Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық материалдар кешені


Жоспар
Кіріспе
Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды.
Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып-үйренуді ұсынылған білімдерді игеруге бағытталған оқушылар іс-әрекетін танытады.
Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады:
1) екі тараптылық;
2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті;
3) басқарым мұғалім тарапынан;
4) жоспарлы ұйымдасу және басқару:
5) біртұтастық және бірлік;
6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік;
7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактикада аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін аңдатқан. Ал Я. А. Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И. Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В. Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу: қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса - қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқу қажет деген мәселелерді қарқыңды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқы үйрену, оқу білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдісте құрал-жабдықтары, нәтижесі (өнімі) . Дидактикалық жүйе және оның технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика - бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарын зерттейді, оқу процесінің барысы мен нәтижесіне негіз болар тәуелдіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің оры дамуын қамтамасыз етуші әдістер, ұйымдастыру формаларымен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика және болжастыру) ; 2) практикалық (қалыпты іс-әрекет, құралдар дайындау) .
Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс- тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады. Сондай іс- тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан шығармалар, көркеніліктерді пайдалана отырып, балаларды ән әлеміне қызықтыра білу керек. Жас мұғалім өзін мәдениетті ұстай білуі, үйірсектік, мақсатқа жетуде табандылық, орынды әзіл, баланы жасы көру, ұстаздық байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті т. б. кәсіби пайдалы сипаттарды білгені жөн. Тәрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса, алған білімді кәсіби жеткізе білу де шеберлік.
Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын- көрнекілік.
Көрнекілік- оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр- сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жағалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин де зор көңіл бөлген.
«Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек», - деген.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып сабағында дидактикалық материалдардың қолданудың маңызын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Бастауыш сынып сабақтарында дидактикалық материалдардың қолданудың маңызын қазіргі заман талабынан туындайтын сұрақтарға ғылыми дәйектелген жауаптар табу.
1. Дидактика туралы түсінік
1. 1 Оқытудың дидактикалық негіздері
Дидактика (грек тілінен ауд. Didaktiras - зерттеу бойынша, didasko -зерттеуші) - балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін сипаттайтын, оқытуды ұйымдастыру принциптері, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогаканың құрамдас бөлігін құрайды.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпымәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогикағылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я. А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII-XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И. Г. Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф. А. Дистервегтің, Ресейде К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Йасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің«Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т. б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Дидактика және әдістеме мәселелері К. Д. Ушинский еңбектерінде көркем орын алады. Бұл мәселелер оның ''Адам тәрбиесі'', ''Н. И. Пироговтың шығармалары'', ''Ана тілін оқытуға басшылық'', ''Швейцарияға педагогикалық саяхат'' атты шығармаларында кең түрде баяндалды.
1. Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді. Оқуды ол ''Теорияның негізгі құралы'' деп бағалады. Сондықтан оқу тәрбиелік ерекшелікте болуға тиіс. Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл-ойында, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастырылуды талап етті.
2. Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу ісінің сапалы құрылуы оқу процесін белсенді ететіндігінде, бүкіл оқу процесінде бала белсенділігін тудыратындай ол түсінді де сенді.
Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді - деп есептеледі.
3. Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасаған, бұл принципті жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы көрнекілік - Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты факторларға, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу - оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді.
К. Д. Ушинский көрнекілік мәселесіндегі оқытудың көрнекілігі мен жолдарын тұңғыш рет анықтады. Бастауыш мектептердегі көрнекіліктің әдістемесін жасады.
Ушинскийдің ескеруінше бала табиғаты үнемі көрне-кілікті талап етіп отырады. Сондықтан, көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек - деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуді де, тілі де дамиды.
Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолы кластағы сабақ жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский еңбектерінде ретті, дұрыс ұйымдас-тырылған жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан тақырыпты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т. б.
К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты-әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеді. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін ұсынды: түсіндіріп оқыту, оқытушы-ның әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әр түрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша) .
Әрбір сабақтың сапалы болуы - мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді - Ушинский. Бұл туралы ол былай деді - ''өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрнекілігі''.
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де, мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.
Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады:
1) теориялық (диагностика жəне болжастыру) ;
2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау) .
Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін, мазмұнын, оқыту формалары мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.
Оқу - дидактикалық процесс. Дидактикалық процесс мəнін түсіну үшін «оқу» жəне «оқу процесі» түсініктерінің мəн-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. «Оқу» түсінігі құбылысты білдіреді, ал «оқу процесі»- бұл процестің уақыт жəне кеңістікте дамуы, оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-əрекеттеріне ерекше назар аударылатын болды.
Оқу процесі - шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі əр текті жəне табиғаты бір-біріне ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан да «оқу процесі» түсінігіне толық жəне жан-жақты анықтама беру қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: «оқу процесі - бұл барысында білім беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -əрекет».
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи байланыстағы екі түрлі əрекеттен тұрады: оқыту - мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері жəне оқып үйрену - білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-əрекеттері. Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік - бірлікті іс-əрекеттерді жанамаластыратын оқу мазмұны.
Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері болып есептелетін, əрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білімдер, ептіліктер жəне дағдылар жатады.
Оқып-үйренудің аса маңызды элементі - сеп-түрткілер (мотивтер) . Қандай да оқу əрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы сеп-түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, əрі сан қилы. Олардың əрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады. Ақыл-ой əрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы ғылыми мазмұн жəне педагогикалық мақсат бағдарында ұйымдастырылған белсенді де дербес таным қажет.
1. 2 Дидактика және жеке әдістемелер
Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Т. Песталоцци, К. Д. Ушинский, В. Сухомлинский, А. С. Макаренко, т. б. қосқан үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) . Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді.
Я. А. Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. " Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
- оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;
- оқушыларды сыныптарға бөлу;
- әр сыныпқа бір бөлме беру;
- күніне 4 сабақ өткізу;
- әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
- қоңыраудық соғылуы;
- тәртіп;
- бір сабақтың үзақтығы бір сағаттан аспау керек;
- сабақты күзде бастау.
Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский таңырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соқы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я. А. Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж. ) "Гертруда өз балаларын қалай оқытады" (1801ж. ) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудық қарапайым құралдары.
Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. "Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді" - деген. Осы тұжырымдарға сай И. Г. Песталоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше "заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді".
Адамның дүние туралы түсінігі алғашңыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.
Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген. Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я. А. Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.
Жан Жак Руссо (1712-1778жж. ) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж. ) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сейкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.
Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж. ) басқа тілде оқыту баланың табиғи куші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.
Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттыңтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудық түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж. ) оқушылардың дүниетінымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді.
Н. К. Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруға шақырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz