Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: І. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 1 Оқушылардың шығармашылық тұлғасын дамытудың ғылыми педагогикалық мәселелері . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 2 Оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың психологиялық жақтары . . .
3: 9
Кіріспе . . .: 1. 3 Оқыту үрдісіндегі оқушылардың шығармашлық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері . . .
3: 13
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: ІІ. Бастауыш сыныптағы оқушылардың қабілетін оқу процесінде дамыту . . .
3: 18
Кіріспе . . .: 2. 1 Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру . . .
3: 18
Кіріспе . . .: 2. 2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамыту . . .
3: 20
Кіріспе . . .: 2. 3 Оқушы тұлғасын қалыптастыруда шығармашылық іс - әрекетке баулу.
3: 22
Кіріспе . . .: 2. 4 «Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті . . .
3: 25
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 32
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 34
Кіріспе . . .: Қосымша
3:

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2008-жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» деп атап көрсетті.

Демек, аталған жолдауда стратегиялық міндеттердің бірі білім, ғылым беру жүйесінің мазмұнын жаңа міндеттермен толықтырып, өмір талабына сай бастауыш сынып оқушыларының «шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған» сапалы білім беруді талап етеді. Ендеше, бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда, кеңейтуде, танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор деген сөз.

Білімді ұрпақ тәрбиелеу мәртебесі-қазақ елінің мәртебесі. Өйткені, балаларға білім мен тәрбие беріліп, осы өмірге бейімдеп қана қоймай, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды сақтап қалу бүгінгі мектептердің өзекті мәселесі болып отыр. Демек, бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға басты назар аударуымыз қажет.

Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда мұғалімі берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс.

Осыған орай, қазіргі кезеңде бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру-бастауыш мектептердегі оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуі мен жаһандану талабына орай бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда, білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыруда, оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Олай болса, бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігі туындап отыр.

Осыған орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде бастауыш сынып оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың жеткіліксіз қарастырылуы, менің курстық жұмыс тақырыбымды «Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар» деп таңдауыма себепші болды.

Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды оқу сабақтарында қалыптастыруды ұйымдастыру

Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды ұйымдастыруда теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.

Егер оқу үрдісінің әр кезеңдерінде бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ғылыми-педагогикалық, жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасап, оқу- тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы қалыптасады.

Міндеттері:

1 Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.

2. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда моделін құру.

3. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

І. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Оқушылардың шығармашылық тұлғасын дамытудың ғылыми педагогикалық мәселелері

Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді дағдыларды меңгеретін, кайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми-педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген.

Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибесін» қалыптас-тыру қажеттігі туралы 80-жылдары-ақ И. Я. Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі.

В. В. Давыдов «жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және кабілеттілігіне байланысты» деп есептеген. Б. Д. Эльконин шығар-машылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздык, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын. дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

Әрине мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның мүмкіндіктері де зерттелген. Айталық, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В. В. Давыдов пен В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылған.

Бір нәрсені жасауға тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды, бұл кезде шығармашылық актілері оның әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі «қиял, елес» болып есептеледі.

Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктер оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі - «оқуға құштарлық, ынталылық» жасөспірімдік кезеңде оқушы оку әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде дами бастайды.

В. В. Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В. В. Давыдов өзінің «Дамыта оқыту теориясы» еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте ғалым тұлғаны «еркін шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі - оның еркіндікке деген қозғалысы» деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.

Ал соңғы жылдары қарастырып отырылған мәселенің зерттелуі жаңа қырында көрінді. В. И. Слободчиков оқушы өміріндегі басты оқиға - «өзіндік менін ашу, адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзін-өзі өмірбаянының жасаушысы ретінде сезіну» деп есептейді. Бұл мағынада оқушының шығармашылық әрекеті өзінің жеке қарым-қатынасын қалыптастыруға және өзін осы қатынастың өнімі ретінде қарастыруға бағытталған.

Бұл мәселе дұрыс шешімін табуы үшін В. И. Слободчиков келесі психология-педагогикалық талапты ескертеді: «Сәйкес ортаның, ересек адамның болуы, оқушы мен ересек адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің пайда болуы».

Шығармашылық әрекет бұл жерде ересек адам мен жасөспірімнің кездесуі, бірлескен іс-амал нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы, қорытындысында жасөспірімнің ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі бір әдістерін иемденетін әрекет түрі болып табылады. Яғни ересек адаммен бірлесе отырып, қоршаған ортаны өзгерту, өзін жасай, сомдай білу негізгі мектеп оқушыларының шығармашылық әрекетінің моделінің бір бөлігі болып табылады.

Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты - оқушыда өз жеке білім траекториясын таңдау қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталуы қажет.

Шығармашылық әрекет оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет окушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған.

Бұл факторларды зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды ескерген жөн. Мысал ретінде Ю. Г. Юдиннің ұсы-ныстарын келтіруге болады. Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын және оларға сәйкес қалыптасатын кабілеттіліктерін Ю. Г. Юдина мына түрде қарастырады:

1. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі: оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру. т. б.

2. Оқушының шығармашылық әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім икемділіктерін қолдана білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу шешімдердің баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу.

3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.

4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған сол пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.

Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшалар да болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдардың шығармашылық қабілеттіктерінің белгілері. Осы орайда А. Н. Лук өз еңбегінде "адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты"деген пікір айтады. Ол шығармашылық қабілеттер-дің белгілері ретінде:

  • нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;
  • тасымалдай білу;
  • ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
  • әрекетті бағалауды айтады.

Сондай-ақ ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайдың болуы керектігін және қорқыныш жалқаулық, өзін-өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-қай-шылықтармен күресу қажет екендігін айтады.

Оқушы шығармашылығының ғылыми-педагогикалық проблема ретіндегі өзекті мәселесінің бірі - оның қалыптасуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысыида оқушының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шығармашылық үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық үрдісті А. Н. Лук бес кезеңге бөледі:

1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.

2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.

3. Инкубация. Уақытша мәселені қозғамау.

4. Интуиция оянуы, Инсайт.

5. Нәтижені жан-жақты тексеру.

Ал көрнекті француз математигі Ш. Адамар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі:

1. Дайындық кезеңі.

2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.

3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.

4. Тексеру кезеңі.

Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б. А. Түрғынбаева өз диссер-тациясында шығармашылық үрдістің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады:

1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.

2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.

3. Шешімнің жарқ етуі.

4. Шығармашылық акт.

5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде

бала бойында әртүрлі сапалық қасиеттер қалыптасады. Мысалы, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-қайшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады.

Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық танымдық ой-қиялды қалып-тастырса еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп жаңа істерге қанаттандырады. Оқушының эмоционалдық қызығушылығы іс-әрекет бары-сында көрінеді. Ә. Ә. Сағымбаев ғалым-психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, өзінің кандидаттық диссертациясында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға кері әсер ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады:Әлеуметтік:

- әлеуметтік жағдайдың болмауы;

- отбасында шығармашылық жағдайдың болмауы;

Педагогикалық:

- мұғалімнің баланың белсенділігін қолдамауы;

- баға қоюдағы әділетсіздік;

- әдістемелік көмекші құралдардың болмауы.

Психологиялық:

- ойлау, қиялдың төмендігі;

- өз күшіне сенбеуі:

- жалқаулығы.

Физиологиялық:

- денсаулығының нашарлығы. Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.

Біздің ойымызша оқушылардың шығармашылық әрекетінің пайда болуының шарттарын мына түрде көрсетуте болады:

а) пәнге үйретудің ашықтығы, бұл шарт оқушыларға өз әрекетін таңдауға және еркін жоспарлауға мүмкіндік береді;

ә) сыныптағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық көп мазмұндылық шығармашылық әрекеттің де жан-жақты болуына әсер етеді;

б) оқушының мұғаліммен бірлесе отырып өз шығармашылық әрекетінің жеке бағдарын құруы; ыңғайлы жоспардың жасалуы және шығармашылық жұмыстардың кезеңдерінің орындалу жүрісі оқушының жеке бағдарын құру құралдары болып саналады.

Оқушылардың жеке білім траекториясын қандай да бір әрекетті жүзеге асыру үстінде құру қазіргі негізгі мектептің мақсатына сәйкес келеді. Білім берудің классикалық жүйесінде оку бағдарламалары оқушы әрекетінің репродуктивті (білімді есте сақтау, жаттау, жаңғырту т. б. жұмыстар) әдістеріне негізделген.

Жақсы үлгеретін оқушылардың өздері шығармашылық бағыттағы жұмыстармен кездескенде тығырыққа тіреліп қалады. Сондықтан оқушыларды әрекеттің өнімді шығармашылық әдістеріне үйрету қажет. Бұл тұрғыдан алғанда оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту ғылыми-педагогикалық проблема ретінде өз шешімдерін іздестіре беруді қажет етеді.

1. 2 Оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың психологиялық жақтары

1. Шығармашылық ұғымының сипаттамасы, бөліктері "Шығарма-шылық" сөзінің төркіні "шығару", "ойлап табу" дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте "шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет" деп түсіндіріледі.

Көрнекті психолог Л. Выготский "шығармашылық, " деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтердің бірі Я. Пономарев оны "даму" ұғымымен қатар қояды.

Өйткені, әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі педагогиканың талаптарына сәйкес келетіндіктен көңілге қонымды.

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары "шығармашылық" сөзімен, "жаңалықпен" қатар "бастама-шылдық, белсенділік" ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, темендегідей қорытындыға келдік: шығармашылық - өте күрделі психологиялық үрдіс. Ол адамға ғана тән.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда.

Шығармашылыққа деген қажеттілік - күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарға бірдей деуге болмайды. Ал қоғамдағы жаңару үрдістері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.

Шығармашылық - бұл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның, ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи үрдістері үздіксіз жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды.

Ішкі шығармашылық үрдістерін табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын өзіне байланысты.

Адамның шығармашылыққа деген құлшынысы оның әз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша оты-рып оның "әрекет" ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды.

Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.

Зерттеушілер шығармашылық әрекетке әр түрлі анықтама береді. Мыса-лы, И. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

А. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегеңдікке балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай білу қабілеттерін атайды.

Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлауға ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі жатқызылады.

2. Шығармашыл тұлға - біртұтас жүйе. Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап-тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.

Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз жүргізілу қажеттілігіңде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді.

Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени қүңдылықтарды бағалай алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар ену керек.

Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның дамуы - ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама-қайшылықты үрдіс.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады.

Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, коғамда болып жатқан іс-әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды.

Тұлға -балалық кезеңде шығармашылық бағыт оқу-тәрбис үрдісінде тиімді дамиды. Нәтижесінде баланың білімі, белгілі бір қабілеттері артады. Ол әр алуан жолмен, әсіресе, эстетикалық тәрбие қүралдары арқылы жүзеге асады.

Эстетикалық тәрбие педагогикалық үрдіс ретінде оқушының болмысқа және өнерге көзқарасын қалыптастырады. Болмыс пен өнер адам өмірінде үлкен рөл атқарады.

Сонымен, шығармашыл тұлға болу дегеніміз - дүниені тану және жаңарту арқылы тұлғаның болмысқа көзқарасын айқындауы.

3. Қиял және шығармашылық. Қиял - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективті бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп бейнелеуде көрінетін, дәл мағынасында тек адамға ғана тән жан қуаты . . .

Әр адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жеке басының өзіндік ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсат - міндетіне байланысты. Сондай-ақ, қиялдың мазмұны мен түрі кісінің жас ерекшеліктері мен білім, өмір тәжірибесіне де тәуелді.

Адам қиялы еңбек, іс-әрекет үстінде туып, дамып отырады. Қиял актив (белсенді), пассив (енжар) болып шектеледі. Енжар қиялдың ең төменгі шегі - түс көру. Белсенді қиял - қайта жасау, шығармашылық (өнер, ғылым, техника, т. б) .

Адамның өмір жолы, жеке басының дамуы, даралығы, іс-әрекеті, өмір салты қиялдың дәрежесіне елеулі түрде тәуелді.

4. Шабыт және шығармашылық. Жаңа нәрсе ойлап шығаруда (машина, күріштің жаңа түрі, жыр, роман т. б. ) адамның барлық, қабілеттері, қуат-жігері бірдей шарықтап, самғап көтерілуін шабыт дейді. Шабыт - мәселенің шешімін табуы, ойдың тууы, жанның эстетикалық ләззат алуы.

Шабыт - қиял мен ойдың біріккен жұмысы. Шығармашылық - өте зор, тұрақты, жігерлі еңбек нәтижесі. Бұл тұрғыдан қарасақ шабыт жайлы П. И. Чайковский "Шабыт - тек іздеген адамға ғана кезігетін қонақ. Жалқау адамға жуымайды"десе, Гибсеннің "Өмірі мазмұнды кісінің шығармашылығы да мазмұнды"- деген нақылдарын ескерсек адам өмірінің мазмұндылығы оның шығармашылығына тікелей байланыстылығын көруге болады.

Ал ұлы Абай: "Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады " деп шығармашылыққа бастар жолдың ең әуелі адамгершлік қасиет екендігін көрсетеді. Сондай-ақ шығармашылық қабілеттің дамуы, оны дамыту жолдары жайыңда ғалымдар тереңнен ой толғайды. Жүсіп Баласағүн, Әл-Фараби, Абай өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытудың жолдарын зерттеген. Оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген - М. Жұмабаев.

Оқыта отырып, баланың қабілеттерін дамыту мәселесін көрнекті педагогтар Ш. Амонашвили, И. Волков, О. Газман еңбектерінде қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру
Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнін оқыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
Балаларға әңгіме айтып беру
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында сөздік қорларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz