Паратуберкулез


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Патологиялық анатомия (патологиялық морфология) - жануарлар мен адамның орғанизімінде түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп, анықтайтын ғылым. Патологиялық физиология - дертке шалдыққын организмдегі тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын ғылым. Сайлып келгенде, патологиялық анатомия мен патологиялық физиология қомақты, әрі көлемді ғылымның - патологиялық (грекше Pathos - зардап, iogos - ілім) бір түбірі.

Организмдегі ауру салдарынан болған морфологиялық өзгерістерді зерттеу үшін, патанатомиялық сынама өлікті жарып - зерттеу арқылы ( аutopsia, грекше auto - өз көзімен көру, лат. Sectio - кесу, тілу), хирургиялық операция барысында, биопсия (грекше bios - өмір, тіршілік, латынша psia - тілу) жолымен сондай - ақ сау жануарларға арнайы эксперимент қою арқылы алынады. Олардын ішінде аутопсия жолымен алынатын сынаманың орны бөлек: бұл әдіс патологиялық процестерді табиғи даму барысында зерттеуге мүмкіндік береді, белгілі бір аурудаң өлген жануарлардың өліктерін сойып, зерттеу арқылы саңқилы деректі мағұлматтарды жинауға6 оларды салыстыра отырып, сол аурудың потогенезін білуге болады.

Инфекциялық аурулар - жануар организмінің резистенттілігін төмендетеді, сонымен қатар ауыл шаруашылыққа тигізетін зияны зор. Малдың қондылығын төмендетіп, әр түрлі ауруларға шалдықтырады.
Осы аурулардың спецификалық қасиеттерінің бірі қоздырғыштың ауру жануардың сау жануарларға берілуі.
Инфекциялық аурулардың, ең қауіпті аурулар тобына жатқызуға болады. Өйткені олар, кейбір жағдайда шаруашылыққа үлкен экономикалық шығын тигізеді, ал кейбіреулері жануарлардан адамға да берілуі мүмкін.
Мәселен, паратуберкулез ауруына барлық ауыл шаруашылық малдары бейім. Паратуберкулез (Paratuberkulez) немесе солма - созылмалы өтетін, ішектің баяу өрбіп, еселеніп қабынуы мен оқтын-оқтын іш өтуі арқылы ерекшеленетін, шектен тыс арықтауға әкеліп соқтыратын жұқпалы ауру.

1895 ж. Х. Ионе мен Г. Фротингем ауырған сиырдың ішегінен алынған жұғындыдан инфекция қоздырушысын тауып, сипаттады. Б. Банг 1906 ж. ауруды бұзауға қолдан жұқтырды.

Қоздырушысы - Mycobacterium avium subsp. Paratuberculosis, бұрынғы атауы. Mycobacterium paratuberculosis - жіңішке, полиморфты, қысқа таяқша (0, 5-1, 5 0, 2-0, 5мкм), қышқылға, спиртке, антиформинге төзімді, өозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді.
Курстық жұмыстың мақсаты:

- жұқпалы аурулардың, соның ішінде сүтқоректілердің паратуберкулезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау және жарып- сою хаттамасын жүргізу болып табылады.

ІІ. Әдебиетке шолу.

Паратуберкулез ірі қара өсіретін барлық дамыған елдерде кездеседі. Овдиенко Н. П. басқа иегерлерімен бірге АҚШ-та ірі қара арасында 3527, Азияда 355, Африкада 303 ошақ тіркелгенін, Океания елінде 365 ошақтан 2038 ірі қараның паратуберкулезбен ауырғанын келтіреді. Дәрігерлер бұл кесел адамдар арасында 1970 ж қарай азаяды дегенімен паратуберкулез микобактериясы қайта өршіп, 1990 жылдардан бері 200 млн. -нан астам адам осы аурудан қайтыс болса, кеселге шалдыққан адамдардың 80% 15-50 жастағылар. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) есебі бойынша осы дерттен алдағы 20 жыл ішінде 70 миллион адам өледі, ауыратын адамдар саны 200 млн. -ға жетеді деген болжам айтуда. ДДҰ 1993 ж осы дертті жою ең үлкен өзекті мәселе, -деп атады. Республикамызда бұл көрсеткіш адамдар арасында эпидемия түрінде өтуде және ТМД елдерінің арасында бірінші орында тұр (Сағын Х., 2006)

А. И. Бакулов [1] мәліметінде паратуберкулез әр түрлі органдар мен ұлпаларда спецификалық түйіншіктері (туберкулдер) құраумен сипатталатын үй және жабайы жануарлардың, оның ішінде құстардың сонымен қатар адамның созылмалы жұқпалы ауруы. Таралуы барлық жерде, бірақ бірталай елдер (Дания, Швейцария, Голландия және т. б. ) малдың бұл ауруынан таза деп саналады. Микробактериялардың адамдық түрі көбірек адамға қауіпті, бұқанікі-ірі қараға, құстардік-құстарға. Бірақ қоздырушының бұқалық түрі сүтқоректі жануарлардың басқада көптеген түрлері үшін, құстар патогенезі, адамдар үшін қауіпті, құстардікі-шошқаларға, сонымен қатар құстарға және сирегірек-ірі қара малына қауіпті.

Т. Сайдулдин [2] мәліметі бойынша, паратуберкулез ауруының патогенезі мен клиникалық белгілеріне тоқталып, сипаттап берген. Ірі қара малының паратуберкулезі оның өкпесі мен желінді зақымдаумен өтеді; кейде құрсақ, ішек, бүйрек, сүйек, сіңірді зақымдаумен өтеді.

Паратуберкулез кезінде дене температурасы 39, 5-40°С көтерілуі мүмкін. Қою қақырығы бар жөтел пайда болады, әсіресе салқын су бергенде, салқын ауа райы кезінде күшейе түседі. Малдың тәбеті жақсы болса да, біртіндеп мал арықтайды. Демікпе пайда болады, өкпеден қырыл естіледі. Барлық мүшелердегі лимфа түйіндері тауық жұмыртқасындай көлеміндей ұлғаяды. Ауру мал қатты арықтау нәтижесінде өліп кетуі мүмкін.

Желіннің паратуберкулезінде желін асты лимфа түйіндері зақымдалып, көлемі тез ұлғайып, аз қозғалмалы түйіршікті болып келеді. Зақымдалған желін тығыз, ыстық, ауырсынған болады, кейін жұмсарып көлемі азаяды. Зақымдалған желін сүті сулы, сары-қоңыр түсті болады. Мұндай сүттен көптеген паратуберкулез микробтары кездеседі.

Ішек паратуберкулезі кезінде ұзақ уақытқа созылған іш өтумен сипатталады. Кейін жануар арықтап өлуі де мүмкін.

Ә. Әбутәліповтің [3] зерттеуінше, паратуберкулез-әр түрлі органдарда спецификалық түйіншіктер құраумен сипатталатын үй және жабайы жануарлардың. Оның ішінде құстардың созылмалы инфекциялық ауру болып табылады. Ол организмде паратуберкулездің пайда болуымен казеозды ошақтардың бұзылуымен сипатталады. Жануар жәнне адам қоздырушысы қышқылды микроб әсерінен пайда болады. Олар кебуге және дезинфекциялық заттарға төзімді келеді.

Паратуберкулезге ірі қара малы, ешкі, қой және тауықтар бейім. Бейімділігі төмен жылқы, шошқа, ит және мысық. Паратуберкулез жануарлар арасында «тамшы инфекция» арқылы жұғады. Ауру жануар жөтелгенде қақырықты сыртқы ортаға шығарып, паратуберкулезді микробты сыртқа шығарады. Қақырықтың кішкентай бөлшектері ауада қалып, сау жануарларға тыныс жолдары арқылы ішке енеді. Жануарлар бір-біріне тығыз әрі жақын орналасқан сайын паратуберкулезді жұқтыру қауіпі де жоғары. Содан басқа паратуберкулез «шаңды инфекция» арқылы жұғады. Ауру жануарлардың жөтелу нәтижесінде қақырықтың микробтары жерге түсіп, ол кеуіп шаңмен ауаға таралып, басқа сау жануарларға жұғады.

А. В. Жаров [4] дерегі бойынша өкпенің паратуберкулезі кезінде орман жаңғағы көлеміндей болатын сары түсті казеозды немесе іріңді құрамы бар ошақтар көрінеді. Бронхиальды және ортаңғы қабырға лимфа түйіндер көлемі адам жұдырығындай болып көлемі ұлғаяды. Бөліп қарағанда паратуберкулез ошақтарын анық көруге болады.

Өкпе паратуберкулезінде плевра мен перикард қабынуымен өтеді.

Ішек паратуберкулезі кезінде ішектің кілегей қабырғасында паратуберкулезді түйіндер пайда болады.

В. Г. Гаврим [5] мәліметтерінде паратуберкулездің анықтау әдісіне тоқталып кетті. Паратуберкулездің жасырын формасын анықтау үшін туберкулин қолданылады. Туберкулинді ірі қара малына конъюктива арқылы енгізуге болады. Сонымен қатар мойынның терісіне, құйрық асты қыртысына, тері астына енгізеді. Сау жануарларда туберкулинге ешқандай белгі білінбейді. Паратуберкулездің негізгі аллергиялық балауы тері ішіне енгізу болып табылады.

кезінде реакцияны әр 3 сағат сайын 12 сағат ішінде, соңғы бақылау 24 сағатта жүргізіледі.

Егер реакция оң болса, көздің кілегей қабығы қызарады, конъюктива ісіп, көздің ішкі бұрышынан іріңді сұйық ағады. Күмәнді реакцияға конъюктиваның гиперемиясы мен ісінуі жатады, жас ағу болады. Күмәнді және кері реакция берген сиырға 5-6 күн өткеннен кейін қайталап, жүргізеді. Екі күмәнді реакция оң нәтиже белгіленеді.

МІҚ-ға туберкулинизация тері ішіне, мойын етрі қыртысына немесе құйрық асты қыртысына енеді.

Паратуберкулезбен ауру жануарлардың спецификалық реакциясы 12-20 сағаттан соң білінеді. 48-72 сағатта бұл реакция күші одан сайын күшейеді. Бұл реакция диаметрі 35-45-тен 100-120 мм ісік пайда болады. Қабынған ісік қамырлы консистенциялы, жылы және қатты ауырсынумен сипатталады. Мұндай реакция оң болады. Қабыну ісігі әлсіз болғанда реакция күмәнді болады.

Ж. Бердімұратов [6] зерттеуінше, паратуберкулез кезінде жануар қоңдылығына байланыссыз бүкіл зақымдалған мүшелер мен ұлпалар техникалық утильдеуге жіберіледі. Қоңдылығы орташа ұшаны лимфа түйіндері паратуберкулезбен зақымдалған болса, сонымен қатар зақымдалмаған мүшелерді пісіруге, зерттеуге немесе қайта өңдеп консервілеуге жіберіледі. Іш майды ерітеді. Сүйек паратуберкулезі кезінде сүйекті де техникалық утилизацияға жібереді.

Ф. М. Орловтың [7] баяндауынша, созылмалы паратуберкулез өкпеде акцианозды пневмония түрінде өтеді. өкпеде қоңыр-сары түсті ошақтар кездеседі. Өкпе бөлшектерінің түсі көкшіл-қызыл болып келеді. Түйіндер үлкен ошаққа бірігуі мүмкін. Мұндай форма кеверн түзілумен өтеді. Өкпн қуыстарында тығыздалған, қалыңдаған қабырғаларын көруге болады. Лимфа түйіндері ұлғайған.

Шошқалардың паратуберкулезінде біріншілік сатысы жұтқыншақта, ішекте кездеседі. Үлкен шошқаларда паратуберкулез сүйекті, сонымен қатар өкпе, бауыр, сирегірек бүйрек пен безде кездесуі мүмкін.

Қойларда паратуберкулездік процес өкпеде, бауырда, серозды жабын мен желінде өтеді. Жылқыда паратуберкулез сирек кездеседі. Паратуберкулезбен зақымдану мұрын қабырғасының кілегейінде, өкпеде, бауырда болады.

Паратуберкулез ауруының организмде таралуына байланысты жергілікті және генерализірленген деп екіге бөледі. Егер ветеринариялық-санитарлық зерттеу кезінде зақымдалу бөлек орган мен ұша бөліктерінде, (мысалы, өкпеде, ішек, желін, бастың лимфа түйіндерінде) табылса, ол жергілікті болып саналады. Генерализірленген жоғары аталған мүшелерден басқа бүйрек, сүйек және лимфа түйіндерінде кездеседі.

Н. А. Налетовтың [8] дерегінде паратуберкулезді зерттеу микроскопиялық, бактериологиялық, гистологиялық және керек жағдайда биологиялық әдіс жүзеге асырылады.

Материал жұғындының микроскопиясы жарықтық немесе люминесценттік әдіспен жүзеге асырылады.

Себу үшін Петраньяни немесе Гельберг (5-6 пробирка) ортасы ет пептонды агар (1 пробирка) қолданады.

Биологиялық әдіс диагностикалық мақсатта қоздырушы типін анықтауда қолданылады.

Гистологиялық зерттеу кезінде кезінде кесіндіні гемотоксилин-эозинмен бояйды. Қазірге дейін Халықаралық Індет Бюросы (МЭБ) сиыр пара паратуберкулезін балауға ұсынып отырған әдіс-тек ППД аллергиялық реакциясы. Оның әң басты кемшілігі-сезімталдығы (65, 5-84%) мен телімділігінің (50%-ға дейін) төмендігі. Қоңдылығы нашар, иммунитетеі төмен малдарда патологиялық процес денеге жайылған жағдайда организм паратуберкулинге реакция бермейді немесе аллергия болады.

Организмде Мусоbacterium paratuberculosis қоздырушысы болған жағдайда, тіпті кейбір сау малдарда да паратуберкулезге тән емес параллергиялық реакция байқалады.

ППД паратуберкулині мен БЦЖ вакцинасының антигені құрамы бір-біріне ұқсас болғандықтан, бұл әдістің көмегімен малдың жасанда иммунделгенін немесе ауырғанын ажыратуға болмайды. Жоғарыда айтылған әдістердің орнын толтыратын серологиялық әдістердің болашаға зор, құны жоғары әрі маңызды. Осындай әдіс ретінде конглютиндеуші кешенді ұзақ байланыстыру реакциясф (ККҰБР) сиыр паратуберкулезін балауда зерттеліп, оның телімділігі мен сезімталдығы жоғары әдәс екендігі дәлелденген. ККҰБР-де оң нәтиже берген, паратуберкулиндік сынама теріс нәтиже көосеткен сынамалардың 80% бактериологиялық тексерулермен расталған. Паратуберкулез ауруын зерттеу мен оның емдеу шараларына көп үлес қосқандар С. Н. Вышелеский, П. П. Вишневский, М. К. Юсковец, И. В. Ротов, А. В. Акулов, Н. А. Налетов және тағы басқалары. Паратуберкулезді балаудың аллергиялық, серологиялық және патанатомиялық әдістерінің нәтижесін растау үшін бактериологиялық тексеру керек. Сонымен қатар бұл әдіс микобактерияларды анықтауға және ажыратуға мүмкіндік береді. Өйткені патматериалдан көп жағдайда паратуберкулез қоздырушысына тән емес түрлері, не болмаса атиптік микобактериялар бөлінеді. Бұл тексеру ауруды балау кешенінің айырылмас бөлігі болып есептелінеді де, індетке қарсы шараларды дұрыс жоспарлау және ұйымдастыруда шешуші роль атқарады.

Ә. Ж. Нұрмұхамбетовтың [10] зерттеуінше, эпизоотологиялық тізбектегі паратуберкулез қоздырушының таратушысы ит екені анықталды. Мәскеуде паратуберкулезбен ауыратын ит басы 1, 4 млн. Алматыда мұндай көрсеткіш одан да жоғары.

Көптеген зерттеу нәтижесінде ит арасындағы паратуберкулез таралуы М. Тubercuiosis ауру адамнан итке немесе керісінше болуы мүмкін. Сөйтіп H. Froecher 15% иттерде ошақты паратуберкулезі бацилло бөлуші болып табылады. Ф. Г. Понамарев паратуберкулезге 28 иттерде аллергиялық зерттеуде 29, 2% тітіркендіреді. Е. Н. Авглов 102 иттің ішінде 20, 8% паратуберкулезбен ауыратындығы анықталған.

Б. К. Толысбаевтың [11] зерттеуінше паратуберкулезбен ауыратын жануарларда дезинфекциялық препараттардың қолдануын ұсынған. Дезинфекцияның негізгі мақсаты эпизоотологиялық тізбекті үзу, яғни инфекция көзін қабылдаушы оргинизмге берілуін болдырмау болып табылады. Қазіргі кезде ветеринарияда түрлі дезинфекциялық заттар қолданады. Баетерицидтік көпірік-препаратты формалы, әсер етуі ұзақ. Сонымен қатар дезинфектат ретінде Йодез препаратын қолдануға болатынын анықталды. Йодез препараты кешенді болып келеді. Оның құрамына кристалды йод пен сополимер кіреді. Ол қою, сироп тәрізді, қою-қоңыр түсті, суда толықтай ериді. Қорадағы бүкіл жерлерді дезинфекциялап, паратуберкулезді алдын алудың ең тиімді жолы болып келеді.

Ж. Б. Ахметовтың [12] дерегі бойынша паратуберкулезбен ауыратын анықтаған ірі қара малын бөлек ұстайды. Зақымдалған органдар мен ұлпаларды конфискілеп, қолдануға тиым салады. Паратуберкулезді ит пен мысықты мүлдем жояды. Сиыр сүтін 85°С-та 30 минут бойы қайнатады. Қора-жайды 3% формальдегидпен, 3% натриймен, сонымен қатар 10% хлорлы известпен дезинфекциялайды. Нәжісті биотермиялық жолмен залалсыздандырады. Зақымдалған қора-жай, жпйылым және су қоймаларын бейім малдар үшін тек қана келесі жылы қолданады.

Х. С. Жұмабековтің [13] дерегінде жоғарыда тоқталып кеткен паратуберкулинизация туралы айтылған, яғни әр түлік малдарға паратуберкулин дозасы айтылған.

Қой мен ешкіге паратуберкулинді құйрық асты қыртысының біріне 0, 1-0, 15 мл паратуберкулинді енгізеді.

Шошқаларға құлақтың сыртқы жағына 0, 1-0, 15 мл парауберкулинді енгізеді. Реакция 48-72 сағаттан соң белгі береді. Реакция оң болса терінің қабыну ісігі пайда болады.

Б. Ф. Бессараевтің [14] мәліметі бойынша, торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз парауберкулез бұдырмағы-паратуберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады.

Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпасы капсуламаен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпаға қоректік заттар келмеген соң және микробтың уының әсерінен өлі еттеніп, ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға (казеоз) айналады. Паратуберкулез ауруы кезінде денеге енген ауру қоздырушының төңірегінде торшалардың полиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығаруы нәтижесінде қабыну процестері өрбиді. Ол малға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоиды торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды.

Ө. Ы. Ығыманұлының [15] айтуы бойынша, паратуберкулез кезінде морфологиялық реакциялар бір-біріне ұқсамайды, бұл яғни микобактериялардың вирулентілігімен және организмнің реактивтілік күшімен байланысты. Паратуберкулез кезінде және басқада қабыну кезінде кезеңдердің ауысуын байқаймыз-альтерация, экссудация және пролиферация, алайда олар кейде нақты байқалмайды және кезектесуі сақталмайды. МІҚ-да алғашқы паратуберкулез көп жағдайда бәсеңдейді. Алғашқы ошақтардан процесс лимфогенді, гемотогенді және интраканалокулярлы таралады. Таралу процесінің нәтижесінде біріншілік туберкулез бір немесе бірнеше мүшелерде дамиды. Микобактерияларды үлкен қан айналу шеңбері арқылы тасығанда генерализдік паратуберкулез пайда болады. Өкпенің алғашқы туберкулезінде 18 жағдайында 13 жануарларда туберкулез ошағынан казеозды масса бронхаларға енеді. Мұндай белгілері бпр жануарлар микобактерияларды тыныс алу органдары арқылы шығарады, бұл инфекция таралуының қауіпті ошағын құрайды.

ІІІ. Негізгі бөлім.
3. 1. Паратуберкулез ауруына сипаттама. Қоздырушысы. Төзімділігі. Дерттенуі.

Паратуберкулез ( Paratuberkulez ) немесе солма - созылмалы өтетін, ішектің баяу өрбіп, еселеніп қабынуы мен оқтын-оқтын іш өтуі арқылы ерекшеленетін, шектен тыс арықтауға әкеліп соқтыратын жұқпалы ауру.

1895 ж. Х. Ионе мен Г. Фротингем ауырған сиырдың ішегінен алынған жұғындыдан инфекция қоздырушысын тауып, сипаттады. Б. Банг 1906 ж. ауруды бұзауға қолдан жұқтырды.

Қоздырушысы - Mycobacterium avium subsp. Paratuberculosis, бұрынғы атауы. Mycobacterium paratuberculosis - жіңішке, полиморфты, қысқа таяқша (0, 5-1, 5 0, 2-0, 5мкм), қышқылға, спиртке, антиформинге төзімді, өозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді, Циль-Нильсен әдісімен жақсы боялады, ауру малдың нәжісінен зақымданған ішек пен шажырқай сөл түйінінен алынған, жағындыда үймелеп, топтасып, кейде жеке дара немесе жұптанып орналасады. Жасанды қоректік ортада баяу өседі де, өсінді шоғыры 15-120 күн өткенде пайда болады. Кәдімгі қоректік ортада өспейді. Өсіру үшін арнайы Дюбо-Смиттің өзгертілген казеин ортасы, Данкин, Ренжер, Лоң, Генгли өоректік орталары пайдаланылады. Сұйық ортада өсірілгенде ауру жұққан малда аллергиялық реакция беретін улы зат паратуберккулин немесе йонин пайда болады. Паратуберкулездің микобактериясы зертханалық жануарлар үшін зардапсыз.

Төзімділігі. Солманың микробы сыртқы орта мен дезинфектанттардың әсеріне айтарлықтай төзімді. Топырақ пен көңде 10-12 ай, жемшөп пен суда 8-10 ай сақталады. 85°С кезінде1-5мин., жабық ыдыста қыздырылған сүтте 63°С кезінде 30мин., 80°С кезінде 1-5 мин., өткенде өледі. Күн сәулесі 10айда жояды. Кейбір туберкулезге қарсы қолданылатын синтетикалық қоспалар, сульфаниламидтер мен антибиотиктер паратуберкулездің өоздырушысын өлтіре алмайды, тек қана (in vitro) өсуін тоқтатады. Бұл микроб үшін ең сенімді дезинфектант формальдегидтің 3% сілтідегі (3%күйдіргіш натрий) ерітіндісі, 20 % жаңадан сөндірілген әк, 1:500 езілген алмас (сулема), ксилонафтың 5% эмульсиясы болып есептеледі.

Індеттік ерекшеліктері. Паратуберкулезбен негізінен сиыр, қой, түйе сирегірек басқа күйіс қайыратын жануарлар: ешкі, қодас, бұғы ауырады. Кейбір жағдайда бірен-саран зоопаркте ұсталатын жабайы күйіс қайыратын жануарлар ауырады.

Көбінесе солма аздаған індеттік тұтану ретінде оқтын-оқтын байқалып тұрады. 4 айға дейінгі бұзау және 2-3 жасқа дейінгі түйеге ауру тез жұғады. Сөйтсе де, жасырын кезеңі өте ұзақ болғандықтан негізінен аналық малда 1-2 рет төлдегеннен кейін ғана білінеді. Малдың нашар күтімі, бір жақты сүрлем, сірне, болжыр сияқты қышқыл азықтармен қоректендіру, минералды заттардың жетімсіздігі, глист инвазиялары, суыққа немесе ыстыққа шалдығу аурудың таралуына ықпал етеді. Сонымен қатар, басқа жақтан әкелінген жерсінбеген жануарларға үйреншікті емес. Жайсыз жағдайда солма тез жұғады.

Паратуберкулез жылдың кез-келген маусымында байқалады. Қышқыл, балшықты, сортан топырақты өлкелерде, жемшөпте, қоспа және калций тұздары жетімсіз болғанда, жиі кездеседі.

Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және микроб алып жүретін жануарлар. Олар өоздырушыны нәжіспен, шаранамен, несеппен, тіпті сүтпен де бөліп шығарады. Қоздырушыны таратушы факторларға ластанған су, малды күту жабдықтары жатады. Ауру жайылым арқылы да жұғады. Жас төлге сүтпен немесе уызбен де беріледі. Төлдің тіпті тумай тұрып енесінен солманың микробын жұқтыруы да мүмкін.

Дерттенуі. Алиментарлық жолмен енгенде паратуберкулездің өоздырушысы аш ішектің зақымданған эпителийінен өтіп, ретикулярлық клеткалар арқылы фагацитозға ұшырайды. Тұтылған микобактериялар құрамындағы стеарин қышқылдары мен балауыз тақлеттес заттардың арқасында қорытылмайды да, босап шыққан микробтар қайтадан фагациттермен тұтылады. Бастапқыда ішектің түбінде, кейіннен тереңгі қабатында және шажырқай сөл түйіндерінде микобактериялармен зақымданған макрофагтар шоғырланады. Осыдан барып ішектің эпителийі мен сөл түйіндері атрофияға және ұлғайып қабынуға ұшырайды. Ішектің ферменттік, секреттік және сору қызметі, минералдық және су алмасу бұзылады. Бұның бәрі организмнің интоксикациясы мен арықтауына әкеліп соғады.

3. 2. Аурудың өтуімен симптомдары. Паталогиялық анатомиялық өзгерістер.

Өтуімен симптомдары. Жасырын кезеңі 1 айдан 12 айға дейін, ірі қарада 2-6 жылға дейін созылады. Ауру созылмалы өтеді де, симптом (латентті, субклиникалық) және клиникалық кезеңдерге бөлінеді. Симптомсыз кезеңі малдың физиологиялық күйіне байланысты өсіп жетілуінің баяулауы, қоңдылығының төмендеуі арқылы байқалады да бірнеше жылға дейңн созылады. Ауру әсіресе, қойда симптомсыз өтеді де, клиникалық белгілері күтімі нашарлаганда, қоздаганнан кейінгі уақытта байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде сүтқоректілердің паратуберкулезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Паратуберкулез туралы
Жануарлардың туберкулезі
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде жылқылардың жұқпалы анемиясының шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау және жарып-сою хаттамасын жүргізу
Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Қой мен ешкіні су, әуе, темір жолмен, автокөлікпен импорттау ,экспорттау кезінде ел ішінде тасымалдау кезінде қойылатын талаптар ветеринариялық- санитариялық бақылау
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Жануарлардың ішкі аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz