Оқушыларға экологиялық тәрбие беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1. Бастауыш сыныпта оқу процесінде оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
3: 5
Кіріспе: 1. 1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру педагогикалық мәселе
3: 5
Кіріспе: 1. 2 Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие берудің негіздері
3: 7
Кіріспе: 1. 3 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
3: 10
Кіріспе: 2. Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беру тиімділіктері мен әдістемесі
3: 15
Кіріспе: 2. 1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұны мен жолдары
3: 15
Кіріспе: 2. 2 Табиғат қорғау дәстүрлері арқылы экологиялық тәрбие берудің формалары мен әдістері
3: 18
Кіріспе: 2. 3 Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
3: 21
Кіріспе: Қорытынды
3: 29
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 31

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі : Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.

Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республиканың ертеңгі қажетін өтерлік, елін, туған жерінің табиғатын сүйетін, оны қадірлеп, қорғайтын білімді, саналы азамат өсіру бала дүниеге келген шақтан, мектепке дейінгі кезеңнен басталады. Себебі, егеменді еліміздің ертеңі жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Ал, бастауыш сынып кезеңіндегі білім қоршаған орта, табиғат жайында қарапайым ұғым беру арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырудан басталады.

Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Сондай-ақ табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып, берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етуде баланың дүниетанымы кеңейіп, тереңделіп, толықтырылады.

Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде Ә. Е. Бейсенова, Ә. Бірмағамбетов, Х. Жүнісова, Ж. Б. Шілдебаев т. б. еңбектерінде жазылған.

Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып шығарылды. Алғашқы рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар дайындау туралы тұжырымдама жасалынды. Осының нәтижесінде Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә. С. Бейсеновваның еңбегі айрықша болды.

Мен курстық жұмысымды орындау барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіс зерттеулер жүргізген ғалым-педагогтар И. Д. Зверев, М. Н. Сарыбеков, Н. Е. Ильинская тағы басқалардың ой-пікірлерін еңбектерін басшылыққа алдым.

Зерттеу мақсаты : бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық білім мен тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу.

Зерттеу нысанасы: бастауыш мектептердегі сынытап тыс оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру.

Зерттеу міндеттері:

  • орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
  • бастауыш сыныптарда экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы :

  • орта мектепте оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі жасалынды;
  • сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру жұмыстарының бірлігі мазмұндық, ұйымдастыру және әдістемелік тұрғыдан негізделген;
  • экологиялық тәрбие мазмұны туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарымен толықтырған.

Зерттеудің практикалық маңызы:

Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдары ендірілген қосымша бағдарламалар жасау;

Бастауыш оқыту мектептерде сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие білім мен тәрбие берудің ғылыми-практикалық ұсыныстары.

1. Бастауыш сыныпта оқу процесінде оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері

1. 1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру педагогикалық мәселе

Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді.

Сонымен бірге, қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру педагогика мен мектептің басты борышына айналуда.

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде оқушыны жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т. б. өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп, жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған. Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымдардың шығуы туралы трактатында» табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады.

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл педагогтарымыздың орны ерекше. Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Г. Песталоции, А. Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Чех халқының атақты педагогы Я. А. Коменский «Тәрбиенің негізі - табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы», - деді. Француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды», - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: «табиғат, адамдар, заттар» деп есептеді.

Оқушылардың адамгершілік қасиетін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу жеткіліксіз болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болады.

Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын бағалай келіп, А. Е. Тихонова «табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын молайтуға ұмтылдыруда болып табылады», - деді.

Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты, «эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды».

Табиғат - сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.

Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К. Д. Ушинский назарын аударған. Оның «Детский мир», «Родное слово» атты кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, «Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады», - дейді. Ол табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны «ой ұрығы», «ұлы тәрбиеші» деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды жасай отырып: «Мейлі мен педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін дамытуда ересек мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиесінің ықпалынан да бәсекелесуі қиын деген терең шешімге», - келдім деген болатын.

А. Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері, оның табиғат заңдылықтарын терең пайымдау алумен бірге оған байланысты ғылыми көзқарастарын танытады. Ол табиғаттың бір байлығын адам баласының ауызына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп, «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз», - деп өсіп келе жатқан ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді.

Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адамзат баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлу керек. Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа өнеге-үлгі боларлық жыл мұралар, даналық ұғымдар, мақал-мәтел, нақыл сөз, аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір асыл мұраның өзінде қаншама терең ой, әрі тәлім-тәрбие өнегесі жатыр. Сондықтан да әрбір ұстаз, әр тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, әрі оны пайдаланып отырса, оқушылардың экологиялық түсінігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Қазіргі кезде мектептегі экологиялық тәрбие беру саласында себептен гөрі сандарға көбірек көңіл бөлініп отыр. Нәтижесінде табиғат пен қоғамда орын алатын күрделі байланыстарды талдаудың орнына, адамзат бар күшін табиғатты ұтымды пайдаланбаудың жағымсыз салдарын жоюға жұмсауда.

Экологиялық тәрбие беру жұмысы жанұяда, балалар бақшасында, мектепте, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, жұмыс істеуге көшкен кезде де үздіксіз жүргізілген жағдайда адам санасында табиғатты қорғап, оның байлықтарын сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болады.

1. 2 Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие берудің негіздері

Экологиялық тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда экологиялық тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті табиғатты түсіну мен қорғауға дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс- әрекетке үйрену мен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі», «Мектеп тәрбиесі адам қылды» деп нақтылып айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адам дамуы мен қалыптасына әлеуметтік- экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдар болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.

Экологиялық тәрбиенің жалпы заңдылықтары:

1. Барша тарих кезеңдерінде экологиялық тәрбие объективтік-қоғамдық қажеттіліктен туындайды және ол қоғамға қызмет етеді.

2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, мазмұны және тәсілдері біртұтас байланыста, бір-бірінсіз нәтиже бермейді.

3. Біртұтас педагогикалық процестегі экологиялық оқу мен тәрбие(тармағынадағы) өзара кіріге ұштасқан.

Келтірілген заңдылықтар экологиялық тәрбиені ұйымдастырудың жалпы негіздерін құрайды, ал енді сөз болатын заңдылықтар тікелей экологиялық тәрбиелік процесті іске асырудағы педагогикалық құрал ретінде танылуы тиіс. Олардың қатарына кіретіндер:

1. Дамушы жеке адамның экологиялық тәрбиесі сол адамды тікелей іс әрекетке қосу барысында орындалады.

2. Экологиялық тәрбие- ұйымдастырылған іс-әрекеттегі жеке адамның белсенділігін арттыруға ықпал етуші фактор.

3. Экологиялық тәрбие барысында тәрбиеленушіге деген жоғары гуманизм мен сый-құрмет орынды талаппен ұштасуға міндетті.

4. Экологиялық тәрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып, табыс қуанышына ере білуге көмектесу.

5. Экологиялық тәрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды орынды пайдалану қажет.

6. Экологиялық тәрбиелеуде оқушылардың жастық және даралық ерекшеліктерін ескеру орынды.

7. Экологиялық тәрбие ұжымда жүргізіліп, ұжым арқылы іске асырылуы қажет.

8. Экологиялық тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының және қоғамдық мекемелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісімі қажет.

Мектептегі оқу экологиялық жұмысы да, оқушылардағы жеке адамдық сапаларды тәрбиелеу де осы заңдылықтарды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Экологиялық тәрбие мақсаты- педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.

Кейде педагог балалармен экологиялық оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бағдарсыз бастаған ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, оңды- солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай шаршап - шалдыққанында бір-ақ түсінеді.

Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек.

Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізгі болған тереңде толық қанағаттанушылық тудырады.

Экологиялық тәрбие мақсаты- педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.

Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстрын нақты айқындалған мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бағдарсыз бастаған ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, оңды- солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай шаршап - шалдыққанында бір-ақ түсінеді.

Сонымен, экологиялық мақсат - өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс. Сонда ғана тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақ көрінеді: мақсат бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі. Сызбанұсқа түрінде бұл төмендегіше сипатталады сипатталады.

1-сызбанұсқа. Экологиялық мақсат.

Бұдан туындайтын ой - мақсат экологиялық тәрбие процесінің мазмұнын айқындайды, экологиялық мақсат тәрбие нәтижесіне негіз болады, экологиялық мақсат - педагогтың кәсіби іс - әрекеттерінің баға өлшемі, мақсат - педагог санасының үздіксіз айналымда толығымен мақсатқа тәуелді, оған орай өз мән - мағынасына ие болады.

Егер экологиялық тәрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтің қадам сайын алға қойып, әр сәт сайын шешіп отыратын әрекеттің бәрі - міндеттер. Жалпы мақсаттық бағдар назардан ғайып болып, педагог бір міндет бағытында жұмыс істеп, ойлай бастағаннан, дәл осы міндет мақсат мазмұнына ие болып, өзіне қажетті ендігі міндеттерге ие болды. Экологиялық тәрбие процесі мектепте көптеген пәндер арқылы да жүргізіледі.

Мұны схема түрінде көрсетуге болады 2-сызбанұсқа:

міндет 1

міндет 1 мақсат 1 міндет 2

міндет 3

міндет 1

Мақсат міндет 2 мақсат 2 міндет 2

міндет 3

міндет 1

міндет 3 мақсат 3 міндет 2

міндет 3

міне, осыдан педагогикалық сөздікте «экологиялық тәрбиенің мақсаты мен міндеті», «экологиялық тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері» тіркестерін жиі кездестіреміз.

Бұлардың бірін таңдауымыз белгілі экологиялық мақсаттың жалпы бағдарына байланысты да, бір жағдайдың өзіне де мақсаттың мәнге де, міндеттік мәнге де ие бола беретінен. Мысалы, мұғалім сабақты дайындауда нақты сабақ «мақсатын» белгілейді, ал енді осы мақсаттың өзі жалпы тәрбие мақсатының міндеті болып шыға келеді. Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесі аталған көп «міндеттің» орындалу құралына айналды: мәдени, саясат бойынша жасау қабілетін қалыптастыру, адам бола білу қабілетін жетілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа алу қабілетін түзу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірлік бағыт қалыптастырып, өз тіршілігінің мазмұнын реттей алу қабілетін орнықтыру; тұрмыстық міндеттерге дайындау; өмірлік еңбекке дайындық, отбасылық өмірге дайындық, бос уақытын мазмұнды өткізуге дайындау, өзін шығармашылықпен баулуға дайындау.

Мақсат пен мотив адам іс-әрекетінің мәндік бірліктері. Мақсатсыз әрекет жоқ. Ал мотивсіз мақсат белсенділігі қарапайым әрекет шеңберінен аспайды.

Экологиялық тәрбиенің ең маңызды субъективті факторы - бұл тәрбиеші тұлғасы. Адам жанының кейбір нәзік тұстарын, экологиялық тәрбие процесімен ілесе жүретін мыңдаған үлкенді - кішілі өзара ықпал - әрекеттерді қамтудың мүмкінділігі аз. Мұндайда пәрменді тәрбиенің аса маңызды шарты - тәрбиеші тұлғасы.

1. 3 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары

Тәрбие процесі - бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.

Экологиялық тәрбие процесі - бұл байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтіжелер есебінен құрылады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс - әрекеті, тәрбиеші, оның тәрбиеленушілемен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.

Экологиялық тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін - өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.

Экологиялық тәрбие процесінде мазмұндық және процесуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшісінің, ұжымын тәрбиелік іс - әрекеті - бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындағы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі - тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проболемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындыққа алшақтау қаупі туады.

Экологиялық тәрбие мақсаты- педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.

Экологиялық тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әркомпоненті өз кезегінде өзіндік копоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылым түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада Тәрбие процесі талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: Тәрбие процесі мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым - қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т. б. солардың кейбіреулерін қарастырайық:

Мақсаттық талап тәрбие процесінің құрылымын шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін білдіреді. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие
Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
Экологиялық білім экологиялық тәрбие экологиялық сана
Экологиялық тәрбие жүргізу және оның мәні
Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жүйесі
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz