Қазақ тілі сабағында оқушыларға арналған тапсырмалар мен ұлттық – танымдық ойындар
Жоспар
Кіріспе 3
1. Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс.әрекетің қалыптастыру құралы
1.1 Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым . қатынасы 5
1.2 Оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастыру 10
1.3 Бастауыш сыныпта ұлттық . дактикалық ойындарды пайдалану 13
2. Қазақ тілі сабағында оқушыларға арналған тапсырмалар мен ұлттық . танымдық ойындар
2.1 Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу . тәрбие үрдісін жетілдіру 17
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында қолданылатын тапсырмалар 19
2.3 Қазақ тілін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ойын түрлерін тиімді пайдалану. 21
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе
Көкейкестілігі: Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттіктілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет.
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі. Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға,әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылықпен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.
Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе. Дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап ойын арқылы тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты – бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл – күйін сергітеді, ерік – жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс – әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:
- жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;
- сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
- шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
- өзіне деген сенімділік пайда болады;
- логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Зерттеудің тақырыбы: Қазақ тілі сабағынан бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырмалар мен ұлттық- танымдық ойындар.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету.
Зерттеудің міндеті:
1. Оқушының тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық мәнін талдау, саралау;
2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойынның түрлері мен психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
3. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану жолдарын көрсету;
4. Оқушылардың логикалық ойын дамытудағы ойынның рөлін көрсету.
5. Оқушыларының тілін дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсетіп, ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі: Жеке тұлғаны дамытуда оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар, сынып сағатын, сыныптан өткізілетін іс-шараларды зерделеу, табиғи эксперименттерді, тәрбие сағаттары.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б.,Құдиярова А. М. Педагогика. Алматы, Дарын, 2004 ж
2. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы, 2002 ж
3. Бабанский Ю.К. Организация учебно-воспитательного процесса. М, Просвещение, 1992 г.
4. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі Алматы, 2003 ж
5. Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері Алматы, Рауан, 2002 ж
6. Т. С. Сабыров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978 ж
7. Ильина Т. Педагогика. Москва, 1984 ж
8. Педагогика және психология қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі Алматы, 2002 ж
9. А. С. Макаренко Балалардағы тәрбиелеу туралы лекциялары Алматы, 1952 ж
10. Жаңа буын бастауыш сыныптарға арналған “Қазақ тілі” оқулықтарын оқыту әдістемесі (1 – 4 сынып)
11. Жаңа буын бастауыш сыныптарға арналған “Қазақ тілі” оқулықтарына арналған дидактикалық материалдар (1 – 4 сынып)
12. Т. С. Сабыров Оқыту теориясының негіздері Алматы, 1992 ж
13. Бастауыш мектеп журналы 2005 № 9
14. Бастауыш мектеп журналы 2006 № 3
15. Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.
16. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.
17. Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж.
18. Оқушыларға тіліді меңгерту жолдары Алматы «Ана тілі», 1997 ж.
19. Шешендік сөздер С. Негимов Алматы, «Ана тілі» 1997 ж

3
1.
Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы
1.1
Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым - қатынасы
5
1.2
Оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастыру
10
1.3
Бастауыш сыныпта ұлттық - дактикалық ойындарды пайдалану
13
2.
Қазақ тілі сабағында оқушыларға арналған тапсырмалар мен ұлттық - танымдық ойындар
2.1
Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру
17
2.2
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында қолданылатын тапсырмалар
19
2.3
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ойын түрлерін тиімді пайдалану.
21
Қорытынды
27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28
Кіріспе
Көкейкестілігі: Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттіктілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет.
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі. Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға,әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылықпен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.
Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе. Дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап ойын арқылы тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында - көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс - әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:
- жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;
- сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
- шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
- өзіне деген сенімділік пайда болады;
- логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Зерттеудің тақырыбы: Қазақ тілі сабағынан бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырмалар мен ұлттық- танымдық ойындар.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету.
Зерттеудің міндеті:
1. Оқушының тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық мәнін талдау, саралау;
2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойынның түрлері мен психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
3. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану жолдарын көрсету;
4. Оқушылардың логикалық ойын дамытудағы ойынның рөлін көрсету.
5. Оқушыларының тілін дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсетіп, ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі: Жеке тұлғаны дамытуда оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар, сынып сағатын, сыныптан өткізілетін іс-шараларды зерделеу, табиғи эксперименттерді, тәрбие сағаттары.
1. Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық
іс-әрекетің қалыптастыру құралы
1.1 Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым - қатынасы
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым - қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой - пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт - бағдар беру, істің дұрыс - бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт.
Ұлы Абайдың "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?" деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Пестолоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский, С. П. Шацкий және Н. К. Крупская өз пікірін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс - әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
Я. А. Коменский "Ұлы дидактика" деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден - бір құралы ретінде ойынды айтуға болады.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар айналысқан. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс - әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс - әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді, Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс - әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекеттер бала үшін қажетті. Балаларға ақыл - ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат - мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа ынтасын арттыру, ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызша және жазбаша тілін жетілдіру, сауатты жазуға, ойлылыққа, тапқырлыққа баулу мақсатын жүзеге асыруда ойынның алатын орны ерекше. Оқушылар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Бұл туралы А. Н. Леонтьев: "Ойын - іс - әрекеттің ерекше түрі, онда негізгі желі іс - әрекеттің мазмұнында жатыр" деп айтқан. Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс - әрекеттің мақсат - бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыру ға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл - ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі. Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті ХҮІІІ ғасырда Руссо былай деп жазған: "Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек".
Үлкендер үшін қарым - қатынас құралы тіл болса, ал балалар үшін ойын және әр түрлі іс - әрекет болып табылады.
"Ойын" ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
oo ойын - сауық;
oo коммуникативтік немесе қарым - қатынастық;
oo диагностикалық (ойын барасында өзін - өзі тану);
oo коррекциялық (өзін - өзі түзету);
oo әлеуметтендіру.
Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол ұжымдық әрекет болып табылады. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір - біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның ерекшелігі
oo Еркіндік рахат сезіміне бөленеді;
oo Іс - әрекеттің шығармашылық сипаты болады;
oo Эмоциялық әсерінің молдығы.
Құрылыс ойындары. Оқытушы мақсат көздеген, үйретуші және бағыттаушы басшылығы балалардың өнерпаздығымен, белсенділігімен дұрыс ұштасқанда ғана құрылыс ойындары ықпал жасай алады. Бұл тұрғыда мұғалім мына міндеттерді жүзеге асырады:
oo Балалардың ұғымын кеңейту және олардың назарын құрылысшылардың еңбегіне, олар пайдаланатын техникаға тәрбиелеу;
oo Құрылыс тәсілдеріне үйрету, ойнау дербестігі мен белсенділігін, конструкциялық қабілетін тәрбиелеу және дамыту;
oo Баланың еңбексүйгіштігін қалыптастыру, өзара дұрыс қарым - қатынасын дамыту, оларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Қимылдық ойындар. Қимылдық ойындар кезінде баланың қозғалу ритміндегі, қимыл шапшаңдығына байланысты қозғалыс сымбатындағы жарасымдық пен әсемдік олардың эстетикалық сезімін де тәрбиелейді. Жүгіріп ойнауда бала бәрінен де бұрын оңға, солға, алға, кейін деген сияқты бағдарлау істерін тәжірибе жүзінде игереді. Қимыл қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдік пен қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерлілікпен көрінеді. Қимылдық ойындар мазмұны жағынан 2 топқа бөлінеді:
1. Сюжетті ойындар
2. Сюжетсіз ойындар
Сюжетті қимыл - қозғалыс ойындары шартты формада өмірлік немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен көрінетін ойын бейнелері қызықтырады. Мысалы, "Мысық пен тышқан", "Қарақұлақ", "Қасқыр қақпан", "Қоян", т.б.Сюжетті қимыл - қозғалыс ойындары балаларды өздерінің түсінікті мақсатқа жетуге жетелейтін, балалар үшін қызықты қимыл тапсырмаларынан тұрады. Олар өз кезегінде ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап алу және осы сияқты үлгілеріне бөлінеді: "Кімнің тобы тез сапқа тұрады?", "Кім өз жолаушысына тез жетеді", "Кім шертті?", "Икемді тал", т.б.
Ұлттық ойындар. Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан тәлім - тәрбиелік маңызы зор мұралараның бірі. Бұл ойындардың мақсаты - елін, жерін, халқын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу жолында халықтың бар өнерін, құндылықтарын қолдану. Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына, көздеген мақсатына байланысты, негізінен, үш салаға бөлінеді. Атап айтқанда: ойын - сауық, тұрмыс - салт ойындары және оймен келетін ойындар. Шындап келгенде ұлт ойындары ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан - байтақ қазақ даласына ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Ұлт ойындарының басым көпшілігі тұрмыс - салтты, соған орай жануарлар әлемін: аңшылықты бейнелейді. Ұлт ойындары адам баласының ұжымдық шығармашылығы және орындалуы да көбіне ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым - қатынасқа әрекеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіндік мол.
Дидактикалық ойындар - оның аты айқындап тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі.
Дидактикалық ойындар дегеніміз оқыту мақсатын жүзеге асыруға арналған ойындар. Дидактикалық ойындар оқушының байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады.
Дидактикалық ойын баланы қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі. Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, оқушылардың сөздік қорын арттырады, ақыл - ой қызметін қалыптастырады. Дидактикалық ойын баланың пікірін сөзбен жеткізуді талап етеді
Дидактикалық ойындар педагогика ғылымының дидактика тарауында қарастырылады. Себебі, дидактика - бұл оқу, және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым. "Дидактика" термині грек тілінен енген, аудармасы "үйретуші" дегенді білдіреді.
Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойын - дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта - ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дидактикалық ойындарға қойылатын бірінше талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б) ойын барасында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;
в) баланың ойын барысында жеткен оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.
Дидактикалық ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
С.А. Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
oo еркін дамытушы іс - әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты;
oo әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы;
oo ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай - ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет.
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс - әрекет сиаптына, ойн құрылымына сәйкес жіктемелері бар. (Л. А. Ленгер, О. М. Дьяченко, Т. К. Жикалкина, т.б.)
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын - саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық - оңай жолмен; қажеттілер - қызық жолмен беріледі.
2. Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын - болжамдар. Бұл ойындар "Не болар еді ...?", "Мен не істер едім, егер ..." деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен әрекет ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
4. Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын - әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым - қатынасына негізделеді. Бұл қарым - қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс - әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар
2. Қайта жаңғырту іс - әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар
3. Қайта жасау іс - әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар
4. Оқушылардың іс - әрекетін бақылауға бағытталған ойындар
5. Ізденіс іс - әрекетіне бағытталған ойындар
Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:
1. Сюжеттік - рөлдік ойындар
2. Жаттығу ойындар
3. Драмалық ойындар
4. Шығармашылық ойындар
5. Әдеби - музыкалық ойындар
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар
2. Тәрбиелейтін ойындар
3. Дамытатын ойындар
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
5. Диагностикалық ойындар
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктеріне толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
1.2 Оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастыру
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.
Н.К.Крупская Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді - дейді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.
Н.Ф.Талызина Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады - деген пікір айтты.
В.В.Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.
Психолог А.С.Выготский: бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді - дейді.
Я.А.Каменский ойынды рухани және дененің даму қозғалысы - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді - деді.
Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог Сухомлинский В.А. терең және жан-жақты қарастырған.
Қазіргі таңда оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:
oo Танымдық дидактикалық ойындар.
oo Сұрақ-жауап, тапқырлар клубы, викторина, қызықты математика.
oo Пәндік олимпиада апталығы.
oo Көрнекіліктер.
oo Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.
oo Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.
oo Педагогикалық технологиялар.
Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.
oo Дидактикалық міндет.
oo Танымдық қабілетін арттыру.
oo Оқудың тиімділігін арттыру.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.
- Сабақтың шығармашылық бастамасы.
- Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.
- Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.
Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.
- Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.
- Білім мазмұнының көлемі, маңызы.
- Білімді меңгеру деңгейі.
- Білімді қабылдауы.
- Білімді қолдана білуі.
Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.
Жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі.
Я.А.Каменский: ойында рухани және дененің даму қозғалысын көреміз, оларды саналы түрде пайда келтіретіндей жүргізуіміз керек. Ойын- жасына және халықтық ғұрпына сәйкес болуы керек - деп аттап көрсетеді.
Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.
Ұлы класик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз -айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді.
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
1.3 Бастауыш сыныпта ұлттық - дактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетінде халық ойындарын дидактикалық мақсатта қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері С.А.Ұзақбаева, Е.Сағындықов, С.Елубаев, С.Елубаева, А.К.Айтпаева, Г.Р.Бахтиярова еңбектерінде ашып көрсетілді. Бұл еңбектерде халық ойындарының білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мәні айқындалып, оларды пайдаланудың жолдары мен әдіс - тәсілдері беріледі.
Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл - күінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт - дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған. Халық ойындары баланың көркемдік - эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады. Ойын кезіндегі қуанышты көңіл - күй мен әсем қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі. Сөйтіп оларда туған елдің мәдениетіне деген қызығушылық, сүйіспеншілік, сыйласымдық сезімі қалыптасады. Халық ойындарының қайсыбірі болмасын мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой - өрісіеің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруге, психикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді.
Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отыпған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін бірі толықтырып байыта түседі.
Ойын бар өнердің бастауы, шынында да көне мәдениетпен әдеби туындылар сол халықтың жиналған уақытта, ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған.
Қазақтың ұлттық ойындарының бір ерекшелігі оған өлең сөздің араласып келіп келіп отырғанында. Егер ойын барысында өлең тақпақ жолдары кездеспесе, онда ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды.
Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпақтың ұлттық ойындары адам еңбегінің жемісі. Халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып - білу талпынысына нышаныретінде өмірге келген халықтың әлеуметтік - экономикалық айналасы екенін білеміз.
М.О.Әуезов біздің халқымыз өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар, Ойын көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше мағыналары болғанын айтады.Бұл пікір өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек. Қазақтың тарихи көне жылдарының эпостары мен лироэпостарының қай - қайсысын алып қарасақ та, оның өн бойына халықтың ұлттық ойындарының, әдет - ғұрыптары салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Негізгі кейіпкерлері - баланың ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері ойын үстінде көрінеді, сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.
1 жастан 7-ге дейін баланы халқымыз нәресте немесе ойын баласы деп атаған. Халық неше алуан ойынды туғызып, оны іс жүзінде қолданып оның тәрбиелік, білімділік жақтарын көре білген. Бала ойынмен өседі деген өмірлік қорытынды жасап, оны өздерінің бала тәрбиесіне тиек еткен.
Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала,
Кеудеде ақыл ойлайды - деген өлең жолдары да осының дәлелі. Ойын баласы ғой, бүгін ойнамай үйде отыр, селсоқ ауырып қалды ау! деген пікір айтқан баланың денсаулығын бағдарлайтын халқымыз. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасады.
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен: Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын - дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты - деп ойынның зор маңызын түйіндесек, ұлттық ойындарды ойнату, сабақта пайдаланудың маңызы сөзсіз зор.
Оқушының білімінің саналы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, білімдерін, дағдыларын,іскерлікпен дамытуға байланысты.
Ойынның атқаратын қызметі сан алуан болады. Атқарылатын қызметіне қарай ойын жұмбақ, жаңылтпаш, ермек , айтыс, құрақ, оралым, ою-өрнек, мозайка, шытырман, жарыс, дұзақ, есеп, сұрақ, алмастыру, қозғалыс, жаттығу болып бөліне береді. Ойын тек баланың дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке және т.б. тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Баланың әртүрлі ойынмен ойнауы және өзі туып өскен, өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері мен түйсіктері олардың қиялын қозғап, творчестволық шабытын оятып, алғашқы іс-әрекетке жетелеуге, осы арқылы баланың өзін қоршаған дүниені танып білуіне алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.
Оқушының бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, есін, зейінін) өрбітетін ойын, Абай сөзімен айтсақ дүниенің көрінетін һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс.Басқаша айтқанда,ойын нақтылық пен дерексіздік,индукция мен дидукция, талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс. Оқушыларды ой қорытындысын жасай білуге үйрету үшін, осы таным әдістеріне баулуымыз қажет. Сонда ғана тәлім - әрі сәнді, әрі мәнді болады.
Балаға әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырылып, ойын ережесі түсіндіріледі. Сондай-ақ пайдаланылатын құрал-жабдықтары айтылады. Халық ойындары қолға түскен қарапайым заттармен ойнала береді. Олай болса, оның дидактиқалық құралдарын даярлау онша күрделі емес, оны әрбір мұғалім даярлай алады.
Халық ойынының келелі бір мақсаты - баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz