Шөп дайындау курс


Кіріспе
Малды азықтандыру - олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.
XVII ғасырдың екінші жартысында Пристли мен Шеллдің ауадағы оттегін ашып, оның өмірге қажеттігін Лавуазье дәлелдегеннен кейін, организм тіршілігі туралы деректер жинала бастады. Ғалымдар малға қажетті қоректік заттардың маңызын ашты.
Тірі организмдер өсіп-жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процесіне қажетті заттармен қамтамасыз етілу керек. Ол заттар организмге қоректену арқылы енеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне пайдалынады.
Организмдегі заттардың қосындылары күрделі және алуан түрлі болып келеді. Тек ақзат түрлері 5 миллионнан асады. Бірақ сонша ақзат түрі тек 20 шақты аминқышқылдарының қалдықтарынын құрастырылады.
Қазіргі уақытта өсімдік және мал организмінде табылған химиялық элементтер саны 70-ке жуық болғанмен олардың ішінде зерттеліп, тіршілік үшін биологиялық маңызы анықталғаны 25-тей. Ең алдымен тірі организм құрамының 98, 5 процентін алты элемент- көміртек, сутек, оттек, азот, кальций және фосфор құрайды. Оның алғашқы төртеуі органиклық заттарды құрастыратын органикалық элементтер де, соңғы екеуі минералды элементер. Биохимиялық ілім бойынша организмдер құрамында барлық химиялық элементтерді табуға болады. Өйткені биосфера қабаттарындағы элементтер миграциясы үздіксіз шашыранды түрінде жүреді.
Мал азығының органикалық затында түрлі билогиялық әсері қосындылар- витаминдер, ферменттер, антиқоректік заттар (алкалоидтар, глюкозидтер, токсиндер т. б. ) болады. Бірақ мөлшері өте аз болғандықтан олар зоотехникалық зерттеудегі проценттер көлеміне әсер етпейді. Өсімдіктер витаминдерді өздері түзе алатын болса, гетеротрофты жануар органимзінде олар негізінен азық құрамына енеді. Біршама витаминдер түзілуіне ас қорту жолындағы микроорганизмдер себептеседі.
Мал азығының қоректілігі - оның организм тіршілігінің қажеттерін өтеу дәрежесімен өлшенеді. Бір мөлшерде желінген азықтың қайсысы тіршілік қажетін толығырақ өтесе, сол азықтың қоректілігі, құнарлылығы жоғары болғаны. Мал азықтандыруды ғылыми жолмен ұйымдастырып, аз жемшөп шығындап көп өнім алу үшін азықтың қоректілігін дұрыс бағалай білу керек. Мал азығының қоректілігін дұрыс бағалаған жағдайда олардың күнделікті берілуін мөлшерлеп, мал организмнің қажетінде дәлдеп, аз беріп ашықтырмай, көп беріп ысырап етпей, үнемді де тиімді пайдалануға болады.
Азық қоректілігі ҚҚЗҚ бойынша бағалаудың негізгі кемшілігі - ол тек азық қорытылуын, яғни ас қорыту барысының тек алғашқы, бірінші сатысына ғана қамтиды. Қорытылып сіңірілген қоректік заттардың одан әрі игеріліп пайдаланылу жағдайын көрсетпейді.
Мал азығына жануарларды қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіршілігі мен өнім сапасына зиянсыз өсімдік пен жануар тектес өнімдер, түрлі химиялық, микробиологиялық және минералдық қосындылар жатады. Мал азығын түріне, қоректілігіне, физикалық жағдайына тағы басқа қасиеттеріне қарай топтастырып жіктейді. Ең алдымен олар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи азықтар тегі бойынша өсімдік және жануар тектес болып бөлінеді. Жасанды азықтарға химия өндірісінің және микробиологиялық түзудің өнімдері кіреді. Шаруашылықта малға азық берер алдында оның сапасын анықтайды.
Шаруашылық жағдайында мал азығының сапасын бағалау үшін қарапайым, органолептикалық тәсілдерді қолданады. Ол әдіс арқылы азықтың түр-түсін, иісі, түрін, дұрыс сақталуын анықтайды. Өсімдік түріне байланысты анықтау әдістерін қолданады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Ауыл шаруашылық малдарының азығын дайындау технологиясын
меңгеру;
- Ауыл шаруашылығы малдарына жем-шөптік қоспаларды пайдаланып тәуліктік рацион жасап, осы рациондарға талдау жасау;
- Мал азығын дайындау технологиясын меңгеру барысында, кейбір қоректі және биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуін зерттеу.
І. Әдебиетке шолу.
Ғылым мен өндірістің одан кейінгі дамуы азық қоректілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік туғызды. М. Рубнер, содан кейін Атуотер және Бенедиктердің зерттеулері, энергияның сақталу заңы жануар организмінде де орын алатындығын дәлелдеді. Соған негізделе отырып мал организмінде заттар және энергия теңдігін зерттеу тәсілдері дамыды. Бұл тәсілдерді қолдана отырып 1905 жылы неміс ғалымы О. Кельнер организмде азот, көміртек және энергия теңіктеріне негізделіп есептелген азық қоректілігін олардың өнімділік әсерімен бағалау жолын ұсынды.
О. Кельнер бордақылаудағы сақа өгіздермен жүргізген тәжірібилерінде түрлі азықтар қоректілігін олардың мал денесіндегі май байлаушылық әсерімен салыстыра бағалауды ұсынды.
248 азық түрімен жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде О. Кельнердің крахмалдық теңеулері деп аталған бұл өлшем азықтардың сақа өгіз денесінде 248 г май байлайтын 1кг қорытылатын крахмал май байлауымен салыстырылды.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде О. Кельнердің крахмалдық теңдеулеріне негізделген сұлы азық өлшемі қолданылады.
Қ. Сәбденовтың(2008) мәлімдеуінше, азықтандыру - малдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы малдың азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалды. Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізді.
Б. Құлатаевтың (1985) зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой күніне 6 - 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 - 15 кг шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше 15 - 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49 ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады.
Сарбасовтың А. Б. (1980) мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен сапасына әсер етітін негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды рационмен азықтандыру болып табылады. Азық рационын құрғанда, ең алдымен ондағы азық өлшемі мен қорытылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет. Рационда азық өлшемі нормаға сәйкес мол болады, сондықтан бордақылаудағы малдың азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын азық аз жұмсалады.
Азықтандыру жағдайы бордақылау процесінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар еттің сапасына да ықпалына тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы суыққа жарымаған арық малды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігі май болып кетеді де ет, яғни белокты ет, аз болады. Ұшаның төмен сапалы болып келуі қойды бордақылаудың бастапқы кезінде жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп жіберуден де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп - бағу қажет.
Н. Омарқожаұлының(1977) келесі зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем - шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем - шөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік заттың қорытылуын нашарлатады.
А. П. Дмитроченконың (1970) зерттеулеріне сәйкес, шикі протеин құрамында су мен тұзға еритін 40-50 % пртотеин бөліктері (СТЕПБ) болуы керек. Қойларға арналған, құрамында дәстүрлі азық жиынтығы бар мерзімдік үлес СТЕПБ-нің талапқа сай мөлшерімен қамтамасыз етіліп отырғандығы көрсетіліп, алайда, оған пішендеме мен шөп ұнын енгізу қолайлы жағдай туғызады.
А. П. Калашников пен Н. И. Клейменовтың 1985 жылы шыққан анықтамалық құралында әр түрлі ауыл шаруашылығы жануарларының, оның ішінде қойлардың 24 қоректік элементке мұқтаждығы ескерілген. Бұл нормалар жануарлардың физиологиялық күйін және жоспарланатын өнімділік деңгейін ескереді, рациондарды жақсы теңестіруге мүмкіндік береді, мұның өзі алынатын өнім бірлігіне жұмсалатын азық шығындарын кемітеді. Ет өнімділігін қалыптастыру үшін жануарларды азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларының айтарлықтай маңызы бар, шын мәнінде бұлар оған басқа факторлардың әсер ету дәрежесін анықтайды.
Л. Гофман мен Р. Шиманн (1978) деректері бойынша рацион құрғақ затындағы энергияның шоғырлануы оның алмасуы тіршілікті қамтасыз ету және өнім өндіруге жұмсауына ықпал етеді.
Б. К. Бердібекованың (2005) мақаласында талқыланғандай, малды азықтандырудың әр түрлі әдістерінің ішінде ең тиімдісі - толық рационды балансқа келтірілген қоспа азықты қарапайым әдіспен ұсақтап (5-7 см), жемшөп, сүрлем, пішендеме және басқада қоспалармен байытып даярлау.
С. Н. Салханова (2007)
жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, мал
шаруашылығының қазіргі заманғы қарқынды дамуы кезеңінде малдың өміршеңдігі мен өнімділігін арттыратын биологиялық белсенді қосылыстарды зерттеу мал басын сақтауда және жоғарғы өнім алуда маңызды мәселе болып отыр. Осындай белсенді қосылыстарға иммуноглобулиндер де жатады, себебі иммуноглобулиндер ( G1, G2, M және A) - малдың иммундық статусын, өміршеңдігін және өнімділігін анықтайтын биологиялық белсенді белоктар.
Т. С. Садықұлов пен Т. К. Бексейітовтың (2011)
деректеріне сүйенсек, қоректендіру деңгейі жануарлардың дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі екендігі анықталған. Мұның өзінде қоректендірудің
жалпы деңгейін оның толық құндылығын, рацион құрылымын, онтогенездің жекелеген кезеңдері бойынша құнарлы заттарды бөліп таратуды тани білу керек.
С. А. Захарченконың (1989) деректеріне қарағанда мәдени жайылымдықта жайылған мал каротинмен өзін-өзі қамтамасыз етеді және оны қысқы маусымға қарағанда екі есе аз шығындайды. Малды екпе жайылымдарда жаю оны құнарлы азықпен ғана қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге мал организмін тынықтыра түседі, минералды-витаминді заталмасу процесін бұзылудан сақтайды, соның нәтижесінде малдың өнімділігін қолда ұстап азықтандырған кездерден де арттыра түседі.
Рациондарында йоды аз шаруашылықтарда малдың ұрықтану қабілетінің нашарлауынан, қысыр мал көбейіп, төлдері түсік тастайды, тіпті өлі төл туатындығы да байқалады.
Біздің елімізде, Н. Рақышевтің (1981) көрсетуі бойынша оңтүстік облыстардың жайылымдық шөптерінде молибденнің мөлшері 1 кг азықта 5-10 мг-ға дейін жетеді екен. Азықта молибденнің көп болуына ірі қара өте сезімтал келеді. Мұндайда малдың бауырындағы мыстың қоры азаяды. Молибденнің көптігінен, азықта мыс жеткілікті болса да, ол бойға сіңбей, ас қорыту жолдарымен сыртқа шығарылып тасталады. Сондықтан мал ауруының белгілері организмде мыс жетіспегендегідей болады. Сондай-ақ ішек-қарында молибденге еш кедергі кездеспегендіктен ол қанға тез сорылады. Сондықтан азықтағы артық молибден малды дереу уландырады.
1. 2. Мал азығының қорытылуы және азықтардың құнарлылығы.
Азық қорытылуы. Жемшөптін қоректік заттарын пайдаланып, өз қажетіне жұмсау үшін жануарлар алдымен оны жеп, қоректік заттарды қорытып, сіңірілген бөлігін зат алмасу барысында тіршілік мұқтажына пайдалынады.
Мал азығының желінуі. Химиялық құрамы қоректік қуаты әртүрлі жемшөп тіршілік қажетіне асу үшін ол міндетті түрде желініп, қорытылуы, бойға сіңірілуі қажет. Сонда ғана ол организмде энергияға, қажетті өнімге айналады. Азықтың өнімділік қуатының 70 проценті желінуіне, қалған 30 проценті қорытылуына байланысты.
Азықтың желінуі мен қорытылуы да тығыз байланысты. Клетчатканың көп болып, аумағын ұлғайтуы, қорытылуын төмендетіп, желінуін шектейді. Өйткені аумақты ірі азықтың ас қорыту жолдарынан өтуі баяулап, қорытылу мерзімі ұзарады. Соған байланысты қорытылуы жоғары бұршақ тұқымдастар астық тұқымдастардан гөрі көбірек желінеді. Күйісті мал пішенге қарағанда құрғақ заты бойынша есептегенде сүрлемді 20 проценттей кем жейді. Түрлі дәмді қосындылар сірне, ашытқы және басқалары тәбетті ашып, азықтың желінуін жоғарлатады.
Азық қоректік заттарының қорытылуы . Желінген жемшөп ауыз қуысы арқылы ас қорыту жолына еніп, қорытыла бастайды. Қорытылу барысында түрлі механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық факторлар әсерінен азықтағы күрделі қоректік заттар ыдырап, аш ішек түгі арқылы қанға сіңірледі. Ыдырап үлгермеген, сіңірілмеген қоректі заттар нәжіс құрамында тік ішек арқылы сыртқа шығарылады. Бұл - қорытылмаған қалдықтар. Сондықтан желінген қоректік заттар неғұрлым жақсы қорытылып, сіңірілсе, соғұрлым жануар организміне тигізер пайдасы көп, соғұрлым ондағы байланған энергия мен жиналған қосындылар организм қажетіне толығырақ пайдаланылады.
Қорытылу ауыз қуысынан басталады. Онда түскен азық шайналып, ылғалданып, жұтылғанда сілекейдегі ферменттер (амилаза) минералды заттар оның құрамына еніп, әсер ететін қосындыларды (амилоза түріндегі крахмалды) ыдырата бастайды. Жұтылған азық көмекейден өтіп, өңеш арқылы қарынға түседі. Қарында бөлінетін тұз қышқылының әсерінен қышқылданып, қарын сөлінің протеолитикалық (протеинді ыдыратушы) фементтерінің (пепсин, трипсин) әсеріне тап болады. Қарында қышқылданып, борсып-босаған, боркеміктелген азыұ жыны (хамус) он екі елі ішек арқылы аш ішекке өтеді. Өтерінде қарын асты безінің панкраттық сөлімен бауыр етімен араласады. Өттегі қосындылар азық майларына әсер етіп, ішек сөлінің ферменттеріне (липаза) қолайлы жағдайлар туғызады. Азықтағы қоректік заттар ыдырауы ішек сөлі ферменттерінің әсерімен жалғасады. Сөйтіп жай қосындыларға дейін (протейндер-амин қышқылдарына, майлар-май қышқылдары-глицеринге, көмірсулар, моноканттарға) ыдыратылған қоректік заттар аш ішек түгі арқылы сіңіріліп, қан мен лимфа құрамына енеді. Тоқ шекте жын (химус) құрамынан артық су сіңірліп, нәжіс қалыптасады.
Шошқаның ас қорытылуы. Шошқа- бір қарынды көп азық түрлерін жей беретін жануарға жатады. Ас қорыту жолдарының әр бөлімі біркелкі дамыған, аумақтары шамалас, орташа алғанда қарын аумағы 8 л, яғни ас қорыту жолының шамамен 30, 0 процентіндей, аш ішегінің ұзындығы 15-25 м, аумағы 9-10 л, яғни 33, 0 процентіндей, ұзындығы 20-35 см соқыр ішегінің аумағы 1, 5 л, яғни 5, 0 процетіндей, тоқ және тік ішегінің ұзындығы 5-6 м, аумағы 8-9 л, яғни 32, 0 процентіндей. Жалпы ішек-қарын ұзындығы 20-30 м, аумағы 30 литрдей болады.
Азықтың қорытылуы, тек шайнаған кезде ғана бөлінетін сілекей ферменттерімен, ауыз қуысынан басталады. Азық түріне, ылғалдылығына, берілу жиілігіне байланысты тәулігіне 10-15 л, сілекей бөлінеді. Амилаза ферментімен қатар, шошқа сілекейінің құрамында көптеген минералдық (натрий, калий, магний, фосфаттар, карбонаттар, сульфаттар) және органикалық (ақзат муцин аминқышқылдары) қосындылар болады. Сілекей реакциясы сілтілі.
Шайналып, сілекеймен ылғалданған азық қарынға түседі. Қарын құрылысы жай, бір бөліктен тұрады. Оған енген азық өңештен он екі елі ішекке өткенше араласпай, бірқалыпты жылжып отырады. Қарының үш бөлігінде өңделіп қорытылады.
Олар өзара ішкі кілегейлі қабатының құрлысы арқылы ерекшеленеді. Өңештің қарымен жалғасқан жеріндегі кілегей қабығы тері тәріздес болып келеді. Қарының сыртқы шеңберімен оған бездері бар кардиналды бөлімі жалғасады.
Азықтардың құнарлығы туралы ұғым және анықтау жолдары. Мал азығының қоректілігі- оның организм тіршілігінің қажеттерін өтеу дәрежесімен өлшенеді. Бір мөлшерде желінген азықтың қайсысы тіршілік қажетін толығырақ өтесе, сол азықтың қоректілігі, құнарлылығы жоғары болғаны. Мал азықтандыруды ғылыми жолмен ұйымдастырып, аз жемшөп шығындап көп өнім алу үшін азықтың қоректілігін дұрыс бағалай білу керек. Мал азығының қоректілігін дұрыс бағалаған жағдайда олардың күнделікті берілуін мөлшерлеп, мал организмнің қажетінде дәлдеп, аз беріп ашықтырмай, көп беріп ысырап етпей, үнемді де тиімді пайдалануға болады.
Азық қоректілігі ҚҚЗҚ бойынша бағалаудың негізгі кемшілігі - ол тек азық қорытылуын, яғни ас қорыту барысының тек алғашқы, бірінші сатысына ғана қамтиды. Қорытылып сіңірілген қоректік заттардың одан әрі игеріліп пайдаланылу жағдайын көрсетпейді.
Ғылым мен өндірістің одан кейінгі дамуы азық қоректілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік туғызды. М. Рубнер, содан кейін Атуотер және Бенедиктердің зерттеулері, энергияның сақталу заңы жануар организмінде де орын алатындығын дәлелдеді. Соған негізделе отырып мал организмінде заттар және энергия теңдігін зерттеу тәсілдері дамыды. Бұл тәсілдерді қолдана отырып 1905 жылы неміс ғалымы О. Кельнер организмде азот, көміртек және энергия теңіктеріне негізделіп есептелген азық қоректілігін олардың өнімділік әсерімен бағалау жолын ұсынды.
О. Кельнер бордақылаудағы сақа өгіздермен жүргізген тәжірібилерінде түрлі азықтар қоректілігін олардың мал денесіндегі май байлаушылық әсерімен салыстыра бағалауды ұсынды.
248 азық түріменжүргізген зерттеулерінің нәтижесінде О. Кельнердің крахмалдық теңеулері деп аталған бұл өлшем азықтардың сақа өгіз денесінде 248 г май байлайтын 1кг қорытылатын крахмал май байлауымен салыстырылды.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде О. Кельнердің крахмалдық теңдеулеріне негізделген сұлы азық өлшемі қолданылады.
Оның бірлігі ретінде 1кг сұлы қоректілігі, май байлауымен есептелетін өнімдік әсері алынды. Сұлы азық өлшемі 1933 жылы бекітіліп, оның негізінде алғашқы азық қоректілігінің кестелері жарияланды. Біршама кемшіліктеріне қарамастан бұл бірлік қазіргі кезге дейін мал шаруашылығында негізгі азық өлшемі ретінде қолданылып келеді. Әдетте ол азық өлшемі деп аталады.
Азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалау толығымен О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен, оларға толығырақ тоқталайық. О. Кельнер өз есептерін азот және көмір тек теңдеулері арқылы жануар организміндегі ақықтың өнімділік әсерін анықтауға негіздеген. Азот элементі тек протеин құрамында 16, 67 процент болатындықтан, оның денедегі балансы бойынша ақ зат алмасуын бақылауға болады. Ал көміртектің ақзаттары 52, 54 процент және майдағы 76, 50 процент мөлшері бойынша денедегі май байлауын есептейді.
Міне осындай жолмен О. Кельнер азықтардың өнімділік әсерін, қуаттылығын есептеп шығарған. Ақзатты энергетикалық қуаттылығы бойынша 1 г ақзатта 5-7 калория, 1 г майда 9, 5 калория майға теңестіріп азықтың таза қоректік заттарының өнімділік май байлануы бойынша қуаттылығын тапқан.
100 г қорытылатын ақзаттікі 23, 5 г, 100 г қорытылатын майдікі түрлі азықта әртүрлі қорытылуына байланысты 47, 4-59, 8 г., 100 г қорытылатын қанттікі - 18, 8 г. Бұл сандар қорытылатын таза қоректік заттардың май байлау константалары өзгермейтін көрсеткіштері деп аталып, түрлі азықтардың химиялық құрамы қорытылатын қоректік заттары бойынша өнімдік әсерін май байлауымен есептеу үшін пайдаланылады.
Азық құрамындағы 70- тарта заттар мен қосындылардың мал организмі үшін қажет екендігі дәлелденіп отыр. Олардың кейбіреулерінің қоректену барысындағы қызметін басқа қосындылар атқара алмайды, сондықтан олар азықтандырудың ауыстыруға болмайтын факторына жатады. Мысалы, ауыстыруға болмайтын амин қышқылдары организмге қажетті мөлшерде жеткізіліп тұруы қажет.
Қоректік заттардың атқаратын қызметі мал мен құс түріне байланысты өзгеріп отырады. Егерде бір қарынды мал азот көзі ретінде тек ақзаттық қосындыларды пайдаланатын болса, көп қарынды күйіс қайыратын малдар олармен қатар азық құрамындағы басқа азотты заттарды да ұтымды пайдаланады.
Протеиндер. Шикі протеин - жемшөптегі барлық азотты қосындыларды біріктіретін ең маңызды қоректік зат. Жануарлар организмінің құрғақ затының жалпы алғанда 45 проценті, ал кейбір мүшелерінің 85 проценті ақзаттан тұрады. Өсімдіктердегі ақзат көлемі біршама төмен.
Тек бұршақ тұқымдастарда, оның ішінде әсіресе соя дәндерінде, протеин көлемі 30 - 45 процентке жетеді. Ол өсімдіктердін дәнінде, гүлінде және жапырақтарында жиналады. Гүлденген жоңышқанын жапырағының құрғақ затында - 24 процент, піскен дәнінде - 35 процент, ал сабағында - 10 процент белок болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz