдарында еңбектенеді. Проблемалық оқыту білім
алушының ғылым негіздерін мегерудегі дербестігін, қаблетін дамыру
көзделеді. Білім алушының ойланту, іс- әрекеттегі ізденіс үшін
репродуктивтік, продуктивтік және шығармашылық жолдар сәйкестіріле
пайданылады. Репродуктивтік жолдар ұсынғанда атқарылатын іс- әрекет үлгі
алгоритм бойынша орындалса, продуктивтік жолда білім алушы ситуацияны
өзінше шешуге әрекеттеніп, жаңаша ізденуге мән береді. Ал шығармашылықта
эвристикалық іс- әрекетке көшіп, проблеманы шешуде кенеттен келген ойларын
ұсынып, жұмысты өзінше орындайды.
Білім беру саласында түсіндірмелі иллюстративтік оқыту жолының
мәнділігі ой-пікірі айқын, жүйелі болғандықтан ондағы мағлұматты білім
алушы қиналмай-ақ тез ұғынады, сол күйінде қайталап айтып бере алады.
Алмұндағы әлсіздік-берілетін білім түсінік репродуктивтік, яғни қайталау
түріне келеді де, білім алушының іс- әрекетегі өзіндік ізденісі мен өзінше
ойлануна онша мән берілмейді. Орта оқу орындарындағы білімдендіру жүйесінде
осы жол етек алған. Педагогика тарихында И.Гербарттық деп аталып дәстүрлік
бұл жолдан көптеген мұғалімдер шыға алмай шармалап келеді, өйткені
жаттандылық түріндегі оқтуға тым бейімделіп кеткендікпен қатар, екінші
жағынан пәндік әдістемелік әдебиеттер осы жүйеге бағдарланған. Мұғалімнің
іс- әрекеті: проблемалы ситуация туғызу, проблеманың мән- мазмұны туралы
ойлауды ұйымдасрырады; тиісті қарама- қайшылыққа байланысты туындап отырған
болжам жорамалды шешуді ұйымдастырады; болжам жорамалды тексеріп көруді
ұйымдастырады; жүзеге асырылмақ нәтижеге байланысты тұжырымдама жасауды
ұйымдастырады.

Білім алушының іс- әрекеті: кедергі мен қайшылық неде екенін аңғарып,
оны зеріттеп білу; шешуші тиісті проблеманы айқындау; тиісті мәселеге
байланысты өзінше болжам, жорамал жасап оны шешуге талпыну.

1. Болжам жорамалға талдау жасап, қойылған міндетті шешеуді тәжірбеде сынап
байқалады. Қол жетке нәтижені талдап, тиісті қорытынды жасап, алған
білімін жүзеге асырады.Проблемалық оқытудың пайдалы жағы білім алушыны
шығармашылыққа бейімдеп, күрделі мәселені шешу жолындағы ізденіске
құлшындырып, ойлау қабілктін дамытады. Ол білім алушының ойлауын
жетілдіріп, ой еңбегіне қызықтырып , ақылсанасын өрістетуге ықпал етеді.
Проблемадан туған кедергіні жеңіу жолындағы ізденісі мен талпынысы
шәкірттің білім білігінің нәтижелі, таным- түсінігінің жоғары деңгейге
көтеріле түсудегі мүмкіндігін арттырады. Білім алушыны ой еңбегі саласында
тиісті дәрежеге жеткізеді, іздеп таба білуге машықтандырады.
Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-
бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы-ның
даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі
жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа
мақсатының жетістіктерімен байланысты.

2.2 Проблемалы оқыту технологиясы
 
Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай
жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің
нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау
қабілеттерін дамытады.
Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді,
сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни
проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.
Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы
болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай,
проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай,
басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы
оқыту технологиясы – бұл роблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді
танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық
проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің
жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын
мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық – проблемалық
жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл
танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.
Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты
түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға
болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге
оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның
нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.
Проблемалық оқыту - оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, білімді
шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде
баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және
шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық
мақсаттары:
- оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
- оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен
дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік
сақталады.
- түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы
тұлғасын қалыптастыру.
- кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби
проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Проблемалық жағдайларға қойылатын негізгі талаптарға мыналар жатады:
˗ Оқу ақпаратының сәйкестілігі
˗ Проблеманың курделі болуы
˗ Оқушылардың танымдық әрекетімен дербестікті дамытуға бағытталуы
˗ Жаңа жағдайда талдауда қайшылықтардың кездесуі
Проблемалық оқыту технологиясы оқушының шығармашылық іс-әрекеті
негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктерін, соның нәтижесінде оқу
еңбегіне деген жоғары қызығушылығын, жемісті ойлау қабілеттерін дамытады.
Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол - проблемалық оқыту
технологиясы.
Проблемалық оқыту технологиясының мақсаттары:
1. Оқу материалдарында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу.
2. Білімге қасиеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгеру.
3. Оқудың бала өміріндегі еңбегімен байланыстылығы.
4. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
5. Оқушының өз бетімен ізденуге үйрету олардың танымдық және
шығармашылық икемдіктерін дамыту.
Проблемалық оқыту технологиясының негізін салушылар мен зерттеушілер
Махмутов Мирза Исмаилович проблемалық оқыту технологиясының негізін
салушылар мен зерттеушілер:
Джон Дьюи Американың ірі ғалымы Джон Дьюи (1859-1952) оқушылардың
практикалық іс-әрекеті кезіндегі интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту
идеясын алдыға тартты. Өз зерттеулерінде оқушылардың белсенділігі дамуына
басты назар аударды Педагог, Педагогика ғылымының докторы, Профессор.
Проблемалық оқытудың 4 түрін көрсеткен:
- баяндама
- эвристикалық (пікір алысу)
-жеке ізденіс
-зерттеу әдістері(жартылай)
Лернер Исаак Яковлевич проблемалық жағдаят - субъектінің
белсенділігіне негіз болып, ынталандыратын сыртқы жағдайлар жүйесі.
Проблемалық жағдаяттарды құрастыру әдістері:
- өмірлік жағдайларды пайдалану
- құбылыстарды түсіндіру
- пәнаралық байланыстарды түсіндіру
- міндеттерді (тапсырмаларды) ауыстырып отыру, сұрақтарды өзгертіп
отыру
- фактілерді, әрекеттерді салыстыру және қарсы қойып салыстыру 
арқылы оқушыларды талпындыру, осының нәтижесінде проблемалық 
жағдаятты туғызу.

2.3 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері
 
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау
екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты(жаңа нысана, жаңа білім,
жаңа проблема, жаңа әдіс ) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де
шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен
шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын
түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды
шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Атамыш оқыту  жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес
қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы,
Дистервергтің дәлелдеуінше, жаман ұстаз  ақиқатты айта салады, жақсы
ұстаз оны іздеп табуды үйретеді.
Проблемалық оқытуды  ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын
проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген
сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды,
оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде
қиындық туғызуы қажет.Оқушы іштей түйсінген ойлау  қиыншылығы проблемалық
жағдаят  деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші
жағынан, оқушының шамасына  лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят
туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап
алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі.
Шінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Бастауыш мектеп математикасында проблемалық оқыту технологиясын қолдану
Математикалық білім беру
Бастауыш сыныптарда үлес ұғымдарын оқытудың әдістемесі
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Үлес және бөлшек
Бастауыш сыныптарында математика оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
Пәндер