Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе
3
Кіріспе: 1. Бейнелеу өнеріндегі қолданылатын әдіс-тәсілдер
3: 5
Кіріспе: 1. 1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістері
3: 5
Кіріспе: 1. 1. 1 Ауызша әдіс
3: 5
Кіріспе: 1. 1. 2 Көрнекілік әдіс
3: 7
Кіріспе: 1. 1. 3 Практикалық әдіс
3: 9
Кіріспе: 1. 1. 4 Репродуктивтік әдіс
3: 9
Кіріспе: 1. 1. 5 Проблемалық әдіс
3: 10
Кіріспе: 1. 1. 6 Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс
3: 10
Кіріспе: 1. 1. 7 Зерттеу әдісі
3: 11
Кіріспе: 1. 2 Педагогтың дайындығы және жаңаша көркем мәдениет
3: 12
Кіріспе: 2. Баустауыш сынып оқушыларының адам бейнесін бейнелеу тәсілдерін меңгерту жолдары
3: 14
Кіріспе: 2. 1 Бейнелеу өнерін оқытудағы жаңа бағыттар мен әдістемелер
3: 14
Кіріспе: 2. 2 Бейнелеу өнері пәнінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігі
3: 21
Кіріспе: 3. Бейнелеу өнері сабағына арналған сабақ жоспарлары
3: 24
Кіріспе: 3. 1 «Адам басын бейнелеу» атты тақырыбына 3 сыныпқа арналған сабақ жоспары
3: 24
Кіріспе: 3. 2 Бейнелеу өнерінде оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру
3: 25
Кіріспе: Қорытынды
3: 28
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 30
Кіріспе:
3:

Кіріспе

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.

Әрбір жас жеткешек буын іс-әрекет ету үшін адамзаттың тәжірибесімен жинақталған, қалыптасқан ғылымды игеріп алады, соған сүйенеді. Қазіргі кезде жас ұрпақты оқытып, алған білімін кеңейтіп, көркемдік талғамдарын арттыруда, өмірге көзқарастарын дұрыс қалыптастырып халықтық тәрбие беруде, ізгі мінез-құлық, биік адамгершілік, ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда бейнелеу өнері пәнінің атқарар міндеті мол, орны ерекше

Бейнелеу өнері сабағы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі әсемдік пен әдемілікке сүйіспеншіліктерін арттырады, өз өлкесінің сұлу табиғатын, халқымыздың әдет-ғұрпын, ұлттық өнері мен кеңірек танысуына жол ашады. Оқушы ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі әсемдік пен әдемілікке сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бейнелеу өнерін оқытуда оқушының шығармашылық жұмыс орындау творчестволық процесі мен оқытудағы оқушы мен мұғалім арасындағы педагогикалық процесс кезеңдерінің сәйкестігі ұтымды нәтижеге жеткізеді. Мысалы мұғалімнің тақырыпты әсерлі бейнелеп түсіндіруі мен оқушының осы тақырыпты әсерлі мазмұнда көркем қабылдау сәйкестігі. Немесе мұғалімнің орындау әдіс-тәсілдерін көрсетуі мен оқушының бейнені орындауға қажетті тәсілдерді бейне формасына сәйкес елестетіп қолдана отырып жұмыс орындауы т. б.

Бейнелеу өнерінің дамытушы күші сананың бейнелеушілік қабілетіне, яғни адамның өмірді түр, түс, пішін, көлем, кеңістік, уақыт арқылы сезімді-бейнелік қабылдау мүмкіндігінде екендігін адамзат пайда болып даму эволюциясы көрсетіп отыр.

Адам өмірді бейнелі пішінде қабылдайды. Бұл адамның генетикалық өрісінен де белгілі. Адамның танымдық табиғатының негізінде бейнелік қабылдау мен іс-әрекет жатыр.

«Ойлау актісі мен оқыту процесінің сәйкестігі» туралы Дж. Дьюй философиялық іліміне қатысты таным және шығармашылық қызмет түрлі ақиқатты құмарлықпен ізденуді, оған талпыну мен ынтаны сипаттап тек-тамырында, түбінде бір тұтастық процестер жүйесін құрайды. Ойлау биологиялық және әлеуметтік дамудың жемісі.

Осы қасиеттер ортақтығы да тәрбие мен шығармашылық - жаратымпаздық процесстер сәйкестігін, және осыған байланысты осы тұрғыдағы ойлау актісі мен оқыту процестерінің сәйкестілік жүйесін құрайды. Бұл әрине білім мен тәрбие беруде оқушы белсенділігін, оның рухани жан дүниесін байытып, оқыту сапасын арттырады. Сана адамның қоршаған дүниені танып білу, бейнелеу қабілеті ретінде оның өмірді суреткерлік бейнелеушілік байланыстарын Д. Кішібеков «Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы - өнер. Ол объективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне-құбылыстарды нақты сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнелейді. Былайша айтқанда, ол жалпылық пен жекенің, объективтік пен субъективтік, материалдық пен идеялықтың, диалектикалық ерекшеліктерінің бірлігі. Көркем бейне негізінде дараланған, нақтыланған сын-сипат жатады, сонымен қатар ол дара, жеке, нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі, түсінікті типтерді, құбылыстарды сомдап, бейнелейді, жаманнан жирентеді, жақсыға ынталандырады» - деп көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жас ұрпақты өздігінен ізденіп жұмыс жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйретіп, бейнелеу өнері пәніне өнеріне деген қызығушылығын ояту.

1. Бейнелеу өнеріндегі қолданылатын әдіс-тәсілдер

1. 1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістері

Бейнелеу өнерін оқыту әдістерін сөз етпес бұрын, жалпы педагогика ғылымындағы әдіс, тәсіл ұғымдарына тоқталып кетейік.

Педагогикалық энциклопедияда: "Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың, дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды", - деп берілген.

Яғни, оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда, әдіс - белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Ол оқу-тәрбие жұмысындағы әдістерді педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілет- терінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушы­лардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен ізденіп, жаңа білім меңгеруге ықпал жасауы тиіс.

Оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілдері, ал мақсатқа жету мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді таңдап алып, шебер пайдалана отырып оқыту барысын ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдауға даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Жалпы әдіс пен тәсілді ажыратып жіктеп көрсету пікірталас туғызады, өйткені оқыту барысында екеуі бір-бірімен ауыспалы болып келуі мүмкін.

Мысалы:

  1. Мұғалім сабақты ауызша баяндау барысында кейбір суретшілердің шығармаларына көрнекі көрсетсе, онда көрнекі әдіс әдістемелік тәсілге айналады.
  2. Өнер туралы әңгіме сабағында оқушылар белгілі бір көрнекіліктер арқылы суретші шығармаларын зерттеп, талдап, нақты білім алса, онда осы сабақта қолданған жетектеме ауызша баяндау тәсілге айналады да, көрнекі көрсету әдіс болып саналады.

Сонымен, мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқыту және төрбиелеу мақсат-міндеттерін орындауға пайдаланатын бірнеше педагогикалың әдіс-тәсілдер бар. Мұғалім осы әдіс-тәсілдерді таңдаи пайдалануда оқылатын жаңа са- бақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, оқушылардың танымдық деңгейін ескеруі қажет. Бір сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер пайдалануы мүмкін.

Бейнелеу өнерін оқытуда пайдаланылатын негізгі мынадай әдіс-тәсілдерге тоқталып өтейік.

1. 1. 1 Ауызша әдіс

Ауызша әдіс - сабақтың қандай кезеңінде болса да, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу, нұсқау беру тәсілдерін құрайды Бұл әдіс көбінесе сабақтың жаңа сабақ кезеңінде басым орын алады.

Мұғалім ауызша баяндайтын материалын алдын ала дидактикалық талаптарға сай дайындайды, ол мәтіннің анық оқушыларға түсінікті болуы көзделеді. Егер де мәтінде оқушыларға жаңа терминдік сөздер ұсынылса, онда оның мән-мағынасы ашылып түсіндірілуі керек. Оқушылардың тақтаға жазылып көрсетілген жаңа терминдік сөзді жұмыс дәптерлеріне түсіріп алғаны жөн. Мұғалімнің әңгімесіндегі мәліметтер белгілі деректермен, ғылыми дәлелдермен бекітілуі керек.

Сабақтың ауызша әдісіне бөлінетін уақыт сабақтың тақырыбына байланысты атқаратын іс-шара мазмұнына немесе сабақтың бейнелеу өнері түрі бойынша қаралуына байланысты.

Мысалы, 1-2 сыныптардағы заттан қарап бейнелеу сабақтарында жаңа сабақты баяндауға 8-10 минут уақыт бөлінсе, ал 2-3 сынптарда 10-13 минут уақыт бөлінуі мүмкін. Ал өнер туралы әңгіме сабақтарында сабақтың көптеген уақыты (30-35 минут) ауызша әдіске беріледі. Әрине бұл сабақтарда ауызша әдістен басқа әдіс - тәсілдер пайдаланбайды деген сөз емес, ауызша әдіс көбінесе көрнекілік әдіспен жетеленіп отырады.

Ауызша әдісте сұрақ - жауап, пікірлесу, әңгімелесу сабақты қызықты ете түседі, оқушылар теқ тыңдаушы ғана болып қалмай, өзін сол мәселеге қатысушы, араласушы ретінде сезінеді. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талпындандырады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа шабыттандырып, өздеріне сезімін молайтады, мәселе туралы жеке пікірлерін құрау дағдыларын қалыптастырады. Ауызша әдісте оқушылардың болашақ машықтық жұмысына шығармашылық көзқарасын, қиялын, шабытын ояту үшін тақырып мазмұнына байланысты поэтикалық шығармаларды мәнерлеп оқып, оны қысқаша талдату үлкен нәтиже береді.

Түсіндіру - жаңа білімді, ереже заңдылықтарды, бейнелеу құралдары, материалмен жұмыс істеу ережелерін ауызша айтып көрсету немесе бейнелеу өнеріне байланысты жаңа бейтаныс сөздердің (терминдердің) мағынасын ашып айту болып табылады.

Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағындағы натюрморт жанры туралы әңгіме барысында «натюрморт» француз тілінен алынған «өлі табиғат» деген ұғымды білдіретіндігін түсіндіреді.

Түсіндіру, әсіресе жаңа сабақ мазмұнын ауызша әңгімелеу барысында жиі қолданылады, бірақ бұл түсіндірулер ауызша әңгімелеу жүйесін бұзбай кезеңімен қолданылғаны жөн. Сонымен қатар түсіндіру сабақтың машықтық кезеңінде де орын алады.

Түсіндіру мынадай талаптарға сай болуы керек:

  • жүйелі түсіндірілу;
  • дәлелдер келтірілу;
  • өлшемдік, түстік салыстыру, мысалдар келтіру;
  • сұрақтарды нақты тұжырымдау.

Әңгімелесу - ол оқытудың диалогтік әдісі, мұғалім тақырыпқа байланысты туындататын сұрақтарды мұқият ойластырып дайындайды. Әңгімелесу жаңа білімді, іс - әрекет ережелерін жеңіл меңгеруге жол ашады. Проблеманы түсінуде, шешуде, мұғалім мен оқушының іс - әрекетін ынтымақтастықта ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдік қорын тексеріп байқауына болады.

Әңгімелесу арқылы оқушылардың ой-өрісі, өзіндік жеке пікір құрастырып, оны жариялау, коммуникативтік қабілеттері дамиды, яғни сөйлесу, пікірлесу мәдениеті қалыптасады.

Әңгімелесу нәтижесі көбінесе қойылатын сұрақтардың мазмұнына байланысты. Мұғалім оқушылардың әңгімелесу барысында жауаптары толық, аяқталған болуын қадағалауы тиіс.

Әңгімелесу бейнелеу өнері пәнінің заттан қарап бейнелеу сабағында заттардың көлемін, құрылысын, түстік ерекшелігін талдауда, жекелеген өнер туындыларының композициялық, мазмұндық құрылымына талдау жасауды, оқушылардың аяқталған практикалық жұмыстарын талдауда кеңінен өткізіледі.

Оқу - тәрбие барысында дидактикалық талаптарға сай жоспарланған әңгімелесудің мынадай мүмкіндіктері бар:

  • оө-өрісті, тілді дамыту;
  • оқушылардың білімін тексеру;
  • оқуға ынтасын арттыру;
  • сөйлеу, сөйлесу мәдениетін дамыту;
  • тәрбие беру;
  • оқытуды ізгілендіру.

1. 1. 2 Көрнекілік әдіс

Көрнекілік әдісті - әсіресе бастауыш сыныптардың алғашқы сатысында қолдану өте маңызды. Ол оқушылардың құбылысты, оқиғаны, мәселені, оны шешу жолдарын көріп сезініп қабылдауына, түсінуіне, есінде сақтауына, заттардың құрылысын, қасиеттерін өз беттерімен немесе оқытушының көмегімен зерттеп тануына мүмкіндік жасайды. Көрнекілік әдіс сонымен қатар оқушының байқампаздық, есте сақтау, салыстыру арқылы талдау қасиеттерін дамытады.

Бейнелеу өнері сабағындағы көрнекілік әдісі демонстрациялау, иллюстрациялау, экрандық бейнелеу, дыбыстық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

Демонстрациялау - ол заттың сыртқы пішінін, ішкі құрылысын көрсету, қатар тұрған нәрселердің пропорциялық арақатынасын, кеңістікте орналасуын көрсету, табиғат көрінісін, көңіл күйін көрсету. Демонстрация­лау кезіндегі бақылау, талдау, зерттеуді жүйелі жүргізу керек. Ол заттардың немесе табиғаттың жалпы бейнесінен жекелеген ерекшеліктеріне көшу.

Оқушылардың демонстрацияланған көрініс немесе заттар туралы өздері әңгімелеуі өте маңызды. Ол оқушы­лардың қоршаған орта туралы өз пікірлерін, көзқарастарын қалыптастырады, коммуникативтік қабілеттерін арттырады. Демонстрациялау кезінде мұғалім әңгімесі басты рөл атқармай жетекші рөл атқаруы қажет.

Иллюстрациялау - ол заттың, құбылыстың, көріністің суреттік бейнелері, яғни бейнелеу ережелері, суретшілер шығармаларының репродукциялары, фото- суреттер, кестелер, технологиялық карталарды көрсе­ту және сабақ барысындағы мұғалімнің тақтаға орындаған түсіндірме суреттері болып табылады. Бұл тәсіл бейнелеу өнері сабақтарының барлығында дерлік қолданылады. Иллюстрациялау тәсілі мен демонстрация­лау тәсілдері бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, сабақта перспектива заңдылықтарын әңгіме еткенде оны алғашында шынайы кеңістікте де- монстрациялап көрсетсек, содан соң оны жазықтық бетінде бейнелеу ережелерін ілме көрнекіліктерден не­месе тақтада иллюстрациялап көрсетеміз. Иллюстрация­лау тәсілінің нәтижелі болуы ол, мұғалімнің көрсету әдістемелік шеберлігіне байланысты. Ол үшін мұғалім көрсетілетін көрнекіліктің сабақ барысындағы дидак­тикалық маңызын, танымдық рөлін анықтап білуі қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай, сабақ барысын­да шамадан тыс көрнекіліктер оқушылардың көңілін негізгі мәселеден ауытқытуы мүмкін. Сондықтан да мұғалім алдын ала дайындаған көрнекіліктерді әңгіме болатын мәселе кезінде ғана бастап көрсеткені дұрыс.

Экранды бейнелік тәсілі мәселені, көріністерді, репродукцияларды, т. б. мәліметтерді кодоскоп, эпипроек­тор, киноаппаратур, бейнемагнитофон, теледидар, ком­пьютер арқылы көрсету болып табылады. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа ерекше қызығушылығын арттырады, танымдық деңгейін көтереді, мәлімет алудағы техникалық құралдардың орнын көрсетеді. Осы техникалық құралдарды, оларға салынатын мәліметтерді мұғалім алдын ала әзірлеп, диафильм, кинофильмдердегі жетекші мәтіндер мазмұнымен танысады. Бұл тәсіл көбінесе суретшілер шығармашылығымен, бейне­леу өнерінің түрлерімен танысу сабақтарында кеңінен қолданылады. Экранды бейнелік тәсіл тек жаңа мәлімет беру ғана емес, сонымен қатар тексеру, бекіту, қорытындылау, яғни дидактикалық іс-әрекеттердің барлығында пайдаланылады.

Бұл тәсілдің тағы да бір ерекшелігі, қоршаған ортадағы немесе жұмыс барысындағы ұзақ мерзімді процесті тездетіп көруге болады.

Мысалы, жазғы табиғат көрінісінің күзге айналуын, соған байланысты аспан, жердің, өсімдіктердің түстерінің өзгеру барысын немесе қас-қағымда тез орындалатын жұмыс барысын баяу көрсетуге болады.

Дыбыстық тәсілдерде сабақ барысында оқушылардың жаңа материалды меңгеруіне, қиялдауына, шығармашылық образды елестетуіне мүмкіндік жасайды. Бұл тәсіл грампластинкалар, магниттік таспалар, әр түрлі музыка аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, "Ертегілер кейіпкерлерін бейнелейік" тақырыбындағы сабақта белгілі бір ертегіні толық немесе үзіндісін грампластинка, магниттік таспа арқылы тыңдатып, оқиға желісін, мазмұнын оқушыларға талдатуға болады. "Табиғат көрінісін бейнелейік" деген тақырыпта өткізілетін сабақта өзен-көлдердегі құстардың, терек жапырақтардың шуылы немесе музыкалық шығармалар пайдаланып оқушылардың қиялына, елестетуіне көмектесуге болады.

Сонымен корнекілік әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің барлық кезеңінде қолданылады. Олар жан- жақты образдық қабылдауға және ойлануға негізгі тірек болады.

1. 1. 3 Практикалық әдіс

Практикалық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс- әрекетте жүзеге асыру, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар, эскиздер және сабақ тақырыбы бойынша суреттер орындау, көркем жобалау (дизайн) жұмыстары болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнінде практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады, өйткені онда көру, сезініп қабылдаудан басқа барлық дерлік сабақта машықтың іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру орын алады.

Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру (тік, көлбеу, доға), қылқаламмен бояу (құрғақ қағазды бояу, сулы қағазды бояу) жұмыстарына машықтану арқылы сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Нобайлар, эскиздер орындау заттан қарап немесе тақырыптық бейнелеу алдында орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын, перспективалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады.

Машықтық әдіс барысында мұгалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаны және оған байланысты іскерлік дағдыларды қалай меңгергенін де байқауына болады.

Машықтың әдісті сабақ барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол жаңа сабақ материалы, жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді, мұғалім бақылаушы, қажет бол­ған жағдайда нұсқау беруші ретінде болады. Ал келесі жағдайда бейнелеу іс-әрекетінің әрбір кезеңдерін жеке- жеке түсіндіріп, бейнелетіп, мұғалім оқушыларды машықты жұмыс барысында жетелеп отырады. Оқушыларды сабақ барысындағы машықтың іс-әрекеттерді жоспарлы, жүйелі, саналы жүргізуге дағдыландыру керек. Ол оқушыларды кез келген жұмыс барысын жүйелі, ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.

1. 1. 4 Репродуктивтік әдіс

Репродуктивтік әдіс - ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың алдына ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-әрекеттерді өткен сабақтардағы білім мен іс-әрекеттерді бірнеше рет еске түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады.

Репродуктивік әдіс өткен білімді, іс-әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып, жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді.

Мысалы, 1-сынынтағы "Ұлттық киімдерді әшекейлейік" тақырыбындағы сабақта өткен сабақтардағы танысқан ою-өрнек түрлерін және жолақ ішін безендіру әдістерін сұрақтар қою арқылы еске түсіріп, сол ою- өрнектерді безендіру әдісін қайталап, осы сабақтағы безендіру жұмысына тірек етіп алуға болатындығын айтуға болады.

Репродуктивтік әдіс арқылы мұғалім оқушылардың білімдік қорының деңгейін тексеріп, бақылап отыруына қол жеткізеді және оқушылардың өздері меңгерген іс-әрекеттер мен білімдердің өзара тығыз байланысты екендігін тануға мүмкіндік жасайды.

Бұл әдісті әр оқу тоқсанының немесе оқу жылы аяғындағы сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі болады.

1. 1. 5 Проблемалық әдіс

Проблемалық әдіс - оқу-тәрбие барысында оқушы­лардың алдына тақырыпқа байланысты дүниетанымдық, іс-әрекеттік проблемалық жағдайлар туғызу. Ол сабақ мазмұнына байланысты белгілі бір проблемалық сұрақтар, тапсырмалар, оқушылар сол проблеманы ғылыми, шығармашылық тұрғыдан ізденістер жасап, зерттеп, салыстырып, ойланын шешуге талаптанады.

Проблемалық тапсырмалар жеке оқушыларға немесе ұжымдық, топтық шешу мақсатында беріледі. Ұжымға немесе топтарға қойылған проблемаларды шешу бары­сында оқушылар бір-бірімен ақылдасып, пікірлесіп, ойланып шешуге әрекет жасайды. Ол әрекет оқушыларды ұжымдылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар, ол әдіс оқушының логикалық ой-өрісін, қиялын, дүниетанымын молайтып, сабаққа сапалы ынтасын арттырып, өз ой-пікірлерін дәлелдей білуге үйретеді.

Мысалы, 2-сыныпта "Көктем келді” тақырыбына табиғат көрінісін бейнелеу сабағында оқушыларға мынадай проблемалық сұрақ қоюға болады. Табиғат көрінісіндегі шөптердің, ағаш жапырақтарының жасыл түсі алыстап көкжиекке барған сайын неге көгілдір түске айнала береді?

Көктемгі жылғалардан аққан суға, қағаздан жасап жіберген қайығымыз неге батып кетпейді?

4-сыныптағы "Затқа қарап сурет салу” тақырыбындағы сабақта көк құмырага түскен сары алманың сәулесі қандай түс болады? немесе К. Муллашев "Жер және уақыт" шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? деген секілді проблемалық сұрақтар қоюға бола­ды. Проблемалық әдіс оқушыларды тек сол қойылған проблема төңірегінде ғана емес, сонымен қатар соған ұқсас проблемаларды да еске түсіріп, ойлануға, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім қабылдауға үйретеді.

1. 1. 6 Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс

Бұл әдіс оқу-тәрбие процесінде оқушылардың алдына қойылган проблемаларды бірте-бірте өз беттерімен шешу үшін алдын ала зерттеу жолдарын ұйымдастыруды үйретеді. Мұғалім оқушылар алдына қойылған проблеманы шешу жолдарын өздерімен бірігіп жоспарлайды. Мысалы, жоғарыда айтылған К. Муллашевтың ”Жер және уақыт” шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? деген проблемалық жағдайды шешу үшін мұғалім оқушыларға бірінші проблеманы жалпы көру керектігін, екіншіден оған өз бетімен болжам айту керектігін, үшіншіден ол өз болжамын деректермен қорытындылап дәлелдеу керектігін, төртіншіден оны тексеру жолдарын құрастыру керектігін айтады. Мұғалім осындай жүйе бойынша проблеманы шешуге әкелетін сұрақтар қояды және іздену кезеңдеріне оқушылардың тегіс қатысуын қадағалап ұйымдастырады. Оқушылар осыған дейін алған білімдерін пайдаланып ізденеді.

1. 1. 7 Зерттеу әдісі

Зерттеу әдісі оқушылардың шығармашылық-танымдық жұмыстарын ғылыми деңгейге жақындатуды коздейді. Оның негізін жаңа проблемаларды шешу жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс- әрекет тәсілдерін ұйымдастыру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Қазақ өнерінің тарихы
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Саусақпен сурет салу әдісі
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz