Несеп жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.1. Бүйректің құрылысы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2. Бүйректің қанмен жабдықталу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.3. Несеп өткізгіш жолдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.4. Зәрдің түзілу механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ІV.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Кіріспе
Зәр – құрамында 96 % су және 4 % құрғақ қалдық бар сұйық зат. Дегенмен де зәрдің құрамы мен қасиеті қабылданған азықтың құрамына, мөлшерін, сипатына, ішілген су мөлшеріне, малдың физиологиялық күйіне қарай ауа – райы мен жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.
Зәрдің түрі сарғыш келеді, олардың құрамындағы урохром және уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Тақ тұяқты жануарлар зәрі ылайлы, шырышты, қоймалжың, шұбалыңқы келеді, себебі оның құрамында көмір қышқылды кальций тұзы және муцин тектес зат болады. Зәрдің иісі мал түлігіне қарай өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөп иісіне ұқсас, сиыр зәрі әлсіз шірік иісті, ал ит пен шошқа зәрінің иісі ащы, жағымсыз келеді.
Зәрдің осмостық қысымы 20 – 30 атм шамасында , ал сыбағалы салмағы 1,020 – 1,040 аралығында болады. Зәрде еріген заттардың 50 – 120 г/л еріген заттар болады. Зәрде еріген заттардың 2\3 бөлігі органикалық, ал 1\3 бөлігі органикалық емес заттарға жатады. Органикалық заттардың 80 – 85 % мочевинадан тұрады, ал қалған бөлігін креатин, несеп қышқылдары құрайды. Патологиялық жағдайда зәр құрамында белок, қант, кетонды заттар, өт бояулары байқалады, ал қалыпты жағдайда олар кездеспейді. Органикалық емес қосылыстар натрийдің, калийдің, магнийдің көмірқышқылды, хлорлы, фосфор қышқылды тұздары, кальций оксалаты және фосфаты түрінде болады.
Зәрдің әрекетшіл ортасы малдың азықтану ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Шөп қоректі жануарларда ол сілтілік, ет қоректі жануарларда қышқылдық, ал шошқада – амфотерлік.
IY. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ығылманұлы О. «Малдың жұқпалы патологиялық анатомиясы», Алматы,1997 ж
2. Б.В.Уша, И.М. Беляков, Р.П.Пушкарев «Клиническая диагностика внутренние незаразных болезни животных» 2004 г.
3. Васильев, Воронин, Дугин «Практикум по клинической диагностике болезни животных» 2004 г.
4. Смирнов, Постников «Клиническая диагностика внутренние болезни сельскохозяйственных животных» 1981 г.
5. Қожанов.К.Н «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» Семей 2005
6. Несіпбаев Т. « Жануарлар физиологиясы » А.: Қайнар, 1995 ж
7. Қайырханов Қ.К. « Жануарлар биохимиясы », А.: « Ана тілі» , 1993 ж
8. Беляков И. М. «Практикум по клинической диагностике с рентгенологий»
9.Беляков И. М. «Диагностика внутренниых незаразных болезей сельскохозяйственных животных» М.: Колос, 1975 г.
10. Уша Б. В, Кельдштейн В.А., «Клиническое исследования животных» - М.: Агропромиздат, 1986 г
11. Назаров Ю. М «Малдың жұқпалы емес аурулары» Алматы, 1993 ж.
12. Кодаов К.Н. «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары», Семей,2005ж.
13. Қожанов К.Н. «Қосымша оқу құралы»
14. Ахметов. Ж. Б. «Патологиялық анатомия», Алматы, 1993 ж
15. Жанұзақов А. «Мал фельдшерлігінің анықтамалығы», Алматы «Қайнар», 1976г
16. Скрябин К.И. «Ветеринарная энциклопедия», Москва,
«Советская энциклопедия», 1968 г.
17. Сайдулдин Т. «Ветеринарлық індеттану» Алматы, 1999 ж I бөлімa

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық

Университеті

Жұқпалы емес
аурулар кафедрасы

Курстық жұмыс

Несеп жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері

Орындаған: ВМ-35
топ студенті

.

Тексерген: в.ғ.д, доцент

Орал 2011

Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .3

I.Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4

II. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..7

2.1. Бүйректің құрылысы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

2.2. Бүйректің қанмен жабдықталу

ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..16

2.3. Несеп өткізгіш
жолдар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .20

2.4. Зәрдің түзілу
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 25

III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..31

ІV.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32

Кіріспе

Зәр – құрамында 96 % су және 4 % құрғақ қалдық бар сұйық зат.
Дегенмен де зәрдің құрамы мен қасиеті қабылданған азықтың құрамына,
мөлшерін, сипатына, ішілген су мөлшеріне, малдың физиологиялық күйіне қарай
ауа – райы мен жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.

Зәрдің түрі сарғыш келеді, олардың құрамындағы урохром және
уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Тақ тұяқты жануарлар зәрі
ылайлы, шырышты, қоймалжың, шұбалыңқы келеді, себебі оның құрамында көмір
қышқылды кальций тұзы және муцин тектес зат болады. Зәрдің иісі мал
түлігіне қарай өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөп иісіне
ұқсас, сиыр зәрі әлсіз шірік иісті, ал ит пен шошқа зәрінің иісі ащы,
жағымсыз келеді.

Зәрдің осмостық қысымы 20 – 30 атм шамасында , ал сыбағалы салмағы
1,020 – 1,040 аралығында болады. Зәрде еріген заттардың 50 – 120 гл еріген
заттар болады. Зәрде еріген заттардың 2\3 бөлігі органикалық, ал 1\3 бөлігі
органикалық емес заттарға жатады. Органикалық заттардың 80 – 85 %
мочевинадан тұрады, ал қалған бөлігін креатин, несеп қышқылдары құрайды.
Патологиялық жағдайда зәр құрамында белок, қант, кетонды заттар, өт
бояулары байқалады, ал қалыпты жағдайда олар кездеспейді. Органикалық емес
қосылыстар натрийдің, калийдің, магнийдің көмірқышқылды, хлорлы, фосфор
қышқылды тұздары, кальций оксалаты және фосфаты түрінде болады.

Зәрдің әрекетшіл ортасы малдың азықтану ерекшеліктеріне байланысты
өзгереді. Шөп қоректі жануарларда ол сілтілік, ет қоректі жануарларда
қышқылдық, ал шошқада – амфотерлік.

І. Әдебиетке шолу

Т. Несіпбаевтің мәліметтері бойынша қызметіне қарай зәр бөлу
мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар : негізгі несеп бөлу мүшелері және
несеп шығару жолдары.

Зәр бөлу мүшелері – екі бөлімнен: зәр бөлу мүшесінен және несеп
шығару жолдарынан тұрады. Зәр бөлу мүшесіне бүйрек, ал несеп өткізу
мүшелеріне несепағар, қуық және несеп шығар өзек жатады.

Зәр бөлу мүшелерінің дамуы – организмдегі зат алмасу процесімен тығыз
байланысты. Олардың организмдегі дамуы мен күрделеніп жетілуі зат алмасу
процесі негізінде түзілген денедегі ыдырау өнімдерін сыртқы ортаға шығаруға
арнайы маманданған ұлпалар құрылымдарының дамып жетілуімен тікелей
байланысты іс жүзіне асады. Зәр бөлу мүшелерінің өздерінің филогенезінде
даму процестерінің көптеген сатыларынан өтеді.

Төменгі сатыдағы жәндіктер ( Қарапайымдылар, ішекқуыстылар )зат
алмасу процесі нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдерін организмнен сыртқы
ортаға денесінің қабықшасы арқылы диффузиялық жолмен шығарады.
Инфузориялардан зәр шығару қызметін арнайы органелла жиырылғыш вакуольдер
атқарады.

Жануарлар дене құрылысының күрделенуі организмде бір – бірімен
үйлесімді қызмет атқаратын көптеген үшелер жүйелерінің қалыптасып, дамуына
ықпалын тигізеді. Солардың қатарында ыдырау өнімдерін денеден қоршаған
ортаға шығаруға арналған зәр бөлім мүшелерде жетіліп, дамып бастайды.

Жануарлар организдері құрылысының олан әрі күрделенуі нәтижесінде,
мысалы, қылтанаяқты құрттарда, зәр түзу қызметін мезодермадан дамыған
өзекшелер нефридийлерге ауысады. Олардың шөлмек тәрізді кеңейген ұштары
екінші дене қуысындағы сигменттер санына сәйкес орналасып, қуыс ішіндегі
сұйық ыдырау өнімдерін кірпікшелерінің көмегімен сорып сыртқа шығарып
отырады.

Г.А. Кононов мәліметтері бойынша омыртқалы жауарларда нефридийлер
құрылым бірлігі ретінде зәр шығару мүшесі бүйректі құрайды.Бүйрек
филогенезінде зәр бөлу қызметі дененің алдыңғы жағындағы нефридийлерден ,
оның артқы жағында дамыған несеп өзекшелеріне ауысады. Соңғы өзекшелер
бірігіп, құрылысы қомақты бүйректі түзе бастайды. Бүйректен шығатын
несепағар ішектің соңғы бөлімі клоакаға ашылады.

Омыртқалы жануарларда бүйрек бірін бірі алмастырып отыратын үш
сатыдан өтеді. Олар: бастапқы бүйрек, пронефрос, аралық бүйрек, мезонефрос
және тұрақты бүйрек метонефрос. Зәр бөлу мүшелерінің дамуы көбею
мүшелерінің дамуымен қатар жүреді.

В.С. Кондратьев мәліметтері бойынша несеп шығаруды зерттеген кезде
алдымен малдың несеп шығарған кездегі кейпіне , оның бөліну санына және
уақытына көңіл бөлу керек.

Малдың несеп шығару кезіндегі кейпі оның жынысына және түріне тікелей
байланысты болады. Дені сау өгіз , қошқар текелер несеп шығару кезінде
сыртқы кейпін өзгертпейді. Несеп бұларда жіңіщке түтіктен аққан тәрізді
болып бөлінеді.

Айғырлар несеп шығарған кезде артқы аяқтарын талтайтып, аз ғана
отырыңқырайды. Оларлың несеп ағыны күшті, соңғы қалдықтары құрсақ еттерінің
жиырылуымен байланысты бөлініп – бөлініпі ағады.

Зәр шығару процесіне қатысатын еттердің қызметі сопақша мида
орналасқан орталықпен де реттеледі. Өз ретінде жұлынмен сопақша мида
орналасқан орталықтарға үлкен ми сыңарларына келетін импульстер әсер
етеді.

II. Негізгі бөлім

2.1. Бүйректің құрылысы және түрлері.

Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың зәр бөлу жүйесі қос бүйректен
және олардан шығатын несеп ағарлардан, қуықтан, несеп шығаратын каналдан
тұрады.

Мал бүйрегінің құрылысы өте күрделі. Ол екі қабаттан –сыртқы
қыртыстық және ішкі бозғылт заттан тұрады.

Қыртыстық қабат бір типті құрылымдағы нефрондардан құралады. Нефрон
ішінде капилляр шумағы (мальпиги шумағы) бар капсуладан (Шумлянский –Боумен
капсуласы) басталады. Капсула пішіні жағынан тостағанша тәрізді қос
қабырғалы бір қабат эпителий клеткаларынан тұрады да, қабырғалар арасында
саңылау кеңістік жатады. Капсуланың ішкі қабырғасы капилляр шумағымен тығыз
жанасып сүзгіш жарғақ (мембрана) құрайды. Капсулаға капилляр қабырғалары
арқылы қаннан сүзіліп шыққан сұйықтық (алғашқы) зәр жиналады.

Капсуланың қысқа мойыны бірінші қатарлы ирек түтікшелермен жалғасады.
Бүйректің бозғылт қабатына жеткенде бұл түтікше түзеліп, жіңішкереді де,
төмен қарай созыла келіп Генле ілгегінің төмен кететін иінін түзеді. Қалың
бозғылт қабаттың бітер жерінде бұл түтікше ілгек тәрізді бұрылып қайта
кеңейеді де, қыртыстық қабатқа қарай жоғары көтеріледі.

Түтікшенің бұл бөлігін Генле ілгегінің жоғарғы иіні деп атайды.
Жоғары өрлеген осы түтікше қыртыстық қабатта екінші қатардағы ирек
түтікшелерге айналады да, жинағыш түтікшелермен жалғасады. Жинағыш түтікше
өзара жалғаса келіп, еміздікшелер түзеді. Ал емізікше түтікшелері зәрді
бүйрек астаушаларына құяды.

Бүйректің түрлері. Бүйректерді жіктеудің негізгі түрлері етіп,
бүйректің бастапқы құрылымдық бөлігі –бүйрекшелер алынған. Бүрекшелерде де,
бүйрекке тән үш аймақ пен пирамидалар емізікшелері және оларға жанаса
жалғасып жатқан бүрек тостағаншалары болады. Бүректің бүйрекшелері бір
бірімен өзара зәр шығару өзектері және дәнекер ұлпасы арқылы әр түрлі
дәрежеде байланысып бірігіп, бүйрек түрлерін түзеді. Жануарларда сыртқы
және ішкі морфологиялық құрылысына байланысты бүректің көптеген түрлері
ажыратылады. Олардың құрылысын салыстырып сараптай келе, бүйректің жануарда
жиі кездесетін негізгі төрт түрінің құрылысымен төменде танысамыз. Оларға:
көптік, тілімді көпемізікшелі, тегіс көпемізікшелі және тегіс біремізікшелі
бүйректер жатады.

1. Көптік бүйрек бір бірімен зәр шығару өзектері –бүйрек сабақшалары
арқылы байланысып жатқан майда жеке бүрекшелерден тұрады. Әр бір бүрекше
сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Бүрекшенің кесіндісінде бір
бірінен анық ажырайтын үш аймақты анықтауға болады. Қапшықтың астындағы
қыртысты аймақ зәр бөлу аймағы. Бұл аймақты бүйрек түтікшелері нефрондпрдың
денешіктері мен проксимальды және дистальды бөлімдерінің ирек түтіекшелері
құрайды. Олардың аралықтарында қан және лимфа тамырларына бай, тым жұқа
борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар (строма) орналасады. Бүрекшелердің
орталығында нефрондардың түзу түтікшелерінен (проксимальды және дистальды
бөлімдердің түзу түтікшелері, жіңішке бөлімдер мен жинағыш
түтікшелер)құралған, бөлінген зәрді өткізетін бозғылт аймақ
орналасады.стромасы борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Қыртысты және
бозғыл аймақтар аралығында ірі қан тамырлары (доғалық артериялар мен
веналар) өтетін шекаралық аймақ болады. Бүрекшелер сабақшалары бір бірімен
қосылып, несеп жолдарын, бұлар өз кезегінде бір бірімен қосылып, несеп
ағарды түзеді. Бүректің мұндай түрі теңіз сүтқоректілерінде (китте,
түленде, дельфинде, ақ аюда, моржда т.б. ) болады.

2. Тілімді көп емізікшелі бүйрек бүректің сыртқы жағы бір бірінен
тілімделіп бөлініп, қосыла қоймаған, ал ішкі жақтары толық қосылып бірігіп
кеткен бүйрекшелерден құралған. Сондықтан, бүйректің сыртқы беті тілімделіп
тұрады. Ал кесіп қарағанда, бүірек өкп емізішелерден (бірігіп кеткен
бұрынғы жеке бүрекшелердің бозғылт аймағы) тұрады. Емізікшелер түтікшелер
іші қуыс тостағаншалар ашылады. Тостағаншалардан шығатын іші қуыс
сабақшалар бір бірімен қосылып, несеп жолдарын, олар өз кезегінде өзара
қосылып, несепағарды құрайды. Бұндай бүйрек сиырда болады.

3. Тегіс көп емізікшелі бүйрек шошқада, маймылдарда және адамда
болады. Бүйрек сыртынан қарағанда тегіс болғанмен, ішкі кескінінде көптеген
емізікшелерден тұрады. Бұларда да, емізікшелер түтіктері тостағаншаларға
ашылып, олардан шығатын қысқа сабақшалар бірігіп, бүйрек қақпасы маңындағы
қуфыс мүше –бүйрек түбегіне ашылады. Бүрек түбегінен несепағар шығады.

4. Тегіс біремізікшелі бүйрек барлық жыртқыш жануарларда, қойда,
ешкіде, жылқыда, түйеде т.б. көптеген жануарларда болады. Бүйрекшелердің
барлық аймақтары бірігіп кетеді де, бірыңғай орналасқан қыртысты, шекаралық
және бозғылт аймақтары түзеді. Бүйректің сыртқы тегіс, ішкі кескінінде бір
емізікше көрінеді. Емізікше түтікшелері бүйрек түбегіне ашылады.
Тостағаншалары мен сабақшалапы болмайды.

Бүйрек құрылысы жағынан паренхималы мүше. Оның паренхимасын жануардың
түрлеріне байланысты 1-8 миллиондай бүйрек түтікшелері –нефрондар құрайды.
Нефронның қан капиллярлары шумағын сыртынан қаптайтын, іші қуыс екі қабат
бір қабатты жалпақ эпителийден құралған

бастама бөлігін бүйрек
денешігінің қапшығы деп атайды. Қан капиллярлар шумағына артерия қаны
әкелгіш артериола арқылы ағып кетеді. Бұл шумақтан артерия қаны әкеткіш
артериоламен шығады. Әкелгіш артериоланың арнасы әкеткіш артериола арнасына
қарағанда 5-6 еседей кең. Демек, капиллярлар шумағынан ағып шығатын қанның
мөлшері ағып келетін қан мөлшеріне қарағанда бірнеше есе аз болады. Осыған
байланысты қан капиллярларындағы қанның қысымы көтеріліп, нәтижесінде
қанның сұйыығы капиллярдың қабырғасы әне бүйрек денешігінің ішкі қабаты
арқылы, оның қапшығы қуысына сүзіліп шығады да, алғашқы зәрге айналады.
Нефрон денешігі тығыз жанасан екі бөліктен: қан капилляры шумағынан және
оны сыртынан қаптаған бүйрек денешігінің қапшығынан құралған. Нефрондар
бүйрек денешігінен басқа проксимальды, жіңішке және дистальды бөлімдерден
құралған. Бұлардың қабыоғалары бөлімдердің атқаратын қызметтеріне
байланысты бірқатар текше немесе бір қабатты жалпақ эпителийден тұрады.
Алғашқы несептен аталған бөлімдерден ағып өту барысында организмге керекті
заттар қанғы сорылып, керек емес заттар қосымша қаннан несепке шығарылады
да, нефронның соңына қарай нағыз несепке айналады. Бүйректің стромасы
(борпылдақ дәнекер ұлпасы) арқылы қан, лимфа тамырлары мен бүйректің
қызметін атқаратын жүйкелер өтеді.

Ерекшеліктері: Жылқы бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады.
Оның оң бүйрегінің пішіні жүрекке ұқсас, ал сол бүйрегі лобия тәріздес
болады. Бүйрек түбегінде мүшенің алдыңғы және артқы ұштарына қарай созылып
жатқан бүйрек жолдары көрінеді. Бүйрек пирамидаларының саны -10-12. Оң
бүйрек құрсақ қуысының бел аумағында, оң жақта, 14-15-інші қабырғалардан 2-
інші бел омыртқаға дейінгі аралықта, ал сол бүйрек бел аумғының сол
жағында, 18-інші көкірек омыртқасынан 3-інші бел омыртқасы

Аралығында орналасқан.

Сиыр бүйректері тілімді көпемізікшелі бүйрек. Бүйрек
түбегі болмайды, оның орнында бүйрек емізікшелерінен шығатын бүйрек
сабақшаларының бірігуінен түзелген екі негізгі өзек – несеп жолдары болады.
Олардың қосылу нәтижесінде бүйректен зәрді қуыққа алып шығатын несепағар
пайда болады. Бүрек пирамидаларының саны – 8-22. Оң бүйрек құрсақ қуысы бел
аумағының оң жағында, 12-13-інші қабырғалар мен 2-3-інші бел омыртқалардың
аралығында орналасады. Бүйректің пішіні ұзынша сопақ болып келеді. Сол
бүйрек көбіне оң бүйректен соң, бел аумағының оң жағында, 2 және 5-інші бел
омыртқалардың аралығында орналасады. Бұл жағдай мес қарынның азықпен
толуына байланысты. Мал тоя азықтанғанда, мес қарын азыққа толып, сол
бүйректі бел аумағының оң жағына қарай ығыстырады. Сол бүйректің артқы ұшы
алдыңғы ұшына қарағанда қалыңдау болып келеді және сәл бұралып тұрады.

Қой мен ешкі бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрек. Бүйрек
пирамидаларының саны -10-16. Оң бүйрек құрсақ қуысы бел аумағының оң
жағында, 12-13-інші қабырға мен 2-інші бел омыртқа арлығанда, ал сол бүйрек
оң бүйректің артқы жағында (мес қарынның ығыстыруы нәтижесінде) 3 және 6-
ыншы бел омыртқалар аралығында жатады.

Шошқа бүйректерінің пішіні лобия тәрізді, тегіс көпемізікшелі бүйрек.
Бүйрек пирамдаларының саны -10-12. Олардың әр қайсысы тостағанщалармен
қоршалып, жақсы жетілген бүйрек түбегіне ашылады. Екі бүйректе бір
деңгейде, құрсақ қуысы бел аумағының оң және сол жақтарында, 1-4-інші бел
омыртқалар тұсында қатар орналасады.

Ит бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады. Емізікшесінің
пішіні тараққа ұқсас. Бүйрек пирамидаларының саны –12-17. Екі бүйректе

бір деңгейде, құрсақ қуысы бел аумағының оң және сол жақтарында, 1-3-
інші бел омыртқалар аралығында қатар орналасады. Бүйрек түбегінде
тостағаншаның орнында түтікшелер болады.

Бүйректің гистологиялық құрылысы. Бүйректі сыртынан тығыз дәнекер
ұлпалы қапшық (капсула) қаптап жатады. Бүйрек құрылысы жағынан қомақты
паренхималы мүше. Бүйректің паренхимасын нефрондар, ал оның стромасын
нефрондардың араларындағы қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпалық
аралықтар құрайды. Жоғарыда баяндалғандай, бүйрек сыртқы қыртысты, ішкі
бозғылт аймақтардан құралған. Бүйректің қыртысты аймағын бүйрек
денешіктері, нефрондардың проксимальды және дистальды бөлімдерінің ирек
өзекшелері, ал оның бозғылыт аймағын проксиммальды және дисстальды
бөлімдердің түзу өзекшелері, жіңішке бөлім және жинағыш түтікшелер құрайды.

Нефрон (бүйрек өзекшесі) бүйрек паренхимасының құрылымдық және
қызметтік бірлігі. Жануарлардың түрлеріне байланысты бүйректе 2-8
миллиондай бүйрек өзекшелері болады. Нефронның орташа ұзындығы 2-5 см.
Нефрон құрылысы мен қызметі әр түрлі бірнеше бөлімдерден құралған. Оларға
бүйрек денешігі, жоғары (проксимальды), жіңішке және төменгі (дистальды)
бөлімдер жатады.

Бүйрек денешігі екі: тамырлы және несептік бөліктерден тұрады.
Тамырлы бөлікті әкелгіш артериола, қан капиллярларыының шумағы және әкеткіш
артериола түзеді. Несептік бөлікті төменгі жағы проксимальды бөліммен
жалғасатын нефронның жоғарғы тұйықталған қос қабатты қапшығы құрайды.
Нефронның проксимальды бөлімі ирек және түзу бөліктерден тұрады. Оның ирек
бөлігі бүйректің қыртысты затында бүйрек денешігі маңында ирелеңдеп,
бүйректің бозғылт затына қарай төмен

бағытталып, түзу бөлікке айналады. Проксимальды түзу өзекше төмендеп,
жіңішке бөлім өзекшесіне ауысады. Нефрондардың 80%-ының жіңішке бөлімдері
қысқа болып келеді және олар бүйректің қыртысты аймағында жатады. Жіңішке
бөлім ілгек жасап, қайтадан жоғары қарай бұрылып көтеріледі де, дистальды
бөлімнің түзу бөлігіне ауысады. Дистальды бөлімнің түзу бөлігі өзінің
бүйрек денешігінің тамырлы бөлігіне қарай жоғары көтеріліп иректеліп,
дистальды ирек бөлікке ауысады.олар доғалық жинағыш түтікшелермен жалғасып,
бір бірімен қосылып, түзу жинағыш түтікшелерге айналады. Нефрондардың 20%
-ы бозғылт аймақтың маңында орналасып, олардың жіңішке бөлімі бозғылт
аймаққа терең еніп, кері көтеріледі. Олардың бозғылт маңы (юкстамедулалы)
нефрондары деп атайды. Түзу жинағыш түтікшелер қыртысты аймақтағы бозғылт
сәулелерді түзеді. Бірнеше жинағыш түтікшелер бір бірімен қосылып, емізкше
өзекшелерін жасайды. Емізікше өзекшелері бүйрек тостағаншаларына ашылады.
Несеп бүйрек тостағаншаларынан, бүйрек сабақшалары арқылы бүйрек түбегіне,
одан несепағармен қуыққа барады. Қуықтан несепшығар өзегімен еркек
жануарларда несеп жыныс өзегі, ұрғашы жануарларда несепжыныс қойнауы арқылы
сыртқа шығарылады.

Бүйректің түрлері

Бүйректің орналасу түрлері

2.2. Бүйректің қанмен жабдықталу ерекшеліктері.

Бүйректің қанмен жабдықталуында айтарлықтай ерекшеліктер бар.
Қыртыстық қабатта жіңішке артерия тамырлары Шумлянский-Боумен капсуласына
кіріп, онда ұзындығы 0,5мм шамасында 30-50 капиллярларға тарамданады да,
мальпигий шумағын түзеді. Бұл тамырды қанды әкелуші тамыр деп атайды.
Аталған капиллярлар жинала келіп, қанды әкететін артериялар құрайды. Осы
диаметрі қан әкелуші тамырлардан екі есе тар келеді. Шумақтан шыққан тамыр
ирек түтікшелермен Генле ілгегі тұсында қайтадан тарамданып, екінші рет
капиллярлар торын құрайды. Осыдан кейін ғана капилляр тамырыларындағы қан
вена торына жиналып, одан бүйрек венасына барып құяды. Шумақ капиллярында
қан қысымы басқа орган капиллярларындағы қысымнан әлде қайда жоғары. Оның
себебі әкетуші тамырлардың диаиетрінің тарлығында және оның қайтадан
таралуында. Капиллярлардың аралықтарында перицидтер тәрізді жұлдызша тамыр
аралық торшалар болады. Олар өсінділер мен капиллярлар эндотелиоциттеріне
жанасып жатады. Олардың аралықтарында тек негіздік жарғақ қалады. Пішіні
жалпақ келген өте жұқа подоциттердің көптеген өсінділері болады. Подоцит
денесіне таралатын біріншілік өсінділерден (цитотрабекулалардан) көптеген
ұсақ екіншілік өсінділер (цитопдиилер) таралады. Әрбір подоцит
өсінділерінің жалпы ұзындығы бір- екі мкм болады. Подоцидтердің өсіндіоері
бір бірімен ілгектене ілінісіп, байланысып, араларында торша аралық
саңылаулары бар, күрделі сүзгі торлы құрылым түзеді. Тесікті капиллярлар
эндотелийі менг саңылаулы тесікті подпциттер аралығында гликопротеид пен
талшықтар торынан құралған нгіздік жарғақ қана қалады. Осы эндотелийден,
негіздік жарғаөқтан және подпциттерден түзілген сүзгі тор аоқылы қан
плазмасы сүзіліп, алғашқы несепке айналады да, бүйрек денешігі қуысына
өтеді. Бүйрекденешігі қапшығының сыртқы қабаты бір қабатты жалпақ
эпителийден тұрады, ол нефронның проксимаалды бөлігі

қабырғасына жалғасады.

Проксимальды бөлімнің жоғарғы ирек бөлігі бүйрек денешігі қапшығының
сыртықы қабатынан басталады. Ол бүйрек денешігі маңында иректеліп,
бүйректің қыртысты аймағы затынан бозғылт аймаққа қарай төмендеп түзу
бөлікке ауысады. Проксимальды өзекшенің қабырғасые бір қабатты текше
тәрізді эпителийи құрайды, оның орташа диаметрі 60 мкм. Эпителиоциттердің
апикалды бетінде плазмолеммадан түзілген микробүрлер жане олардың астындағы
цитоплазмада лизосома тәрізді көпіршіктер болады.Торшалардың базалъды
бөлігінде тігінен тізбектеле орналасқан митохондриялар мен олардың
аралықтарындағы плазмолемма қатпарларынан базальды жолақ түзіледі.
Эпителиоциттердің апикальді бетіндегі микробүр мен көпіршіктер эпители
торшаларының алғашқы несеп құрамындағы организмге керек заттарды белсенді
түрде кері сорып, қосымша қорытып жатқандығынан, ал торшалардағы базальді
жолақ, керісінше, эпителиоциттердің зат алиасу процесі нәтижесағы базальді
жолақ, керісінше, эпителиоциттердің зат алиасу процесі нәтижесінде түзілген
соңғы ыдырау өнімдерін қосымша несеп құрамына шығаратындығының белгісі.
Демек, проксимальды өзекшеде алғашқы несептің құрамындағы керекті заттар
кері организмге сорылып( риабсорбсия), керек емес ыдырау өнімдері қосымша
несеп құрамына шығарылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
ХОҚ уланған кезде патоморфологиялық өзгерістер
Жылқы тұмауы кезіндегі патоморфологиялық өзгерістері
ФОҚ биохимиялық қасиеттері
Несеп - тас ауруы
Сиыр, қой және басқа малдардың жыныстық циклдерінің көріну ерекшеліктері
Бүйрек артериясы - қолқаның құрсақ бөлігінен шығатын үлкен калибрлі тамыр
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Ас қорыту жүйесінің жалпы анатомиясы мен дамуы
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Пәндер