Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Мектептегі музыка тәрбиесі жүйесінің негізгі түрі - музыка пәні

1. 1 Мектептегі музыка пәні, негізгі бағыттары

1. 2 Оқушылардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің негізгі әдістемелері

1. 3 Оқушылардың ән айту мәдениетін дамыту. Хорды ұйымдастыру

2. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің музыка пәніне арналған бағдарламаларға түсініктеме

2. 1 «Музыка бағдарламасы. 1-4 сыныптар»

2. 2 «Музыка бағдарламасы. 5-6 сыныптар»

2. 3 «Елім-ай», «Мұрагер» бағдарламасы

2. 4 «Музыка» пәні бойынша бағдарламаның негізгі ережелері

3. Музыка пәнін өткізудің кейбір үлгілері және әдіс-тәсілдері

3. 1 Сабақ барысы үлгілері, музыка сабақтарын өз бетімен талдай білуге үйрету үлгілері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болып, әлеуметтік қоғамдық, экономикалық, рухани-мәдениеттік күрделі жаңарулар жүзеге асуда. Осыған орай ұлттық мектебіміз елеулі өзгерістерге бет алып, реформалық қайта құрулар жүргізілуде. «Білім туралы» заң қабылданып, Қазақстан Республикасындағы барлық жалпы білім беретін мектептерге арналған ортақ тұжырымдамалар айқындалуда. Онда жалпы білім беретін мектептің мақсаттары, міндеттері, қызметі, құрылымы мен түрлері қаралған.

Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, оқыту, тәрбиелеу, арқылы әрбірінің жеке тұлғалық сапаларын Жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты деп танылды.

Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау - бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектептердегі оқу- тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.

Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен өзгерістер енгізіп, мектеп мұғалімдері қызметінің ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік деңгейінің аса жоғары болуын талап етуде. Соған байланысты әр салада жеке пәндер бойынша жаңа бағдарламалар енгізіліп, оқу құралдарын жаңаша бағытта қайта түзу қажеттігінің туғандығы да заңды құбылыс.

Жалпы білім беретін орта мектептерде музыкалық педагогика саласы бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқулықтар жазылады. Негізінде тек мұғалімнің музыка пәнінен сабақты қалай ұйымдастырып, қалай жүргізуі керектігі жөніндегі бағыт-бағдар беретін әдістемелік оқу құралдары ғана жарық көреді. Бірақ та жаңа заман талабына сай істелген бұл жұмыстар саны болашақ музыка мұғалімдері үшін әлі де болса жеткіліксіз. Себебі оқулықтар аз, әдістемелік оқу құралдары қалалық мектепте істейтін, жоғарғы оқу орындарының мамандарымен байланысып жұмыс істей алатын музыка пәні мұғалімдерінде ғана кездеседі. Ал болашақ музыка мамандарына және ауылды аймақтағы музыка пәні мұғалімдеріне де әдістемелік көмек өте қажет. Оларға жаңа, ауқымды әдістемелік оқу құралы керек болып отырғандықтан, мен өзімнің көп жылдар бойы еңбек еткен тәжірибемді жинақтап, жүйелеп ұсынып отырмын.

Курстық жұмыстың мақсаты. Музыка мен өнер түрлерінің байланысы арқылы оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негізін анықтап, әдістемелік тұрғыдан дәлелдеу, ұсыныстар жасау.

Курстық жұмыстың объектісі. Жалпы орта білім беретін мектептерінде музыка пәнін беру жүйесі.

Пәні: Музыка мен өнер түрлерінің байланысы арқылы оқушылардың музыкалық таным қызығушылықтарын қалыптастыру үрдісі.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- қазақ халық педагогикасында музыка мен өнер түрлерін байланыстыру дәстүрлеріне сипаттама беру;

- оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастыруда музыка мен өнер түрлерінің байланысының ғылыми - теориалық негіздерін анықтау;

- оқушылардың музыкаға қызығушылықтарын қалыптастырудағы музыка мен өнер түрлерінің байланысының мүмкіндіктері мен оның мазмұнын айқындау;

- мектептегі музыка пәнін оқытудағы музыка мен өнер түрлерінің байланысын қолданудың әдістемелерін анықтау.

1. Мектептегі музыка тәрбиесі жүйесінің негізгі түрі - музыка пәні

1. 1 Мектептегі музыка пәні, негізгі бағыттары

Музыка пәні - оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін өсіруге арналған арнаулы сабақ. Басқа сабақтар сияқты, мұнда да оқу-тәрбие жұмысының негіздері: тапсырма беру, мазмұн-мағына, оқыту әдістемесі қолданылады. Әр сабақ өзінің ішкі логикасымен кұрылады. Сабақтың мақсаты - оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың, мағынаның, әдістеме мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады. Алдымен сабақтын мақсаты мен мазмұнын анықтап алған ұстаз содан кейін оқытудың формасы мен әдістемесін таңдап алады. Бұл таңдау сабақтың түріне, мазмұндық ерекшелігіне қарай жүргізіледі. Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка таңдау, музыкалық сауатты ашу. Оқушылар - ұстаз - музыка - міне осы үш нәрсе сабақтың арқауын құрайды. Ұстаздың басты міндеті өзі құрған жоспарына сәйкес оқушыларға музыканың мағынасына, айтайын деген көркем ойына терең үңіліп, өмірдің музыка өнерімен байланыстылығын сезінуге, музыкалық білімнін негізін қабылдауға, шығармашылық үрдіске баулуға үйрету екенін тағы да атап өтпекпіз.

Ән-күй сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани негізін қалыптастыру болғандықтан ұстаздың адами-сезімдік қасиеті, адами тәжірибесі өте үлкен орын алатынын ұмытпаған жөн. Сабақ барысындағы тақырыптардың өзара байланыстылығы ұстаз шеберлігіне байланысты өрбиді. Бұл байланыстылық оқу бағдарламасының мазмұндылығына, сабақ такырыптарына, музыкалық материалдарға, музыкалық оқытуда қолданылатын әдістемелік амалдарға байланысты іске асырылады. Осы айтылғандарды ескере отырып, сабақ барысындағы тақырыптық ауысулар музыкалық материалдың біртұтас мағынада жүруіне, оқушылардың музыка өнеріне деген жанды қатынасына негізделіп тұруы керек.

Ән-күй сабағын ұйымдастыру барысындағы негізгі мақсат, нақтылы бағдарлама арқылы, ұстаз қызметінің жүйелігі арнасында оқу-тәрбие ісінің көрнекті компоненттері бойынша іске асуға тиісті.

Музыка сабақтарының әр түрлі мағынадағы түрлері болады. Мысалы, жоспарланған тақырыпқа кіріспе сабақтары, тақырыпты тереңдей оқыту сабақтары және тақырыпты бекіте, жан-жакты оқыту сабақтары болады. Сондай-ақ оқу жылының тоқсандар соңында қорытынды мағынадағы концерт-сабақтар жоспарлануы өте қажет.

Кіріспе сабақтарда шығармаға деген кәсіби мінездеме, ойнап көрсету, тыңдап естірту сияқты амалдар колданылады. Мұндай сабақтар әр тоқсанда бір-екі рет өткізілгені дұрыс.

Кіріспе сабақтарда композитор-орындаушы-тыңдаушы тақырыптары барынша мол қаралуға тиісті. Тақырыпты тереңдете оқыту сабақтары төмендегідей мағынада кұрылады:

  1. Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибесін толықтыра жандандыру, дыбысты есту және сауаттылық дәрежесін көтеруге бағытталған тақырыптар.
  2. Өтіп жатқан тақырыптарды жан-жакты түсіндіруді, нақтылы музыка тыңдаумен ұштастыруды оқушылардың қызу араласуы негізінде жүргізу.
  3. Тақырыптарды бекіту, олар туралы оқушылар түсінігін біліп, оларды түрлі әдістемелік әдістермен дамытып отыру.

Тақырыпты жан-жақты, бекіте оқыту сабақтарында мазмұндық, мағыналық тұрғыдағы теориялық ұғымдар нақты мысалдармен көрсетіле оқытылады. Оқушылардың практикалық, теориялық білімдері сараланып, олардың алдыңғы сабақтардағы жетістіктері көрсетіледі.

Оқу жылы барысындағы оқушылар меңгерген музыка мәдениетінің көркемдік деңгейін жан-жақты көрсету үшін қорытынды концерт-сабақтар өткізіледі.

Мұндағы негізгі мақсаттар :

  1. Оқушылардың музыкаға деген қызығушылық деңгейін байқау, олардың сезім байлығын, көркемдік ойын тексеру.
  2. Орындаушылық деңгейді анықтау, репертуар жан-жақтылығын көрсету, музыкаға деген көзқарастардың даму дәрежесін білу.
  3. Оқушылар бойындағы шығармашылық үрдістерді байқау.

Бұл сабақ-концерттің салтанатты жағдайда, мектептің концерттік залында өткізілгені дұрыс, жағдайға байланысты бірнеше сыныптарды біріктіріп өткізуге де болады.

Концерттің басында ұстаздың өзі шығып, жиналып отырған ата-аналар мен мектеп ұстаздарына концерт мақсаты мен мағынасын түсіндіріп өткені орынды. Осы кезде оқушылардың үй тапсырмасын орындау барысы туралы да айтып өткені дүрыс.

Мұның өзі ата-аналардың пікір білдіруіне мүмкіндік береді.

Концерт-сабақтың белгіленген жоспары, айқындалған логикасы болуға тиісті. Орындалатын әндер мен күйлердің әр түрлі болуын қадағалау керек. Концерт қызықты болуы үшін ата-аналардың да қосылып ән айтып кетуін жоспарлаған өте тиімді. Осы сабақта ұстаздың өзі де өнер көрсетіп, жоғары кәсіби дәреже көрсетсе, нұр үстіне нұр болары анық.

Музыка сабақтарын, ең алдымен, оқушылардың музыкамен қарым-қатынасы деп қарау керек. Ұстаздың басты көңілі осында тұру керек. Музыканы тыңдап, қабылдауды үйрету, сабақтардың формалары мен әдістемелік амалдардың дұрыс қолданылуын үнемі дамытып, жетілдіріп отыру ұстаздық тәжірибенің үлесіне тиеді.

Ұстаз жетістігі, қызметінің шығармашылық деңгейі оның оқушылармен құрған сезімдік-рухани байланысы арқылы көрінеді. Осы тұрғыда оның алға қойған жоспары, тәрбиелік мақсаттары, көркемдік-кәсіби дәрежесі бағаланады, еңбегі көрінеді. Оқушыға берілуге тиісті музыкалық білім мен ұлттык, адами, рухани үрдістер өз жемісін сонда ғана көрсете алады.

Республикамыздағы білім беру жүмысының және ұлтты тәрбиенің басты мақсаты да осыны көздейді.

Музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі музыка пәнінің аса қажеттігі күннен-күнге артып келе жатқаны анық. Елімізде жаңа құрылымды колледж, лицей, гимназиялардың көптеп ашылып жатқаны және олардағы мектептен тыс жүретін эстетикалық жүйелердің жаңа типті үрдістерінің қалыптасуы, әсіресе музыкалық тәрбиенің нақтылы әдістемелік нұсқауларын талап етеді. Әрине осындай білім беру ісінің түпкілікті өзгерістерге ұшырауы, оқу жоспары мен бағдарламалық нұскауларды қайта жаңартуды көздейді. Музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары арнаулы "Музыка" оқулықтарында нақтылы ұсынылғанымен, оларға қосымша берілуге тиісті әдістемелік нұсқауларда тәрбиелік жұмыстың барлық түрлері жан-жақты қаралуға тиісті.

Әдістемеде көрсетілген жалпы білім беретін мектептерде музыкалық тәрбие мен теориялық материалдардың берілу жүйесі, сабақ беру әдістемесі бұрынғы кеңес дәуіріндегі типтік қалыптан мүлде өзгеше құрылғанын әр ұстаз жете түсінгені дұрыс.

Бүгінде Қазакстанда музыкалық тәрбие берудің өзіндік үрдісі қалыптасуда. Музыка пәнінің мазмұндық сипатын жетілдіру мақсатында түрлі эстетикалық бағдарламалар мен әдістемелер жарыққа шыкты. Тіпті көрнекті музыка қайраткері, композитор Д. Кабалевскийдің кең тараған музыкалық бағдарламасы да нақтылы қолдау тапқан жоқ. Өздеріңізге ұсынылып отырған осы бағдарламалық әдістемеде негізінен ұлттық репертуарға басты көңіл бөлінді. Себебі, қай халыкта болмасын жеке бастың калыптасуына әсіресе ұлттық өнердің басты әсер етуі дәлелденген.

Әдістеме мазмұнында түрлі бағдарламаларда ("Атамекен", "Елім-ай") келтірілген әдістік үлгілер ескерілді. Сонымен қатар мұнда музыкалық педагогиканың жаңа жетістіктеріне де баса назар аударылды. Музыка пәні ұстазының әдебиет пен музыканың, бейнелеу өнері мен ән өнерінің өзара байланысын барынша тұтас қарағаны жөн. Музыка пәнінің негізгі мақсаты оқушылардың музыкалық қабілетін дамыта білу, оларға ән айтқызып, хор өнеріне баулу, қажетті орындаушылық шеберлік тәсілдерін үйрету және музыкалық шығармаларды көркемдік тұрғыда тыңдап, қабылдай білуге жаттықтыру болып табылады. Осы мақсаттарды меңгеру барысында, әсіресе балалар даусының физиологиялық ерекшеліктеріне басты көңіл бөлінгені жөн. Дәрігермен кеңесіп, дауыс аппаратының құрылымдық ерекшеліктерін жетік білген дұрыс.

Әр сабақты жоспарлау барысында, сондай-ақ ән үйрену, музыка тыңдау, түрлі вокалдық әдістерді меңгеру кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне көп назар аударылуы керек.

Бабаларымыз көшпелі өмір салты кезінің өзінде-ақ, балалардың музыкалық және эстетикалық тәрбиесіне зор көңіл бөлген. Кешқұрым киіз үйге жиналып алып, қосылып ән айтып, күй тарту үрдісі ешқандай әлеуметтік статусқа бағынбайтын, өзіндік талғамды эстетикалык тәрбиеге айналған өнер мектебі еді. Халық әндері мен күйлерінен ұлтымыздың тарихы ғана емес, оның адами болмысы, жеке қасиеті, тіпті қоғамдық құрылымы анық байқалады. Сонымен қатар рухани байлық тәрбиелік мағынаны да қоса атқарады.

Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген. Олардың өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін өзіндік мектепке айналған. Ауызекі түрде беріліп келген өнер дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз ауысып, көркемдік тәрбиенің арқауы ретінде қабылданған. Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрсетуі белгілі эстетикалық талғам қалыптастырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған.

Кеңес дәуірінен бастау алатын музыкалық білім беру жұмысы күні бүгінге дейін айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мектептердегі музыкалық тәрбие беру ісі мынадай екі салада дамып келеді:

  1. Жалпы білім беретін мектептердегі музыка сабағы.
  2. Мектептен тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие беру орындары (музыка мектептері, мәдениет сарайларындағы немесе мектептер жанындағы музыкалық студиялар, үйірмелер) .

Музыка пәні сабақтарының негізгі мақсаттары төмендегідей арнада анықталады:

  1. Оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету.
  2. Музыка әуенін өзінше талдап, тыңдай білуге үйрету.
  3. Ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу.

4) Белгілі бір музыкалық аспапты меңгеруге жаттыктыру.

Музыкалық тәрбие жеке бастың сезімдік мәдениетінің, адами қасиетінің, интеллектісінің қалыптасуына қызмет етеді.

Балаларға музыканы оқытудың тағы да атап өтерлік тиімді жақтары баланың көркемдік әлемге деген ынтасын ояту, қызықтыру, оқушыда тұрақты бір рухани талғам қалыптастыру, әуен-сазынан көркем бейне таба білу сияқты ірі де қажетті мақсаттардан көрінеді.

1. 2 Оқушылардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің негізгі әдістемелері

Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады.

Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі оқушының өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді.

Үйретілетін ән-күйдің сезімдік-драмалық тұрғыдан сатылай үйретілуіне арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі нұсқада құрылатын ән-күй сабағының музыкалық-драмалық әдіспен өрбуі де жиі қолданылады.

Ұстаздық бақылау мен оқушының өзін-өзі байқап отыру әдістемесі, әр оқушыға баға қою, оның музыкалық дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана көрнекті жетістік берері сөзсіз.

Ұстаз бағасы мен үйге берілген тапсырма оқушының музыка қабілетінің даму сатысын көрсететін ең негізгі көрсеткіш екенін ұмытпаған жөн.

Ұстаздың белгілі бір ән-күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының болуы және оны бейнелі сөзбен, іс-әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол оқушы қабілетінің артуына игі әсерін береді.

Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің айтарлықтай өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның ұстаз тарапынан айқын көрсетілуі оқушы санасында мақтаныш сезімін тудырып, оның шығармашылық қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі.

Жағымды үлгі көрсету, музыка өнеріне деген сенімділік білдіру, жаттығулар көрсету, олардың жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі, ән-күй сабағына деген кызығушылык тудырары сөзсіз.

Ән-күй сабағына кешенді әдістемелер қолдану, ұстаздың белсенді музыкалық қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне, ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық.

Мектепте үйренетін ән-күйлерге қойылатын әдістемелік талаптар мынадай тәртіпте орындалуға тиісті:

1) Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады.

2) Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу.

3) Үйренетін әнге кызығушылық тудыратын әңгіме айту, оқушы қиялын ұштау.

4) Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету.

5) Ән-күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-кеңес. Онда шығарманың мінезін, музыкалық көркем бейне беретін негізгі мәнерлерін анықтау.

6) Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену кезеңі. Вокалдық шеберліктің әннің көркемдік бейнесін ашуға қызмет істеуін қадағалау. Әнді орындау жөніндегі сөздік түсініктеме беру және ұстаз-
дың ән фразаларын жеке айтып беруі осы жерде аса қажет болады.

Әнді жаңадан үйрену жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуге болады:

1) Ұстаздың өзі орындап көрсетуі.

2) Ноталық жазбаны қолдану.

3) Ән әуенін жай екпінде, жеке фраза, шумақтармен үйрену.

4) Ән интонациясы мен ырғағының өте дәл орындалуын тұрақты қадағалау.

5) Әннің кейбір қиындау жерлерін жеке бөліп қарау.

6) Ән мәтіннің логикалық шыңын анықтау, дикциямен жұмыс істеу.

7) Ұстаз бен оқушының әнді орындау жоспарын ойластыруы.

8) Әр сабаққа арналған жұмыс жоспарын жазып отыру.

9) Екі, үш дауысты әндерді үйренуді әр дауысты жеке көрсетуден бастау керек. Дауыстарды қосуды біртіндеп сатылай жүргізген дұрыс.

10) Ұстаздың дирижерлік әдістерді қолдануы ән үйрену кезеңін жеңілдететіні сөзсіз.

Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі болады:

1) Мелодиялық есту.

2) Гармониялық есту.

Мелодиялық есту қабілеті естілген, әуен-сазды дәл қайталау арқылы көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше ды\быстар (аккордтар) үндестігін ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады.

Музыкалық есту қабілеті ән-күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғактық, тембрлік ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады.

Сабақ барысында түрлі әуен-сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын, дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып, оның ладтық ерекшелігін айыра білу оқушылардың музыкалық қабілетінің даму дәрежесін көрсетеді.

Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін оқушылармен музыкалы-ырғақтық ойындар, түрлі жауап-сұрактар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық үрдістерді көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық сезімнің эмоциялы, моторлы табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн. Оқушылардың музыкалык есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін халықтық әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек.

Оқушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың карапайым әуен-саздарын, мақал-мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т. б. қолдануға болады.

Музыка сабақтарында ұстаздың өзі ән айтып, аспапта ойнап, көркемдігі жоғары ойын көрсетсе, оның оқушыларға беретін маңызы мен тәрбиесі өте өлшеусіз екені анық.

Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары. Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға, есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.

Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды орын алады.

Оқушыларды музыканы қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру - ұстаздың басты борышы.

Музыканың түсінікті, әсерлі болып қабылдануы үшін ұстаздың алдын ала жоспарлаған дайындық жұмыстары, көркемдік-педагогикалық, музыкалық талдаулары, әсерлі әңгіме-суреттемелері оқушының музыка қабылдау сезімін дамытып, оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Оқушының көркем ойының тұрақтанып, өзіндік талғамының қалыптасуы, оның шығармашылық ойының өсуі ұстаздың баланы қандай дәрежеде қызықтырғанына байланысты қаралатыны сондықтан. Әсіресе оқушыны музыканы дұрыс тыңдай білуге үйрету сабақ жоспарынан тыс қалмауға тиіс.

Музыканы тыңдап, қабылдау жұмысын түрлі кезеңмен атқарған тиімді.

Мысалы, I кезең - алғашқы жалпылама танысу кезеңі.

ІІ кезең - музыкалық шығарманы талдау, тыңдау, бөлімдерін жекелей қарау, интонациялық, орындаушылық ерекшеліктерін үйрену.

III кезең - биік деңгейде, музыканы мағыналық тұрғыдан қабылдауға үйрету.

Оқушылардың жалпы музыкалық танымын, яғни музыкаға деген танымдық қызығушылығын біртіндеп, дұрыс бағытта дамытып, бағдарлап отыру да - ұстаздық шеберліктің бір түрі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте музыка пәнін оқытудың маңызы
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ПӘНІ
Қазақстан мектептеріндегі музыкалық білім (1920-1960жж.)
Музыканы оқытудың әдістері
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Музыка сабағының ерекшелігі, Музыка сабағын ұйымдастыру, оның құрылымы, мазмұны, Басқа пәндерден айырмашылығы неде
Мектептегі музыка сабағы
Оқушылардың орындаушылық шеберлігін қалыптастыру жолдары
Бастауыш сыныпқа музыкалық тәрбие беру арқылы эмоцияларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz