Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында сөздік қорларын дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АНЫҚТАМАЛАР . . .
3: 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
3: 5
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
3: 6
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ДҰРЫС СӨЙЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі . . .
3: 8
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 2 Сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама . . .
3: 19
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 3 Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер . . .
3: 28
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
3:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН БАЙЫТУ
3:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыру жолдары . . .
3: 31
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 2 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны . . .
3: 44
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 3 Сөз мәдениеті - мұғалім шығармашылық еңбегі (мұғалімнің дұрыс сөйлеуге үйретудегі оқыту қызметі ) . . .
3: 46
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
3:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3 3-СЫНЫП ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҒЫНДА СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ
3:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 1 3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы . . .
3: 53
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 2 3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралына енген материалдар мен оқулықтағы көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері . . .
3: 56
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 3 Оқулықтағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту . . .
3: 65
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
3:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 74
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 77
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОСЫМШАЛАР
3:

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сәйкес жасалынған:

  1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 Білім туралы Заңы.
  2. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
  3. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама.
  5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты.
  6. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана.
  7. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
  8. Щучинск қаласының № 5 орта мектебінің есебі, өткізілген сабақтар.

АНЫҚТАМАЛАР

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.

Тәрбие, тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Мәдениет - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.

Классификациялау - барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.

Индукция - жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі.

Дедукция - жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі.

Аналогия - объектілердің бір белгілерінің уқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де уқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы

ББМС - Білім берудің мемлекеттік стандарты

ОБД - Оқушылардың білім деңгейі

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени - ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Оқушының ой - өрісінің, сана - сезімінің жан - жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ екені ақиқат.

Қазақстан Республикасың президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті. (51)

Қазақстан Республикасы Заңының 4 - тараудың 16 - бабын қарастырып өтсек.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін - өзі көрсетудің, мінез - құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - 4 - жыл.

Білім және ғылым минстрлігі «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынылды.

Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде, Н. Ә. Назарбаев « Шешімін күткен мәселелердің қордаланып қалғаны да осы жер . . . орта және жоғары білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек » деп атап көрсеткен еді. (52)

Білім беру жүйесіне енгізілетін түбегейлі жаңалық - ол 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшумен бірге, орта білім берудің III сатысында, яғни 11-12 сыныптарда бейіндік оқыту мен техникалық және кәсіптік білім беру.

Осы екі бағыттың қайсысында оқығанымен, оқушыларға 12 жылдық оқу бағдарламасы деңгейінде білім беріледі және жобада көрсетілгендей « орта білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен - Бірыңғай ұлттық тестілеумен аяқталады.

Орта білім алу міндеттілігі, яғни 12 жылдық білім беру бағдарламасына сәйкес білім алу міндеттілігі еліміздің Конституциясының 30 - бабына сәйкес келеді. (57)

Бүгінгі таңда Қазақстанға дамыған шет елдердің орта білім беру жүйесінің моделі неғұрлым тиімді болады деп ойлаймыз. Қазақстанда міндетті орта білім екі сатымен (бастауыш және орта - 10 сынып) шектелуі тиіс, ал 11 және 12 сыныптар жоғары оқу орындарында іргелі білім алуға негіз болатын арнайы пәндерден дәріс беретін жоғары орта білім сатысына айналғаны жөн деп есептейміз.

Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

2004 жылы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға негізделген 12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты (ББМС) жарық көрді. 12 жылдық білім берудің ең негізі бастауыш буыннан басталады. 12 жылдық мектепке көшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, «ынтымақтастықта оқыту», жобалар әдісі, оқытудың әр деңгейлі топтың және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау», сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері пайдаланылуы тиіс.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бастауыш мектепте әдебиеттік оқу сабағын оқыту барысында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету;

Міндеттері: зерттеудің мәселесі, нысанасы, пәні және мақсатына сәйкес зерттеудің мынадай міндеттері таңдап алынды:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының сөзік қорын, сөз мәдениетін қалыптастырудағы теориялық білімдер мен педагогикалық еңбектерге тоқталып, шолу жасау.
  2. Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолдарын құру.
  3. Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы маңызын ашып, ұсынылған бағыттарды практикалық қолдана білу.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша сұрақ-жауап, бақылау, байқау, әңгімелесу әдістері қолданылды. Психологиялық, педагогикалық, және әдістемелік әдебиеттермен танысып, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу базасы: Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, № 5 орта мектебінде өткізілді.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жұмыста 2 кесте, 4 сурет бар.

1 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ДҰРЫС СӨЙЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі

Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылым негіздері әдебиеттік оқу арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқудың заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларында еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр. Өйткені - тіл дамыту сайып келгенде ой дамыту.

Тіл дамыту - әдебиеттік оқу әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиеттік оқуға ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді.

Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі - оқу-шыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім. Жалпы әдістеме ғылымның бір саласы. (9)

Басқа ғылымдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл ұстартудың ғылыми негіздері - тіл білімі, әдебиет және психология. Өйткені тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей. Қай тілдің болмасын айтылуының грамматикалық және синтаксистік нормативтік ережелері болады. Мұны тіл білімі зерттейді. Ал сөйлеу - психикалық құбылыс. Ол - әр адамның өзіне ғана тән ерекшелігі. Сөйлеуде объективті шындықты осы адамның субъективті түрде бейнелеп, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Яғни адам тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі, сөйлеу - психо-логияның зерттеу объектісі болып табылады. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін мектептегі тіл дамыту жұмыстарын психологиялық ғылымнан оқшау жүргізіліп келеді. Соңғы кезде ғалымдар «Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өркендеп, өмір сүре береді, алайда әдістеме ғылымы психолгиясыз дамып, жетіле алмақ емес. Әдістеме толық мәнді ғылыми пән болуы үшін, ол психологиялық негізге сүйенуі қажет пікірді іс жүзінде дәлелдеп отыр.

Әдістеме теориясында тіл дамыту енді ғана қалыптасып келеді. Оның маңызы, қажеттілігі анықталғанымен, ғылыми негіздері, құралдары, мазмұны мен салалары, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері т. б. жақтары анықталмаған.

Тіл - адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл - адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып, өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.

Тіл - тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіргендерге лағнеті бейнеленген. Тіл - оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізгі арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.

Әдебиеттік оқу, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгертетін де осы пән.

Әдебиеттік оқу пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасымен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.

Еркіндікке қолы жеткен қазақ халқының болашаққа артқан үміті, сенімі осы қазіргі мектепте отырған, келешекте отыратын жаз жеткіншектерімізде. Тіліміз ғана емес, жалпы халық болып сақталып қалуымыздың өзі қазіргі оқушыларымызға әдебиеттік оқу қалай меңгертуімізге байланысты. Енді бұл мәселеде жетпіс жылдай танытқан енжарлығымыздан таймасақ, белсенділік танытпасақ, тілсіз, тарихсыз мәңгүрт тобырға айналуымыз анық.

Міне, сондықтан саналы ересек ұрпаққа ұлы жауапкершілік жүктелмек, ол жауапкершілік - ата-бабамыздың әр сөзін сан ғасыр бойы сомдап жасаған ұлы қазына әдебиеттік оқу көздің қарашығындай сақтап, кіршіксіз күйде келешек аманат етіп тапсыру. Сол арқылы жеткіншегіне туған халқының ақыл-ой тұжырымын, дәстүр-салтын игерту. «біздің қазақтың ісң жаңа басталып келе жатыр . . . XX ғасырға дейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген асыл мүлкін қолына алып, быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас», деп жазған болатын осы ғасырдың басында қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагог А. Байтұрсынов.

Тіл - рухани байлықтың шыңы. Рухани болмыстың деңгейлік баспалдақтары; танымдық, қазыналық, мән-мағыналық. Тілін меңгерген адам - сара жолын сараптап, игерген адам.

Тілді меңгеру ананың ақ сүтінен басталып, бесік жырымен тербетіліп, өмір сатысымен нықталады. Өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу адамды рухани жағынан байытады.

Қазақ тілі - аса бай тіл. Қазақ тілінің тазалығы жайында француз ғалымы А. Жарри дн Манси « Қазақ тілі түркі тілдерініңішіндегі мейлінше таза тілдердің бірі», - десе, В. В. Радлов « Зигро» журналының алтыншы томының 70 бетінде жарық көрген «Средняя зарафшинская долина» мақаласында: «Қазақтың тілі ұшқыр да шешен, ойнақы да, өткір, сұрақ-жауаптарға оңтайлы, кейде тіпті таңқаларлық түрде тапқыр және бәрі де, тіпті оқымаған сауатсыздарының өзі де тілін жетік меңгерген, мұндай жағдайды біз тек Европадағы француздар мен орыстардың бойынан ғана байқаймыз», - деп жазды. (7)

Татар ғалымы А. Саиди 1926 Қазан қаласында басылған «Тіл, әдебиет, жазу әрі олардың өсулері» кітабының 86 бетінде «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі мен қазақ әдебиеті біз мұны ашық айтуымыз керек», - дейді.

Көрнекті жазушымыз Ғабит Мүсірепов: «Ана тілі дегеніміз - ол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың өткенін де, болашағынан да қол үзеді», - деген.

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі - тілдерді қолдану мен дамыту болып отыр. Ел басы Н. Ә. Назарбаев Қазақ тілін өркендетудің нақты 11 жолын атап өтті. (26)

1. Қазақ тілді балабақша санын тиісінше көбейту;

2. Қазақ мектептерінің санын өсіру және осы заманғы технологияның соңғы жетістіктерімен жабдықтау;

3. Қазақстанның барлық мектептерінде оқушылар қазақ тілін еркін меңгеріп шығуы үшін орыс мектептерінде қазақ тілі пәні аптасына екі - үш сағат емес, қазақ мектептеріндегі орыс тілі сияқты бес - алты сағаттық мөлшерде оқытылуы қажет;

4. Барлық орта мектеп оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілі пәнінен міндетті түрде сынақ тапсыруы тиіс;

5. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге оқуға жіберілетін жастар қазақ тілін білуі тиіс;

6. Білім, денсаулық, сауда және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандарының қазақ тілін жетік меңгеруіне ұмтылу;

7. Қазақ тілін жетік білетін мемлекеттік қызметкерлерге жан - жақты қолдау көрсету, әсіресе, мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі қажет;

8. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне жетіктерін баспасөз, теледидардан жиі насихаттап, салт - дәстүр, әдепке байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыруы қажет;

9. «Тілдер туралы» заңды қайта қарап, замана талабына сай өзгерістер енгізу;

10. Бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілінің қолданысы 50 пайыздан кемімеуі;

11. 2010 жылға дейін жасалған « тілдерді дамыту» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізіп, әр облыстың мемлекеттік тілге көшу кестесін сақтау. (25)

Соңғы жылдары журнал беттерінде шыққан мақалаларда да оқушылардың тілін дамыту мәселелеріне әжептеуір көңіл бөлгенін байқаймыз. Бұл жөнінде Ә. Сыдықовтың «Оқу-жазуға үйретуде психология не айтады?» деген мақаласын айтуға болады. Автор бұл мақалада балаларға оқығанда, жазғанда, көп салмақ түсетінін (көру, есту, сөйлеу мүшелері, қолы, саусақтары, мидың 4 түбегі бірдей қызмет істейтінін) айтып, оқуға, жазуға үйрету кезеңін 5-ке бөледі:

Көру, есту, сөйлеу, ойлау мүшелерінің қызметі қолдың қимылымен байланысты. Күштің көбі қол жаттықтыруға кетеді.

  1. Оқушы сөздің, сөйлемнің мазмұнын тез айыруға дағдыланады. Бұл кезде мұғалімнің көмегі керек.
  2. Оқушы өз бетімен оқып, шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойын шығарып, сөз жасау басталады.
  3. Оқыған нәрсені жазады.
  4. Сауалнама, қолхат сияқтыны жазады.

Аманжолұлы Сәрсеннің «Мектепте ана тілді оқытудың мақсаты, оның маңызы» деген мақаласында тіл сабағының мақсаты әңгімеленеді. «Ана тілді оқу тек оқу үшін керек. Балалар ана тілдің жобаларын, қағидаларын судай жаттап алулары шарт емес, оны іс жүзінде, тәжірибеде пайдалана алса ғана, толық білгенге саналады», - дейді автор.

Ана тілді мектептерде оқыту әдістерін зерттеп, нақты әдістемелік еңбектер берген белгілі әдіскер - Шамғали Сарыбайұлы. Ғалымның бастауыш сыныптарда «Қазақ тілін» оқыту жұмысына, орта мектеп оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту әдістеріне арналған еңбектерінде балалардың тілін дамытуға қатысты айтылған құнды ойлар бар. (12)

Ш. Сарыбайұлы еңбектерінде тіл дамыту, жаңа сөздің мағыналарын оқушыларға меңгерту, сөздік жұмысын жүргізу мәселелеріне қатысты пікірлер мол ұшырасады. Мысалы, зерттеуші өзінің «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» деп аталатын еңбегінде оқушыларға емле ережелерін үйрету жолдарын талдау барысында жаңа сөздерді меңгерту жолдарына да тоқталады. «Ол сөздердің жазылуын меңгерту үшін, - деп жазады автор, - төмендегідей әдістерді қолданамыз:

1. Күнделікті оқыған газет, журналдарда кездестірген сөздерді тергізіп, оны күн сайын тергізіп отырамыз.

2. Сол теріліп келген сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп жазуды тапсырамыз.

3. Кейін алфавит тәртібіне енген сөздерді сөздік ретінде алуды тапсырамыз.

4. Сөздік ретінде алынғандардың мағыналарын сөздіктерден қарап, олардың мағынасын біліп келуді тапсырамыз.

5. Ішіне сол сөздер енген сөйлемдерді толтырып жаздырамыз.

6. Оқытып жатқан грамматикалық тақырыпқа байланыстырып, мысалды оқушылардың сөздіктерінен аламыз. Оқып отырған кітаптардағы емлесі қиын терминдік сөздердің жазылуын байқата оқытамыз, азырақ байқата отырып, кейін кітапты жапқызып, жаңағы көрген терминдерін екінші бір оқушыға диктант ретінде айтқызып, дәптерлеріне жаздырамыз».

Ғалымның бұл пікіріне тек термин сөздерді меңгертуге ғана емес, жаңа сөздердің мағыналарын оқушылардың сөздік қорына берік орнықтыруға, сөйтіп олардың тілін дамытуға да қатысы бар. (23)

Бастауыш мектеп оқушыларының сауаттылығын арттырып, тілдерін дамыту жұмыстары әңгімеленген құнды еңбек - профессор Қ. Жұбановтың редакциясымен шыққан «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» деген кітап. Мұнда ана тілдің мақсаты дұрыс көрсетіле келіп, «тіл ширату» жұмысына мына сияқты талап қойылады: «Бастауыш мектепті бітіріп шыққан бала . . . оқығанын, есіткенін қысқаша түсінікті етіп жаза алатын болсын». Онан әрі тіл ширату жұмысының түрлері (сұрақтарға жауап беру, оқығанды айту, тақырып қою, суретті пайдалана отырып сөйлеу, т. б. ) қысқаша түрде аталып өтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта окыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму динамикасы
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Көрнекі құралдар түрлері
Қолданылатын әдіс тәсілдер
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекшеліктері
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz