Шошқа аскаридозы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Тақырыптың өзектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

Шошқа аскаридозы
I.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.6
1.1.Систематикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2.Қоздырғышы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.4.Биологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.5Эпизоотологиялық мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.6.патогенез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.7 Иммунитет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.8. Аруға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.9. Паталогоанатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.10. аурудың өтуі және клиникалық көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... .13
1.11. Диагноз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.12. Жануарларды сауықтыру және сақтандырушаралары ... ... ... ... ... 15.20
II.Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1 Шошқа аскаридозын аңықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Шаруашылыққа сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Шошқа шаруашылығы – ет өнімдерінің тапшылығында маңызды роль атқаратын, жылдам қарқынмен дамитын шаруашылық түрі.
Еліміздегі шошқа шаруашылығы шаруашылықты алып жүрудегі интенсификациялық технология бойынша дамиды. Сонымен қатар өңдірістік шаруашылық ұйымдары да бар.
Шаруашылықтың даму негізінен малдың коректенуі мен азық құрамының жақсартылуына,технологияның кеңінен қолданылуына байланысты болып келеді.Бірақ әртүрлі инфекциялық ( пастереллез,чума) және инвазиялық ( гельминтоздар, кокцидоздар және т.б.) шошқа аурулары көптеген шығынығ ұшыратады,яғни шошқалардың көптеп өлуіне және өнімділігінің тез төмендеп кетуіне әкеліп соқтырады.
Кеңінен таралған және үлкен экономикалық шығынға ұшырататын гельминтоздардың ішінде аскаридоздарды ерекше атап өтуге болады.Бұл гельминтоздар біздің еліміздің және басқада көптеген елдердің әр түрлі аудандарында шошқаларды зақымдайды.
К.И.Скрябиннің(1924), А.А,Мозговтың(1939),А.Д. Кашинскийдің (1965), О.В.Тепловтың (1967), А.Г. Смирновтың (1968),И.В.Сысоеваның (1968), М.В.Якубовскийдің (1987) және т.б. деректері бойынша шошқа гельминтоздары соның ішінде аскаридоз шошқа шаруашылығын үлкен шығынға ұшырытады,Яғни торайлардың тірілей салмағының өсуін 15-50% төмендетеді және кей жағдайда зақымдалған жануарлардың тең жартысын өлімге ұшыратады.
Шошқа гельминтозының эпизоотологиясы,яғни аскаридоздың қоздырғышының даму фазасы ішкі ортада өтетін болғандықтан, ішкі орта жағдайларының байланысты болып келеді.Сондықтан да бұл гельминтоздың
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Абуладзе К.И, Демидов Н.В, Непаклонов А.А . Учебник, Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных.-Москва,1990.- 156-162с. [5]
2.Акбаев М.Ш, Васильевич.В.И, Россицева.А.Р. Учебник, , Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных.-Москва, 1992.-180-183с.[ 6]
3.Акбаев.М.Ш. Практикум по диагностике инвазионных болезней животных. – Москва.2006.-187-189с.
4.Александрович.Д.В. Смешанные кишечные инвазии свиней Казахстана.-Самарканд, 1993.-34-35с.
5.Бердиевич.Д.Р. Совершенствование методов борьбы с аскаридозом кур.- Самарканд, 1993.-18-22с.
6.биналиев .И.У.Оснавные гельминтозы свиней в Узбекистане и изыскание новых антигельминтиков.- Самарканд,1989.-17-19с.
7.Винакуров.В.И. Закономерности гибели яиц аскаридат во внешней среде при разных температурах и влажности.-Москва,1983.-10-15с.
8.Демидов.Н.В. Гельминтозы животных.Москва,1987.-183-187с.
9.Диков.Г.И, Дементьев.И.С. Справочник по гельминтозам сельскохозяйственных жывотных.-Алматы,1978.-115-118с.
10.Диков.Г.И.Справочник по паразитозам сельскохозяйственных животных в Республике Казахстан.-Алматы,1994.-39-42с.[ 7]
11.Кадырова. Н.Т. Учебник , Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных.-Астана,2000.-201-207с.[ 2]
12.Котельников.Г.А. Гельминтологические иссследования животных окружающей среды.-Москва,1984.-19-20с.[1]
13.Матусявичус.А.П. Заболевание свиней,обусловленое ассоциацей Ascaris suum ( Goeze.1782), Oesopagostomum denatium (Ruddphi, 1803) и меры борьбы со смешанной инвазией в свиноводчиских хозяйствах. –Москва,1986.-29-31с.[ 3]
14.сабаншиев.М, Сүлейменов. Т, Қарамендин .Ө. Оқулық.Паразитология және инвазиялық аурулар.-Алматы,2003.-327-330б.[8]
15. Соломкин.П.С. Предупреждение заболевании свиней.-Москва ,1965.-75-78с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атыңдағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Эпизоотология,
паразитология және ВСС кафедрасы

Курстық жұмыс

Шошқа аскаридозын аңықтау және балау

Орындаған : ВМ-53 топ студенті

Тексерген: в.ғ.д.профессор

Орал 20

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Тақырыптың өзектілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .4
Курстық жұмыстың мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 5

Шошқа аскаридозы
I.Әдебиетке шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .5-6

1.1.Систематикасы ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..7

1.2.Қоздырғышы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..7
1.3.
Морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 7

1.4.Биологиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .8
1.5Эпизоотологиялық
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.6.патогенез ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.7 Иммунитет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...11
1.8. Аруға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...12
1.9. Паталогоанатомиялық өзгерістер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.10. аурудың өтуі және клиникалық көрсеткіштер
... ... ... ... ... ... ... .13
1.11.
Диагноз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .14
1.12. Жануарларды сауықтыру және
сақтандырушаралары ... ... ... ... . ...15-20
II.Өзіндік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 21
2.1 Шошқа аскаридозын
аңықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Шаруашылыққа
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2-25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Шошқа шаруашылығы – ет өнімдерінің тапшылығында
маңызды роль атқаратын, жылдам қарқынмен дамитын шаруашылық түрі.
Еліміздегі шошқа шаруашылығы шаруашылықты алып жүрудегі
интенсификациялық технология бойынша дамиды. Сонымен қатар өңдірістік
шаруашылық ұйымдары да бар.
Шаруашылықтың даму негізінен малдың коректенуі мен азық құрамының
жақсартылуына,технологияның кеңінен қолданылуына байланысты болып
келеді.Бірақ әртүрлі инфекциялық ( пастереллез,чума) және инвазиялық (
гельминтоздар, кокцидоздар және т.б.) шошқа аурулары көптеген шығынығ
ұшыратады,яғни шошқалардың көптеп өлуіне және өнімділігінің тез төмендеп
кетуіне әкеліп соқтырады.
Кеңінен таралған және үлкен экономикалық шығынға ұшырататын
гельминтоздардың ішінде аскаридоздарды ерекше атап өтуге болады.Бұл
гельминтоздар біздің еліміздің және басқада көптеген елдердің әр түрлі
аудандарында шошқаларды зақымдайды.
К.И.Скрябиннің(1924), А.А,Мозговтың(1939),А.Д. Кашинскийдің (1965),
О.В.Тепловтың (1967), А.Г. Смирновтың (1968),И.В.Сысоеваның (1968),
М.В.Якубовскийдің (1987) және т.б. деректері бойынша шошқа гельминтоздары
соның ішінде аскаридоз шошқа шаруашылығын үлкен шығынға ұшырытады,Яғни
торайлардың тірілей салмағының өсуін 15-50% төмендетеді және кей жағдайда
зақымдалған жануарлардың тең жартысын өлімге ұшыратады.
Шошқа гельминтозының эпизоотологиясы,яғни аскаридоздың қоздырғышының
даму фазасы ішкі ортада өтетін болғандықтан, ішкі орта жағдайларының
байланысты болып келеді.Сондықтан да бұл гельминтоздың
эпизоотологиясындағы маңызды сұрақ – шошқа шаруашылығында пайдаланылып
жүрген жаңа технологияларыдың эпизоотикалық процесске әсерін аңықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Шошқалардың аскаридоз ауруы кезіңдегі
ерекшеліктерін оқып- үйрену және сауықтыру жіне сақтандыру шараларымен
танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері:

• Шошқа аскаридозының Қазақстан таралуын аңықтау.
• Аскаридалардың инвазия кезінде шошқа организміне әсерін аңықтау.
• Жыл мезгіліне жіне жасына байланысты қоздырушысының динамикасын оқып-
үйрену.
• Шошқаның аскаридозбен ауруы кезіндегі клиникалық, биохимикалық және
патоморфологиялық зерттеулер жүргізу.
• Шошқа аскаридозы кезіндегі емдеу-профилактикалық шараларды аңықтау.

Шошқа аскаридозы.

1.Әдебиетке шолу

Г.А.Кательниковтың (1984) [12] мәліметтері бойынша аскаридоз –
жіңішке ішекте орналасатын, бұл ауруға әсіресе, торайлары бейім болып
келетін ауру түрі.Жасы ұлғайған сайын инвазия төмендейді. Аурудың алғашқы
стадиясында аскарида дернәсілінің ағзадағы миграциясымен,ал екінші стадиясы
паразиттің ішекте дамуымен сипатталады.
Н.Т.Кадырованың (1984) [11] мәліметтері бойынша шошқа аскаридозы- жас
кезеніңде болатын жабайы және үй шошқасының гельминттік ауруы.Аскаридаз
айтарлықтай шығынға ұшыратады.мысалы,аскаридозбен зақымданған шошқалар 30%-
ға дейінгі тірі салмағын жоғалтады, ал торайлар салмағына қарай бір
тәулікте 200 г –ға дейін және өсіп- дамуы тоқталады.Аскаридоз шошқалардың
инфекциялық ауруларға иммунитетің жоғалтады,жануар организмінің шынайы
резистентілігін төмендетеді,ауру дануарлардан сапасы сапасы ет алынады.
Матусявичус Альгимантас- Пятрас Петрович (1986) [13] хабарлауы
бойынша шошқалардың аскаридоз ауруы – асқорыту жолдарының функцияларының
бұзылуын және терең морфологиялық өзгерістерін туғызады,әсіресе ішек
жолдарының бұзылуы.Ішекте катаральдық процестердің дамуы, ph- ның өзгеруі
ішектегі биохимиялық процесстердің бұзылуына алып келеді.Осының әсерінен
ішектің ферменттік қызметі өзгереді, азықтық заттардың сіңірілуі бұзылады,
салмағының төмендеуі, өсіп- дамуының тоқталуы пайда болуы.
И.У.Биналиев (1989) [6] хабарлауы бойынша аскаридоз (ЭИ = 7,3 экз.)
кеңінен таралған ішек нематодтарының қоздырғышы, республикамыздағы
негізгі шошқа гельминоздарының бірі болып табылады.
К.И. Абуладзе, Н.В. Демидов, А.А. Непоклоновтың (1990) (1) деректері
боййынша шошқаның жіңішке аскаридозы – жас паразиттікпен тіршілік ететің,
ал дернәсілдері ішкі органдарда ( лимфа түйіндері, өкпе, бауыр )
зақымданып аллергиялық сипаттағы патологиялық өзгерістерді: бронхопневмания
,плевриттер,тыныс алудың бұзылуын тудыратын Ascaridae туысы, ascaridata
тек тармағына жататын Ascaris нематодтарының әсерінен пайда болатын
ауру.аскаридозға еметін және 6-7 айлық торайлар бейім болып келеді.Ал
ересек шошқалар аскаридозбен сирек ауырады, олар тасымалдаушылар болып
табылады.Шошқа аскаридозы өте үлкен экономикалық шығынға ұшыратады,яғни
торайлардың өсіп-дамуының тоқталуы,өнімділігінің төмендеуі т.с.с.
М.Ш Акбаев, Ф.И. Васильевич,А.Р. Российцеваның (1992) [2]
мәліметтері бойынша аскаридоз- Ascaridae туысы , Ascaridata тек тармағына
жататын жыныстық жетілген нематодтвардың немесе дернәсілдердің әсерінен
пайда болатын шошқа ауруы.Орналасу орны – жіңішке ішекте деп атап
көрсетеді.
Г.И.Диков (1994) [10] бойынша Қазақстанада 30-ға жуық паразиттері
аңықталған.Олардың ішіңде ең патогенді түрлеріне эхинококктарды
цистицеркоздарды және аскаридоздарды жатқызуға болады . Қазіргі кезде
аскаридоз – республикамыздағы шошқа шаруашылығы үшін үлкен қауіп
тудыратын ауру болып табылады.
М.Сабаншиевтің (2003) [ 15] деректері бойынша шошқаның аскаридоз
ауруының кеңінген таралуына байланысты оның зияны орасан зор.Торай
арасында өлім- жітім жиі кездеседі.Зақымданған торай тәулігіне 100-200 г
салмағын кемітеді.Нақтылық салмақ алу үшін оларды сау торайларға қарағанда
1-2 есе артық азықтандыру керек.
1.1 Систиматикасы
Топтама – Тип – NEMATHELMINTES
Тармағы- Класс - ASCARIDATA
Тобы – Отряд – ASCARIDIDA
Тек тармағы – подотряд –ASCARIDIDA
Тұқымдасы – семейство – ASCARIDAE
Туысы – Род –ASCARIS
Түрі –
вид – ASCARIS SUUM

1.2.Қоздырғышы

Ascaridae туысы ,Ascaridata тек тармағына жататын жыныстық жетілген
нематодтар.

1.3.Морфологиясы

Нематода – ірілеу, ақ түсті, бас жағы үш ерінмен қоршалған. Еркегі-
ұзыңдығы- 10,5-22 см, ұзыңдығы 1,2-2 мм болатын екі тең спикуласы
бар.Ұрғашысының ұзығдығы 23-30 см.Жұмыртқасы- күрең- қоңыр түсті,ұзыңдығы-
0,075-0,076 мм ені- 0,040-0,050 мм, өте қалың келген қабықшамен
қапталған.Жаңа пайда болған жұмыртқада бір ғана ұрықтық жасуша болады.

1.4.Биологиясы

Даму циклі тікелей, яғни аралық иесіз жүреді. Аскаридалардың жыңыстық
қалыптасқан ұрғащысы жануардың жіңішке ішегіне фекалияларымен бірге ішіне
енетін жұмыртқаларын салады ( бір аскарида тәулігіне 200 000 жұмыртқаға
дейін сала алады). Ішкі ортада қолайлы жағдайларда ( температура 20-30º-
та және жеткілікті мөлшердегі ылғалдылықта) 2-3 аптаның ішіңде жұмытқаның
ішіңде қозғала алатын инвазиялық дернәсілдер дами бастайды.Осындай
жұмыртқаларды жұтып қойған кезде шошқалар аскаридозбен зақымданады.Олардың
ішегінде жұмыртқадан вена қақпашасы арқылы қан ағысымен бауырға баратын
дернәсілдер пайда болады.Бауырдан дернәсілдер вена арқылы оң жақ жүрекше
және өкпе артериясынан өкпе каппилярына барады,бұл жерде олар біраз
тұрақтайды,өседі, содан соң өкпе алвеолаларына еніп,бронхиола,бронх және
трахеяларға әсер етіп, трахеядан жөтелу арқылы ауыз қуысына түсіп, қайта
жұтылады.Олар жіңішке ішекте дамып ересек аскаридаға айналады.
Аскаридалар денесінің бас және құйрық ұштарымен ішек қабырғасына
жабысып доға тәрізді иілу арқылы фиксацияланады,Осындай жолмен олар
перистальтикалық қозғалыстарға қарсы тұрады.паразиттер ішек құрамыңдағы
заттармен қоректенеді, онда олар 7-10 ай өмір сүреді,осыдан соң өздігінен
сыртқа шығады.Аскаридалар үшін қолайсыз жағдайлар,мысалы инфекциялық
аурулар,дене температурасының көтерілуі және кейбір азық түрлері олардың
иелерінің денелерінде тіршілік етуін тоқтатады.Ішектегі аскарида саны
әртүрлі болуы мүмкін,бірнеше жүздеген,мыңдаған паразиттерге дейін болады.

1.5. Диагностикасы . Эпизоотологиялық мәліметтер
Шошқа аскаридозы барлық жерде таралған.Берілген гельминт көзі-
аскаридиоз жұқтырған шошқалар болып табылады.Көпшілігі шошқа қоражайында
және аскаридиозбен ластанған азықтан немесе сумен қоректенгенде аскаридиоз
жұмыртқасын жұту арқылы жұқтырады. Ауруды таратуда жауын құрттарының да
ролі бар. Жауын құрттары аскаридиоз жұмыртқаларын жұтады да , олардың
ішіндегі жұмыртқаларының өміршендігі және инвазиялылығы ұзақ уақыт
сақталған дернәсілдер шығады.
Шошқа қоражайларының нашар тазартылуы, уақытында тазарту жұмыстарының
жүргізілмеуі аурудың таралуына үлкен әсер етеді.бұл жағдайда көбінесе
аскарида жұмыртқаларымен мегежіндердің желіндері зақымданады,осының
нәтижесінде торайлар алғашқы күннен бастап ауру болады.
Аскаридалардың инвазиялық жұмыртқалары жануар терісіне шыбынының
табандары арқылы таралады, сонымен қатар шаңмен бірге олар қорекке, суға
түседі.Жауынқұртттарынан басқа аскарида дернәсілдері шыбын
организмінде,қоңыз дернәсілінде және басқа бунақденелерде сақталады.Үш
қабаттан тұратын қабықшасына байланысты сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларына төзімді болып келеді.Олар ұзақ уақыт бойы (10 жылға дейін)
құмды топырақта сақталады.-30 ˚ - тан төменгі температурада олар бір
тәуліктен кейін өледі.Аскарида жұмыртқалары химиялық заттарға да жоғары
жәрежеде төзімді болып келеді.Олар 2 % формалин қоспасында дами береді.
Инвазиялық жағдайлардың жетіспеуңне қарамасатан бірсыпыра химиялық заттарға
төзімді болып келеді.
Әктің қайнау кезеңі, фенолды 4-5 % қоспасы 24 сағаттан кем емес
экспозицияда жұмыртқаларды өлтіре бестайды.Ыстық сумен аскаридоз
жұмыртқасына әсер еткенеде тек жартысын ған ,яғни 40-50% -н өлтіреді.
Ереже бойынша аскаридоздан сәтсіз шаруашылықтарда көбінесе 3-5 айлық
торайлар зақымданады.жас ұлғайған сайын аскаридоз экстенсивтілігі және
интинсивтілігі төмендейді.
Аскаридоздың инвазиялық жұмыртқасы адам үшін өте қауіпті. Жұтып
қойған жағдайда адам шегіндегі қан арқылы ағзаны шарлап әртүрлі ішкі
органдарға зиян келтіретін дернәсілдер пайда болады.Ол бас миына ,көзге
,бауырға өкпеге түссе гранулематоздық құбылыстарды тудырады.Дернәсілдердің
ағзадағы мұндай интеграциясы, берілген иесінің паразитіне тән емес және
visceral larva migrans деген атауға ие болады.

1.6. Патогенезі

Дұрыс азықтандырылмау ( әсіресе азық құрамындағы А.В витаминінің
жетіспеуі) ағзаның қорғаныш күйін төмендетіп, торайлардың аскаридозбен
көптеп зақымдануына әсер етеді . Бұл жағдайда инвазия интенсивтілігі
жоғарылайды да, ауру ауыр түрде ,өлімнің көбеюімен өтеді.
Жыныстық қалыптасқан аскаридалар механикалық зақымданулар тудырады.
Ішекте көп мөлшерде жиналады.
Аскариданың көп өмір сүруіне қажетті қоректер торайлардың организміне
токсикалық әсер етеді, осының нәтижесінде анемия, әртүрлі зат алмасудың
бұзылуы және өсу мен дамудың тоқталуын тудырады.Белгіленген токсиндер
жануарлардың орталық жүйке жүйесіне әсер ету арқылы жануарларды күйзеліс,
паралич және тетаникалық,клиникалық қалшылдау тудырады.
Дернәсілдері жетілген аскаридаларға қарағанда , патогенді болып
келеді.Олардың патогендік әсері механикалық әсер мен ағзаның
сенсибилизациясына және патогенді микрофлораның инокуляциясына айналады.Ол
өз миграциясында ұлпаларды зақымдайды,ұсақ қан тамырларын зақымдайды,осыдан
келіп қан ағуы пайда болады.Миграцияланушы дернәсілдер және алмасу
өнімдері қлген шошқа ағзасын сенсибилизациялайды және жануарларда
аллергиялық жағдай тудырады.
Ішек қабырғасына ену үшін дернәсілдер жұқа қабықшаны бұзады, осылайша
бактерия мен вирустарға жол ашып береді.Бауырға дернәсілдердің миграциясы
бауыр клеткасының бүтіндігінің бұзылуыменен сипатталады.Өкпеде дернәсілдер
капиллярлар мен альвеолаларға жылжи отырып қан тамырын бұзады.Осының
нәтижесінде зақымданудың алғашқы күні пневмания пайда болады.Қанда
зақымданудың 15-18-ші күнінен кейін эозонофил дами бастайды.

1.7. Иммунитет
Шошқаларда аскаридозға қарсы иммуниттет өздігінен пайда болады,осыған
байланысты жасы ұлғайған сайын жануарлардың бұл гельминтозға қабылдағыштығы
төмендейді,дернәсілдердің миграциясы кезінде антиденелердің пайда болуына
иммунитет дами түседі.
Торайлар аскаридозбен зақымданған кезде 5-10 күннің ішінде олардың
антиденелер пайда болады да, 90-100 күннен соң жойылады.Оларды
аскаридалардың тірі дернәсілдеріне преципитация реакциясы арқылы қан
шикізатынан байқауға болады.
Антидененің неғұрлым жоғары концентрациясы зақымданудан соң 20-30-шы
күнінде , яғни аурудың бастапқы кезеніңде болатындығы аңықталған.Кейбір
торайларда аскарида дернәсілдері миграция аяқталған соң одан әрі ішекте
дами алмайды да, ішекке түседі.Бірақ мұндай жануарлардың қаныңда
антиденелер 3 айға дейін сақталады.
В.С.Ершов және Д.Н.Дубовтар ал,аш рет аскарида антигенінің белсенді
иммунизациясына жасалған тәжірибелері осы жолмен жануарлардың70-80% -ң
аскаридоз қабылдағыштығын жоюға болатындығын дәлелдеді.Рационда А дәрумені
жетіспесе иммунизация нәтиже бермейді.

1.8. Арудың сипаты

Бастапқы стадияда ауру аскаридалық пневманиямен, яғни дене
температурасының 41,5º- қа көтерілуімен, тыныс алудың жиілеуімен,
мазасызданумен және жөтелмен сипатталады.Бұл құбылыс 6-15 күнге дейін
созылады.
Паразит өте күшті болған жағдайда пневманиямен қатар торайларда
тамақтанудың бұзылуы болады,яғни тәбеті төмендейді,сілекейдің ағуы,іш
түйілу болады.Жануар жатып алады.Кейде қоректену кезінде торайлардан
анафилактикалық құбылысты байқауға болады,яғни периодтық түрде конвульсия
байқалады,торайлар күтпеген жерден шыңғырып еденге құлайды,дірілдеуі
басталып,терісі қызарады,көз шарасы үлкейеді.Приступ 1-2 минутқа дейңн
созылады. Жануар қимылсыз жатады да,содан кейін орнынан ауыр
көтеріледі,жүрісі бұзылады,яғни артқы аяқтарының әлсіздігі байқалады.
Аллергиялық белгісі ретінде теріде үлкендігі дән тәрізді, 5-6 күн ішінде
орнында бурыл немесе қара белдеушемен қоршалған жара қалатын ісік пайда
болуы мүмкін.

1.9.Патологоанатомиялық өзгерістер

Бастапқы стадияда аскаридоздың патологоанатомиялық өзгерістері
бауырда ,лимфа түйіндерінде,өкпеде белгілі болады. Бауырда өлшемі 2-5 см
болатын ақ дақтар көрінеді.Бауырдың гистологиялық жоғарғы жағында уақ
немесе ірі, ортасында некрозы бар түйіңдер,торшалар арасындағы
байланыстырушы ұлпаның кеңейюі және инфильтрациясы байқалады. Бауырдағы
гистологиялық өзгерістер өткір интерстицициальдық эозинофитльдік гепатит
ретінде сипатталады.Дернәсілдің миграциясы аяқталған соң инфильтраттар
ақырындап жойыла береді де,интерстициальді серозға әкелетін торшалардың
байланыстырушы ұлпалар қалады.
Өкпедегі қан ұюы және пневмания өкпеге дақтанған түр
береді.Макроскапиялық түрде өкпе ұлпасының әр жерінде нүкте тәрізді немесе
дақ тәрізді қан ұюы және қызғылт немесе сұрғылт- қызыл түсті ұсақ ісіктерді
байұауға болады.

1.10.Аурудың өрбуі және сырт белгілері

Даму кездерінде аскарида балаңқұрттары торайлардың ащы ішек, сөл
бездері, бауыр,кеңірдек, өкпелерін аралап шығады. Осының салдарынан дертке
ұшыраған торайлар саны алуан түрлі күрделі өзгерістерге ұшырайды.Аллергия
бронхопневмания (өкпе қабынуы), тыныс алу, ас қорыту жүйелері қызметтерінің
бұзылуы, кейде ішек қуысы гельмиттермен бітеліп немесе оның қабатының
тесілуі сияқты патология байқалады. Бронхопневмания үдеген шақта торайдың
денесі қызып, демалысы қиындап, мазасыздана бастайды.Оның азыққа зауқы
төмендеп, жем – судан да қалуы мүмкін.Осыған қосымша жөтел де пайда
болады. Мұндай жағдай 1-2 аптаға созылады.Жас торайлар құсады , олардың
іші өтіп,жиі демігеді,сілекей ағып,көбінесе жатып алады. Ішегіне көптеген
нематодалар толса түйнеу белгісі пайда болады,Торайлар кенеттен шыңғырып
құлап түсіп, 1-2 минуттай жатып қалады.Аяқтары дірілдеп,
қалтырайды.Торайлар нашар жетіледі,қатты азады.

1.11. Диагноз

Диагнозды тірі кезінде Фюллеборн және Щербович әдістері бойынша
фекалийді зерттеуді негізге ала отырып қояды. Екі айлық жас төлді
копрологиялық зерттеу міндеттелмейді,себебі бұл кезде аскаридалар әрі
жыныстық жетіліп болмайды және жұмыртқасы да болмайды. Аскаридоздың ерте
стадиясын тек иммунобиологиялық жолмен аңықтауға болады.Бұл үшін
аллергиялық диагноз тәсілі ұсынылады: антигеннің 1 % қоспасы аскаридадан
дайындалған құлақ маңына тері астына енгіземіз,асмкаридоз жұқтырған
торайларда 5 минуттан соң теріде бурыл- қызыл 30-40 мин дейін сақталатын,
сосын жоғалып кететін доға пайда болады.Бояудын интенсивтілігі, доғаның
пішіні және сақтау ұзақтығына байланысты реакция дәрежесін
аңықтаймыз.Иммунобиологиялық әдіс әлі тәжірибеге енгізілмеген.
Өлім диагнозын ішекте аскариданы байқаған жағдайда, сонымен қатар
өкпе және бауыр ұлпасының бөліктерін аскарида дернәсілдеріне Берман әдісі
бойынша зерттеудің нәтижелерін негізге ала отырып қояды.

1.12.Жануарларды сауықтыру және сақтандыру шаралары

Емі. Шошқа аскаридозын емдеу үшін көптеген антигельмиттик
қолданылады.Олар: Сантонин,кремний фторлы натрий, пиперазин, мебендазол,
панакур,нилверм,ринтал,морантел,тиа бендазол,хлорофос,ивомег,гигромицин және
т.б.

Сантонин - жусанның бір түрінен өңдіріледі, сантонин қышқылының
лактаты.Түссіз, жылтыр, иіссіз, ащы дәмді ұсақ қыиыршықты платинкалар,
жарықта сарғая бастайды, суда ерімейді.Дәріні 0,05 гкг мөлшерінде,
шошқаның 12 сағат ашықтырған соң суға шыланған жемге араластырып жекелеп
береді.Жануардың ішін айдау үшін сантонинмен бірге 0,03 гкг есебінде
каломель(1 хлорлы уақ қиыршықты ұнтақ) ұсынылады.Емделген торайларды 3-5
сағаттан соң азықтандыруға болады, су мейлінше ішкізіледі.

Аскаридоз кезінде шошқаларды дегельминтизациялау үшін сантонин және
каломельдің мөлшері,г.

Жануар Сантонин Каломель Жануар Сантонин Каломель
салмағы,кг салмағы,кг
10-ға дейін0,5 0,3 26-дан 1,5 0,9
35-ке дейін
11-ден 0,75 0,45 36-дан 2,6 1,2
15-ке дейін 45-ке дейін

16-дан 1,0 0,6 46-дан 2,5 1,5
20-ға дейін 55-ке дейін

21-ден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және шошқа аскаридозы
Құстардың аскаридасы
БҚО Жәнібек ауданы Борсы ауылының Асқар шаруа қожалығындағы шошқа аскаридозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы
Мал шаруашылығында ветериналық - санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Жайылым отын тиімді пайдалану
Ас тұзының қаныққан ерітіндісін қолдана флотациялау әдісі
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Иттің токсокароз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Тауық шешек - дифтерит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Пәндер